Қазақстан республикасы қарақалпақтары арасындағы этно-мәдени үрдістер кіріспе


Қазақстан қарақалпақтарының некелік жағдайы



бет27/30
Дата07.01.2022
өлшемі214,19 Kb.
#18388
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
диссертация оконч вариант

3.3 Қазақстан қарақалпақтарының некелік жағдайы

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елдегі этнодемографиялық жағдай күрт өзгерді. Қазақстаннан Ресейге және Еуропа елдеріне көші-қон процесі ел халқының санын 9,1 % төмендетті. Тәуелсіздік жылдары Қазақстандағы түрлі этнос өкілдерінің басым көпшілігінің саны күрт төмендеді. Алайда қарақалпақ диаспорасы өкілдерінің керісінше 1989 жылдардан 2006 жылға дейінгі өсу динамикасы байқалды. Бұл өсім негізінен қарақалпақтардың көшіп келу факторымен сипатталды.

Жүргізілген жоба аясында қарақалпақ этно-мәдени орталықтарының көмегімен қарақалпақ халқы өкілдерімен кездесулер өткізіліп, сауалнама жүргізілді. Сауалнама алынған респонденттердің барлығы дін ұстану және ұлттық салт-дәстүрлер мен тағамдарды сақтай білудің, ұлттық танымның қажеттігін көрсетті. Зерттеу сұхбат алу (интервью), сауалнама толтыру және сауалнаманы талдау әдісі бойынша жүргізілді. Этникалық жіктелім: сауалнама алынған 36 қарақалпақ-респонденттің 9-і (25%) – ер адам, 27-сі (75%) - әйел.

Этникалық таным: төлқұжаты бойынша 33 қарақалпақтың басым көпшілігі – 30 адам (90,9%) өздерін қарақалпақ, 2-еуі (5,5%) қазақ деп көрсетсе, ал 1-еуінің (2,7%) - мәліметі жоқ. Ал ұлттық таным бойынша 37 қарақалпақтың 30-ы (81,1%) өздерін қарақалпақ, 5-еуі (13,5%) қазақ,  ал 1-еуі (2,7%) – өзбек деп таниды, 1-еуінің (2,7%) - мәліметі жоқ.
Әкесінің ұлты: 30 адам (81,1%) – қарақалпақ; 5-еуі (13,5%) – қарашай; 2-нің (5,4%) – мәліметі жоқ. Сауалнама талдамасы көрсетіп отырғандай. Әке тарапынан қарақалпақтардың ұлттық құрамы тек екі ұлттан тұрады, көрінген қарашай ұлтының үлес салмағы өте аз.

Ал қарақалпақтардың аналық тармағы бойынша құрамында тек үш ұлттың қатыстылығын көреміз: 24 адам (64,9%) – қарақалпақ; 6 адам (16,2%) – қазақ 6 адам (16,2%) – өзбек.

Қарақалпақ этносындағы аралас некелі жанұяларда әке тармағы басымдылықты құрайды, сондықтан барлық мәлімет әке тарапы бойынша беріледі. Этникалық танымда ұлтына қарамастан әке жағына басымдық беріліп, жанұядағы баланың ұлты әкесінің ұлтымен анықталады. Қарақалпақ жанұяларында, басқа да ислам сеніміндегі түркі халықтары жанұяларындағы секілді әке беделі өте жоғары саналады. Дегенмен, осыған қарамастан, аралас некелі жанұяларда ұлты қарақалпақ ер адамдар да, ұлты қарақалпақ қыздар да басқа ұлт өкілдеріне үйленіп, тұрмысқа шыға алады. Бірақ көп жағдайларда қарақалпақтар қазақтармен үйленгендігін көреміз. Қазақстандағы қарақалпақ отбасыларында аралас неке басым және аралас некеге ешқандай шектеу қойылмаған, тек кейір отбасылар  славяндармен (8,3%), корейлермен (5,5%), түрікмендермен (2,7%) некелесуді құптамайды.  Сондай-ақ, қарақалпақтар да қазақтар секілді өз руластарымен үйленбейді.

Қарақалпақтардың аралас некелеріндегі ұлттық үлес салмақ келесідей қөрінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет