Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Ұжымдағы статустар мен рөлдер



Pdf көрінісі
бет117/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Ұжымдағы статустар мен рөлдер 
Сынып жетекшісінің ұжымды құруда, олардың сапалы білім мен саналы 
тәртібін қамтамасыз етуде рөлі өте зор. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы 
білім алуға болмайды. Бұлар бір-бірімен өзара тығыз байланысты болып келеді. 
Саналы тәртіп – мақсатты тәртіп. Ол қоғамның мақсатымен ұштасады. Саналы 
тәртіпке тән сипат – өз мақсатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесін 
ұжымның мүддесіне бағындыра білу.
 
Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудегі негізгі міндет – білім алу мен 
оқу әрекетінің сапасын үнемі арттырып отыру.
Сынып жетекшісінің шеберлігі дегеніміз – ұжымның алдына қызықты 
мақсат қойып, ұжымдық іске ұйытқы бола білуінде әрі оны ұйымдастырудағы 
білімі мен қабілеті. 
 
Оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі іс-әрекеттерін жандандыруда 
сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді. Сынып белсенділері бір 
жағдайда үлгілі оқушылар болса, екінші жағдайда қоғамдық тапсырмаларды 
атқара алатын қабілетті балалар тобы. Олар – ұжымның ұйытқысы. Сынып 
белсенділері неғұрлым күшті болса, сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын 
ұйымдастыруда соғұрлым жеңіл болады.


153
Осыдан тәрбие тұлғаға ықпал жасаушы құрылымдардың өзара 
қатынастарымен бірлікте қарастырылады (47-сурет). 
 
 
Сурет-47. Қазіргі мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесі 
 
Мектепте оқушылардың өзінің Президенті бар. Ол парламент пен үкіметті 
басқарады. Парламент заң шығарушы орган ретінде сенат және төменгі палата 
мәжілісінен тұрады. Мектеп өміріне оқу-тәрбие процесін жақсарту үшін
заңдар, үкімдер шығарады. Ал, үкімет парламент шығарған заңдардың 
орындалуын қадағалайды. Ол білім, мәдениет, спорт, тазалық, құқықтық тәртіп 
секторларын біріктіреді. 
Оқушылар ұжымын қалыптастыру және дамыту бойынша сынып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет