Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы,Ақсукент ауылы



Pdf көрінісі
бет15/37
Дата02.01.2017
өлшемі8,22 Mb.
#1000
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы,Ақсукент ауылы
  №47 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Рустемова Айнур
Сабақтың тақырыбы:  Сөз таптары Зат есім.
Мақсаты:  сөз таптарының түрлерін, оларға сұрақ қоюға, сөйлемдегі сөз таптарына талдау жасауға үйрету; таным қабілетін
дамыту, сөздік қорларын, дүниетанымын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік  тәрбиесіне баулу.
Сабақтың   түрі:  қалыпты   сабақ.  Сабақтың   әдіс-тәсілдері:   көрнекілік,   ішін-ара   іздену,   сұрақ-жауап.  Сабақтың
көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
       Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен  таныса да, қоштаса да алады.
Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады.     Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір -
біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ  Үй тапсырмасын тексеру:  38-жаттығудағы   Ребустың шешуін таптық па?Дәптерлерінен тексеріп шығамын.
ІІІ  Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жан-жақты білімдерін тексеру
Сызбаға сүйене отырып  40-жаттығудағы сөздерді  талдау.Сөздерді мағыналарына қарай топтап айтып, оларға сұрақ қой?Әр
топтағы   сөздерге   қойылатын   сұрақтың   әр   басқа   болуы   неліктен   деп   ойлайсың?Сызба   бойынша   сөз   таптары   туралы
білетініңді айт. Анықтаманы еске түсіру.  Зат есім  -   заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің атын білдіреді. Сұрақтары :  Кім?
Не? Кімдер? Нелер?
Сын есім дегеніміз – заттың сынын білдіреді. Сұрақтары: Қандай? Қай?
Сан есім – заттың ретін, санын, мөлшерін, қатарын білдіреді. Сұрақтары:  Неше? Қанша?
Етістік – заттың қимылын білдіреді. Сұрақтары: Не істеді? Қайтті? Жалқы есім дегеніміз -  біркелкі заттарды жекелеп
айтатын атау,  жеке заттарды айтамыз. Сонымен қатар, жер-су аттары, адамдардың аттары, жануарлардың аттары барлығы
бас әріптен басталып жазылады. Мысалы, Алатау, Балқаш. 
114

Жалпы   есім  дегеніміз   біріңғай   заттарды   жаппай   атайтын   атау,   ұқсастығы   бойынша.   Жалпы   есімдер   кіші   әріптерден
басталып жазылады. Мысалы, қыз, қала, құс. 
Ү Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс  41-жаттығудағы  Кестені толықтыр.
Зат  есім
Жалқы есім
Баянауыл
...
Жалпы есім
Адам
өзен
Негізгі зат есім
Көл
орын
42-жаттығу     Жақшадағы   сөздерге   тиісті   тәуелдік   жалғауларын   жалғап,   өзінің   алдындағы   сөзбен   байланыстырып   жаз.
Мысалы:   Кітаптың   беті,   жаңбырдың   суы,   қуыршақтың   көйлегі,   бөлменің   ауасы.43-жаттығуды     Өлеңді   мәнрлеп
оқы.Тәуелдеулі зат есмідерді тап.
ҮІ Қорытындылау  Балалар, бүгін біз не үйрендік? 
ҮІІ   Үйге тапсырма:  44-жаттығу Ребусты дәптерлеріңе жазып шешімін тап? Ребустың шешуіндегі сөзді жекеше, көпше
түрде үш жақта тәуелдеп жаз. 
ҮІІІ Оқушыларды бағалау
* * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылы  № 7 «Бабыр» атындағы 
жалпы орта мектеп  бастауыш сынып мұғалімі  Батирова   Гульчихра  
Математика
3  сынып
Сабақтың 
тақырыбы
Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту және бөлу
Сілтеме
Математика   оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың 
жабдығы
суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Жалпы 
мақсаттар
Оқыту нәтижесі
1.Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту, бөлу амалдарын дұрыс орындау. Шама, қозғалысқа 
арналған есептерді, теңдеуді дұрыс шығару және машықтандыру.
2.Танымдық, өз беттілік жұмыс жасауға баулу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Белсенділікке, ұйымшылдыққа, Отаншылдыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ойын, өзіндік жұмыс, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар.
Сабақтың типі: қайталау.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, дене тәрбиесі, әдебиеттік оқу.
Мұғалімнің әрекеті
                                                             Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу
Оқушыларға кесілген суреттер  үлестіріледі. 
Ынтымақтасты
қ атмосферасы
Балалар, бір – біріңе қарап  жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің 
айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан  дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Үй 
тапсырмасын 
пысықтау
Көбейту кестесін еске түсіру
Үлестірмелі таратпалар
18·40= 8·4·10
72·14 < 72·10 · 4
36·5·10 > 36·15
28·21 < 28·37
160:40=160:4:10
240:24<240:2:6
1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады?(сан шығады)
2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?(1 шығады)
3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?(0 шығады)
4. Санды нөлге бөлуге бола ма?(болмайды)
5. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (Жұп)
6. 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады? (тақ)
7. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз? (көбейту)
Жаңа сабақ
Мағынаны тану
Оқулықтағы есептерді шығару.
Қосымша тапсырмалар.
1 тапсырма. 
Бөлінгіш
230
190
570
810
450
Бөлгіш
5
4
7
90
50
Бөліндінің мәні
46
47
81
9
9
Қалдық
2
3
2 тапсырма. 
115

240+(118-80)*3  650-420:(30*2)
1000-147*2+365   598-(600-89-123)
659-429:3+358    665+225:5-24*4
906:3+235   256*4-236
3.    Есепті түсіндіріп шығару.
1кг = 1000г.                                                      Шешуі: 250 + 150 = 400 (г)  карамель
Карамель - ? , 150г артық        1000г                            250 + 400 = 650 (г) карамель мен ирис
Шоколад - ?                                                                    1000 – 650 =350(г) шок
Жауабы: 350 г шоколад
 Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу тәсілін түсіндір:
56·70=56·(7·10)=56·7·10=392·10=3920
3920:70=3920:(10·7)=3920:10:7=392:7=56
ә) Жазбаша көбейту және бөлу тәсілін түсіндір:
ІV. Қызығушылығын ояту.
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындату.
Дәптермен жұмыс.
1-топ       2-топ    3-топ
Сергіту сәті
Ендi бiз демаламыз,
Айналаны шоламыз.
Қол-аяқты кезекпен,
Оңға-солға созамыз.
Күн шыққанда сүйiнiп,
Бәйшешектей иiлiп,
Бiз тынығып аламыз.
Жиi-жиiжаттығып,
Үлкен кiсiболамыз.
/ Б.Бөрiбаев/
Ой толғаныс
1. Бір ұзақ өмір сүрген қария мен оның шөбересінің жастарын қосқанда 117 жыл екен. Шөбересінің 
туғанына неше ай болса, қарияның жасы сонша жыл. Сонымен қарияның жасы нешеде, шөбересінің
жасы нешеде екенін тап.
2. Ағасы қарындасына 5 дәптер бергенде екеуінде де 12 дәптерден болды. Әуелде екеуінің 
дәптерлері қанша болған?
3. Бір мая шөпті ат 1 айдың ішінде жейді, ал ешкі 2 ай, қой 2 ай жейді. Ал үшеуі қосылып бір мая 
шөпті қашан бітіреді?
4. Менің екі қалтамда 28 теңге бар. Оң қалтамда екі теңгелік қанша болса, сол қалтамда бес теңгелік 
сонша. Сонда әр қалтамда қанша ақша бар?
5. Екі санның қосындысы 462. Бір қосылғыш нөлмен аяқталады. Егер нөлді алып тастаса екінші 
қосылғыш шығады. Бұл қандай сандар?
6. Ұзындығы 156 см лентаны 3 - ке бөлгенде бірінші бөлік екінші бөліктен 18 см ұзын, ал екінші 
бөлік үшінші бөліктен 15 см қысқа. Енді әр бөліктің ұзындығын табыңдар.
7. Райымбек екі таңбалы сан ойлады. Сол санды қосындының мәніне бөлгенде бөлгішке тең сан 
шықты. Ойлаған сан неше?
8. Екі санның қосындысы 111 - ге тең. Екі қосылғыштың біреуі екіншісінен 2 есе көп. Ол қандай 
сан?
Сабақты бекіту
Бүгінгі сабақта біз не істедік? 
Үй тапсырмасы
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау
Бағалау
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.
Кері байланыс
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Манкент  ауылы   №11 «Манкент» атындағы 
жалпы орта мектеп  денешынықтыру  мұғалімі Кулахметов  Бахтияр  Файзуллаевич
Әуелгі байлық — ден саулық, Екінші байлық — он саулық,  Үшінші байлық — ақ жаулық.
Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы,
тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына
байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын
денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті.
Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай жасайтын тәртіптер және организмге зиянын тигізетін әдеттерге
қарсы тәртіптер - гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әр түрлі іс-
әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру,
шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай т.с.с. әсер
етеді. Бұл жағдайда балалардың өзіне қажетті тіршілік ортасын қалыптастыра алмайтындығын ескеру керек. 
116

Сондықтан   бұндай   жағдайларды   қалыптастыру   негізінен   ата-аналарға,   ағарту   жұмыстарын   ұйымдастырушыларға,
педагогтарға   байланыстыі.   Яғни,   баланың   болашақтағы   мінез-құлқы   оның   сәби   кезінен   бастап   тіршілік   ортасына
байланысты болады.
Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым
шегу   салауатты   өмір   салтын   қалыптастыруға   жан-жақты   кедергі   келтіреді.   Зиянды   әдеттер   көптеген   аурушаңдықтың
қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді.
Қазіргі кезде, жоғарғы сынып оқушыларына жүргізілген эпидемиологиялық тексерулер шылым шегу, шарап ішу, анаша
пайдалану жастардың арасында кеңірек таралып бара жатқанын көрсетеді. Әсіресе маскүнемдік бірінші орынға шығады
екен. Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең - жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар
маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы  қалыптасады, екіншіден
жаңа   көзқарас,   қажеттіліктер   қалыптаса   бастайды.   Психологиялық   қайта   құрылу   дискамфорттық   жағдайлардың   пайда
болуының   себебінен   қиын   қалыптасады.   Жасөспірімдердің   мінез-құлқы   тұрақсыздықпен,   жылдам   жәбірленгіш,
өкпешілдікпен сипатталады. Осы кезеңде жолдастар тауып, топ құрып жүру қажеттілігі жоғары болады. Сонымен қатар,
жасөспірімдер тобында өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу,  көптеген қиын жағдайларды
шешу тәсілдері қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі артып, ата-аналары мен
педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-
құлқына  кері әсер етуі  мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға  мәжбүр ету олардың қарсылығын туғызып,  өз
бетімен кетуіне әкеліп соғады.
Бұл   жағдайлардың   бәрі   алкогольдік   ішімдіктерді   оңай   табуға   болатындықтан   және   алкогольдік   әдет-ғұрыптар   мен
дәстүрлердің кең таралуынан туындайды. Әсіресе, ішімдікті жаңа бастап жүрген өте араласқыш, әзілқой, әрнәрсенің түйінін
жылдам шеше білетін, өжет бастығы бар алкогольдік топтарға, жылдам үйір болады.
Шынайы өмірдің қиыншылығынан қашу да балаларды алкогольдік топтарға әкелуі мүмкін. Яғни, негізгі іс-әрекеттеріне
(оқу-жұмыс)   қанағаттанбау,   істеген   жұмыстардың   нәтижесінің   шықпауы   т.с.с.   Осындай   жағдайлардан   өте   маңызды
психологиялық   механизм   жасауға   болады:   тіршілік   түйткілдері   мазасыздандырып,   күткен   жетістіктеріне   жете   алмаған
жасөспірімдер   алкогольдік   топтарға   «ауысуң   арқылы   қалыптасқан   нормалар   мен   құндылықтарға   өзінің   қарсылығын
көрсетеді. Сонымен қатар, ішімдікке қойылған қарсы талаптарды да бұзады.
Зиянды әдеттердің алдын алудағы маңызды бағыт - жасөспірімнің жеке адам болып қалыптасуына, оның қажеттілігінің,
сұраныстарының жоғарылауына, адамзат баласының қастерлейтін мәдени құндылықтарына көзқарасын, яғни жасөспірімнің
рухани денсаулығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Жасөспірімдер   арасында   алкогольге   қарсы   ағартушылық,   тәрбиелік   жұмыстар   жүргізу   -   ішімдікке   қарсы   арнаулы
профилактикалық   тәсілге   жатады.   Мектептерде   алкогольге   қарсы   тәрбие   жүргізген   кезде   төмендегі   принциптерді
басшылыққа алған дұрыс:

- Мектеп оқушыларын ерте жастан алкогольге қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру. Алкогольге жеке көзқарас 9-10
жастың өзінде қалыптаса бастайтындықтан, ішімдікке қарсы тәрбиені бастауыш сыныптардан басталғаны жөн;

-   Алкогольге   қарсы   тәрбие   мен   ағартушылық   бір   бағытта,   бірізділікпен   жүруі   қажет;   мұнда   оқушының   жас
мөлшеріне   сәйкес   қарапайым   мысалдан   бастап,   ішімдікке   байланысты   қоғамға   да,   өзіне   де   келтіретін   зор   кесапатты
түсінідіру арқылы ішімдіктің зиянын ашып беру керек;

- Ішімдікке қарсы жұмысты балалар арасында қойылған фазалар мен кезеңдерге сәйкес жоспарлау;

- Ішімдікке қарсы жүргізілген жұмыстарда оқушылардың әр түрлі жас топтарының психикалық ерекшеліктерін
ескеру;

-   Оқушыларды   ішімдікке   қарсы   тәрбиелеп,   қалыптастыру   жұмыстары   гигиеналық   және   әдет-ғұрыптық,
эмоционалдық және мазмұндық аспектерге сәйкес келуі тиіс;

- Балаларды әлеуметтік-гигиеналық пайдалы белсенділігін жоғарылату, толыққұнды демалыстар ұйымдастыру;

- Алкогольге қарсы жұмыстарды кешенді жүргізу. Педагогикалық ұжымдар мұндай жұмыстарды жанұялармен,
маман дәрігерлермен, соның ішінде наркологтармен, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп жүргізгені тиімді.

- Жоғарғы сынып оқушыларын алкогольге қарсы жұмыстарға белсене араластыру. Оларға ішімдікке қарсы ағарту
жұмыстарын жасату. Мұндай жұмыстар жоғарғы сынып оқушыларымен қатар бастауыш сынып оқушыларына да пайдалы
болады.   Өйткені  бастауыш   сынып  оқушылары   өзінің  ата-анасымен,   мұғалімдерінен  гөрі  жоғарғы  сынып   оқушыларына
көбірек сенеді.
Жасөспірімдер аудиториясында алкогольдің ішкі ағзаларға тигізетін зияны туралы дәрістер онша тиімді емес. Мұндай
орталарда   алкогольге   қарсы   жұмыстар   балалар   мен   жасөспірімдер   үшін   қажетті   құндылықтарға,   яғни   оның   қабілетін,
мүмкіндігін ашу, олардың жанұядағы, балалар арасындағы, қоғамдағы орнын тауып беруге бағытталғаны дұрыс.
Ішімдікке   қарсы   жұмыстың   мазмұны   мәнді,   түсінікті,   адамзат   баласының   қажеттіліктерін   дұрыс   қамтитын   терең
ұғымға негізделуі керек. Балалардың салауатты өмір салты көбінесе ата-аналарының тіршілігіне, өзі тәрбиеленіп отырған
ортасына   байланысты   болып   келеді.   Балалар   мен   жасөспірімдердің   салауатты   өмір   салтын   қалыптастыруды,   олардың
белгілі жас-жыныс, ұжымдық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізген тиімді болады.
Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде жарықтандырылу тәртібі барлық бөлмелердің, әсіресе негізгі бөлмелердің
сандық және сапалық жағынан ұтымды жарықтандырылуын қарастырады. Балалар мекемелерінің жарықтандыру тәртібін
көру   қызметінің   дұрыстығын   сақтау   проблемасынан   бөліп   қарауға   болмайды.   Негізгі   бөлмелердің   жарықтандырылу
жағдайы оқу-тәрбие кезінде жалпы және көру қызмет-қабілетінің сақталуына жағдай жасап, көздің қажуының алдын алып,
соған сәйкес болатын көрудегі ауытқулардың, жеке алағанда алыстан көрмеушіліктің дамуына жол бермеу керек.
Табиғи   жарық.   Балалар   мен   жасөспірімдер   мекемелерінде   табиғи   жарық   көптеген   нормалық   көрсеткіштермен
сипатталады. Олардың ішіндегі ең негізгілері: ғимараттың учаскесінің дұрыс орналасуы, негізгі бөлмелердің бағыты, табиғи
жарық   коэффициентінің,   жарық   коэффициентінің,   тереңдік   коэффициентінің   жеткіліктілігі.   Негізгі   бөлмелердің   табиғи
жарықтануына қойылатын талаптар: жеткіліктілігі, біркелкілігі, жұмыс орнының жарқырамауы, көлеңке түспеуі, бөлменің
ысымауы. Бұл жағдайлардың орындалуы мекеменің құрылысы (қайта салынуы) кезінде жүзекге асырылады. 
* * * * *
117

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылы  № 7  «Бабыр» атындағы 
жалпы орта мектеп  бастауыш сынып мұғалімі  Шаазимова   Мавжуда Анваровна
Сабақтың тақырыбы
10 мен 100 сандарына көбейту  және бөлу.
Сілтеме
Математика   оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
а)Оқушыларды ауызша  көбейту және бөлу,  10-ға, 100-ге көбейту және бөлу әдістерімен
таныстыру.
ә)   дамытушылығы:оқушылардың   ойлау,   есте   сақтау,   логикалық   есептер   шығару
дағдыларын дамыта түсу, таным белсенділіктерін арттыру.
б) тәрбиелігі:оқушыларды алғырлыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі:есептеу, талдау, топпен жұмыс.
Көрнекілігі:слайд, топшама, интерактивті тақта
Сабақ түрі:жаңа білімді енгізу, аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс:дүниетану
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
                                     Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу
Екі топқа бөліп отырғызу, топ аттарын таныстырады.
1топ- «Қосынды» тобы       2топ- «Айырма» тобы.
Ынтымақтастық 
атмосферасы
Балалар, бір – біріңе қарап  жымиыңдар, жайланып отырып, 
көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан  дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Оқушылар бір-біріне 
жақсы тілек тілеп, 
сыныпта жақсы ахуал
қалыптастырады.
Қызығушылықты ояту
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.Бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап: «Жұмыла көтерген 
жүк жеңіл» -Кел,бірігейік!-дейміз.
-ҚР тәуелсіздігіне 24 жыл. Жұлдызды 20 күн Шаңырақ күні.Тәуелсіздік жылдарында 
салынып жатқан құрылыс нысандарына байланысты.
- Қай жерде көбірек құрылыс жүріп жатыр?
-Астанада.
-Ендеше, Астананың көрікті жерлерін сурет арқылы бірге тамашалайық.
2-слайд.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
№1 карточка
45-(5+2)х3 100-35:(5+2) 35:7+63:9
9+(3+6)х9  9х8+54:9 45:9х6
ә)Топшамамен жұмыс
4х6 5х6 48:6 3х8 7х9
36:4 8х6 27:3 81:9 6х3
Ақ Орда 
ІІІ.Жаңа сабақ.Оқулықпен жұмыс.
6 слайд.Т1.Ауызша.
1х10=10 4х10=40 10х10=100
10х1=10 10х4=40 100:10=10
10:10=1 40:10=4
 10-ға бөлгенде сан қалай өзгереді?
ә)Есептеуді түсіндір.
10х2 15х10
2х10 10х15
20:10 150:10
20:2 150:15
7слайд. Парламент үйі.
Т.2Ауызша.Есептеуді қарап шық.
100-ге көбейткенде сан қалай өзгереді?
100-ге бөлгенде сан қалай өзгереді?
100х3= 300:100=
300:3= 3х100=
1. Көбейтуді орында: 
45 × 50 = 
380 × 24 
473 × 30 = 
32 × 46 = 
2. Бөлуді орында: 
450 : 50 = 
360 : 80 = 
483 : 3 = 138 : 46 = 
Ереже. Нөлге аяқталатын сандарға көбейту және бөлу.
Т.3.Ауызша.Қалып қойған сөздерді орнына қой.

көбейткішке бөлу керек.
Жаңа сабақ
Сергіту сәті
Ой толғаныс
Сабақты бекіту
Үй тапсырмасы
118


бөлгішке көбейту керек.

бөліндінің мәніне бөлу керек.
Сергіту сәті.
«Бәйтерегім» аспанмен таласады
Ай мен күндей көркіне жарасады.
Құрыш қолды кіл қайсар азаматтар
Астананы тұрғызған, қарашы әні!
Т.4.
2х10 7х10 230:10 10х34 340:10
20:10 70:10 570:10 10х8 400:10
2х100 7х100 83х10 80х10 750:10
200:100 700:100 45х10 10х70 1000:100
200:10 700:10 10х7 600:100 1000:10
Нұр-Астана мешіті
Т.5. Өрнек түрінде жаз. Өз бетіндік жұмыс.
а) 20:5
ә) 20-5
б) 6х4
в) 4х2х5
Париж қақпасы.
Есеп 6.
Демалыс үйінен қайтқаны- 10 автобус}-?бала
Әр автобуста- 15 қыз бала және 23 ер бала
Шешуі: 10х(15+23) =380 (бала)
Жауабы:Барлығы 380 бала.
Үйге тапсырма. №7 164 –бет.
Бағалау
Кері байланыс
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.
Бағалау парақшасын 
толтырады
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам  ауданы  Ақсукент  ауылы
 № 7  «Бабыр»атындағы  жалпы  орта мектеп  бастауыш сынып мұғалімі
Исмаилова Феруза  Мухиддин қызы
Математика
Сабақтың атауы
36 • 2, 2 • 36, 360 • 2,2 • 360, 36 • 20 түріндегі 
көбейту
Сілтеме
Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге
 арналған нұсқаулық
Сабақтың жабдығы
1.Көбейтудің көрсетілген
түрін орындау тәсілдерін үйренуге сөз есептерді, 
теңдеулерді шешуге көмек көрсету.
2.Жылдам ойлауға, уақытты үнемді пайдалануға үйрету.
3.Оқушыларды Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының 
стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі,дене тәрбиесі.
Сабақтың көрнекілігі:Тест тапсырмалары, кесте,сызбалар,Азиада ойынына қатысты 
суреттер.
Жалпымақсаттар
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
1.Топ: «Достық»
 Біздің топ: Достық
 Біздің Ұран: «Егеменді елдің достық игілігі – оқу мен жазу»
2.Топ: «Қазақстан»
 Біздің топ: Қазақстан.
 Біздің ұран: «Қазақстан болашағы – ұрпағында»
Мұғалімнің іс-әрекеті
Ынтымақтастық 
атмосферасы
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен –
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
Үй тапсырмасын сұрау
Үй жұмысы жазылған дәптерлері тексеріледі
Қызығушылықты ояту
Математикалық диктант.
119

 а)Бірінші қосылғыш 80,екінші қосылғыш
17, қосындының мәнін тап.
 ә)Азайғыш 100, азайтқыш 45,айырманың
 мәнін тап.
 б)Бірінші көбейткіш 8,екінші көбейткіш 9,
 көбейтіндінің мәнін тап.
 в)Бөлінгіш 90, бөлгіш 9.Бөліндінің мәнін
 тап.
 г)315-пен 180- нің қосындысын тап
 д)900-бен 450-дің айырмасын тап. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет