Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет19/24
Дата21.02.2017
өлшемі9,29 Mb.
#4602
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Көгершін,жасыл,жинады,
айтты,   алыс,сөйлесті,ертең, 
байлады.
Шығармашылық тапсырма
« Буреме» әдісі
1- топ 
............................. ашылды,
............................. жайнады.
................... құлпырып,
..................... сайрады.
2- топ
............................. баламыз,
............................. аламыз
.............................. тыңдап,
..............................боламыз.
3- топ
Құрамында   етістігі   бар 
тыйым сөздер айту.
4- Топ
Венндиаграмма әдісі
Зат   есім   мен   етістікті 
салыстыру
Топта   берілген 
с зге
 
с йлем
ө
ө
 
райды.
құ
Ребус,үлестірмелі 
қағаз
Рефлексия 
5мин
Үйге тапсырма
«Бір ауыз сөз» 
(ұнады,   қажет,   пайдалы, 
білдім,   үйрендім,   қызықтым, 
ұмтылдым, есте сақтадым)
Бүгінгі сабақ 
бойынша өз ойларын 
айтып, сабаққа кері 
байланыс береді 
Өзін-өзі бағалау
Стикер,
бағалау
парағы
Сабақтан кейін ойланатын сұрақтар
Не сәтті болды?
Не сәтті болмады?
Нені жақсартуға 
болады?
Мен өз дағдыларымда нені 
дамыта алдым? Нені 
өзгертуге болады?
* * * * * * * * *
 
 
125

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы  А. Жанпейісов атындағы 
№105 орта мектептің  бастауыш сынып мұғалімі Бекбаева Ақмарал Қуандыққызы 
Сабақтың тақырыбы: Сиыр. 30 -31 жаттығу
Сабақтың мақсаты: 1)Оқушылардың сиыр туралы түсінігін кеңейту, жуан дауысты дыбыстар туралы білімдерін пысықтау. 
2)сөздік қорын молайту, ақыл- ойын дамыту, сауатты көркем жаза білуге баулу. 3)Төрт түлікті қадірлеуге, күтіп баптауға 
тәрбиелеу. 
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру.
Көрнекілігі: Қадыр Мырза Әлидің суреті, төрт түліктің суреті
Түрі:аралас сабақ
 Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а)Оқушы назарын аудару ә) психологиялық дайындық
Қане, алға қарайық,
Сабаққа зер салайық.
Жақсы оқып сабақты,
Бүгін «5»- тік алайық!
II Үй тапсырмасын пысықтау Iтоп «Ақ бұзау» өлеңін жатқа айту II топ «Бұзау» сөзіне сипаттама беру III топ «Адасқан 
әріптер»ойыны О а б т - бота а ұ з у б – бұзау л н ұ қ ы- құлын ы қ з о- қозы IVтоп «Сәйкестендіру» тесті Төлімді тап.
Жылқы бота Сиыр лақ Түйе құлын Қой бұзау Ешкі қозы 
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінен үзінді -Адам егін ексе менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт , май 
жасайды,етімді жейді. Жыл басы мен боламын. Мө-мө деп мөңіредім
Молшылық төңірегім
Жыл басы боламын деп
Ертерек келіп едім
Көгалда тұрағым
Дайын тұр тұрағым
Сүтіммен, етіммен
Адамға ұнадым
- Қай түлік жайлы айтылды?
- Ертегі қалай аталады?
- Сиыр малы өзінің пайдасы туралы не айтты?
Iтоп Сиыр жайлы білетінін айту. II топ «Сәйкестендіру » тесті 
  кісінейді 
 мөңірейді
Сиыр ұшады 
 бұзаулайды 
 лақтайды
 III топ Сиырдың сүтінен қандай тағамдар жасалады? IVтоп Сиыр малын күтіп бағу жайлы не білеміз? 
IIІ.Жаңа сабақты түсіндіру
Сиыр сүтінен 
жасалатын тағамдар
Сиыр етінен жасалатын тағамдар
Сиыр терісінен 
жасалатын заттар
Сүт Қаймақ Май Құрт 
Ірімшік Айран 
Бесбармақ Қуырдақ Шұжық Тұшпара
Тон Етік Былғары белдік 
Ат әбзелдері Әшекей 
бұйымдар
Сиырдың жас ерекшелігіне қарай аталуы: бұзау, баспақ, торпақ,тана, тайынша,қашар,сиыр 
ІVОқулықпен жұмыс
Автормен таныстыру.
Қадыр Мырза Әли - қазақтың көрнекті ақындарының бірі, жазушы, аудармашы. 
1935 жылы
5 қазанда
Орал 
облысының
Жымпиты кентінде дүниеге келген.
«Сиыр» өлеңін оқу, мағынасын ашу.
Тізбектей оқыту
Сөздік жұмыс
Шүйгін – құнарлы, отты, шөбі көп жер.
Шара- ыдыс
Сергіту сәті «Көңілді күн»
Жаңылтпашты жаңылмай айт! Айдарбек «Бұзауды өзі байлар,»-деп, Айтып кетті Айбар менен Қайдар кеп. 
Оқушыларға оқыту.
а) хормен
ә) жеке
Жаңылтпашты жатқа айтқызу.
 Мақалдар 1. Сиырдың сүті –тілінде. 2.Малды бақсаң, сиыр бақ, Сүт кетпейді шарадан. 3.Сиыр сауған шөлдемес. 
(мағынасын түсіндіру)
V.Дәптермен жұмыс
31-жаттығу Көп нүктенің орнына жуан дауысты дыбысты қойып, көшіріп жазыңдар.
126

 Жұмбақ
Қ...яды екен әр шаруа
Қазығ...на құт байлап,
Қанша қ...йып алсаң да,
Сарқылм...йды сүт, қаймақ.
 (сиыр) Сергіту сәті 
Шығармашылық жұмыс. Сиыр, мөңірейді, Зеңгі баба, бұзау сөздеріне сөйлем құрау. Құраған сөйлемдерін талдату.
VI.Сабақты бекіту
- Сиырдың қандай пайдасы бар?
- Жуан дауыстыларды атаңдар.
VII.Үйге: 30-жаттығу. «Сиыр» өлеңін жаттау.
VIII Оқушыларды бағалау.
* * * * * * * * *
Өнерлі ұстаздар отбасы
 БҚО, Ақжайық ауданы, Бітік жалпы орта білім беретін 
мектеп-балабақшасының  көшбасшы мұғалімі Кайсакова Айша Болатовна
 Өмірде өзіндік өрнегі мен өнегесін таныта жүріп, өнерін кейінгі ұрпаққа үйрете білудің өзі – үлкен үлгі боларлық іс.  
Біздің Бітік орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасында білікті ұстаздар Халық, Ханым Аймағамбетовтар 25 жылдан 
бері технология пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс жасайды. Олар күні бүгінге дейін заман талабына сай шығармашылықпен 
айналысып, шәкірттерге шынайы сүйіспеншілікпен өз пәндерінің қыр-сырын игертіп келеді. Екеуі де жаңа технологияларды 
тиімді қолдана отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылықпен ұштастырып білім беру  
мақсатым   жас   ұрпаққа   саналы   тәрбие,   сапалы   білім   беріп   қана   қоймай,   оларды   әсемдікке,   еңбексүйгіштікке   баулып, 
эстетикалық тәрбие беруге бар күш-жігерлерін аянбай жұмсайды. Осындай өнерлі жандардың арқасында технология пәні 
жай ғана оңай пән емес, оқушылардың қызығушылықпен қатысатын сабақтарының біріне айналды. Оқытудың интерактивті  
әдістемелерін : ақыл-ой акробатикасы, топтық жұмыс, рөлдік ойындар, тестілеу, жұппен жұмыс істеуді сабақтарында жиі 
қолданатын   білікті   мамандар   бұл   әдістемелер   оқушылардың   ойлау   қабілеттерін   дамытып,   шығармашылық   әлеуетін  
көтеретіндігіне   сенімді.   Оған   соңғы   жылдарда   жеткен   оқушыларының   жетістіктері   дәлел   бола   алады.   Мысалы,   Халық 
Сатқанұлының   оқушысы   Рамазанов   Заңғар   2012   жылы   Ақжайық   аудандық   Балалар   шығармашылығы   орталығы 
ұйымдастырған «Өнерлінің өрісі кең» атты аудандық сырттай байқауда «Бейнелеу өнері» аталымы бойынша жүлделі ІІІ 
орынды иеленді. 2015 жылы Шүкіргалиев Еламан Батыс Қазақстан облысы дін істер басқармасының ұйымдастыруымен  
өткізген «Жалған ағымға жол жоқ» атты «он күндік» байқауының сурет номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен  
марапатталды. 2015 жылы Рамазанов Заңғар «Қазақстан халқы Ассамблеясы» атты аудандық «Гүлдер әлемі» фестиваліне  
қатысып ІІІ орынды иеленді.
  Ал,   Ханым   Андалықызының   шәкірттерінің   жетістіктерін   атап   өтсем,   2011   жылы   Қазақстан   Республикасының   20 
жылдығына  орай ,  20  жас  талантты  оқушыларды анықтау  мақсатында  ұйымдастырылған аудандық   «Жауқазын» көрме-
байқауында оқушысы Мұхамбетова Айымгүлдің батик техникасында орындаған жұмысы «Ең үздік суретші» аталымына ие 
болды. 2012 жылы ҮІ аудандық Пушкин оқуларында Джумагазиева Айдананың «Өнер туындылары мен рухани әсерлену 
алдындағы қуанышты толқу..» бөлімі бойынша орындаған жұмысы жүлделі І орынды жеңіп алды. 2012 жылы М. Өтемісов  
атындағы Батыс Қазақстан мемлекетік университетінің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған ҮІІІ Аймақтық «Жас дарын» 
жастар шығармашылық байқауында Шапигатова Алтын ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып лауреат атанды. 2013 жылы 1 
маусым-   Халықаралық   балаларды   қорғау   күніне   арналған   аудандық   «Гүлдер   әлемі»  фестивалінің   «Гүлдер   қолданбалы  
өнерде» атты бөлімінде Шайхолла  Банудың канзаши техникасында  дайындаған жұмысы І орынды иеленді. 2014 жылы 
аудандық Балалар шығармашылығының ұйымдастыруымен өткізілген «Өшпес ерлік сыйлаған, көп рахмет сіздерге» атты 9  
мамыр мерекесіне арналған қолөнершілер байқауында Айтаханова Гүлфияның дайындаған костюмі І орынға ие болды. 2014  
жылы «Гүлденген Қазақстан» атты аудандық «Гүлдер әлемі» фестивалінде Белисанова Ақжүніс «Әлем гүлдердің түсімен» 
аталымы   бойынша   мадақтамаға   қағаз   алды.   2014   жылы   Ұстаздар   күніне   орай   аудандық   Балалар   шығармашылығының 
ұйымдастыруымен   өткізілген   «Менің   үйірме   жетекшім»  атты   сырттай   «Электрондық   презентацияда»  7-класс   оқушысы 
Айтаханова Гүлфия жүлделі ІІІ орынды еншіледі. 2015 жылы Киселева Александра «Қазақстан халқы Ассамблеясы» атты 
аудандық «Гүлдер әлемі» фестиваліне қатысып, «Қол ұстасайық достар» номинациясы бойынша І орынды иеленді. 
Мақтаулы мұғалімдеріміздің бірігіп өткізген сабақ үлгілері де осы саладағы ұстаздар қауымына үлгі болары сөзсіз. 
Мысалы, 8-кластағы «Отбасылық кіріс пен шығыс» сабақтарының мақсаты:
Білімділік: отбасы бюджетімен, кіріс пен шығынды жоспарлау жолдарымен таныстыру. 
Тәрбиелілік: оқушыларды үнемділікке, қаржылық сауаттылыққа , белсенділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың білімін жетілдіріп, ой-өрісін, қиялын дамыту, көзқарасын қалыптастыру, пікір айтуға  
баулу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте сызба, нақыл сөздер, интербелсенді тақта
 Сабақ тексеру сұрақтарымен басталды.
Валюта дегеніміз не? Ұлттық валюта кай уақытта енгізілді? 1993 жылы 1 АҚШ-тың валютасы қанша теңге болды? 
Қандай елдердің валютасын білесіңдер?
Одан   кейін   жаңа   сабақпен   таныстыра   келіп,   қос   технолог   мұғалім   бюджеттік   жоспар   құрудың   жалпыға   ортақ 
принциптеріне тоқталды:
1. Егер өзіңіздің кірісіңіз қанша екенін білсеңіз, шығысыңызды алдын ала есептеңіз. Болашақтағы қаржыңыздың жайын 
білу үшін алдымен есеп жүргізуді әдетке айналдырыңыз. Өз шығыныңызды есептеп, бақылап отыру үшін, дүкендерден 
алған заттардың түбіртегін (чек) жинаңыз немесе жазып отырыңыз. Осылайшы 1 айлық шығыныңызды есептейсіз.
2. Бюджетті жоспарлауда жанұя міндеттері мен мақсаттары есепке алынсын.
127

Тізімді құрғанда алдымен ең қажетті шығындар есепке алынады, қарыз ақша, пәтерақы, тамаққа жұмсалатын қаржы.  
Киім-кешек,   жолақы,   т.б.   есептейсіз.   Жанұяда   көп   адамның   қажеттілігін   өтей   алмауыңыз   мүмкін,   яғни   оларға   ақша 
үнемдеуге тура келеді. Жанұядағы үнемдеулер әр жанұяда әр түрлі бағытта жүруі мүмкін.
3. Жанұя бюджетінің кемінде 10 пайызын үнемдеп отыруды әдетке айналдырыңыз.
Жанұядағы бүкіл табыс көлемін есептеңіз. Ақшаңыздың соңғы тиынына дейін жұмсаудан аулақ болыңыз. 
4. Қара күнге деп қаржы жинаңыз.
Бұл кез-келген келеңсіз оқиғаларға , ауырып қалдыңыз, дәрі-дәрмек керек, немесе жұмысыңызда қысқарту болып, басқа 
жұмысқа  ауыстыңыз.  Орналасып  алғашқы  айлығыңызды алғанша  қиналасыз,  ондайда  ақша  алатын  жеріңіз  , туысыңыз 
болса   жақсы.   Ал   ондай   мүмкіндік   болмаса   ше.   Негізі   қарыз   алып   әдеттенбеген   жақсы.   Ол   ақша   жақсылықтарға   да  
жұмсалады. 
5. Бюджетті есептегенде жанұя мүшелері түгел қамтылатын болсын.
Сіз жанұялық қаржыны жоспарлаған кезде жанұя мүшелері түгел отырып шешкен де жақсы. Кейінгі өмірлеріне сабақ, оның 
үстіне үйдегі жағдайды ұғып, ақшаны үнемдеуге олар да атсалысу қажет. Ақшаның қалай келіп, неге жұмсалып, қай кезде 
үнемделетінін түсінген баланың әке-шешеге деген жанашырлығы, түсінігі болады.
Кіріс
Шығыс
Тұрақты түрдегі табыс
Коммуналды төлемдер
Ауыспалы табыс
Көлік және машина
Инвестициялық табыс
Тамақтану
Мүмкін табыстар
Киім және гигиена
Байланыс
Заттарды жоспарлы түрде сатып алу
Тұрақты түрдегі қор
Қаржылық әл-ауқатқа жетудегі ең маңызды қадам - іс жүзіндегі жасалынған шығындардың көлемін анықтау. Біріншіден, 
отбасының барлық шығындарын анықтап, оларды топтасыра білу қажет: қажетті шығындар мен уақытша шығындар. 
Кейініректе бірінші санаттың шығындарынан азықтану, коммуналдық қызметтер, көлік, балаларды оқыту сияқты отбасылық 
бюджеттің негізгі көрсеткіштері қалыптастырылады. Уақытша сипаттағы шығындарға жоспарлы (аяқ-киім жөндеу, 
туыстарға сыйлық алу, күтпеген жағдайлар) және уақытша «көңіл-күйді көтеретін» жоспарланбаған шығындар 
жатқызылады. Шығындардың соңғы аталған түрлерін біртіндеп қысқарта бастау қажет, себебі олар отбасылық бюджетке 
орны толмайтын нұқсан келтіріп жатады. Сіз өз шығындарыңызды нақты білетін болсаңыз, сіз оларды жоспарлап үйренесіз, 
соның нәтижесінде әрқашанда бір соманың қалуын қамтамасыз ететін боласыз.
Отбасылық бюджетті жоспарлау мәселелерін зерттеумен айналысатын аналитиктердің көпшілігінің пікірінше, шығындар 
мен кірістерді жүйелі түрде есепке алу шығындардың 20%-ын үнемдеуге мүмкіндік береді, жылына бұл сома отбасының екі 
айлық жалақысын құрауы мүмкін. Бұл қаражаттарды үнемдей алсаңыз, оны сіз адал еңбекпен таптыңыз деуге тұрады, себебі 
үнемделген теңге еңбек етіп тапқан теңгеге тең болады. Бұл ақшаны сіз тиімді түрде инвестициялап, келешекте қандайда бір 
табысқа қол жеткізе аласыз.
ІҮ. Топтық ойын . Рольдік ойын. Оқушылар 2-ден бөлінеді де, әр топқа тапсырма беріледі. Тапсырмада белгілі бір сома 
жазылған, кіріс пен шығысты есептеп, сол ақшаны 1 айға жоспарлау керек. 
Ү.Бекіту сұрақтары.
«Бюджет» сөзі қандай мағына береді? Кіріске нелерді жатқызуға болады? Шығыс дегеніміз не?
Нақыл сөздер.
Ақша болса, алақанда сорпа қайнайды.
Арзан болса алушыдан ынсап кетеді,
Қымбат болса сатушыдан ынсап кетеді.
Ақша тиыннан, жылқы құлыннан өседі.
Ақша ашпайтын құлып жоқ. 
Ақша базарда бағалы. 
Қорытындылау. Бағалау.
 Әр сабақтарына осындай шынайылық пен жаңашылдықты ту етіп, өнерлі отбасы атанған Халық пен Ханым 
Аймағамбетовтар - ауылымыздың құрметті ұстаздары, аудан, облысымызға танылған білікті мамандар және ұлдары мен 
шәкірттеріне қадірлі жандар.
Қолдарынан өнер тамған 
ерлі-зайыпты 
ұстаздардың төл 
туындылары да талай 
көрмелердің көркі 
болып, көрермендердің 
көз жауын алған. 
     
      
128

ОҚО   Мақтарал ауданы  Жетісай қаласы «№ 2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық 
мемлекеттік мекемесінің  мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Баймешова Кулсинай 
МАД
Тәрбиеші:
Кабинет:
Тақырыбы 
Мен және менің отбасым
Сабақтың 
мақсаты
Тақырыпты  зейін қойып түсініп , мазмұнын түсіне білуге үйрету, мазмұны бойынша қойылған 
сұрақтарға жауап беруге ынталарын арттыру.
Көрнекіліктер
Үлестірмелі суреттер, плакат т.б
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс — әрекеті
Психология-лық  ахуалды 
қалыптастыру
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болындар, балалар,
Келгенше жыл айналып
Балалар алдағы өтетін 
сабаққа дайындық жасайды.
Ұйымдастыру іздестіру
Жаңа сабақ
Қане, балалар қолымдағы тұрған күнді біз мейірбан, жан-
шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның 
жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі 
түнерген бұлттарды ашайық.
ІІ. Өткенге шолу
1-бұлт
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Бір мезгілде қанша ай болады?
2-бұлт
- Күз мезгілінің айларын кім айтады?
- Алтын күздің ерекшеліктері неде?
- Кім күз туралы өлең біледі
3-бұлт
- Қыс мезгілінде қандай айлар бар?
- Қыста табиғат қалай өзгереді
- Кім қыс туралы өлең айтады?
4-бұлт
- Көктемнің айларын атап шығыңдар
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Кім көктем туралы өлең біледі?
5-бұлт
- Жаз мегіліне қандай айлар жатады?
- Жазда нелер піседі?
- Кім күз туралы өлең айтады?
ІІІ. Күн ашылды
Күлімде, күн күлімде!
Бүлдіршіндер қуансын.
Қырдың қызыл гүліндей,
Қолдарына ту алсын!
Осы жарқыраған күн мейірімін, жан шуағын төксе, 
адамгершілікті, мейірімділікті, жылы сөздерді кімнен 
аласыңдар?
-Дұрыс айтасыңдар балалар анадан, әкеден, атадан, 
әжеден, ағадан...
— Олай болса, балалар, бүгін біз «Мен және менің 
отбасым» тақырыбында әңгімелейміз.
Суреттегі отбасы мүшелерін ата?
Кімнің немен айналысып жүргенін айтып бер?
Ой шақыру. Күн шуғын толтыру
«Туыстық атаулар» атты бейне көріністі тамашалау 
Балалар, бүгін біз ата- аналарымыз, туыстарымыз, 
бауырларымыз жайлы айтамыз. Ешкім де туысқан – 
туғансыз, ағайынсыз емес. Кім болса да, адамнан тараған, 
сонысымен ол көп жапырақты, көп тамырлы ағашқа 
ұқсайды. Туыстар дегеніміз – сол бір түбірден өскен, бір 
ағаштың бұтақтары тәрізді. Сол себептен біздің ата- 
бабаларымыз « Туысым – түп тамырым » деп бекер 
айтпаған.
Балалар барлық қимылдарды 
тәрбиешіге қарап, 
қайталайды. Берілген 
тапсырмаларды орындайды.
129

Сергіту сәті
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Оқушылар ойын ойнайды
Рефлексивті — 
түзетушілік
— Сенің отбасында қанша адам бар?
Санап санын жаз?
Б.Серікбаевтің  «Мен –апамның ай мен күні» өлеңін оқу
Апам мені: «Айым!» — дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді.
Апам мен: «Күнім!» — дейді, 
Мен қуансам, күлімдейді
Сендерді үйлеріңде атаң, әжең,әкең, анаң , тәтең, қалай 
еркелетеді?
Тапсырмаларды әр бала өз 
алдына ерекше орындады.
Күтілетін нәтиже:
Білу 
Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады.
Өзіне үйренгені
Жаңа білімді түсінеді
Үйрену
Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы  Қарабұлақ ауылы
 № 42 «Фурқат» атындағы жалпы орта  мектебі  өзбек  тілі  және  өзбек
әдебиеті  пәні  мұғалімі  Абдиғаниева  Хамида  Нишонтоевна
   Адабиёт              8- синф 
Мавзу: Усмон Носир ҳаёти ва ижодини мустаҳкамловчи дарс.
Мақсади: 
А) таълимий : Усмон Носир хақидаги фикр мулоҳазаларини, ўй таъсуротларини умумлаштириш мустақил ва ижодий 
фикрлаш малакаларини ривожлантириш.
Б) тарбиявий: Шоир ижоди орқали  келажакка ишонч, инсонларга меҳр – мурувватли, садоқатли ва ватанпарвар бўлишдек 
буюк инсонийлик фазилатлар эгаси бўлишга ўргатиш. 
В) риволантирувчи : ўқувчилар дунёқарашини шакллантириш, ижодкорлик, изланувчанлик қобилиятларини ўстириш.
 Дарс услуби. Изланувчанлик, савол- жавоб, баҳс мунозара
 Дарс жиҳози:  видео лавҳа, мавзуга оид кўргазмалар, шоир портерети, альбом, буклетлар шеърий тўпламлар.
 Дарснинг бориши: 
а) ташкилий қисм: ўқувчиларни  дарсга ҳозирлаш. Бугунги  дарс йўналиши ёзув тахтасининг чеккасига илиб қўйилади ва 
ўқувчиларни мазкур йўналишда хабардор этилади.  
б) Асосий қисм: Ўқитувчининг кириш сўзи. 7- синфда ўтилган    Усмон Носирнинг ижоди бўйича суҳбат ва савол - жавоб 
   I  Дарснинг режаси: 

Дарс йўналиши ҳақида умумий маълумот 

Ижодий маърузалар баёни

Кўргазмали воситалар талқини. (Видео- лавҳа)

Видео лавҳа бўйича мунозара 

Заковат синови.(Туруҳлар синови. )

Ифодали шеър ўқиш баҳси.

Муаммоли вазият
Хулоса 

Билимларни баҳолаш 

 Уй вазифани тақсимлаш
                 Гуруҳларга бўлинади.

Гуруҳ “Усмон Носир издошлари”

Гуруҳ “Келажак ворислари”
Гуруҳлар ўз  гуруҳларининг номини изоҳлаб беришадилар.
Уй вазифасини сўраш: Усмон Носир ҳаёти ва ижодига даҳлдор маълумотлар топиб келиш
            II Ижодий маърузалар баёни
Сўнг гуруҳлар ўз гуруҳларининг  тайёрлаб келган муайян маърузалари билан дарсга ойдинлик киритадилар.

ўқувчи Усмон Носирнинг оилавий муҳити ҳақида гапирди.
Усмон Носир 1912 йил 13 ноябрда Наманган шаҳрининг “Чуқур кўча” даҳасида камбағал косиб оиласида дуёга келди. Отаси 
Мамматхўжа (Носирнинг Ўгай отаси), онаси  Холамбиби ая бўлган. У отадан барвақт етим бўлиб, кейинчалик онаси Носир 
Ҳожи  исмли кишиг турмушга чиқади. Носир Хожи ёш Усмонни ўз паспортига ўтказади. Шу сабабли шоирнинг фамилияси 
Носиров  деб қайд  қилинади.  Холамбиби ая кейинги  турмушидан учта қиз кўрган. Уларнинг исмлари Роҳатхон, Равзахон 
ва Инобатхон эди.

ўқувчи Усмон Носирнинг ижодий жараёни ҳақида гапирди.
130

Усмон Носир 15 ёшидан адабиёт майдонига кириб келган. У қисқа вақт мобайнида бешта шеърий тўплам: тўнғич тўплам 
“Қуёш билан суҳбат” , “Юрак”, “Меҳрим”, “Тракторобод” ва бошқалар, икки достон: “Нахшон”, “Норбўта”, “Атласхон” 
пьессани ёзган.
Ўқувчилар Усмон Носир ҳақида тўплаган маълумотларини бирин- кетин давом эттирадилар. 
               ІІІ.   Кўргазмали воситалар талқини.
Сўнгги  Туркистон ўлкасининг 20- 30 йиллардаги кўринишидан             видео лавҳа кўрсатади.
                IV. Видео лавҳа  бўйича мунозара. 
       Ҳар иккала гуруҳлар видео лавҳани кўриб, ўз фикрларини билдиради.
1)Ушбу лавҳани кўриб,сиз қандай хулоса чиқардингиз?
2) Қайси давр воқеалари тасвирланган ? каби саволлар билан ҳар иккала гуруҳдан сўралади.
       V. Заковат синови. 
1. Келажак ворислари
                     Венн  диаграммаси 
           қатоғон  даври                 ҳозирги замон              
Ўқувчилар икки даврни бир –бирига таққослаб ёзади. Масалан: Уруш, отиш, қамаш, ўлдириш, мустақиллик сўз эркинлиги 
каби сўзларни  жойлаштиришади.
2.У.Носир издошлари гуруҳи:
Тўплаштириш схемасини ишлайди.
 У.Носир ким?                                            Шоир ижоди
               шоир                                                    “юрак”
Таржимон         башоратчи             “меҳрим”               “қуёш б-н суҳбат”        
      Қатоғон   қурбони                         “норбўта”             “атласхон”
Каби фикрларни  ўқувчилар давом эттиришади.
                VI   Ифодали ўқиш бахси.
1 – гуруҳ  “У.Носир хотирасига”  шеърини ёддан айтади.
2 - гуруҳ шоирнинг “Юрак” шеърини ифодали ёддан айтади.
           VII.Муаммоли  вазият.
Ўқувчи дарс мобайнида талаффуз этилган баъзи бир сўзларни ёзув тахтасининг бир тамонига ёзиб боради. 
Масалан: қатоғон , башоратчи, сил, оташзабон, мунофиқ сингари сўзларни яъни изоҳталаб сўзларни дафтарларига ёздириб 
муаммоли вазият ҳосил қилиш мумкин.
Ёки бошқача тарзда: Бугунги  дарсдан мен нимани ўргандим. Саволини ўртага ташлаб ёзма ёки оғзаки равишда жавоб олиш 
мумкин.
           VIII  Билимларини  баҳолаш. 
Ўқувчилар билими рейтинг усулида баҳоланиб, фаол иштирок этган ўқувчилар алоҳида айтилиб, рағбатлантирилади.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет