Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 010500 бастауыш білім беру



бет6/8
Дата25.11.2022
өлшемі58,42 Kb.
#52647
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-51715

Балалар үшін ұйымды құрған үлкендердің тәрбиелік мақсат қоюы: Бірінші аспект туралы сөз қозғағанда ұйымға балалардың ерікті түрде бірігіп, өз қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін қызықты өмірді жоспарлағанда ғана мүмкін болатындығын атап көрсетуге болады. Ең маңыздысы ұйым олардың іс әрекеттерінің әлеументтік маңызын көтеріп, есеюіне мүмкіндік береді.
Атақты психолог Л.С. Выготский: «Балалар мен жасөспірімдердің көбінесе мақсатты дұрыс қоя алмайтындығын жиі кездестіреміз. Балалардың белгілі бір істе нәтижеге қол жете алмауы қолынан келмегендіктен емес, қайта не үшін жасау керектігінің өмірлік маңызын түсінбегендігінен болады.»
Балалар ұйымы ұзақ жылдар бойы жеке тұлғаның үндесіп дамуы мақсатын қоойып, оған қол жеткізе алмады. Кез келген жұмыстың мақсаты тек оның бағыты болып қана қоймай, практикалық тұрғыдан нәтижеге жету мүмкіндігіне ие болуы керек. Жұмыстың мақсаты осы тұрғыдан қарастыра отырып, өмірде адамның негізгі әлеументтік іс -әрекетіне сай келетін ең бастыларын ажыратып қарауға болады. Мұндағы сөз болып отырған мәселе ұйым өз мүшелерін:

Мұның бәрі ұйым жұмысында балалар түсінігіне сай келуі тиіс. Тәрбие мақсатын жүзеге асыруда әлеументтік жұмыстарды біліп, орындап қана қоймай, балалардың әртүрлі қызығушылықтарын қанағаттандырып, ең негізгісі мүшелерін әлеументтік қатынастарға тартуы қажет. Айтылған мақсаттарды жүзеге асыру нәтижесінде ұйым мүшелері қоғамдағы әлеументтік әртүрлі жұмыстарды орындауға дайын болады. Осы мақсаттар ұйымының міндетін жаңаша қоюға мүмкіндік береді:

  • саяси, экономикалық, рухани салада әлеументтік іскерлігін жетілдіру

  • әлеументтік жұмыстарда орындауға ынталы болуы

  • жеке тұлғаның қызығушылығын қанағаттандыруда шығармашылық қабілетін ашуға жағдай жасау

  • ұйымда балалардың танымын қолдап, өзін-өзі тәрбиелеуге мүмкіндік беру

Қоғамдық өмірдің барлық саласында, әсіресе, мектептік білім беру шеңберіндегі әлеументтік өзгерулер жағдайында кәсіптік-педагогикалық қызметтің айрықша бағыттары белгіленіп, әлеументтік құрылымның жаңа сипаты қалыптасып, қоғам мүшелерінің дүниеге, танымға, іс-әрекетке, құндылықтарға деген көзқарастары түбірімен қайта жаңғыруы тәрбиенің субъектісі ретінде танылған оқушының әлеументтік статусы, олардың өзіндік ойлауы, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы заңды құбылыс екендігін педагогикалық теория және тәжірибе айқындап көрсетуде.
Оқушының әлеументтік бағытын, тұлғалық қасиеттерін, талап-тілектерін, ой-таным табалдырығын, іс -әрекет мәнін түсінуі, әлеументтік ортадағы өз орнын белгілей білуі, оның өз тұлғасына, «Мен» позициясына қатынасын қалыптастыруға педагогтардың кешенді түрде ықпал ете білуі «педагог-оқушы», «оқушы - оқушы», «оқушы -қоғам», «оқушы-ата-ана» ара қатынастары жүйесінің алғы шарттарын құруды талап етеді.
Білімділік – тәрбиелік кеңістікте жаңаша ойлау, шығармашылық әуелетін, ашу, болмыс мәнін зерделеу, әлеументтік қарым-қатынастар шеңберінде тұлғалы өзара әрекеттестікті қалыптастыру үрдістері оқушының психикалық өміріндегі позитивті жаңа құрылымдардың пайда болуымен, танымдық белсенді бағыттары мен тығыз байланысты. Сондықтан да жалпы білім беретін мектеп оқушыларының мүддесіне бағытталған олардың тұлға ретінде өзін-өзі танып білуіне, мүмкіндік туғызатын Ж.Нұсқабайұлының «Оқушы паспорты» атты оқу құралы тәжірибелік мәнге ие туынды. Оқушы паспорты туындысы – осы үлгідегі оқу құралдарына қойылатын талаптар деңгейінде екшелік, оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру жүйелілік ұстанымдар негізінде әзірленген еңбек. Оқушы паспорты еңбегінің мақсаты – мектеп өмірінің жауапты кезеңдеріндегі оқушының тұлға ретінде қалыптасу барысын жүйеге келтіру, сондай –ақ оқушылардың әлеументтендіру үрдісіне енуіне тәрбиелік ықпал ету. Аталмыш оқу құралының құрылысы белгілі бір өзіндік жүйеге бағынған. Яғни шәкіртке арналан еңбек оқушылардан жауапкершілікті, зейінділікті, ұқыптылықты, байқампаздықты өз ойын қысқа да нұсқа жазба тілінде тұжырымдап бере білуді, адамгершілік қасиеттерді меңгеруді талап етеді. Мәселен, 1-ші сынып оқушысына мектептің тұрғылықты мекен-жайын білуді, дене бітімі дамуының көрсеткіштері болып табылатын бойының ұзындығы, салмағы, сондай-ақ киімдерінің өлшемі туралы мәліметтерді білуді ұсынған.
Бізге мәлімі осы сияқты деректерге көбіне көп мән берілмей жататыны. Сондай –ақ шәкірт атаулының өз аты-жөнін сауатты жаза алуы, туылған жері, күнін білуіде орынды іріктеліп алынған. Ал бұл секілді мәліметтердің қай-қайсысы да салған жерден көзге көріне қоймайтын дағды қасиеттерді оқушы бойына мысқалдап иеге түсуге сеп.
Тоқсандық жылдық оқу-үлгерімінің озық та жоғары болуы қай шәкірт қаламас. Бұл тер төге жасаған еңбегіне сынып жетекшісінен бастап, ата- анасының қадағалауы, мектеп директорының көз жүгіртер ұстаздың баға берерін шәкірттің сезінуі де көл-көсір жиынтық әрекеті. Оқу үлгерімі туралы мағлұматтарды тіркей білу, педагогикалық кеңестің шешімі, яғни сыныптан сыныпқа көшудің мәніне назар аударуы оқушының жауапкершілік сезімін қалыптасырары айдай анық.
Жалпы алғашқы ұстазға деген ерекше ықыластың қалыптасуы да бала өміріндегі елеулі құбылыс. Ал «Менің достарым» атты бөлімге бала өзінің жақын достарының есімдерін сауатты да әдемі жаза білуі тиіс екендігі айтылады. Одан әрі жолдастық, жақсы көру, көмектесу, өзара түсіністіктің алғашқы белгілерінің пайда болуының түрткі болатын оқиғалар жағдайаттар жөнінде мағлұматтар беріледі. 2-ші сынып оқушысының парағында жоғарыда көрсетілген бөлімдерден басқа «Саған жылдың қай мезгілі ұнайды?»-деген бөлік енгізілген. Бұл бөлім оқушының табиғатқа, табиғи құбылыстарға, эстетикалық сезіммен қарап, жыл мезгілдерін ажырата білу, оларды салыстыру, талдау, топтау, жинақтау, абстракциялау тәрізді ойлау қабілетін арттыруға ықпал етеді.
3-ші сынып оқушысына берілген «Қай асты ұнатасың?» - деген сұрақ бала үшін көп ойлауды керек етпейтін, эмоционалдық шеңберде орындалуына жеңіл тиетіні белгілі. Шынында да бастауыш сынып оқушыларының мәдени гигиеналық дағдыларын қалыптастыру үшін «Валеология» курсын енгізу арқылы да олардың өз денсаулықтарына тамақты уақытында ішу, астың организім үшін маңызын білу оқушы өміріндегі қажеттіліктердің бірі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет