Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім ұстаз шығармашылығЫ


Бірізділікті орнатуға арналған тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет27/30
Дата27.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#2822
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

4.Бірізділікті орнатуға арналған тапсырмалар.
Бұл тапсырмаларға бір қатарда аралас берілген мәліметтерді сәйкесінше алғашқысынан соңғысына 
қарай немесе бұрынғысынан кейінгісіне қарай орналастыруға арналған тапсырмалар жатады. Мұндай 
тапсырмалар – тест түріндегі тапсырмалардың өте сапалы формасы, оның артықшылықтары қысқалығы, 
тексерудің оңайлығы. 
Тапсырма.
Нұсқаулық: дұрыс бірізділікте орналастыр.
Сұрақ.
Жауап нұсқалары.
5.
А
6.
В
7.
С
Бірнеше мысал келтірейік:
Мысал: 
Нұсқаулық: дұрыс бірізділікте орналастыр.
Сұрақ: мына оқиғаларды ең ертесінен бастап кешіне қарай орналастыр.
Жауап нұсқалары:
1 баған 
2 баған 
1-
А) Кіші жүздің Ресейге қосылуы
2-
В) Тәуке ханның өлімі
3-
С) Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның басталуы
4-
Д) Бұланты шайқасы
5-
Е) Аңырақай шайқасы
Жауабы: 1-В, 2-С, 3-Д, 4-Е, 5-А.
Жабық типті тапсырмалардың артықшылықтары:
1.
Тапсырмалар сенімді болады, себебі, сенімділікті төмендететін субъективті бағалаумен байланысты 
факторлар жоқ;
2.
Тапсырмаларды бағалау толығымен объективті: әр түрлі тексерушілердің бағаларының арасында 
айырмашылық жоқ;
3.
Тест тапсырушылардың жауаптарды жақсы құрай білу қабілеті ескерілмейді;
4.
Мұндай типтегі тапсырмалар жылдам өңделеді, тестілеу жылдам өткізіледі;
5.
Толтырудың қарапайым алгоритмі кездейсоқ қателердің санын азайтады;
6.
Бұл тапсырмалар білімнің көп көлемін қамтиды, бұл тест үшін ерекше маңызды;
7.
Жауаптарды техникалық құралдармен өңдеу мүмкіндігі;
158

8.
Дұрыс жауаптарды болжап білудің төмен ықтималдығы.
Ашық типті тапсырмалар.
Бұларға екі түрлі тапсырмалар жатады:
Толықтыру (жауаптары шектеулі тапсырмалар). Бұл
тапсырмаларда тест тапсырушылар сұрақтарға жауапты өздігінен береді, бірақ олардың мүмкіндіктері шектеулі. 
Толықтыру тапсырмасына арналған нұсқаулық: көп
нүктенің орнына тек бір сөзді (символды, белгіні) жаз.
Мысал: 
      Сұрақ: орта ғасырлық қалалардағы үйлерде  орнатылған канализацияның қарапайым түрі ....
Жауабы: ташнау.
Еркін баяндау немесе еркін құрастыру. Бұл тест
тапсырушылардың сұрақтарға еркін жауап беруін білдіреді. Жауаптарға шектеу қойылмайды. Алайда 
тапсырмалардың құрылымы тек бір дұрыс жауапты қамтамасыз ету керек. 
Еркін баяндау тапсырмасына мысал.
Нұсқаулық: сөйлемді аяқтаңыз.
Сұрақ: бір мемлекет ішінде бір ел азаматтарының билік үшін соғысы бұл - ....
Жауабы: азамат соғысы. 
Бұл тапсырмаларды пайдаланудағы қиындықтар жауаптарды құрастыру, бағалау схемаларын дайындау 
қажеттілігі, өткізуге көп уақыт қажет етуімен байланысты. 
Ашық түрдегі тапсырмаларды құрастырғандағы негізгі қиындық – тест тапсырмаларына қойылатын 
негізгі талаптарды сақтау (бір дұрыс жауаптың болуы). 
Дұрыс құрастырылған толықтыру және еркін баяндау тапсырмаларының артықшылықтары:
1.
Жауабын болжап табу мүмкіндігінің жоқтығы;
2.
Жауаптардың қысқалығы және бір мағыналығы;
3.
Жауапты есінде қайта жаңғырту қажеттігінің болуы;
4.
Жауаптың бірнеше нұсқасын іздеудің қажет болмауы;
5.
Сұрақ құрылымының қарапайымдылығы;
6.
Тексерудің қарапайымдылығы.
Ежелгі Қазақстан тарихынан Ұлттық Біріңғай Тестілеуге дайындық барысында өткізілетін тестілер үлгілері.
1 тақырып:  Ежелгі адамдар өмірі. Тас дәуірі.
1.Баламалы жауаптар тапсырмалары.
Сұрақ
Жауап
1. Ежелгі адамдар Африкада пайда болды ма?
Иә    Жоқ 
2. Ғалымдар ең ежелгі адамды кроманьон адамы деп атай ма?
Иә    Жоқ 
3.Питекантроп Ява аралынан табылды ма?
Иә    Жоқ 
4.Ежелгі адамдардың негізгі кәсібі аңшылық пен терімшілік.
Иә    Жоқ 
5.Синантроп Қытайдан табылды.
Иә    Жоқ 
6.Ерте тас ғасыры – мезолит.
Иә    Жоқ 
7.Орта тас ғасыры – неолит.
Иә    Жоқ 
8.Қазақстандағы алғашқы адамның іздері Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасынан 
табылды.
Иә    Жоқ 
9.Ежелгі тас ғасыры – палеолит.
Иә    Жоқ 
10.Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы – бет-
әлпетінде.
Иә    Жоқ 
2.Көп ішінен таңдау тапсырмалары.
Тас дәуірі.
1. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі?
 А) қола дәуірі                 В) тас дәуірі               С) темір дәуірі 
  D) мысты-тас дәуірі                      Е) орта тас дәуірі
2. Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібі:
   А) егіншілік  В) балық аулау  С) терімшілік  D) мал шаруашылығы  Е) тігін
3. Ежелгі адамдардың тұңғыш баспаналары:
   А) үңгірлер В) күркелер  С) ағаш үйлер   D) шалаштар      Е) киіз үйлер
4. Адамның шыққан отаны:
   А) Америка    В) Африка      С) Антарктида    D) Европа          Е) Евразия
5. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу  жүйесі: 
 А) тайпа     В) тобыр        С) рулық           D) отбасы               Е) көршілік
6. Қазақстанда ең ежелгі адамдардың өмір сүрген аймағы:
159

  А) Орталық Қазақстан      В) Солтүстік Қазақстан     С) Оңтүстік  Қазақстан       
  D) Батыс Қазақстан   Е) Шығыс Қазақстан
7. Ғалымдардың ең ежелгі адамдардың атауы:
    А) саналы адам     В) епті адам       С) тік жүретін адам   
    D) маймыл тектес адам       Е) қытай адамы
8. Алғашқы адамдардың аулаған аңдары:
   А) қой мен жылқы  В) сиыр С) аю мен қасқыр D) мамонт пен бизон  Е) түйе
9. Епті адам қайдан табылған?
   А) Ява аралынан    В) Қытайдан   С) Кениядан  D) Франциядан   Е) Кубадан
10. Алғашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі:
   А) рулық      В) отбасылық       С) тайпалық    D) көршілік        Е) қауымдық
3.Сәйкестікті орнатуға арналған тапсырмалар. 
1) Ежелгі адамдарды табылған жерлерімен сәйкестендір.
Адам
Қайдан табылды
1) Австралопитек 
1) Франция 
2) Питекантроп 
2) Қытай 
3) Синантроп 
3) Германия 
4) Неандерталь 
4) Кения 
5) Кроманьон 
5) Ява аралы
2) Ежелгі адамдарды өмір сүрген кезеңімен сәйкестендір.
Адам
Осыдан қанша мың жыл бұрын өмір сүрді
1)Австралопитек 
1) 100-35 мың жыл бұрын 
2) Питекантроп 
2) 40-35 мың жыл бұрын 
3) Синантроп 
3) 1 млн 750 мың жыл бұрын
4) Неандерталь 
4) 1 млн жыл бұрын 
5) Кроманьон 
5) 500-200 мың жыл бұрын
3)Тас дәуірінің хронологиясын сәйкестендір.
Дәуір атауы 
Хронологиясы 
1) Палеолит 
1) Б.з.б. 5-3 м.ж.
2) Мезолит 
2) Б.з.б. 3000-2800 м.ж.
3) Неолит 
3) Б.з.б. 2,5 млн-12 м.ж.
4) Энеолит 
4) Б.з.б. 12-5 м.ж.
4)Тас дәуірі кезеңдерін оларда пайда болған еңбек құралдарымен сәйкестендір.
Дәуір 
Еңбек құралдары
1) Палеолит 
1) Садақ пен жебе, микролит, ине, жіп, дән үккіш, орақ
2) Мезолит 
2) Жебе ұштары, тілікшелер, жаңқалар, нуклеус
3) Неолит 
3) Бифас, пышақ, қырғыш, үшкір тас
5)Тас дәуірі кезеңдерін әрқайсысында болған жаңалықтарымен сәйкестендір.
Дәуір 
Жаңалықтар 
1) Палеолит 
1) Мата тоқу, киім тігу, өндіргіш еңбек, кен кәсібі, қыш құмыра жасау 
(керамика)
2) Мезолит 
2) Мыс өңдеу, еңбек бөлінісі, аталық ру үстемдігі
3) Неолит 
3) Жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдарды өсіру
4) Энеолит 
4) Адамдар тобыры, отты пайдалану
6)Тас дәуірі кезеңдерін археологиялық ескерткіштерімен сәйкестендір.
Дәуір 
Археологиялық ескерткіштер
1)Палеолит 
1) Есіл 
2)Мезолит 
2) Шақпақата, Арыстанды, Семізбұғы, 
160

3)Неолит 
3) Ботай, Шебір 
4)Энеолит 
4) Усть-Нарым, Зеленая Балка, Қарағанды, Пеньки, Сексеуіл 
7)Неолиттік тұрақтарды табылған жерлерімен сәйкестендір.
Территория  
Археологиялық ескерткіштер
1) Шығыс Қазақстан 
1) Сексеуіл 
2) Орталық Қазақстан
2) Усть-Нарым
3) Солтүстік Қазақстан 
3) Қарағанды, Зеленая Балка
4) Қызылорда облысы 
4) Пеньки
   8)Ертедегі адамдардың діни түсініктерін анықтамаларына сәйкес орналастыр.
1) Тотемизм 
1) Тасқа түсірілген хат-суреттер
2) Пиктография 
2) Қанның жанмен байланыстылығы
3) Анимизм 
3) Әр түрлі тылсым әрекеттер жасау 
4) Магиялық әрекеттер
4) Адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен 
байланыстыру
   4.Бірізділікті орнатуға арналған тапсырмалар.
   1)Ежелгі адамдарды алғашқысынан соңғысына қарай  орналастыр.
Неандерталь 
Синантроп  
Питекантроп 
Кроманьон 
Австралопитек 
    2)Тас дәуірінің хронологиясын ертесінен соңғысына қарай  орналастыр.
Мезолит 
Энеолит 
Палеолит 
Неолит 
Ойын «Орнын тап». Төмендегі адасып кеткен түсініктерді өз орындарына орналастыр.
Дән үккіш, бумеранг, адамдар тобыры, отты пайдалану, Шақпақата, б.з.б. 2,5 млн-12 м.ж., мұз басу, садақ пен 
жебе, питекантроп, инициация, Пеньки, б.з.б 12-5 м.ж., егіншілік, көзе, микролит, австралопитек, Шебір, мыс, 
б.з.б. 3000-2800 м.ж., Усть-Нарым, Ботай, Қарағанды, Сексеуіл, қыш құмыра жасау (керамика), өте көп жылқы 
сүйектері, Батпақ, б.з.б. 5-3 м.ж., жануарларды қолға үйрету, Семізбұғы, дәнді дақылдарды өсіру , Зеленая 
Балка, 158 тұрғын үй, 20 тұрақ, еңбек бөлінісі және аталық ру үстемдігі, 500 тұрақ. 
Палеолит
Мезолит
Неолит
Энеолит
CАБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: КОПЕРНИКТІҢ ГЕЛИОЦЕНТРЛІК ЖҮЙЕСІ
Ақтөбе облысы. Мұғалжар ауданы. Саға негізгі мектебі
Физика және информатика пәні мұғалімі
 Бримбетова Мадина Тыныштыкбаевна
«Сабақ беру –үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»
       
Cабақ тақырыбыКоперниктің гелиоцентрлік жүйесі
Мақсаты: Күн жүйесі туралы  білімдерін  толықтыру, Коперник теориясының  маңыздылығын ұғындыру;
  Экономикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру, топтық жұмыстарға  белсене қатысуға, бірлесе тұжырымды 
жауап   беруге,   өз   ойларын   ашық   айтуға   дағдыландыру.   Ұйымшылдыққа,   жауапкершілікті   сезінуге, 
ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Саяхат  ,сайыс сабақ Пән аралық байланыс:   Экономика,математика
Көрнекілігі: Кодоскоп, слайд ,тапсырмалар, “Күн жүйесі” моделі, шарлар
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі:  Сыныпты екі топқа бөліп отырғызу
161

Психологиялық   дайындық:   -Балалар   шарларды   көріп   отырмыз.   Бұл   шарлар   жай   шарлар   емес,   сиқырлы 
шарлар екен. Олар көптеген ғаламшарларды шарлады.Көптеген елдерді аралап, қызықты, тамаша оқиғалардың 
куәсі болды.Бүгін біздің сыныпқа келіпті.Әр елдің тапсырмаларын ,ойындарын ала келіпті.
1-ші шардың тапсырмасы: Амандасу .Үнді елінде балалар бір-бірімен құлақ, мұрындары арқылы амандасады 
екен.Кәне , балалар бізде бір-бірімізбен солай амандасайық.
Екінші шар:Экономика еліне саяхатқа шақырады екен.
Экономика ханшайымы: Саламатсыздар ма,балалар?
-Экономика ханшайымымын,сендерді экономика еліне саяхатқа шақырамын. Менің қолымда компьютер бар,сол 
арқылы бағыттарыңды белгілеп,аялдамаларды сендерге хабарлап отырамын.
Мұғалім:   Балалар   экономика   ханшайымы   сендердің   экономикалық   білімдеріңді   тексеруге   келген,сендерге 
тапсырмалар дайындап әкеліпті . Саяхатқа шықпас бұрын  экономикалық  терминдерді еске түсірейік.
(Салық, кіріс,шығыс, бюджет, сапа,кредит, банк, қажеттілік ,жарнама т.б.)
Саяхатқа шықпас бұрын сендерді екі топқа бөліп алайын.Мына сұрақтарға жауап берейік:
а.Ақшаны үйге келген соң  не деп айтамыз?(Кіріс)
б.Ақшаны жұмсағанды не деп айтамыз?(Шығыс)
2.Үй тапсырмасын тексеру:
Экономика  ханшайымы хабарлайды.Бірінші аялдама “Бюджет” аялдамасы. Бюджет дегеніміз кіретін кіріс пен  
шығатын шығысты  өзара жалғастыратын қаржы жоспары(Слайд)
Мұғалім: Бюджет аялдамасының тапсырмасы бар екен. Сұраққа жауап береміз. Екі топтан кезектесіп сұрақтар 
аламыз.Әр дұрыс жауап 10 доллар мен бағаланады.

Эклиптика деп нені айтамыз?

Зодиак шоқжұлдыздары нешеу және олар қалай аталады?

Зодиак белдеуі деген не?

Күн мен түннің теңелуі қашан және ол қай шоқжұлдыздарға сәйкес келеді?Көрсетіп бер.

Жазғы және қысқы Күн тоқырау қай күндері болады?

Птолемейше Әлем жүйесінің құрылысы қандай еді? Ол қандай жүйе деп аталады?

Птолемей тұжырымдарына түзету енгізген қай ғалым?

Бируни еңбектерінің маңызы неде?Ол қандай көзқарасты жақтады?

Қазіргі Күн жүйесінің құрылысы қандай?

Төменгі планеталарға қандай планеталар жатады және неге олай аталған?

 Жоғарғы планеталарды атаңдар.Жоғарғы планеталар деп қандай планеталарды айтамыз?

Күн маңындағы планеталарды атаңдар.

Қандай планеталарды алып планеталар дейміз?
Экономика ханшайымы: Екінші аялдама “Ақша “ аялдамасы.  Ақша –тауар мен көрсетілетін қызметтерге  
төлеуге қабылданатындардың бәрі(слайд)
 5,10,20 долларлық тапсырмалар берілген. Соларды орындаймыз.
-Үшінші аялдама   “Жарнама “ аялдамасы.  Шындығында адам жарнамадағы хабарландыруларды оқымайды,  
олар одан өзіне керек нәрсені іздейді, осы жағдайға жеткізген жарнама –нағыз жарнама болып табылады.
(Говард Госиди)(Слайд)
 Мұғалім: -Балалар қазір “Сергіту” сәті ретінде екі топ жарнама көрсетесіздер.
Экономика   ханшайымы:   Төртінші   аялдама   “Бизнес”   аялдамасы.  Бизнес   –пайда     алуға   бағытталған 
экономикалық қызмет,кәсіпкерлік. ( слайд)
3.Жаңа сабақ
Планеталардың   Күнді   айнала   қозғалатыны   жөніндегі   идея   бірнеше   ғасырлар   бұрын   пайда   болғанымен   20 
ғасырдай  бұғып  жатты. Себебі  Птолемейдің  геоцентрлік  жүйесі  сол кездегі  адамдардың  тіршілікке қажетті 
талаптарын   қанағаттандырып   келді.Ол   тұтылулады   ,планеталардың   көкжиектен   көрінуін     т.б.   өзгерістерді 
алдын –ала болжауға мүмкіндік берді.Себебі ол жүйе де ұзақ жылдар бойы тәжірибелерге негізделіп жасалған 
еді.Дегенмен планеталардың орналасуы туралы  бақылау мәліметтері молайған сайын  Птолемей тұжырымдары 
түзетулерді қажет етті.Оны 16-ғасырда   ұлы поляк  ғалымы Н.Коперник жүзеге асырды. Ол ғасырлар бойы 
қалыптасқан   “Жер   қозғалмайды”   деген   түсінікті   теріске   шығарды.     Жерді   басқа   планеталардың   қатарына 
қосып ,жер өз осін айнала отырып Күнді айнала қозғалады деді.Ал Ай Күнді емес,Жерді айнала қозғалады деді.
 Коперниктің пікірін сол кезде  ғалымдар бірден қабылдамады. Коперниктің өзі осы тұжырымның төңірегінде 
40 жыл бойы ойланумен болды.Коперник Польша мен Италия университеттерінде үздік оқып,жан-жақты білім 
алған.
Ол   Күнге   қатысты   планеталардың   қозғалыстарын   мұқият   бақылап   ,   зерттеулер   жүргізген,   бірнеше 
математикалық   есептеулер   жүргізген.Аспан   денелерінің   қозғалыс   кестесін   жасады,   оған   324   мың   шаманы 
есептеп шығару қажет болды.
   Осындай ғылыми деректермен негізделген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде   Коперник Күн жүйесінің 
құрылысы туралы жаңа жобаны ұсынды.Оның “Аспан сфераларының айналуы туралы” деп аталатын еңбегі 
1543   жылы   жарық   көрді.   Ол   планеталар   жүйесінің   центрінде   Күнді   орналастырғандықтан   ,   бұл   жүйе 
162

гелиоцентрлік жүйе
 
  деп аталды.
Коерник   жасаған   жүйе   әлі   де   болса   мүлтіксіз   емес   еді.Ол   планеталар   күнді   дөңгелек   орбита   бойымен 
қозғалады.Ал   қазіргі   Күн   жүйесінің   моделі   бойынша   планеталар   Күнді   дөңгелек   орбита   бойымен   емес 
эллипстік орбиталар бойымен айналады.
    Коперниктің   ілімін   көптеген   ғалымдар:Тихо   Браге,Джордано   Бруно,И.Кеплер,   Г.Галилей   ,И.Ньютон 
қолдап,одан   әрі   дамытты.Коперниктің   жүйесінің     жаратылыстану   ғылымдарының   дамуында   маңызы   зор 
болды.Осы   ттеория   негізінде   қозғалыстың   салыстырмалылығы   және   санақ   жүйесі   деген   ұғымдар 
енгізіліп,Ньютон мен Кеплер қозғалыстың нақты заңдарын ашты.
Экономика ханшайымы: 5-ші аялдама “Валюта” аялдамасы.
4.Сабақты бекіту:
1. Н.Коперник қай елдің ғалымы және қай ғасырда өмір сүрген?
2.Н.Коперник теориясы бойынша Әлемнің құрылысы қандай? Ол жүйе қалай аталады?
3.Коперник  жүйесінің қазіргі жүйеден айырмашылығы қандай?
4.Коперник ілімін жалғастырушылар кімдер еді?
5. Сабақты қорытындылау:
Экономика ханшайымы: 6-шы аялдама “Аукцион” аялдамасы.
Мұғалім: -балалар қазір екі топ жинаған ақшаларымен  аукционға қатысады.
Лот№1.Сатылатын зат “печенье”.Бастапқы бағасы-50 доллар.
Лот№2.Сатылатын зат  “Сок” .Бастапқы бағасы-20 доллар
-Балалар   ,қараңдаршы     мына   шар   бәрінен   де   өзгеше.Бұл   Күн   елінен   келіпті.Бізге   Күннің   жылуын   ала 
келіпті,кәне   бәріміз   күннің   жылуын   алып,отырған     қонақтарға     сол   жылуымызды   ыммен,қимыл   арқылы 
сыйлайық.
6. Үйге тапсырма: №21(оқуға)
* * * * *
«ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ»
                             
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы
№15 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі
Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы
Еңбек өтілі: 7жыл Біліктілік санаты:ІІ
Білімі: Жоғары Мамандығы: Мектепке дейінгі тәрбие
І. Кіріспе
"Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа
 сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет" Н.Ә.Назарбаев
Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңі-ақпараттық кезеңге толықтай көшіп келеді, бұл кезең, компютерлік 
техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагог қызметінің барлық 
саласына кірігіп,оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі кезде білім кеңістігін заманғы сай ақпараттық  
технологияларсыз елестету мүмкін емес.
Жаңа   ақпараттық   коммуникациялық   технологияны   пайдалану;   білім   мазмұнының   заман   талабына   сай 
болуына,   балалардың   болашақта   қажетті   білімді,   толығымен   алуына   өздігімен   меңгеруіне,   өзін-өзі   бағалай 
алуына, өз күшіне сенімділіктің болуына бағыттайды.
Олай болса:
1.Ақпараттық коммуникативтік технологиялар дегеніміз не?
2.Ақпараттық коммуникациялық технологияның мүмкіндіктері қандай?
3. Білім беруді ақпаратандыру үрдісі қалай жүзеге асуда?-деген сауалдар әрқайсымыздың ,жалпы педагогтар 
қауымын толғандырмай қоймайды.
Ендеше бірінші сауалға: ақпараттық-ақпарат, жаңалық, коммуникативттік-байланыс, қатынас деген ұғымды 
білдірсе,   технология-іскерлік,шеберлік   ұғымдарын   береді.   Бір   сөзбен   "Ақпараттық-коммуникативттік 
технологиялар жеке тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге 
мүмкіндік   беретін   маңызды   жүйе"   деп   айтуға   болады.Осыған   орай   бүгінгі   ұстаздар   қауымының   алдында 
білім,білік дағдыларын игертіп қана қоймай,қабылдауын,ойлауын,ерік жігерлерін,яғни өз бетімен жұмыс жасай 
білетін,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеті тұр. Ғалымдар пікірінше Ақпараттық коммуникативтік 
технологияны екі бөлікте сипаттайды.
1.Компютерлік бағдарламалар
2.Желілік қызмет
жалпы білім берудің мақсаты-терең білімнің,кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге,өзін-өзі 
дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру 
болса,ақпараттандыру жолының басты мақсаты-оқыту үрдісін ақпараттандыру.
163

-Электрондық оқулықтардың құрылымын жасақтау;
-Техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру;
-Әлемдік білім беру кеңістігіне ену болып отыр.
Бірақ бұл мақсатқа жетудің ең басты міндеті:-
-білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;
-Педагог   мамандарды   ақпараттық-коммуникациялық   технологияны   өз   қызметтеріне   енгізуге   байланысты 
ұйымдастыру жүйесін жасау
-Ақпараттық-комуникациялық   технология   -келешек   ұрпақтың   жан-жақты   білім   алуына,   іскер   әрі 
талантты,шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашуына тигізер пайдасы мол деп есептеймін.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды мәселелердің бірі-оқытуды ақпараттандыру, яғни 
оқу үрдісінде ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Жаңа   ақпараттық   технологияға   ғалымдар   әр   түрлі   анықтама   беріп   отыр   мысалы:   Н.Макарова   "Жаңа 
ақпараттық технология-қысқаша компьютер негізіндегі технология
[1]
  деп тұжырымдайды. Ал   М. Жалдак бұл 
терминнің   неғұрлым   кеңірек   анықтамасын   береді:   Ол   "Жаңа   ақпараттық   технология-адамдардың   білімін 
кеңейтіп,олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, 
ұйымдастыру, сақтау, өңдеу тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы"
[2] 
дейді.
Яғни,   білім   беру   жүйесінің   барлық   саласында   жаңа   ақпараттық   технологияны   жоспарлы   түрде 
енгізіп,жүйелік   интегралды   өткізу   немесе   қамтамасыз   ету   қажеттілігі   туындап   отыр.   Қазіргі   замандағы 
ақпараттық   технология   әрбір   тұлғаның   білім   алу   үдерісінде   шығармашылық   қабілетін   дамытуға   айқын 
мүмкіндіктер береді.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты ҚР-да біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып 
табылады.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттері:
-ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялық құралдармен қамтамасыз ету;
-білім беруді ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
1
«Қазақстан мектебі»журналы ¹11. 2013ж
2
«Қазақстан мектебі»журналы ¹11. 2013ж
-Оқу   -тәрбие   үдерісінде   жаңа   ақпараттық   технологияны   енгізуді   қамтамасыз   ету   бойынша   ғылыми 
ізденушілік және оқу әдістемелік жұмыстарын жүргізу;
-жаңа ақпараттық технология құралдарын(жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта және 
мультимедия технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесін материалдық техникалық 
базасын жетілдіру.
  "Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім 
беру өте қажет"3 деп Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу  
үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге 
Президентіміздің Н.Ә.Назарбаев аса назар аударып, республикалық мұғалімдер сьезінде "ХХ ғасырдың екінші 
жартысында   белгілі   болған   нәрсе-ХХI   ғасырда   алдыңғы   саптағы   елдер   қатарына   өз   жастарының 
интеллектуалды     және   рухани   әлемдік   әлеуетін   барынша   дамыта   алатын   мектептер   мен   жоғары   оқу 
орындарының  ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады"деген болатын. Өйткені, қазіргі біз өмір сүріп 
отырған ХХI-ғасыр -"ақпаратандыру ғасыры" деп аталған.
  ХХI   ғасыр   -бұл   ақпараттық   қоғам   дәуірі,   технологиялық   мәдениет   дәуірі,   айналадағы   дүниеге,адамның 
денсаулығына,кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет