Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет12/24
Дата21.02.2017
өлшемі9,29 Mb.
#4602
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

Мұғалім: -Сәлеметсіз бе?
Анасы:-Аманбысың,шырағым?Қош келдің.Олжастың мұғалімі екенсің ғой.(Екеуі үйдің ішінде отырады).
Мұғалім:
-Олжастың бір жақсысы сабақтан қалмайды,бірақ әзірлігі нашарлау.Түс қайта дайындыққа келмейді.
Анасы:-Ой ,осы дайындығына күнде кетіп жатады. Ай, мені алдап жүрген болды ғой!
Мұғалім:  Иә, апа,өзіңіз айтқандай,қиындық  келтіріп жүрген оқушының бірі-осы. Мен де сол Олжастың тәртібі жайлы 
сойлескелі келдім. Бүгін бір қоңыраудың сәтінде-ақ бірнеше тәртіпсіздіктер жасаған.
Анасы:-Олжас,Олжас дегенге сендер тек менің баламды ғана айта береді екенсіңдер-ау,жалғыз сол дейсің бе, өзгелерде  
болар
 
қасында
 
жүрген.
Мұғалім:  -Жоқ,   апа,   сіз   ренжімеңіз,   бала   тәрбиесі   бәрімізге   ортақ.   Сіздің   балаңыздың   жақсы   болуын   мен   қалаймын. 
Сондықтан  да,   осындай  ұсақ-түйек   демей,   жіберген,   жасаған  қателіктерін   дер  кезінде   бір-бірімізбен  ақылдаса   отырып,  
баланы тәрбиелемесек, кейін өкініп қалып жатамыз. Сіз оның мектептегі тәртібі туралы білмеген болар едіңіз.
Анасы:-Иә,қарағым. Екі жақты болып тәрбиелейік.Мен ашумен саған ренжіп жатырмын, кім баласын жаман десін «Қарға  
баласын   –   аппағым»-дейді.   Мен   де   Олжасты   тентек   дегенге   ренжіп   қалып   жатырмын   ғой.   Кешір   шырағым.(Сахна  
жабылады). (Бірнеше жылдар өтіп , Олжас 10-сыныпқа келеді).
(Үйдің іші. Анасы үй шарусымен айналысып жүреді. Баласы ұйықтап жатады.)
75

Анасы:-Олжасжан біршама  уақыт болды.  Демалыс  дегенмен болмас,  мен біраздап кір жуып  тастайын,  мектепке  киген 
киімдерің қайда еді?
(Олжас тұрып музыка қосады.) Анасы төсек жинап жатқанда балалар келіп Олжас деп айқайлады.Олжас сыртқа шығып  
кетісімен 
Анасы:-Олжасжан маған су әкеліп тасташы. Мен кір жуып тастайын.
Олжас:-Қойшы, мен бір жаққа кетіп барам.
(Анасы киімдерінің қалталарын қарап жатқанда темекі түсіп қалады .)                                                                                      
Анасы:-Темекіні қайдан алды екен, менің балам темекі тарта ма? Қой тартпайтын болар. Жоқ, мүмкін емес. Бұған ақшаны  
қайдан алады. Мүмкін қасындағы біреу берген шығар қалтаңа сала тұр деп, жә келгесін сұрармын- деп ойланып тұрады.
(Сахна жабылады.)
Мектеп
(3-4 бала мектептің тасасында темекі тартып отырады.) (Мұғалім: тасадан шыға келеді.)
Мұғалім:  Ой,балалар, мына мектептің тасасында не әңгімелесіп отырсыңдар?Мә, мынау менің сыныбымның балалары ғой.
   (Мұғалім оқушылардың қасына барады.)  Оқушылар темекіні тыға бастайды. (Шөптер төсеп қою.)
Мұғалім:  Мынау   не   бірдеңенің   иісі   шығып   тұр   ма?   Олжас,   темекі   тартып   тұрсыңдар   ма?   (Сыныптың   іші.   Мұғалім 
оқушыларды сынып бөлмесіне алып келеді).
Мұғалім:
     Темекінің түтіні адам организміне зиянды және улы заттардың жиындысы. Оның құрамындағы улы заттар өкпе рагіне  
душар етеді .Ең улысы –никотин. Бір тал темекінің әсерінен сау адамның жүрек соғуы бір минутта 10-20 соққыға жиілеп, 
қан тамырлары тарылады. Сондықтан әрбір саналы азамат жас кезде салауатты өмір сүріп, денсаулықты сақтап, темекі  
шеккіштерден аулағырақ жүргені дұрыс.(Сахна жабылады).
Полиция бөлмесі.
(Полиция алдында отырған ана мен бала).
Полиция   қызметкері:  Сіздің  балаңыз   өзінен  кіші   баланы  қатты  жәбірлеп,   соққыған  жыққан.  Балаңыз  өзінің  қателігін 
мойындамай отыр.
Анасы:(дауысын көтеріп)Істегенің рас болса, несіне мойындамайсың ? Осы сенен-ақ шаршап біттім-ау.
Баласы: -Менен көре береді екенсіңдер(Сол кезде мұғалім кіреді.)
Мұғалім:Не болды ? Неге жанжалдасып,түсінісе алмай отырсыңдар?
Анасы: Баяғы менің баламнан көресіңдер. Мен емеспін деп отыр.
Мұғалім: Жақсы, олай болса, мен онымен сөйлесіп көрейін.
   (Мамасы, полиция қызыметкері шығып кетеді . Мұғалім мен баласы қалады).
Мұғалім:
Олжас біз бұрыннан да сөйлесіп жүрміз. Саған талай ескерттім. Бұрын балалықпен қателіктер жіберіп жүрген боларсың.  
Енді есейдің. Істеген ісіңді мойыныңмен көтер, «азаматтың екі сөйлегені өлгені» демей ме? Сен міне,азамат болып келе  
жатырсың, сондықтан істеген ісіңді мойыныңмен көтергенің дұрыс. Өмірде қателеспейтін адам болмайды, қателік жасаған 
екенсің ,біреу дұрыс жолын көрсетсе, соны тыңдаған, ұғынған дұрыс. Қателігіңді мойындап , анаңнан, заң қызметкерлерінен 
және   жәбірленген   баладан   кешірім   сұра.   «Кішірейген-   кісіліктің   белгісі»   сен   осы   сәт   өзіңнің   бойыңда   кісілік   қасиет, 
адамгершілік,ар-намыстың бар екенін көрсетсең, ата-ана, достарың да саған риза болады.
Бала: Апай, кешіріңіз, менің қателік жасағаным рас. Мен үлкен қателік жасаған екенмін, оны мойындаймын.
Мұғалім: Менің алдымда мойындағанша, бағанадан бері анаңды ренжітпей неге мойындамадың?
Бала:  Бұрын   тентектіктер   жасасам   да,   дәл   осылай   полицияның   алдына   келіп   көрмеппін.   Алдымен   қорықтым.   Маған 
басқалай   шара   қолданатын   болар   деп.   Сіз   арқылы   достарымның   алдында   беделді   болуым   үшін   істеген   қателігімді 
мойындап, кешірім сұрауды ұғынып, сол арқылы өз қателігімді түзетуге болатынын түсіндім.(екеуі шығып кетеді)(Полиция 
қызметкерінен кешірім сұрайды.)
(Бала мен анасы)
Анасы:  Иа, ұлым бұған дейін жасаған қателіктеріңнің барлығына да кешіріммен қарап келдім. Сен өсіп келе жатырсың, 
бұрын кішкентай болғасын балалықпен жасайтын шығарсың. Сені есейді ме десем, мен қателесіп жүрген екенмін.Ұл бала 
болғасын   саған   әкеңнің   тәрбиесінің   жетпей   жатқандығы   ма?   Ешкімнен   қалдырмай,   сені   азамат   етуге   тырысып 
келемін.Өзгенің аналары көрген бақытты, олар естіген жақсы сөздерді сен маған қимадың ба? Қатал тағдыр бір жылатса ,  
сен   қоса  жылатып     қинағың   келді   ме?   Өмір   бойы   жылап   өтсін,   зарлап   өтсін   дегенің   бе?   Жаймен   айтқан   ақылымды 
ұғынбадың ба? Міне, бүгін полиция алдына барғанда сен үшін өзімді құрбандыққа шалғым келеді . Алайда , өзім болмасам  
алдағы уақытта сенің тағдырың қалай болады деп екі оттың ортасында қалдым. «Баланың табанына кірген шөңге ананың  
мандайына  қадалсын»-демей ме?  Бүгінгі жасаған қателігің сенің өміріңе сабақ болады деп ойлаймын.   (Анасы шығып 
кетеді. Сахна жабылады).
1 жылдан соң. 11 –сынып .
Мектеп.Оқушылар партада отырады.
Мұғалім тақтаға жазады: Қыркүйек айының 15-і.
   Ой толғау. «Адамгершілік – асыл қасиет.»
              (жүреді, түсіндіріп айтады.)
Олжастың қасына келіп.
Мұғалім: Олжас ,   не ойлап   отырсың?   Олжас,    биыл    сен  көп өзгергенсің. Салмақты болып есейіпсің.(Ұстаз орнына  
отырады.)
   Музыка ойнайды.
  Олжастың ойы.
          «Адамгершілік-асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатқанын мен кеш ұғындым. Мен үшін отқа да,  
суға да түсетін аяулы анамды ренжіткенімді қалай ғана ұмытайын? «Өзгенің аналары көрген бақытты маған қимадың ба?»-  
деген сөзі есіме түскенде ,өзімді қоярға жер таба алмаймын. Сол кезде ,менің бойымда адамгершіліктің кішкене де болса ізі 
болмаған –ау, сірә? Менің сонда қатігез болғаным ба? Жоқ, сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ болмайтын сияқты , ар-
76

намыс , қасиетіме дақ түсірген кездерім де болды. Оны түзетуге анамның мейірімді сөздері мен ұстаздың өнегелі ақылы  
көмек етті десем, артық болмас. Ия , қадірлі Ұстаз! Дәл қазір сіз не ойлап отыр екенсіз?
         Ал мен болсам, Сіздің маған көрсеткен адал жолдарыңыз бен тәлімді, тағылымды сөздеріңізді ойлап отырмын. Екі  
ананың бірі-туған ана, бірі- ұстаз ананың ұлылықтарына бас иемін. «Адамгершілік» деген асыл  қасиет болса ғана  жер  
бетінде ешбір қатігездік болмас еді деп ойлаймын.
    Ұстаз ойы.
Тұңғиық тереңіне батып, қандай ойдың құшағында отырсың, щәкіртім –Олжас? Балалықпен талай тентектіктер жасадың. 
Жасөспірімдік шақта аумалы  - төкпелі мінезіңмен талай   қателіктерге   ұрындың . Өмірде қателеспейтін адам болмайды. 
Оның қателігін көруге емес , түзетуге көмектес деген. Мен де саған бар тәлім –тәрбиемді беріп, ұғындыруға тырыстым.  
Білім нәрімен қоса тәрбие дәнін себе алдым ба? Оны уақыт өзі көрсетер. Бүгінгі сабырлы жүзің мен салмақты мінезіңе  мен  
таңырқап     та   отырмын   .Осы   бағытыңнан   таймай   ,   алда   келе   жатқан   үлкен   «өмір   баспалдағынан»   енді   қайтып  
қателеспегейсің деп іштей  тілек тілеймін, шәкіртім.(Сахна жабылады).
Соңғы қоңырау.
Оқушылар ырғақпен билеп жүреді, қастарына мұғалім келгесін тоқтайды.Менің оқушыларым соңғы кештеріне жиналып  
қалыпты ғой.
Мұғалім:  Қымбатты шәкірттерім! Бүгін сіздер есейіп, үлкен өмірге қадам бастыңыздар. Барлығыңа шаттықты, қызықты 
өмір тілеймін. Өмірден өз орындарыңды табыңдар. Сәтті қадамдарың болсын!
(Барлығы  ұстаз жайлы өлең айтады. Сахна жабылады). Сахна ашылғанда ана мен ұстаздың екі жақтан бейнесі көрінеді.
Ана:(Баласының хатын оқып отырады.)
Олжастың анасына хат жазуы.
Қымбатты, Апа! Денсаулығыңыз жақсы ма? Ауыл – аймақ, ағайын-бауыр аман ба? Көктем келіп, қуанып жатырсың ба? Осы  
көктеммен бірге келген «Аналар» мейрамымен құтықтаймын! Бүгінгі күні сіз өзіңізді бақытты сезініңіз!
         Аяулы, Анашым! Сіздің маған деген адал махаббатыңыз мені тұңғиық түбіне жетеледі . Жанымды бір суытып ,бір  
жылытты. Сіз үнемі «менің ұлым азамат болды» деп отырушы едіңіз. Сол «азамат» деген сөздің астарында терең мағына  
барын кеш ұққаныма өкінемін .
Бірақ ... деймін де , өзіме дем беремін, әлі де кеш емес қой, сірә, Ана. Отан алдындағы борышымды өтеп , қауышар кез де  
келер. Деніміз сау, аман болсақ, әлі талай –талай қуаныштарға жаныңызды бөлеймін, Анашым. 
                       Сәлем жолдаушы : Ұлыңыз Олжас.
Айтпақшы апа, мына хатты ұстазыма табыс етіңіз.
Ұстаз (шәкірті Олжастың хатын оқып отырады).
        Қадірлі,   Ұстазым   !   Мен   осы   хатым   арқылы   шексіз   алғысымды   білдіремін   Талай   «құлап»,   әр   түрлі   жағымсыз 
қылықтарыммен сіздің көңіліңізге қаяу түсірдім. Есейе келе Сіздің әрбір айтқан ұлағатты сөздеріңізден көп тәрбие, үлгі  
алдым. Сіздің шашыңыздың әр талының ағаруына  бәлкім мен де себепші болған шығармын деп ойлаймын . Осының бәрін  
ұғынып  ,   ұстаздық   еңбегіңізге,   әрбір  айтқан  ғибратты   сөзіңізге   ризашылығымды  білдіремін.   Өміріңіз   бақытты   болсын, 
ұстазым! Анамның махаббаты мен ұстаздың шапағатына  тең келер еш нәрсе жоқ екенін ұғындым.
   Шәкіртіңіз Олжас.
Соңы.
* * * * * * * *
          Қызылорда  облысы, Жаңақорған  кенті №169 Н. Илялетдинов  атындағы 
орта     мектебінің  дене   тәрбиесі  пәнінің  мұғалімі 
Спатаев   Жантас  Калилаевич
                       
Сабақтың   тақырыбы:   Арқанға   өрмелеу:   үш   тәсілмен   арқанға   өрмелеу   (арқанның 
биіктігі – 2,5-3 м);
Сабақтың   іс   жүзіндегі   мақсаты:   өз   денсаулықтарына   ықтиярлықпен   қараудың 
қажеттілігін   және   қимыл-қозғалыс   негіздерін   игеру   арқылы   оқушылардың  дене 
мәдениетін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, 
салауатты   өмір   салтын   ұйымдастыруда   дене   тәрбиесі   құралдарын   шығармашылық 
жолмен қолдану.
            Сабақтың мақсаттары: -білімділік- арқанға өрмелеу: үш тәсілмен арқанға өрмелеу (арқанның биіктігі – 2,5-3 м);
  -тәрбиелік-  тұлғаны   оң   қасиеттерге   тәрбиелеу,   оқу   және   жарыс   әрекеттерінде   ұжымдық   әрекеттестік   пен 
ынтымақтастықтың межелерін сақтау:
-дамытушылық
 
 - дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен 
техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру,дене шынықтыру және спорт 
туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру.
Өтілетін орын: спортзалы.
Қажетті құрал-жабдықтар: ысқырық, арқан, гимнастикалық  қабырға,               
                                                гимнастикалық  таяқшалар.
Сабақ 
бөлімі
   Сабақ 
міндеттері
          Сабақтың мазмұны
Уақыт
ы
Әдістемелік 
нұсқау
Дайын-
дық бөлімі.
Оқушыларды 
сабаққа 
ұйымдастыру.
Сапқа тұру,  кезекші  баяндауы, сәлемдесу.
Сабақ  міндетін хабарлау. 
Орнында  және  қозғалыста 
О
   рындалатын  саптық  жаттығулар.
Саптық жаттығулар,қозғалыс  кезінде орындалатын  саптық 
жаттығулар, жүру  түрлері,ажырау  және  қосылу арқылы 
бір колоннадан екі  колоннаға  сап құру,қиғаштап қарама- 
2'
2'
Оқушылардың 
спорт 
формасына,
Психологиялы
қ 
атмосферасына 
көңіл бөлу.
77

Дайын-
дық бөлімі.
Дайын-
дық бөлімі.
Дайын-
дық бөлімі.
Негізгі 
бөлім
Негізгі 
бөлім
Оқушылардың 
организімін 
негізге 
бөліміне 
дайындау.
Оқушылардың 
организмін 
негізге бөлімге 
дайындау.
Арқанға 
өрмелеу: үш 
тәсілмен 
арқанға 
өрмелеу. 
(арқанның 
биіктігі – 2,5-3 
м).
қарсы  бағытпен және жыланша жүру.
Қимыл-қозғалыстағы жаттығулар.
1.Жай  жүргізу,аяқ ұшымен және өкшемен, аяқтын сыртқы 
және  ішкі  қырымен, аяқтың  өкшесінен ұшына  көтеріліп 
жүру.
2.Спорттық жүріс.
3.Бір  қалыпты жүгіру. 
4.Қол  белде , кезекті он ,сол жағымен қосарланып жүгіру.
6.Спортзалды  қиғаштап жылдамдыққа жүгіру.
7.Жай  жұріс, тынысты қалыпқа 
келтіреміз.
8.Ағзаны  қалпыра келтіру  жаттығулары.
Орында тұрып жалпы дамыту жаттығулары.
1.Бастапқы  қалып:аяқ иық көлемінде қол белде:1-4  басты 
оңға айналдырамыз,5-8 –басты солға  қараый 
айналдырамыз. 
2. Б. Қ.:аяқ иық деңгейінде,қолды  иыққа  қойып  алға,артқа 
иығымызды айналдыра-мыз.
3.Б. Қ.:қолымызды  алдымызға созамыз ,сол аяқты оң 
қолды көлемінде,қол иықта: 1-4-шынтағымызды алға 
айнадырамыз,5-8-щынтағымзды артқа айналдырамыз.
4.Б. Қ.:қол  кеуде  тұсында ,аяқ  иық көлемінде:1-2-алға;3-4-
оңға;5-6-алға;7-8- солға  қолды  ашып  жаямыз.
5. Б. Қ.:сол  қол  белде,оң  қолды жоғары көтереміз:1-2-
оңға;3-4 солға  иеміз.
6. Б. Қ.:қолымыз  белімізде, аяқ  иық  көлемінде:  белімізді 
оңға 4 рет,солға  4 рет  айналдырамыз.
7. Б. Қ.: қолымыз  белімізде, аяқ  иық  көлемінде:1- қол 
жоғары  шалқаямыз;2- қол еденде  еңкейеміз;3-қолды  алға 
созып  отырамыз;4-б.қ.
6. Бастапқы  қалып--аяқ иық көлемінде,қол белде:1-колды 
алға созып,отырамыз,2-б.қ.,3- колды алға 
созып,отырамыз,4-б.қ.
7. Бастапқы  қалып--аяқ иық көлемінде,қол белде:1-оң 
аяқпен 10рет секіру,2- сол аяқпен 10-секіру, 3-4- қос аяқпен 
10- секіру.
8. Бастапқы  қалып--аяқ иық көлемінде,қол белде:1-4 
аяғымызды қайшылаймыз.
9.Бастапқы  қалып--аяқ иық көлемінде,қол белде:1-4 
аяғымызды қайшылаймыз.
ар Арқанға өрмелеу: үш тәсілмен арақанға 
өрмелеу(арқанның биіктігі – 2,   5-   3 м).  
Теориялық  мәлімет.
Бірінші  тәсіл- аяқты  бүгіп  асылып  тұрып, тізені  кеудеге 
жақындата арқанды не  табанмен, не  аяқтың  үстімен 
немесе  тіземен  қысып  ұстау.
Екінші тәсіл- қолды  шынтақ  буынынан  бүгіп, арқанды 
аяқпен  қысып  ұстау арқылы  қолмен  бірден  жоғары 
тартылу.
Үшінші  тәсіл- арқанды  аяқпен  ұстауды сақтай 
отырып,екі  қолды  кезекпен  ауыстырып ,арқанның 
жоғарғы  жағынан ұстау.
Дайындық  жаттығулары.
1.Сапқа  тұру, жаттығулардың техникасы туралы түсіндіру 
және оны  көрсету.
2. Қауіпсіздік  ережесімен  таныстыру.
3.Бүгілген   қолдармен   гимнастикалық  таяқшадан 
ұстап,аяқтың  ұшын  тигізе ,бір-біріне  қарап  тұрған 
қалыптан ,қолдарды  жазып,артқа  шалқая( жамбас-сан 
буындарын бүкпей)  және бастапқы  қалыпқа қайта  келу
4.Орнынан   жылжымай   гимнастикалық  таяқшаны 
тартысу.
5. Гимнастикалық  таяқшаның  шетінен  ұстап,бір бірін 
сызылған арқылы тартып өткізу.
6.Арқан  тартысу.
7.Минутіне 10-15 рет  отыратындай  екпінде 
гимнастикалық  қабырғанын  жанында  иығындағы екі 
гантелмен  серігімен  отыру.
1'
30"
30"
30"
30"
30"
30"
30"
30"
30"
30"
30"
30"
30"
30"
1'
4'
Жаттығулар 
мен 
бұйрықтардың 
дұрыс 
орындалуына 
көңіл бөлу.
Жаттығудын 
дұрыс 
жасауын
көрсетіп  және 
жасауын 
қадағалау.
Әр  жаттығуды
 дұрыс ,
 әдемі  етіп 
орындауды 
талап ету.
«1-2 
қозғалысты 
қаттысының!»
Жаттығулар 
мен 
бұйрықтардың 
дұрыс 
орындалуына 
көңіл бөлу.
Тыныс  алуды 
қалыпқа 
келтіреміз.
Қауіпсіздік 
ережесімен 
таныстыру.
78

Негізгі 
бөлім
Негізгі 
бөлім
Негізгі 
бөлім
Қортын-
ды
бөлім
Оқушылар 
дың 
организмін 
қалпына 
келтіру.
Өрмелеп   шығу  жаттығулары.
Кермедегі   жаттығулар.
3. Аралас түрде   асылу, яғни  аяқ  пен қолдың көмегімен 
асылып тұру.
4.Бір  қолмен, яғни  қарапайым  түрде  асылып  тұру. 
5.Қарапайым түрде асылу, яғни бір қолмен асылып тұру.
6.4 тен10 ретке дейін  асылып  тартылу.
7.Кермеде, қолды бүгіп, асылып, асықпай 6-8 секунд 
көлемінде  қолды жазып , асылу.2-3 рет қайталау.
Гимнастикалық  қабырғада  жасалатын  жаттығулар 
1.Бір жабдықтан екінші жабдыққа асып түсу.
2.Арқаны қабырғаға қаратып асылып тұрып: екі аяқты тік 
бұрыш жасағанға дейін кезекпен алға көтеру және бір 
мезгілде көтеру.
3.Аяқты бірінші шабаққа қойып, қолмен кеуде тұсындағы 
шабақтан ұстап тұрып: қолды шабақтан төмен қарай 
ауыстыра ұстау арқылы еденге отыру.
4.Арқаны қабырғаға қаратып асылып тұрып: тізені бүгіп 
барынша жоғары көтеру, маңдайға тигізуге тырысу.
Арқанға  өрмелеп   шығу  жаттығулары.
 1.Орындықта  отырып,  қолды  шынтақ  буынынан  бүгіп, 
арқанды  аяқпен  қысып   ұстау  арқылы  қолмен  бірден 
жоғары  тартылу.
 2.Арқанға  «байланып тұру», яғни  өрмелеп  бара  жатып 
тоқтау.
 3.Арқанға  асылып  тұрып  тербелеу.
4.Арқанға  асылып  тұрып, аяқты  алдыға  соза  жоғары 
көтеру.
5.Асылып  тұрған  қалыпта  аяқтың  үшін  қолға  тигізу.
        6.Үш тәсілмен арқанға өрмелеу (арқанның биіктігі – 
2,5-3 м).
а) аяқты  бүгіп  асылып  тұрып, тізені  кеудеге  жақындата 
прқанды не  табанмен, не  аяқтың  үстімен  немесе  тіземен 
қысып  ұстау.
б)қолды  шынтақ  буынынан  бүгіп, арқанды  аяқпен 
қысып  ұстау арқылы  қолмен  бірден  жоғары  тартылу.
в)арқанды  аяқпен  ұстауды сақтай  отырып,екі  қолды 
кезекпен  ауыстырып ,арқанның  жоғарғы  жағынан ұстау.
6.2,2,5  және 3м еңкейтілген  арқанмен (аяқтың  көмегінсіз 
қолмен  өрмелеу, кейін  гимнастикалық  төсенішке  секіріп 
түсу.
7.Бұл да  сондай ,кейін  қолмен саумалдап  түсу.
8.2,2,5  және 3 м –лік  биіктіке  бекітілген  тіке  түсірілген 
арқанға  қолмен  өрмелеу, төменге  қолдардың  және 
аяқтардың  көмегімен  түсу.
9.Бұл да  сондай ,кейін  аяқтың  көмегінсіз   қолдармен 
түсу.
10.Мүмкін  қателерді  талдау.
Оқушылардың организмін қалпына  келтіру.
1. Оқушыларды жалпы сапқа тұрғызу,
2. Оқушылардын демін қалпына  келтіру. Жаттығуларын 
орындау.
3.Қолды және  аяқты қағып, соғуы.
Үй тапсырмасын беру.
Үй тапсырмасы:
1.Кермеге 10 рет тартылу.
Оқушылармен қоштасу.  
10'
13'
1'
1'
1'
2'
Бір-бірлеп 
оқушыларды 
шығарып,деме
п, қауіпсіздік 
ережелерін 
сақтай 
жаттығуды 
орындау.
Мұғалім 
орындап 
көрсеткен 
жаттығу 
элементтерін 
мұхият 
бақылап,
 тыңдауын 
қадағалау.
Қауіпсіздік 
ережесін 
сақтауға
көңіл бөлу.
Жаттығулар 
мен 
бұйрықтардың 
дұрыс 
орындалуына 
көңіл бөлу.
Сабаққа жақсы 
қатысқан 
оқушыларды 
атап өту, тиісті 
бағаларын 
журналға қою.
79

                                               Қызылорда облысы Жаңақорған  аграрлы-техникалық 
колледжінің  өндірістік оқыту  шебері Дуйсембаева Айгерім
                                         
Тақырыбы: _Ø50, 100, 150, 500 мм_құбырларды дәнекерлеу
Мақсаты: Теориялық сабақтан алған білімдерін практика жүзінде іске асыру, атап айтқанда 
жұмыс кезінде  техника қауіпсіздігін сақтау талаптарға сай жұмыс атқара отырып орындалған 
жұмыс сапасын бақылау.
Білімділік: Теориялық сабақпен өндірістік оқу сабағын  ұштастыра  отырып оқушыларға пісіру 
жұмыстарын әр түрлі әдістерін үйрету.
Дамытушылық: Студенттерге пісіру жұмыстарын әр    түрлі пісіру әдістерін дамытып баулу
Тәрбиелік: Қауіпсіздік ережесін сақтауға, уақытты  тиімді пайдалануға, электр қуатын, 
электродтарды үнемдеуге тәрбиелеу.
Қажетті заттар: Ø50, 100, 150, 500 мм құбырлар , сым, бұрыштар, темір табақшалары
Сабақтың оқу – материалдық жабдықталуы:
   Балға, сызғыш, шаблон, темір щетка,электрод , АСМ-1,25, ТДМ-503
І. Ұйымдастыру бөлімі. Топ студенттерінің сабаққа дайындығын және қатысуын тексеру
ІІ.Кіріспе нұсқау    Студенттерді  шеберхана мен тапсырма мазмұнымен таныстыру. Оларды жұмыс орындарға бөлу. 
Студенттерді  құрал саймандар мен жабдықтарды пайдалануға және оларды қабылдап алу мен өткізу жолдарын үйрету. 
Жұмыс тәртібімен оқу шеберханасының ішкі ережелерімен еңбекті ұйымдастыру нысандарымен таныстыру. Оқу 
шеберханасындағы қауіпсіздік сақтау ережелері мен өндірістік жабдықтарға және өндірістік процеске қойылатын 
талаптары. Зақымданудың себептері. Зақымданудың түрлері. Зақымданудан сақтандыру шаралары. Өрт және электр 
қауіпсіздігінің ережелері. Электр қыздырғыш құралдарды пайдалану ережелері. Электр қондырғыларды жерлендіру. Электр 
желісінен ажыратып қосу. Электрлік зақымданудан алғашқы көмек көрсету.Бұйымның негізгі бөліктерін біріктіру жолдарын 
үйрену, жұмысын толық меңгеру.
ІІІ. Жабдықтарды қолдана отырып жаттығу . Студенттерді  жұмыс жасар алдында пісіруге арналған жабдықтарды, 
құралдарды арнайы жұмыс киімімен қорғаныс заттарды қолдануға жаттықтыру.   
ІҮ. Оқушылардың өндірістік жұмыстары және ағымды нұсқау Студенттерді  берілген тапсырманы, талаптарға сәйкес 
орындауын және уақытылы жасауды техника қауіпсіздігін сақтай отырып, атқарған жұмыстың сапалы орындалуын 
қадағалап,  Студенттердің жасаған жұмысын бағалап, жіберілген қателіктерін ескертіп қайта жасату. Жұмыс орнын тазалау, 
құрал саймандарды орындарына жинастыру      Атқарылған жұмыстың сапасын тексеріп, оларды бағалау. Жұмыс орнын 
тазалау. Үй тапсырмасын беру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет