Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Қиын балалар диагностикасы



Pdf көрінісі
бет133/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Қиын балалар диагностикасы 
П.П.Блонский балаларға төмендегідей сипаттама береді:

обьективті көзқараспен қарағанда қиын бала –
педагог жұмысының 
жемісті еместігі; 

субьективті көзқараспен қарағанда қиын баламен 
жұмыс істеу 
педагогқа өте қиын, одан көп жұмыс істеуді талап етеді. 
Істі бүлдіруші балаларға толыққанды мінездеме бере отырып, 
П.П.Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл 
бөледі. П.П.Блонскийдің пікірі бойынша, қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, 
тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына 
біртіндеп әкелу болып табылады.
Мектептегі қиын баланы қайта тәрбиелеу, ұжымның алдына 
төмендегідей әлеуметтік педагогикалық талаптар қояды: 
1.
 
Әрбір қиын балаға арналған күнделік жүргізу.
Күнделікте қиын баланы қайта тәрбиелеуді қажет ететін әрекеттері есепке 
алынады: баланың әр сабақтағы белсенділігі, себепсіз босатқан сабақтары, ата-
анасымен, 
сынып 
жетекшісімен, 
пән 
мұғалімдерімен, 
сыныптағы 
жолдастарымен қарым-қатынасы, пәндер бойынша үлгерімі және сабақтан тыс 
уақытты пайдалануы, өз қызығушылығы бойынша үйірмеге қатысуы.
2. Педагогикалық кеңесте және әдістемелік бірлестіктер мәжілістерінде 
қиын бала мәселесін жүйелі түрде қарастыру.
Арнайы әлеуметтік-педагогикалық шешім шығарылады және хаттама жеке 
жазылады. Шешімнің орындалуын мектеп директоры қадағалайды. 
Оқу жылының аяғында педагогикалық кеңесте жеке қайта тәрбиелеудің 
нәтижесі талданады, жіберілген кемшіліктерді жою жолдары қарастырылады. 
Келесі оқу жылына қайта тәрбиелеу жұмысының жоспары жасалады. 
Сондай-ақ, қиын баланы тәрбиелеудің ықпалы төмендегідей сұрақтар 
негізінде анықталып отырады: 
«Балалардың арасында әртүрлі жағымсыз әдеттердің көбейіп кетуінің 
басты себебі неде?» деген сұраққа педагогтардың жартысынан көбі тұрмыстың 
ауыртпалығы екендігін көрсетеді (13-кесте).


173


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет