Сабақтың жабдығы
Сызба, деңгейліктапсырма ,карточкалар
Жалпымақсаттар
Білімділік:Түрлі ойындар ойнату арқылы көбейткіштерді санға көбейту, қосындыны санға
көбейту тәсілдерін пысықтауға жағдай туғызу.
Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, оқушының белсенділігін арттыру, өзін-өзі
бақылауы, бағалауды үйрету.
Тәрбиелік:интербелсенді тақтамен жұмыс жасау арқылы білімге деген қызығушылығын
арттыру, оқушыларды шапшаңдыққа, өздігінен жұмыс істеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:Көбейтудің қасиеттерін іс жүзінде пайдалана алып, есептеуде тиімді
тәсілдермен шығарады. Интерактивті тақтада жұмыс жасай білу дағдылары қалыптасады.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті
Ынтымақтастық
атмосферасы
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Үй тапсырмасын сұрау
Есепте:
а) 12+1 62-1 29+1 72-1
130
24+1 42-1 93+1 65-1
36+1 38-1 54+1 74-1
45+1 56-1 18+1 92-1
б)13+1 46-1 62+1 29-1
41+1 24-1 39+1 37-1
73+1 32-1 48+1 43-1
69+1 79-1 17+1 94-1
в)27+1 40-1 96+1 20-1
59+1 34-1 28+1 17-1
64+1 25-1 37+1 99-1
19+1 36-1 67+1 64-1
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс.
1-топ №1,2
2-топ №2,3
3-топ 4,5
Тиісті санды қой:
А)6+◊=8 20+◊ =40 40+◊ =41
9-◊=3 30-◊=10 64-◊=63
4+◊=7 50+◊=70 25+◊=26
0+◊=9 80-◊=60 90-◊=89
24 : 4 = 528 :4=
10 : 2= 639 :3=
323 × 3 - 640 =
400 : 2 : 5+ 314=
Сергіту сәті
Үйшікте мына бір сәулетті
Тұратын қай мықты әулеті?
Мен– тышқан-шиқылдақ,
Мен– қоян-желаяқ,
Мен– түлкі-керіммін,
Мен– қасқыр-серімін.
Бәрімізтұратынкөңілді,
Қажеттісәулеттікөрүйді!
Ой толғаныс
Есепті шығар:
Кітапта екі әңгіме бар. Біріншісі 12 бетке, ал екіншісі 3 есе артық бетке жазылған.
Кітаптағы екі әңгіме барлығы неше бетке жазылған ?
1-топ
х+324=892 х-324=468
х=892-324 х=468+324
х=438 х =892
468+324=892 892-324=468
892=892 468 =468
2-топ Есепті шығар:
10 қара көжекке 3 сәбізден , ал 10 ақ көжекке 5 сәбізден берілді. Көжектерге барлығы неше
сәбіз берілді?
/145+278/-157
7+7+7+7=28
28 – 4 – 4 – 4 – 4 - 4 - 4 - 4=0
28 – 7 – 7 – 7 – 7 =0
Үй тапсырмасы
6- есеп. 59-бетте
Бағалау
Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды
бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
ОҚО Мақтарал ауданы Жетісай қаласы
«№2 Ш.Уәлиханов атындағы ЖОМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі
Омарова Гаухар Әнуарбекқызы Жоғары санатты мұғалім
Сабақ тақырыбы: 9 санын қосу және азайту.
Сабақ мақсаты: Ондықтан аттап 9 санын қосу мен азайту әдістерімен таныстыру.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: 9-ды қосу мен азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу, екі амалмен шығарылған есепті шығаруға
төселдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ Сабақ әдіс-тәсілдері: түсіндіру,ауызша есептеу,талдау,өз бетінше жұмыс
Сабақ көрнекілігі: жануарлар суреті
Сабақ барысы: Алғашқы ұйымдастыру. 1-кезең.Бағдарлау-мотивациялық кезең.
Психологиялық сәт.
131
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен -
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "9 санын қосу және азайту» . Біздер білім шыңына шығу үшін 7 баспалдақтан өтіп
пирамидаға шығуымыз керек.
Өткенді пысықтау 2.Операциялық-орындаушылық кезең. 1 - баспалдақ. " Қайталау - білім анасы".
Бәйге сұрақтары
2 ондық 5 бірлікке 7 бірлікті арттыр
3 ондықтан 7 бірлігі кем сан
25 санынан тікелей кейін келетін сан
14-тің тікелей алдында келетін сан
6 ондық 5 бірліктен 5 бірлігі артық сан
7 ондық 8 бірліктен 1 ондығы кем сан
36-ны 4-ке арттыр
6 ондық пен 3 ондықтың айырмасы
9 ондықтан 1 бірлігі кем сан
3 бірлік пен 7 бірліктің қосындысы
2 - баспалдақ. "Білімді өрге жүзеді" . Жаңа білім
Мысал: 1
9+9 = 18 18-9 = 9
(9+1)+8 = 18 (18-9)-1 = 9
3 - баспалдақ. "Білгің келсе,тауып көр".
№1.Өрнекті жаз және мәнін тап.
9 саны мен а-ның қосындысы, а= 80,9
а мен 9 санының айырмасы. а=89,18
4- баспалдақ. "Қасиетті ұғымдар"
9 саны: қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі.9 санының қасиетіне тоқталсақ,ана
құрсағындағы нәресте тоғыз ай,тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында
пайда болып,жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі. 9 өмірге адамды әкеледі. Ол үш үштіктен құралған.
Көшпенділер 9 санын болмыстың шыңы деп санаған,олардың салт-
дәстүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген.(тоғыз
шелпек,тоғыз құмалақ,қалың малға үш тоғыз,т.б.)
5-баспалдақ. "Мағынаны таныту"
6-баспалдақ. "Ойлана біл!"
Сергіту сәті
Бір - иілеміз,шалқайамыз,
Екі - алақанды үш соғамыз.
Басымызды үш изеп,
Төрт дегенде қол созамыз.
Бес,алты дегенде
Орнымызға отырамыз.
7-баспалдақ. "Бірлік бар жерде ,тірлік бар" - жұптық жұмыс
«Кластер» әдісі бойынша өрнектер құрастыру
8-баспалдақ. . Математикалық диктант
•
32-ге 4-ті қос
•
40-тан 7-ні шегер
•
80-ді 2-ге қос
•
90-ды 8-ге азайт
•
30 және 4 сандарының қосындысын тап
6. 40 және 9 сандарының айырмасын тап
7. 50-ге 5-ті қос
8. 70-тен 2-ні ал
9. 80-ді 5-ке кеміт
10. 30-ды 2-ге арттыр
3. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
- Міне,біз де барлық өткелден өтіп,берілген тапсырмаларды толығымен орындадық.
- Біз бүгін сабақта немен таныстық?
- Сабақта жаңадан нені білдіңдер?
4.Үйге тапсырма. №5.
* * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы
132
№ 89 «Қайнарбұлақ» жалпы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Абдисадкова Муқаддас Насур қызы
Пәннің аты
Математика
С абақтың атауы
Екі таңбалы сандарды ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде жіктеу. Массаны
өлшеу. Килограмм.
Мақсаты
1. Оқушыларды қосуға және азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен
таныстыру. Заттың қасиетін сипаттайтын шаманың бірі-масса жайында түсінік беру және
оның бірлігі килограммен таныстыру, таразының көмегімен заттың массасын өлшеудің
ерекшеліктерімен таныстыру; бір амалмен шығарылатын есептер құрастыруды және
шығаруды пысықтай түсу; әріпті өрнек және оның мәнін табуды қайталау;
2. Оқушылардың ойлауын, есте сақтауын, өз бетімен шешім қабылдап,
қорытынды ой-пікірлер білдіруін, белсенділігін, танымдық қабілетін
дамыту.
3. Оқушыларды тапқырлыққа, алған білімдерін өмірде қолдана білуге
өзінің белсенді ойлау әрекетін жүзеге асыруына, сыйластыққа,
ізеттілікке тәрбиелеу, баулау.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Күзді қуана күтеміз,
Талмай еңбек етеміз.
Өнімді мол тереміз,
Пайдасын есептеп береміз.
Қызығушылықты ояту
Ауыл іргесіндегі бау бақшаға бару жолы берілген, жол ұзақтығын қалай есептейміз?
-Қандай ереже қолдандың?
-Ұзындықтың қандай өлшем бірлігін пайдаландыңдар?
-Ұзындықтың қандай бірліктерінбілесіңдер?
Ә)Бақты айналып, қоршау ұзындығын есептеп көр.
-Қоршау мен жол сызбасын қандай геометриялық фигурадеп атауға болады?
Мағынаны тану
-Заттардың массасын өлшеуге бола ма?
-Сендер күнделікті өмірде массаны өлшеуді кездестірдіңдер ме?
-Сонымен, балалар, күзде қандай өнім аламыз? (Астық, көкөніс, жеміс, жидек . . . )
-Оны қалай тереміз, қайтіп жинаймыз?
Сонымен, қапшық-қапшық не алдық? Картоп, сәбіз,.......
жәшік-жәшік . . . . . . . . . . . .
себет-себет . . . . . . . . . . . . .
шелек-шелек . . . . . . . . . . . .
-Балалар, берілген өрнектерді орындасақ, осы заттардың күнделікті өмірде қанша салмақ
тартатынын білетін боласыздар.
Оқулығтағы тапсырмаларды орындау.
І (4 + 2) – 2 =
ІІ. 3 + (5 - 3) =
ІІІ. 10 - (3 + 3) =
6 сағ + (3сағ + 1сағ) * (6сағ + 3сағ) + 1сағ
(3тәул + 7 тәул) – 2тәул * 3тәул + (7тәул – 2тәул)
(10мин – 6мин) +1 1мин * 10мин – (6мин + 1мин)
4.Есепті шығар.
Дүкенге 80 кг жеміс әкелінді. Бірінші ыдыста 20 л шырын, ал екінші
Оның 30 кг алма, қалғаны алмұрт.ыдыста 8 л шырын бар. Екі ыдыста неше литр
Алмұрт қанша кг? шырын бар?
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
133
Тоқылған салса себетке?
Ой толғаныс
Шығармашылық тапсырма: «Саңырауқұлақ жина» ойыны.
Күзгі орманнан саңырауқұлақ теріп жинаңдар. Кім көп жинар екен?
Тапсырмалар үшін қосуды кері амалмен алмастырып, мәнін тап.
Шығармашылық тапсырма:
Тест тапсырмалары
«Кім тез есептейді?
1. Аулада 5 тауық,
Қорада 3 тауық.1 тауық тығылды,
1 тауық жығылдық
қалғаны неше тауық?
2.он асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
өз қолында қалады?
Шығармашылық тапсырма:
Үйге тапсырма
Есептер шығару. 56 бет. 5 есеп.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Кері байланыс
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы
№ 89 «Қайнарбұлақ» жалпы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Анарметова Барно Моминжан қызы
Пәннің аты
Дүниетану
Сабақтың
атауы
Адам өміріне не қажет?
Мақсаты
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
туралы түсінік беру.
Жергілікті жердің су айдындарымен таныстырып,
олардың сол аймаққа пайдасын ұғындыру
Судың барлық ерекшеліктерін сипаттау:түсін, мөлдірлігін, иісін, тазалығын, жергілікті
жерге тигізетін пайдасын (ауыз суға, мәдени өсімдіктерді суаруға, ішуге жарай ма,жарамайтын
болса, неліктен екенін анықтау)
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат- ананы қорғап, аялауға
үйрету.
Көрнекілігі: глобус, .карта,тәжірибе столы, пробиркалар, құм, саз, қант, су, ас содасы, кофе, шай,
штатив, шыны, май шам.
Нақыл сөздер:
•
Сулы жер -нулы жер
•
Су -тіршіліктің ғана емес,тазалықтың,пәктіктің белгісі.
•
Су- энергияның қайнар көзі,келешектің отыны.
•
«Бір жұтым су бөліспеген адам Алла тағаланың алдында күнәһар»
Күтілетін
нәтиже
Психологиялық
ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Қызығушылықты ояту
Психологиялық икем оқушылардың көңіл күйлерін жазу,сұрау:
ТАМАША! ЖАҚСЫ!
ОРТАША!
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Судың қасиеттерін және жай күйі туралы білімдерін жинақтау,қорытындылау.
134
-Судың қандай қасиеттерін білеміз?Оны дәлелдеңдер.
Мағынаны тану
-Судың қандай үш жағдайы болады?
Ол бір жағдайдан екінші жағдайға қалай көшеді?
СУДЫҢ ЖАЙ КҮЙІ:
1.Сұйық 2.БУ 3. Қатты(мұз)
III.Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен ,міндетімен таныстыру.Дәптерге күнді жазу.
Адам өміріне не қажет? Өткен тақырыптан еске түсіру.
1.ТАМАҚ 2.СУ 3.АУА
АДАМ ӨМІРІНЕ НЕ ҚАЖЕТ?
ЖАРЫҚ ЖЫЛУ
Бүгінгі сабақта біз топпен жұмыс істеп тәжірибе жасаймыз.
1 тапсырма
18
топқа тапсырма : 2-і топқа тапсырма :
Суға қантты салып Суға тұз салып
қорытынды шығарыңыз қорытынды шығарыңыз
2 тапсырма
Суға ас содасын салып қорытынды шығарыңыз
3 тапсырма
1.Суға шай салып қорытынды жасаңыз 2. Суға кофе салып қорытынды жасаңыз
3.Оқушылар қорытындыларын дәптерге жазады:
9.
Суға салған нәрселер не істеді?
10.
Судың түсі өзгерді ме?
11.
Дәмі өзгерді ме?
Қорытынды:Су еріткіш.
4 тапсырма
Сазды суға салу 2. Құмды суға салу
Нәтижесін дәптерге жазу:Су лайланды.Ыдыстың қабырғасынан екінші жағындағы нәрсені көре алмаймыз,себебі
саз,құм суға араласқанымен суда еріген жоқ.Суда ауа еріп оған араласады.
Мұғаліммен бірге тәжірибе жасау:
Таза суды шыны бетіне тамызып,астына май шаммен қыздырамыз.Су буға айналып,ұшып кетеді,ал шыны бетінде
ақшыл дақ қалады.Бұл не?
Қорытынды:Таза мөлдір судың өзінде еріген заттар бар.Әсіресе ,еріген заттар ащы суларда көп болады.
Қорытынды шығару:
Ерімейтін заттар СУ Еритін заттар
(саз,құм) су буланады (қант,тұз,сода,шай,кофе)
Балаларға сұрақ: бидай дәні топырақта өніп,өсу үшін оған қандай жағдай жасауымыз керек? (оқушылар
жауабы).Тіршілік судан басталады.
IY. Деректер мен дәйектер:
Су бар жерде тіршілік бар,өмір бар,жайқалып өскен бау бақша,сынсыған орман,тоғай,бітік шыққан
егін,мыңғыраған мал,алып су электр станциясыбар,сондықтан қазақ «Сулы жер нулы жер»дейді.Ну дегеніміз қалын
орман.
Су тіршіліктің ғана емес,тазалықтың пәктіктің белгісі.
Қазақ халқы суды қадір етумен қатар оны жалпы халыққа,жан жануар дүниесіне ,өсімдік әлеміне тіршілік
беруші деп санаған.Су бермеу,судан тарықтыру ең үлкен қылмыс.
Мұхаммед пайғамбар құранында: «Бір жұтым су бөліспеген адам Алла тағаланың алдында күнәһар» деп
жазған.Сол үшін атазаманнан бері қазақ үйіндегі су,қымыз,айран шалап сияқты сусындар тегін болған.Айдалада
жападан жалғыз мал бағып отырған адамның үйіне жолаушы келіп түссе,ең алдымен сусын беріп құрметтеген.
егер де біз картаға немесе глобусқа қарасақ жер шарын жан жағынан су қоршағанын қөреміз.Судың көлемі
құрлықтан 3есе көп екен.Жер бетін70%су алып жатыр.Мұхит,теңіз сулары өте ащы,сондықтан оны адам,жануарлар
және өсімдіктер пайдалана алмайды.
Ал енді адам ағзасына күніне 10 литрдей су керек.Егер де адамның денесінен 1,5л су ағзадан буланса немесе тер
күйінде шықса,адам қаталап шөлдейді.Адам баласы шөлге қарсы 3т күннен артық күресе алмайды.Егер адам денесіндегі
судың 6-8 %азайса ,адам жартылай есінен танып қалады.10% азайса сілекейін жұтады,ал 12% кемісе адам өліп кетеді.
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
135
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой толғаныс
Шығармашылық тапсырма:
Балалар,су бізге дос қана емес,ол- тілсіз жау.Қыркүйек айында Туркия елінде тоқтамай жауған
жаңбырдан қаншама ел зардап шекті –үйлері,машиналары судың астында қалды,елдің малы
қырылып,көптеген адам суға кетті.
1981 жылы Үлкен Алматы өзені тасыды-қатты сел салдарынан мал,адамдарға,ауыл
шаруашылығына зиян келді.Көптеген көпірлерді,тас жолдарды су шайып кетті.
2005 жылы біздің ауылдағы плотинадағы су тасып көптеген үйлерге,қораларға,көшелерге су
кірді,ел судың бетін қайтару үшін көп еңбек етті.
Экологиялық мәселелерге келетін болсақ,қазір біздің елімізде табиғаты таза,экологиялық ахуалы
мінсіз аймақты табу бір маяшөптен ине іздегенмен бірдей.Мысалы:Арал теңізінің бұрынғы жалпы
ауданы 66 мың шаршы шақырым болса,соның шамамен 23 мың шаршы шақырымында ғана су
бар,қалған бөлігі шаң мен тұздың астында қалды.
Облысымызда орналасқан Балқаш көлінің жайы да мәз емес,оның суы тартылып,завод
қалдықтары қөлге төгілуі көптеген зардап әкелуде.
Біздің Қарағанды облысымыздағы талай заманнан бері Арқа өңірінің нәрі,көркі болып келген
Нұра өзенінің халі де тым аянышты.Ұзындығы 700 шақырым жердегі өзеннің екі жағына қаптай
орналасқан шаруашылықтар суын сарып бітіруге қалды.
Біздің ауылымыздың сыртында орналасқан Көктіңкөлі көлі баяғы ашаршылық 1932
жылдары осы маңайдағы қаншама елді балығымен ажалдан алып қалды,ал қазір суы
тартылып,балықтары өліп жатыр.
Ал ауылымыздың ішінен өтетін Жаман Сарысу өзені биыл мүлдем құрғап қалды.
YI.Суды қорғау мәселелері.
Арық,өзен бойына шөп ,ағаштар егу
Суларды қоқыстан тазалау. «Бұлақ көрсең –көзін аш»
Завод,фабрикалардан шыққан қалдықтарды суға ағызуға тыйым салу,оларға тазартқыш
қондырғылар орнату.
«Судың да сурауы бар» -суды үнемдеу (кранды жауып жүру,беталды суды ағызбау)
Қазақта адамгершілікке арналған үш сауал бар,олар:
1.Шөлге құдық қазған
2.Өзенге көпір салған
3.Жолға ағаш еккен
Осы орайда ауылдың сынып жатқан көпірін жаңадан салып ,елдің алғысын алған ауыл азаматы
«Матан»шаруа қожалығының басшысы Жадаев Мұратты айта кету жөн.
YII .Суға байланысты ырым –тыйымдар:
Суға түкірме
Судың бетін ашық қалдырма
Түнде суға барма
Суға байланысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер:
Сулы жер –нулы жер
Жылап жүріп арық тазаласаң,күліп жүріп су ішесің
Бастау суалса-бақыт суалады
Ағын су-өмір,тоқтау су-өлім
Бұлақ көрсең-көзін аш
Құлан- қырға,құндыз –суға
YIII.Сабақты қорытындылау:
Үйге тапсырма
Мазмұндау.Су туралы мақалдар біліп келу.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Кері байланыс
136
САБАҚТА ОҚУШЫ БЕЛСЕНДІЛІГІНІ АРТТЫРУ
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылы № 7 «Бабыр»атындағы
жалпы орта мектеп математика пәні мұғалімі Нартаева Лайло Юлдашбек қызы
Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі. К. Д. Ушинский
Қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық өзгерістер нәтижесінде мектеп оқушыларына білім беру бұрын қалыптасқан
жүйеден әлдеқайда жоғары талаптар қояды. Бұл талапты жүзеге асыру үшін мұғалім қызметі арта түседі.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және дербес ерекшіліктерін еске алып,оқу тәрбие
жұмысының барысында сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету мұғалім қызметінің басты міндеті. Оқуға
зауқы жоқ, үлгерімі нашардеген баланың бойынан жоқ дегенде бір жақсы қасиет табуға болады. Осындай баланың
ерекшілігін көре алатын мұғалім ғана өз ісінің маманы ретінде танылады. Кез келген пәнге оқушы қызығушылығын
арттыру үшін дәстүрлі әдеттерге қоса хабарлама, көрнекі көрсету, безендіру әдістерін қолдану, сонымен қатар зертханалық
және сармандық тәжірбелерді дұрыс ұйымдастыра білу мұғалім шеберлігінің бір көрінісі.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында мұғалімдерге «Әлемдік білім кеңістігіне кіру білім беру
жүйесін халқаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз»― деп үлкен міндет жүктесе, халық өзінің ең жас
буындарының тағдырын сеніп тапсырып отыр. Сондықтан әр бір халыққа білім беру саласының қызметкерлері
ақылшы― ұстаз, ұйымдастырушы , жомарт жүректі ізденімпаз, әділ сарапшы болуы керектігін айқын сезінеміз.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оқытуда бүгінгі күннің жаңалығы мен талабы үйлесім тауып, ізденіске ұйытқы болу керек.
Егемендігімізні алған елдегі жас ұрпақ бойына ұлыттық психологиясын, кең пейілділікті ,ер жүректілікті ақын
жандылықты, даналықты сіңіре отырып сана мен ойды, тілді дамытуға көңіл бөлу керек. Бұнда оқыту мен тәрбиелеу
процесін жетілдіру ғана емес оқушының шығармашылық қабілетің дамуын қамтамасыз ететін жүйе жасау қажнттілігі т
туады. Осы бағытта оқушының белсенділігін арттырып, танымдық зерттеу – ой таласын туызып,оқу материалын өмірмен
байланыстыра отырып іздендірген дұрыс.
Біздің №7 «Бабыр» атындағы жалпы орта мектептің ұстанған бағытының бірі этнопедагогикалық болғандықтан сабақта,
үйірме жұмыстарында мен халықтық педагогика дәстүрлерін реті келгенде жоспарлап, кірістіріп сабақтастырып
отырамын. Мектептегі күрделі пәндердің бірі ― математика пәні. Математиканың жаңа бағдарламасының түсіндірмесінде
оқушылардың математикалық білімін байыту, олардың математикаға деген сүйіспеншілігін тудыру математикадан
дұрыс ұйымдастырылған жұмыстарға байланысты деген. Соның бірі математика пәні бойынша құрылған «Жас
математик» үйірмесінің бір саладағы жұмысы туралы айтайын. Математика нақты ғылым десек те үйірмеде математиканы
халық ауыз әдебиетімен байланыстырамын. Үйірмеде математикалық ұғымдар мен терміндерге жұмбақ құрау,
математикалық мақал- мәтелдер жинақтау, өлең құрап жұмбақ айтысу икемді, қабілеті бар оқушыларды өте қызықтырады.
Айтыс― халық ауыз әдебиетінің күрделі арналарының бірі халқымыздың суырып салмалық айтыс өнерінің жүгін
арқалау әріне оңай емес. Дегенмен,математика үйірмесінде , математикалық ұғымдар туралы білімімізді тереңдетіп
төмендегідей бағытта жұмыс істей отырып, жас ерекшіліктеріне сай, бағдарламаға сәйкес математикалық өлең,
жұмбақ жазуға айтып, шешімін тауып ізденуге тәрбиелеп үйретемін. «Ақын жанды болмаған адам, математик те бола
алмайды»- деп С.В. Ковалевская айтқандай есепке жүйрік бала өлеңді де сүйеді. Мектебімізде көптеген мұғалімдер
«Кембридж» тәсілі бойынша деңгейлік оқуларыға барып біліктіктерін арттырып келді. Бұл бағдарлама аясында
мұғалімдер өзіге қажетті көптеген әдіс- тәсілдерді үйренді. Мектептегі математика апталығында мұғалімдер жаңа әдіс-
тәсілдерді пайдаланып өтті. Бұл сабақ оқушы үшінде мұғалім үшінде өте тиімді болды.
Қазігі таңда мектеп оқушыларының мұғалімден күтері көп, оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ
барысын жаңа формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер
етеді: мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын
сабақтың сапасы болмайды.Сабаққа дайындалу ― нәтіжеге жеткізетін шарлар жүйесін жасау, оқу – тәрбие процесін дұрыс
үйымдастыру. Инновациялық техноллгия бұл әдістердің бастамасы,яғни интербелсенді тақтаны қолданып сабақ жоспарын
ұйымдастыру. Коптеген инновациялар арасында оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастыруға аса қолайлы технология
―Сын тұрғысынан ойлау жобасы, Жас ерекшеліктеріне сай оқыту, Модульдік оқыту технология,Деңгейлеп саралап оқыту
және т.б. түрлері бар.
Сын тұрғысынан ойлау ―ашық қоғам негізі. Ол-өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу ,әр мәселеге
байланысты өз пікрін айтып,оны дәлелдей алу,сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол
дәлілдемелердің қисынын зеріттеу дегенді білдіреді.Бұл оқыту"қарапайымнан күрделіге"деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |