Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет14/37
Дата02.01.2017
өлшемі8,22 Mb.
#1000
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37

Білімді бекіту : 
Семантикалық картамен жұмыс.
Мысалдар
Салыстырмалы шырай
Күшейтпелі шырай
Жап - жақсы
Үлкендеу
Кіршең
Қып-қызыл
Көгірек
Өте әдемі
Ақшыл
Шымқай қара
Теп-тегіс
Жуандау
Дымқыл
Сұрғылт
Сарғыш
Венн диаграммасы
Салыстырмалы шырай мен күшейтпелі шырай.
Үй тапсырмасы: Сын есімнің түрленуін оқу
       52-жаттығу. «Адами қасиеттер» тақырыбында шырай формасына
        енген сын есімдерді қатыстыра отырып, шағын пікір жазу.
* * * * *
109

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы  « Горный жалпы білім беретін 
орта мектебінің» бастауыш сынып мұғалімі  Тлеубаева Тұрсын Мукумжановна
Тақырыбы:
«Қамқорлық» Б.Соқпақбаев
Мақсаты:
Білімділік:
Табиғатты қорғауға, мейірімділікке баули отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе 
білуге үйрету.
Тәрбиелік:
Адам бойындағы жақсы қасиеттерге жақын болып, жаман қасиеттерден аулақ болуға, 
табиғаттағы тірі тіршілікке жанашырлықпен қарауға, мейірімділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға, сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге 
дағдыландыру. Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ
Әдісі:
СТО, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, әңгімелеу.
Көрнекілігі:
Суреттер, сызбалар. Б.Соқпақбаев т.б.
1.Психологилық даярлық
Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді
Болып кетер сонда дереу жан-жағын
-Міне,жүрегіміздегі осындай жазумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ Қызығушылықты оту
-Балалар, сендерге Астана қаласынан хат келді.
-Кімнен келді екен?
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтан келіпті. Қымбатты достар! Бүгін өтіп жатқан ашық сабақтарың құтты болсын! Мен 
сіздердің осы уақытқа дейін оқуды қаншалықты меңгергендеріңізді білу мақсатында бірнеше сұрақтар беремін.
   Кім жақсы жауап бере алса, сол келешекте Қазақстанның ел басқаратын сенімді азаматы болады. Іске сәт достар!
1
Үй тапсырмасын сұрау.
-
«Көжек» атты ертегі не жайылы екен?
-
Көжекті тастап кеткен не?
-
Оны кім тауып алды?-Қайда әкелді?
-
Ал көжек болса не істеді?
-
Шаруаның аяушылығына көжек не деп жауап берді?
-
Саған ертегі ұнады ма?
-
Туған жер деген сөз саған қандай әсер етті?
-
Туған жер жайлы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас

Туған жердің жері де көрікті,
Елі де сүйікті.

Сағынған ер елін аңсайды,
Сары ала қаз көлін аңсайды.
ІІ
Мағынасын табу
2
Жаңа сабақ
Бердібек Соқпақбаевтың «Қамқорлық» әңгімесі.
1.
Б.Соқпақбаев кім?
2.
Қандай шығармаларын білесіңдер?
   1924 жылы 15 қазанда туылған. Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келген. Абай атындағы
Қазақ   Мемлекеттік   педагогикалық   институтын   бітірген.   «Қазақ   әдебиеті»,   «Балдырған»   журналында,   Қазақфильм
студиясында   жұмыс   істеген.   «Менің   атым   Қожа»,   «Алыстағы   ауылда»,   «Балалық   шаққа   саяхат»,   «Өлгендер   қайтып
келмейді»,  «Бозтөбеде   бір  қыз  бар»,   «Қайдасың,  Гауһар»  секілді  туындылары  көптеген  тілдерге  аударылып,   сахналық,
экрандық нұсқаға айналған. Кеңес одағының Құрмет Грамотасымен марапатталған.
Б.Соқпақбаевтың сценарийімен түсірілген «Менің атым Қожа» фильмі 1967 жылы Францияда өткен халықаралық балалар
мен жасөспірімдерге арналған фильмдер фестивалінде арнаулы жүлдеге ие болды. 
Оқулықпен жұмыс:1. «Қамқорлық» әңгімесін түсініп оқу.
Суретпен жұмыс.
110

-Осы суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген?
-Мәтінге сүйеніп, суреттегі торғайдың халін сипатта.
-Торғайдың халі сенде қандай көңіл-күй туғызды?
-Жантастың қылығы ше? Өз көзқарастарыңды білдір.
Топппен жұмыс:
1-топ:Жантас жайлы мәтіннен тауып оқы
2-топ:Торғайдың халін суреттеген жерді тауып оқы.
1-2 топ:Жантас пен Қожаға мінездеме бер.
Сөздік жұмысы:
Әккі-төселген, әбден бойы үйренген.
Топшы-құс қанатының кеудеге жалғасқан жері.
Ентелеп-асыға,тездете.
Өкпесі өшу-алқыну, ентігу.
Зақпы-рогатка(балалардың ойнауына арналған ату құралы)
Сергіту:
Торғай жолды айтсаңшы,
Үйге бізбен қайтсаңшы.
Үй алдына қонсаңшы,
Қонағымыз болсаңшы.
Мәтінді тізбектей оқыту.
3.Ой толғаныс.
Түсінгендерін тексеру.
«Табиғат-менің өз үйім» бөлімінен торғай туралы қандай әңгіме  оқып едік?
Есіңе түсір. (Ж.Аймауытовтың «Торғай туралы» әңгімесі)
Ж.Аймауытов пен Б.Соқпақбаевтың шығармаларын салыстыр.
Ж.Аймауытов
Б.Соқпақбаев
Әңгімесі қалай аталады?
«Торғай»
«Қамқорлық»
Торғай неден қорқып еді?
(жыланнан)
(Жантастан)
Торғайға ара тускен кім?
(ақбілек)
(Қожа)
Ой қозғау.
Қожаның орнында болсаң не істер едің?
Балапан торғай жазылар ма екен?
-Ендеше:
1.Жақсының ісі-береке,
Жаманныңісі-келеке.
2.Ұлың өссе,күндей болсын деп тіле,
Қызың өссе,гүлдей болсын деп тіле.
Сабақты қорытындылау.
Атамекен, алтын бесік-айнала табиғатты қорғап, оны ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыру парызымыз. Сондықтан әркім оны 
көздің қарашығындай сақтай білу керек.
«Табиғаттың сенімді достары» куәлігін тапсыру.
Бағалау.
Үйге тапсырма
 * * * *
БАСТАУЫШ СЫНЫП  ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 
САУАТТЫЛЫҒЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылы 
 № 7 «Бабыр»атындағы  жалпы орта  мектеп  
бастауыш сыныптар бойынша  оқу ісінің меңгерушісі  
Эргешова Зилола Дарякуловна
                                                     
   Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту ―
Қазақстан   дамуының   басты   бағыты»   атты   Қазақстан   халқына   Жолдауында   мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды
қабылдау жөнінде нақты миндет қойды.  
  Функционалдық  сауаттылық  дегеніміз не? Бұл сұраққа мынындай деректер келтіруге болады.
Ресми дерек бойынша, мектеп жасыдағы балалардың 40 пайызы әдебіи мәтінді түсінуге  қиналатындығы дәлелденген.Бұлар
мектептен   білім   алса     да,     қызмет   жасауға   келгенде   қарапайым   жазу   үлгісін   білмейтіндігін     көрсеткен.     Бүгінде
функционалдық түрде сауатты білім беру қоғамдық білім беру жүйесіне өзгерістер мен реформалар еңгізді.Бұған жаңа білім
стандарты тағайындалды, төл оқулықтарымыз жасалуда,мектептерді жаппай компьютерлендіру   т.б. игі істер дәлел бола
алады.       Білім – теңіз, мектеп – кеме. Мұғалім – мектептің жүрегі. Білім нәрімен сусындап, оның құпиясын аша білу –
күрделі  де қиын іс. Осы білім теңізінде еркін жүздіру – бала жанының бағбаны мұғалімнің іс-әрекеті. Мұғалімнің бір-біріне
және ешкімге ұқсамайтын сабақтары келер ұрпақты заман талабына сай оқытып, тәрбие бермек.Бүгінгі таңда жер жүзінде
білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны-«ХХI ғасырда нені оқыту керек және
ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған
білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI
ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті
құрал – білім.
111

         Білім негізі бастауыш сыныптан бастап қаланады. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдері оқушыларға сапалы білім
мен саналы тәрбие берумен қатар оқушылардың белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау,  шешім қабылдай алу,өз ойын
ашық   айта   білуге   дағдыландыру   қажет.   Қазір   еліміздің   түкпір-түкпірінде   оқыту   мен   оқудағы   жаңа   әдіс-тәсілдермен
қаруланған   біршама   ұстаздар   қауымы   өз   мамандығына   деген   сүйіспеншілігі   арта   түсіп,   жаңа   нәтижелерге   жетуде,
шәкірттерінің   жаңа   белестерді   меңгеруіне   жол   ашуда.   Соның   бірі   функционалдық   сауаттылықты   дамытудағы   білім
мазмұнының жаңғыруы – сындарлы оқыту теориясына негізделгендігі.
      Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-
келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі
келешегі басты назарға алынады. Оқушы  мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас  түбегейлі өзгерісті керек етеді, яғни
дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан
заңдылықтар   ұстаз   бен   шәкірт   арасындағы   серіктестік   қарым-қатынасқа   ауысады.   Сонымен   қатар   оқушыға   қалай   оқу
керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай
алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
  Оқушылардың   функционалдық   сауаттылығын   дамыту   және   оны     қалыптастасуын   тексеру   құралы:шығармашылық
сипаттағы   тапсырмалар;   зерттеу   жұмыстарына   бейімделген   тапсырмалар;       экономикалық   ,   тарихи   мазмұндағы
тапсырмалар;   тәжірибеге   бағытталған   тапсырмалар.         Оқушылардың   функионалдық   сауаттылығын   арттыру   үшін,   ең
біріншіден  пәнге деген қызығушылығын ояту  қажет. Оқушы бұрын  тыңдаушы болса , енді ізденуші , ойлаушы, өз  ойын
дәлелдеуші. Ал мұғалім болса осы әрекетке бағыттаушы , ұйымдастырушы. Әр бір ұстаз өз Отанын  шексіз сүйетін, білімді,
іскер,адамгершілігі   мол,   парасатты   ,мәдениетті   ,   жан-жақты   жетілген   ұрпақ   дайындауға   міндетті.Сабақта   түрлі   әдіс-
тәсілдерді   пайдалану   оқушының   жеке   басын   құрметтей   отырып,   білім     беру―қазіргі   оқытудың   негізгі   талабы,өйткені
оқушылардың   бәрінің   ойлау   қабілеті   бірдей   емес.   Сондықтан   психологиялық   тұрғыдан   қарап,   әдістемелік   шеберлікті
пайдаланған жөн. Сабақ кезінде  баланың өз бетімен ізденуге ықпал ететін тапсырмаларды көп беру керек.Мұның себебі,
бастауыш сынып оқушысы қосымша материал,деректер табуға үйрену арқылы белгілі бір мақсатпен жұмыс істеуді ,білім
алудың   қыр-сырын   аздап  болса   да   ұғына   бастайды.   Осылай   оқушылардың   функционалдық   сауаттылығы   қалыптасады.
Екіншіден әр пәнның мазмұнынан,оның  мәнін  ашатын ,түсінуге мүмкіндік беретін мәліметтерді беру.Бастауыш сыныпта
тіл   және   әдебиет,   математика   және   жаратылыстану   пәндерін   оқытуда   мұғалімдер   жаттығулар,   тапсырмалар
орындатқанда,есептер   шығартқанда   және     түрлі     мәтіндерді   оқытқанда,оларды   өмірмен   байланыстыра
отырып,оқушылардың   оқудағы   және   жазудағы,математика   мен   жаратылыстану   ғылмындағы   сауаттылықтарын
қалыптастыруға баса көңіл  бөлген жөн. Үшіншіден оқушылардың  материалды меңгергенін үнемі бақылап отыру және оны
жүзеге асыру үшін критерялды бағалау әдісін қолданған жөн. Төртіншіден ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге
белсенді қатысуын қамтамасыз ету.Ата-ананың борышы  бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып,саналы
өмірсүруге баулу. Ата-ана   баласының функционалдық сауаттылығын дамыту үшінмұғалімдермен тығыз байланыс жасау
керек.   Ата-ана     баласының     ерекше   қасиетін   тану,түсініп   қолүшінберу.олардың     қабилетін   дамыту,бойына   рухани
құндылықтарды   қалыптастыру,   жағымсыз   мінез-құлық,әдеттерінарылтуға   көмек   беру   керек.   Ата-ананың   бойында     да
функционалдық сауаттылық  болуы  тиіс.
Сонымен   функционалдық   сауаттылық   –  адамның   сыртқы   ортамен   қарым-қатынасқа   түсе   алу  қабілеті   және   сол   ортаға
барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық
тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын
қамтамасыз  ететін білім,  білік, дағдылардың  жиынтығынан  құралады. Ал  кең мағынасында  ол  тек білік пен білімділік
әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының
өлшемі.   Осындай   сапалық   сипаты   тұрғысынан   қарағанда   функционалдық   сауаттылық   жеке   адамды   дамытудың   тетігі
ретінде қолданылады. Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша
берілетін   білімнің   мазмұны   мен   көлемін   анықтағанда   теориялық   қағидалардың,   заңдылықтар   мен   ережелердің,   яғни
ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей,
бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана
алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті болып саналады. 
* * * * *
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ  ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДА
МҰҒАЛІМНІҢ АТҚАРАТЫН  ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы №28 «Ақбай» жалпы орта 
мектебінің математика пәнінің мұғалімі Адилова Ирода
       
Мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,  яғни сөйлеу оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас
қалыптастыру,   жағдайларды   объективті   түрде   бақылап,   талдау   жасауға   үйрету,   ойын   дұрыс   айтуға,   салыстыра   білуге,
дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
   Білім беру мекмелерінің қазіргі жаңа құрлымы мен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен
жаңа технологияны ендіру міндеттерін шешуді талап етуде. Мұның өзі  мектепте оқушының пәнге деген қызығушылығы
мен белсенділігін қалыптастыруда маңызы зор екендігін айғақтайды. 
Оқушының   пәнге   қызығушылығын   арттыру   мақсатында     сабақта   проблемалы   жағдай   туғызып   отыру   да   маңызды.
Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау қабілеті  нығайып кез келген, проблеманы шешуге үйренеді. Жас бала не
нәрсені болса да құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың  қызығушылығын арттыру
жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей,
оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін іздестіру қажет. Қазіргі сабақтың түрлері сайыс, жарыс сабағы, концерт, аукцион,кіріктіру
сабағы т.б. өз нәтижесін беріп жүр. Әсіресе, халықтық, ұлттық педагогиканы пайдаланып, ата- бабаларымыздың жақсы
дәстүрін   шәкірттердің     бойына   дарыту   мақсатында   халық   ауыз   әдебиетін   пайдалануға   болады.   Қазақ   халқының
мейірімділігі,   кеңпейілдігі,   сыпайылығы,   көпшілдігі,   сөзге   беріктігі   туралы   әңгімелеу   арқылы   осы   қасиеттерді   шәкірт
бойына сіңіру, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, әдептілікті биік ұстау сияқты әдет- ғұрыпты үйретуге болады. 
112

   Білім беру мекмелерінің қазіргі жаңа құрлымы мен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен
жаңа технологияны ендіру міндеттерін шешуді талап етуде. Мұның өзі  мектепте оқушының пәнге деген қызығушылығы
мен белсенділігін қалыптастыруда маңызы зор екендігін айғақтайды. 
  Мектеп оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден – кез келген бала адамзат баласының осы кезге
дейінгі жинақтаған тәжірбиесін меңгертуге  бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды.
Екіншіден – кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен
шығармашылық әрекеттің асыруға бағытталған жаңа әдіс- тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс
жасайды.
Екі әрекетте оқушылар – екі түрлі мүдделер көзделген әр түрлі  мақсатты шешеді. Мысалы оқу әрекетінде белгілі  дағдыны
қалыптастыратын,   белгілі     бір  ережені   меңгеретін   жаттығулар     орындаса,   шығармашылық   әрекеттерде   баланың   іздену
жұмысы басты нысана болады. Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдайды
шешу барысында   нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады. Жаңа буын оқулықтары ұстаздардан шығармашылық пен
ізденушілік, жаңашылдықты талап етеді.Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру –
әр ұзтаздың негізгі міндеті. Мектеп оқушыларының ой- өрісін дамытуда ойын әрекетінің маңызы зор. Ойын – балалардың
негізгі іс- әрекеттерінің бір түрі. Ойын балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады. Сабақтағы
ойын арқылы білімін шыңдап, ой- өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттары,
ерекшеліктері   болады.   Баланың   жас   ерекшелігіне,   сай   ұйымдастырылған   ойындар   баланың   ақылын,   дүниетанымын
кеңейтеді, мінез- құлқын, қалыптастырады және де сабаққа деген қызуғышылығын арттыру. 
Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан-алуан. Бұл пікір педагогикалық
әдебиеттерде көрсетіліп, нақтыланған әрі бірнеше ғалымдар пікірлеріне үндесіп отырады. Сондықтан қандай да бір пән
болмасын,   сол   пәнге   оқушының   қызығушылығын,   белсенділігін   қалыптастыруды   тудыру   жолдары,   шарттары   мен
қолданылатын жұмыс түрлерін жинақтап көрсетуге болады.
1 Берілетін білім мазмұны мен оқушының жас ерекшелік ақыл-ой даму деңгейінің сәйкестігі.
2 Берілетін білім мазмұнының қызықты болуы.
3 Оқу әрекеті мотивінің,міндет мақсатының, айқындылығы
4 Мұғалімнің кәсіби және мәдени құзырлығының жоғары деңгейлігі. 
5 Оқушылардың міне-құлық, қабілет ерекшелігінің ескерілуі.
6 Оқушылардың өз бетінше және шығармашылық жұмысының тиімді ұйымдастырылуы.
7 Оқытудың көрнекілікке, бақылау әрекетіне негізделе жүргізілуі.
8 Оқушының оқу мүмкіндігін, денсаулығын есепке ала оқыту
9Проблемалық ситуация тудыраоқытутиімділігі. 
10 Ерік – жігері, жауапкершілік, борыштықсезімінтәрбиелеу.
Сабақтаберілетіноқуматериалдарыноқушыларғажеткізуүшін,
 
әр
 

 
түрліоқытуәдістерінқолдануғаболады.
Мектептегіеңкеңтарағаноқытуәдісі   –   олмұғалімніңауызшабаяндауы.   Бұләдісоқуүдерісінде
 жетекшірөлатқарады,
барлықпәндердіоқытудажәнесабақтыңтүрлікезеңдеріндеәсіресежаңаматериалдытүсіндірудекеңіненорыналады. 
Оқу үрдісіндегі «есеп» оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін және есепті
шешу үшін ондағы берілген шарттары мен талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар аудару қажет.
Оқушының математика сабағында шығармашылық қабілетін дамыту.
Шығармашылық: іс - әрекет, зейін, есте сақтауы, интеллекттісі, ойлауы
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында математика сабағын түрлендірудің маңызы зор. Таңертең
тұрғанда күн дене жаттығуынан басталатынын сияқты сабақты «ой жаттығуларынан» бастауды әдетке айналдырдым:
- Жылдың бесінші айын ата.
- Бағдаршамның қай түсі жанғанда жолдан өтуге болады?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Көз адамға не үшін керек?
- 685 пен 687 арасындақандай сан бар?
- Есікқандайгеометриялық фигура?
Мұндайсұрақтарбалалардыңназарынбірденсабаққааударып,   белсенділіктерінарттырады,   зейінділігінқалыптастырады.
Соныменқатар математика сабағында:
- Балаларғаойданматематикалықертегіқұрастыруғатапсырмалар беру.
- Қиялдауарқылысуретсалғызу.
Қабілетіжоғарыоқушыларғатапсырмаларкүрделеніпберіледі.   Сабақтақызықтыжаттығулар,   логикалықесептер   мен
тапсырмалардытиімдіпайдаланудыңпайдасызор. Мысалы:
1. Қосарланыпжегілгенүшатбірсағатта 12км жолжүрді. Біратнеше км жолжүрді? (12км)
2. Ауладақойлар мен тауықтаржүр. Олардың 5 басы, 14 аяғы бар. Тауық пен қойнешеу? (2 қой, 3 тауық).
3. Бір топ үйрекұшыпбарады. Олар 5 - еу, біреуіжергеқонсанешеуіқалады? (біреуіқалады, қалғаныұшыпкетеді)
Мұғалімөзініңсөзінкөрнекібейнелерменбайланыстырады.
 
Мұғалімніңауызшабаяндауы,
сұрақтардыанықжәнетүсініктіетіпқоюы,
 
проблемалыситуациятудыратынетіпқоюы,
баяндалатынматериалдыңеңмаңыздыжерлерінайырыпберуі,
 
хабарлаудыңжүйеліжәнедәлелдіболуықажет.
Мұғалімніңсөзіәсерлі, тартымды, сенімдісоныменқатардауысырғағыменмимикасымәнерліжәнебайболғаныжөн.
Қиын  жағдаят  мәселені  шешуге  керекті   білімдерді,  ақыл-ой  жұмысына   қабілетті,  үлкен  белсенділікті  талап етеді.  Оны
оқушылар өз беттерімен немесе мұғалім көмегімен шешеді.
Мәселелік  жағдаятты  тудырудағы   мақсат  -  оқуды   қиындату арқылы  оқу  материалдарын  меңгерту,   баланың  ақыл-ойын
жұмыс істету. Мәселелік жағдаят сұрақтар қою, болжам айту, дәлелденбеген пікірлерді талдату арқылы жасалады. Оқылып
отырған құбылыстың сызбасы, диаграммасы жасалады. Оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеп, білімдерін емін-еркін
естеріне түсіреді. Мәселелік әдіс оқушыларды тапқырлыққа, қарама-қайшылықтарды түсінуге, болжамдар айтуға, дәлелдер
келтіруге, шешім табуға үйретеді.
* * * * *
113

БАЛА МІНЕЗІ―ТУМА ҚАСИЕТ
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам  ауданы Ақсукент ауылы 
№ 20 «Сәкен Сейфуллин» атындағы   мектеп-гимназиясы 
 бастауыш сынып мұғалімі  Сейтбекова  Кулзипа Ерзақ  қызы
                         
Бала жетесіз болса ата-анасын жерге қаратады.
Бала жетелі болса ата-анасын елге қаратады.
         Баланың мінез-құлқын тәрбиелеуде    ең негізгі көңіл аударарлық мәселе- адалдықты, шыңшылдықты, сыйластықты
қалыптастыру.Әр бір тәрбиеші, әр бір ата-ана балаға  болсын, басқаға болсын, айтқан сөзіне, жасаған әрекетіне қымылына
аса жауапкершілікпен қарау керек. Сонымен  бірге олардың  кішіпейілділігі, адамгершілігі баланы адалдықпен шыңдыққа
бағыттайды. Психология ғылымы мінез ортаның, оқыту, тәрбиелеу процестерінің әсерімен қалыптасатын жеке кісідегі дара
ерекшелік деп түсіндіреді. Академик И.П.Павловтың жоғары жүйке   қызметі туралы ілімінде мінез ерекшеліктері емес,
жүйке  жүйесінің типологиялық ерекшеліктері, шандардың ғана тума қасиетке ие екендігі дәлелденген. Демек, мінез зірден
қалыптаспайтын,   өмір   тәжірибесіне   қарай   оқыту,   тәрбиелей   нәтижесінде   бір   жүйеге   келетін   күрделі   психикалық
құбылыс.Баланың  адамгершілік  қасиетінің қалыптасуына жанұямен  мектеп тәрбиесінің басқа өмір мектебі де үлкен әсер
етеді. Бала жанұядағы алған тәлім-тәрбиесінін, мектептен ұққан өнер – білімін өмір мектебінде сынап көреді. Бала мінезінің
әке-шешесінің мінез ерекшеліктеріне ұқсас келуі, біріншіден, жанұяда барлығына ортақ жалпы жағдайдың әсер ететіндігі
болса, екіншіден, баланың ересек кісілерге еліктеуінен болады. Бірақ айта (ететін бір мәселе - бір жанұядағы балалардың
мінез ерекшеліктері әр тұрлі болуы да мүмкін. Қазақтың бір биеден ала да туады, құла да туады дегені сиқты бір жанұяда
ожар да, жуас та бала болуы мүмкін. Олай болса себебі де тәрбиеге байланысты. Тіпті егіз баланың мінездері де әртұрлі
болады.   Атақты   психолог   Ковалев   А.Г.   егіз   Валя   мен   Вераның   мінез   бітістерін   мектеп   жасына   дейінгі   уақытысынан
байқаған. Валя мен Верадан бес-он минут бұрын туса да оны үлкен деп санап, оған әртұрлі тапсырмалар берілген. «Вераға
қарап   тұр,   жылап   қалмасын,   ол   кішкентай,   сен   оның   апасы   боласың.   Сен   дүкенге   нан   сатып   ала   ғой»   деген   сияқты
тапсырмалар   Валияны   шынықтырады.   Өзіндік   дербес   әрекетін   қалыптастыру   арқылы   мінездегі   батылдық,   шешімдік
қасиеттерін   дамытады.Тағы   басқа   тұрғыдан   қарайтын   болсақ     балаға   мінез   тума   болады.Оған   айтарлық   себептер
бар:мысалға бала жас кезіден ұялшақ, тартыншақ болса ол бала ересек  жастада сол күйі қалады.Басқа қасиеттер де болады
бұл балаға әкеден немесе шешеден гендер арқылы өтеді. өтеді.Бұл қасиеттерді біз тума қасиет деп айтамыз.     Демек әр
балаға әртұрлі талаптар қою олардың мінез бітістерінің әртұрлі болуына алып келген. Адамды жақсылыққа бастайтын үш
жолбасшы бар - дейді халқымыз. Ар, Намыс, ұят. Әр адамның бойында ар, ұят, намыс эділдікпен біріксе, бұл одақтан күші
асар  ешнәрсе  болмайды,  егер  бұл  төртеуі  нысап,  эділет,  мейірім,  яғни үжданмен біріксе  мұндай  адам  имандық  нүрын
шашқан алып сәулеге айналады.Мінез әдептерінің келесі көрінісі бұл кішіпейілділік пен қарапайымдылық.Кішіпейілділік
ұлылықтың   белгісі   -   дейді   ғұлама   Махмут   Қашқари.   Адам   бойындағы   қүдай   берген   дарынға   немесе   байлығына,   не
қызметіне   мақтанып   немесе   бұлданып   менмен,   тәкаппар   болса,   бұл   ақылсыздықтың   ең   төмені.«Адам   баласы   адам
баласынан ақыл, ғылым, ар мінез деген нәрселермен жарайды» - дейді Абай. Әр адамның серігі ақыл, жетелеушісі ғылым,
көңіліне сәуле шашар жарыгы ар, мінез болса, одан өткен жақын адам болмайды. Әр істі ақылға салган адам өзіне жақсы
төреші бола алады, өзгегеде қазылыққа жарайды. Олай болса баланы кішіпейілділікке үйрету, қарапайымдылыққа үндеу
халық педагогикасының құдіретті қаруы. «Ел басына жақсы туса, асыл болар, масыл болмас, Ел басына жаман туса, масыл
болар, асыл бомас» - дейді ұлы ғұлама Ә.Науай. Әрбір перзентінен үміт кеткен ата-ана мен туған халқына жақсы адам болу
әрбір адамның мойындағы асыл парызы, масыл болуға, жаман адам болуға ешкімнің қүқы жоқ. Жақсылыққа жақын адам
сыйдың қүрметтісін алады, алыс адам кемкетісін алады. Әрбір жақсылық адам көңіліне ұят атты құсты ұялатады. Бала
мінезінде   кездесетін   үлкендерді   сыйлау,дәрменсіздерге   жәрдем   беру   сияқты   адамгершілік   қатынастарды   қалыптастыру
қазіргі таңның абзал  міндеттерінің бірі екенін естен шығармаған жөн.
 * * * * *

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет