Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


Жылу қозғалтқышының ПӘК-і



Pdf көрінісі
бет36/37
Дата26.02.2017
өлшемі8,73 Mb.
#4997
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

Жылу қозғалтқышының ПӘК-і   
249

Кез-келген жылу қозғалтқышының жұмысы п.ә.к.-мен сипатталады:
П.Ә.К.=А/Q1*100%=(Q1-Q2)/Q1*100%
П.Ә.К. = 15 - 40%
Жылу қозғалтқышының ПӘК-і
Карно Никола Леонард Сади (1796-1832 г.)- француз физигі әрі инженері. «Размышления о движущей силе огня и о 
машинах, способных развивать эту силу» атты еңбегінде өз зерттеулері жайында жазды.Ол идел газбен жұмыс жасайтын 
идеал жылу машинасын ойлап тауып, оның п.ә.к.-і: 
П.Ә.К.=(Т1-Т2)/Т1*100%, мұндағыТ2=0
о
.К,болса,онда П.Ә.К.=100%=1. Бірақ бұл мүмкін емес, қазіргі таңдағы
қозғалтқыштардың П.Ә.К. =62%,  Т1=800
о
.К, Т2=300
о
.К болғанда.                        6-бет
Жылу қозғалтқыштарының әсерінен қоршаған ортаның экологиялық мәселелері 
Ауа тазартқыш. Ауа құрамында көптеген газдардың - оттегінің, азоттық, сутегінің, т.б. болатыны белгілі. Отынның жануы 
үшін ауа құрамында массасына орай 23% -ға жуық оттегі болады.
Егер ауаны тазартпаса, онда бір жұмыс ауысымында мотордың цилиндріне бірнеше килограмм шақ түсуі мүмкін. Оның
қатты   бөліктері   цилиндрдің,   поршеньнің   басқа   қажалатын   бөлшектердің   жылдам   тозуын   тездетеді.   Цилиндрге   түсетін
ауаны тазартпай автомобиль жұмыс істеуге жарамайды. 
Ауа   тазартқыштары   сұйықты   және   құрғақ   элементті   болып   екіге   бөлінеді.   Автомобиль   моторларында   көбінде   құрғақ
ауыстырмалы қағаз немесе картоннан жасалған фильтр элементтерін қолданады. Ауа сүзгіштері (2.35-сурет) қарапайым (а)
және термореттеуішті (б) болады.
                                                                                                                      7-бет
Химиялық құрамы
Қозғалтқышта бөлінетін газдың құрамы %
дизель
Көміртегі тотығы(ІІ)СО
0.2
Азот тотығы NO²
0.35
Көмірсутектер СН
0.04
Күкірттің қос тотығы SO
0.04
Күйе,күл С
0.3(Мг\л)
Мәселені шешу жолдары
-
Транспорт санын азайту үшін қоғамдық көлікпен тасымалдауды дамыту; 
-
Отынның жаңа сапалы түрлерін пайдалану;
-
Сүзгі фильтрлерді пайдалану;
-
Жаяу немесе велосипедпен жүруді қолға алу және дамыту;  
-
«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша ағаштар отырғызу;
-
Күн энергиясымен жұмыс істейтін электромобиль, жел , биоэнергияны пайдалану.
       Жылу қозғалтқыштарын пайдалану 

қоршаған ортаға қандай зиян келтіруде: «Жылы жай» эффектісі;

 Жер бетінде температураның жоғарылауы; 

 Су қоймаларының ластануы;

Ауаның ластануы; 

Үлкен қалаларда транспорттың шуылы 

Топырақтың улануы, құнарсыздануы. 
 Есеп: 2) Машина 300 км жоды 72 км/сағ жылдамдықпен жүреді, осы кезде ол 
   70 л бензин жұмсайды. Егер машинаның п.ә.к.-і 25% болса, онда осы жолдағы машинаның қуаты қандай? (1,9 кВт)
3) П.ә.к.-і 11%, өндіретін қуаты 8,096 кВт болатын мотоцикл қозғалтқышы бір сағатта қанша литр бензин жұмсайды? (8 л) 
Қорытынды:
Пайдасы
Зияны
Мәселені шешу жолдары
Экономиканың дамуына ықпал 
етеді;
Қолайлы жағдай жасауға 
көмектеседі;
Адам еңбегін жеңілдетуге,бір 
жерден екінші жерге жетуіне 
көмектеседі
Биосфераны ластайды;
Қоршаған ортаның температурасын
жоғарылатады;
Табиғи байлық қорларын азайтады;
Адам ағзасына әсер етеді
Басқа отын түрлерін ойлап табу;
Қозғалтқыштың басқа түрлерін жетілдіру;
Қоршаған ортаны тазарту;
Автомобиль жүргізушілер мәдениетін 
қалыптастыру
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Математика және Физика журналы

2.Энциклопедия.Сұрақ және жауап

3.Мектептегі технология №5. 2016

4.11-сынып.С.Тұяқбаев,Ш.Насохова,Б.Кронгарт 
* * * * * * * * *
250

«ҰЯЛЫ СЫМТЕТІКТІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ»
Оңтүстік Қазақстан облысы, 
Сайрам ауданы, Ақбастау ауылы
№33 Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебі,
Жетекшісі: Тлегенова Клара
Орындаған: Алтай Султан 9-сынып оқушысы
Зерттеу тақырыбы:  «Ұялы сымтетіктің шығу тарихы»   
Зерттеу өзектілігі: Ұялы сымтетіктің біздің өмірімізге
қажеттігіне  қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, 
қасиеттерін насихаттау. 
Зерттеу болжамы: Ғылыми оқулықтар мен интернет желісі
Зерттеу мақсаты: Ұялы сымтетік туралы мәлметтерді тереңдетіп тұрмыста пайдаланып  жатқан  жаңалықтарды  жеткізу,
одан туындаған ойлардан пайдалы   нәрселер шығару, айналасындағы достарына ой салу
Зерттеу міндеттері:
а) Ұялы сымтетіктің шығу тарихымен танысу
б) Ұялы сымтетік туралы жан-жақты деректер
в) Ұялы сымтетікті пайдаланудың жолдарының орнын түсіну
Зерттеу кезеңдері:  1.Ұйымдастыру кезеңі
а)   Аудандық,   мектептік   кітапханадағы   түрлі   кітаптарда     және   де   басқа   деректерде   кездесетін   мәліметтер,   фактілер,
материалдарды жинақтау және зерттеу
Интернет желісімен тұрақты байланыс орната отырып, құнды деректер базасын жасау
ә) Зерттеу материалдар бойынша қорытындылар мен ой-тұжырымдар жасау
 ІІ. Практикалық кезең
а) Ұялы сымтетіктің жасалу жолдарымен танысу
ә) Ұялы сымтетіктің пайдалануы
б) Ұялы сымтетіктің ерекшелігі туралы деректер жинақтау
     ІІІ. Жалпы кезеңі  Зерттелген тақырып бойынша көрнекілік слайдтар жасау, Зертханалық бұрыш ұйымдастыру
Зертханалық тәжірибелер мен бейнежазбалар

Жұмыс мазмұны
Зерттеу әдістері
1
Ұялы сымтетіктің  маңызы
Ұстаздарымен кеңесу
2
 Ұялы сымтетіктің таңдау ережесі
Тарихи деректер
3
Түрлі ерекше түрлері
Зертханадағы зерттеулер
4
Қолдану әдістері
Медицинада өмірде
5
Ұялы сымтетікпен  байланысты 
денелер
Оптикалық құралдар
6
Қазіргі кездегі қолданыс
Салыстыру
7
Зерттеу нәтижесі
Қорытындылау
1875  жылдың  2 маусымында Бостон университетінің  Шешендік өнер мектебінің   профессоры Грехем Белл ең алғаш
рет байланыстырушы  сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландықтың бұл жаңалығы
тарих бетінде телефон деген атпен қалды.Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген
мағынаны   білдіреді.   Арада   бір   ғасырға   жуық   уақыт   өткенде   ең   алғашқы   ұялы   телефондар   пайда   болды.Иллинойс
технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына
жуығы   күнделікті   қолданып   отыр.  Ұялы   телефонмен   жасалған   алғашқы   нағыз   байланыстың   тарихы   1973   жылдың   3
сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл
Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады.
Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы,
яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын. Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық
станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды,төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі
құрылды.Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп,88 базалық станциядан
тұратын   алғашқы   ұялы   байланыстың   қызметін   бастады.   1997   жылы   әлемде   ұялы   желі   қызметінің   абоненттері   207
миллионды құраған.Бұл жаңалық өндіріске енген уақыттан жиырма жыл мерзім өткен соң ғана,миллиардыншы абонент
тіркелген.Ал   екінші   миллиардыншы   межеге   жетуге   бар   болғаны   үш   жыл   мерзім   қажет   болды.Wireless   Intelligence
зерттеулер   орталығының   мәліметтерінше   келесі   3   миллиардтық   межеге   2010   жылдың   соңында   жететін   боламыз.Ұялы
байланыс қызметі жылдам өркендеп келе жатқан елдердің алдыңғы қатарында Қытай, Үндістан, Ресей, АҚШ, Пәкістан,
Украина келе жатыр. Тұтынушылардың санының артуымен бірге ,ұялы байланыс индустриясы да ерекше қарқын алды.Бұл
үрдістен Қазақстан да шеткері қалмады.Ресейден кейін өзінің байланыс құралын шығаруды қолға алған біздің еліміз үшін
2004 жылдың жөні бөлек.Дәл осы жылы Қазақстандық тұнғыш брендтің нарыққа шығуы  іске асқан болатын.Ханымдар
үшін арналған қазақстандық бұл өнімнің негізгі бренді тайваньдық компаниясына тиесілі болса-дағы, «Жетілік» атауын
алған  марканың  дизайны  мен  мәзірлік  құрылымы   отандық   мамандардың  қолынан  шыққан.Орта   класты   нарыққа  арнап
шығарылған «Жетілік» Софи маркасы Қазақстанның ұялы байланыс индустриясына  енуге жасалған алғашқы қадам еді.
Қазақстанда ұялы байланыс 1998 жылдан бері қолданыста жүр.16 миллион халқы бар Қазақстанның 5миллион 600 мың
тұрғыны ұялы байланыс құралын тұтынушылар санатына кіреді.Болжамдар бойынша 2010 жылы Қазақстанда әрбір екі
адамның бірі ұялы байланыс қызметін пайдаланады. Бүкіләлемдік тәжірибе бойынша ел нарығына енген тауарлар арнайы
сараптама мен сертификациядан өтуге міндетті.Мұндай қызмет түрін ұсынушы жүйе Қазақстанда да бар.
251

Телекоммуникация құралдарын,арнайы сараптаудан өткізетін «Телсет» орталығында шет елден келетін ұялы телефондар
компаниялар   мен   фирмалардың   өтініші   бойынша,сынақтан   өткізіліп,мемлекет   бекіткен   стандартқа   сай   сапасы
анықталады.Бұл   іске   асқан  жобада   тауар  сапасы  30-ға   жуық   өлшемдер  негізінде   анықталады.АҚШ-та  ұялы   телефонды
құнарландырудың жаңа әдісі ойлап табылды.Ол үшін енді велосипед тебу кезінде өндірілген энергия пайдаланылды.
SAR   өлшемі   туралы   жалпы   түсінік.  SAR   өлшемі   –телефонның   сәулелендіру   деңгейінің   қауіпсіздік   деңгейінің
коэффициенті. Ұялы телефон-электрлік құрал. Адамның басқа абоненттермен сөйлесуі ,қысқа хабарлама   жіберуі немесе
жай ғана күту режиміндегі телефонда азды-көпті болсын электрмагниттік толқындардың генерациясы жүріп тұрады. Осы
үдірісті тудыратын қабылдаушы антенна болып табылады.Ал телефонды құраушы басқа құралдардың зияны қызығушылық
тудырмайды,себебі өте аз.Ұялы телефонның бойындағы электромагниттік толқындар электромагниттік сәулелерді шашады.
Электромагниттік сәулелер жоғары жиілікті электрлік және магниттік өріс тарапынан туындайды.Осы сәулелену кез келген
органикалық   немесе   бейорганикалық   затқа   әсер   етеді.Көп   уақыттан   бері   электромагниттік   толқындарды   өз   пайдасына
асыруда.Оларсыз коммуникация әлемін елестету қиынға соғатыны сөзсіз.Радиостанциялар ,көрсетілім,байланыс тірегі осы
электромагниттік   толқындар.Оларды   қазіргі   таңда   медицинада   да   кеңінен   қолдануда.Мысалы   ретінде   рентген,УЗИ-ді
қарастыруға   болады.Олар   әкелетін   зияннан   пайдасы   көбірек   болады,ал   ұялы   телефонның   жағдайы   басқа.Біз   ұялы
телефонды құлақ тұсына қойған кезде телефон мен адамның басы арасында электромагниттік орта пайда болады.Оның
әсерінен   мидың   жасушалары   біртіндеп   қызады   .Ол,әрине   адам   жүйкесіне   әсер   етеді.Адамда   ең   алдымен   стресс   пайда
болады,жүйке жүйесі біртіндеп тозып,протеиндер бөліне бастайды. Протеиндер –адам ағзасында болып жатқан химиялық
реакцияларға   қатысып,зат   алмасу   процестерін   жылдамдатады.                 Осы   факторлар   әсерінен   ұмытшақтық,бас
ауру,агрессия,тіпті рак ауруы пайда болуы мүмкін.Сонымен, ұялы телефонның  адам ағзасына тигізетін зияны  белгілі жайт
болды.   Қоғамның     реакциясы   «қауіпсіз»     телефондарды   міндеттеді.     Белгілі   бір   уақытта     ұялы     телефонның   зиянды
сәулелендіруін  анықтайтын параметр  қажет болды.  Солай SAR ( Spekific  Absortion Rates- ағылшынша меншікті  жұтылу
коэффиенті) пайда болды. Ұялы  телефондарда  SAR-дың  деңгейі  әлемдік  стандаттар бойынша 0,8 Вт/кг-ға тең, л 2001
жылға дейін  ол 2 Вт/кг-ға тең еді....          
  Ұсыныс:    Осы жобаны әрі қарай дамыту
   Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Математика және Физика журналы

2.Энциклопедия.Сұрақ және жауап

3.Мектептегі технология №5. 2016

4.11-сынып.С.Тұяқбаев,Ш.Насохова,Б.Кронгарт
 «ҒЫЛЫМДАР ПАТШАСЫ МАТЕМАТИКА» 
                                                                                                                  
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам  ауданы  Қарабұлақ ауылы
№41 Жамбыл  атындағы  жалпы  орта 
мектебі  11-сынып  оқушысы  
Абдикаюмова  Шахноза  Бахтияровна
                      
 Мұғалімі: Шаюсупова  Зульфия  Абдикайимовна
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез
деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық. Абай
               Математика... Сені жұрт «ғылымдар патшасы» деп құрметтейді. Ал мен үшін сен биік шың болып алыстан көз
тартасың. Кейде сенің ұшар басыңа қиялап қыран, өрмелеп жылан шыға алмай жатады. Саған талпынып биігіңе жетсе,
көлеңкеде емес, күн көзі шыжғырып тұратын күнгейден көрінуі  керек! Ал мен биік шыңның шынарында тұрмасам да,
тырбанып алға ғана ұмтылып, өрмелеп жатқаныма мәзбін. Шыңыңа жетермін бе, әлде жетпеспін бе?
        Жалпы адамзат тарихына үңілсек, математика ғылымының кіндігі де, тұсауы да кесілген жер – ертедегі Шығыс, яғни
ежелгі Египетте, Финикияда, Қытай мен Индияда, екі өзен аралығындағы Вавилонда алғашқы математикалық тұжырымдар
пайда болған. Сайын далада көшпелі ғұмыр кешкен біздің ата–бабаларымыз үшін де математика ғылымы жат болмаған.
Қазақ – тумысынан математик, дарынды да қарымды халық. Оған ешкімнің дауы болмаса керек. Қай дәуірді алсаң да,
қазақтың қайраткерлері айбынымен де, айбарымен де, ақыл-парасатымен де, қарым-қабілетімен де дараланып тұрады ғой.
Ғылымды   өмірінің   мән-мағынасына   балаған,   мамандығын   ар   туындай   ұстаған   Асқар   Жұмаділдаев   «Қазақ   балалары
математикаға өте қабілетті келетіні рас. Қазақ – ілім-білімнің кез келген саласына бейім халық. Оның бір себебі – біздің
ұлтымыздың өз тарихында көп сұрыпталғанынан. Небір алапатқа ұшырадық. Мұндай құбылыс адам бойында ширығуды,
өмірге, қоғамға икемделе өмір сүруге деген ішкі түйсікті оятады. Ішкі түйсік логикаға, ал логика есепке жетелейді», - деген
болатын. Сондай-ақ, ол ертедегі қазақ жылқышыларының алдынан ағын судай жөңкіліп өтіп жатқан үйір-үйір жылқыны
көзбен «іліп» санап үлгеретіні және ойыншы жігіттердің «теңге ілу», «жамбы ату» ойындарында теңгені қапысыз іліп алу не
жамбыны қағып түсіру үшін белгілі бір арақашықтықты, ағызып келе жатқан аттың жылдамдығын, қас-қағым уақытты
асқан   дәлдікпен   есептеп   әрі   тепе-теңдік   сақтауы   қазақтың   асқан   математикалық   интуицияға,   қабілетке   ие   болғанын
дәлелдейтіні жөнінде әдемі пікірін білдірді. Ғалым-математик өзінің осы сұхбатында батырлар жырын қызыға оқып өскен
қазақ баласы ондағы бейнеленетін тұлпарлар шабысына еліктемей тұрмайтынын да айтады. «Себебі бұл – динамиканың,
қозғалыстың көзге көрінбес жері, ықпалы. Динамика – математиканың қозғаушы элементі», - деп тұжырым жасайды. Асқар
Жұмаділдаев ағамыздың осы ой-толғамдарының алдында мен бас ием. Сары далада ұшқан құспен, жүгірген аңмен, жауған
252

жаңбырмен, соққан желмен жарыса өскен қазақ баласының қанында ата-бабаларынан дарыған қисын, логика, динамика бар
екендігіне көзім жеткені рас.
«Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйсінерге жарар ол», - деп Абай атамыз айтпақшы, қазақ жерінде математиканың сүйегін
кемірген ғалым ағаларымыз баршылық. Солардың ішінде ауызға  бірінші  түсетіні – Әлімхан Ермеков. Өткен ғасырдың
басында ерекше зеректігімен көзге түскен ол – қазақ топырағында тұңғыш математик ғана емес, халқының ұлттық мүддесі
үшін күрескен қайраткер.
          Тарих көшінде өзіндік ізін қалдырған тағы да бір екінші тұлға – Сәдуақас Боқаев Хасенұлы. Ол – физика-математика
ғылымдары   бойынша   қазақтан   шыққан   тұңғыш   ғалым.   Өзінің   қысқа,   бірақ   жарқын   да   мазмұнды   өмірінде   математика
ғылымын дамытуға зор үлес қосқан. Сәдуақас ағамыз, өкінішке орай, 1937 жылы репрессияға ұшырап, ажал оғына атылды.
Ол атаның ғана емес, күллі қазақ халқының сүйген перзенті болып қала бермек.   Осы заманда математика ғылымының
Қазақстанда   дамуын,   әлемдік   аренаға   шығуын   сөз   етсек,   академик-ғалым,   Қазақстан   Мемлекеттік   сыйлығының   иегері
Орынбек   Жәутіков   Ахметбекұлының   есімі   еріксіз   ойға   келеді.   Оның   физика-математика   ғылымдарына   сіңірген   еңбегі
өлшеусіз. Орынбек Жәутіков – ардақты есім!
        Қазіргі кезде еліміздің жас математиктері көптеген халықаралық білім сайысында жоғары жетістіктерімен көзге түссе, 
көш бастаған профессор-ғалымдарымыз тың ғылыми жаңалықтарымен барша әлемдік қауымдастықты таңғалдырып, қазақ 
халқын қуантып жүр. Солардың ішінен ең көп шәкірт тәрбиелеген ғалымдардың бірі, академик, Мемлекеттік сыйлықтың 
иегері, әйгілі Штурм-Лиувилл операторының әмбебап формуласының шешімін тапқан Мұхтарбай Өтелбаев ерекше көзге 
түседі. Ал менің жан-дүниемді ерекше тебіренткені – отыз жылдан бері шешілмей келген, «Нобель» сыйлығының 
иегерлерінің өзі шығара алмаған Нагата есебінің түйінін тауып, айды аспанға бір шығарған Л.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университетінің профессоры Уалбай Үтмаханбетұлы Өмірбаев. Жанкешті еңбекқорлығы мен ұғымтал зеректігінің 
арқасында қазақ ғалымын бүкіл әлем мойындады. Оның ғылыми шығармашылығына пікір жазған 19 адамның 17-сі 
шетелдік ғалымдар. Бұл қазақ ғалымы Уалбай Өмірбаевтің және Қазақстандағы математика ғылымының жоғары әлеуетін 
көрсетсе керек. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Байғанин өңірінен шыққан математик-ғалым Кенжеғали Кенжебаев 
ағамызды қалай мақтаныш етпейміз!? Бүгінде ол басқарып отырған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университеті 
– математика ғылымының елімізде дамуына үлес қосып отырған санаулы оқу орындарының бірі. 
Бұл туған жерімнің қай түлегіне болмасын мақтаныш ұялатары сөзсіз. 
Сондай сирек ұшырасатын ірі де іргелі тұлғалардың бірі – Асқар Жұмаділдаев. Ол туралы сөйлеу аса қиын. Өйткені, ол – 
қыр-сыры мол, жан-жақты жүйрік. Сондықтан да шығар, көптеген ғұмырнамалық кітап жазып жүрген аға-апаларымыздың 
осындай қазақтың маңдайына біткен дара ұлы туралы естелік кітап жазбайтыны! Бәлкім жазылар, жазылып жатқан да 
шығар, том болып тарихта қалар. Оның есімі қаршадайынан қазаққа таныс, ал қазір ол әлемдік деңгейде танымал. Оның 
әңгімесіне құлақ түрсем, бейне бір шетелдік адамды қазақ тілінде тыңдап отырғандаймын. Мені тәнті еткені – осы, яғни 
әлемнің айтулы елдерінде айлап емес, жылдап қызмет етсе де, ана сүтімен бойына дарыған тіліне жетік, қылаудай кір 
шалдырмағаны. «Ақын жанды болмаған адам математик те бола алмайды», - деп айтқан орыстың ұлы математик қызы 
София Ковалевскаяның осы сөзі Асқар ағамызға арналғандай.
   Түнгі аспанда бір шоқ жұлдыз ерекше жарқырап көрінсе, қазақтың математик ғалымдары да әлем көгінде оқшауланып,
нұрлы сәулесін шашып тұратындай маған әсер қалдырады. Олардың төккен сәулелерінің соңынан ерген шәкірттері білім
мен ғылымның нәрін бойларына сіңіруде. Бұған олардың әлемдік деңгейде қазақтың намысын қорғап, жеңімпаз болып,
жүздеп жүлдегер атанып, алтыннан алқа тағып келуі  дәлел. Қазақ ғалымдары математика ғылымының өсіп-өнуіне  үлес
қосып, өзінің айшықты  ізін қалдыра білді. Математиканың менің елімде өрісін тауып  отыруы  Қазақстанның қарқынды
дамуына жол ашып, алдыңғы қатарлы экономикасы мықты ел қатарынан табылатынына сенемін. Өйткені, математика –
дүниені түлететін, жаңартатын, ел мерейін өсіретін ғылым. «Өз жұртына жұмыс қылып, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу
– елдіктің белгісі», - деп белгілі арысымыз Халел Досмұхамедұлы айтпақшы, ғалымдарымыз еңбегімен халқымыздың зор
құрметі мен сүйіспеншілігіне бөлене берсін! Жаса, жарқырай бер, математиканың жарық жұлдыздары!
* * * * * * * *
ҚИЯРДЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы
«Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ
2 «Ә» сынып оқушысы Умурзақ Қадірберген Болатұлы.
Мұғалімі Айтмуратова Замира Нураллаевна
Бағыты: Табиғи орта    Секция: Қоршаған ортаны және адам денсаулығы
Қиярдың емдік- шипалық қасиеттерін Антик дәурінде-ақ білген. Гиппократ жас қиярдың жемісін өкпе ауруын емдеу
үшін тағамға көбірек пайдалану пайдалы деп есептеген. Қияр жемісіндегі пайдалы калий элементі (148 мг%) адам ағзасынан
артық су мен ас тұзын шығаруға әсерін тигізеді және жүрек тамыр жүйесінің нығайуын күшейтіп жақсартады. Қияр жемісін
тағамға пайдаланғанда атеросклерозға, толысып семіруге, қан қысымының көтерілуіне қарсы қолдануды ұсынады, сондай –
ақ асқазанды жеңілдетіп босатуға, өт пен зәр жүргізуге жақсы әсерін тигізеді. Адам ағзасының буындарында тұз жиналғанда
қиярды бал немесе қант қосып тағамға пайдалануды ұсынады. Қияр жемісінен алынған жас шырынды ішу де өте пайдалы.
Қияр жемісінің шырынындағы болатын органикалық қышқылдарды басқа дақылдардың құрамынан кездестіруге болмайды,
сондықтан осыны ертедегі Римдіктер зәм – зәм суына теңестірген.
  Қиярдың дәрілік қасиеттері адамға ежелгі заманнан мәлім. Мысалға, Х- ғасырда жазылған «Прохладный ветроград»
атты орыс кітабында қиярдың шырыны өте пайдалы деп айтылған. Халық медицинасында ішек – қарын, асқазан шаншып
ауырғанда тыныштандыратын, әрі ауруды басатын дәрі ретінде қияр шырынын ұсынады және шеменді жүрек ауруларына
байланысты  ісінгенде  емдеуге  пайдаланылады.  Жоғарғы тыныс   жолдарына,  жөтелге  қарсы  қияр шырынына  бал  қосып
ішкенде   жақсы   әсер   тигізетінін   анықтаған   (2-3   ас   қасықтан   тәулігіне   2-3   рет).   Қиярдың   шырынын   ауыр   қол
жұмыстарындағыларды   инфаркті   миокардадан   сақтандыру   үшін   өте   пайдалы   деп   ішеді,   оның   үстіне   ол   нерв   жүйесін
тыныштандыруға және оны нығайтуға әсерін тигізеді деп тұжырымдайды. Тәулігіне 100 мл қияр шырынын ішуді ұсынады.
253

Осыны басқа қара қарақат, алма, қызанақ (2:2:1) және (20:1) шырындарымен қосып пайдаланғанда әсерлік күштері арта
түсетіндігі анықталған.
 Кавказ халықтарының медицинасында пісіп жетілмеген қияр жемісінің және сабақ – жапырақтарының қайнатпасымен
сары ауруды, бауырдың ауруын емдеуге ішкенді ұсынады. Қияр тұқымдарының қайнатпасын бүйрек және қуық ауруларын
емдеуге сүргі дәрі ретінде пайдалануды ұсынады. Жас қияр шырыны емдік – сақтандырғыш және әдемі – сәндік дәрісі
ретінде жоғары бағаланады: бет терісін ағартуға, уылжытып тонусын жақсартып, оған күліңгір барқат түс беруге әсерін
тигізеді және осымен қатар бөртпелерді, секпілдерді, безеулерді, пигмент дақтарын жоюға жақсы әсерін тигізеді.
 Соңғы кездері қияр жемісінен және басқа да асқабақ тұқымдас дақылдардан табылған кукурбитационды паталогиялық
ткань   рак   ауруының   өсіп,   тарауын   тоқтататын   мүмкіндігі   анықталды,   осыған   байланысты   жаман   ауруды   емдеуге
пайдалануда.  Қиярдың  тамырынан   алынған сығындысын  СПИД-тың  дамуын   тежеп,  тоқтататындығы  мерзімді  баспасөз
мәлімдемелерінде   жарнамаланып   жүр.   Қазіргі   медицина   мамандарының   тұжырымдамасында   қиярдың   құрамындағы
никотин   сияқты   зат   бар,   темекі   тартуды   қойғысы   келгендерге   қиярдың   жас   жемістерінен   бастап,   маринадталған,
консервіленген   және   т.б.   тағамға   пайдалануды   ұсынады.   Осымен   қатар   тағы   да   осы   зат   альцгеймер   ауруына   қарсы
тұратындығының   анықталғанын   қорытындылайды.   Қияр   жемісіндегі   күкірт   шаштың   түсуінен   сақтандырады,   тістің,
тырнақтың   жағдайын   жақсартады   дейді   мамандар.   Қияр   жемісінің   тағы   бір   құндылығы   құрамындағы   йодтың   жеңіл
сіңірілуінде, ал осы микроэлемент қалқанша безінің жақсы жұмыс жасауын қамтамасыздандыратындығы анықталған. 
Арықтаудың ең оңай түрі - қияр жеп арықтау, - дейді.Бүлай арықтау еш қиындық тудырмайды. Жасыл қияр дәмді ғана 
емес, денсаулыққа өте шипалы.Қияр ағзадағы зат алмасуды реттеп, ішектерді тазалап, теріні нәрлендіреді. Қиярдың 
құрамында калорий аз болады, сондықтан ол майлы тағамдардың ағзаға екі-үш сағатта сіңіп кетуіне мүмкіндік жасайды. 
Сонымен қатар, көкөністің бүл түрі -белгілі мөлшерде ағзаға қажетті дәрумендерді береді. Қияр жеп арықтауды қолға алған 
адам, үш күннен соң, артық салмақтан арыла бастағанын байқайды.
Қарапайым қиярдың күнделікті пайдасы 
Ауыр жұмыс күнінен шаршап келдіңізбе? Кофені қоя тұрыңыз. Тоңазытқыштан бір балғын қиярды тазалап, жеп көріңіз.
Құрамындағы В дәрумендер топтамасы көмірсүтектер сізді бірнеше сағатқа энергиямен қамтамасыз етеді.
 Кішкене әжім мен целлюлитке қарсы қымбат кремдерді алудың қажеті жоқ. Қиярдың бір тілімімен теріңізді сүртуді әдетке 
айналдырсаңыз , келешекте бұл сіз үшін қиын мәселе болмайды . Қияр құрамындағыфитохимиялық заттар теріні берік 
қылып , целлюлит пен әжімдерден сақтап қалады .
Кешке отырысқа барып, көп қыдырып, шаршадыңыз ба
 Ұйқы алдында бір қияр жеп алыңыз. Ол ағзаңызға қажетті мөлшердеқант , дәрумендермен электролиттер береді . соның 
арқасында таңертең көзіңіз іспей , басыңыз ауырмай оянасыз.
Үйге шаршап келдіңіз бе?  Қиярды текшелерге бөліп, қайнап тұрған суға бір қайнатыңыз . Осы судың буымен дем алсаңыз
, қиярдағы пайдалы заттар бумен беріліп , бойыңызды сергітеді.
Жағымсыз иістен қалай құтыламыз?  Түскі астан кейін қол астыңызда сағыз табылмады ма? Қиярдың бір тілімін 
тіліңізбен таңдайыңызға жабыстырып, осылайша 30 секунд тұра тұрыңыз. Осылайша ауыздағы жағымсыз иісті қоздыратын 
бактерияларды өлтіресіз. 
Бас ауруынан құтылу үшін,бірнеше тілім желінеді. Шаршағаныңызды тез арада басу үшінбір қияр, кофеден, шәйдан немесе 
сусыннан жақсырақ.  Шиеленіс пен қалжырағандық сезілгенде, қайнаған судың ішіне бір қиярды жіңішке тілімдермен кесіп 
салып, бөлмеге қойылады.
Аяқ киім кремі бітіп қалса; аяқ киімді кесілген қиярмен сүртуге болады.
 Шұңғылша (раковина) мен айналарды тазалау үшінбір тіліммен ысқылауға болады.
Құрт-құмырсқа үшін:бірнеше тілімді алюминді табаққа немесе қабыршық қағазға (фольга) немесе топыраққа 
орналастырылады.
 Қорыта айтқанда, адам ағзаларының қалыпты қызмет етіп, қолайсыз жағдайдан қорғаныштық қасиетінің арта түсуінде 
қиярдың орны ерекше.
* * * * * * * * 
«ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМЫ – ҚҰРТТЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ПАЙДАСЫ»
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы
«Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ
3 сынып оқушысы Тебердиева Келимат Рамазанқызы.
Мұғалімі Аксутова Зауре Жанарбековна
Ғылыми жоба «Қазақтың ұлттық тағамы – құрттың адам ағзасына пайдасы»
Бағыты: Қазақтың ұлттық тағамы – құрттың адам ағзасына пайдасы
Секция: Адам ағзасына пайдалы ас
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел - жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас – адамның
арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың
орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас
екен, алмыс, күміс тас екен», «асты қорлама құстырар» деген сес, ескертпелер мен мақал - мәтелдер де куә бола алады.
Қалай айтылса да, қай заманда айтса да халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн - жосығын да, оны дәмді етіп
әзірлеудің көзін, кезін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен жайсаңдарды құрметтеу де, өздерінің
мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын білдіру де, ел дәулеті мен қарым - қабілетін, түсінігін
танытуды да, қазақ кең дастарқан арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Осы жолда тұшымды сөз айтып, дәмді тағам
берумен бірге оның таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда болған. Сырттан келген кісілер де елді осы қонақасы
берудің   жолы   мен   жөні   арқылы   сынап,   бағасын   берген.   Демек   ұлт   мәдениетінде   тамақ,   дәм   татыру   –   экономикалық,
дипломатиялық және тәлім - тәрбиелік қызмет атқарған. Бұл істе әрине, қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі шетелдерде
ерте заманнан - ақ аңыз болып тараған. Қазақ қонақасы беруде  қонақ таңдауды,  басқа ұлт, дін өкілдері деп бөлуді  де
254

білмеген, төрге шығарып ашық қабақ танытқан, достық көңілін көрсеткен. Шаршағандарына, мұқтаждарына ат, ас, көлік
сыйлай да білген. Ас, тамақ дайындауды қазақ әйелдерге жүктеген. Қазақ әйелдері тағамның алуан түрлерін дайындауымен
бірге   қыста   да,   жазда   да   оның   таза   әрі   бұзылмай   сақталуының   әдіс   -   тәсілдері   мен   жолдарын   да   таба   білген.   Бұл
қағидаларды   әйелдер   ұрпақтан   -   ұрпаққа   жеткізіп,   кейінгілерге   үйретіп   отырған.   Мысалы,   олар   етті   ыстап   сақтауды,
қымызды жазда салқын ұстауды,  майды көгертпей күтуді,  басқа тамақтарды да бұзылмай сақталуының  ғасырлар бойы
ұмытылмай келе жатқан байырғы халықтық әдістері мен амалдарын әсіресе ауылдық жерлерде күні бүгінге дейін жеткізді
және оны әлі де қолданып келеді. Әсіресе, қымыз бен шұбатты баптаудың, құрт, ірімшік, ежігей, сары май сияқты жеңсік
тағамдарды дайындауда қазақ әйелдерінің шеберлігі мен өнері үлгі етіп, қалай мадақтауға тұрарлық.
Қазақ   халқы   асты   үш   түрге   бөледі.   Олар   ақ   (сүт   тағамдары),   қызыл   (ет   тағамдары)   және   көк   (жеміс   тағамдары).
Мал   және   онан   алынатын   өнімдер   қазақтың   басты   байлық   қоры.   Соның   ішінде   ұлт   тағамдарының   негізгі   көзі   болып
табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған
жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған.
Және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір
сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі
кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңсік ас қатарына жатады.
Сүт - химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар.
Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық
құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі
тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім
пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар
емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр.
Жобаның негізгі мақсаты:  Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету.
Қазақтың   байырғы   тағамы   құртты   ұлттық   бренд   ретінде   әлемдік   нарыққа   шығару   қажеттілігін
түсіндіру.
Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық. Іші - бауырымыз құрысып - тырысып, көзіміз қарауытқанда, ойбай 
дәруменіміз азайып кетті деп шығамыз. Ондайда банан, киви, апельсин жеу керек деп ақыл айтатындар да табылады.
Осы біздің атам қазақ апельсин көрмей өсті ғой, олар неге құлап, талып қалмаған деп таңғаламыз. Сөйтсек, олардың ішкен - 
жегені нағыз дәрумендердің көзі екен. Көгорай шалғынды жалпағынан басып жайылған сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен 
жылқының қымызы – дәруменнің, күш - қуаттың көзі осылар екен. Дүкендерде сатылатын сырды қазақшалап сыртына 
“ірімшік” деп жазып қояды. Бірақ сырдың дәмі қазақтың қозы қарын қосып қайнатқан ірімшігінің садағасына да 
татымайтынын, әсіресе, ауыл қазағы жақсы біледі. Әңгіме оның дәмінде ғана емес. Ғылыми зеттеулер көрсеткендей, 
сиырдың құрамында, 100 грамға шаққандағы ақуыздың мөлшері 22, 85 - 34, 52% болса, қазақ ірімшігіндегі ақуыздың 
мөлшері 40 - 42% екен. Сыр құрамында көміртегі ары кетсе 4, 52%- тен аспайды, ал ірімшікте ол 10, 93% болады. Адам 
ағзасындағы сүйек ұлпаларының мықты болуы үшін ең қажет элемент фосфор болса, дәстүрлі әдіспен жасалған ірімшік 
құрамында фосфор 0, 51%, ал кальций 2, 3% мөлшерінде кездеседі екен. Ал қуаттылығына келсек, 100 грамм сыр 268, 8 - 
401, 38 қуат берсе, 100 грамм ірімшік 408, 4 қуат береді. Құртымыз да химиялық құрамы мен калориясы жағынан қала 
дүкендеріндегі сүзбені (творог) он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14, 5 - 18, 6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай – 
52, 6%. Ал 100 грам сүзбе 87 - 227 - ге дейін қуат берсе, құрттан 370, 1 қуат алуға болады.
Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. 
Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу 
тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді. Қазақ ырымы бойынша кеппеген 
құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген 
іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі 
күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін - әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып
араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, 
құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақтайшаға, шиге, қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, қызбай 
біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт 
жыл бойына, кейде 2 — 3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін 
немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет.
Ж а с қ ұ р т. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе 
кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық - 
бауырға қосқан.
Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас жуады, сондай - ақ одан тері 
илеу үшін малма жасайды.
Қ ө б і к. Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға калқып беру салт 
болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.
Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған 
сырқаттарға ем саналған.
Сықпа құрт. Мұның қайнатқан кұрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа кұйып сүзіледі де тұздалып, әр түрлі 
үлгімен бөлшектеліп тақтайшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған. Мұндай кұрт жайған әйел 
ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған.
М а л т а. Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып 
суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.
Езген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға 
салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол тиірменге тартылады. Езген құрт — ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және 
кенеулісі.
А қ м а л т а. Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте жұғымды және тез сіңетін тағам болып саналады, оны сол сұйық 
түрінде ішеді.
255

Ұнтақ құрт. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді.
К ұ р т - м а й. Сары майға батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе 
жеңіл - желпі түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындылары да кұрт - май деп 
аталады.
Қорытынды
Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар.
Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Өз сыныптастарымнан құрт 
туралы не білетіндерін сұрастырғанда, біреуі де білмей шықты. Қазақ тілі сабағында сыныптастарымды жобаммен 
таныстырдым. Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да 
осыған көз жеткізді.
Айдар Шалбарбаев құрттың ұлттық бренд бола алатыны туралы ойларын айтты. Мен осы зерттеушінің сөздеріне 
қосыламын. Менің ойымша, құрт Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайық. Құртымыз әлем нарығына шығып қана, 
өз еліміздің балалары осы тағамның пайдасын көре алады деп ойлаймын. Себебі, қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал 
егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағалайды.
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды 
тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.
* * * * * * * * 
КОМПЮТЕРДІҢ ЗИЯНЫ МЕН ПАЙДАСЫ
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы
«Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ
8 «Ә» сынып оқушысы Шолпанкулова Мадина Сагинбаевна.
Информатика пән мұғалімі Ргебекова Кымбат Аманбековна
Қазір   адамдар   қызмет   орнында   да,   үйде   де   компьютермен   жұмыс   істей   береді.   Оның   өмірімізге,   кеңінен   енгені
соншалықты,   бала   біткен   ойыншықпен   емес,   компьютермен   ойнап,   өзінің   өміртанымын   ғаламтордағы   желі   ішінде
қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының
тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор
зиянды әсер алады.
Компьютер   біздің   өміріміздің   бір   бөлшегі   болып   еніп   отырғаны   соншалықты,   біз   тіпті   оны   пайдалану   кезінде   ол
қандайқауіп қатер әкелетінін ұмытып кеттік. Бірақ та, компьютермен жұмыс істеу барысында оқушылар техника қауіпсіздік
ережелерін сақтаса,ол біздің ақылды, сүйкімді,қайырымды досымыз бола алады.
Компьютер-   бұл   бірнеше   түрліденсаулыққа   қауіпті   сәулелерді   таратады.   Көптегенэлектромагниттік   сәулелерді
зерттеулер нәтижелерінде ғалымдар денсаулыққа зияны көп екеніндәлелдеді.
Сонымен қатар компьютер электромагниттік кеңістік тудырады.Ол монитор экранынан зарядталғанағымдағы сәулелер
бөлшектерін   тарату   кезінде   пайда   болады.Электромагниттік   аумақ   әсеріненшаң   және   аэрозолдық   бөлшектері   бетке,
мойынға,   қолға   қонуын   туғызады,  сондықтанбұнын  әсерінен  сезімталадамдарда  аллергия  ,терінің  құрғаушылығы  пайда
болады. Электромагниттік  аумақ  ауаның  ион қабатына  әсер етеді. Монитордыңкинескоп  бетінде  жағымды заряд пайда
болып, ион қабатындағы жағымсыз пайдалы зарядтарды жою әсерінен компьютерлер тұрған бөлменің ауасын нашарлатады.
Мен   оқушыларға   мынандай   сұрақ   қойдым:   оқушылардың   қаншасының   үйінде   компьютермен   жабдықталған?   Мен
өзімнің шағын зерттеуімді жүргіздім, мұнда біздің мектептің 3-11 сынып аралығындағы оқушылардан (42 оқушы), сонымен
қатар мұғалімдер мен басқа мамандық өкілдері (8 адам) сұралды.
Осы диаграммадан сұрағандардың жартысынан көбінің үйінде компьютерлер бар екендігі көрінеді.
Осы   сұрақтан   кейін,   мен   біздің   мектеп   медбикесіне   келесі   сұрақты   қойдым:   оқушылардың   қаншасының   көру
қабілеттілігі нашарлады? (1 кестені қара) Компьютерлендірудің бірінші жылынан бастап ақ компьютер дисплейімен жұмыс
істеген   пайдаланушыда   спецификалық   көз   талу   пайда   болды,   басқалай   оны   «Көздің   компьютерлік   синдромы»   деп
атайды.Оның   пайда   болуының   себебі   бірнеше   және   эволюцияның   милиондаған   жыл   бұрын   адамның   көру   жұйесі
қалыптасқан,  яғни жарық  әсерінен (табиғат, сурет,  баспа  мәтіндері және  т.б) объектілерді қабылдау үшін бейімделген.
Дисплейдегі көздің үйреншікті бақылау объектісінен арнайы жекеленген нүктелердің пикселінен тұрады, (нүктелер белгілі
бір тазалықпен жанып өшеді) бұлдырайды, табиғи түстерге сәйкес келмейді.
256

МАЗМҰНЫ
1.
Құрашова  Набат
2.
Қалиева Әлия
3.
Султанова Жанат Алуадинқызы
4.
 Ерболова   Раушан   Ерболқызы
5.
 Сугирбаева Айсулу Туйежаевна         
6.
Молдаева Гүлзия
7.
Исаева Гүлмира
8.
Тоқашова Дидар 
9.
Қаниева Жаңыл
10. Жусупова Бибигул Талапбаевна   
11. Құлмаханова Мөлдір
12. Ибескиева Нурила  Насировна 
13.  Оспанғалиева  Жаңылсын
14. Сейлханова Доғдырхан Жұмаханқызы 
15. Суйрбаева Айнагул Турганбаевна 
16. Оспанғалиева  Жаңылсын
17. Тумышева Гүлзия   
18. Шынжырбекова Перизат
19. Бапанова  Назым  Токимбаевна
20. Аманқосова   Сандуғаш  
21. Қадырбек Гүлшат Қадырбекқызы
22. Кемелбекова  Бағжан
23. Утелова Жанар  Қуанышбекқызы
24. Нышанбаева  Эльмира
25. Туршабаева Нават Моминовна
26. Асылбекова Дидар Қасымбекқызы
27. Бейбутова Гульнур Амиралиевна
28. Әбзейтова  Элмира  Сұлтанқұлқызы
29. Калыбаева  Жазира Келдибековна
30. Алимтаева  Акмарал  Еркинбековна
31. Манашова   Нұрбану  Мұратқызы
32. Иманбердиева  Карима  Кулахметовна
33. Жолдасбек Жадыра Сейтімқызы
34. Атимтаева МанатЖорабековна
35. Алымтаева Орынкүл Тажибаевна
36. Жусупова Зәуре
37. Маханбетова Перизат Хайимжановна
38. Умарова Зайда Алимжановна
39. Кыдырбаева  Венера
40. Омарбекова  Айгул  Кунтугановна
41. Түметова Акпанар Кошербаевна
42. Ерқасымова Айгерім Қызықбайқызы
43. Мүсан Анар Эсенкызы
44. Рустамбеков Нуриддин Базартаевич
45. Абдишкуров Абдифаяз Абдимавланович
46.  Абдуллаева Дилноза Равшанбековна
47. Қашқынбай Қанат Тоғайбайұлы, Ишанов Ақылбек Миразатович
48. Жанабаева Маржан  Нышанбаевна
49. Кумарова Гаухар Дуйсенбековна
50. Абдыкадырова Бағлан Сериковна
51. Жаксиева Гулбиназ Бактыгожиевна
52. Мулдашева Нурбакыт Нсанбайевна
53.  Искалиева Гулбану Ергалиевна
54. Калиева Алмагул Нұрымовна
55. Айсағалиева Лунара Батыржановна
56. Каражанова Гулзина Абшакировна
57. Шектібаева Ұлжанар  Әтенқызы
58. Елтаева Майра Керімбековна
59. Шектибаева Нурсулу Атеновна
60. Домаева Шахизада Абдикаримовна
61. Асетова Шакизат Тауасарқызы
62. Ахмурзина Алтын
63. Губайдуллин Нурлыбек Сырымович  
64. Мейрхан Алмагул
65. Байтак У. Д.
66. Кадымбергенова Назгуль Рашидовна
67. Актаева Замзагул Лукмановна
257

68. Бурабаева С.Т. 
69.  Какина Ә.М.
70. Мусагалиева Б.
71.  Мырзанова Венера Баубекқызы
72.  Жунербаева Венера Женисбековна
73. Абишева Клара Айткалиевна
74. Жумагамбетова Айнур Тныштыкбаевна
75. Байтұрсынова Гулжанат Айбатқызы
76. Садиров Аян Сейлханович
77. Утегенова Жадыра Маратбаевна
78. Қуанышали Құндыз Ерболқызы
79. Акедилова Жұлдыз Маратқызы
80. Унгарбаева Светлана Ерахметовна
81. Сеитова Баршын Жылкайдаровна
82. Капасова Ардак Жакангалиевна  
83. Құмарғали Гүлнара Ғарапшақызы
84. Кабиева Айгуль Мыктыбековна 
85. Толебаева   Асель   Кульбаевна
86. Мусина Гульзат Нурхановна 
87. Кенжебаева Марал 
88.  Бащегулова Орынкуль Досмаганбетовна
89. Мукангалиева Рая Боранбаевна
90. Мурзагалиева Дарига Мусылманбековна
91. Мусина Шынар Есенгелдіқызы
92. А.А.Секербекова
93. Сапаргалиева  Жанар  Маликовна
94. Танрбергенова Лайла Нургалиевна
95. Маулетова Арайлым Мақсотқызы
96.  Бисенова Гүлжансара
97.  Жұбанова Бибигүл Өмірзаққызы
98. Ж.Мухатова
99. Наженова Кундыз Ибатовна
100. Қыдырова Шынар Жасқайратқызы
101.  Жумашева Айгерим Касымовна
102. Дюсенова  Лаззат   Бекқалиқызы 
103.  Газизова  Аспет Кумаровна
104. Алипкалиева Ансаган Ершатовн Алтаева Жаухар Кабдоллаевна
105. Иманғалиева Айнаш Абылхайырқызы
106. Жетпіс Сән Нұрланқызы
107. Бултихова Гауһар Аманжоловна
108. Утепова Ж.И
109. Сибағатова.М.О
110. Темиргалиева С
111. Капезова 
112. Зайнеденова  Жанаргүл
113.  Мулкашева Рахат Исатайқызы
114. Жумасейтова Лайла
115.  Искахова Айдана Айтжановна
116. Дауытова Айнұр Қуатбекқызы
117. Бектурганова Дамира
118. Абдурасулов Еркінбай Моллаханович
119. Момынова Жулдыз
120. Андасова Индира
121. Қамбарова Күлшат
122. Тәжибекова Камшат
123. Қамбарова Күлшат
124. Сақова Мейізгүл
125. Абдурасулова Мухаббат Асаповна
126. Байназарова Қалима
127.  Анарметова  Нигара  Абдирахмановна
128. Гуламова  Гузал  Мамуржановна
129.   Маханова  Майрамгуль  Шарапатовна
130. Муртазаева  Хуринса  Худайбергеновна
131.  Нуртаева  Санобар  Рахимжановна
132.   Рахимов  Азизжон   Мамуржанович        
133. Эгамбердиева  Кулия  Дуисенбаевна
134. Сагидуллина  Самал  Батырхановна
135. Берикбаев Мақсат Саламатович
258

136.  Абдирайимов  Азизжан  Махаммаджанович
137. Абдирайимова  Саида  Каримжановна
138.    Ахмедов   Ирисдавлат  Джамалович
139. Джаналиева  Клара  Бекполатовна
140.  Канибекова  Хадиша  Тохтасиновна
141.  Муратова  Нилуфар  Махкамовна
142. Турсунбаева  Шохиста  Полатовна
143. Халмуратова   Гулназа  Абдирахимовна
144.  Юлдашбекова  Мухайё  Миракбаровна
145.  Мавланкулова    Нишанай   Хайдаркуловна
146. Османова Гулмира Сайдиганиевна
147. Хайтметова Назира Арибжанқызы
148. Джумабаева Нигора Адашбаевна
149. Умаралиев Хурсанали Бахадирович 
150. Шомансурова Шохиста Абдиламитовна
151. Айтмуратова Замира Нураллаевна
152. Назарбекова Динара Сериковна
153. Ағыбаева Раушан Кожахановна
154. Кокенова Динара Асылбековна
155. Аксутова Зауре Жанарбековна
156. Айтмуратова Клара Кошмуратовна
157. Орақбаева Венера Балтабаевна
158. Естемесова Молдир Айамбековна
159. Пралиева Саним Жанузаковна
160. Молдабаева Лаура Сарсеновна
161. Базелькаламова Алмагуль Насепханқызы
162. Абдуллаева Покиза
163. Шахло Хаджиева
164. Халиева Бағила Ермекқызы. Турсунжанова Ляззат Назиржановна
Оқушылар шығармашылығы
1.
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер орта жалпы білім беретін мектебі. 5 сынып оқушысы 
Тұрсынбай Аршын Арматұлы Жетекшісі Утегулова Карлыгаш Қымызбаевна
2.
Габбасов Нұрлыхан Асылбекұлы, 6-сынып оқушысы. Жетекшісі: Бектенова Лаззат Базарбаевна 
3.
«Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 10 «А» сынып оқушысы Сұлтан 
Арман. Ғылыми жетекші: география пәнінің Жұмадилова Зулфия
4.
Жамбыл облысы «Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Ізденуші: 
Ізбасар Айсара Дүйсенбиқызы 9 сынып оқушысы. Ғылыми жетекшісі: Оразбаева Индира Жандаулетовна биология
пәнінің мұғалімі
5.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі. Ізденуші: Тайжан 
Гүлнар 10 «а» сынып оқушысы Ғылыми жетекшісі: Есалиева Роза тарих пәнінің мұғалімі
6.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақбастау ауылы  №33 Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебі. 
Орындаған: 10-сынып оқушысы  Ибинов Султан. Жетекшісі:  Тлегенова Клара Салыбекқызы
7.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақбастау ауылы №33 Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебі, 
Жетекшісі: Тлегенова Клара.  Алтай Султан 9-сынып оқушысы
8.
Оңтүстік Қазақстан облысы. Сайрам  ауданы  Қарабұлақ ауылы №41 Жамбыл  атындағы  жалпы  орта мектебі  11-
сынып  оқушысы   Абдикаюмова  Шахноза  Бахтияровна Мұғалімі: Шаюсупова  Зульфия  Абдикайимовна
9.
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы «Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын 
орталықпен» КММ 2 «Ә» сынып оқушысы Умурзақ Қадірберген Болатұлы. Мұғалімі Айтмуратова Замира 
Нураллаевна
10. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы «Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын 
орталықпен» КММ 3 сынып оқушысы Тебердиева Келимат Рамазанқызы. Мұғалімі Аксутова Зауре Жанарбековна
11. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы «Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын 
орталықпен» КММ 8 «Ә» сынып оқушысы Шолпанкулова Мадина Сагинбаевна. Информатика пән мұғалімі 
Ргебекова Кымбат Аманбековна
259



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет