7. Астрахандық армян католик Гаврила Айвазов. Сатқан
тауары кірпішті шай, астық, қағаз бұйымдарын сатты.
1 лавкасы, 1 қоймасы болды. Тауарының құны 500 күміс
сомды құрады.
8. Астрахандық армян католик Осип Желалов. Сатқан
тауары тары, шай, астық, қағаз бұйымдары. 1 лавкасы
болды. Тауарының құны 500 күміс сомды құрады.
9. Саратов губерниясының камышиндік мещан Феодор
Калашников. Келісім-шарт бойынша қонақ үйі мен ауласы
болды. Сатқан тауары астық, сұлы және шөп сатумен
айналысты және лавкаларды жалға берді. 3 лавкасы, 3 қойма
орны болды. Тауарының құны 500 күміс сомды құрады.
10. Астрахандық католик Павел Айвазов. Сатқан
тауары қағаз тауарлары әр түрлі ұсақ-түйек және астық
сатты. 1 лавкасы болды. Тауарының құны 300 күміс сомды
құрады.
11. Астрахандық мещан Хабит Хантемиров. Сатқан
тауары қағаз тауарларын және әр түрлі ұсақ-түйек.
1 лавкасы, 1 қойма орны болды. Тауарының сатқан құны
300 күміс сомды құрады.
12. Қазан татары Шарафей Валитов. Сатқан тауары
қағаз тауарлары және әр түрлі ұсақ-түйек. 1 лавкасы, 1 қойма
орны болды. Тауарының сатқан құны 300 күміс сомды
құрады.
13.
Қазан
губерниясының
мещаны
Ярмухамед
Ишмухамедов. Сатқан тауары қағаз және әр түрлі ұсақ-
түйек. 1 лавкасы болды. Тауарының құны 300 күміс сомды
құрады.
14. Астрахандық армян католик Яков Желалов. Сатқан
тауары ұсақ-түйек, астық, тары, қағаз тауарлары. 1 лавкасы
болды. Тауарының құны 200 күміс сомды құрады.
207
15. Ростов мещаны Николай Ананьин. Сатқан тауар
қағаз және аяқ-киім тауарлары, астық. 1 лавкасы болды.
Тауарының құны 200 күміс сомды құрады.
16. Қазан татары Абдулвахит Маметов. Сатқан тауары
ұсақ-түйек, астық және лавкаларды жалға берді. 3 лавкасы
болды. Тауарының құны 150 күміс сомды құрады.
17. Қазан татары Ахмед Муртазин. Сатқан тауары әр
түрлі ұсақ - түйек және лавкаларды жалға берді. 2 лавкасы,
2 қойма орны болды. Тауарының құны 100 күміс сомды
құрады.
18. Қазан губерниясындағы арс көпесінің ағасы
Мухамед Джан Яхвин. Сатқан тауары ұсақ-түйек, ұн және
лавкаларды жалға берді. 3 лавкасы болды. Тауарының құны
100 күміс сомды құрады.
19. Беріш руының қазағы Мұстафа Джоламанов. Сатқан
тауары қағаз тауары және лавкаларды жалға берді. 3 лавкасы,
1 қойма орны болды. Тауарының құны 50 күміс сомды
құрады.
20. Байбақты руының қазағы Ералы Итесов. Сатқан
тауары қағаз тауарлары, ұсақ-түйек және лавкаларды жалға
берді. 2 лавкасы болды. Тауарының құны 150 күміс сомды
құрады.
21. Алаша руының қазағы Бегайдар Қарабашев. Сатқан
тауары әр түрлі ұсақ-түйек және астық. 1 лавкасы болды.
Тауарының құны 150 күміс сомды құрады.
22. Беріш руының қазағы Бикетай Чунгаев. Сатқан
тауары қағаз тауары және ұсақ-түйек. 1 лавкасы болды.
Тауарының құны 50 күміс сомды құрады.
Қорытындысы: Лавка - 46, Қойма орны - 1, Тауардың жалпы
құны 42760 күміс соманы құрады.
Бұл құжаттан байқағанымыздай, Хан ставкасындағы
саудагерлердің арасындағы ең ірі саудагер Тамбовск
губерниясының моршандық II гильдия көпесі Даниль
Медведев пен Саратов губерниясының дубовск III гильдия
көпесі Филипп Житков болған[14]. Бұл саудагерлердің көбі
сол Хан ставкасында тұрақтанып та қалды. Сонымен бірге,
бөкейлік қазақтардың арасында да ірі саудагерлердің
болғанын көреміз.
208
Қорыта айтсақ, Жәңгір 1832 жылы Хан ставкасы
жанынан жәрмеңке ашады. Жәрмеңкенің ашылуына
байланысты тасымал саудасына тыйым салынды. Бөкей
хандығының экономикалық өмірінде жәрмеңкелердің рөлі
ерекше болды. Бұл жәрмеңкелер сауданы дамытуда ерекше
жүйе қалыптастырып отырды. Жәрмеңкеде қазақтардың
малы мен оның өнімдері тауардың негізгі бөлігін құрады.
Тауар-ақша қатынасының дамуына жәрмеңкенің атқарған
рөлі зор болды. Жәңгір ханның қолдауымен құрылған
жәрмеңке Қазақстандағы алғаш ашылған жәрмеңкенің бірі
болды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. РФ. ООММ, 6-қор, 6-тізбе, 3764-іс
2. РФ. ООММ, 6-қор, 10-тізбе, 3766-іс
3. РФ. АОММ, 1-қор, 9-тізбе, 795-іс
4. ҚРОМА, 4-қор, 1-тізбе, 1974-іс
5. Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. Алматы – Санат.
1994 – 220 б.
6.Аспандияров Б. Образования Букеевской Орды и ее ликвидация. Алматы.,
Қазақ энциклопедиясы, 2007 – 290 с.
7.Алекторов А.Е. Из письма хана Джангира к графу Перовскому.
Астраханский листок. 1892 – № 258.
8. ҚРОМА, 78-қор, 2-тізбе, 36-іс
9.Еврейнов А. Внутренняя или Букеевская киргиз-казачья Орда. //
Современник, 1851 – № 10.
10.Зиманов С. Россия и Букеевское ханстве. Алма-Ата:Наука. 1982 – 171 с.
11.РФ.АОМА, 2-қор, 1-тізбе, 280-іс
12.Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ веках (сборник документов и
материалов) М; Изд. АНССР. 1961 – 790 с.
13.Киттары М.Я. Ставка хана Внутренней Киргизской Орды. // Журнал
Министерства Внутренних Дел. 1849. 28-ч.
14. ҚРОМА, 4-қор, 1-тізбе, 2350-іс
* * *
В данной статье на основе архивных материалов и научных
исследований рассматривается роль ярмарок в развитии торговли в
Букеевском ханстве, экономическое развитие анализировано в разрезе
современной историографии.
209
ӘОЖ 396.5 (574.1)
Ж.Қ. Мұханғалиева
М.Өтемісов атындағы БҚМУ аспиранты,
Орал қ.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХХ ғасырдың
60-80 жылдардағы АГРАРЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ
ЕҢБЕККЕР ӘЙЕЛДЕРДІҢ ОРНЫ
(тарихнамалық мәселе)
ХХ ғасырдың 60-80 жылдарында Қазақстанның халық
шаруашылығы дамуында ауыл шаруашылығының алатын
орны ерекше. Бұл сала бір-бірімен тығыз байланысты екі
міндетті, біріншіден, өндірісті шикізатпен, екіншіден,
халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған
шараларды шешеді. Сондықтан
ауыл шаруашылығы
облысында алға тартылып отырылған міндеттерді тез арада
және тиімді шешу үшін адами фактордың, ауыл
еңбеккерлерінің, әсіресе әйелдердің еңбек және әлеуметтік
белсенділіктерінің рөлі зор.
Демек,
бүгінгі
тәуелсіз
Қазақстан
жағдайында
1966-1985 жылдардағы Қазақстанның ауыл-селоларындағы
аграрлық өндірісте нәтижелі еңбек еткен әйел-қыздардың іс-
тәжірибелерін зерделеуге бағытталып жазылған ғылыми
еңбектерді, тарихи әдебиеттерді талдау, саралау қажеттілік
болып табылады.
Осы орайда 1940-50 жылдарда аграрлық саясатты
жүзеге асыруда әйелдердің белсене араласқаны белгілі. Бұл
тұрғыда көптеген тарихи әдебиеттер мен монографиялар
жарық көрді. Т.Б. Балақаев мұрағат құжаттары мен естеліктер
негізінде жазылған өз зерттеуінде соғыс жылдарындағы
колхозшы шаруалардың, олардың қатарында колхозшы
әйелдердің майдан мен елді азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті
ауыл шаруашылығы шикізаттарымен қамтамасыз етудегі
үлкен еңбегіне баға берсе, Г.Майлыбаева әйелдердің
қоғамдық өндіріске қатысу деңгейін, Б.А.Тулепбаев
Қазақстанды елдің ірі астықты және мал шаруашылық
210
базасына айналдыру жолын, КСРО-ғы мақталық проблеманы
шешудегі
Ортаазиялық
республикалардың
ролін,
кемелденген социализм кезіндегі КОКП-ның аграрлық
саясатын көрсетіп, соғыстан кейінгі жылдары ауыл
шаруашылығында күрделі, ерлер мамандықтарын игерген
әйелдер қызметін сипаттаған [1].
Соғыстан кейінгі жылдары аграрлық өндірісті қайта
қалпына келтіру, әрі қарай дамыту жолында кездескен
жетістіктер
мен
қиындықтарды
ашып
көрсетуде
В.К.Савосько, И.Ш.Шамшатовтың еңбектері маңызды.
В.К.
Савосько,
И.Ш.
Шамшатов
«Колхозные
строительство в Казахстане (1945-1970 г.г.)» деген
монографиясында колхоз құрылысының тарихи тәжірибесі:
колхоз
өндірісінің
материалдық-техникалық
базасын,
ұйымдастыру мәселесін және еңбектің өтем ақысын,
кадрлардың сандық, сапалық өсімін күшейту мәселелерін
қарастырса, И.Шамшатов келесі «Колхозы Казахстана:
развитие общественного хозяйства и его социально-
экономические результаты (1946-1980 г.г.)» атты зерттеуінде
колхоздардағы шаруалар шаруашылықтарын қамти отырып,
КОКП ОК-нің наурыздағы Пленумының шешімдерін жүзеге
асыруда аграрлық саясаттың әлеуметтік-экономикалық
нәтижелеріне баса көңіл бөліп, мектеп бітіруші еңбекші қыз-
жігіттердің кеңінен аграрлық өндіріске тартылуын баян етеді [2].
1950-80-ші жылдардағы елдің аграрлық дамуындағы
еңбеккер әйелдердің қызметін тыңғылықты талдаған
қазақстандық
ғалымдар
-
С.А.Ковальский
мен
Х.М.Мадановтың
«Освоение
целинных
земель»,
А.Б.Тұрсынбаевтың «Курсом интенсификации: аграрная
политика КПСС в Казахстане на этапе развитого социализма
(1965-1982
г.г.)»,
А.Ж.Қарабаевтың
«Деятельность
Компартии Казахстана по созданию прочной кормовой базы
для общественного животноводства в период восьмой и
девятой пятилетки» атты тың игерудің әлеуметтік-
экономикалық нәтижелерін және оның 80 жылдардағы азық-
түлік жоспарын жүзеге асырудағы, ауыл шаруашылығын,
мал шаруашылығын басқарудағы партиялық ұйымдардың
жетекші ролін көрсеткен монографиялары жарық көрді [3].
Күні бүгін белгілі болып отырған оларға тән жетіспеушілік,
211
әйелдердің еңбектерін бағалауда сол кезеңнің бірыңғай саяси
қалыптың немесе маркстік-лениндік идеологияның
басымдыққа ие болғандығы. Бұны еңбектер мазмұны
дәлелдей түседі. Дегенмен, олар сол кездегі аграрлық
өндірістің даму барысын, еңбекшілер қызметін сараптауға
фактілік материалдар беруімен құнды.
Ауыл шаруашылығын өрге бастыру міндеттерін
орындауда
және
барлық
агроөнеркәсіптік
кешенді
жетілдіруде 60-80 ж.ж. бұқараның шығармашылығын одан
әрі дамыту басты маңыз алды. Шын мәнісінде ол адамдардың
жоғары саналығы мен белсенді әрі ақылды іс-әрекетіне
сүйенеді. Міне, осы қарапайым еңбек адамдарының, орта
және жоғарғы буын маман кадрлардың, ұжым
басшыларының, әсіресе, ауыл-село еңбеккер әйелдерінің
еңбек және әлеуметтік белсенділіктерінің нәтижесі өндіріс
резервтерін ашу мен оны іске қосуға, жұмыстың тиімділігі
мен сапасын арттыруға көмектескендігін көрсетеді. Осы
тұрғыдан, ауыл-село еңбекшілерінің еңбек және әлеуметтік
белсенділігі өз көрінісін Т.З.Рысбековтың, Б.Қ.Бірімжаровтың
еңбектерінде тапты.
Т.З.Рысбеков «Советы Казахстана» деген моногра-
фиясында кеңес органдарындағы әйелдерді қоғамдық-
шаруашылық қызметтерге тарту мәселесін ішінара қарастыра
отырып,
кеңестер және басқа қоғамдық ұйымдар қызметі
әлеуметтік салада шектелді, бұл жағдай ауыл-селолардағы
әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуінде қарама-
қайшылық туғызды деген ой-қорытындыға келген [4]. Ал
Б.Қ.Бірімжаровтың «Социально-экономические развитие
аулов и сел Казахстана в 60-е – 80-е годы. (по материалам
западных областей)» атты еңбегінде 1965 жылдан басталған
жаңа аграрлық саясатты жүзеге асыру жолындағы
еңбекшілердің, әсіресе әйелдердің қоғамдық-саяси және
әлеуметтік белсенділіктері, оның барысында қалыптасқан
аймақтағы
ауыл-селолардағы
әлеуметтік-экономикалық,
мәдени-рухани
салалардағы
ауқымды
жетістіктері
сипатталған [5].
Аграрлық әйел маман – кадрлардың жағдайы мен
олардың табыстары да сандық көрсеткіштерде нақты
сипатын тапты. А.Н. Алексеенко халық санын, Қазақстан
212
ауыл халқының ұлттық, әлеуметтік—таптық құрамын, ауыл
халқының білім деңгейінің өзгерістерін талдай отырып,
1959,
1970,
1979
жылдардағы Бүкілодақтық санақ
материалдары бойынша колхозшы-әйелдердің білім
деңгейлерін көрсеткен болса,
М.Н. Сдыков «Население
Западного Казахстана» атты еңбегінде 70-80 жылдары Батыс
Қазақстан
облысындағы
қоғамдық
топтардың
даму
жағдайын, соның ішінде колхозшы әйелдер санының даму
динамикасын
анықтаған
[6].
Жоғарыда аталған монографиялармен қатар,
қарастырылып отырылған мәселе шағын жинақтарда,
брошюраларда, баспасөз басылымдарында қамтылды. Атап
айтсақ, Г.М. Панковтың және оның В.И. Рубинмен бірлесіп
жариялаған еңбектерінде 1975, 1977, 1980-ші жылдардағы
социалистік жарыстарда жеңіске жеткен және Паша
Ангелина атындағы сыйлықтың иегерлері болған әйел -
тракторшылар, комбайыншылар туралы, олардың
қызметтерінде кездескен қиындықтар баяндалған [7].
1986 жылы жарық көрген Орал облысының
статистикалық
басқармасының
«Народное
хозяйство
Уральской области в цифрах» атты статистикалық
жинағында 1960, 1970, 1975, 1980-1985 жылдардағы халық
шаруашылығының
даму
барысын
сипаттайтын
статистикалық мәліметтер берілген. Соның ішінде осы
жылдардағы жоғары және арнайы орта білімі бар халық
шаруашылығында еңбек ететін әйел–мамандардың саны,
халық шаруашылығындағы жұмысшы және қызметкер-
әйелдердің жылдық орта саны, қызметтері бойынша
колхоздардағы басшы жұмысшы-әйелдердің саны, құрамы
сандық көрсеткіштермен берілген болса [8], 1968 жылы
жарық көрген «Жетінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы
Советінің депутаттары» атты жинақта 1967 жылғы
12 наурызда сайланған Орал облысындағы №392 Казталовка
сайлау округынан сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Советінің
депутаты, 1950 жылдан 1961 жылға дейін колхозшы болған
Ғұбашева Сәлима [9; 54 бет], Ақтөбе облысындағы
№84 Ленин сайлау округынан сайланған Қазақ КСР Жоғарғы
Советінің депутаты, 1954 жылдан бері Ленин ауданының
Чапаев атындағы колхозының сауыншысы болған Клименко
213
Лидия Дмитревна [9; 111 бет], Гурьев облысындағы №135
Теңіз сайлау округынан сайланған Қазақ КСР Жоғарғы
Советінің депутаты, 1959 жылдан бері Теңіз ауданының
Киров атындағы совхозының бақташысы болған Сабырова
Мәрияш және т.б. туралы мәліметтер берілген [9; 182 бет].
Ал, М.А. Абдулкадирова, М.Х. Абилова, Н.К. Крючкованың
бірлесіп шығарған құжаттар мен материалдар жинағында,
М.Бейсенованың, Т.М. Костыгова мен И.Я. Кошелеваның
зерттеулерінде еңбекші әйелдерді социалистік құрылысқа
тартылу жағдайы, осы тұрғыдағы Коммунистік партияның
басшылық ролі сипатталған [10].
Сонымен қатар қарастырып отырған мәселенің
қыр-сырын ашуда ғылыми құндылығы жоғары бірнеше
диссертациялар жарық көрді. Мәселен, Т.Жағалтаеваның,
К.Қайырбекованың, Р.К. Көмекованың, Н.Зикринованың
Коммунистік партияның әйелдерді социалистік құрылысқа,
колхоздық өндіріске, мәдени құрылысқа, қоғамдық өмірге
тартудағы партияның ролі көрсетілген ізденіс жұмыстарына
тоқталсақ, авторлар жүректілік танытып, бұл мәселе
бойынша партиялық ұйымдардың жұмысындағы кейбір
кемшіліктерді көрсеткен, бірақ, зерттеушілердің пікірінше,
олар жеке сипатта болған [11].
Келесі, Б.З. Жумабаевтың диссертациясы кәсіподақ
ұйымдарындағы еңбекші әйелдерді қоғамдық-шаруашылық
қызметтерге тарту мәселесін қарастырған [12]. Автор
еңбекшілердің
өмірлік
мүдделерін
қорғаудағы
кәсіподақтардың ролін, олардың сандық және сапалық
құрамын,
ауыл-село
еңбекшілерінің
өндірістік
белсенділіктерін арттырудағы қызметінің бір көрінісі -
социалистік жарыстарды өрістету деңгейін көрсете отырып,
Ақтөбе облысының «Жұрын» совхозындағы жылқышылар
бригадасын басқарған социалистік Еңбек Ері Балым
Бримованың социалистік жарыстардағы үлкен жетістігіне
тоқталған.
Ж.Ж.Жумабекова болса, өз диссертациясында Қазақстан
ауыл еңбеккерлерінің экономикалық және саяси –
ағартушылық білімі, олардың қоғамдық – саяси ұйымдар мен
өндірісті басқару қызметтеріне тартылу деңгейін сипаттай
отырып, ауыл шаруашылығы облысында алға тартылып
214
отырылған міндеттерді тез арада және тиімді шешу үшін
адами фактордың ролін көтеру, ауыл еңбеккерлерінің,
сонымен қатар әйелдердің де еңбек және қоғамдық – саяси
белсенділіктерін
арттыру
қажеттілігін,
сәйкесінше
қарастырылып отырған кезеңде коммунист - әйелдер, депутат
- әйелдердің басшы партиялық кеңестік органдардағы
санының артып отырғандығын көрсетсе, Х.Абжанов
Қазақстан ауылдық интеллигенция мамандарының өсуі және
оның кемелденген социализм кезеңіндегі экономиканың
аграрлық
секторын,
ауылдың
мәдени
құрылысын
дамытудағы ролін айқындай отырып, ауылшаруашылығын
көтерудегі колхоз – совхоз басшы мамандарының ролі, бірақ
белгілі деңгейде өсуін жағымды құбылыс деп баға берген [13].
Сонымен, 60-80 жылдардағы аграрлық саясат және оны
жүзеге асыруда ауыл-село әйелдерінің орнын көрсеткен
еңбектерге жасалған тарихнамалық талдау жасаудың ғылыми
құндылығы сонда, тәуелсіз мемлекетіміздің ауыл-село
тұрғындарының еңбек және әлеуметтік белсенділігін
арттыруда ұстанатын саясатын айқындап белгілеуге, өткен
ғасырдың тәжірибесімен сабақтастық орнатуға септігін
тигізер еді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Балакаев Т.Б. Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой
Отечественной войны 1941-1945 гг. – Алма-Ата: Наука, 1971.;
Майлыбаева Г. Женщины и общественное производство. Алма-Ата, 1975.
Тулепбаев Б.А. Социалистические аграрные преобразования в Средней
Азии и Казахстане. – М: Наука, 1984.
2.
Савосько В.К., Шамшатов И.Ш. Колхозное строительство в Казахстане
(1946-1970). А., 1974.; Шамшатов И.Ш. Колхозы Казахстана: развитие
общественного хозяйства и его социально-экономические результаты
(1946-1980). Алма-Ата, 1985.
3.
Ковальский С.А., Маданов Ж.М. Освоение целинных земель. А., 1983.;
Турсунбаев А.Б. Курсом интенсификации: аграрная политика КПСС в
Казахстане на этапе развитого социализма (1965-1982). Алма-Ата, 1985;
Карабаев
А.Ж.
Деятельность
Компартии
для
общественного
животноводства в период восьмой пятилетки. А., 1982.
4.
Рысбеков Т.З. Советы Казахстана (1938-1986 гг.) – Алма-Ата: Наука,
1988.
5.
Бримжаров Б.К. Социально-экономические развитие аулов и сел
Казахстана в 60-е – 80-е годы. (по материалам западных областей)-
Алматы. Гылым. 1996.
6.
Алексеенко А.Н. Сельское население Казахстана в условиях
совершенствования социализма (1959-85 гг.). Усть-Каменогорск, 1987.;
215
Сдыков М.Н. Население Западного Казахстана (1897-1989 гг.). А.,
«Ғылым», 1995.
7.
Панков Г.М., Рубин В.И. Женщины – механизаторы. – М.:
Россельхозиздат, 1979.; Панков Г.М. Женщины – механизаторы. – М.:
1982.; Панков Г.М. Женщины – механизаторы России. – М.:
Россельхозиздат, 1977.
8.
Статистическое управление Уральской области. Народное хозяйство
Уральской области в цифрах. Г. Уральск 1986 г.
9.
Жетінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Советінің депутаттары. –
Алма-Ата. 1968.
10.
Абдулкадирова М.А., Абилова М.Х., Крючкова Н.К. Женщины
Казахстана – активные строители социализма (1918-1945 гг.). Сборник
документов и материалов. – Алма – Ата.; Казахстан, 1981.; Бейсенова М.
Что дала советская власть женщине – казашке. – Алма – Ата: Казгосиздат,
1957.; Костыгова Т.М., Кошелева И.Я. Мы – женщины. – М.: Политиздат,
1989.
11.
Жагалтаева Т. Деятельность Компартии Казахстана по вовлечению
женщин в колхозные производство (1933-37). Автореф. канд. ист. наук.
Алма-Ата, 1979.; Каирбекова К. Участие женщин Казахстана в построении
социализма (1926-1937). Автореф. канд. ист. наук. Алма-Ата. 1977.;
Комекова Р. Деятельность Компартии Казахстана по вовлечению женщин
в культурное строительство (1946-1941). Автореф. канд. ист. наук. Алма-
Ата, 1973.; Зикринова Н. Деятельность Компартии Казахстана по идейно-
политическому воспитанию и повышению роли тружениц аула и села в
социалистическом строительстве (1946-1950). Автореф. канд. ист. наук.
Алма-Ата, 1976.
12.
Жумабаев Б.З. Участие профсоюзов Казахстана в хозяйственном и
социально – культурном развитии села (1976-85 гг.), Автореф. канд. ист.
наук. Алма-Ата, 1990.
13.
Жумабекова Ж.Ж. Участие сельских труженников Казахстана в
общественно – политической жизни (1976 – 1985 гг.). Дисс. канд. ист.
наук. Алма – Ата, 1990.; Абжанов Х. Рост кадров сельской интеллигенции
Казахстана и ее роль в условиях развитого социализма (1961 – 1980 гг.).
Дисс. канд. ист. наук. Алма – Ата, 1983.
* * *
На основе теоретических трудов и диссертации дается глубокий
анализ историческим трудам, в которых показаны роль женщин –
тружениц аулов и сел в развитии сельского хозяйства Западного
Казахстана в 1966 – 1985-ые годы.
* * *
On base theory of work and dissertation give deeper analysis of history
works, which show role women – toiler in villages and contries in development
agriculture of West Kazakhstan region in 1966-1985 years.
216
Достарыңызбен бөлісу: |