Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет23/37
Дата02.01.2017
өлшемі8,22 Mb.
#1000
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37

Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс.
1-топ №1,
2-топ №1ә
3-топ есеп  құру
Сергіту сәті
Кел, балалар, күлейік, 
Күлкіменен түлейік. 
Қабақ түйген не керек? 
Көңілді боп жүрейік. 
Оқушылар сергіп алады
Ой толғаныс
Түймедақ  гүлі  арқылы
Өрнектердің   мәнін  табу
2  тапсырманы  орындау
Семантикалық  картамен  жұмыс
  Өмірде  қолданатын  заттардың  периметрін  табу
Мыс    планчет  телеф    сағат
Сергіту  сәті    балалар  билейді
Өз  саныңды таңда   Үнаған  санын  таңдау       теңдеу  шешеу
Логикалық   тапсырма  Әр  топ  оздерінің  саны   нені  білдіреді  айтады
   5  ,      7,   9.
Топқа  тапсырма
  5-   Көбейткіші  5-ке  тең    өрнек  жазыңдар
  7- Бөлінгіші  7-ге  тең   өрнек  жазыңдар
 9- Мәні   9-ға   тең   өрнек  жазу
  Қатесін  тап     ойыны    Бөлшектерді  өсу  ретімен   орналастыр
   БІРЛІК      сөзі   шығады
Үй тапсырмасы
Оқулықта қалған тапсырмаларды орындау
Күнделіктеріне жазады
5,6  тапсырма
Бағалау
Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды 
бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
* * * * * *
162

Шығыс Қазақстан Облысы, Көкпекті ауданы, Тассай ауылды мекені.
«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ 
Азимбаева Балжан Нурболатовна. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
Семинар, ашық сабақтың тақырыбы “The USA” , АҚШ.\
Plan of the English Lesson. 7
th
  form. (Seminar open lesson)
Theme of the lesson: “The United States of America”.
Objectives: Enlarging general student’s scope about culture and political, geographical position of The USA.
Communicative skills development in the game. Learning new words.
Developing their listening, speaking, reading and writing skills.
Spreading student’s knowledge in History, Geography and County Study.    
Visual aids: The active board, political map of the world, slides, photos, pictures, cards. 
The type of the lesson: Mixed-lesson.

Organization moment:
Greeting. Report of duties. Making absents.
T:  Dear students, today we have got many guests. 
They are from Kokpekty region.
We say them welcome to our lesson. 
I wish you good luck. 
II. Phonetic drill:
I want to live and not to die!
I want to laugh and not to cry!
I want to feel the summer sun,
I want to sing when life is fun.
III. Checking up the home task: What was your home task?
Look at the active board. What can you say about these famous symbols? 
The bald eagle. The eagle represents freedom. 
The statue of liberty is a woman who holds a torch up high. She symbolizes a welcome to a land. 
The statue of liberty is a woman who holds a torch up high. She symbolizes a welcome to a land. 
The American flag “THE STARS AND STRIPES” (50 stars 13 stripes).
IV. Presentation of the new theme: Slide show about “THE USA” 
I’ will divide you into two groups.
At first gave names for each group, please!
The first task: You should draw the picture of your thoughts, opinions about the USA.
The second task: You should do the presentation according these pictures.
The first group / The second group.
V. Game. “Guess these numbers”. 
265,50,13,9000000,45,22,2017,1,2050. What these numbers means?
Open the cards on the desks and answer the questions. 
 Test. What do you know about the USA?

The national symbol of America?

A gift from what country was the Statue of Liberty?

The oldest university in the USA?

What do the fifty stars represent on the American flag?

What place is the center of the American film industry?

American’s National sport.

The largest American sport.

What does American bald eagle symbolize?

Where is Hawaii?

What is the official language of the USA?
VI. Conclusion part of the lesson: Complete the chart below. (sinc vain).
VII. Home work. To prepare a report about main cites and tows of the USA.
VIII. Giving marks.
The lesson  is over, good bye!
* * * * * *
163

Оңтүстік Қазақстан облысы  Мақтарал ауданы  Ынтымақ ауылы 
« №17 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік 
мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі  Қожымбетова Ажар
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г
Сабақтың мақсаты:
1. Дауыссыз к мен г - нің жазылу емлесімен таныстыру, дауысты дыбыс қосылғанда қандай өзгеріске ұшырайтынын 
түсіндіре отырып, сауаттылыққа жетелеу, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету;
2. Ой шапшаңдығын дамыту, берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету, сөздік қорын молайту;
3. Ұлттық тәлім - тәрбиенің асыл нәрін сіңіру, бауырмалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды игеру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау техникасы, ой қозғау стратегиясы, тірек сөздер арқылы 
болжам жасау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер, слайд
Сабақтың барысы:   Психологиялық ахуал .
Оқушыларды шеңберге шақыру. «Менің тілегім» Топқа жеміс суреттері арқылы бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру. «Ыстық орындық» әдісі бойынша  105 -жаттығуды тексеріп,ережені жатқа сұрау.
Жаңа сабақ:
Ой шақыру : «Кезбе тілші» әдісі бойынша жүргізіледі.
1. К  мен г дыбысы қандай дауыссыздарға жатады?  
2. К  –дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
3. Г -дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
Мағынаны тану
108 –жаттығудағы  сөздерді әр топқа бөліп беріп, «Еркін талқылау»  әдісі бойынша топта талдап, ауызша орындау
1.Сөздердегі к,ғ дыбыстарының қалай айтылатынын талқылау.
 2.Қандай буында жазылатынын байқау. 
3.Қатаң,ұяң дыбыстарды анықтау. 
Үкі,түлкі,кеме,жүрек,көрік.   Шеңгел,үзеңгі,сүргі,гүлзар,гауһар. 
109-жаттығуды жеке жұмыспен орындау. Жұмбақты жатқа жазып, шешуін табу.
Өрнектеп,сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын  жөндеп,
Кім көйлек тігетін.  (Тігінші)
Сергіту сәті. «Балапандар» биін орындау
Сабақты бекіту
110-жаттығуды жеке жұмыспен орындау. Сөздерді і дыбысын қосып өзгертіп жазу.
Өрік-өрігі,белдік-белдігі,күрек-күрегі,серік-серігі,көк-көгі.
«Пилот- навигатор» әдісі бойынша жұптық жұмыспен 111-жаттығуды орындау.
Әр жұп өздеріне берілген сөйлемдерді қатыстырып  сөйлем құрайды. 
Мен жидек жедім. Терек ағаштың бір түрі. Атам домбыраға тиек жасады. 
Үйдің терезесінің әйнегі сынып қалды. Жүрек адамның дене мүшесінің бірі. 
«Уақыт шеңбері» әдісі бойынша топтық жұмыс: 113 жаттығу.
Еңбек түбі-береке» мақалына әңгіме құрау.
Бармақпен бағалау.
Ойын.  «Қай әріпті жоғалттым?»
Шәйне.......          еті......       өрі.......   бөлтірі......    күре.......  белді..
Шығармашылық тапсырма: әр топқа беріледі:
               1топқа                                  Қызық,қырық,қазақ,қалақ.кесек.
қ
қ
қ
қ
қ
қ
қ
қ
к
к
2топқа                                                                   найзағай,терезе,балапан.
Берілген буындардан сөз құрап жазу.
Най 
зе
ре
ба 
те
ғай
пан
ла
за
Кері байланыс: «Конверт- сұрақ»
Кейінгі тапсырма: 112 – жаттығу  Кейінгі оқу. ереже жаттау.
Сабақтағы сәтті тұстарым:
Сәтсіз тұстарым:
Не өзгерткім келеді?
* * * * * *
164

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Екпетал мектеп-балабақшасының 
кітапханашысы Китанова Акерке Кенжановна
Тақырыбы: «Кітап –өмірлік азық». 
 Мақсаты: 1. Оқушылардың кітаптың шығу тарихымен таныстыру 
 2.Оқушылардың сахынада өзін-өзі ұстауын және өз ойын айтуға үйрету. 
 3. Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу. 
 Әдісі: ой-қозғау, сұрақ-жауап әдісі         Түрі: аралас сабақ 
 Көрнекілігі: кітап туралы қанатты сөздер, мақал – мәтелдер, сөзжұмбақ,слайд. 
 Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: 
 1. Сәлеметсіздерме оқушылар. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбын білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын.
 Қабат, қабат, қаптама, 
 Ақылын болса аттама. (Кітап) 
 Дұрыс айтасыңдар, бұл жұмбақтың жауабы «кітап», ендеше біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Кітап - өмірлік азық». 
 ІІ. Кіріспе сөз. Кітаптың шығу тарихы 
 105- жылы, яғни біздің заманымыздың ІІ ғасырында қарапайым Қытай  шебері Цой Лунь қағазды ойлап тапты. Ескі 
шүберектен жасалған Самарқанның сарғыш қағазы әлемге әйгілі болды. ХІІІ ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа 
қарай тартады.Баспа кітап өнерінің тууы-кітаптың дамуына кең жол ашты. Алғашқы ағаш баспа қалыбы ХІ ғасырда пайда 
болды.1045 жылы Чин өнерпазы Би-Шен құймалы әріптерді жасап шығарды. 
 Қазақ жерінде кітаптың шығуы Қазақстанның Россияға қосылуымен байланысты. Бұған дейін қазақ халқының кітаптары 
көбінесе араб әрпімен жазылып, қолжазба түрінде тарады.1800 жылы патша үкіметі Россия халықтарының тілдерінде кітап 
шығаруға рұхсат етті. Осыған орай Қазақстанның: Қазан, Уфа, Орынбор, Ташекент, Семей, Омбы қалаларында кітаптар 
шыға бастады. 
ІІІ. Сөзжұмбақ шешу. 
 1. 1800 жылы патша үкіметі Россия халықтарының тілдерінде кітап шығаруға рұхсат етті. Осыған орай Қазақстанның қай 
қаласында кітаптар шыға бастады? (Ташкент) 
 2. Қытай  шебері Цой Лунь қағазды біздің заманымыздың нешінші ғасырында ойлап тапты? (Екінші) 
 3. Қай елдің шебері қағазды ойлап шығарды? (Қытай) 
  4. Ескі шүберектен жасалған Самарқанның қандай түсті қағазы әлемге әйгілі болды? (Сарғыш) 5. 1800 жылы патша үкіметі
Россия халықтарының тілдерінде не шығаруға рұхсат етті? (Кітап) 
IV.Сахналық қойылым. «Ауырған кітаптар». 
 1-ші оқушы. Дәрігерге жөтеліп қазақ тілі кітабы кіреді. Ол жөтелуінің себебін сұрайды. Дәрігер кітапті тексергеннен кейін 
былай жауап береді. 
 - Кітап атаулы тым нәзік. Сен салқын терезенің алдында ұзақ жатып қалыпсың. Беттерің бүлінген. Ендігі жерде құрғақ 
жерде жүруге тырыс. 
 2-ші оқушы. Дәрігерге бетіне дақ түскен математика кітабы келеді. 
 - Бетіне түскен даққа жұқалап сабын жағып, дымқыл шүберекпен сүртсек, сенің бетін өз қалпына келеді. 
 3-ші оқушы. Дәрігерге түшкіріп ана тілі кітабы кіреді. 
 - Кітапті аздырып тоздыратындардың бірі шаң-тозаң. Шаң-тозаң қолға жұмсақ болғанымен, өте зиянды. Сен шаңды көп 
жұтыпсың. Сондықтан сенің бетінді құрғақ шүберекпен сүртіп отырамыз. 
 4-ші оқушы. Дәрігерге бір беті жұлынып қалған музыка кітабы келеді. 
 - Сенің бетіңді жабыстыру үшін: қағаз, желім, скоч және қайшыны пайдаланамыз. Сөйтіп сенің де бетінді қалпына 
келтіреміз.  Соңында кітаптар дәрігерге алғысын айтады. 
V. Кітап ұстау ережелері: 
 1. Кітап - адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы, ғылым-білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралының ең мықты 
қаруы болатын ақылшы екенін түсінуі керек. 
 2. Кітап оқыған кезде бөлменің ауасын тазартып жарықтың жеткілікті болуын қадағалау керек. 
 3. Кітап жатқан үстел беті мен жарықтың ара қашықтығы 1 метрден кем болмауы керек. 
  4. Кітапты күнделікті үзбей оқып, дағдыға айналдыру керек. Ол үшін күнде кітап оқуға 3-4 сағат бөлуді жоспарлау керек. 
 5. Кітап пен көздің ара қашықтығы 35-40 см және әрбір 45-50 минуттан 
соң оқудан үзіліс жасап отыру керек. 
 6. Кітапты қалай-болса солай оқымай, оларды белгілі мақсатпен жоспар бойынша оқуға дағдылану керек. 
 7. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқымай, үстелдің үстінде оқу керек. 
 8. Кітапты оқығанда ойға сақтауға, керектерін жатқа айта білуге, керекті сөздерді жазып алып, өмірде пайдалануға әдеттену
керек. 
 9.Кітаптағы түсініксіз жерлерді қайта-қайта бірнеше рет ойланып, талдау жасап оқып, оның қиындығын жеңу керек. 
 10. Кітаппен қоса Республикалық балаларға арналған басылымдарға: “Ұлан” газеті, “Балдырған”, “Бала би” т.б. 
журналдарына жазылу керек. 
 11. Кітапты үнемі тыстап, ұқыпты, кірлетпей ұстауымыз керек. 
 VI.Кітап туралы тақпақтар. 
1-оқушы. 
Адамның досы кітап, өмір кілті, 
Тең келмесе оған жиған дүние – мүлік 
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы, 
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі. 
2-оқушы. 
Түлекті тәрбиелер кітап - мектеп, 
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп. 
Молайтып ақылыңды сан еселеп, 
165

Береді білім нәрін кітап көптеп. 
3-оқушы. 
Кітаптар бейне жапырақ 
Жырлайтын сырын өмірдің. 
Оқисын кейде жаттап 
Көтеріп күйін көңілдің. 
 4-оқушы. 
Айдын шалқар кейде бір 
Кітапты тұнған көл дерсің. 
Ауадай қажет бейне бір 
Таппасаң нәрін шөлдерсің. 
5-оқушы. 
Кітапты оқымайды сыйламаған, 
Білімге жанын жанып қинамаған. 
Өсірген кімнің болсың ой-өрісін 
Сол кітап бек ақылшы еүнде маған. 
VII. Қорытыңды. Балалар, кітапты жыртпай, бүлдірмей, таза ұстау – бәріміздің міндетіміз, сол себепті кітаптарымызға 
ұқыпты қарап, кірлетпеуіміз керек.  
* * * * * *
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН 
ҚОЛДАНУДА ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Екпетал мектеп-балабақшасының 
бастауыш сынып мұғалімі Ермаганбетова Жазира Болатовна
Білім беру мекемелерінің  қазіргі жаңа  құрылымы мен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік 
пен жаңа технологияны ендіру міндеттерін шешуді талап етеді.Мұның өзі оқушының пәнге деген қызығушылығы мен 
белсенділігін қалыптыстыруда маңызы зор екендігін айғақтайды.
Ойын-бала әрекетінің негізгі түрі.Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді,өзінің психологиялық 
ерекшеліктерін қалыптастырады.Бала ойынында да қоғамдық,ұжымдық сипат болады.Балалар ойындарының тәрбиелік 
маңызын жоғары бағалай келіп,А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала ойында қалай болса,өскен соң жұмыста да көп 
жағынан ұқсас болады.Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады.Ойынның негізгі 
ерекшелігі-ол балалардың қоршаған ортаны-адамдардың қимылын,іс-әрекеттерін,олардың бала қимылынан туған 
жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі»болып табылады.
Ойын-бұл адамның мінез-құлқын өзі басқару мен анықталатын қоғамдық тәжірибені  қалыптастыруға арналған 
жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі.Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
ойын-сауық;
коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;
диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
коррекциялық(өзі-өзі түзету);
әлеуметтендіру;
Ойын-адамның өміртанымының алғашқы қадамы.Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер 
алып,білімін жетілдіреді.Ойын жүйесінде балалар көбіне өздерінің басынан өткендерін ойын кезінде көрсетеді,сонымен 
бірге өздерінің бастан кешіргендегілерін түсінуге тырысады,басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренеді.Балалардың
да ойын барысында психикалық жүйесі жетіледі және дамиды.Ойын олардың жеке тұлғасын қалыптастыруға ыңғайлы 
жағдайлар тудырады.Ойын барысында балалардың өмірі қуанышты сәттерде,көтеріңкі көңіл-күйге толы болады.Ойын 
барысында бала бірігіп әрекет жасауға үйренеді,келісіп басқа ұжымдық қызмет дағдырлары қалыптасады.Ойын балалардың
сезімдерін білдіруге және қақтығыстарды шешуге мүмкіндік береді.
Ойынның басты шарты жеңіске жету болса,әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып,бір-біріне деген сенімін 
арттырады.
Ойынның да өзіне тән мативтері болады.Мысалы,мазмұндық,рөлдік ойындары баланың зейінін,есін,ойлауын,қиялын 
қалыптастыруда зор маңыз атқарады.Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын,қандай қабілеті 
бар екенін байқап көреді.Ал,ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды.Ал,ойындар баланың 
тапқырлығын,байқағыштығын,зейінділігін арттырумен қатар,ерік сезім түрлерін де дамытады.
Ойын түрлері өте көп.Соның ішінде көбірек пайдаланатын ойын-сабақ,ойын-жаттығу,сергіту ойындары,дидактикалық 
мақсаттағы ойындар,сөздік ойындар,логикалық ойын есептер,ұлттық ойындар т.б.Бұндай ойында  оқушының жан-жақты 
дамытып,білімді толық игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде-кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол-дамытушы ойындар.Дамытушы ойындардың 
маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып,оқуды қызықты етіп,білім,білік,дағдыны 
қалыптастыру.Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап –оқушының  танымдық әрекетін қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
а)балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
ә)баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
б)білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;
в)ойын барысында балаға жаңа білім,білік,дағдылардың қайнар көзіне жету;
г)баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім,білік,дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап,құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны 
ерекше.Өйткені,өздері ойын барысында жаңа білім алып,олардың елестету,есте сақтау,ойлау,сөйлеу тілімен олардың түрлі 
қабілеттері,конструкциялық ,музикалық,ұйымдастырушылық т.б қасиеттері дамиды.  
166

Сабақты   бірыңғай әдістермен жүргізе беру  оқушыларды жалықтырары  сөзсіз.Егер арсында ойын араласып келіп 
отырса,оқушылар сабақ мазмұнына   аса назар  аударып,тез ұғып алады.С.А.Шамаеовтың анықтауы бойынша ойын 4 түрлі 
қырымен сипатталады.
-еркін дамытушы іс-әркет,ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін  емес,баланың қанағаттануына байланысты.
-Әрекеттің эмоцианальды жағынан   көтеріңкі болуы.
-ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар
Ұлы Абайдың «Ойын ойнап ән салмай,өсер бала бол ма?»деген пікірінен  бала өмірінде  маңыздылығын көруге  
болады.Оқушылардың психикасының  дамуына ойын әрекеті  шешуіші рөль  атқаратындығы   туралы  белгілі  ғалымдар өз 
еңбектерінде айтып кеткен:Ж.Аймауытов,М.Жұмабаев,Ш.Құдайбердіұлы,С.Торайғыров,Т.Тәжібаев. т.б.
        Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен  И.Г.Пестолоцци ойын арқылы  балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек
деп түсіндірген.Ойынның теориясы мен  маңыздылығы   туралы К.Д.Ушинскиймен  П.Ф.Лесгафт,тәрбиеде  және оқыту 
барысында  ойынның  алатын  орны туралы В.А.Сухомлинский,С.П.Шацкий  және  Н.К.Крупская   өз пікірлерін  білдірген.
Ойын технологиялары.Адам    әрекетінің  еңбек,оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі бұл ойын.Ойын  жағдаят жағдайында 
қоғамдық тәжірбиені игеру және қайтта туғызуға бағытталған әрекет бағдарламасын К.Ушинский,П.Блонский, т.б  
жасады.Ойында бала «адамзат тәжірбиесі аясында» өзін-өзі таныту қызметін көрсетеді.Ойын бір жағынан баланың 
практикада өмірлік  нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе,екінші жағынан  
тәжірбиесінің оңды тұстарын айқындауға көмектеседі.
Ойын тәрбие әдісі ретінде де ежелден бері қолданып келеді.Әсіресе  ойынды  қолдану халықтық педагогикада,  мектепке  
дейінгі  тыс мекемелерде кеңінен тараған.Қазіргі мектептерде ересектерді оқыту барысында,мектептен тыс  тәрбиелік   
шараларда ойынды тұлғаның белсенділігін көтеру мақсатында қолдану орнығып келеді.
Тәрбиенің педагогикалық парадигмасында ХХ-ғасырдың аяғында басты идеясы ізгілік,еркін білім беру мен 
тәрбиелеу,бала тұлғасының бар күшін дамыту,оның шығармашылық мүмкіндіктерін ашу,сол арқылы адамның жағымды 
қасиеттерінің бәрі ашылуы мүмкіндік жасау,оған қоса қоршаған әлеуметтік ортасы әсер етсе,онда бұл оның әлеуметтенуі 
болып табылады.Сондықтан бүгінгі күні ұстаздар қауымының жалпы педагогикалық қызметі тәрбиенің жаңа 
технологияларын қолдануға,ізгілік тұжырымдамасын анықтауға бағытталған осыған орай білім беруді ізгілендіру бағыты 
қоғамдық сананың өзгерумен өте тығыз байланысты.
Адамның тұлға ретінде өзіне баға беру,оның құқықтары мен еркіндіктерін мойындауы,оған сырттан ғана жағдай жасап 
қана қоймай,баланың жеке өміріне қажет бар мүмкіндіктерін ашу.Тәрбие үрдісінің жаңа технологияларының нәтижесінде 
баланың өзін-өзі тану қажеттілігі,өзін-өзі бақылауы,өз бетінше өмір принциптері мен шындықтарды іздеуі,сөйте отырып 
жеке дүние танымы.жеке мінізі,ерік-жігері қалыптасып қажет болған да өзінің әлсіз жақтарын түзей отырып,әр оқушы өзін 
тұлға етіп қалыптастыра алады.
Бала біздің өміріміздің болашағы.оларды тәрбиелеу баршамыздың ісіміз екенін жақсы түсінуіміз керек.Сондықтан бүгінгі
тәрбие-ол өмір тәжірибесі бір бағытта берілген аға буынның осы заманғы ұрпақ жайлы пікірі емес,ол ересектер мен 
балалардың тіршілік іс-әрекеті барысында өзара бірлескен қызмет екенін,ал ұстаздар тарапынан қоғамдық маңызы бар 
терең ізгілік мағынасында тынымсыз да мазасыз еңбекті көрсетеді.
     Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым М.Кулжанова да зерттеген.Ойын 
бала үшін еліктеу инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелдеген.Н.Кулжанованың айтуы бойынша ойынды
әдептілік,тәрбиелік мақсатқа пайдалану-болашақ өміріне түзу жол салу,үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай 
бейімдеу деп түсіндірген.
Сонымен бірге балалардың назарын аударатын ойын түрлерінің бірі-спорттық ойындар.Бұл ойын түрі берілген 
тапсырманы орындаумен қатар баланың денсаулығын нығайтып,т.б.көптеген дамытады.
Балалардың негізгі әрекеті-оқу,қарым-қатынас,ойын және еңбек болса,бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды 
атқарып,баланы дамытады.Оқу-білім алу мен білік,дағдыны қалыптастырса,қарым-қатынас-бұл баланың бірін-бірі дұрыс 
қабылдап,сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады.Ойын-пәндік әрекеттерді жетілдіріп,бірлесіп жұмыс жасай білуге 
дағдыландырады.Ал еңбек-қолдың қозғалысын жақсартып практикалық кеңестік және көрнекті ойлауын 
жетілдіреді.Балалардың мұндай әрекеттерге қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндірген.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласы мен тыңдап,білімді 
берік меңгеруіне көмектеседі.Өйткені балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді.Ойын 
барысында балалар тез серігіп,тапсырманы жылдам,дәл орындауға тырысады.
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану-бағдармаларда анықталған білім,білік және дағдырларды алып 
қалыптастыру,тиянақтау,бекіту немесе  тексеру болып табылады,Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және 
психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып,жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды 
қайталағанда,білімді тиянақтау және тексеру кезінде,яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде 
пайдалануға болады.
Қорыта келгенде,оқу үрдісінде «ойын»түрлерін пайдалану,біріншіден,балалардың білімін берік меңгерту құралы 
болса,екіншіден,сабаққа деген қызығушылығын,белсенділігін арттырып,білім сапасын меңгеру болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қанапьянова А.Тәрбиелік технологиялар// «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар»№8-2008ж
2.Аймауытов Ж.Тәрбиеге жетекші.-Орынбор:1924
3.Аймауытов Ж.Сабақтың комплекстік жүйесі.-Қызылорда:1929.
4.М.Жұмабаев.Педагогика.-Алматы: «Ана тілі»,1992.
5.Лемберг Р.Оқыту әдістері.-Алматы,1958.
6.Айтмамбетова Б.Жаңашыл педагогтар идеялар мен тәжірибелері.-А;1991
* * * * * *
167


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет