Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет4/37
Дата02.01.2017
өлшемі8,22 Mb.
#1000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

Үйге тапсырма: 1. Ертегіні мазмұндау    2. Ертегі бойынша сурет салу
Қорытынды: Оқушылардың білімін бағалау.
* * * * *
ҮШ ТІЛДІ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Ақтөбе қаласы № 17 мектеп-гимназияның 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сугралинова Светлана Сансызбайқызы
Қай   кезеңде   болмасын,   көп   тілді   меңгерген   халықтар   мен   ұлттар   алдыңғы   қатарлы   елдің   қатарына   кіріп,   өзінің
коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Мәселен, ежелгі Мысырдың өзінде
бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған көрінеді.
Қазіргі   таңда   әлемнің   алпауыт   мемлекеттері   көп   тілді,   әсіресе   халықаралық   тілдерді   меңгеруді   маңызды   міндет   деп
санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет.
Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге
қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың:  «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен
қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік
мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында.
Үш тұғырлы тіл саясатын дұрыс түсінбей, тек қана қазақ тілін қолданайық деп даурыға берудің қажеті жоқ. Одан да біз
мемлекеттік тілді дамытып, орыс тілі мен ағылшын тілін қажетіне қарай үйренеміз керек. Бүгінде ағылшын тілі бастауыш
сыныптардан   бастап   оқытыла   бастады.   Бұл,   өте   дұрыс   нәрсе.   Себебі,   бала   жастайынан   тілді   базалық   деңгейде   білсе,
болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Қазақ мектебінде оқыған жас қалада тұрғаннан кейін орыс
тілін де білетіні айдан анық. Сонымен қатар, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылғаны құптарлық дүние. Қазіргі кезде мектеп
бағдарламасынан   ағылшын   тілін   еркін   меңгерген   көптеген   бітірушілер   шет   елдерде   білімін   дамытып,   тәжірибесін
молайтуда.
«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың
ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек»,– деген болатын. Мейлінше, көп тілді меңгеру қажет,
дегенмен өз ана тілімізді ешқашан ұмытпағанымыз жөн.
Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде қазақ ұлтының жанына сүйеу,
рухына   тіреу   болатын   басты   мәселенің   бірі   осы   –   тіл.   Мемлекеттік   тіл   мәртебесіне   ие   болған   қазақ   тілі   –   ұлттық
руханиятымыздың өзегі. Қазіргі кезде қазақ тілін дамыту, оқытудың деңгейін арттыру мәселесі көтеріліп, осы орайда түрлі
шара   атқарылып   жатқаны   баршамызға   аян.   Қазақ   тілінің   қолдану   аясын   кеңейту,   оның   мүмкіншіліктерін   барынша
пайдалану – еліміздің әрбір азаматының абыройлы міндеті. Адамзат мәдениетінің негізі – тілде. Кез келген ұлттың басты
ерекшелігі   –   оның   ана   тілінде.   Ұлттың   жаны   мен   жүрегі   ары   мен   ұяты,   қазына-байлығы   мен   атақ   абыройы   тілге
байланысты. Жер бетіндегі сан мыңдаған ұлттардың ішінде тек қазақ халқы өз тілін ана тілі деп ардақ тұтып, қастерлейді.
Қазақ үшін тілден құдіретті ештеңе болмаған.
Тіл – қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ана тілі – әр адамға ананың ақ
сүтімен бойға жетіп, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, атадан-балаға жетіп отыратын ұлы күш. Ана тілі –
ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлықтың баға жетпес байлығы, қуатты қайнар бұлағы. Ана тілі – халықтың
өткен ұрпағы, қазірге және келешек ұрпағы арасындағы тарихи жалғастықты жүзеге асыратын бірден-бір сенімді құрал.
Тіліміз арқылы халқымыздың жан дүниесін танып білеміз, себебі, халықтың рухани байлығының сарқылмас бұлағы сонда
жатыр. Туған жеріміз бен ел-жұртымызды да сол арқылы айтып жеткіземіз.
Тіл адам баласының басты қазынасы болғандықтан – тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылымы мен әдебиетін,
өнеркәсібін, мәдениетін,  қоғам-құрылыстары мен салт-санасынынң,  жауынгерлік  дәстүрінің – мұрасының қай дәрежеде
екенін   танытатын   дәлелді   көрсеткіші.   Әр   халықтың   ғұмыры   –   оның   тілінде.   Әрбір   тіл   өзінің   халқы   үшін   «Ұлы»   деп
қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматов айтқандай, тіл – ұлттың тірегі. Ол жан-дүниеңді ашып көрсететін мөлдір
айнаң. Тіл жоғалса, ұлт та жоғалатыны белгілі. Барлық қазақстандықты біріктіретін – қазақ тілі сондықтан, егемен елімізді
сақтап қалу үшін ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілге ерекше ықылас қажет.
P.S. Қазақ тілі Қазақстан халқының ортақ тіліне айналып қоғамдық қатынаста мемлекеттік тіл мәртебесімен өз тұғырында
нық орныққан тіл болып қалыптасуы үшін атсалысу әрбір қазақстандықтың мемлекет алдындағы жауапкершілігінің басты
шарты деп айтсақ, артық айтқандық емес. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, Елбасымыз атап көрсеткендей:
«Дауға   салса   алмастай   қиған,   сезімге   салса   қырандай   қалқыған,   ойға   салса   қорғасындай   балқыған,   өмірдің   кез   кезген
орайында әрі қарау, әрі қалқан, әрі байырғы, мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тіліміз» мәңгі жасасын демекпін.
«Ұлым тіліңді жаман сөзден, көзіңді жамандық бағудан сақта. Ұлым, сөзіңді жүрегіңмен тербеп, содан соң айт, бұлай
етсең баршаға сүйкімді боларсың. Ұлым, біреуден жаман сөз естісең, оны жүрегіңнің жеті қарыс түкпіріне тұт, оған жаман
болар, саған жақсылыққа қайтар», - деп дана Хикар ұрпағына осы бір даналық сөзді жадымызда мәңгі ұстап өзге тілдерді
еркін меңгере отырып, өз ана тілімізді сақтап, айтар сөзімізді өз орнымен пайдалана білейік, ағайын!
20

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласы №1 орта мектебі
Сызу пәнінің мұғалімі  Кайралапина Орынгуль Жетписбаевна
Сыныбы: 9 Сабақ: №2  
Сабақтың тақырыбы:   «Сызба сызықтарының түрлері».
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға сызу құралдарын қолдану амал тәсілін үйрету, жаңа мағлұмат беру және т.б.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік Сызу арқылы оларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:  Оқушыларға сызба сызықтарының түрлері жайлы тереңірек мағлұмат беремін және әр сызықты тақтаға 
сызып түсіндіремін. Сызба сызуда 9 түрлі сызық қолданылады. Олардың төртеуі тұтас, ал қалған бесеуі тұтас емес 
сызықтар.
1. Тұтас жуан негізгі сызық. Егер бұл сызықтың жуандығын s (латын әрпі) деп белгілесек, онда s кескіннің үлкен-кішілігі 
мен күрделілігіне және сызбаның пішіміне байланысты 0,5мм-ден 1,4мм-ге дейінгі аралықта болады. Бір сызбадағы 
сызықтардың жуандықтары бірдей болуы тиіс. Тұтас жуан негізгі сызық сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу 
үшін қолданылады.
2. Тұтас жіңішке сызық. Оның жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады. Бұл сызықтың 
сызбада қолданылатын орны көп, соның бастыларын ғана атап өтейік. Шығару және өлшем сызықтары, проекция және 
координата осьтері, көмекші тұрғызу сызықтары, қима және тілікті сызықтау (штрихтау) тұтас жіңішке сызықпен 
жүргізіледі.
3. Тұтас жіңішке кесінді сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығындай болады. Ұзын үзу сызықтарын көрсету 
үшін қолданылады.
4. Тұтас ирек сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей. Үзу сызықтары үшін және тілікті көріністен 
бөлу үшін қолданылады. Ирек сызық сызу аспаптарының көмегінсіз, қолдан салынады.
5. Үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 2мм-ден 8мм-ге дейінгі аралықта, ал олардың арақашықтықтары 1мм-ден 
2мм-ге дейінгі аралықта алынады. Үзілме сызық сызбадағы көрінбейтін сызықтарды кескіндеу үшін қолданылады.
6. Жіңішке нүктелі үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 5мм-ден 30мм-ге дейінгі, ал аралықтары 3мм-ден 5мм-ге 
дейінгі аралықта алынады. Нүкте (сызықша) бөлік аралықтарының дәл ортасына қойылады. Жіңішке нүктелі үзілме сызық, 
үзілме сызық сияқты бөліктерінен басталып, бөліктерімен аяқталады және бөліктерімен қиылысады. Сызбаның осьтік және 
центрлік сызықтары осы сызықтың көмегімен көрсетіледі.
7. Жуандатылған нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас негізгі сызықтың жуандығынан 1,5-2 есе жіңішке болады. 
Бөліктерінің ұзындықтары 3...8мм, ал олардың аралықтары 3...4мм болады. Шынықтырылатын және қапталатын беттерді 
жуандатылған нүктелі үзілме сызықпен көрсетеді. Бұл сызықты қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу 
үшін де пайдаланады.
8. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей болады,. Бөліктерінің ұзындығы 5...30мм, олардың аралығы 
4...6мм болады.
9. Сызбада қиюшы жазықтықтардың орындарын көрсеткенде пайдаланылады, сондықтан оны қима сызығы деп те атайды. 
Жуандығы (1 ... 1,5) s-ке тең болады. Бұл сызық екі бөліктен тұрады, бөліктерінің аралығы қимасы немесе тілігі берілетін 
нәрсенің сәйкес өлшеміне байланысты. Бір бөлігінің ұзындығы 8... 20мм-ге тең.
Үйге тапсырма беру: Сызба сызықтарын А4 пішіміндегі қағазға сызып келу.
* * * * *
СОВМЕСТНАЯ РАБОТА С СОЦИАЛЬНЫМИ ПАРТНЕРАМИ
Актюбинский технический колледж, г.Актобе
Елеусізова Сандуғаш Нұрғалиқызы, преподаватель спецдисциплин 
Социальное   партнерство  в профессиональном   образовании  – реальность нашего  времени и качественный   скачок  в
современном обществе.   Учитывая, что наш колледж совсем недавно – 12 лет на рынке образовательных услуг, еще рано
говорить   о   создании   конкретной   модели   социального   диалога   между   колледжем   и   субъектами   рынка   труда,   но
определенные шаги в этом направлении нами активно предпринимаются.  
Для профессионального образования социальное партнерство является естественной формой существования в условиях
рыночной   экономики.   Только   в   тесном   контакте   с   работодателями   возможно   реализация   его   основной   функции   –
обеспечения   рынка   труда   необходимыми   специалистами,   востребованными   определенными   секторами   экономики.
Построение   системы   социального   партнерства   в   настоящее   время   находится   еще   на   стадии   становления,   хотя   нужно
отметить позитивную сторону её развития.
Реализация   технологии   сотрудничества  между Актюбинским техническим  колледжем и социальными партнерами
осуществляется посредством:
1.Взаимодействия   с   социальными   партнерами   по   организации   производственной   практики:   взаимосвязь
производственной   практики   с   последующим   трудоустройством   тех   учащихся,   которые   обладают   хорошими   умениями
21

навыками по данной профессии;  проведение  практик  на  получение  рабочей профессии на  предприятии  с присвоением
разряда и группы допуска; формирование профессиональной мотивации по наиболее востребованным профессиям.
2.Трудоустройство выпускников и взаимодействие с социальными партнерами: увеличение свободы  выбора  выпускника в
профессиональной деятельности (например, выпускники колледжа имеют возможность дополнительно получить рабочую
профессию,   которая   наиболее   востребована   на   рынке   труда);   повышение   уровня   образования   (например,   стажировка
мастеров   производственного   обучения   и   преподавателей   спецдисциплин   на   предприятиях     города);   сотрудничество   с
государственной службой занятости (так, около 1000 безработных нашей области прошли курсы обучения на базе колледжа
по   востребованным   на   рынке   труда   профессиям);   формирование   заинтересованности   работодателей   в   приеме   наших
выпускников,  которые  создают им  молодую  прослойку трудовых кадров; приглашение представителей предприятий  на
защиту   дипломных   проектов,   на   государственные   экзамены,   на   заседания   «круглых   столов»,   что   дает   возможность
учебному заведению рекламировать свой «продукт», а предприятиям – проводить для себя отбор потенциальных трудовых
кадров.
3.   Сопровождение   в   профессиональной   карьере:   колледж   всегда   поддерживал   и   поддерживает   деловые   отношения   с
бывшими выпускниками, которые уже являются нашими профессиональными партнерами, то есть имеет место обратная
связь.                                                                                                                      
Основной целью социального партнерства,  на мой взгляд, является содействие процессу подготовки и переподготовки
конкурентоспособных   квалифицированных   работников,   адаптирующихся   к   быстрым   изменениям   современного   рынка
труда. Учебное заведение, в котором осуществляется качественная профессиональная подготовка на основе социального
партнерства,  способствует   снижению  уровня   социальных   проблем,   конфликтов   с   работодателями,   социальной
напряженности и позволит таким образом увеличить прибыль предприятия.
Колледж имеет стабильные договорные отношения с предприятиями и организациями города, что позволяет организовать
практику по всем специальностям. 
В настоящее время по специальности 1226000 «Технология и организация производства продукции предприятия питания» и
по специальности 1219000 «Хлебопекарное, макаронное и кондитерское производство» заключены договора о социальном
партнерстве с ведущими предприятиями города: ТОО «Анвар»,ТОО «Кабиев и К», и т.д. Налажены стабильные связи с
ТОО   «Анвар»,   ТОО   «Кабиев   и   К»,   ТОО   «Атамекен-нан»,ТОО   «Актобе-нан»,   ТОО   «Рамазан»   которые   предоставляют
возможность организовать учебную и производственную практику с учетом современных требований.   Руководство ТОО
«Анвар», ТОО «Кабиев и К», ТОО «Рамазан» осуществляют большую работу по формированию практических навыков,
подбору материалов, предоставляют возможность для трудоустройства тем учащимся, которые хорошо зарекомендовали
себя на практике. 
Например:   выпускники   2013-2014   учебного   года  Пампушина   Оля,   Суюнбаева   Гулбаршын,   Петрова   Татьяна,   Садуова
Асемгуль, Султангалиева Гулнур, Иманова Бибинур  работают в ТОО  «Анвар», а также выпускники 2014-2015 учебного
года  трудоустроились   в   ТОО   «Рамазан»:Қыдырбай   Баян,   Сагинбаева   Назымгул,   Тастанова   Айгерим,   в   ТОО
«Анвар»:Жумаш Алтынзер, Касенова Асемгуль, в ТОО «Кабиев и К» Ершораева Гульмира, Аяпова Асем, Сагиндыкова
Айнур.
Важным фактором в практическом обучении является установление долгосрочных партнерских отношений. 
Взаимодействие производства и колледжа проявляется также в форме экскурсий на предприятия, помощи с их стороны в
оборудовании и оснащении лабораторий. Например, по станочной практике и по предмету материаловедение для наших
студентов  были организованы  экскурсии  в завод  АО  «Актюбинский завод нефтяных оборудовании»,  а также  согласно
подписанного меморандума о сотрудничестве между партнерскими колледжами для изучения новых технологий и обмена
опытом   в   рамках   реализации   ПИР,    рассмотрены  возможности   о   проведениях   лабораторно-практических   занятий   по
специальности 0902000–«Электроснабжение (по отраслям)» на базе Актюбинского политехнического колледжа. 
Цель   установления   взаимодействия   по   передаче   передового   опыта   мастерами   производственного   обучения   и
преподавателями   специальных   дисциплин   совершенствования   специальных   знаний   и   навыков   для   дальнейшего
профессионального развития.
  В 2014-2015 учебном году были подписаны договора о социальном партнерстве по специальности 1226000 «Технология и
организация производства продукции предприятия питания» следующими организациями ТОО «ФудСервис Актобе», Кафе
«Тайказан»,   Ресторан   «Акниет»   и   по   специальностям   1201000   «Техническое   обслуживание,   ремонт   и   эксплуатация
автомобильного транспорта», 1202000 «Организация перевозок движенияи и управления транспортом»ТОО «Автопарк» и
ТОО «Троллейбусный парк» предоставили учащимся колледжа места для прохождения производственной и преддипломной
практики по специальности 1202000 «Организация перевозок и управление движением на транспорте»   были подписаны
договора о соцпартнерстве следующими предприятиями: ТОО «Кол-Авто-Актобе», ТОО «Акпан», СТО «Ходовка». ТОО
«Оскар - М», по специальности 0902000 «Электроснабжение (по отраслям)» ТОО «Южпромснаб», ТОО «Жарык». 
В мировой практике для подготовки профессионально-технических кадров одним из самых эффективных методов обучения
является   дуальная   система   обучения.   10   февраля   2015   года   ЧУ   «Актюбинский   технический   колледж»,   Палата
предпринимателей  Актюбинской   области   и  ТОО  «Анвар»  с   целью   подготовки   и  формирования   конкурентоспособных,
высококвалифицированных   кадров   и   выполнения   Общенационального   плана   основных   направлений   по   реализации
ежегодных посланий Главы государства народу Казахстана, заключили Соглашение на основе практического внедрения
принципов   социального   партнерства   для   необходимых   условий   для   подготовки   и   переподготовки
высококвалифицированных кадров технического и обслуживающего труда. 
В рамках дуальной системы обучения на нашем колледже обучаются студенты 2-3 курсов по следующим специальностям :
1201000-«Техническое   обслуживание,   ремонт   и   эксплуатация   автомобильного   транспорта»   и   1226000-«Технология   и
организация производства продукции предприятия питания» 
В целях переподготовки и повышении квалификации и стажировки преподавателей и мастеров производственного обучения
между СТО «Альтаир», ТОО «Рахат»,  ТОО «Рамазан» и колледжем было подписано соглашение на стажировку ПСД и
МПО.
С 2014 года по 2016 учебные  годы прошли стажировку на предприятиях города Актобе 5 мастеров производственного
обучения.
22

Организации и проведения стажировки на предприятии является изучение и применение нового оборудования, технологий
в   технологическом   процессе,   а   также   установления   взаимодействия   по   передаче   передового   опыта   при   подготовке
конкурентоспособных   кадров,   получить,   совершенствовать   специальные   знания   и   навыки   для   дальнейшего
профессионального развития.
В связи с этим учебное заведение получает возможность постоянного доступа к информации о рынке труда, что позволяет
вносить   коррективы   в   структуру   профессий   и   объем   подготовки   кадров,   учитываются   требования   работодателей   по
содержанию подготовки путем совместного обновления и коллективной  разработки учебных планов и программ.  
При   подобной   постановке   партнерских   взаимоотношений   с   производственными   предприятиями   основная   часть
выпускников выходит на рынок труда нацеленной на будущее. Другая часть осознанно продолжает обучение в ВУЗах по
родственным специальностям. 
Совершенствование форм и методов взаимоотношений с производством в настоящее время является одним из основных
направлений работы педагогического коллектива колледжа.
* * * * *
Жуанышева Гульмира Қуанышбайқызы, 
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, пос. Ойтал,
 №20 орта мектебінің   қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Кіріспе
        Президентіміз     Н.Ә.Назарбаев   «Еліміздің   болашағы   жас   ұрпақтың   қолында,   ал   жастардың   болашығы   мен   білімі-
мұғалімдердің   мінсіз   қызметіне   байланысты   болмақ»   -   деген.   Осыған   орай   Қазақстан   Республикасы   Кіші   ғылым
Академиясы  ұйымдастыруымен өткізілген   Педагогика ғылымдарының докторы,  профессор  «Сатылай кешенді талдау»
технологиясының авторы   Н.А.Оразақынованың І,ІІ,ІІІ- меңгеруші деңгейінен білім алдым.  Осы алған білімімді сабаққа
тиімді   пайдалана   отырып,   оқушыларға     қазақ   тілі   ғылымының   мазмұны   мен   жүйесін,   оның   сөздік   құрамы   мен
грамматикалық   құрылысын,   сөйлеу   тілінің   байлығын   және   әдеби   тіл   нормасын   үйретіп,   дұрыс   сөйлеу,   сауатты   жазу
дағдысын қалыптастырады. Бұл сабақ баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету, танымдық-
психологиялық қасиеттерінің жақсы дамуына бірден-бір ықпалы зор.
        Сатылай   кешенді   талдау-   негізгі   фонемалардың   жалпы   табиғатын,   ішкі     сапалық   қасиеттерін,   жасалу  орнын   жете
тексеріп,   оларды   бір-бірінен   ажырата   білуге,   сөз   ішінде,   сөз   аралығында   кездесіп   отыратын   алуан   түрлі   дыбыс
алмасуларының сырын ашуға, сөз бөліктерінің таңбалауындағы ала-құлалықты бір ізге салуға мүмкіндік береді.
    Ұлылардың бүгінгі күнге жеткен шешендік сөздер, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің мағынасын аша білуге, поэзия
тілін ұғынуға, сонымен қатар белгілі ақын-жазушылардың еңбектерін саралай алуға дағдыландырады.   Берілген   көркем
мәтіндер,   өлеңдер   оқушылардың   тілдік   қорын   молайтып,   қабілетін   арттырады.   Шығармашылықпен   жұмыс   істеуге
машықтандырады.  
7-сынып
Сабақтың  тақырыбы:   М. О. Әуезов  «Көксерек»  әңгімесіндегі  «Табиғат пен адам арасындағы байланыс»
Сабақтың  мақсаты:
Білімділік:                    М.Әуезовтің   шығармашылығына тоқталу, ізгілікті сақтау үшін автордың жан күйзелісі, әдеби- 
теориялық, танымдық ұғымдарын қалыптастыру.
Дамытушылық:           Әңгіме желісі бойынша білім-білігін, дағдысын қалыптастыру, ой-өрістерін дамыту, өз ойларын 
жүйелі түрде баяндай білуге және болжам жасай алуға баулу, өздеріне сенім арттыру.  
Тәрбиелік:                     Ізгілік  қатынасқа үйрету, қоршаған ортаны аялау, адам мен табиғат бірлігін сақтау, рухани 
кемелденген азамат тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың  түрі:            аралас, сот сабақ
Пәнаралық байланыс:    тіл, тарих, құқық, валеология, өмірмен байланыс.
Сабақтың  көрнекілігі:  суреттер, интерактивті тақта,  М.О. Әуезовтің  шығармалар  жинағы, тірек-сызба.
Сабақтың әдісі:          сұрақ-жауап,  сатылай кешенді талдау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу
ә) Сыныптың тазалығына көңіл бөлу
б)  Оқушыларды түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау..

    М. О. Әуезов  «Көксерек»  әңгімесіндегі  «Көксерек - түз тағысы» мазмұнын сұрау.
  2.   «Дыбыстар сөйлейді» әдісі бойынша Құрмаш пен Көксерекке мінездеме беру.
Қ  -  қайырымды,   қайсар                                   К   -  күшік           
Ұ  -  ұқыпты                                                          Ө -   өте ашқарақ
Р   -  рахымшыл                                                    К -   көк  шолақ  қасқыр
М -  мейірімді, мейірбан                                      С -   сүйкімсіз, сұғанақ 
А  - адамгершілігі мол, арам ойы жоқ, аңқау.   Е  -  екі көзі жап - жасыл
Ш – шыншыл, шымыр.                                        Р -   рахымсыз
                                                                                Е – ебі келсе екі асайды
                                                                               К  -  кекшіл
ІІІ. Білімін жан-жақты тексеру.
3
М.Әуезов-ұлы суреткер.
4
«Көксерек» әңгімесіндегі кейіпкерлер
5
Құрмаш қатал табиғаттың құрбаны
ІV.  Жаңа сабаққа дайындық. 
23

V.  Жаңа сабақты түсіндіру.   «Осыншама ұлылықпен,  осыншама махаббатпен, оның үстіне М.Әуезовтің даусындай 
дауыспен  жырлаған қазақ көсегесі шын көгерген халық қой».  (Бержерон)
               Көркем сөздің зергері,   заманымыздың кемеңгер жазушысы, аса ойшыл ғалым, Лениндік   сыйлықтың лауреаты
М.Әуезовтің шығармашылығы туралы сөз қозғау, осынау, «Бұландай жүйрік, Бұланайдай биік, зерен де         ерен» талант
иесінің асыл мұрасы бізге баға жетпес асыл қазына. 
         М. Әуезовтің   суреткерлік шеберлігін танытатын тағы бір нәрсе- оның шығармаларындағы – табиғат көріністерінің
берілуі,   пейзаждық   көріністерді   суреттеуді,   жазушы   шығарманың   композициялық   шешіміне   қатыссыз   өз   алдына   дара
мәселе деп қарамайды, қайта оны кейіпкерлердің көңіл-күйін, іс-әрекеті мен   мінез-құлқын   – тереңдетіп айқындау үшін
пайдаланады. 
       М.Әуезов шығармаларының құндылығын арттыратын тағы бір қасиет- тілі.  Ол- тілге мейлінше бай жазушы. Оның қай
шығармасын   оқысаң   да,   философиялық   мәні   терең,   еріксіз   еліктіріп,   баурап   әкететін   поэтикалық   тілге   таңқалмай
қоймайсың. Және оның тіл шеберлігі тіпті ең алғашқы шығармаларының өзінде-ап-айқын көрініс берген еді. 
       Жаңа сабағымды  Тайыр Жароковтың «Зерен де зерен» өлеңімен бастағым келеді.
«Зерен де зерен» -бір тума,
Маңдайлы, маңғаз марқасқа.
Қалды ізің өшпес жұртыңда,
Өзіңнің   орның бір басқа.
Не суретші,  ақынның,
Бояу сұлу, сөзі де
Жетер ме талант , ақылдың
Шегіне біткен өзіне.
Сирек бір көрер жер бетін,
Өзіңдей отты, нәрлі адам.
Қайта тумас келбетің
Құйса да аппақ мәрмәрдан
Тапсырдың жерге денеңді.
Ұзақ жылдар, ұзақ күн
Еске алып өшпес бейнеңді,
Туындар жыры қазақтың!
       Бұл әңгімені 1929 жылы  жазды.  «Көксерек» қазақ әдебиетіндегі кіші проза жанрында «Сегіз қызым бір төбе, 
Кенжекейім бір төбе» дегенге саяды.   «Көксерек» -уыз иісі кетпеген ерен туынды. Жат пиғылдардың әлі салқыны тимеген , 
бірақ батуға таяу көшпенділер мәдениетінің ерен бұла, сүт иісі аңқыған уыз иісі болатын. «Көксерек» әңгімесінің көк 
тәңіріне қарап ұлитын символикасы да, оның тілмен айтып жеткізгісіз трагедиясы да осында жатыр. «Көксерек» 
жазушының ұнатып жазған сөзі- «көк».   Көк күшіктер өмірге деген құлшыныстың ауқымына айналды. 
 Балалар, М.Әуезов ауыл өмірінен алынған, оның ішінде түз тағысы қасқыр мен адам арасындағы тартысты суреттейді. 
Олай болса, заман кейіпкері ауыл адамдарын айыптай отырып, сот жұмысын ашық деп жариялаймыз. Залға сот құрамын 
шақыру. 
Хатшы:   Отырыңыздар!  Ауыл адамдарының ісін қарауға төмендегі адамдар қатысқалы отыр:   
Сот төрағасы:   Қондыбайұлы Бекболат. 
Сот кеңесшісі:  Мырзахметов Абылай. 
Прокурор:    Салмаханбет Айдана.
Ақтаушы:   Райымбеков Шерхан
Куә есебінде- 7 «А» сынып оқушылары
Сот төрағасы : М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіндегі басты кейіпкер ауыл адамдарының ісін талқыға саламыз. Сот 
жұмысын ашық деп жариялаймын. 
Прокурор:  М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіндегі басты кейіпкер ауыл адамдарына  мынадай айып тағылды. 
2
Қасқырдың апанын бұзуы.
3
Күшіктерге қиянат.
4
Адамдар арасындағы тағылық.
5
Ауыл иттеріне талату.
Ауыл адамдарына тағылған айып бойынша куәлер не айтар екен?  
Сөз куәларда:
1.
Апан ініндегі 7 күшіктің бесеуін өлтіріп, біреуінің тірсегін қиып, біреуін ауылға алып келеді.
2.
Табиғат ананың құшағындағы тіршілік иелеріне деген озбырлық.
3.
Ауыл иттеріне талатты.
Сөз кезегі ақтаушыда:
«Қасқырды қанша қолға үйретсең де, орманға қарап ұлиды» деген сөз тектен тек айтылмаса керек. Табиғаттағы барлық 
тіршілік иесінің өзінің өсіп , дамып,  өркендеу жолдары бар. Адамның өз қолымен жасалған қиянат. Аң да тіршілік иесі. 
Олар да өз ұрпағын аман-есен өсіруді ойлайды. 
   Сот үкімін тыңдап көрейік:      М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіндегі ауыл адамдарының  жылы ұясын бұзып, 
соқтыққан адамдардың әрекетіне қасқырдың қарсылық білдіруі заңды құбылыс. Қылмысқа қарсы күрес туралы бізде заң 
бар.   Қазақстанның «Қызыл кітабы» 1978 жылы жарық көрді. Республика ғалымдары бұл кітавпқп кең байтақ жерімізде 
мекендейтін саны сиреп кеткен және жойылып кету қаупі бар жануарлардың   17 түрін енгізді. Қазақстан Республикасы Ата 
Заңының 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматы табиғатты қорғауға және оның байлығын сақтауға міндетті» 
делінген.
Сабақты бекіту.    «Көксерек» әңгімесіне   сатылай кешенді талдау жасайық.

 Авторы  -М.О.Әуезов Тақырыбы:  М.О.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіндегі ауыл адамдарынң жылы ұясын 
бұзып,  соқтыққан адамдардың әрекетіне қасқырдың қарсылық білдіруі.
24


Эпикалық жанр түріәңгіме

Идеясы-  Құрмаш пен  Көксеректің арасындағы достық. Табиғатты  қорғауға  арналған.

Шығарманың композициялық құрылысы:  
o
Әңгіменің басталуы.  Қараадырдың  қарағанды сайы елсіз.  Айналада қабат-қабат шұбар адырлар. 
Жақын төбелердің барлығын  аласа  бос қараған, тобылғы басқан.
o
Әңгіменің дамуы. Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты.  Жұрт асырауға көнеді десті. 
 қасқырға тән  мінез-құлқы. Кішкене Құрмаш «Көксерек»  деп ат қойып алды.
o
    Әңгіменің байланысы. Көксеректің  өз  тұқымын тануы, апталап жоғалуы,  үйіріне қосылуы,  ақ 
қасқырмен жұп құруы.
o
Әңгіменің шиеленісуі. Көксеректің Аққасқырмен қосылып  төңіректегі ауылдарды шулатуы.  Қорадағы 
қойларды жаралауы. Ауылға шабуыл жасауы.   
o
 Шарықтау шегі.  Көксеректің Құрмашты өлтіруі. 

Әңгіменің шешімі. Аққасқаның Көксерекпен айқасы.  Көксеректің ажалы. 

Шығармадағы кейіпкерлер.  
7.1.Жағымды кейіпкерлер:   Құрмаш,  Қасен, Бейсенбай, Аққасқа.
7.2.  Жағымсыз кейіпкерлер:   Көксерек.

Әдеби теориялық  ұғымдар: 
8.1.  Дисфемизм- Қураған-ай, неңді алып ем?!  Не жазып ем? ..   –Кәпір, қырыс, тағы емес пе!?   Кеудесін бермейді, 
жасымайды!-деп ауыл аңыз қылады. 
-Түу, мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл болып кетіпті- ау, тұқымын сезген екен мына жүзіқара.
-Ойпыр-ай! Ойпыр-ай!..  Аузын !-деп келіп...   
Эпитет – барлық жүні қара көк, жотасы күдірейіп,  ауыз-омыртқа  мен құйрығына шейін тұп-тұтас болып, күлдіреуіштей 
бүгіледі. Атылып келе жатқан садақ оғындай үңілген, сүйірленген бір бітімі бар.   Жоқтау – қураған-ай,  неңді алып ем?!  
Не жазып ем?..  бауырына салып  өсіргеннен басқа не қып еді, менің құлыным?-деп елді тегіс еңіретіп, Көксеректі басқа 
тепті. 

Түсіндірме  сөздік

Тәрбиелік  мәні.  Қазақ халқының өмірі табиғатпен тығыз байланыста өткен. Сондықтан да табиғатты  қастерлеп, 
киелі деп санаған, оған сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық жасап, аялаған. Қасқырдың өзі де санитар  қызметін атқарған. 
Түз тағысы қасқырдың да табиғат пен адамға берер пайдасы мол.  Сол табиғатты қорғайтын азаматтар сендерсіңдер, 
балалар. 
      М.Әуезов бір  кездесуде былай депті:  «Егер менің бойымда белгілі бір күш болса, ол үшін мен ел мен жерге 
қарыздармын., егер зерделей бойымда жақсылығым болса, ол үшін мына сіздерге қарыздармын» депті. Ендеше:  
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын.
                  Пәк табиғат, жүрегімнің тамылжыған  жырысың.
                   Ей, адам, қалай ғана қатыгездік жасайсың
Ол  анаң ғой, ал сен кенже ұлысың!
VІІ. Оқушылардың  білімін  бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма. М.Әуезовтің   «Көксерек» әңгімесіндегі Құрмаш бейнесіне эссе жазып келу.
* * * * *
ОҚО Шымкент қаласы № 103 жалпы орта мектебінің
 бастауыш сынып  мұғалімі Толқынбаева Салтанат
    1 –сынып  Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ата насихаты. Буын.  76-78-жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
6
Мәтін мазмұнымен таныстыруОқушылардың буын туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік жасау;
 1,2,3 буынды сөздерді ажыратуға жаттықтыру.
 2.Оқу-жазу дағдыларын арттыра отырып, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. 
3.Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Мәтін мазмұнымен танысады. Оқушылар буын туралы білімдерін кеңейтеді. 1,2,3 буынды сөздерді ажырата біледі. Оқу-
жазу дағдыларын арттырып, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамытады.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой шақыру, шығармашылық жұмыс
 «мақалдың жалғасын тап»
Тапсырмалар: Топтық және жұптық жұмыс
Түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, Қазақстан рәміздері, карточка,сандар.
Кіріспе.  Сыныпты ұйымдастыру   «Шаттық шеңбері» 
Балалар, бізде бүгін жәй сабақ емес, ашық сабақ. Біздің сыныбымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарымызға достық 
шеңберімізді құрып, амандасайық, біз бір-бірімізді өте жақсы көреміз, тату достармыз, қане қол ұстасып, бір-бірімізге жылу
сыйлайық.
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылылы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Еш уайымды білмейміз
Балалар, біз бір-бірімізге жылылық сыйлап, сәттілік тіледік, осы алған күш-қуатпен оқу іс әректімізді бастайық.
Менің қойған сұрақтарыма қолдарыңды көтеріп жауап беріңдер.
-Біз қай республикада тұрамыз?    -Елбасымыз кім?   -Бас қаламыз қай  қала?   -Біз нешінші мектепте оқимыз?
25

-Қай сыныпта оқимыз?   -Қазір қай мезгіл?   -Қыста неше ай бар?
-Атап беріңдерші?
-Балалар, мен жаңа осы сынып бөлмесіне кіріп келе жатқанда  кітапханашы мына хатты берді. Сыртында « Астана 
қаласынан Елбасымыздың атынан  1-ші сынып оқушыларына» деп жазылған. 
Бүгінгі сабаққа жақсы қатысып отырайық. Сабақ соңында оқып беремін.
Үй тапсырмасы    «Сиқырлы сұрақ» кәрзеңкеден билеттерді алып, бір-біріне өткен сабақтар бойынша сұрақ қояды
Негізгі бөлім   Ой қозғау     «Мақалдың жалғасын тап»
Жаңа сабақ     Кіріспе
-Ахмет Байтұрсыновтың «Ата насихаты» деген мәтінімен танысамыз.А.Байтұрсынов 1837 жылы қазіргі Торғай өңірінде 
дүниеге келген. А. Байтұрсынов ғұлама, ғалымы, қоғам қайраткері, дарынды ақын және аудармашы болған.
* мұғалімнің оқуы  
* оқушылардың дауыстап ,кезекпен оқуы
 2.  Сөздік жұмыс     Сабау- қатты шыбық.      Араздасу- ұрысу, керісу.
Мәтінді  талдау. 3- ші тапсырма
-Әкесі балаларына не айтыпты?   -Балалар әкесін тыңдапты ма?
- Әкесі не әкеліпті?
-Әкесі балаларына қандай ақыл айтты? / тауып, оқып беріңдер/
-«Тірліктің күші -бірлікте» деп неліктен айтады?
-Балалар, сендерде  апаларымен, ағаларымен тату болыңдар.
Дәптермен жұмыс  77- жаттығу   Сөздерді буынға бөліп жаз
Ә-ке, ба-ла-лар, са-бау, ұ-йым-шыл, бір-лік.
Сергіту сәті: 
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлерден
Ытқып-ытқып секірді.
Шығармашылық тапсырма
Кім жылдам?  «Бір-біріңе насихат –ақыл жазыңдар»
78-жаттығу    Әуелі бір буынды, содан кейін екі буынды және үш буынды сөздерді ата

Ай, күн.

Бо-та, қар-быз.

Ша-ға-ла, қар-лы-ғаш.
Қорытынды 
Бүгін біз не үйрендік?
Үйге тапсырма        76 жаттығу, мәтінді түсініп оқу, мазмұндау 53 бет 
Бағалау
-Ақ сандығым ашылды
 Ішінен баға шашылды./ сандық ашылады/
Елбасының хатын оқу. Сыйлықтар тарату.
Формативті  бағалау.   Бір-бірін бағалайды, смайликтерді бояйды.
Жиынтық бағалау     Рефлексия «Пікірлер ағашы»
Бүгінгі сабақ туралы өз ойын жазады
* * * * *
ОҚО Шымкент қаласы №103 жалпы орта мектебінің
 бастауыш сынып  мұғалімі: Байдуллаева Кулаш
 1 –сынып Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы.
Сабақтың мақсаты: Тақырыпты түсіндіру, меңгерту. Логикалық ой-өрісін, зейінін, ынтасын арттыру. 
                                 Таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу.
Білімділік: 7 санының құрамымен таныстыру.  Мәні 7-ге тең қосындылар және 7 санынан басқа сандарды қосу мен азайтуға 
машықтандыру
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ортада өз бетімен  жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Сандар қатары, кестелер, қима карточка, суреттер Пәнаралық байланыс: Сауат ашу, дүниетану.
Сабақ кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі
                          2. Үй тапсырмасын сұрау
                          3. Өткенге шолу. Сұрақ-жауап
                          4. Жаңа сабақ
                          5. Оқулықпен жұмыс
                          6. Сергіту сәті
                          7. Дәптермен жұмыс
                          8. Қорытынды
                          9. Үйге тапсырма
                         10. Оқушыларды бағалау
Сабақ барысы:  1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу. Оларды түгендеу. Талапқа сай отырғызу.        2. Үй тапсырмасын сұрау
Дәптерлерін тексеру, бағалау, мадақтау
                          3. Өткен тақырыпты қайталау. 
26

Сұрақ-жауап:   Өткен сабақтарда қандай сандармен танысып өттік?

Санды немен белгілейміз? (цифрмен)

Цифрды біз не істейміз? (көреміз)

Бір таңбалы сандарды ата. ( 1,2,3,4,5,6,7,8,9)

Кесіндіні немен өлшейміз? (см, дм)

Қандай фигураларды білеміз? ( сәуле, бұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш, көпбұрыш, дөңгелек, сопақ)

Заттарды бір-біріне біріктіргенде қандай амал қолданады? (қосу)

Заттарды бір-біріне айырғанда қандай амал қолданады? (азайту)
                          4. Жаңа сабақ
Балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз 7 санының құрамы.
-Балалар біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «7 санының құрамы»
-Балалар 7 саны туралы не білесіңдер?
Ерте замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған.
Оны кие тұтып,  қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын
қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-
дәстүріне арқау етіп келеді.
Жеті ата.Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ
баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті
атасын
 
білмеген
 
жетесіз"деген
 
аталы
 
сөз 
бар.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен
жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата.5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.
Жеті жұт.1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу).  3. Өрт. 4. Оба (ауру).5.  Соғыс. 6. Топан су.  7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ.1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр
жоқ.6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу
әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
Жеті жетім.
Тыңдамаған сөз жетім.
Киюсіз тозған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу, қазсыз көл жетім.
Жерінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса –
Бәрінен де сол жетім.
  5. Оқулықпен жұмыс   Оқушыларға оқулықтағы тізбектелген моншақтар жайлы айтып өту. Мәні 7 болатындай өрнектерді
құрастыруды түсіндіру. 
                          6. Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен болып өседі
                          7. Дәптермен жұмыс
-Ал балалар дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып алайық.
№1-есеп Суретпен жұмыс. «Моншақ тізу»
6+1=7                                 3+4=7
5+2=7                                 2+5=7
1+6=7                                 7+0=7
№2-есеп «Теңсіздік құрастыр»       3*4               4*2                    6*3              5*1
№3-есеп «Теңдік қүрастыру»     Карточкаларды пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын арттыру
 5+2=7                                           7-2=5                    Кәрзеңкелерге алмаларды салады және азайтады. 
№4-есеп 7 санының құрамын анықтау   Сандарды үйшіктерге орналастыра отырып, балалар 7 санын анықтайды.
5
1
3
«Кім жүйрік» (ауызша)
3
4
5
?
 1
3
5
?
7
6
5
?
Оқушы сырттан керек санды табу керек. 7 саны қандай сандардың қосындысынан тұрады?
                          8. Қорытынды    -Бүгін біз  жеті саны туралы не білдік?

Үйге тапсырма   №5-есеп

Оқушыларды бағалау   
Өте жақсы жауап берген оқушыны қызыл фишкамен
Жақсы жауап берген оқушыны көк фишкамен
Орта жауап берген оқушыны сары фишкамен бағалау
* * * * *
27

Алматы облысы, Қарасай ауданы Тұрар ауылы
«Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ
Мусаханова Газиза Турегельдиевна Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Өзiн-өзi  тану сабағының жоспары
Мектеп:    Сабақ:№   Күні_________  
Тақырып: «Жақсылықпен жаным дос»
Құндылық: дұрыс әрекет 
Қасиеттер: кішіпейілділік,  жанашырлық,  қайырымдылық.
Мұғалімі: Мусаханова Г.Т   Оқушы саны:  18   Сынып:   10
Сабақ мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін
кеңейте отырып, дұрыс әрекеттің мәнін ашу.
Міндеттері: 
1.Жақсылық  жасау арқылы кішіпейіл болуды үйрету;
2.Оқушылардың бойында  жанашырлықты  дамыту;
3. Қайырымдылықты тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар,
мәлiметтер)
Сабақтың  барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Сабақтағы жағымды күйге келу, тыныштық сәті 
«Нұрға   бөлену»  -ыңғайланып   отырыңыздар,   денелеріңізді   түзу   ұстаңыздар.   Аяқ
қолыңызды  айқастырмаңыз.  Қолыңызды  тізелеріңіздің немесе партаның  үстіне  қойсаңыз
болады.   Көздеріңізді   жұмуларыңызды   өтінемін.   Елестетіп   көріңіз:   Күн   нұры   сіздің
төбеңізден   өтіп,   кеудеңізге   қарап   бойлап  барады.   Кеудеңіздің   орта   тұсында   гүл   түйнегі
орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр
ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып жүрегіңіздің қауызын
ашты. Нұр сәулесі  сіздің бойыңызға  ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп
күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,
сәуле   шашуда.   Қолыңыз   тек   жақсы,   ізгі   істер   істейді   және   баршаға   көмектеседі.   Нұр
аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау
үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр
сіздің   аузыңызға,   тіліңізге   тарады.   Тіліңіз   тек   шындықты   және   жақсы,   ізгі   сөздерғана
айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз жақсы сөзбен әсем әуенді ғана
естиді.   Нұр   көздерімізге   де   жетті,   көзіміз   де   жақсыға   қарап,   бәрінен   жақсылықты   ғана
көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келді. Нұр
бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып,  жан –жағыңызға
сәуле   шашады.   Осы   нұрды   туысқандарыңызға,   мұғалімдеріңізге,   достарыңызға,
таныстарыңызға   бағыттаңыз.   Нұрды   уақытша   түсініспей,   ренжісіп   жүрген   адамдарға   да
бағыттаңыз олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан
–   жануарларға,   өсімдіктерге   барлық   тірі   жанға   таралсын...Ғаламның   барлық   түпкір   –
түпкіріне   нұр   бағыттаңыз.   Ойша   айтыңыз:   «Мен   нұрмын...Нұр   менің   ішімде...   Мен
Нұрмын.» Осындай Нұр, Махаббат, Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы нұрды
жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем
қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

балалар қандай әсер алдыңдар?
Әдістемелік нұсқаулық
Үнтаспа
 
«Сиқырлы
композициясы
Хрустальная грусть»
Үй тапсырмасын тексеру. 
Оқушыларға жеке-жеке  тапсырма берілді. Өздерінің жасаған жақсылықтары туралы айту. 
Сұрақтарға  жауап  беру. 
-Өздеріңнің риясыз жақсылық жасаған кезің болды ма? 
-Жасаған жақсылығыңды міндетсінген кезің болды ма? 
Не үшін жақсылық жасадың?
Жеке тапсырма
Дәйексөз.
 «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе!»
                                                  Ыбырай Алтынсарин
Дәйексөз тақтаға жазылады.Мұғалім дәйексөзді өзі оқып береді. Сыныптағы оқушылар 
хормен оқиды. Әр қатардан бір оқушы дауыстап оқиды. Дәйексөзді дәптерге жазғызу. 
- Адамдар бір - біріне риясыз жақсылық жасаудан жалықпаса өмірде не орнайды?
- Жақсылықтың өтеуін сұрау қажет пе?
- Өмірде жақсылық жасаудың маңызы қандай?
Ыбырай
Алтынсарин(шын   аты—
Ибраһим,   1841—1889)—
қазақтың   аса   көрнекті
ағартушы-педагогы,
жазушы,
 
этнограф,
фольклоршы,
 
қоғам
қайраткері
28

Оқиға айту (әңгіме) Мұғалімнің сыйлығы
Жақсылық пен Жамандық
  Ертеде Данышпан ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол
иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық “істе” десе,
жамандық “істеме” деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым
екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен
шаршап   келе   жатса,   судың   жағасына   шығып   қалған   балықты   көреді.
Балық   секіріп   суға   жете   алмай   жатыр   екен.   Жақсылық   жаны   ашып:
-   Адам,   ана   балыққа   көмектесіп   жібер,   -   десе,   Жамандық:
-
 
Қой,
 
жөніңе
 
жүре
 
бер,
 
уақытыңды
 
алма,
 
-
 
дейді.
Адам   балықтан   әрірек   асып   барып,   мойнын   бұрып   қарайды.   Балық   шарасыздан   көзі
жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты
суға   салып   жібереді.   Балық   ризашылығын   білдіріп   суда   ойнақшып,   секіріп,   құйрығын
бұлғақтатып
 
суға
 
сүңгіп
 
кетеді.
Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр еткен
дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап
қалған   екен.   Еңкейіп   енді   көтерейін   деп   жатса   Жамандық:
- Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін
теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит – құсқа жем боласың
ғой,
 
-
 
дейді.
Адам
 
ойланып
 
тұрып
 
қалады.
 
Осы
 
сәтте
 
Жақсылық:
-   Ей,   адамзаттың   баласы,   сен   әлсіздерге   қорған   болып,   қол   ұшыңды   беру   үшін
жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді - дейді.
Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына
салып   кетеді.   Балапан   шиқ   –   шиқ   етіп,   қанатын   қағып,   разы   болады.
Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең
сүйреп   бара   жатқан   құмырсқаны   көзі   шалады.   Құмырсқа   дәннің   о   жақ,   бұ   жағына
шығып,   қозғауға   ыңғайлы   ретін   таба   алмай,   ісі   өнбей   келеді   екен.   Адам   әуелі
жамандықтың   айтуымен   құмырсқаны   дәнінен   айырып  тастағысы   келіп   оқталады   да,
шыр   –   пыр   болған   Жақсылықтың   сөзіне   құлақ   түрді.   Ол:
- Әй, адам – ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен
үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда, қол ұшыңды көрсетіп жолына салып
жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы
кіп   –   кішкене   тіршілік   иесінен   үйренбейсің   бе?   –   деп   налыған   екен.
Адам   өз   ойынан   ұялып,   райынан   қайтады.   Сөйтіп   Данышпан   ата   ұрпағын   алдына
шақырып
 
алып:
- Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен
саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнанайнымай,
айналаңа   қамқор   болып,   жамандыққа   жоламай,   жақсылыққа   жолдас   бол  -   деп
батасын
 
береді.
Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.
Сұрақтар:
·Осы әңгімеден не түйдіңдер?
·Жақсылық жасау деген не?
·Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
·Жақсылық жасау адамның міндеті ме?
Ғаламтор  желісінен.
 «Бумеранг» бейнеролик ұсыну.

Балалар бұл бейнеролик неге «бумеранг» деп аталады?

Бейнероликтен не түйдіңдер?

Сіздерде осындай жақсылық жасаған кездерініз болдыма?
Ғаламтор  желісінен.
Бейнеролик ұсыну.
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс
Топта бөлінеді, әр топқа әртүрлі жағдаяттар беріледі. Олар топ болып бірлесе отырып, 
ойланып әңгімені өз ойларымен жалғастыру қажет.
Дәптер, қалам,  оқулық.
Топпен ән айту.
Жан-досым
 
                     (Т.Молдағалиев)
7
Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек кағыныштанжүдейтiн,
Кiмбарекенбалакүнгiдосыңнан!
Қайырмасы: 
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымызда бiтпесiн,
Жырымызда бiтпесiн, жырымызда бiтпесiн!
8
Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Үнтаспа, бейнеролик.
29

Қатар жүріп сырымызды санаштық.
Жолтапсақтабiргежүрiпжолтаптық,
Адассақта бiрге жүрiп адастық.
Қайырмасы: 
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесін!
6
Өмiр өзi арқамызға жүк салып,
Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құска ұқсадык әлде бiз,
Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.
Қайырмасы: 
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесін!
Үй тапсырмасы
«Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы»,- тақырыбына шығарма жазу.
Жеке тапсырма
Сабақтың  соңғы тыныштық сәтi.
сабақтан қандай әсер алдық?
Тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді
жүрегімізге   орнатайық.   Әрдайым   жақсыны   көруге,   жақсыны   естуге,   жақсыны   айтуға
үйренейік. 
Баяу музыка қосылады
Хрустальная грусть.
  
   
   
Есбаева Флория Алмасовна. Учитель русского языка и литературы
СШ им. К.Сатпаев. Карасайского района. Алматинской области
                    Краткосрочное планирование по русскому  языку в 9 классе   учителя Есбаевой Ф.А. 
                
 Дата
18.05.2015


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет