Шарықтау шегі. Толағайдың тауды көтеріп әкеліп жаңбыр жауғызуы.
Шешімі. Отаны үшін өлді бала.
Толағайға мінездеме беру. Топтастыру
Венн диаграммасы. Бұрынғы оқыған ертегінің кейіпкері Кендебай мен Толағайды салыстыру
Кендебай
ортақ
Толағай
1.Ай сайын емес, күн сайын, 6 күнде
күліп, 60 күнде 6 жастағы бала
болады.
2.Шыңыраудан атанды жалғыз өзі
тартып шығады, көкжалды өлтіреді,
айдаһарды, арыстанды жеңеді.
3.Таз, кедей балаға ат а-анасын тауып
әкеледі.
Батыр,
ел қорғаны,
жанашыр,
мейірімді,
қайырымды,
алып бала.
1.Толағай алып денелі, он баланы
көтерсе қабырғасы қайыспайтын
мықты болды.
2.Жолбарысты мысықтай көріп,
ұршықтай иіреді, тауды жалғыз өзі
көтереді.
3.Толағай еліне жаңбыр алып келіп,
халқын аман алып қалады.
37
Қорытынды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деп жас ұрпаққа сенім
артады.
1.
Ендеше бүгінгі жастар қандай болуымыз керек?
2.
Ел басына күн туса, халық күйзелсе, сен не істер едің?
3.
Бүгінгі бейбіт замандағы Толағайларымыздың қатарын кімдермен толықтырар едіңдер?
4.
Толағай сияқты елінің халықтың таудай үмітін арқалап, таудай іс атқарып жүрген, қазақстан атын әлемге паш
ететін азамттар бар ма?
«Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді» деген мақал бүгінгі сабағымызға қорытынды болмақ. Еліміздің үміт артып отырған бүгінгі
Толағайлары – сендерсіңдер, ендеше осы атымызға лайық болайық.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. 1.Мәтінде кездесетін салт-дәстүрлерді теріп жазу. (Отыз күндік мереке, бата беру, ат қою)
2.
Өлеңнен өздеріңе ұнаған сюжеттен үзінді жаттап, суретін салу.
* * * * *
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы,
Ақшұқыр мектеп-лицейі, дене шынықтыпу пәні мұғалімі:
Урбисинов Нурлан Икласович
Сабақтын тақырыбы: Кіші ағашаттан секіру
Сабақтың мақсаты
1. Білімділік : Алаңда ауысу тәсілдері: жүру, жүгіру, секірулер,
Жаттығу ойыны.
2. Денсаулық сақтау : Шапшандық және жылдамдық,ептілік сапаларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Сабақтағы барлық жүктемені дұрыс орындау. Бір-біріне көмек жасау. Тәртіпке тарту.
Спорт құралдары: Кішіағашат,секіртпе,ысқырық.
Өткізілетін күні: 18.12.2015 Сынып: 8 «а» сыныбы
Өткізілетін орны: Спорт алаңы
Уақыты: 45 мин
№
Жаттығулар
Уақыты
Әдістемелік нұсқаулар
1
Кіріспе бөлімі
Сапқа тұрғызу
Рапорт тапсыртқызу
Сабақтың мақсатын түсіндіру
Саптағы жаттығулар:
Оңға,солға, айналып бұрылу
Секіріп бұрылу
Жүру: аяқтың ұшымен,өкшемен,аяқтың ішкі жағымен,
сыртқы жағымен
Спорт.жүрісі
Жүгіру:
Арнайы жүгіріс жаттығулар жасау.
Тізені көтеріп жүгіру
Аяқты артқа лақтырып жүгіру
Түзу аяқты алға көтеріп жүгіру
Оң жағымен жүгіру
Сол жағымен жүгіру
Бұғы жүгіріс
Сол, оң аяқпен биікке секіріп алға қозғалу
Теріс қарап жүгіру
Жылдам жүгіру
12-15
мин
30 сек
30 сек
30 сек
30 сек
1 мин
30 сек
30 сек
5 мин
2 рет
2 рет
2 рет
2 рет
2 рет
2 рет
2 рет
2 рет
2 рет
Спорт.киіміне назар аудару
Бір адамдай істеу
Арқаны түзу ұстау
Саптан шықпай бір қалпы жүгіру
Спорт.залдың бір бұрышынан екінші
бұрышына дейін.
Қол жүгіргендей қимылдайды
Қол жүгіргендей қимылдайды
Қол жүгіргендей қимылдайды
Ойыншының тұрысы
Қол жүгіргендей қимылдайды
Сол иықтан алға қарау
Қол жүгіргендей қимылдайды
2
Негізгі бөлім
Сыныпты кубок арқылы екі топқа бөлінеді. 1 ші топты
домалау әдістерін уйренеді. 2 ші топ ұзын үстел үстінен қос
аяқпен секіру жаттығуларын жасайды. Жаттығуларын жасап
болғаннан кейін 2 топ орындарын ауыстырады.
Жаттығуларды жасап болғаннан кейін сабағымызға кірісеміз.
Кішіағашаттан секіру әдістерін көрсетіледі. 1 әдісі ат үстіне
тіземен шығу. 2 әдіс ат үстіне қос аяқпен шығу. 3 ат үстінен
секіру. Жаттығулардың соңында екі қолды екі жаққа созып
иегін жоғары көтеріп 2 секунд тұрады да жаттығуларын
аяқтайды. Барлық жаттығуларды аяқтағаннан кейін спорт
залды айналып тыныс алу жаттығуларын жасайды.
25 мин
Қимылдармен көрсету.
Дұрыс көрсету , қателіктерін түзету.
38
Көшбасшыны оқушылардың өздері
тандап алады.
3
Қорытынды бөлімі
1. Сапқа тұрғызу
2. Қорытынды жасау, доптың көлемі арқылы бағалау.
3.Кері байланыс. Ет тартқыш,чемодан,Қоқыс шелегі әдісі.
4. Үйге тапсырма
5 мин
Үйге тапсырма беру.
Сабақ кезінде
* * * * *
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы,
Ақшұқыр мектеп-лицейі, дене шынықтыру пәні мұғалімі:
Саубетова Лайла Оракжанова
Тақырыбы: Мен және жетекшім
Мақсаты: Мұғалімдер мен оқушылардың бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттыру. Ойыншылардың
денсаулығын нығайту, қимыл қозғалысын мәдениетін қалыптастыру.
Түрі: Топтық жарыс Өтетін орны: Спорт залы
Өткізілген уақыты:
Керекті құралдар: доптар, кедергілер, сөз жұмбақтар, сұрақтар, орамал, орындықтар, түрлі-түсті шариктер, стакандар т.б.
Қуаныш кеудемізді керней берсей берсін,
Құлашын болашаққа сермей берсін.
Тек алға, жаса,жаса Қазақстан
Тұғыры Тәуелсіздік өрлей берсін.
Армысыздар қадірлі ұстаздар, оқушылар және жарысқа қатысушы топтар! Бүгінгі Тәуелсіздік күніне орай өткізілгелі
отырған, 7 сынып оқушыларымен сынып жетекшілер аралығында «Мен және жетекшім» атты спорттық жарысқа қош
келдіңіздер!
Халқымыз байырғы заманнан бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұрпақтарын болашағына балаған, салауатты өмір салтын
ұстану осы іс-шараның алғашқы баспалдағы. Сондықтан еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін салауатты өмір сүруге
талпынып, соған қоғам да, мекемелермен мектептер де жағдай жасап, денсаулықты нығайтуға ат салысу керек.
Жарыс заңы ежелден, Жеңілгендер ренжіме
Жеңімпазды анықтау. Тараса бізге жарады.
Жеңімпаз болу шарты сол Сабырлы да салмақты,
Еңбектену жалықпау. Білімді де өнерлі,
Біреу озса жарыста, Білекті де жүректі
Біреуі артта қалады Топтарды шақырып
Оларға жеңіс тілейік, - дей отырып ортаға топтарымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
І топ – 7 «А» сыныбы
ІІ топ – 7 «Ә» сыныбы
ІІІ топ – 7 «Б» сыныбы
ІҮ топ – 7 «В» сыныбы
Ойынды бастамас бұрын әділ баға беріп, жарыстың жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс
болайық.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер.
Олай болса жарыстың шарттарымен таныс болайық.
Таныстыру
Мергендер
Соқыр теке
Тенис
Түрлі-түсті шариктер
Сөз жұмбақ
39
Нысана
Пирамида құру
«Таныстыру»
Әр топ жеке-жеке өздерінің топ аттарымен, ұрандарымен, төсбелгісімен таныстыру.
«Мергендер» Кедергілер арқылы баскетбол добын жерге соғып, белгілі жерге дейін барып, себетке допты лақтыру.
«Соқыр теке» Ойыншыдың көздері байланып, белгілі жерге қойылған допты тауып алып, орындыққа барып отыру керек.
Қай топ допты бірінші тауып, орындыққа бірінші отырса – 5 ұпай,екінші отырса – 4 ұпай, үшінші отырса – 3 ұпай, төртінші
отырса – 2 ұпай.
«Тенис» Кедергілер арқылы ракеткамен тенис шаригін секіртіп алып жүру.
«Түрлі-түсті шариктер» Жерде жаткан түрлі-түсті шариктерді өз түстеріне байланысты 1 минут ішінде теріп үлгеруі
керек. Терген шариктеріне байланысты ұпай саны қойылады.
«Сөз жұмбақ» Әрбір топ «Салауатты өмір салтына» байланысты сөз жұмбақтар шешу.
«Нысана» Әрбір топтың алдына үш шардан іліп, оны бір-бірден ойыншыларға дротик арқылы жарғызу.
«Байтерек құрастыру» Әр топтан топ басшысын шығарып, стакандардан байтерек тұрғызу.
Қорытындылау.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула , желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің.
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
– дей отырып, жарысымызды осымен аяқтап, сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
( Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау)
Жарыс кезіндегі суреттер
* * * * *
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі Шуренова Гульмира Дандибаевна
Сабақтың тақырыбы: «Маңғыстау-татулық пен бірліктің отаны»
Сабақтың мақсаты: Алғашқы білім күні сабағының әрбір оқушы үшін маңыздылығын меңгерту. Қазақ елінің болашағы
үшін білімді азамат болуына үндеу тастау. Маңғыстау өлкесі туралы түсініктерін, танымдық қабілеттерін арттыру; Барлық
Қазақстандықтар үшін Маңғыстау байлығын бағалай білуге баулу.
Көрнекілігі: карта, сызба, суреттер.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық, іздену.
Түрі: аралас сабақ
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Әрбір адам-туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ-үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім-тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім-шындық, бірлік, адалдық.
ІІ. Алтын ұям мектебім
Келдім сені сағына
Құй нұрыңды жаныма
(сурет бойынша жұмыс)
Тірек білім. «Кім тапқыр?» ойыны. Жұмбақ шешу:
Қалмайды бір-бірінен тағы озбайды,
Аяғын көз ілеспес ол қозғайды.
Үстіне не салсаңда тиеп алып,
Қара інген ботасы жоқ құр боздайды. (паравоз)
Ақ сұңқар құсым ағып келеді,
Дауысы жерді жарып келеді
Жолына бояу жағып келеді. (ұшақ)
40
Ой тастау. Ситуациялық сұрақтар:
Балалар қалай ойлайсыңдар паравоз, ұшақ немен жүреді?
Бензин неден пайда болатынын, кім біледі?
Отынның қандай түрлерін білесіңдер? (Оқушылардың ойын тыңдау)
ІІІ. Жаңа сабақ. Олай болса балалар біз бүгінгі сабағымызды мұнайдың мол қорын беріп отырған өзіміздің Маңғыстау
түбегі туралы айтамыз. Ол үшін Маңғыстаудағы атаулы орындарға саяхат жасаймыз. Әр мекеннің сендерге берер қызығы
бар. Оларды айтып біз өз туған жеріміздің құндылығы туралы толығырақ білетін боламыз.
9
Ақтау қаласы. Ақтау-Маңғыстау облысының әкімшілік орталығы. Облыстың солтүстік батыс мен батысын
Каспий теңізі жиектеп жатыр. Каспий –қазақ елінің кең дүниеге ашылған қақпасы. Ол арқылы Иран, Әзірбайжан,
Түркменстан және ресеймен байланыс жасалады. Жылына Ақтау порты арқылы 1 млн. Тоннадан астам мұнай
тасымалданады.
10
Бекет Ата. Маңғыстау- әулиелі мекен, киелі дала, ғажайыптар өлкесі, 360 әулие мекені. Оның ерекшелігі табиғат
тылсымдарының құпиялылығында, қайталанбастығында. Тарыққанға дем, қысылғанға жар болған қасиетті Бекет Ата рухы
Оғыланды тауында.
11
Үстірт қорығы. Үстірт қорығы (1984ж) Маңғыстау өңіріндегі Үстірттің шөлді табиғатын қорғау мақсатында
құрылған. Үстірт қорығы көлемі жағынан үлкен шөлді аймақты қамтиды. Бұл қорықта «Қызыл кітапқа» енген
жануарлардың 8 түрі бар.
12
Каспий теңізі. Каспий теңізінің жалпы ауданы 390 мың км. Оның беті мұхит деңгейінен 27 м төмен жатыр. Теңіз
солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері-435 км, ал енсіз жері-193 км. Теңізінің
жағалау сызығының ұзындығы-7000 км. Оның су 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Қазақстан үлесіне -29%/2340км/,
Ресейге-16%, Әзірбайджанға -20%, Түркменстанға-21%, Иран Ислам Республикасына-14% тиеді. Теңіз жағалауындағы
біздің Ақтау қаламызда көптеген көптеген ұлт өкілдері тұрады. Жыл сайын қаламызда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Жыл
сайын қаламызда «Каспий –достық теңізі» фестивалі өткізіледі. Татулығы жарасқан қаламыз әлі де көркейе түсуде.
13
Сергіту. «Кім көп біледі?» ойыны. Мақалдардың жалғасын табу.
Ер елімен жақсы,.....
(Жер кенімен жақсы)
Ұлтарақтай болса да,...
(Кіндік кескен жер артық)
Тау бұлағымен сәнді,...
(Жер құрағымен сәнді)
IV. Сыр сандық...........
7
Маңғыстау облысындағы қалалар. (Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко)
8
Облыс қай жылы құрылды? (1973 жылы 20 наурыз, 1988 жылы 2 маусымда қайта құрылды)
9
Облысымыздағы терең ойпат. (ТМД-дағы ең терең ойпат-132м Қарақия ойпаты)
V. Қорытынды кезеңі. Сонымен балалар, біз бүгінгі сабақта саяхатқа шығып өз қаламызға қайтып оралдық. Сабағымыз
сендерге ұнады ма?Не туралы білдік?
VI. Хор. «Ұшады Маңғыстаудан шағалалар» әні.
* * * * *
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы,
Ақшұқыр мектеп-лицейі, бастауыш сынып мұғалімі:
Шәміл Ақерке Саясиқызы
Пәннің аты
дүниетану
Уақыты:
17.02.15
Кабинет:
№207
Мұғалім
Шәмбіл Ақерке
Сабақтың атауы
Өсімдікке ауа жылу және топырақ керек
Мақсаты
1. Білімділігі: Өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімділігі туралы ұғымдарын
пысықтау, тіршілік етуі туралы ұғымдарын кеңейту.
2. Тәрбиелілігі: Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту. Өсімдіктерді
қорғай білуге баулу.
3. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету.
Түрі: Жарыс сабағы
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтау әдісі, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: суреттер, тірек-схемалар, бүктеме, сызбалар.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен
бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Мұғалім түсіндірмесі:
Өсімдік-тірі ағза.
Өсімдіктер
Ағаш
Шөп
Бұта
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары
оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
41
- Олар кез келген тіршілік иесі сияқты белгілі
бір уақыт мөлшерінде тіршілік етеді. Кейбір
өсімдіктер бірнеше ай, енді біреулері ұзақ
уақыт тіршілік етеді.
Өсімдіктер
Бір жылдық
Көп жылдық
Екі жылдық
Көкөністер
ағаштар
сәбіз
орамжапырақ
Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс
Өсімдікке ауа,жарық,жылу керек екенін дәлелдеу.
Сұрақтарға жауап беру
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс
Шығармашылық тапсырма
Үнтаспадан пияз туралы соңғы жаңалықтарды тыңдау.
Пияз-көп жылдық, шөптекті өсімдік. Ол тікелей тамырынан өсіп шығады. Гүл сабағының іші
қуыс, гүлдері майда, ақшыл, шар тәрізденіп сабақтың ұшында шоғырланып тұрады. Иісі өткір,
дәмі ащы. Шілде - тамыз айларында гүлдейді. Бұл өте кең тараған бақша өсімдігі. Құрамында
азотты заттар, қант, минералды тұздар, С, В дәрумендері бар.
Халық медицинасында пиязды тамаққа тәбет ашатын, ішек құрттарын түсіретін, құрқұлаққа
қарсы әсер ететін, қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданады. Пияз асқазан бездерінің
жұмысын жақсартады. Жас пияздың сығып алынған сөлін ауыз уылғанда пайдаланады.
Сонымен қатар тұмау ауруының бірден-бір емі болып табылады.
Х. Жаңа сабақты бекіту Постер
Тақтадағы суреттерді сәйкестендіреді.
Күнбағыс, бұрыш, бидай - бір жылдық өсімдіктер.
Бақбақ, итмұрын, үйеңкі - көп жылдық өсімдіктер.
- Шырша көп жылдық өсімдіктердің қатарына жатады екен. Іле Алатауының теріскей
беткейінде 1, 5-2, 5 мың метр биіктікте қалың болып өседі.
Басқа жерлерде сирек кездеседі. Орынсыз пайдаланғаннан жойылып кету қаупі бар.
Үйге тапсырма
Мазмұндау
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Д. Нұрпейісова атындағы
жалпы орта мектебінің бейнелеу және сызу пәнінің мұғалімі
Адаева Лаззат Танирбергеновна
Сабақтың тақырыбы: Су астындағы тамаша әлем.
Сабақтың мақсаты:
а)білімділігі: Сурет салудың әдіс-тәсілдерін меңгеру, нәтижелі жұмыс жасауын ұйымдастыру, өнерге деген
қызығушылығын арттыру.
ә)дамытушылық: Эстетикалық көзқараспен қалыптастыру, есте сақтау, көру, ойлау қабілеттерін арттыру. Ой өрісін дамыту.
б)тәрбиелік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, іздемпаздыққа, өздігінен жұмыс істеуге, табиғатты аялауға, суды
қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: Көрнекілік суреттер, бейнабаян.
Құрал-жабдықтар: сурет дәптері, жай қалам, өшіргіш, әр түрлі бояу түрлері, тсо.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғащ,
Амандасып аламыз,
Жарқырасын күніміз
Жайнап тұрсын гүліміз
Жақсы ниет тілекпен
42
Бастайық сабақ бүгін біз.
Түгелдеу.
II Үй тапсырмасы.
Өткен сабағымызды еске түсіріп қайталап шығамыз.
«Шығыс ертегілері» Өздері жақсы көретін ертегі мазмұнына иллюстрациялық сурет салу еді.Өздерінің жұмыстарын
қорғау.
III Өтілгенді бекіту:
Сұрақ-жауап арқылы бекітемін.Портрет, натюрморт салдық осылардан ертегіні иллюстрациялардың қандай айырмашылығы
бар екен?
IV Жаңа сабақ
«Су асты тамаша әлем» тақырыбында балықтар суретін салу.
Жұмбақ:
1.Сулы жерді мекендейді
Құрлықта да секеңдеп,
Шыбын-шіркей аңдиды,
Жемге қашан жетем деп. (бақа)
2.Жаны қара тақтайды,
Бауыры аппақ мақтады.
Мекендейді мұзқарды,
Сүйеді тек ызғарды.
Бұлғаңдайды,қашпайды,
Асықпайды,саспайды.
Мұз үстінде билейді,
Бірақ белін имейді. (пингвин)
3.Жылға қуып ағады,
Ағып көлге барады.
Ішсең шөлің қанады,
Шешуін кім табады?(бұлақ)
4.Құйрығы жерге тимейді
Жотасы күнге күймейді.(балық)
Су асты әлемі сондай тамаша және өзгеше! Алуан түрлі балықтар, әдемі маржан тастар, ерекше ұлу қабыршақтары қандай!
Теңіз астында тағы қандай ғажайып нәрселер бар екен?! Теңізді мекендейтін жәндіктердің, балықтардың суреттерін қарап
шығайық. (Бейнебаян тамашалау)
«Балық аулау» ойыны.
14
Сендер қандай балық түрлерін білесіңдер?
15
Теңізде балықтардан басқа тағы қандай жәндіктер мекендейді?
16
Аквариумдағы балықтарға немесе қызыл кітапқа енген балықтарға қандай қамқорлық көрсетеміз?
17
Балықтардың қандай дене мүшелері бар?
18
Ал түстері қандай болады?
Ал балалар, барлығын анықтадық, көрдік енді сурет салуға кірісейік.
Сергіту.
V. Өтілгенді пысықтау.
«Ойлан тап» ойыны
Ребус шешейік.
,, ,, ,, ,,,
Б
А
Л
Ы
Қ
VI.Сабақты қорыту. Салған суреттерінен көрме ұйымдастырамыз
VII.Бағалау
VIII.Үйге тапсырма:
Суретті аяқтау, әсемдеу.
* * * * *
43
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Дина Нұрпейісова атындағы
№116 жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ботабекова Еркинай Исрайловна
Сабақтың тақырыбы: look at me. Маған қараңыз!
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың монологтік және диалогтік сөйленімін қалыптастыру, тақырыпқа байланысты жаңа
сөздерді енгізу, үйренген сөздерді жағдаятта қолдану, тыңдау дағдыларын дамыту, тақырыптық сөздік бойынша
орфографиялық дағдысын қалыптастыру. Ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту.
Көрнекілік: суреттер, таратпа материалдар, оқулық, жұмыс дәптері, ноутбук.
Пән аралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Warming up.
- Good morning/afternoon, children!
- Good morning/afternoon, teacher!
- How are you, Nargiz?
- I’m fine, thank you.
- Who is on duty today?
- Who is absent?
ІІ. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.
- Балалар, бүгінгі сабақта біз адамның сыртқы келбеті туралы әңгімені жалғастырамыз және өзіміз бен достарымыздың
келбетін сипаттауға үйренеміз.
III. Тірек білімді белсендіру
“Flash words” дидактикалық ойыны
Мақсаты: бұрын үйренген лексиканы бекіту
Фонетикалық жаттығу Егер оқушылар мұғалімнің айтқан сөздерінде ai дыбысын естісе, 2 рет алақандарымен шапалақ
соғуы тиіс, ал егер бұл дыбыс болмаса, онда оқушылар мұғалімнің сөздерін елемейді
My, hit, bye, sell, eye, sky, hi, fine.
IV. Жаңа сабақ. Pupils, look at the board. Our new theme is “Look at me”.
Ex. 1 Listen and learn the new words. Blonde. Red. black. long. Short. Red hair - жирен шаш.
Оқулықпен жұмыс 2 – жаттығу Describe yourself and your classmate. Have/ has
3 – жаттығу Listen. Read. Guess. Track 21.
4 – жаттығу Describe the characters.
Жұптық жұмыс. 5 – жаттығу Сипаттама бойынша өз сыныптасынды тап.
Сергіту сәті.
- Let’s relax.
Stand up, hands up,
Turn around, close your eyes,
Touch your nose,
Hands down and sit down.
Жұмыс дәптермен жұмыс. Ex. 1 read and match Track 20
Ex. 2 read and draw
Ex. 3 read and colour
Ex. 4 write have or has
ІV. Сабақты қорытындылау
V. Үй тапсырма беру
VI. Бағалау
* * * * *
ОҚО, Сайрам ауданы Арыс ауылы №12 Т.Рустемов атындағы мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Юнусметова Севара Назарбековна
Сабақтың тақырыбы: Эпостық батырлар және оның ғашықтары
Сабақтың мақсаты: Өнердегі көркемдік бейнелерді айқындау.
Білімділік: Жыр, күй, сурет өнеріндегі батырлардың көркемдік образдары жайлы әңгімелеу.
Дамытушылық: Электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге,
шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; ой - өрісін кеңейту. Дәулеткерейдің «Көрұғлы» және халық күйі «Қарасай»
күйлерін тыңдата отырып, ерекшелігін табу. Ән айту дағдысын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |