Қазақстан республикасы қарақалпақтары арасындағы этно-мәдени үрдістер кіріспе


Қарақалпақ этносының этнотілдік жағдайы



бет16/30
Дата07.01.2022
өлшемі214,19 Kb.
#18388
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Байланысты:
диссертация оконч вариант

2.3 Қарақалпақ этносының этнотілдік жағдайы

Алтын Орда мемлекеті құлағаннан кейін пайда болған халықтардың бірі қыпшақ- ноғай тобындағы халықтар. Тарихи деректерде бұл бірлестікті ноғайлы елі деп атағаны белгілі. Ноғайлы бірлестігі құлатылған соң, олар бірнеше хандықтарға ыдырап кетті. Соның нәтижесінде қазіргі ноғай, қарақалпақ және қазақ халықтары қалыптасты. Бір кездері ең жақын туыстас халықтар деп есептелетін осы қазақ, қарақалпақ, ноғайлар бүгінде бір-бірінен біршама алшақтаған. Оның көріністері аталған тілдердің фразеологизмдерінен жақсы байқалады. Оның басты себебі, аталған топтағы тілде сөйлейтін халықтардың орналасуындағы территориялық алшақтықтар ғана емес, туыстас халықтардың кейінгі даму жолындағы түрлі бастан кешкен экономикалық, тарихи оқиғалардың салдары. Соның нәтижесінде бүгінде жақын туыстас тілдердің айырмашылықтары молая түскен. Ал, оның бірқатар белгілері атаулы жақын туыстас халықтардың тіліндегі фразеологизмдерінде де көрініс тапқан.

Ал, қарақалпақ тілі Өзбекстан құрамына енетін Қарақалпақ автономиялы республикасының халқының әдеби тілі. Құрылымы жағынан қазақ және ноғай тілдеріне өте жақын тіл. Қарақалпақ халқы Өзбекстан аймағындағы Хорезм, Ферғана облыстарында, Астрахань аймақтарында және шетелдерден Ауғанстанда мекендейді. С.П.Толстованың пікірі бойынша қарақалпақтардың халық болып қалыптасу процесі Арал теңізі маңында оғыздар мен шығыстан келген қыпшақ қимақ тайпаларынан құрылған Қаңлы бірлестігінің құрамында болған кезде басталған. Қарақалпақтардың печенег оғыз тайпаларынан шыққандығын А.Вамбери де қолдайды. Н.А.Баскаковтың айтуынша «Қарақалпақ халықтық тілі кейіннен Печенег (10-11), половшы (11-13), Алтын Орда (13-15) және үлкен Ноғай ордасы мен қазақ, өзбек одақтарына сіңісіп кеткен тайпалардың негізінде қалыптасқан » [50, 121 б].

Қарақалпақ және қазақ тілдерінде бір семантикалық мағынада жұмсалатын фразеологизмдердің құрамы ауысып келеді. Ондай ауысудың өзінің екі түрін байқадық. Біріншіден, қазақ тіліндегі кейбір фразеологизнің құрамындағы сөздердің тек орны ауысып келеді. Және бұл тәсіл негізінен тек осы қарақалпақ және қазақ тілдерінде байқалды. Мысалы: Қарақалпақша:. аспан менен жершелли «өте үлкен айырмасы бар деген мағынада», көз бен қастың арасында «тез жылдам », қалың бет «ұяты жоқ» т.б. Ал, қазақ тілінде: Жер мен көктей , қас пен көздің арасында, беті қалың түрінде ауысып қолданылады.

Ал, ендігі бір фразеологизмдердің құрамындағы сөздерінің орны ауысып келеді. Мысалы, қазақ тіліндегі ит тұмсығы батпайтын «ну орман» мағынасы пышық мурны батпас түрінде жылан жалағандай тіркесі пышық жалағандай түрінде қолданылады. Сол секілді, хат хабарсыз «еш хабарсыз» тіркесі қарақалпақ тілінде хабарсыз атарсыз түрінде, қазақ тіліндегі айдан анық тіркесі айдан ашық түрінде , қазақ тіліндегі бес саусақтай білу тіркесі қарақалпақ тілінде бес бармақтай білу түрінде қазақ тіліндегі бидай өңді тіркесі буудай жүзли, қазақ тіліндегі, ақ көңіл тіркесі ақ көкірек, басы піспеу тіркесі басы батпау яғни «тіл табыса алмау» ала аяқ тіркесі ақ аяқ , ақ саусақ тіркесі ақ жаға түрінде құрамы ауысып қолданылады. Қарақалпақ тіліндегі кейбір фразеологизмдердің тіркесу тәсілі аздап оны қыпшақ бұлғар, қыпшақ половец тобындағы түркілерге жақындатады. Мысалы Қарақалпақ тіліндегі қатігез: бауыры тас, бай, тұрмысты: Ауқаты жақсы, маңлайы қара «бақытсыз» түрінде, ал тобығы толған «есейген» түрінде кездесуі татар, башқұрт тілдерімен құрылымдық ортақтығын сақтағандығын танытады.

Сонымен қатар қазақ тілінде мүлдем кездеспейтін фразеологизмдер де көптеп кездеседі. Мысалы: жуулмаған қасықтай «сүйкімсіз, орынсыз әр іске кірісетін адам»; терис жоңқа «қырсық адам»; адалға қарсы жоқ «кедей»; ай менен жарысқан «айдай сұлу»; аттың қасқасындай «айдан анық»; ашылмаған маңдай , жазық маңлай, қара маңлай «бақытсыз адам», кәлә моллани көрмеген «тәрбиесіз адам» т.б. Дегенмен, қарақалпақ тілі барлық жағынан қазақ тіліне жақын тіл екендігін фразеологизмдерінен көруге болады. Қазақ қарақалпақ тілдері фразеологиясындағы басты айырмашылықтар негізінен лексика семантикалық деңгейде ғана қалыптасқан. Яғни, қарақалпақ тілі лексикасындағы араб, иран элементерінің молдығы ол тілдің фразеологиясына да әсерін тигізбей қалмаған. Ал, ноғай тілі ноғай қыпшақ тобындағы тілдік белгіні фразеологиясында толық сақтаған. Соған қарамастан, ноғай тілі Алтын Орда дәуіріндегі бұлғар, половец тобындағы тілдердің тығыз қарым қатынаста болған дәуірдегі тілдік белгілері де байқалады, әрі қазіргі халықтың орналасу территориясына байланысты тілдік ареалдық өзгерістерге де ұшыраған



Қарақалпақ тілі – Қарақалпақ Республикасының мемлекеттік тілі, қарақалпақ халқының ана тілі, Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасының экзогенді тілі болып табылады. Қарақалпақ тілі шығу тегі бойынша Алтай тілдері жанұясының түркі тілдер тобына енеді, қыпшақ тобының қыпшақ-ноғай бұтағына жатады. Қарақалпақ тіліне ноғай тілі мен қазақ тілі жақын [51, 165 б ].

Өзбекстанның Хорезм, Ферғана облысы, Түрікменстанның Ташауыз облысы, Қазақстанның кейбір аймақтарында, Ресейдің Астрахан облысы мен Ауғанстан аумағында мекендейтін қарақалпақтар осы тілде сөйлейді. Қарақалпақ тілі – Қарақалпақстан Республикасының қорғауында әрі тіл туралы арнаулы заң бекітілген. 1989 жылдың 1 желтоқсанында Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында қарақалпақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілді. Заңға сәйкес, қарақалпақ тілінің Қарақалпақстан Республикасының бүкіл аумағында мемлекеттік тіл ретінде қолданылуына құқықтық негіз белгіленген. Қазіргі кезде 1 желтоқсан Қарақалпақ тілінің мерекесі ретінде тойланады.

Атақты түркітанушы Н.А.Баскаков, қазақ және қарақалпақ тілдерін салыстыра отырып, екі халықтың этникалық ортақтығын дәлелдейді. Ғалым өзінің генеологиялық жіктемесінде қарақалпақ тілін қыпшақ тобына қосады және қазақ пен ноғай тілдеріне жақындығын ерекше айшықтайды. Ол бұл үш тілді қыпшақ-ноғай топшасында топтастырып, Үлкен Ноғай ордасы кезінде қалыптасқандығын алға тартады. Дегенмен де, қарақалпақ тілінде Орталық Азиядағы Иран тектес халықтардың тілдік элементтері кездеседі, нақты айтқанда  хорезмдік өзбек тілінен енген кірме сөздер ұшырасады.[52, 129 б].

Қарақалпақ тілінде екі диалекті бар: қазақ тіліне жақын солтүстік-шығыс диалектісі мен өзбек және түрікмен тілдеріне жақыноңтүстік-батыс диалектісі. Ферғанадағы қарақалпақтардың тілі үшінші диалектісін құрайды деген болжамдар да бар. Солтүстік диалектісі Қарақалпақстанның Қараөзек, Тақтакөпір және Арал теңізінің жағалау маңындағы аудандарында, ал Оңтүстік диалектісі Кегейлі, Қоңырат, Төрткүл, Қожаелі, Шымбай, Шуманай, Еллікқала, Беруни секілді аудандарында қолданылады. Алайда бұл екі диалекті арасында кейбір дыбыстық өзгешеліктерден бөлек, айтарлықтай алшақтық байқалмайды. Қазіргі қарақалпақ әдеби тілі солтүстік-шығыс диалектісі негізінде қалыптасқан. Большевиктік билікке дейін араб жазуына негізделген ортаазиялық түркі әдеби тілі қолданылған. Өзбек тілімен тығыз қарым-қатынаста болу қарақалпақ тіліне, әсіресе, оның лексикасы мен морфологиялық құрамына әсер еткен.

Қарақалпақ тілінің негізгі сөздік қорын қыпшақ тіліндегі сөздер құрайды, мысалы: белбау (белбеу), алғайман (аламын), ийт (ит), илимпаз (ғалым, білімпаз), т.б. Қарақалпақ тілінде 9 дауысты, 26 дауыссыз дыбыс бар. Басқа да қыпшақ тілдері секілді күшті экспираторлық екпін соңғы буынға түседі.

Үндестік заңына сәйкес езулік, еріндік дауыстылардың үйлесімділігі басым, мысалы: не қылып – неғып, кесбе (кеспе).

Басқа түркі тілдері сияқты қарақалпақ тілі де жалғамалы тілдер қатарына жатады, мысалы: соқлық (соқтығу, қақтығысу), исле (істе), жүрөк (жүрек). Қарақалпақ тіліндегі сөз таптары үш топқа жіктеледі:

1. Атауыш сөз таптары;

2. Көмекші сөздер;

3. Одағай.

Қарақалпақ тілінде өзбек тілі секілді алты септік бар. Сөз құрамына қарай түбір сөз бен қосымша болып бөлінеді. Қосымшалар лексика-грамматикалық сөз тудырушы, функционалды-грамматикалық сөз тудырушы және сөз түрлендіруші болып үшке жіктеледі. Мысалы: темирши (ұста), еин (егін), жолша (соқпақ).Қарақалпақ тілінде өзбек лексикасы мен грамматикасының күшті ықпалы байқалады. Бұл жағдайды қарақалпақ тілінің өзбек тілі ареалы ішінде қолданылуымен түсіндіруге болады. Қарақалпақ жазба тілі XX ғасырдың басында, яғни Қарақалпақ автономды облыс болып құрылған 1925 жылдан кейін Орта Азия xалықтары үшін ортақ Шағатай тілі негізінде пайда болды

Қарақалпақ тілі Қазақстанның Жамбыл, Ақтөбе мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы этно-мәдени орталықтарда, қоғамдық бірлестіктерде  және мүшелері арасында қарақалпақ өкілі бар отбасыларда қолданылып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет