Музыка тыңдау
«Квартет для струнных № 1» (үзінді). Ғ.А. Жұбанова
-
Қандай аспаптың дауысын естідіңдер?
-
Шығармаға композитор қандай көңіл күй берген?
-
Осы шығарманы суреттеу үшін қандай бояудың түсін алар едің?
Сергіту сәті:Иілеміз оңға бір.
Мәтінді оқу
Музыкалық шығарманы бір ғана немесе одан да көп орындаушы орындауына болады. Екі немесе одан да
көп орындаушылар ансамбль деп аталады. Ансамбль – музыкалық шығарманы бірнеше музыканттың бірігіп
орындауы. Музыканы орындаушылардың санына қарай олар әртүрлі аталады. Бір орындаушы – соло (жеке
орындау), екі орындаушы – дуэт, үш орындаушы – трио, төрт орындаушы квартет деп аталады.
Соло
Дуэт
6-
топ С зж мба шешу:
ө ұ
қ
1.
... – көп дауысты әншілер тобының хорды оркестрдің сүйемелдеуінсіз орындауы.
2.
Хор - ... музыканы орындаушы әншілер тобы.
3.
Екі немесе одан да көп орындаушылар ... деп аталады.
4.
Әйелдер дауысы ... .
5.
Үш орындаушы - ... .
6.
Ерлер дауысы ... .
7.
Екі орындаушы - ... .
Жауаптары:
1.
Капелла
2.
Вокал
3.
Ансамбль
4.
Сопрано
5.
Трио
6.
Тенор
7.
Дуэт
7-
топ Өнер туралы мақал-мәтелдер.
8-
Топ Жоғалған әріпті табу.
А-са-бль, С-пр-но, Кварт-т, М-з-ка, Н-та, В-кал, С-рипка.
IV. Бекіту. Рефлексия толтыру Нені білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
Ән үйрену Аналар
Айналдым ана деген асқақ аттан
Ұлыңмын атқа мініп көкпар шапқан
Бүгінгі бұл мереке сіздердікі
Мейрамың құтты болсын болып жатқан
70
Қайырмасы: 2 рет
Сенің анаң – алтын,
менің анам – алтын
Құлпыра бер қарындасым
аман болып жалпың
Ақ жеңгелер әнін, сұлу қыздар сәнін
Аналарды құттықтап қол соғыңдар бәрің
Біз түгіл, пайғамбар да ұлы анадан
Қыз мүсін, ару ана қынамадан
Сағасы тіршіліктің адам атқа
Жар болған «ана» есімді бір-ақ адам
V. Қорыту. Оқушыларға үй тапсырмасын беру. Оқушыларды бағалау және мадақтау.
VI. Бағалау.
Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау және мадақтау.
VII. Үйге тапсырма беру.
* * * * * * * *
ОҚО, Мақтарал ауданы, Достық а/ә, Бескетік ауылы
М. Ғабдуллин атындағы ЖОМ биология пәні мұғалімі
Усенова Айнур Шералықызы
Сабақтың тақырыбы: Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы.
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Өтілген материалды қайталай отырып, сүтқоректілердің көбеюін, ұрпағына қамқорлығын таныстыра
отырып,оқушылардың ой-өрістерін ғылыми
тұрғыда дамытуға, ізденуге, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың тапқырлыққа баулып, зейінін, ой-өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын
арттыра отырып, шығармашылығын қабілетін дамыту.
Б) Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты сүюге, оның байлығы мен тіршілігін қорғауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: география, музыка, бейнелеу, сызу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек-сызбалар, фишкалар, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Венн диаграммасы, Ой-толғау, Ассоциация, Түртіп алу INSERT, Топтық, Рольдік
ойын.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу: Арыстан, Кенгуру, Барыс
Психологиялық дайындық:
Армысыздар балалар!
Дайынбыз ба сабаққа?
Шебер, шешен өнері
Сай, келейік талапқа!
Бар ма үйден дайындық?
Тапсырмамыз дұрыс па?
Оқымасаң уайым жеп
Тығылмаймыз қуысқа,
Ойымызды айтайық
Білімімізді бастайық
Мына тұрған ұстаздар
Қалсын бір сәт марқайып...
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Сәйкестігін тап.
Тірек сызбаны толықтыру.
Бәйге сұрақтары
Класс неліктен сүтқоректілер деп аталған?
Сүтқоректілер қандай класс тармақтарына бөлінеді?
Сүтқоректілердің терісінде қандай бездер болады?
Сүтқоректілердің тістері қандай топтарға бөлінеді?
Сүтқоректілердің зәр шығаруы қалай жүзеге асады?
Сүтқоректілердің жорғалаушыларға қандай ұқсастығы бар?
Сүтқоректілер қалай тыныс алады?
Сүтқоректілер мен құстардың қан айналым жүйесінде қандай ұқсастығымен айырмашылығы бар.
Сүтқоректілердің қаңқасы қандай бөліктерден тұрады?
Өздерің тұрған жергілікті жерлерде қандай сүтқоректілер таралған?
ІІІ Жаңа сабақ Бүгін жаңа сабақты «Ой қозғау» әдісі, яғни суреттерге қарап не ұғынғандарыңды білу арқылы бастайық.
Сүтқоректілердің жүйке жүйесі күрделі құрылысты, әсіресе мидың көлемі үлкен. Алдыңғы ми сыңрлары бөлімдерге
бөлінген. Ми сыңарларының сыртындағы көптеген иірім сайшалар ми көлемінің қыртысын ұлғайтады. Сүтқоректілердің
қозғалыс әрекетіне байланысты мишығыда жақсы жетілген.
Сүтқоректіліер Аналық сүтқоректілердің көбею мүшесі
Дара жынысты Аналық без
Іштей ұрықтанады Одан жұмыртқажасушалар дамиды
71
талық сүтқоректілердің көбею мүшесі
Аталық без
Одан сперматозоидтар дамиды
Допты қақпаға кіргізу
ІV Сергіту сәті Образға ену
V Пысықтау
3. Тест сұрақтары
VI Бағалау Топ басшылар қортындылап бағалау парағын жинап береді.
Түртіп алу әдісі INSERT әдісі бойынша, Түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп, өз ойларын нақтылайды.
Білемін
Жаңа ақпарат
Білдім
Мен ойлаймын ойламаймын
Сұрағым бар
+
-
-
VIIҮйге тапсырма 58 тақырып. Оқу. Оқулықтағы термин сөздерді жазып келу
Неге көптеген аңдар балаларын туа салысымен жалайды?
Қоян балаларын туғаннан соң тамақтандырады да бірнеше күнге тастап кетеді. Олар неге аштан өліп қалмайды?
* * * * * * * *
Қарағанды обл Жаңаарқа ауданы МұқажанЖұмажановауылы
Жаңаарқа негізгі орта мектебінің Үшінші деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі
Тукенова Нургуль Имангалиевна
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.
Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.
Тақырыбы: Қысқы еңбек.
Мақсаты: Қысқы еңбек туралы түсінік беру
Міндеттері:
1. Балалардың қыс мезгілінде орындалатын еңбек түрлері туралы түсініктерін толықтыру.
2.Қысқы еңбек түрлерінің пайдасын түсіндіру.
3.Қысқы еңбектің пайдасын түсіндіру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі:топтық
Әдіс-тәсілі:СТО,топтастыру, «Мен саған,сен маған», «Тез ойла,тез ойна!»
Сөздік жұмыс: қарды күреу, қар тоқтату, құрғақшылық, ылғал.
Ресурстар:суреттер,постер,стикерлер
Іс – әрекет
бөлімдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
І.Кіріспе:
1.Амандасу
2.Психологиялық ахуал
Шеңбер жасап тұрып, музыканың сүйемелдеуімен «қар күреу» жаттығуын
орындатады.
3.Топқа бөлу:1,2,3 санау бойынша
4.Алтын ереже
Жаттығуды би қимылына
келтіріп орындайды.
3 топқа бөлініп отырады
Ережені еске түсіреді
ІІ.Тұсаукес
ер:
ІІІ.Негізгі
бөлім:
1.«Ой қозғау» суретпен жұмыс
сұрақ-жауап
-Балалар,мұнда назар салыңдар.Мына суреттен не көріп отырсыңдар?
-Дұрыс.Олай болса қазыр қай мезгіл?
-Өте дұрыс.Қыста ауа райы қандай болады?
-Олай болса тонып қалған боларсыңдар ойын ойнап сәл жылынып алайық
1.«Мен саған,сен маған» ойыны
2.Сергіту сәті
3.Әліппе-дәптермен жұмыс:
-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз Қысқы еңбек деп аталады.
•
Қыстыгүні көше мен аулалардың қарын күреп тазалау, ал ауылда
егістік алқаптарында қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі. Қала көшелерінде
машиналардың жеңіл әрі жылдам жүруі үшін адамдар арнайы машиналармен
қарды күреп тазалайды. Құрғақшылық жиі кездесетін аймақтарда қар тоқтату
әдісі қолданылады. Қар тоқтату – топырақта ылғалдық біршама қорын
жинап, егіс өнімділігін арттыратын жұмыс түрі.
•
Қыстыгүні көше мен аулалардың қарын күреп тазалау, ал ауылда
егістік алқаптарында қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі.
•
Қала көшелерінде машиналардың жеңіл әрі жылдам жүруі үшін
адамдар арнайы машиналармен қарды күреп тазалайды.
•
Құрғақшылық жиі кездесетін аймақтарда қар тоқтату әдісі
қолданылады.
•
Қар тоқтату – топырақта ылғалдық біршама қорын жинап, егіс
өнімділігін арттыратын жұмыс түрі.
4.«Артығын тап» дидактикалық ойыны. Шарты: суреттен еңбек құралдарын
Қыс мезгілі
Суық,аяз,боран,
Алдарындағы түрлі
стикерлерді бір-бірімен
бөліседі,ол суретте не
барын айтады
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Мұқият тыңдайды,
түсінбегендері бойынша
сұрақтар қояды,
сұрақтарға жауап береді.
Сурет бойынша қысқы
еңбек қар күреу, ауылда
малды күту жұмыстары
жайлы әңгімелейді.
72
ІҮ.Қорыт
ындылау:
тауып, оларды қоршап сызады. Артық заттарды тауып айтады: шана, шаңғы,
малақай.
5. «Тез ойла,тез ойна!» ойыны
-Еңбек етсең ерінбей ...............
-Еңбектің наны тәтті................
-Еңбек түбі......
-1.Топтастыру:
Постермен жұмыс «Қысқы еңбек» тақырыбында балаларды қатыстырып,
әңгіме жүргізеді.
2.Мадақтау
Артық заттарды тауып
айтады: шана, шаңғы,
малақай.Еңбек
құралдары:балта,балға,кү
рек,ара
Балалар жалғасын табады
Тояды қарның тіленбей
Жалқаудың жаны тәтті
Береке
Қысқы еңбек түрлерінің
суреттерін тауып, оларды
постерге
жапсырмалау,қорғау
Сабаққа қатысқан
балаларды атап өту
Күтілетін нәтиже:қыс мерзімінде атқарылатын жұмыс түрлерін білуі.
Білуі тиіс: қысқы еңбек түрлерін атап беруі тиіс.
Түсінігі: қысқы еңбек пайдасын білу.
Көрсете білуі: ауланың қарын күреу, үй жануарларына қамқорлық жасау.
* * * * * * * *
ОҚО Мақтарал ауданы №8 Н.Оңдасынов атындағы жалпы
орта мектебі технология пән мұғалімі Бекова Гүлзада
Сабақтың тақырыбы: Ою өрнек технологиясы.
Сабақтың мақсаты:
1.
Білімділік: «Ою-өрнек түрлерін жасау әдістерін меңгеру»
2.
Тәрбиелік: «Оқушыларды ұқыптылыққа, салт дәстүрді қадірлеуге үйрету»
3.
Дамытушылық: «Шығармашылық қабілетін,дүниетанымын дамыту».
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап.
Пән аралық байланыс: тарих, сурет, сызу, математика
Көрнекілігі: ою өрнек үлгісі, слайдтар, дайын бұйымдар .
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі А) оқушыларды түгелдеу
Ә) құрал – жабдығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру Слайдпен жұмыс Миға шабуыл
Сұрақтар қою арқылы сұрау . Бұл кезеңде «өрмекші торы» әдісін қолдану.
1.
Сумоншақтың шығу тарихы қандай?
2.
Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады.
3.
Нені талап етеді?
4.
Әйнектің ең алғаш құпиясын ашқан ел?
5.
Сумоншақтан жасалатын сәндік бұйымдар?
6.
«Бисер» сөзі қандай сөзден шыққан?
Топқа бөлу. Қоржындағы асық түстеріне қарай топқа бөлінеді. ( ызыл ж не сары т с
қ
ә
ү )
Топта алдарында жылдар жазулы парақшалар тұрады.
1.
Қазақ хандығының
2-ші ханы Хандық құрған жылы
2.
Қазақ хандығының 18-ші ханы. Хандық құрған жылы Әз-Жәнібек хан (
1473
—
1480
) және Абылай хан (1711-1781 ) Сабақта әр сұрақтардың жауабында әріптер беріліп отырады . Соңында хан
аттары шығады.
3.
Жаңа сабақ Слайд
Оқушылыр, осы ашық сабақты мына өлең жолдарымен ашқым келеді: Қолөнер құрақ – құрау, ою — өрнек,
Атты баптап айыл тұрман қалшы өрмек Салт дәстүрі ешкімге ұқсамаған,
Қазақтар ғой байлаған жіпті күрмеп Ою өрнек ертеден келе жатырған өнердің бір түрі. Бұл ою — өрнектердің түрлерін
мұражайлардан көруге болады. Адамдар ерте кезден ақ ою — өрнектер тасқа, сүйекке бейнелеген. Ал қазіргікезде үй
бұйымдарына , киім – кишектерге, жиһаздарға, әшекейлерді де бейнелеп келеді. Бұл ою — өрнек халықпен бірге жасасып,
оның рухани материалдық игілігіне айналып келеді. Бүгінге дейін қазақ ою — өрнектерінің 200 жуық түрі анықталған. Ою
дегеніміз бір өрнекке салып қиып алған үлгі. Ою — өрнек латынның орнамент деген сөзінен келеді.
Ою - өрнек дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде (гобелен, текемет, алаша, сырмақ), кестеде (киім - кешек, тұрмыстық заттар),
ағаш, мүйіз, сүйек, ғаныш, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіріле түсті. Қазақ ою - өрнегінің негізгі түрлері:
геометриялық, зооморфтық пен көгеріс және қиял - ғажайып өрнектер (бойтұмарлар, аспан әлемінің белгісі). Олардың аса
маңызды элементтері: қошқар мүйіз, құс таңдай, түйе табан, үш жапырақты, бес жапырақты, т. б. Ою - өрнектің
геометриялық элементтері шаршы, ромбы, жұлдызша түрінде), сондай - ақ, көгеріс өрнектері (гүл, жапырақ, бұтақ түрінде)
ағаш ұқсатуда, әсіресе үй жиһазы мен ыдыс - аяқтарда, музыка аспаптары мен аңшылық қару - құралдарында сақталып
қалды.Ою - өрнектердің түрлері.
«МҮЙІЗ» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою - өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою - өрнек кейде
ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері
сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады.
73
«ҚОСМҮЙІЗ» ою - өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп
аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім - кешек, қару - жарақтарды безендіру
үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою - өрнек.
«АРҚАРМҮЙІЗ» деп аталатын ою - өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте
ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді (кілем, тұскиіз, сырмақ, кесте, киім - кешек
пен үй жиһаздарында кездеседі).
«ҚОШҚАРМҮЙІЗ» ою - өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан
қоюдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың
тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық
түрлерінде кездеседі.
«ҚЫРЫҚМҮЙІЗ» ою - өрнегі біріне - бірі жалғаса, тармақтала қосылған, кеп мүйізден құралған ою - өрнектің бір түрі. Ол
көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір
- бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады
«СЫНЫҚМҮЙІЗ» морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою - өрнек кілемдерді, шилерді,
басқұр мен алашаларды, сондай - ақ әр түрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған
мүйізіне ұқсайды.
«ӨРКЕШ» ою - өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, тұскиіздерге салынатын ою - өрнек
композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос
емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе - теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке - бірліктің, көбеюдің символын
білдіреді.
«ШЫТЫРМАН» ою - өрнегі көп жапырақты есімдік пен көп тармақты мүйіз және геометриялық фигуралар аралас келетін
күрделі өрнек. Мұндай өрнектер заттардың бетіне көп тармақ болып желіленіп келуі бүтін бір сюжетті (жайлау, орман,
жазық дала, кең сахара) мегзеп жасалады. т.б
Ою-өрнек топтары
1. Көк әлеміне байланысты
Ай, айшық, жұлдыз, күн, шұғыла
2. Малға байланысты
Айыртұяқ, арқармүйіз, атерін, қошқармүйіз, тайтүлік,
түйетабан
3. Аңға байланысты
Бөрікөз, бөрібұлақ, иттабан, иттіс
4. Құрт – құмырсқаларға байланысты
Алақұрт, жұлдызқұрт, құмырсқа, көбелек,
5. Құстарға байланысты
Қазмойын, қазтабан, құстабан, құсқанат, құсмұрын
6. Жер су өсімдікке байланысты
Ағаш, бітпесгүл, жапырақ, ирек, ирексу, райхангүл,
үшжапырақ, шиыршық
7. Қару құралдарға байланысты
Айбалта, айыр, балдақ, балта, қармақ, шынжыр
8. Геометриялық фигураға байланысты
Қосдөңгелек, қостұмарша, төртқұлақ, тұмарша, сүйір
Сарамандық жұмыс
Қауіпсіздік ережесі. 1.Қайшыны жолдасыңа тұтқа жағымен бер.
2. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде көңілін бөлуге болмайды.
3. Пайдаланбаған кезде қайшыны ашып тастауға болмайды.
Матамен жұмыс. Құрал жабдықтарының түгел болуын қадағалау. Бүгін біз қошқармүйіз оюын ойып үйрететін
боламыз. Ол үшін бізге қағаз қажет. Тіктөртбұрышты қағазды аламыз, оны екіге бүктейміз, оюдың суретін саламыз. Енді
осы оюды қиып алып, матаға түсіріп жапсырмалаймыз. Жұмыс жасағанда халық әндерінен айтып орындаймыз.
Сергіту сәті Слайд. «Көңілді күн» видеоролик жаттығуын жасау.
Ғажайып жетілік
1. Үй жиһаздарын ата? - Алаша, текемет, сандық, кілем т.б
Тұскиіздің неше түрі бар? - 2 түрі бар. Жүн және матадан жасалған
2. Ою – өрнек неше топқа бөлінеді? - Ою-өрнек 4 топқа бөлінеді
Ғалымдар оюдың неше түрін анықтады? – 200 дей
3. Тігін машина жібінің қай нөмірлісі өтімді? - №40
Ине конструкциясы қай елде, қай ғасырда ойлап тапқан? – 19ғ Америкада
4. Сүт қандай дәрумендерге бай? – А,С,В,Д, Е
Тамақ өнеркісібіне тән мамандықтар? – кондитер-технолог
5. Ресейде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыты қай жылы іске қосылды? – 1917ж
Қай жылдары американдық Исаак Зингер қазіргі заманғы машина түрлерін ойлап тапты? – 1850-51ж
6. Алма, жұзім, шабдалы, алмұрт т.б жемістің қай түріне жатады? –шырынды.
Асқазан сөлін жақсартатын жеміс? – Қияр
7. Оригамидің Отаны қай ел? - Жапония.
Оригами өнерінде бейбітшілік символьы атанған құс? – Тырна
Сабақты бекіту Енді біздер Ою хан еліне барамыз. Мен сендрге оюға байланысты ертегі айтып берейін. Баяғыда бір
Әділхан деген хан болыпты. Ол ханның ою — өрнек, тоқыма, құйма өнерін меңгергендегі соншалықты үйлерінің іші –
сырты киім – кишек, жиһаздарының барлығы оюланған болыпты, тіпті өздері де ою арқылы сөйлесе алатын болған. Сол
себепті де ол елдің ханын Ою хан деп атаған. Жылдардың бір жылында бөтен елдің
ханы соғыс ашып, Ою ханды орнынан алып, билікті өзі жүргізеді. Ол хан ескі салт дәстүрді жойып, жаңаша өмір құрмақ
болыпты. Ою ханды зынданға салып тастапты. Уа хан ием: Мына райыңыздан қайтыңыз, теріс жолмен кетіп барамыз деп,
жөн айтқан адамдарды сыбайлас деп. Сондықтан оны халық жою хан деп атапты .
Қорытындылау.
Слайд . Сұрақ-жауап
74
1
Ою өрнек латынның қай сөзінен келеді?
2
Компазиция дегеніміз не?
3
Симметрия дегеніміз не?
4
Ою дегеніміз не?
5
Ою — өрнектің неше түрі бар?
6
Ерте кезде ою — өрнекті неге бейнелеген?
7
Қошқармүйіз оюы оюдың қай түріне жатады?
8
Ою — өрнекпен нелерді әшекелейді?
9
Зергерлік бұйымдарға көбінесе қандай өрнектер пайдаланылады?
10
Кілемде қандай ою - өрнектер басым?
4.
Бағалау . Әр топтың топ басшысының бағалау парақшасы арқылы, жасаған жұмыстары арқылы және
оқушыларды сабаққа қатысымы бойынша баға беру
5.
Үйге тапсырма: Оюды аяқтау, ойылған оюлар әкелу
* * * * * * * *
Атырау қаласы. Құспанова Гүлбаршын Тарихқызы
Жоғарғы сынып оқушыларының орта мектебі
Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тақырыбы: «Ананың махаббаты, ұстаздың шапағаты»
Қойылымға қатысушылар
1.Ұстаз.2.Ана. 3.Шәкірт – Олжас. 4.Олжастың достары, сыныптастары.
5.Полиция қызметкері.
Үй іші. Баласын күтіп отырған ана.Бір кезде жүгіре басып баласы келеді.
Анасы: -О,балам, қарашығым, келдің бе? Міне қарашы, мен саған жаңа оқу жылына костюм сатып әкелдім, оқу
құралдарыңды да алдым.Енді сен бастауышты аяқтап, үлкен азамат болдың. Бастауыштағы кейбір жағымсыз қылықтарынды
енді қоярсың деп ойлаймын. Мә, киіп қарашы киіміңді.
О, жарайды, құйып қойғандай екен.
Олжас киімін киіп қарап, қуанышты жүзбен жүгіре басып шығып кетеді. Мектеп іші. Олжас бесінші сыныпқа келді.
Оқушылар сынып бөлмесінде отырады.
Мұғалім: -Ал балалар, бүгін біздер жаңа оқу жылын бастадық. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Білімді мыңды
жығады». Кәне, балалар, кім қандай мақалдар айтады? (Оқушылыр білім туралы ой – пікірлерін білдіреді). Қоңырау
соғылып, оқушылар тараған соң Олжасты ертіп анасы келеді.
Анасы: Ал мұғалім бала, Олжасжанды саған тапсырамын. Жалғыз бала болғасын ба, көп еркелетіп жібердім бе, әйтеуір кез
келген келеңсіз істерге ұрынады да жүреді.
Мұғалім: Жарайды , есімде болсын. Екеулеп тәрбиелесек, артық кетпес.
Бірнеше айлар өтті. Осы айларда Олжас оқушылармен қайта – қайта келіспей қалып жүреді. Қыздардың шаштарын тартып,
рогаткамен атып, оқу құралдарын тартып алады. Бірде дәл осы қылықтарды қайталап, бөлме ішінде жүгіріп жүрген кезде
үстел үстіндегі гүл құлап қалады да, сынады. Бүкіл оқушылар жиналады. Қоңырау соғылып, сыныпқа мұғалім кіреді. Бәрі
орын-орнына отырады. Рогатка тиген қыз жылап отырады. Гүл құлап жатады. Мұғалім: Мынау немене?
Оқушылар:
-Олжас менің шашымды ауыртты.
-Олжас маған рогатка атты.
Мұғалім: Мына гүлді де Олжас па бүлдірген?
-Иә,иә. (Бәрі жан-жақтан шулайды).
Мұғалім: -Отырыңдар , балалар. Олжаспен өзім сойлесемін. Олжастың бұрын да жасаған тентектіктері бар.Мен оның
анасымен жеке сөйлесермін.
(Сабақ басталып кетеді.Мұғалім үй тапсырмасын сұрай бастайды.Бір оқушы өлең оқиды.Ең соңында Олжас үй
тапсырмасын айтпаққа орнынан тұра бергенде,қоңырау соғылады.)
Сахна жабылады.
Түскі мезгіл.Мұғалім Олжастың анасына үйіне барады.
Достарыңызбен бөлісу: |