Қазақстан республикасы қарақалпақтары арасындағы этно-мәдени үрдістер кіріспе



бет25/30
Дата07.01.2022
өлшемі214,19 Kb.
#18388
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
3.2 Ішкі отбасылық қарым-қатынастар
Қарақалпақтарда балаларын бесіктен немесе анасының құрсағында жатқанда атастыру көп тараған, ол ақлай құда түсу деп аталды. Бесік құда тек қарақалпақтарға ғана тән нәрсе емес. Оның Орта Азия халықтарының көбіне болғандығын Н. А. Кисляков атап көрсеткен [79, 87 б]. Кисляковтың айтуынша, мұндай құдалар шамасынша бір-біріне сый-құрмет көрсетіп, кейде баларының көйлектерінің етегіне ішек салып, олардың бірінің күйеу, екіншісінің қалыңдық болғанын әйгілеген. Мұндай құдалар арасында қалыңмал мөлшері де кейде шағындау болған. Сайын келгенде, бесіктегі нәрестелерді атастыру әдетінің түп тамыры өте көне замандарға яғни аналық дәуірге кететін тәрізді. Ана үстемдігі дәуірінде бір аналық рудың ұлдары туысымен екінші аналық рудың қыздарының күйеулері болып саналса, еукінші аналық рудың қыздарының күйеулері болып саналатын неке түрін Л.Я. Штернберг ортодоксалды неке деп атаған [68, 136 б]. Сөйтіп ортодоксалды неке топты некеден дара некеге өтуі кезеңімен тығыз байланысты болған.

Бесік құдалықтың ортодоксальды некемен ұштасатындығын гиляктар арасындағы деректер негізіне сүйене отырып, Л.Я. Штернберг: «Әрбір ұл тапқан әйел босанысымен қызы бар туысына балаларды атастыру керек екенін дереу өтініп, құда түсетіні де, олардың білектеріне иттің жүнінен иірілген жіп байлайтын» – дейді. Құда түсу арқылы некелесудің бұдан өзгеше де түрлері болады. Оған ең алдымен қарсы құда болу әдетін жатқызу керек.

Қарсы құдалық үш құданың (А, Б ж В) арасында да болатындығын Л.Я.Штернберг келтірген, яғни А ұлын Б-ның қызына атастырса, Б ұлын В-ның қызына, ал В ұлын – А-ның қызына атастыратын болған. Қарсы құдалықтың жоғарғы келтірілген түрлерінің қайсысы болсын неке құрудың ортодоксаалды көне түріне жататындығын, яғни оның қалдығы екенін алғаш рет гиляктар дерегіне сүйене отырып Л.Я. Штернберг дәлелдеген болатын.35

Тіпті, егер балалары есейсе де, олардың тағдырын ата-аналары шешкен.

Қалыңдық таңдағанда жігіттің туыстары оның түріне, пысықтығына, отбасылық жағдайына аса мән берген.

Мәселе шешілгенде құда, яғни жаушы жіберген. Оған ықпалды, беделді адамды таңдаған.

Құда күткенде қыздың барлық ағайын - туысы жиналған (кішігірім той - пата той). Егер екі жақ та некеге қарсы болмаса, қалың мал туралы және үйлену тойының уақытын келіскен. Неке туралы келісімнің белгісі ретінде қыз жақ құдаларға қарғыбау сыйлап, май қосылған тары - майсөктен дәм татырған.

Пата той күні құдаларға кетер алдында қыз жақ "тоғызлық", яғни тоғыз зат сыйлық ретінде берген, олар: екі білезік, бес тақия, мата қиықтары [80, 58 б]. Бұған ұқсас дәстүр ХІХ ғасырда қазақтарда болған. Этнограф Арғынбаевтың айтуынша ХІХ ғасырда қазақтарда қалыңдықтың қалың малы мен жасауы "тоғыздық" бойынша анықталған [53, 86 б]. "Тоғыз" санының ырым - жораларда ұзақ сақталуы жасауға байланысты көне наным - сенімдермен ұштастырылады. Қалыңдықтың жасауының құрамына ауқатты адамдарда киіз үй, неке киімі қоржын, қалыңдықтың әшекейлері енген. Аталған заттың біреуі болмаса, кейде неке тойын артқа шегерген.

Пата той (құда түсу) күні міндетті рәсімнің бірі - нан сындыру болатын; Осы арқылы екі жақ келісімді бұзбау туралы бір - біріне уәде берісті. (Самарқандық, Ферғаналық).

Бұхарлық қарақалпақтарды үйлену тойына байланысты салттарында маслахат - той (ақылдасу тойы) маңызды роль атқарды. Бұл тойда екі жақ негізгі тойдың (қатта той) өткізілу барысын ақылдасқан (айталық, тойға қанша мал сою керек (сойымлық), бәйге, лақ тартысудың жеңімпаздарына қанша мөлшерде сыйлық дайындау сияқты мәселелер).

Жекелеген жағдайларда өзара келіскеннен кейін неке қию рәсімі өткен. Қалыңдықтың үйінде той жасалып, оған күйеу жігіт туыстарымен, дос-жарандарымен келген.

Әдетте, үйлену тойы мен қалыңдықты күйеу жігіт жақ үйінен алып кеткенге дейін қалың мал төленіп бітуі тиіс еді; егер күйеу жігіттің отбасы нашар тұрса, үйлену тойы да ұзақ уақытқа созылады.

Бұл кезеңде екі жас ұрын кездесіп тұрды (күйеулеу). Ол туралы қыздың ата-анасы ғана емес, бүкіл ауыл хабардар болса да, үйреншікті нәрседей қабылдады. Екі жастың кездесетін жері қыздың ағасының үйі болды. Кейде тіпті қыздың аяғы ауырлап, әкесінің үйінде босанған (оны жақта туш-оң босағада туу). Бұл қыздың әкесі, отбасы үшін ұят саналмаған. Сөйтіп, қыздың әкесінің үйінде туылған бала қыздың ата-анасының тәрбиесінде қалған.

Қызға күйеуінің үйіне кеткенше еркін жүріп тұруға рұқсат етілген, атап айтқанда, отырыстарға барып, бозбаламен қалжыңдасу т.б. Осыған байланысты қыз болашақ күйеуінен емес, басқа адамнан аяғы ауырлаған оқиғалар кездескен. Бұл үшін қыз кіналанбаған. Ал баланы болашақ күйеу асырап алған [79, 82 б].

Қалың мал жиналып болғанда, ол туралы қыздың ата-анасы хабардар етіліп, олар қалың малды алып кету үшін, күйеу жігіттің үйіне аттанған. Онда қонақтар үшін қой сойып, дастұрқан жайылған. Келген қонақтар дайындалған қалың малды түгендеп, мұқият тексерген. Қыздың әкесі қалың малды алғаннан кейін қой сойып, жиналған қауымға қой етін ауыз тидірген.

Үйлену тойы жақындағанда күйеу жігіт пен қалыңдықтың үйлерінде қонақтар жиналып, жиын ұйымдастырылған. Күйеу жігіттің үйіне келген қонақтар тойға көмек ретінде шама-шарқынша сыйлықтар әкелген. Сол кұні қалыңдықтың үйіне жігіт жақ өгіз әкеліп, қыздың туыстарының бірі оны сойып, етінен бүкіл ауылға дәм татырған («соғым» рәсімі).

Күйеу жігіт үйлену тойына келгенде қыздың жеңгелеріне ақшалай түрде көптеген кәделер берген (қызды сатып алу). Бұл тойда жігіт - жолмен жүру үшін де, ауылға кіру, киіз үйге кіру үшін де (босағадағы өтірік өлген кемпірге), «шаш сипатар», «қол ұстатар» т.б. төлем төлеген.

“Қараңғы қонақ” рәсімі. Күйеу жігіттің достары мен ағайындарының өтініші бойынша ауылдың жас қыз-келіншектерін шақырып, ойын-сауық өткізу. Күйеу жігіт ауылынан келген қыз да , келіншек те бұл ойын-сауыққа шақырылмаған [81, 118 б].

Қалыңдықты әкетер алдында қалыңдықтың туыстары «құдаларға су құю» рәсімін жасады; қыз-келіншектер мен бозбалалар кеселерге су құйып алып, құдалардың бас киімін шешіп мұздай су құйды. Әйелдер құдалардың бетіне балшық жаққан. Күйеу жігіттен, жол кәдесін талап еткен.

Қалыңдық үйінен шығар алдында мұсылманша неке қиылған. Молда, жас жұбайлардың өзара келісімін сұрайтын куәлар құда-құдағилар қатыстырылып бұл рәсім де орындалады.Су құйылғаныдысқа қыздың әкесі тиын салған. Артынша дұға оқылыпсудан қыздың әкесі, куәлар ауыз тиген.

Кейін күйеуінің ауылына барғаннан кейін, қыз күніндегі киімін шешіп, кимеше киген, оны алдында мүлдем өзгеше өмір күткен. Сондықтан қыз, ұзатылар алдында, қыздың жақын туыс төркіндері «хошласу дәмін « татқызған. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу әнін айтып қоштасқан. Жас келіншек өзінің ауылын қимай кетіп бара жатақанда, қайғылы қоштасу әнін айтқан. Оны біздің елімізде «сыңсу» деп атаса, қарақалпақтарда «хаужар» деп атаған. Хаужардың мынадай үлгілері бар екен:

«Ақ түйенің өркеші ойнақ еткен яр-яр-ау,

Өз еліне қыз бейшара қонақ еткен яр-яр-ау,

Қызды құдай жаратқан мұңлық қылып яр-яр-ау

Өз елінің топырағы бұйырмаған яр-яр-ау

Хаужар айтқым келмейді арқам қозып яр-яр-ау

Қара жібек иірдім жүндей созып яр-яр-ау

Айналайын орамал қалдың тозып яр-яр-ау

Адыра қалғыр ақ жаулық келдің озып яр-яр-ау

Немесе:


Хаужар басы, ендеше, хаужар басы

Хаужарменен құрылды қыздың жасы

15 жаста біреуге малға беріп,

Етегімді толтырды көздің жасы.


Ақ шәйнекке су құйсам жылымайды

Өгей емес өз анам жыламайды

Жыламаған анамды жылатайын

Неден көңілі қалды екен сұратайын


Ақ отауым тіккен жер майдан болсын

Ақ жүзімді көруге айнам болсын

Ол жақта да қайын енем бар деп жүр ғой

Аялаған анамдай қайдан болсын [82, 51 б].

Келін түсіру

Жас келіншекті күйеуінің үйіне арбамен әкелген. Үйлену тойының арбасы Самарқандық қарақалпақтарда - капели-арба, Хорезмдік қарақалпақтарда - богекли-арба деп аталған. Ал Нұратылық қарақалпақтарда келінді атқа мінгізіп әкелген, демек, оларға көршілес қазақтардың ықпалы тиген. Бірақ, ауылға жақындаған кезде келін, жеңгелермен бірге аттан түсіп, жаяу келген [82, 132 б].

Жігіт үйіне әкеле жатқанда қалыңдықтан жол жөнекей кәделер талап етілген (яхта-жейде, мата т.б.). Бұл рәсім жол тосу деп аталады. «Қалта ақтару» кәдесі орындалады, ол бойынша кішкене қайын сіңлілері қалыңдықтың қалтасын ақтарып, жүзіктер алған.

Үйлену тойының арбаларын жігіт ауылының қыз-келіншектері қарсы алған. Жігіт женгесі мұрындық ене келінге орамал тағып немесе кимешек кигізген.

Ауыл әйелдері жасулы көштің алдынан шығып, шашу шашады. Келіннің бетіне жамылғы (чарсы) жауып, қайын атасының үйіне кіргізбес бұрын табаға салынып тұтатылған адраспанды әкеліп келіннің басынан үш рет айналдырған. Келінді үш рет иілдіріп аруақтар үшін және атасы мен енесіне сәлем салғызған. Содан соң келіннің қолына май құйған ыдысты ұсынып, отқа май құйғызған. Осы рәсімнен кейін, келінді оң аяғынан табалдырықтан аттатқызып, ішке енгізген.

Келіннің астына жаңадан сойылған қойдың терісін төсеген. Орта Азия халықтары үшін қой олардың тотемі, тек қойдың өзі ғана емес, оның терісі де өсіп-өнудің символымен қорғаушы, сақтаушы екендігі Ә.Т. Төлеубаевтың еңбегінде аталып өтіледі [83, 29 б]. Қай терісін осындай сеніммен жаңа түскен келіннің астына төсеу Таулы Дағыстандықтарда да бар. Олардың нанымынша, қой терісін жаңа түскен келіннің астына, үйде “береке мен байлық ынтымақ болу үшін төсейді” [84, 58 б].

Л. Я. Штернберг өз еңбегінде бұның шығу тегін былай келтіреді: ”Анайы (премитивті)алғашқы малшылар үшін мал шаруашылығында түліктердің көбейіп, өсіп-өнуі магиялық күш ретінде қарастырылады” Ең алғашқы үйретілген ешкі түлігінің көбеюін күш ретінде есептегендіктен, оның осы қасиетін дарыту мақсатымен әйелдер ешкі терісіне киім жасапта киген ... Ешкі соңынан сценаға қой мен қошқар шығып, негізгі көбейіп,өсіп-өну культінің рөлі бұларға ауысады. Ежелгі Египеттің қалалары Фиви мен мендесте құдайлар Нут пен Птаның баласы Осирис қошқар бейнесінде беріліп,тіпті Мендесте оның алдында әйелдер шешініп одан құнарлылық пен көбею, өсіп-өну кұшін бойларына дарытуды мақсат етіп, әдетке айналдырған. [66, 43 б].

Қырғыздарда жаңа үйленгендерді лақтың өкпесімен қағу ғұрпы бар. Оның мағынасы- келешекте оларды бақытсыздық пен қасқой күштердің зұлымдығынан құтқару үшін болса, екінші жат- өсіп- өніп көбеюне жол ашадыекен. Жас келін оттан айналуға тиіс болды. Сосын шашу рәсімі жасалды. Келін иіліп сәлем беріп, саусақтарын босағаға тигізіп, сосын маңдайын ұстаған. Енесі келінінің маңдайына ырымдап май немесе ұн жаққан.

Бұл күні екі жақтың туған-туыстары жиналып уллы басталған. Бұл той әдетте екі күнге созылған («келин тушті той»). Тойда мол достұрқан жайлып, бахшылар ән айтып, бәйге ұйымдастырылып, лақ тартысқан. Жігіт үйіндегі тойдың негізгі рәсімі «бет ашар» болатын, яғни келіннің бетін ашу. Бұған дейін келіннің бет жүзі көрсетілмеді (чарсы). Беташарды әдетте жігіттің жора-жолдастарының бірі орындады. Ол келінді ата-енесімен, қайын жұртымен таныстырды. Ал келін өлеңде айтылған адамдарға иіліп сілем береді. Мысалы, бет ашардың мынандай үлгісі бар екен:

«дарбазасы даңқ еткен,

даңқы самарқанға жеткен,

Исақ бабамызға бир салам

Немесе әзіл - сықақ түріндегі өлең жолдары мынандай болған:

«тамбашида пахал йоқ

сипаласа сақал йоқ

Абдуллаға бир салам.»

Беташардан кейін бірнеше ырым -жоралғылар жасалды. Мысалы, келін бай болу үшін қолын ұнға салған. Н.А. Кисляков: «ұн тек байлық қана емес, сонымен қатар тазалықтың, молшылықтың,» - деп түсіндірді. Сосын жас келін отқа май құйған (және бір қызығы ол тоғыз рет қайталаған). Қарақалпақтардың ырым - жораларында «тоғыз» санының кездесуі кездейсоқ емес. Зерттеуші Д. Банзаровтың мәлімдеуінше 9 санын моңғолдар да қасиетті деп санаған: мысалы, Шыңғыс ханның жасағынан (урлук) саны 9 болса, рудың туына (бунчукқа) жылқы қылынан жасалған 9 бума қыстырылған [85, 60 б].

Мысалы, ХV ғ. І-ші жартысында Венеция емшісі татар ханына, татарлардың салт бойынша 9 түрлі заттай сыйлықтар тарту еткен.

9 санын сондай-ақ якуттар, буряттар, нанайлықтар, эвенктер қасиетті деп есептеді. Мәселен, якуттар Джогогой піріне (ірі-қара малдың пірі) 9 бұйым сыйлаған [86, 313 б].

Қазақтарда құдаларға киіт кигізгенде де «тоғыз» саны ескерілген (мысалы, екі білезік, бес тақия, маталар) т.б. Ал қайын атасы келінге өз батасын берген (патия):

«алдынга бала толсын,

қораңа мал толсын

көзің көрсін,

қолың тұтсын.»

уллы тойда қалңдықтың әкесі күйеу жігіттің әке - шешесіне өз сыйлықтарын тарту еткен. Осы уллы тоймен қарақалпақтардың тойы аяқталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет