Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі


I.А тобына жататын аспаптар үшін қоршаған ортаның температурасы 00С-ден +350С аралығында; II. Б



бет11/20
Дата20.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#108995
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
I.А тобына жататын аспаптар үшін қоршаған ортаның температурасы
00С-ден +350С аралығында;
II. Б тобы үшін -300С-ден +400С аралығында;
III. В1 тобы үшін -400С-ден +500С аралығында;
IV. В2 тобы үшін -500С-ден +600С аралығында;
Аспаптардың Б, В1жәнеВ2 тобына жататындығы олардың шкаласында көрсетіледі. А тобына қатысты белгі аспап шкаласында жазылмайды.
Қазіргі кезде электрлік емес параметрлерді электрлік тәсілдермен өлшеу кеңінен қолданылып жүр. Бұл өлшеу жұмыстарын алыстан, үздіксіз, үлкен дәлікпен және сезгіштікпен орындауға мүмкіндік береді. Электрлік емес параметрді өлшеу үшін электр өлшеуіш аспаптардың көрсетуі мен өлшенетін шаманың арасындағы математикалық тәуелділік арқылы электрлік параметрге түрлендіру амалы орындалады.
Өлшенетін электрлік емес параметрді оған тәуелдіөзгеретін электрлік параметрге түрлендіретін элемент алғашқы түрлендіргіш деп аталады. Түрлендіргіштер екі топқа бөлінеді:
1) параметрлік – электрлік емес шаманы электр тізбегінің бір параметріне (R, L, C) түрлендіреді;
2) генераторлық – электрлік емес шаманы ЭҚК-не түрлендіреді.
Мысалы, кедергінің температураға тәуелділігін өлшейтін (терморезистор) аспап – логометр термометрге айнала алады және оның шкаласын градуспен бөліп көрсетуге болады. Егер сезгіш элемент ретінде тензорезисторды қолданса, онда аспап қысым күшін немесе қысымды өлшей алады. Индуктивтік L және сыйымдылық C параметрлік түрлендіргіштер күшті, қысымды, бөлшектердің сызықтық немесе бұрыштық қозғалысының параметрлерін өлшеуге арналған.
Генераторлық түрлендіргіште өлшенетін параметр электр қозғаушы күшіне (ЭҚК) түрленеді. Мысалы, айналым жиілігін өлшейтін индукциялық тахометрде өлшенетін шаманың мәні оған пропорционал ЭҚК-не айналып, шкалада сәйкес жиілікпен өрнектеледі.
Электрлік емес параметрді өлшейтін құрылғылар құрамында мін-детті түрде түрлендіргіш элемент, жалғайтын сымдар, шкаласы өлшене-тін шаманың бірлігімен бөліктеніп көрсетілген электр өлшеуіш аспап болуы керек. Сонымен бірге қызметіне қарай олардың құрамында қорек-тену көзі (ток көзі), тұрақтандырғыштар (стабилизатор), түзеткіштер, күшейткіштер кіреді.Анықтап айтсақ, мұндай құрылғылар күрделі болады.
Өлшеуіш аспаптарының шкаласында шартты таңбалармен және сандармен негізгі мәліметтер көрсетіледі:
- аспаптың сериясы;
-аспаптыңқолданыс тобы;
- аспап арналған ток тегі;
- аспаптың жүйесі;
-өлшеу тізбегінен оқшауланған аспап қорабының сыналған кернеуі (кВ);
-аспаптың дәлдік класы;
- өлшеу кезіндегі аспаптың орналасу қалпы;
-аспаптың зауыттан шыққан жылы;
-аспаптың техникалық тіркелу нөмірі.
Аспаптардың барлық жүйесіне қойылатын техникалық талаптар:
- өлшеу дәлдігі мен сенімділігі, мүмкін болғанша аз энергия пайдалануы;
- электрлік тізбекте елеулі өзгерістердің, тосын ықпалдың болмауы;
- ұзақ уақыт сапалы жұмыс істеуі;
- ток жүретін элементтердің аспап қорабынан сенімді жақсы оқшаулануы;
- аспап жұмысының сыртқы факторлардан тәуелсіз болуы.
Кестеде жиі кездесетін шартты белгілер көрсетілген.
Электр өлшеуіш аспаптарының шкаласындағы шартты белгілер

Аспап жүйесі және белгісі

Аспап шкаласындағы таңбалар

Электромагниттік






Ток:

- тұрақты


- айнымалы (бірфазалы)


- үш фазалы


- тұрақты және айнымалы








Магнитоэлектрлік





Электродинамикалық




ферродинамикалық






Дәлдік классы
мысалы 1,5

1,5




индукциялық






Жерге қосу үшін







термоэлектрлік





Орналасу қалпы:
вертикаль

горизонталь


көлбеу






электростатикалық






түзеткіштік
(детекторлық)



Өлшеу тізбегі оқшауланған аспап қорабының сыналған кернеуі (кВ)




вибрациялық
(дірілдек)




Ортақ қысқыш



*

электрондық





Зауыттан шыққан жылы, нөмірі



2009
№10015



30 зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет