Қазіргі әлеументтік-эконмикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттелік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата-ананың, мұғалімнің алдында жаңа міндет, баланың жеке қабілетін, бейімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру тұр.
Мектеп ұжымының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Сондықтан да қазіргі қоғамда әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс-тәсілдер негізінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар мектептегі оқу-тәрбие жүйесі, мұғалім - оқушы арасындағы қарым-қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.
Әрбір өсіп келе жатқан ұрпаққа тәлім тәрбие беру, олардың рухани жаңарып жандануына тіректе, тетікте болатын мектеп екендігі бәрімізге белгілі.
Сондықтан да, оқушылардың ой-өрісін , ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, үлкен жетістіктерге жетелеу.
Білім берудегі ізгілік адамдардың тұлға ретінде дамуына бағытталған әрбір оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуына білімнің үлкен үлесі бар. Сол себепті орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша дамытып, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
А.А. Люблинская. Мұғалімге бастауыш мектеп оқушылардың психологиясы жөнінде. Алматы –Мектеп 1981ж.
М.М. Мұханов. Жас және педагогикалық психология Алматы 1982ж.
Қ.Жарықбаев. Психология. Алматы –Білім. 1993ж.
Д.Жамбылов. Тәуелсіздік және саяси сана. Алматы-Жеті жарғы. 1999ж.
Қ.Жүкеш. Ұлттық психологиялық сипаты. Алматы 1993ж.
Ы.Алтынсаринның таңдамалылары, педагогикалық мұралары. Құрастырушы С.Қалиев. Алматы-Рауан 1991ж.
Ш.А. Амонашвили. Как живете дети. Москва 1989ж.
Ж.Б. Қоянбаев. Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Алматы 2000ж.
Қ.Р. орта білімнің дамыту тұжырымдамасы. Алматы Қазақстан 1997ж.
Қ.Р. «Білім мемлекеттік бағдарламасы» /Қазақстан мұғалімі/ 2000ж. №33-34.
М.И. Махмутов. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. Алматы -Мектеп1981ж.
Қ.Әбдіғалиев. Осы заманғы педагогикалық технология. Қазақстан мектебі 2001ж.
Достарыңызбен бөлісу: |