Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет15/24
Дата21.02.2017
өлшемі9,29 Mb.
#4602
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

Биологиялық анықтама. Құмырсқаның адам денсаулығына пайдасы: Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа 
илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан 
қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тамақ ретінде де пайдаланады. 
Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар.
Дәптермен жұмыс:
зияны
құмырсқа
пайдасы
Венн диаграмма.
«Серпілген сауал» әдісі  (сұрақ қойылады)
Барлық тіршілік иелеріне деген қамқорлық сезімі туралы не айтасыздар?
Жәндіктерді қалай қорғаймыз?
Мысалы,
... жауабы туралы сен не ойлайсың?”
... жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”
...естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”
«Лездеме» әдісі.
Бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін жұптасып бір минут ішінде конверттен бір сөзді бір рет алып,сөздің өзін 
атамай үйірме мүшелеріне түсіндірукерек.
Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!
(құмырсқа, илеу, Нәмл сүресі, қуыршақ,орман, жұлдыз құрт, бунақденелілер, қоректендіруші)
«Бірге ойлаймыз» әдісі. 
Еңбек туралы қандай мақал білесіңдер?
«Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті» мақалының мағынасын сұрау.
Олай болса Абай атамыз айтқандай, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп еңбекті сүю керек екен.
V.Сабақты бекіту
“ Автор орындығы” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, 
орындық ыстық.
1. Илеуді қандай құмырсқалар салады?
94

2. Құмырсқалардың тұқымтобында кімдер тіршілік етеді? (  анатты аналы  , аталы ,  анатсыз
қ
қ
қ қ
 ж мысшы 
ұ
және  скер
ә
 
жұмысшылар бірге тіршілік етеді)
3. Құмырсқалар өз туыстарын қалай айырады?
4. Құмырсқаны еңбекқор жәндік деп айтудың себебі неде?
«Таңдау» әдісі.
• 1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
• 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
• 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
• 4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін 
сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.
 VІ. Оқушыларды бағалау.
 Оқушыларды сабақ барысындағы белсенділіктері мен тапсырмалар орындаудағы жылдамдықтарына қарай бағалау.
«Алма ағашы» әдісі
 Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен 
бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай 
алмадым, көңіл – күйім жоқ.
 VІІ. Үйге тапсырма: 
Құмырсқалар туралы аңыз әңгімелер, өлеңдер жинақтап келу.
 VІІІ. Қорытынды.
Келесі кездескенше сау болыңыздар!
* * * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №48 «жалпы орта мектеп» КММ
биология пәнінің мұғалімі Ахметова Жанар Серикбаевна
Сабақтың тақырыбы:Құстардың сыртқы құрылысы және тіршілік әрекеті
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушыларға құстардың сыртқы құрылысы,дене пішіні,тері түзілістері туралы түсінік беру
б)тәрбиелілігі: Оқушыларды құстарды қорғауға,оларды күтуге,адамгершілікке тәрбиелеу.
в)дамытушылығы: Оқушыларды бақылай білуге,бақылау нәтижелерін талдап түсінуге үйрету,экологиялық ойлау қабілетін 
дамыту.
ІІІ.Сабақтың типі:Жаңа сабақ меңгерту
ІҮ. Оқытудың әдісі: Баяндау
Ү. Сабақтың көрнекілігі: құстардың суреті,қауырсындар,альбомдар.
ҮІ. Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру
Б) Үй тапсырмасын сұрау
1.Алғашқы бауырымен жорғалаушылар қашан пайда болды?
2.Олар қай жануарлардан тараған?
3.Динозаврлардың өкілдері қайда тіршілік етіп,немен қоректенген?
ҮІІ.Жаңа сабақ
1.Құстар ұрыққапты жануарлар тобының ұшуға бейімделген бір класы.Жер бетінде 9000 тарта,Қазақстанда 481 түрі бар.43 
түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Құстардың денесі: бас мойын тұлға аяқтар.
Құстың тұмсығы екі бөліктен құралады:
үстіңгісі -тұмсықүсті, астыңғысы – тұмсықасты деп аталады.
Артқы аяғы:сан сирақ жіліншік саусақтар
2.Құстың терісі құрғақ, жұқа және қауырсындар бүркеп жатады.
Қауырсын дегеніміз-терінің үстіңгі қабатындағы теріден пайда болған түзіліс.
Қауырсын мүйізді заттан түзіліп,мынадай бөліктерден құралады:
қалам сояу пәр.
Қауырсынның теріге қадалған ұшы қалам деп аталады.
Сояу дегеніміз-ортасында мүйізденген кеуекті өзегі бар тығыз мүйізден тұратын түтік.Сояудың екі жағына ең алдымен 
жуантықтау тармақтар түзіледі,бұларды мұрт деп атайды.
Жамылғы қауырсындар
Желпуіш қауырсындар
Құстардың қауырсын жабындысы жылына бір немесе екі рет мезгіл-мезгіл жаңарып отырады.Құс денесіндегі ескі 
қауырсыны түсіп орнына жаңа қауырсын түзуі түлеу деп аталады.
ҮІІІ.Дамыту
Сауалғы сұрақтар беру
1.Ең әдемі құс.(Тауыс)
2.Сирақты құс түрі.(Дегелек)
3.Үйректің түрі.(Қасқалдақ)
4.Қорегін ұшып жүріп аулайтын құс.(Қарлығаш)
5.Қаршыға тұқымдасына жататын құс.(Қырғи)
6.Күндізгі жыртқыштар отрядына жататын құс. (Қаршыға)
7.Қызыл кітапқа енген,сирек кездестін жемсауы мен кеудесі қара реңді құс.(Қараша қаз)
8.Жануар атымен аталатын құс.(Түйеқұс)
95

ІХ.Бекіту   Оқушылар шығармашылығы: жұмбақ,өлең-тақпақтар,мақал-мәтелдер айту
Мәселен:бала тәрбиесіне байланысты:
Қанаттыға қақтырмай,
Тұмсықтыға шоқтырмай.
Балапандай баптадым,
Сен деп тыным таппадым.
Х.Үйге: § 49
ХІ.Бағалау
* * * * *
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кенті №231 орта мектебінің 
география пәні мұғалімі Рыспанова Күнзада Әбенқызы
Тақырыбы: География сабағында жаңа ақпараттық технологияны пайдаланудың 
тиімділігі.
Ақпараттық технология дегеніміз – қызметтің барлық түрінің ақпаратын өңдейтін жүйелі 
және бұқаралық әдіс-тәсілдері мен амалдарының жиынтығы. Білім берудегі жаңа ақпараттық 
технология – оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептегіш техника мен 
инструменттік құралдардың жиынтығы, сондай-ақ сол есептегіш техника құралдарының оқу 
процесіндегі   ролі   мен   орны,   мұғалімдер   мен   оқушылардың   еңбегін   жетілдіруде   әдістері 
туралы жүйесі.
Қазіргі   таңдағы   өндіорістік   қоғам   дамуының   аса   маңызды   сипатының   бірі   –   ақпараттық 
технологияның халық шаруашылығының барлық саласына, соның ішінде білім беру саласына 
енуі білім бері ісінде елеулі өзгерістердің енуіне әсер етті. «Оқытудың ақпараттық ортасы»  
термині ақпараттық ортаны пайдаланудың сапалық өзгерісіне байланысты өзекті болып отыр.
Ақпараттандыру   ұғымы   компьютерлік   технология   және   компьютерлендірумен   тығыз   байланысты.   Ақпараттық 
технологияның   компьютерлік   технологиясыз   іске   асуы   мүмкін   емес.   Барлық   дамыға   елдерде   оқытудың   компьютерлік 
технологиясы   пайдаланылады.   Себебі,   біріншіден,   оқытуда   бұл   технологияны   пайдаланбау   оқыту   процесінің 
қарқындылығының төмендеуіне әсер етсе, екіншіден, қазіргі уақыттағы ақпарат көлемінің ұлғаюына байланысты.
Компьютерді   білім   саласына   пайдаланудың   алғашқы   эксперименті   алпысыншы   жылдарға   сай   келеді.   Алғашында 
автоматтандырылған  оқыту курсының  пайда   болуы,   одан  кейін  автоматтандырылған  оқыту жүйесі.   Ал,   қазіргі  уақытта  
дербес компьютердің пайда болуы білім беру саласына оң өзгерістер енгізуде.
Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа 
кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру еліміздің экономикасын, мәдениетінің, ғылымының дамуының негізгі алғы шарты. 
Ал, осы мәселені шешудегі басты роль мектепке жүктеледі. Оған дәлел Қазақстан Республикасының Президентінің 1997  
жылғы   «Орта   білімді   ақпараттандыру   мемлекеттік   бағдарламасының»   қабылдануы.   Қазіргі   кезде   еліміздегі   орта   білім  
ұйымдары ақпараттандырудың келесі кезеңін басынан кешіруде яғни, мектептерді жаңа компьютерлермен жабдықтау.
Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптары да  
түбегейлі өзгеріп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттер қойып отыр:
1.Білім сапасын арттыру;    2.Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;  3.Орта білімді ақпараттандыру;
4.Интернет жүйесін пайдалану;  5.Электронды оқулықтар;  6.Қашықтықтан басқару.
Осы міндеттерді шешуде қазіргі жаңашыл мектеп өз алдына мынадай мақсат қойып отыр: «Жаңа ақпараттық технология  
арқылы білім мазмұнын жаңарту». Осы мақсатқа сай бүгінгі мектеп мұғалімі білімділікпен қоса, өзіндік ой-пікірі бар, заман  
ағымына сай жеке тұлғаны қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпақты «ақпараттық қоғамға» тәрбиелеу барысында оқу-тәрбие 
процесінің заман талабына сай әдіс-тәсілдерін таңдай білуі қажет. Қазіргі таңда толық, сапалы, бәсекелестік қабілеттегі  
білім   беруді   ұйымдастыруда   көптеген   оқыту   технологиялары   жүзеге   асырылуда.   Солардың   бірі   –   жаңа   ақпараттық  
коммуникативтік технология.
Компьютердер білім беруге кеңінен қолданыла  бастағанда «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары» термині  пайда 
болды. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы – ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үдісі, оқу мен  
оқу-тәрбие   материалдарын   үйретуде   есептеуіш   техника   құралдарының   ролі   мен   орны.   Мектепте   компьютерлік  
технологияны   пайдалану   мұғалімге   оқушының   оқу   пәніне   деген   танымдық   қызығушылығын   дамытудың   жаңа  
мүмкіндіктерін ашады. Жаңа ақпараттық технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:
1.Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;
2.Ғылыми-көпшілік журналының сайтына кіру;
3.Әлемнің кез-келген еліндегі оқушылар мен еркін араласу;
4.Интернет олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу.
Осыдан бірнеше жыл бұрын оқушылар компбютерді қорқып ұстайтын болса, қазіргі уақытта олар информатиканы екінші 
сыныптан бастап оқуда. Сондай-ақ компьютерді информатика сабағында ғана пайдалану кезеңі артта қалды. Қазіргі уақытта  
компьютерлік технология барлық мектеп пәндерінде белсенді түрде пайдаланылады.
Ноосфералық даму кезеңінде география пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде оқытудың дәстүрлі әдістерімен қатар белсенді 
оқыту   әдістері,   оқытудың   инновациялық   технологиялары   пайдаланылады.   Мен   өз   тәжірибемде   жаңа   ақпараттық  
технологияны   пайдалану  арқылы  білім   сапасын  арттыруға   ерекше   көңіл   бөле   отырып,   өз   алдыма   төмендегідей  мақсат  
қоямын:
1.Жаңа ақпараттық технология арқылы білім сапасын арттыру;
2.Қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін баланы ақпараттық қоғамға тәрбиелеу.
Бұл   технологияның  өзектілігі  қоғамның  ақпараттандыру жылдамдығының  артуымен  сипатталады.  География  сабағында 
жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастырумен, сондай-ақ  
сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім білім беруші ролін 
атқарып,   оқыту   құралы   ретінде   қызмет   атқарады.   Ал,   оқытудың   компьютерлік   ақпараттық   ортасы   білімді   өздігінен  
96

меңгерудің объектісі бола отырып, төмендегідей парадигманы қалыптастырады. Оқушы – оқу ортасы – технология жүйесі. 
Осы жүйе негізінде оқушы өздігінен білім алады. Оқушының іс-әрекетін тым қатал басқару оның өзіндік ой-пікірі мен өз 
бетінше жұмыс істеу қабілетін айырады. География пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияның тиімділігіне тоқталатын 
болсақ, он төмендегідей атап өтуге болады:
1.Мәтіндік редакторы – географиялық құжаттарды құру құралы (реферат, таблицалар).
2.Графикалық редактор – шығармашылық сабақтардың жұмысын құру құралы (шартты белгілерді жасау, географилық план 
жасау, табиғаттың көрінісі, температураның, жауын-шашынның, желдің графигін сызу).
3.Мультимедиялық редактор – сабақта табиғи процестерді құру құралы (геологиялық, климаттық).
4.Презентациялық - елдің, объектінің презентациясын жасау.
5.Лазерлік дискідегі географияны кітапхананы пайдалану (карта, анықтамалық, инциклопедия).
6.Локальдық тестілеу.
7.Интернет жүйесіне кіру, әлемнің кез-келген жеріне виртуалды саяхат жасау.
География ғылымы бойынша өзінің интернет-қорын құру, тәжірибе алмасу, тікелей эфирде атақты мұғалімдердің сабақтары.
1.Электронды поштаны пайдалану мүмкіндігі. Географиялық ақпараттар жөнінде ой бөлісу, жаңалықтар алмасу.
2.Білім мазмұнының заман талабына сай болуы.
3.Қажетті білімді толығымен алу.
4.Білімді өздігімен меңгеру.
5.Өзін-өзі бағалау.
6.Жалған ақпарат алу қаупінен құтылу.
7.Жалған бағадан арылу.
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалануда оқытудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану барысында білім сапасын арттыруға 
көңіл бөлемін.
Жай кәдімгі сабақ: жоғарыда көрсетіліп отырған барлық әдіс бойынша қай оқыту тәсілін пайдалансаңызда өзіңіз білесіз.  
Мұндағы мұғалімнің  қызметі:  оқушылардың компьютерге  деген қызығушылығын біле  отырып,  пән  аралық   қорытынды 
сабақ өтсе де компьютерге байланыстыру керек.
Өзін-өзі оқыту программасы. Бұл әдісте мұғалімнің қызметі оқушыларды қадағалап тұру және жаңа сабақты қысқаша түрде 
түсіндіру  керек.   Содан   кейін  оқушылар   өздері   компьютердегі   алдын   ала   дайындап  қойған   программаны   ашып,   жұмыс 
жасайды.
Биоинформация әдісі. Мұғалімнің міндеті – әдебиеттер беру және оқушыларды тыңдап, оның қате кеткен жерлерін айту. Бұл 
әдістер әр оқушының іздемпаздығын, яғни, шығармашылық жұмыс жасауын арттыру.
Эектрондық   оқулық.   Оқушылар  үшін   электрондық   оқулық   мектеп   қабырғасында   жүрген   жылдарында   өздігінен  білімін 
толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындалуға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Электрондық 
оқулықтар   бойынша   оқушылар   тапсырманы   қызыға   орындайды,   сонымен   қатар   өз   қатесін   табады.   Оқушының   жас  
ерекшеліктеріне сай және әркімнің шамасына, мүмкіндігіне қарай тапсырма беруге қолайлы.
Қосымша   программалар   арқылы.   Яғни,   қолданбалы   программаларды   қолдана   отырып,   Microsoft   Power   Point 
программасынан   презентация,   Microsoft   Excel   арқылы   диаграмма,   Paint   арқылы   географиялық   құбылыстардың   суретін 
салдыра отырып, көптеген қызықты сабақтар өткізуге болады. 
Мультимедиялық   оқыту   программасы.   Оқушыға   экран   арқылы   компьютер   жаңа   сабақты   түсіндіріп,   оқу   процесін   өзі 
атқарады. Әрине бұл программа информатика пәні мұғалімінің көмегімен жүзеге асады.
Қашықтықтан   оқыту   тәсілі.   Қашықтықтан   білім   беру   дегеніміз   -   белгілі   бір   қашықтықта   отырып,   компьютерлік   те  
телекоммуникация және басқа да байланысу орталары көмегімен оқып үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара алмасу 
тәсіліне негізделген.
Жаңа ақпараттық коммуникативтік технологияда оқыту құралы ретінде электрондық оқулық және интернет жүйесі маңызды 
орын алады. Осыған сәйкес «оқушы – электрондық оқулық» және «мектеп – интернет» жүйесін құруға болады. «Мектеп – 
интернет» жүйесі бойынша оқушы ағымдағы сабақ бойынша жаңа ақпаратты мектепте отырып, интернет жүйесіне ену  
арқылы іздеп табады, сондай-ақ «дүниежүзілік өрмекке» электронды саяхат жасауға мүмкіндік алады.
Ал, электрондық оқытудың тиімділігіне тоқталатын болсақ, оны төмендегідей атап өтуге болады:
1.Анықтамалық оқыту элементі арқылы ағымдағы сабақ бойынша анықтамалыққа мүмкіндік алу.
2.Мультимедиялық ақпараттық технологияны пайдалану.
3.Ағымдағы сабақ бойынша ішкі және сыртқы тексеруді жүзеге асыру.
4.Мемлекеттік білім беру стандартының география курсындағы жаңа ақпараттар енгізілген.
5.Компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру.
6.Сабаққа деген қызығушылығын ояту негізінде білім сапасын арттыру.
Жаңа ақпараттық технологияны география сабағында пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктерін қорытындылай келе, орта 
мектептерде география пәнін оқыту кезінде компьютерлік технологияны пайдаланудың әр жақсы екендігіне көз жеткізуге 
болады. Сонымен, компьютерлік технологияны география сабағында пайдаланудың үш негізгі түрі бар:
1.Ақпараттық технологияны география сабағында үздіксіз пайдалану, әсіресе сарамандық сабақтарда.
2.Ақпараттық технологияны оқушылардың сабақтан тыс уақыттарында география пәнінен өзіндік жұмыстарды орындау 
барысында пайдалану.
3.Ақпараттық технологияны танымдық қабілетін дамытуға пайдалану (дамытушылық ойындар, электрондық энциклопедия 
т.б.).
Оқыту   барысында   ақпараттық   технологияның   бір   ғана   бағытымен   жұмыс   істеу   барлық   бағыттарды   кешенді   түрде  
пайдаланумен салыстырғанда төменгі нәтиже береді. Компьютерді пайдалану оқушының географияны терең танып білуіне 
ғана емес сондай-ақ есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру – уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай 
жасайды.   География   сабағында   жаңа   ақпараттық   технологияны   пайдалану   оқушының   қызығушылығын   ғана   тудырып  
қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.
* * * * * *
97

Ақтөбе қаласы №36 қазақ орта мектебінің
биология пәнінің мұғалімі Балданова Марал Бекболатқызы
Биология пәнінде компьютерді пайдаланудың әдістемелік үлгілері
(Баяндама)
Заман   талабына   сай   ғылым   мен   техниканың   жетістіктерін   білім   беру  саласында   жүзеге 
асыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Жаңа заманғы білім беру жүйесі жаңа міндеттерді  
жүктейді.   Сондықтан   қазіргі   білім   берудің   жаңа   ақпараттық   технологияларын   игермейінше, 
сауатты, жан-жақты, білімді маман болу мүмкін емес.   Елбасы Н. Назарбаев «Болашақта еңбек  
етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан 
сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің 
терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық,   саяси экономикалық білімділік  
және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен 
жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі  
жоғары   жетекші   тұлға   ретінде,   ұлағатты   саналады.   ХХІ  ғасыр   ақпарат   ғасыры   болғандықтан,   адамзатқа   компьютерлік 
сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық  
біліммен қатар, практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Ал, теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін 
компьютердің қажет екені даусыз.
Жаңа   технологияны   меңгеру  мұғалімнің   оқу-тәрбие   үрдісін   жүйелі   ұйымдастыруына   көмектеседі.   Сонымен   қатар 
мұғалімнің   интеллектуалдық,   кәсіптік,   адамгершілік,   рухани,   азаматтық   және   басқа   да   көптеген   адами   келбеттерінің  
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бүгінгі таңда 
білім ұйымдарындағы пәндерді дербес компьютер көмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі ғылыми мәселелерді шешу ең 
басты орын алады. Мектептегі пәндерді оқыту процесінде компьютерді қолданып сабақ өткізу мұғалім мен оқушы қарым-
қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекетінің мазмұнын, құрылымын  өзгерте отырып, олардың мотивациялык эмоциональдық 
ортасына,   сезімінің   өсуіне   әсер   етеді.   Соңғы   жылдары   көптеген   елдерде   орын   алып   отырған   ғаламдық   өзгерістер   —  
мемлекеттердің   жаңа   дәуірге,   қоғамдық   өмірлік   негізін   ақпараттық   ресурстармен   ақпараттық   коммуникациялық 
технологиялар  құрайтын  ақпараттық   кезеңге  қадам   басты.  Қазіргі  таңда   ғылыми  техниканың  даму қарқыны  оқу-ағарту 
саласының оқу үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен жаңа технологияларды қолдануды кең көлемде қажет етеді. 
Білім берудің негізгі мақсаты — білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын әр  
түрлі әдіс-тәсілдеріді қолдана отырып, белсенділігін арттыру мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланып сабақ өткізудің 
көптеген мүмкіншіліктері бар:

біріншіден,   интерактивті   тақта   арқылы   электронды   оқулықтарды   қолдануға   және   оны   көшіріп   алып,   белсенді 
жұмыс істеуге болады;

      - екіншіден, қосымша материалдарды да көшіріп енгізіп, онымен белсенді жұмыс істеуге болады;

           - үшіншіден, тақта ретінде жазуға, сызуға, өшіруге, дайын сызбаны жасап қоюға, жартылай жауап кезінде 
қолдануға   т.с.с.   көптеген   іс-әрекеттерді   жасауда   уақытты   үнемді   пайдалануға   болады.
         Биология — XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол жаңа ақпараттық технологияларымен тығыз байланысты. Қазіргі  
кездегі білім беру жүйесінде негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Бұл пәнді  
оқыту мұғалімге зор міндеттерді талап етеді, өйткені ол бүкіл сыныптың қажеттіліктеріне жауап беруі  тиіс. Міне, осы 
жағдайда жаңа технологиялардың көмегі зор. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс 
жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен 
қамтамасыз   етілген.   Дегенмен,   сабақтарымның   берілуі   интерактивті   тақтамен   көп   жүзеге   асырыла   бермейді.     Себебі, 
мектептегі кабинеттерде интерактивті тақта барлығында бірдей  жабдықталмаған. Бірақ, өзгелердің сабақ беру барысында 
интерактивті тақтаның өте тиімді әдіс екеніне көзім жетті. 
Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. 
Интерактивті тақта мектеп сыныптарында әр пән бойынша, соның ішінде биологиядан зертханалық сабақтарды өткізген 
кезде оның құрылғылары (датчиктері) қолданылады. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, 
интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен 
жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.
Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті 
тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. 
Мұғалімдердің пайымдауынша интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мысалы: белгілі бір 
материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта 
болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.
Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын 
толықтырып, әрі уақытты үнемдейді.
    Интерактивті тақтаны қолданудың артықшылығы:
1) Интерактивті тақтада өтілген сабақтар оқушыларды жаңашылдығымен қызықтырады.
Сыныпта мұндай сабақ үстінде оқушылар өз ойын «өз сөзімен» айтатын шынайы қарым-қатынас туады, олар тапсырманы 
ынтамен орындайды, оқып жатқан материалға қызығушылықпен қарайды, оқушыда компьютер алдындағы қорқыныш 
жоғалады. Оқушылар биология пәні бойынша оқулықпен, анықтамалық және басқа әдебиетпен жұмыс істеуді үйренеді. 
Оқушыларда жоғары нәтиже көрсетуге, қосымша қиын тапсырма алып орындауға қызығушылықтары пайда болады.
    Интерактивті технологияның ерекшеліктері:
1) Бормен тақтаға жазған кескінді экрандағы түрлі –түсті, айқын, ұқыпты кескінменсалыстыруға болмайды. Тақта мен 
бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын, әрі мүмкін емес. Слайдтардакемшіліктер 
менқателержіберілсе, тез арада түзетуге болады. Сабақтың өнімділігі артады. Басқа пәндермен пәнаралық байланыс 
орнайды.
98

2) Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
3) Оқу материалын беру логикасына көп көңіл аударады, бұл оқушылардың білім деңгейіне оң әсерін тигізеді. Компьютерге 
деген қарым-қатынас өзгереді.
Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген  электрондық оқулықтар мен компакт-дискілер  бар. Бүгінгі 
таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне байланысты жеке пән сабақтарында компьютерлік техниканың 
мүмкіндіктерін   толық   пайдаланып,   оқушыларға   терең   де   тиянақты   білімберуге   жағдайжасалды.Оқушылар   биология 
сабағында арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы кез-келген тақырыпты 
өздері меңгереді. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, олардың ой - танымын кеңейтуге, өз бетінше 
шығармашылықпен,   ізденімпаздықпен   жұмыс   жасауына   көп   көмегін   тигізеді.       Мұғалім   үшін   электронды   оқулық   бұл 
күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Әрбір ұстаз электронды оқулықты өзінің тәжірибесінде 
тақырыпқа   сәйкес   қолданады.   Сабақ   үстінде   электронды   оқулықтардың   атқаратын   рөлі   зор.   Электронды   оқулықтарда 
тақырыптарға түсініктер, әртүрлі суреттер, сөздіктер, кестелер, қызықты тапсырмалар және тест тапсырмаларын орындауға  
кеңінен   беріледі.     Оқығаннан   гөрі     көзбен   көріп,   миға   сақтаған   ұтымды.   Электронды     оқулықтағы   тапсырмаларды  
орындағанды   оқушылар   ұнатады.     Атап   айтатын   болсақ,     кестемен   жұмыс,   тірек   –   сызба,логикалық   тапсырмаларды 
оқушылар   ерекше   қызығушылықпен   орындайды.   Сондықтан   электронды   оқулық   оқу   материалын   беру   мүмкіндігін 
кеңейтеді.  Оқыту жүйесінің жан – жақтылығын көрсетеді. 
Биология пәнінің кейбір тараулары ойлануды, талдайбілуді, салыстыруды қажет етеді. Оған биология кабинетінің жағдайы  
келе   бермейді.   Айталық,зертханалық   жұмыстарды   жасауда   микроскоп,   ұлғайтқыш   әйнек,   препараттар,   сутектер   т.б. 
тәжірибе   жасайтын   құралдардың   болмауы.   Әсіресе,   6,7   класс   биологиясы   бойынша   зертханалық   жұмыстар   жасауға  
препараттар жоқтың қасы. Осындайда электрондық оқулықтың көмегіне жүгінуге болады. 
(Зертханалық   жұмыстар-2   Ұлу)  Мысалы,   7-класта   «Ұлулар   типін»өткен   кезде   ұлулардың   сыртқы   құрылысымен, 
тіршілігімен танысу тақырыбындағы зертханалық жұмыста электрондық оқулық бойынша жұмыс жасатуға болады. 
Сондай – ақ, биология сабағын меңгертуде  компьютерлік анимациялардың  маңызы зор. Оқушыларға  жануарлар мен 
өсімдіктердің суреттерін, сызба нұсқаларды көрсетіп қолдануына қолайлы. 
(оқу бейне фильм-2) Сонымен қатар оқушыларға сабақта оқу бейне фильмдерді де пайдалана отырып та жаңа материалды  
толықтай   меңгертуге   болады.   Мысалы,   6   класта   «Бір   жасушалы   балдырлар»   тақырыбын   өткен   кезде   олардың   өкілі- 
хламидоманаданың   құрылысы,   тіршілік   әрекеттерімен   толықтай   таныса   алады.   Оқушылар   бұл   тақырыпты   плакатта 
бейнеленген схема-суреттер арқылы да түсінуге болады,бірақ бейнематериал жаңа сабақты түсініп, меңгеруіне әлдеқайда  
сапалы білім бере алады.   
  (Видео-фотосинтез)  Ал, өсімдіктердегі фотосинтез құбылысын оқушылар бейнематериалды қарай отырып, жақсы түсіне 
алады және есінде сақталады. Бұдан оқушылар күн энергиясының қатысуымен болатын фотосинтез құбылысын түсінеді  
және  өсімдіктің жалпы тіршілік үшін маңызын жан – жақты игереді. Жасыл желекке деген қамқорлық сезімі оянады.
Сонымен бірге, оқушылардың білімін интерактивті тапсырмалар арқылы да тексеруге болады. Мысалы, сабақтың бекіту 
кезеңінде 8 класта «Қан жасушалары» тақырыбын өткен кезде дұрыс жауаптарды торкөздерге толтыру арқылы сабақты 
пысықтай отырып, оқушылардың жаңа тақырыпты меңгерудегі білімін тексеруге болады. (6кл-6)(8класс-қан жасушалары)
Компьютерлік графикалық материал презентациялық слайд көмегімен көрсетіледі. Microsoft, Power Point 
бағдарламасының көмегімен оқу процесінде презентациялар мен слайдтар жасап көрсету, оқушыларға қызықты және 
дәлелді (мағыналы) болады, танымдық ойлауы мен есте сақтауын қалыптастырады.
(Слайд-1) Мысалы, 6 класс  биологиясынан «Жапырақ» тақырыбын өткен кезде мынадай слайд үлгісін пайдаланамын.
(Слайд-2) Сонымен бірге, 8 класс биологиясында «Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және 
қызметі» тақырыбын өткен кезде де мынандай слайд үлгісі пайдаланылса, оқушылар жаңа материалды тез игереді және 
үйден қайталап оқыған кезде де есіне түсіруіне септігін тигізеді. 
Слайдтарды қолдану нәтижесінде оқушыларға жаңа материалдарды меңгерту жеңіл, әрі уақытты үнемдеуге мүмкіндік 
береді. Нәтижесінде оқушыларда оларды ойша елестету және тақырыпты түсіну қиынға түспейді. 
Биология пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. 
Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы биология бойынша 
мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкес келеді. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және 
шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тірі табиғатты, ағзаларды толығымен түсінуге ықпал жасайды.
Сонымен биология сабағын компьютер көмегімен оқыту төмендегі мәселелерді қамтиды:
Оқушыларға оқылатын табиғат құбылыстарын толық және дәл ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттыру.
1) Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материялдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол 
жеткізеді.
2) Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқу материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;
3) Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи 
сұранысын қанағаттандырады.
4)Мұғалімді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай 
жасайды.
5)Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
    Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Болашақ мамандарға сапалы білім беруге, әлемдік білім кеңестігінен» 
мемлекетімізге лайықты орын алуға білім саласындағы қызметкерлерге тиісті жағдай жасауға айрықша мән берілді. 
Өйткені елімізді көркейтетін де, өркендететін де білікті, білімді жастар екені түсінікті. Сапалы білім, саналы тәрбие беру 
үшін мұғалімнің үздіксіз ізденуі, шыңдалуы, шығармашылықпен айналысуы, білімін жетілдіруі қажет. Соның нәтижесінде 
ғалымдар жаңа технологияларды көптеп шығаруда. Себебі, жаңа оқыту технологияларын енгізу заман талабына сай білім 
беру бағыты өзгерді, өздігінен білім ала-алатын логикалық пайымдай, талдай қорытындылай алатын коммуникативті 
тұлғаны қалыптастыру қажет.
Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын 
сезіледі. Республикамызда білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты 
мәселеге айналды.
99

     Қазақстандағы барлық орта мектептердің компьютермен жоспарлы түрде жабдықталуы оның айқын дәлелі. Заман 
ағымына сай күнделікті сабақка видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану 
айтарлықтай нәтижелер береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға 
және алған мәліметті нақтылауға мүмкіндік береді.
        Жоғарыда айтылған ой - пікірлерімді тұжырымдай келе, компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту сапасын 
арттырып, білімберуді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады.          
Мектептегіақпараттандыруға   осылай   мемлекет   тарапынан   қолдаукөрсетіліп,оныоқыту,үйретумәселесі   бүкіл   халықтық 
деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, алдыңғы қатарлы мемлекетке
айналады.     Ол   дәрежеге   жетуге   қажетті   білім   алуына   біздің   жас   ұрпақтың   қабілетініңжететініне   сенімім   мол.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Биология және салауаттылык негізі 2007-2010ж, 2013ж №3
2.
Биолог анықтамалығы 2011ж.
3.
Қазақстан мектебі 2010/3
4.
Биология қазақстан мектебінде № 2(32) — 2010
* * * * * * * * *
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталовка ауылы
Алма Оразбаева атындағы ОЖББМ
Технология пән мұғалімі Кисметова Асел Орынғалиқызы
Сабақтың тақырыбы:   «Ұлттық киімдер»
Мақсаты: 
Білімділік:   оқушыларға қазақ халқының қолданбалы сәндік өнері туралы түсінік беру; композициялық дағдыларын 
қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, назар аудару және бақылағыштық қасиетін, топта жұмыс істеу қабілеттерін 
дамыту.
Тәрбиелік:  ұлттық киімді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру, ата – баба дәстүрін терең ұғынуға, отаншылдыққа 
баулу, тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: буклеттер, қазақтың ұлттық киідері, суреттер
Пәнаралық байланыс: еңбек, ана тілі,  
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 
а) оқушылармен амандасу
ә) оқушыларды түгендеу
б) сабаққа дайындықтарын тексеру 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 
«Сиқырлы сандық» ойыны. Ойынның мазмұны: сандық ішіне үй тапсырмасы бойынша сұрақтар жазылған, ал, артқы 
жағында суреттер салынған. Оқушылар ретімен алып жауап береді де, тақтаға іліп қояды.
ІІІ. Жаңа сабақ.
(   тақтадағы суреттерден жаңа сабақтың тақырыбын ашу).
11.
Тақтаға ненің  суреттер ілінген?
12.
Камзол, тақия,
13.
Бұлар киімнің қай түріне жатады?
14.
Қазақтың ұлттық киімдері
Бүгінгі сабақта:
                                            1. Киімнің   шығу  тарихы .
                                        2. Ұлттық  киім  түрлері.
                                                 3. Ұлттық әшекей бұйымдар.
                                                       4. Жаңа үлгідегі ұлттық киімдер
1. Киімнің шығу тарихы. Жер бетіндегі түрлі халық өз мәдениеті, салт – дәстүрі, ұлттық киімдерімен ерекшеленеді. Қазақ 
салтында көнеден келе жатқан бір дәстүрлі мәдениеті – ұлттық киім.  Қазақтың ұлттық киім үлгілері халқымыздың көшпелі 
өмір салтына сай, қыстың суығына, боранға, көктемнің құбылмалы ауа райына, жас шамасына, айналысқан кәсібіне, 
тұрмыстық жағдайына лайықтап тігілген. Қазақтың ұлттық киімі қарапайым, ыңғайлылығымен бірге, өте әдемі болып 
келеді.   
2. Ұлттық киім түрлері. Көне түркі дәуірден бүгінгі күнге дейін халқымыз тұтынған киім үлгілері сан алуан. Киімнің 
дәстүрлі қарапайым пішілуі ұзақ уақыт ат үстінде жүрген кезде еркін қозғалуға мүмкіндік берген әрі суықта тонудан, 
ыстықта күн өтуден қорғаған. Ұлттық  киімдер: ерлер киімі, әйелдер киімі, бас киім, аяқ киім болып бөлінеді.
Ерлердің сырт киімі күртеше, шалбар, түрлі кеудеше болды. Қымбат матадан тігіліп, іші терімен тысталған тонды байлар 
кисе, кедейлер тұлып киген.  Қамзолдар жеңіл және астарланып ( түйе жүнімен), барқыт, шұғадан тігілген. 
100
Қазақтың ұлттық 
киімдері

Әйелдер қосетек көйлек, жиегі кестеленген, желбірлер салынған, әдемі сәнделген белдемше киген. Әйелдің сырт киімі 
ердікі сияқты қамзол, кеудеше, жалпақ былғары белдікпен буылған шапандар болған. Ерлердікіне қарағанда түсі және 
кейбір бөлшектері басқаша. Тақияны ерлер бастарынан тастамай киген, ал сыртқа шыққанда  тақияның үстінен тымақ киген. 
Жазда бөрік немесе киізден тігілген жеңіл айырқалпақ киген.  Қыздар жазда ашық түсті жібек немесе барқыттан тігілген 
тақия, қыста жиегі құндызбен көмкерілген бөрік киген, бас киімдеріне «тіл – көзден сақтайды» деген ырыммен үкі қадаған. 
Қыз балалар тұрмысқа шыққанда басына сәукеле киетін сәукеле - ғажап қолөнер туындысы. Сәукеленің ою - өрнектерін 
құйып, соғып, шебер тігінші, зергерлер жасаған. Бір сәукеленің өзін тігуге  бір жылдан астам уақыт кеткен. Ерте заманда 
сәукелесіне қарай қыз балалардың әлеуметтік жағдайы анықталған. Тұрмыстағы әйелдер кимешек киген.Қазақстанның 
кейбір аудандарында кимешектің орнына келіншектер ақ орамал киген.
Аяқкиім де көшпенді өмірге бейімдеп жасалған. Қысқы етіктердің қонышы ұзын, кең. Оны жүннен тоқылған шұлықтармен 
киген. Жазғы етіктердің өкшесі болған, кейбірінің тұмсығы қайқита жасалған. Жас келіншектердің аяқкиімі жапсырмамен, 
кестемен сәндеген. Қарт адамдар мәсі киген. Мәсінің сыртынан былғары туфли немесе кебіс киген.   
3. Ұлттық әшекей бұйымдар. Дәстүрлі киімдердің міндетті бөлшегі саналған әшекей бұйымдардың орны ерекше болған. 
Алуан түрлі әшекейлер қатарында  тамаша жапсырмалар, киімге, баскиімге, аяқкиімге моншақтап тіккен кестелер бар. 
Әйелдердің алтын, күміс, мыс, қола әшекейлері түрлі бағалы тастармен әсемделген. Қыз – келіншектер бұрымдарына әдемі 
шолпы, сырға, білезік, жалпақ, қақталған көлемді сақиналар, бағалы тастардан, маржаннан және сумоншақтардан жасалған 
алқалар таққан. Ерлердің де, әйелдердің де киімінің міндетті бөлігіне  айналған белдікті ерекше безендірген, кестемен 
өрнектеп, күміспен аптаған. 
4. Жаңа үлгідегі ұлттық киімдер. Қазақтың ұлттық  киімі – көненің көзі. Оны болашақ ұрпаққа көздің қарашығындай 
сақтау үшін оған барынша қамқорлық жасап, қалпына келтіру керек. Қазақы киімді қастерлеу әрі құрмет тұту елдің 
есейгенін, оның өскелең өмірін танытады. Өйткені қазақ киімі ұрпақтан – ұрпаққа алмасып келе жатқан елдің ғасырлар 
бойы қалыптасқан сезімталдық талғамы.
Мүмкін кейін сендердің араларынан модельер, дизайнерлер, тігіншілер шығып, көненің көзін жаңғыртып, қазақ киімінің 
жаңа үлгілерін шығарып, шығармашылықпен айналысатын нағыз ұлтжанды азаматтар шығыр. Сол үшін біз қазірден бастап 
осыны сезінуіміз керек. 
IV. Сарамандық жұмыс. 
Қазіргі заманға сай ұлттық киімнің суретін салып көрейік. Оқушыларды үш топқа бөлініп отырамыз. Әр топ жаңа үлгідегі 
ұлттық киім киген «Қалындық», «Жігіт сұлтаны», « Қазақ қызы» тақырыбында ойларын бейнелейді. Суретті аяқтаған соң, 
әр топ шығармасын қорғайды. 
V. Сабақты бекіту.
Оқушылар, біз қазіргі уақытта қазақ киімін күнделікті өмірде кие бермейміз, тек қана мерекелерде, үлкен тойларда киеміз. 
Бірақ оның кейбір ұлттық белгілерін күнделікті киімімізде  қолданып жатсақ, әдемі болары анық. Сабақты қорыта келе 
алған білімдерін сұрақ – жауап арқылы бекіту. Сұрақтарға ретімен жауап беріп, осы жауаптың алғашқы әріпін тақтаға жазып 
отырады. Жауаптары дұрыс болса «Болашақ» деген сөз шығады. 
1. Бас киім    (Бөрік)
2. Тұрмыстағы әйелдер киетін баскиім   (Орамал)
3. Алғыр, аңшы құс.        
(Лашын)
4. Ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі.   (Айырқалпақ)
5. Ерлердің сырт киімі.       (Шалбар)
6. Әшекей бұйым жасауға қолданған металл.      (Алтын)
7. Әйелдердің ұлттық киімі       (Қамзол)
VI. Қорытынды. 
Балалар, тақтада БОЛАШАҚ  сөзі шықты, яғни  сендер болашақта  қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық киімдерін 
қастерлеп, құрмет тұтат деген сенімдемін.
Үйге тапсырма:  ұлттық киімді безендіру. Оқушыларды бағалау
* * * * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназия
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Айтинбетова Гульнар Сапаралиевна
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Күні
19.11.2015ж
Сыныбы
8 сынып
Сабақтың тақырыбы
Шортанбай Қанайұлы . Зар заман.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға зар заман ақыны Ш.Қанайұлы туралы 
мәлімет, тың ақпаратттар бере отырып, өмірге деген 
көзқарас қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
Оқушыны іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауға 
бағыттау, берілген тапсырманы тиянақты әрі жылдам 
орындау, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету.
Оқытуда қолданылатын модульдер
Диалогты оқыту, сыни ойлауға үйрету, АКТ 
Сабақ түрі
Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі
Топтағы диалогтік оқыту әдісі
Көрнекілігі
Оқулық, интерактивті тақта, маркер, смайлик
Мұғалімінің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сабақтың 
барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты 3 топқа бөлу. Махамбеттің «Ереуіл 
атқа ер салмай», «Жалғыздық», «Мұнар күн» 
өлеңдерін парақшаларға 2 тармақтан жазып, 
Оқушылар парақшадағы өлеңнің тақырыбына 
қарай топқа бөлінеді.
Оқушылар жанындағы адамның жақсы қасиетін 
сатып алып, өз бойындағы жаман қасиетін сатады.
101

оқушыларға үлестіру арқылы топқа бөлу. Бағалау 
парақшаларын үлестіру.
Сергіту сәті «Сатып аламын, сатамын» 
Үй 
тапсырмасын 
сұрау
«Мені жалғастыр»әдісі бойынша Махамбеттің 
«Ереуіл атқа ер салмай», «Жалғыздық» өлеңдерін 
жатқа сұрау.
Әр топтан 2 оқушы шығып, өлеңді кез-келген 
жерінен жалғастырып айтады.
Жаңа сабақ
1.Тақтадағы сұрақтарға жауап жазғызу:
А)Шортанбай қайда, қашан дүниеге келді?
Ә)Неліктен  «зар заман» ақыны атанды?
Б)Өлеңдерінің тақырыбы?
2.Тірек сөздер:
1.заман
2.азулы
3.жалмауыз
4.ұстара
5.биқасап
6.тоқты
7.жарлы
8.тәуба
9.жандарал
10.майыр
11.дуан
12.тілмаш
13.абақты
14.көр
2.Әр шумақты әр оқушыға бөліп беріп, мазмұнын 
ұғынуға уақыт беру.
Оқулық бойынша тақтадағы сұрақтарға жауап 
жазғызу.
2 минут ішінде тірек сөздерді жаттап, дәптерге 
жатқа жазады. Әрбір оқушы әр тірек сөздің 
мағынасын ашып береді.
Оқушы өзіне берілген шумақтың мән-мағынасын 
айтады.
Қорыту
Топтық жұмыс тапсырмаларын тарату. Дұрыс 
орындалған тапсырмаға стикер тарату.
№1 топ өлеңді құрылысына қарай талдайды.
№2 топ кесте бойынша тар заман белгілерін, зар 
заман белгілерін, бүгінгі заман белгілерін жазады.
№3 топ өлеңдегі теңеу, метафораларды 
анықтайды.
Бекіту
«Шортанбай атаға жауап хат»жазу.
Тақтаға 3 түрлі смайликтерді іліп,оқушылар 
стикерлерін жапсырту.
Оқушылар ойтолғаныс түрінде хат жазады. Хатты 
оқиды.
Стикерге сабақ туралы оң-теріс пікірлерін жазады.
Оқушыларды 
бағалау
Бағалау кестесі арқылы топ басшысының 
нәтижесін сараптай отырып, оқушыларды 
бағалаймын.
Үйге 
тапсырма
Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңін 
мәнерлеп оқу.
* * * * * * * * *
ОҚО, Шардара ауданы  «Ақалтын»  жалпы орта мектебі 
География  пәні мұғалімі Сапарбекова Меруерт Умирбековна
Сабақ тақырыбы:     Халықтың нәсілдік және ұлттық құрамы.  
 
 
Сабақ мақсаты:  
1.Білімдік: Оқушыларға  Жер бетіндегі барлық халықтар туралы, халықтардың нәсілдік  ерекшелігі мен таралуы , ұлттық  
және тілдік құрамы  жайлы  толық  мағлұмат беру
2.Тәрбиелік: Ұжымдық, жұптық жұмыс арқылы ұйымшылдық пен шығармашылық ізденіске баулу. 
3.Дамытушылық:   Балалардың өзіндік ойлана білуіне,  сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға,   өздерінше іздене 
білулеріне, өзгенің пікіріне құрметпен қарауға үйренеді. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекі құралдар:Интерактивті  тақта, фломастер, карта, постер, бағалау парақтары, үлестірмелі материалдар,Қосымша 
деректер, Дүниежүзінің саяси  картасы, Атлас карталар
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, картамен жұмыс,  кітаппен жұмыс.
Сабақ барысы: 
І- кезе  
ң Ұйымдастырушылық кезең
1.Сәлемдесу
2.Балаларды түгендеу. 
3.Мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты географиялық ұғымдар бойынша топтарға бөледі. Ол 
үшін оқушыларды сыныптың ортасына жинап түстер бойынша топтастырамын. 
Көк түс таңдағандар 1– топ    «Нәсілдер», ал қызыл түс  2 – топ  «Ұлттар»     
ІІ-кезең  Үй тапсырмасын тексеру.  «Кім жылдам?»
Сұрақтарға жауап беру. 
І- топ а
қ
ІІ- топ а
қ
1.Халықтың   жас   ерекшелігіне   байланысты   бөлінуі   дегенді  1.Негізгі еңбек ресурстарына кімдер кіреді?
102

қалай түсінесің?
2.«Ұлттың қартаю» немесе «Ұлттың жаңаруы» деген құбылыс 
қалай орын алады?
2.Экономикалық белсенді халық дегеніміз не?
3.Ер адамдар мен әйелдер санының айырмашылығы неде?
3.Халықтың   мамандану   бағытының   үш   секторын 
атаңдар?
ІІІ-кезе
ң
 Жаңа сабақ.           а)  «Ой ша ыру»
қ
Интерактивті тақтадан  нәсілдер суреті көрсетіледі.
- Балалар , айтыңдаршы сендер халықтар туралы қандай    мәлімет білесіңдер? 
- Жер беті халықтарын қандай белгілері арқылы ажыратуға болады? 
- Ол белгілер қандай жағдайларға байланысты дамуы мүмкін деп ойлайсыңдар? 
 ) Топты  ж мыс     «Ма ынаны тану»  
ә
қ ұ
ғ
Шарты:Топтар а о улы та ы та ырыпшаларды б ліп беру ар ылы бірін-бірі о ыту
ғ қ
қ ғ
қ
ө
қ
қ
1-топқа тапсырма  «Нәсілдер»

Халықтардың нәсілдік және этностық құрамы.
2-топқа тапсырма «Ұлттар»

Халықтардың ұлттық және тілдік құрамы.
    Оқушылар   бөлініп   берілген   тақырыпшалардың   мағынасын   ашып,   жаңа   ақпаратпен   танысады   Әр   топ       берілген  
тапсырмаларды   «Балық қаңқасы»   әдісі арқылы   орындап, жасаған постерді тақтаға іліп, жасаған жұмысты бір оқушы 
топтан шығып қорғайды. 
 б)    «Дерек көздері»
    Оқушыларға тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен слайдтар көрсетіледі
  Нәсіл  -деп адамзат өзіндік сыртқы белгілері бойынша (бет әлпеті, көзі, шашы, тері түсі мен бас сүйегі, дене бітімі, т.б.)  
ерекшеліктері бойынша біріктірілетін топтар.    
Терісінің түсі қара қошқыл, 
шаштары толқын тәрізді немесе 
бұйра, мұрындары жалпақ, 
танаулары кең, еріндері қалың, 
сақал-мұрттары өте сирек. Бұл 
аталғандардың барлығы ыстық 
климат жағдайларына бейімділікті 
сипаттайтын белгілер. Негроидтік 
нәсілдің кеңінен таралған аймағы – 
Африка.
Терісінің түсі қоңырқай немесе ақшыл, 
шаштары қайратты, тік болады; еріндері 
мен мұрындарының көлемі орташа; бет 
пішіні жалпақ біртегіс, бет сүйегі 
шығыңқы, көздері қысыңқы болып, 
рудименттік (қалдық түріндегі) үшінші 
қабағы айқын байқалады. Бұл 
ерекшеліктер – аңызақ жел мен шаңнан, 
қара суықта үсуден қорғауға бейімділігі. 
Монголоидтік нәсілдер Орталық 
Азияда, Индонезия мен Сібірде 
таралған.
Терісі ақшыл, шаштары аздап толқынды 
немесе тік, мұрындары ұзынша келген 
шығыңқы, танаулары тар, еріндері 
жұқа, ер адамдардың бетінде қалың 
сақал мен мұрт өседі. Мұндай белгілер 
климаты суық аймақтарға бейімделу 
барысында қалыптасқан. Еуропоидтік 
нәсілдердің алғашқы шоғырланған 
аймағы Еуропа мен Азияның кейбір 
бөліктері болса, қазіргі кезде олар 
дүниежүзінде кеңінен таралған.
Миклухо-Маклай     Николай     Николаевич    (
1846
-
1888
)   –
орыс
  саяхатшысы,   антрополог,   этнограф   және   биолог. 
Антропология мен  этнография
ғылымында
үлкен  із  қалдырды. Ғылымда тұңғыш адамзат 
нәсілдерінің
 
 түр
   
жағынан 
бір тұтастығын  және бір-бірімен  туыстас екендігін, “төменгі” және “жоғарғы” нәсілге  бөлудің  ғылыми  негізсіз  екендігін  
дәлелдеген.  Ежелгі   адамдар   көшпелі     түрде   өмір   сүрген.   Жер   бетіндегі   барлық   нәсілдердің     шығу   тегі   бір.   Бірақ 
қоныстанулары  біртін-біртін жүрген,  Еуропаның 40 мың, Азияның    60 мың, ал Америка 12 мың жыл бұрын қоныстанған. 
Оқушыларға картадан нәсілдердің таралу аймағы көрсетіледі
ІV-кезе    
ң «Кім картаны жа сы біледі?” 
қ
  О ушылар  жа а та ырып барысында  тілген м ліметтер бойынша 
қ
ң
қ
ө
ә
кестені 
толдырып географиялык объектілерді картадан к рсету
ө
103

І-топқа.Елдерді топтарға бөліп, кестені толтырыңдар:
 Бір ұлтты елдер
  Көп ұлтты елдер
Жапония,
А Ш
Қ
Корея
Ресей
Дания,
аза стан
Қ
қ
Германия
Бразилия
Швеция
ндістан
Ү
Франция
П кістан
ә
Чехия
Мексика
БА
Ә
Индонезия
ІІ-топқа. Дүниежүзіндегі ең кең таралған тілдер.
ш
Тілдер
Елдер
ытай тілі
Қ
ытый
Қ
А ылшын тілі
ғ
лыбритания,А Ш,Австралия,т.б
Ұ
Қ
Хинди  тілі
ндістан
Ү
Испан  тілі
Мексика,Испания,Аргентина т.б
Араб тілі
БА ,Кувейт,Сауд Арабия,Ирак,т.б
Ә
Орыс тілі
Ресей, Орта Азия елдері
Бенгал тілі
Бангладеш
Жапон тілі
Жапония
Индонезия тілі
Индонезия
Португал тілі
Португалия, Бразилия, т.б
Неміс тілі
Германия
Француз тілі 
Франция,Орталы  Африка елдері
қ
V-кезе    
ң Географиялық диктант
1-топқа
Сұрақтар
Дұрыс жауаптар
1.Халық санының қарқынды өсуі……. деп аталады.
/Демографиялық жарылыс /
2.Халықтың ұдайы өсуін…. ғылымы зерттейді.
/Демография /
3.Қара нәсідер мен еуропалықтардың некелесуінен.......... пайда болды
/Мулаттар /
4.Терісінің түсі ақ, қыр мұрынды, ерні жұқа, шашы толқынды не тегіс 
нәсілдер…..
/Еуропоидтық нәсілдер /
5.Метис, мулат, самболар.............….. нәсіл топтары.
/ Аралық/
2-топқа
Сұрақтар
Дұрыс жауаптар
1.Демография…… деген мағына береді.
/ Халықты сипаттап жазамын/
2.Сыртқы ерекшелігіне қарай  халықтар .......... бөлінеді.
/ Нәсілдерге/
3.Н.Н.Миклухо-Маклай……. зерттеген ғалым
/ Нәсілдер теңдігін /
4.Нәсілдік белгілер……. байланысты қалыптасады
/ Қоршаған ортамен /
5.Африка  мен Австралияда қоныстанған……. нәсілдер.
/ Негроидтық /
VІ-кезе
ң   Жаңа сабақты бекіту Оқушылар сұрақтар мен  термин сөздерге анықтама береді. Тапсырмада берілген сұрақтар 
бойынша карта құрастырады.
І топқа    1.Нәсілдер дегеніміз не?  (Картасын құрастыру)
2.Этнос терминіне анықтама.     3.Монголоидтік нәсілдін басты ерекшеліктері. (Картасын құрастыру)
ІІ топқа   1.Халықаралық тіл дегеніміз не?
2.Европоидтік нәсілдін басты ерекшеліктері. (Картасын құрастыру)
3.Этногенез  ұғымына анықтама беру.
VІІ-кезе
ң    Кері байланыс :  «Алма ағашы»
Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?   Қиын және жеңіл жерлері болды ма?
Көңіл күйлеріңіз қандай болды?   Ұсыныстарыңыз бар ма?
Х-кезе
ң  Үйге тапсырма:.  §24. Д ниеж зі халы ыны  н сілдік ж не  лтты   рамы
ү
ү
қ
ң ә
ә ұ
қ құ
.  (оқу, мазмұндау .)
 Бағалау.
* * * * * * * * *
104

Баян аспабында дыбыс шығару техникасы
Атырау  қаласы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық 
колледжінің  оқытушы Мендыгалиева Гайни
   Қазіргі заманда Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің жан - жақты өрлеу кезеңінде өткен заманның рухани мұрасын  
қорғауға,   оны   жастарды   тәрбиелеуге,   олардың   рухани   деңгейін   көтеруге,   кеңінен   пайдалануға   қамқорлық   жасау  басты  
міндет  болып отыр.  Сондықтан  да  жеткіншек  ұрпақты еңбек,  адамгершілік,  идеялық  саяси және  эстетикалық  жағынан 
жетілдіру, жеке адамның шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі бүгінгі таңда елімізде жалпы мемлекеттік міндеттер  
деңгейіне   көтерілді.   Баян   аспабын   үйрететін   ұстаздың   негізгі   мақсаты   -   музыкант   тәрбиелеу.   Баянға   үйретумен   қатар 
студентке   эстетикалық   тәрбие   беріледі,   олардың   көркем   шығармалардағы   әдемілікті   сезінуін,   өз   музыкалық   қабілетін  
дамытуына,   баян   аспабында   орындаушылық   шеберлігін   жетілдірулеріне   ықпал   жасалады.   Музыкалық   көркем 
шығармалардың мәнін терең түсінбей музыкант тәрбиелеу мүмкін емес. Мұндай қабілет студенттің көптеген шығармаларды 
жан -жақты  талдау  нәтижесінде  шығарманың  тәрбиелік  мәнін  ашу  үшін қолданған  әдіс  - тәсілдерге  байланысты.  Баян  
аспабын оқып - үйрету үшін жан - жақты білімді мамандар қажет. Ұстаздың теориялық алған білімімен оны орындаудағы  
орындаушылық қабілеті бір - бірімен тығыз байланысты. Ұстаздың осы қасиеті оның үйретушілік өнеріне негіз болады.  
Кейбір ұстаздар бойында бойындағы бар қабілетін өзі орындауда жақсы көрсете алады да, ал студентке үйретуде үйрету 
әдістері онша болмай шығады. Ал кейбір ұстаздар өзін де үйреткен студентін де жақсы дәрежеде көрсете алады. Сондықтан 
ұстаз тек қана жақсы орындаушы музыкант қана болмай, жақсы үйретуші , тәрбиелеуші болуы қажет. 
       Баян аспабын оқып үйрену үшін бұл аспапты қалай ұстау, отыру ережесі, оң қолдың дұрыс қойылуы ережесін сақтауы  
керек.   Баян   аспабының   құрылысынан,   нота   сауаттарын   мұқият   танысып   үйренуі   қажет.Үйрену   кезеңінің   алғашқы 
кезеңдерінде шағын шығармалардан бастап ойнап, жаттығу жұмыстарын жүргізу, бірте- бірте үлкен, күрделі формадағы  
шыға    рмаларды орындауға дейін студет ұстазының көмегімен де және өз бетімен ұзақ дайындалып орындау шеберлігін 
арттырып,   орындаушылық   мәнерін   өсіру  керек.   Ол   үшін   нота   сауатына   көңіл   қойып,   әрбір   ырғаққа,   әрбір   ұзақтыққа, 
динамикалық   белгілерге,   саусақ   апликатурасына,   мех   белгісіне,   әртүрлі   штрихтардың   орындалу   ережесіне   жеке-   жеке 
жұмыстанып, жаттығу жұмыстарын көп жүргізу керек. Бұл айтылғандар орындалмас бұрын ең бірінші дыбыстың қалай 
шығуына тоқталуымыз керек.  Өнердің басқа салаларынан музыка өнерінің ерекшелігі - сөзбен айтып немесе жазып немесе  
бейнелей   алмайтын,   сезімді,   музыкалық   дыбыс   арқылы   жеткізеді.   Орындаушы   шығарманың   өзіндік   қасиеттерін   дұрыс  
сақтап, үлкен сезіммен беріліп ойнаса, өзіне де, тыңдаушыға да жақсы әсер береді. Шығарманың әртүрлі штрихтары мен  
динамикалық белгілерін орындау ең бірінші дыбыстың таза шығуына байланысты. Дыбыстың естілуі клавиштерді қатты  
басудан емес, мехтың ашып, жабуына байланысты. Ал мех қозғалысы сол қолдың күшімен іске асады. Мехты көрсетілген 
(ПV)   белгілері   бойынша   жәй,   бірқалыпты,   өткір   кедергісіз,   ұзақ   ноталарды   бөлмей   орындау   қажет.   Ал   мехты   дұрыс 
жүргізудің   әртүрлі   сан   -   алуан   штрихтары   бар,   кейбір   шығармаларда   әуенді,   сазды   орындалса,   кейбір   шығармаларда 
жинақы, жеңіл, өткір, шапшаң, үзік - үзік ойналады, яғни музыка сауатымен айтқанда мех қозғалысы - легатодан бастап, нон 
легато, стаккатто,  портаменто, тенуто, деташе, маркато, тремоло, рикошеттер т.б. штрихтары бар. Соның ішінде ең негізгі  
штрихтар: легато,  нон легато,  стаккатто.
1.   Легато   түрінде   дыбыс,   бірінші   дыбыстан   екінші   дыбысқа   ауысқанда   үзіліссіз,   толқынды,   әуенді   шығуы   керек.   Бұл 
орындағанда саусақты бір дыбыстан екінші клавишті басуға оқталғанда ғана көтеріп, екіншіні басып үлгеру керек. Саусақ 
клавиштан өте жоғары көтерілмеуі керек. Лигамен жазылған ноталарды орындағанда мехты бір бағытқа жүргізу керек.  
Легатоны нотаға белгілегенде доға тәрізді линиямен белгілейді: 
2. Мехты нон легато штрихымен жүргізгенде дыбыс байланыссыз, әр дыбыс өз алдына бөлек - бөлек естіледі, легато мен  
стаккатоның ортасындағы штрих, өте байланысып та, өте байланыссыз да ойналмайтын штрих. Қолдың саусағы, буыны 
клавиштер нота ойнағаннан кейін жеңіл көтеріледі. Нон легато - нота үсті немесе астында кішкентай нүкте мен лига арқылы 
белгіленеді. 
3. Мехты стаккатто штрихімен жүргізгенде дыбыс өте қысқа, өткір, анық ойналады. Стаккаттоны орындау үшін қолдың 
буыны мен саусақтары дыбыстың өте шапшаң, тез, қысқа ойналуына жұмыстанады. Дыбыс үздік - үздік, бөлек - бөлек 
естіледі, жеңіл, ойнақы орындалады. Бұл стаккаттоның да үш түрі бар. Олар:
    1. Саусақтық стаккатто (пальцевые стаккато)
2. Буындық  стаккатто (кистевые стаккато)
                          3. Екпін түсіру стаккаттосы  (Акцентированное стаккато)
1. Саусақтық стаккатто (пальцевые стаккато) бұл түрі бір дауыстағы жүрдек және шапшаң темпте ойналатын шығармаларға 
пайдаланылады.
2.Буындық стаккатто (кистевые стаккато) октава мен аккордтарға жүргізіледі, бұған буынның барлық қозғалысы қатысады.
3. Екпін түсіру стаккаттосы  (акцентированное стаккатто), яғни екпін түсіру стаккаттосына саусақтық та, буындық стаккатто  
да қатысады, яғни күшейтіліп, екпін түсіріңкіреп қысқа, өткір ойналады. Стаккатто белгісі  нүкте нотаның үстіне немесе 
астына   қойылады.   Тағы   басқа   жоғарыда   аталған   штихтарды   дұрыс   орындаса   мехтың   жүру  ережелері   де   орындалады. 
Мехтың дұрыс жүргізілуі нотаның яғни дыбыстың таза шығуына әсерін тигізеді. Дыбыс шығу процесін үш негізгі этапқа  
бөледі. 
1. Дыбыстың басталуы(атака звука)
2. Дысыстың жүруі(ведение звука)
3. Дыбыстың аяқталуы (окончание звука)   
    Сонымен дыбыстың әуенді, әсерлі, жәй сазды немесе ойнақы, жеңіл, көтеріңкі, шапшаң естілуі, қатты немесе бірқалыпты 
орындалуының барлығыда мех жүргізу ережелерін әбден түсініп, жаттыққаннан кейін ғана орындалады. Сонда ғана тыңдап 
отырған ортаға өзіндік әсерін қалдырады. Бұл ережелерді студентке асықпай, баппен түсіндіріп үйрету керек. Әр сабақты  
студент жалықпайтындай, әртүрлі әдіс - тәсілдерді және  ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланып өткізу 
кәсіби маман даярлауда алатын орыны ерекше. Нәтижесінде студент өнерге құштар, қазіргі заман талаптарына сай,  бәсекеге  
қабілетті маман болып қалыптасады.     
* * * * * * * * *
105



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет