қажеті жоқ деп жауап берген.
Барлық респонденттер өздерін өз ұлтының толыққанды мүшесі деп санайды. Қарақалпақтар жеке тұлғасын белгілейтін факторларда, ең алдымен, өздерін өз ұлтының құндылықтарымен тұтас қарастырады (сауалнамаға жауап берген 37 адамның 30-ы (81,1%) ислам дінін ұстанады), екінші кезекте – жалпы қазақстандық азамат ретінде куәландырады (96,4%).
Қазақстандық қарақалпақ диаспорасының өкілдері қазақтар және елде тұратын басқа этникалық топтар арасында ешқандай қақтығыстар мен шиеленістер жоқ деп көрсетеді. Сауалнаманың бұл сұрағына респонденттердің 21-і (50%) ешбір қақтығыстың кездеспейтінін белгілесе, 18-і (42,8%) жауап бермеген, 2 адам (4,7%) «білмеймін» деп жауап берген, тек бір ғана адам (2,3%) ұйғырлармен қақтығыс бар деп көрсеткен.
Тұтастай алғанда, Қазақстанда белгілі бір «қарақалпақтық мінез-құлық үлгісін» бөліп қарастыру мүмкін емес, алайда зерттеу нәтижесі бұл этникалық топтың мынадай екі ерекшелігін көрсетеді: оның бірі – қақтығыссыз әлеует болса, екіншісі – этносаралық өзара ықпалдастық үшін ашықтық деңгейінің жоғарылығы. Сұралғандардың 89,4% басқа этнос өкілдерімен некелесуге болатынын білдірді, бірақ іс жүзінде аралас неке олардың 44,8%-ында көрініс тапқан.
Қарақалпақ халқының құрамы күрделі болып, көптеген тайпалардың бірігуінен құралды. Eрте кезден жартылай көшпелі халық болған. Олар көне заманнан бері мал шаруашылығымен, суармалы егіншілікпен және балық аулаумен шұғылданып келеді. Дәнді дақылдардан бидай, арпа, күріш, тары екті, бақша жемістерін, әсіресе жүзім өсірді, әр отбасының өз бау-бақшасы болды. КСРО тұсында Өзбекстанда ауланатын балықтың 90%-ын қарақалпақтар беріп келді. Алайда Арал апатына байланысты балық аулау кәсібі үлкен күйзеліске ұшырады.
Балық – қарақалпақтардың сүйікті асы болып келеді. Қарақалпақ дастарқанында балықтан жасалатын тамақ түрлері де көп. Мысалы қуырма балық, бұқтырма балық, қарма, уылдырық нан, қақпаш (кептірілген балық) т.б. Қарақалпақтардың күнделікті қорегінде сүт тағамдары, қауын мен асқабақ көбірек пайдаланылады.
Қолөнер қарақалпақ халқының дәстүрлі кәсібі болып табылады. Ерлері көбіне ағаш ұсталығы, ершілік, зергерлікпен, ал әйелдері тоқымашылық, кілем тоқу, киіз басумен айналысты. (Массон 1953:23). Ұста шеберханасы дукан деп аталып, басқа да түркі тектес халықтардың түсініктегідей ол жер киелі орын саналды. Киіз үйдің ағаш бөліктерін жасайтын шеберді үйші деп атады. Халық түсінігінде олардың Ибрахим Халил (ең алғашқы киіз үйді жасаушы) деп аталатын қоғаушы пірі болды. Үйді жасауды бастар алдында шебер піріне дұға жасайтын. Үйшілер көбінесе бес, алты, жеті қанатты киіз үйлерді жасады [29, 156 б ].
Қарақалпақтардың зергерлік өнері көркемдік ерекшелігімен және орындалу техникасымен ерекшеленеді. Олар көбіне күмістен жасалып, көлемі ірілеу, өрнектелген, түрлі салпыншақтармен безендірілген болып келеді. Кейбір зергерлік өнімдері қазақтың әшекейлерімен ұқсас болып келеді. Ұлттық киім үлгілері тек үлкен буын өкілдерінде көрінді. Көне қарақалпақ киімдері өте сәнді, әсіресе әйелдердің бас киімдері мен жамылғылары алуан түрлі болды. Көне қарақалпақ киімдерінің жұрнағын тек қазіргі әйел көйлектерінен ғана байқауға болады.
ІІІ. ҚАРАҚАЛПАҚТАРДЫҢ ОТБАСЫ МЕН НЕКЕСІ
3.1 Отбасы құрылымы
Қарақалпақтар екі үлкен топқа (қоңырат және 14 ру) бөлінген (арыс). Арыстар өз кезегінде тайпаларға, тайпалар руларға, рулар-рулық бөліністерге, рулық бөліністер – отбасылық – туыстық бөлінді.
Қарақалпақтарда отбасылық - туыстық топтар көше деген атпен белгілі. Т. А. Жданко оларды «үлкен патриархалық отбасының өзіндік қарақалпақтық формасы» деп атаған. Т. А. Жданко мен А. Т. Бекмуратованың материалдарына қарағанда көше бір-біріне жақын тұратын бірнше (6-10) шағын отбасыдан құралған. Оларда барлық отбасының отағалары бір атаның болған балалары сөйтіп, көшенің барлық ер адамдары аталас туыс еді. Әрбір топты бай әрі беделді қариялардан сайланатын басшысы көше би немесе көтқұда басқарады. Көше әдетте осы басының атымен немесе үш-төрт ата бұрын өмір сүрген бабаның атымен аталады. Жер де көше бойынша бөлінеді. Хиуа хандығында, мысалы, тұсқан атбасылар –ұсақ шаруашылық және әкімшілік бірлік болып табылатын ауылды сирек құрады, кейде бірнеше көше ірі елді мекенге бірікті.
Рубасы іс жүзінде көшенің барлық жерлеріне ие болды, айталық, ауылшаруашылық жұмыстарының жүргізілу мерзімін белгіледі, отбасылардан салық жинады. Топқа енетін отбасылар, бірігіп мал бақты, балық аулады, сондай-ақ, шаруашылық байланыстармен қатар үйлену тойын, шілдехананы, сүндет тойын, жерлеу рәсімін, яғни отбасылық ғұрыптарды бірге атқарды.
Мысалы, қазақтарда мұндай отбасылық - тұрмыстық топ ауыл-қыстау деп аталады. Мұндай ауыл шамамен, бір атадан тараған туыс он шақты жанұядан тұрады. Бұл бірлестіктің ауыл қыстау деп аталу себебі, қыста өз киіз үйлерін бір-біріне жақын етіп тіккен (немесе қыстық тамдары жақын орналасқан). Кейде ауыл - жайлау деп те аталған [53, 58 б].
С. М. Абрамзон мен Т. А. Жданконың еңбектерінде экономикалық мүддеге байланысты біріккен бірнеше кішігірім туысқан отбасылар жайлы айтылады. “Үлкен отбасылардың ыдырауы нәтижесінде, эканомикалық және территориялық бірігудің кейбір белгілері бар неғұрым үлкен әлуметтік бірлестік пайда болды. Бұл бірлестіктер бір атадан тараған, туысқан отбасылардан құралған отбасылық-туыстық топтар болатын”,- делінді [54, 96 б].
XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында шағын жеке отбасы – Орта Азия үшін отбасылардың негізгі түрі саналды. Шағын отбасы әдетте, ата-аналардан және үйленбеген балалардан құралған: оған қоса отбасының мүшесі болып, айталық отағасының бойдақ ағасы немесе қарындасы т.б саналған. Әрине, шағын отбасыларда да патриархалдық қалдықтар әлі де болса сақталған еді.
Енді осы белгілерді қарастырайық . Бірінші кезекте көп әйел алушылыққа тоқталсақ . Орта Азия халықтарында көп әйел алушылыққа тек қана дәстүрмен емес, шариғатпен де рұқсат етілгені бізге белгілі, алайда ол жаппай сипат алған жоқ . Ең алдымен ол эканомикалық мүмкіндіктермен байланысты болды да, сондықтан көбінесе ауқатты жанұяларда кездесті.
Ферғананың ауқаты қарақалпақтарының екі әйел алушылығы туралы XIX ғасырдың аяғында В және М. Наливкиндер былай деп жазды: “ Ауқатты ауыл халқында екі әйел алу-аңғардың түбінде орналасқан жыртылған жері, Сондай-ақ жыл сайын жазда жайылымға кететін малы бар қарақалпақтарда, қыпшақтарда және қырғыздарда жиі кездеседі. Бұл отбасыларда бір әйелі жерге қарайласа, ал екіншісі – көктем мен жазды жайлауда өткізеді”[55, 231 б].
Т. А. Жданко мен А. Т. Бекмуратова қарақалпақтарда патриархалдық тұрмыс пен оған деген отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тұрақтылығын атап өтеді. Отағасының билігі шексіз болған.Оның жөн сілтеуі бұзуға болмайтын заң еді. Әкеге қарсы келуге,онымен салғыласуға тыйым салынған. Әкесі,әдетте ұлына қалыңдықты өзі таңдаған, тіпті бөлінгеннен кейін де ұлдары өз бетімен еш мәселені шешіп, шаруашылықты жүргізе алмады. Ұлы, қызы немесе әйелі үшін отағасы- әкенің қарғысын алу ең үлкен бақытсыздық саналды. Отбасында әйелдің жағдайы ауыр болды.Ол отбасының толыққанды мүшесі деп есептелмегендіктен, әкесіне, кейін күйеуіне бағынуға тиіс еді. Әкесі қызының келісімінсіз оны қалың малға сатты. Күйеуі кез-келген сәтте ешқандай себепсіз ажыраса берді.Әсіресе, жанұяда үйдің барлық жұмыстарын істейтін, отбасы мүшелерінің барлығына бағынуға тиіс келіннің жағдайы мүшкіл болатын.
Отбасылық некелік қатынастардың дамуын қарастырғанда, онда экзогамия мәселесі маңызды мәселелердің бірі еді.
Қарақалпақтар экзогамиялық нормаларды ұзақ уақыт бойы сақтаған. "Экзогамия - ру ішіндегі некеге тыйым салу қарақалпақтардың қоғамдық құрылысындағы өте ертедегі қалдықтарға жатады", - деп жазады қарақалпақ тұрмысын зерттеуші Т.А. Жданко[56, 92 б]. Бір рудан шыққан әйел мен ер адам қанша ұрпақ ауысса да некелесе алмаған. Бұл барлық қарақалпақ руларында кездеседі, тек қаңлы мен қайшылы руларын қамтымаған. Қаңлы руынң экзогамияның бұзылуының себебі ертеректе ол тайпа болған, кейін сан жағынан азайып ру ғана болып қалған. Ал, қайшылы руына қатысты себеп әрі айқындалмаған.
Хорезмдік қарақалпақтарда экзогамияны бұзғандар жазаланған (рудан қуылған). Бұхаралық қарақалпақтардың салтында да экзогамия болған. Оны Л.С.Толстова атап көрсеткен.
Алайда, таң қаларлығы осы автордың айтуынша экзогамия Самарқанд пен Ферғана даласының қарақалпақтарында жоғалған: "Некелескен кезде күйеу жігт пен қалыңдықтың рулары ескерілмейді. Мысалы, ақ-маңғыт руынан шыққан жігіт осы рудың қызына үйлене алады [57, 114 б]. Айталық, қарақалпақтармен көршілес жатқан, Амударияның орта ағысының маңында орналасқан түрікмендерде рулық экзогамия болмаған, оның орнын мал-мүлікті өз руында қалдыру мақсатын көздейтін рулық эндогамия алмастырған. Алайда өзге тайпалардан қыз алған адамға қарсылық білдірілмеген [58, 53 б].
Достарыңызбен бөлісу: |