Жұмыстың орындалу реті
1. Микрометрмен кішкене шардың диаметрін өлшеп алып, оны глицерин
құйылған цилиндр пішіндес шыны ыдысқа тастау керек.
2. Кішкене шардың қозғалысын бақылай отырып, жоғарғы белгіден өте
бергенде секундомерді іске қосып, ал екінші төменгі белгінің тұсынан
өткенде секундомерді тоқтатып, шардың түсу уақытын өлшеу керек.
3. Белгілердің ара қашықтығын l мм дәлдікпен өлшеп, формуласы
көмегімен шардың түсу жылдамдығын есептеу керек. Анықталған
шамалардың орташа мәндерін (8) формулаға қойып, глицериннің
тұтқырлық коэффициентін анықтаймыз.
Формуладағы кейбір шамалардың мәндері анықтамадан алынады:
глицериннің тығыздығы r1 =1,26*103кг/м3,
қорғасынның тығыздығы r =11,4*103кг/м3,
еркін түсу үдеуі g= 9,81м/с2.
4. Тәжірибені 3-5 рет қайталап, нәтижелерін кестеге жазу керек.
1-кесте
№
|
r,
м
|
l,
м
|
t,
c
|
,
м/c
|
h,
кг/(м·с)
|
hорт,
кг/(м с)
|
Dh,
кг/(м·с)
|
Dhорт,
кг/(м·с)
|
,
%
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
Бақылау сұрақтары
1. Ішкі үйкеліс күші қалайша пайда болады ?
2. Ішкі үйкеліс үшін Ньютон формуласы. Жылдамдық градиенті деген не?
3. Динамикалық және кинематикалық тұтқырлық коэффициенттерінің физикалық мағынасын түсіндіріңіз. Олардың өлшем бірліктері.
4. Тұтқырлық коэффициентінің температурадан тәуелділігі қандай ?
5. Тұтқырлық коэффициентін есептеу формуласын (8) қорытып шығару.
Электр өлшеуіш аспаптары
Электр өлшеуіш аспаптары әртүрлі электрлік шамаларды: ток күшін, кернеуді, электрлік кедергіні, ток қуатын, электр энергиясын, сонымен қатар көптеген электрлік емес шамаларды (температураны, қысымды, ауа ылғалдылығын, т.б.) өлшеуге қолданылады. Аспап көрсетулерінің нақты өлшенетін шамадан айырмашылығы болады. Өлшеуіш аспаптарының көрсетуі мен өлшенетін параметрдің нақты мәнінің айырымы аспаптың абсолют қателігі деп аталады: .
Абсолют қателіктің аспаппен өлшенгеннақты параметрге қатынасы өлшемнің салыстырмалықателігі деп аталады:
Абсолют қателіктің аспаппен өлшенетін параметрдің ең үлкен (номинал) шекті шамасына қатынасы өлшеуіш аспаптың келтірілген қателігі деп аталады.Келтірілген қателік қалыпты пайдалану шартында аспаптың негізгі қателігі болып есептеледі:
.
Негізгі қателіктің шамасына тәуелді дәлдік дәрежесі бойынша электр өлшеуіш аспаптары 8 класқа бөлінеді: 0,05; 0,1; 0,2; 0,5; 1; 1,5; 2,5; 4.
Дәлдік класының цифрлары негізгі келтірілген қателіктің пайызбен өрнектелген ең үлкен мәнін көрсетеді.
.
Өлшеуіш аспаптың дәлдік класы мен өлшейтін параметрдің шегін біле отырып, өлшеу жұмыстарының ең үлкен абсолют қателігі анықталады:
.
Ең үлкен абсолют қателік өлшеуіш аспаптың берілген шегінде кез келген өлшенген шама үшін бірдей болады.
Мысал:Амперметрдің дәлдік класыmax=1,5 және өлшеу шегі Imax=5 А.
Амперметрдің ең үлкен абсолют қателігі:
А.
Амперметр А және А ток күштерін көрсеткенде, осыөлшенген шамалардың салыстырмалы қателіктері:
Өлшенген шама аспаптың өлшейтін шектік мәніне жақын болған сайын өлшеудің салыстырмалы қателігі азая түседі.
Электр өлшеуіш аспабының шкаласында тілшенің (стрелка) бір бөлікке ауытқуына сәйкес электрлік шама аспаптың бөлік құны деп аталады: .
Бөлік құнының кері шамасы өлшеуіш аспаптың сезгіштігі деп аталады:
Бөлік құны аспаптың ең жоғарғы және ең төмен өлшеу шегіне және шкаланың бөліктерінің санына қарай анықталады. Мысалы, вольтметрдің өлшеу диапазоны 0-ден 100 В арасында, шкалада 50 бөлік бар деп ұйғарайық: В, N=50 бөлік. Вольтметрдің бөлік құны:
, В/бөл.
Вольтметрдің сезгіштігі: 0,5 бөл/В.
Электр өлшеуіш аспаптары өлшенетін параметрдің түріне қарай амперметр, вольтметр, омметр, ваттметр, санағыш, жиілік өлшеуіш, электротахометр, т.б.бөлінеді.
Өлшенетін шаманың тогына қарай аспаптар тұрақты ток тізбегіне және айнымалы ток тізбегіне арналған болып бөлінеді. Сонымен қатар, тұрақты ток тізбегіне де, айнымалы ток тізбегіне де қосылатын аспаптар бар.
Жұмыс істеу принципіне байланысты электр өлшеуіш аспаптары мынадай кеңінен таралған жүйелерге бөлінеді: электромагниттік, магни-тоэлектрлік, электродинамикалық, ферродинамикалық, индукциялық, термоэлектрлік, электростатикалық, түзеткіштік (детекторлық).
Өндірісте шығарылатын электр өлшеуіш аспаптары қолданыс ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді. Олараспаптың қандай ортада пайдалануына байланысты рұқсат етілген температуралар диапазо-нымен анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |