Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Тәрбие процесі – өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі іс



Pdf көрінісі
бет13/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   299
Тәрбие процесі – өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі іс 
жүзінде көрсетуге бағдарлау мақсатындағы педагог пен баланың өзара 
әрекеттестігі 
Тәрбие процесі – бұл арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет. Тәрбие 
теориясында оқыту процесінде тәрбиелеумен қатар оқудан тыс кезеңдегі 
тәрбиеге де көп көңіл бөлінеді. 
Тәрбие теориясын зерттеуге қомақты үлес қосқандардың бірі – 
А.С.Макаренко. Ол тәрбие процесінің төмендегідей ерекшеліктерін ашып 
көрсетті: 
-
тәрбиенің іс-әрекеттік сипатта болуы; 
-
тәрбиенің дамуы мен өзгеруі; 
- қарама-қайшылықты сипаты; 
- басқарылуы.
Даму – бір күйден екінші күйге өту процесі, ескі сапалық күйден жаңа 
сапалық күйге өту, қарапайымнан күрделіге өту, төменнен жоғарыға өту. 
Дамудың қозғаушы күші – жеке тұлғаның қажеттілігі, оның мотивациясы
сондай-ақ, іс-әрекет пен қарым-қатынастың сыртқы ынталандырылуы. 
Өзін-өзі дамытудың негізгі сипаттамалары болып табылатындар: 

тұлғаның әртүрлі бағыттағы процестері: психологиялық, педагогикалық, 
әлеуметтік, физиологиялық, философиялық және т.б. 

бұл процестердің өзегі – жасаушылық мәні болатындығы болып 
табылады; 

тұлғаның барлық аймағын қамтитын қарама-қайшылықтарды шешетін 
сандық және сапалық параметрлері болады; 

өзін-өзі дамыту тұлғаның өзіне-өзінің белсенді іс-әрекеті нәтижесінде 
жүреді. 
Өзін-өзі дамыту – өзін-өзі өзгерту мен шығармашылық идеяларды іздеуге 
мақсатты бағытталған саналы түрде мотивацияланған процесс. Өзін-өзі 
дамытудан дамытудың ерекшелігі – ол кездейсоқ жүреді және ішкі қарама-
қайшылықтарды шешу нәтижесінде тұлғалық сапалардың өзгерісі байқалады. 
Өзін-өзі дамытудың барлық сатысы: өзін-өзі тану, шығармашылық пен 
өзін-өзі анықтау, шығармашылықпен өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі басқару
бір-бірімен тығыз байланысты, біртұтас күрделі жүйені құрайды.
Ғалым 
В.И.Андреев 
тұлғаның 
өзін-өзі 
басқаруына 
қатысты
9 мағыналы қабілеттерді ажыратады: өзін-өзі тану қабілеті, өзін-өзі анықтау 


18
қабілеті, өзін-өзі ұйымдастыру қабілеті, өзін-өзі белсендіру қабілеті, өзін-өзі 
сендіре алу қабілеті, өз бетінше іс-әрекет жасай алу қабілеті, өзін-өзі бақылау, 
өзін-өзі бағалау, өзін-өзі жетілдіру. 
Өзін-өзі жетілдіру – бұл мотивацияланған, дербес процесс және өзін-өзі 
тану, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі анықтау, өзін-өзі басқару 
процестерімен тығыз байланысты. Оның негізіне тұлғаның өзін-өзі өзгерту, 
өзін-өзі жетілдіру мақсат бағыттылығын түсінуі жатады. 
Өзін-өзі жетілдірудің қажетті шарттары – басты мәселені қоя алу және 
басым бағыттағы бірінші мәселені ұтымды шеше алу. Осыған сәйкес уақыт 
талабына сай келетін мәселені таба алу керек, сондай-ақ, оның басым 
бағыттарын дұрыс анықтау қажет. Бұл үшін тәрбиешіге өзінің ішкі әлеуетін 
толық жетілдіруге мүмкіндік беретін мақсатты дұрыс анықтап алу қажеттілігі 
туады. 
Тәрбиешінің кәсіби өзін-өзі дамыту мотивациясына психологиялық талдау 
инновациялық іс-әрекетке талдау жасаудан бастау алады. Тәрбиешінің кәсіби 
өзін-өзі дамытуын ояту негізінде тәрбиешінің қажеттілігі, қызығушылығы, 
әртүрлі бағыттағы танымдық өзгеріс сапалары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет