Қазақстан республикасы қарақалпақтары арасындағы этно-мәдени үрдістер кіріспе



бет29/30
Дата07.01.2022
өлшемі214,19 Kb.
#18388
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
диссертация оконч вариант

ҚОРЫТЫНДЫ

Қарақалпақ этносының қалыптасуы мен этнологиясы мәселелерін зерттегенде тірек етер сан алуан тарихи – этнографиялық және этномәдени деректердің ішінде – сол халықтын шаруашылығының және тіршілік, өмір сүру көзінің факторына байланысты дүниеге келген әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрлері жүйесінің ғылыми танымдық тағылымын ерекше атауға болады.

Қарақалпақтар – Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақ Республикасын мекендейтін түркі тілдес халық және Қазақстанда өмір сүріп жатқан 25 түркі халықтарының бірі болып табылады. Тарихшылар мен этнографтардың ғылыми пайымдауы мен пікірінше, қарақалпақтардың арғы тегі – б.з.б. Арыс жағалауынан бастап Жайық өзенінің аралығын, Солтүстік Кавказ бен Дешті Қыпшақ даласына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшіп-қонған тайпаларға саяды. XVI ғасырларда Үлкен Ноғай ордасынан қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтары бөлініп шыққан. Қазақ және қарақалпақ түркілері этностық қалыптасу кезеңдеінен бастап қоян-қолтық араласып, саяси-әлеуметтік, экономикалық және тілдік тұрғыдан ылғи да өзара ықпалдастықта дамыды.

Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасының өкілдері Маңғыстау, ОҚО және Жамбыл облыстарында шоғырланған. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің деректеріне сәйкес қарақалпақ диаспорасының халық саны артуда. Қарақалпақтардың 1970 жылғы халық санағын 2009 жылғы халық санағы мәліметтерімен салыстырғанда 2365 адамға көбейгенін көреміз. Жүргізілген әлеуметтік зерттеу барысында қарақалпақтардың 1989-2006 жылдар аралығында Қазақстанға көптеп көшіп келгені анықталды. Респонденттердің көшіп келу себептері «оқу», «жұмыс істеу», «денсаулықпен байланысты» және «ескі отанға оралу» секілді жауаптармен сипатталады

1999 жылғы санақ бойынша қарақалпақтардың екі жынысын бірге 6 жастан бастап жоғары санағанда 1329 адам, оның ішінде білім деңгейі бойынша; жоғары білімі бар – 152 адам, аяқталмаған жоғары білім – 19 адам, орта кәсіби білім – 201 адам, жалпы орта білім – 427 адам, негізгі орта білім – 151 адам, жалпы бастауыш білім – 206 адамда тіркелген.

Енді қарақалпақ ер азаматтардың білім деңгейіне тоқталайық. 6 жастан бастап жоғары санағанда 699 адам, оның ішінде білім деңгейі бойынша; жоғары білімі бар – 76 адам, аяқталмаған жоғары білім – 13 адам, орта кәсіби білім – 100 адам, жалпы орта білім – 230 адам, негізгі орта білім – 88 адам, жалпы бастауыш білім – 110 адамда тіркелген.

Енді қарақалпақ әйелдерінің білім деңгейіне тоқталайық. 6 жастан бастап жоғары санағанда 630 адам, оның ішінде білім деңгейі бойынша; жоғары білімі бар – 76 адам, аяқталмаған жоғары білім – 6 адам, орта кәсіби білім – 101 адам, жалпы орта білім – 197 адам, негізгі орта білім – 63 адам, жалпы бастауыш білім – 96 адамда тіркелген.

Жалпы 1999 жылғы халық санағының білім деңгейі бойынша статистикаға қарасақ қарақалпақтар арасында ер мен әйел адамның білім деңгейлері тең деп айтсақта болады.

Қарақалпақтардын отбасылық – некелік қарым қатынастарына байланысты әдет ғұрыптары мен салт дәстүрлерін шаруашылық жіне тіршілік цикліндегі жосын –жорылғылар негізіндегі жүйелерін талауда, діни қағидалардың бастамасы магияның көрінісін мынадай топтарға жіктеуге болады: апотропейлік (сақтандырушы) және протропейлік (өнім алу, әсер ету (побудительный).

Апотропейлік топтамаға ырым жоралардың жын- періден қорғау мақсатындағы әрекеттері жатады: мысалы, үйлену рәсімінде:


  1. жасыру: жас жубайлар үшін шымылдық (чимылдык) құру, қалындықтын бетін жамылғы мен (чарсы) жабу.

  2. жолатпау: бедеу әйелдерді үйлену тойына шақырмау, рәсімдерге қатыстырмау.

Протропейлік топтамаға:

  1. дәнекерлік (синдиасмикалық): қалындықа дәстүрлі сыйлық “қарғыбау” тарту ету; жас жубайлардың “қасиетті” неке суын ішуі.

  2. құнарлылық магиясымен байланысты (культ плодородия): құдаларға “су шашу” рәсімі, құдалардын бетіне ұн жағу, келіннің бетін жас бұтақпен ашу, шашу рәсімі, негізгі салтанат тойларды үбірлі – шүбірлі әйелдің бастауы.

Үйлену тойында жасалатын ырым жораларда ата – баба аруағына

Табынуда маңызды орын алған. Бұған куә: келіннің қайын атасының ошағына май құю рәсімін жасауы және қайын атасының босағасына қолын тигізіп мандайын ұстау.

XIXғ. аяғы XX ғ. басында қарақалпақтардың отбасылық қарым –қатынастарында өзбектерге қарағанд, патриархалдық қалдықтар әлі де болса сақталып қалды қарақалпақтардың үйленген ұлдары өзбектермен салыстырғанда әкесінің отбасынан бөлініп шығуы сирек кездесті.

Үйлену рәсіміне байланысты мынадай ерекшеліктерін атап өткен жөн:



  1. қалындықтын үйіндегі ұзату тойының кең көлемде өтуі.

  2. “соғым” рәсімі қалындық ауылының тұрғындарына жігіт әкелген той малдан бір ірі қара (тууар) сойып, таратып беру.

  3. левират (әменгерлік) пен бесіктен атастырудың (ақлай құда) әлі де болса қоғамда орын алуы;

  4. Қызға құда түсіп қойғаннан кейінгі, күйеу жігіттін екі – үш жыл бойы ұрын келуі (күйеулеу) - бұл матрилокальді некенің қалдығы болып табылады.

Тіршілік цикліндегі баланың дүниеге келуі , оның тәрбиеленуі тұрғысындағы жосын-жоралғыларда магияның апотропейлік , протропейлік имитативтік , гомеопатиялық , контагиоздық әрекеттер көрініс тапқан. Қарақалпақтардың өлікті жөнелтуге байланысты жосын-жоралғылар жүйесінде төрт түліктен жалқы , қой , түйе-анимистик таным бойынша негізгі атрибутқа ие . Жалқы түлігі бұл халықтың мифалогиялық дүние танымы қиналтпай жеткізуші медиатор ретінде танылған . Өлікті жөнелтуге қатысты әдет- ғұрыптарда қой түйілген қарақалпақтардың дүниетанымы бойынша зороастрлық фарнға байланысты байлық – береке негізінде және ислам дінінің танымдық көрінісі бойынша өліктің жанын о дүниеге ақыреттің қыл көпірінен аман өткізуші ретінде танылып , пайдаланған .

Марқұмның ана дүниедегі жанының , а яғни аруағының құрметіне құрмалдықтар жасау , өлілердің тірілді жебен – сенім қарастырып отырған кезеңде қарақалпақ қоғамында аминистік көзқарастардың әлі де басым болғандығын дәлелдеу түседі сонымен XIXғ. атағы XXғ. Басындағы қарақалпақтың отбасылық – некелік қарым – қатынастарға байланысты ырым – жоралғыларында щаманистік діні көзқарастар мен ислам идеологиясының синкретизм орын алғандарын көреміз жоғарыда аталған ырым – жоралғылғылардың көпшілігі Орта Азияның басқа да халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан салт – дәстүрімен , әдет – ғұрыптарымен ұқсас келеді , тіпті , түпкі мәні бірдей .

Ғасырдан-ғасырға , ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан осы дәстүр сабақтастығын халқымыздың асыл рухани мұрасы ретінде зерттеп, бағалап , оларды көздің қарашығындай сақтап , ілгері дамыған отыру өркендіде өнегелі іс деп тұжырымдаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет