Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 4(32) шығарылым



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата21.01.2017
өлшемі1,83 Mb.
#2410
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

Список использованных источников 
1.  См:  Концепция  становления  исторического  сознания  в  Республике 
Казахстан.  //  Нац.  совет  по  гос.  политике  при  президенте  РК;  (Ред: 
Н.Оразбеков).  Алматы,  1995;  Назарбаев  Н.  В  потоке  истории.  Алматы, 
1999. 
2.  См.,  например:  Дахшлейгер  Г.Ф.  Турксиб  –  первенец  социалистической 
индустриализации.  Алма-Ата,  1953;  Нусупбеков  А.Н.  Объединение 
казахских  земель  в  Казахской  Советской  Социалистической  Республике. 
Алма-Ата, 1953; Дахшлейгер Г.Ф., Ахметов А., Кузьмин-Закс М., Рахимов 
А. Профсоюзы Советского Казахстана. М., 1961, Галузо П.Г. Социальные 
отношения  в  казахском  ауле  и  переселенческой  деревне  Казахстана  в 
начале ХХ века.//Казахстан в канун Октября. Алма-Ата, 1962; Сулейменов 
Р.Б.  Социалистический  путь  культурного  прогресса  отсталых  народов. 
Алма-Ата, 1967; Турсунбаев А.Б. Казахский аул в трех революциях. Алма-
Ата,1967;  Нурпеисов  К.Н.  Советы  Казахстана  в  борьбе  за  упрочение 
власти  рабочих  и  крестьян.  Алма-Ата,  1968;  Асылбеков  М.Х. 
Формирование  и  развитие  кадров  железнодорожников  Казахстана  (1917-
1970гг.).  Алма-Ата,  1973;  Джунусов  М.С.  Общественный  прогресс  и 
национальные 
отношения. 
Алма-Ата, 
1976; 
Тулепбаев 
Б.А. 
Социалистические  аграрные  пребразования  в  республиках  Средней  Азии 
Казахстана.  М.,  1984;  Нурпеисов  К.Н.  История  крестьянства  советского 
Казахстана.  Алма-Ата,  1987;  Новая  экономическая  политика  в  Средней 
Азии  Казахстане:  теория,  история,  суждения.  Ташкент,  1989;  Асылбеков 
М.Х.,    Галлиев  А.Б.  Социально-демографические  процессы  в  Казахстане 
(1917-1980  гг.).  Алма-Ата,  1991;  Бурабаев  М.С.  Общественная  мысль 
Казахстана в 1917-1940 гг. Алма-Ата, 1991 и др.   
3. Поляков Ю.А. Наше непредсказуемое прошлое. М., 1995. 
4. Там же. С.203. 
5.  Козыбаев  И.М.  Историография  Казахстана:  уроки  истории.  Алма-Ата, 
1990; Его же. Историческая наука Казахстана. (40-80гг. ХХ в.). Алма-Ата, 
1992;  Амрекулов  Н.,  Масанов  Н.  Казахстан  между  прошлым  и  будущим. 
Алматы,  1994;  Сидоров  А.  Индустриализация  степи  и  национальный 
вопрос:  Английская  историография  о  Казахстане  //  Мысль.  1995.  №  7; 
Галиев  А.А.,  Лаумулин  М.Т.,  Панфилов  А.В.  Казахстан  и  Центральная 
Азия  в  западных  стратегических  исследованиях  //  Науч.  тр.  “Әдiлет”. 
1998.  №  2  (4);  Историческая  наука  и  современность:  концептуальные 
проблемы 
методологии, 
историографии 
и 
источниковедения 
Отечественной  истории.  Алматы,  2001;  Казахстанская  цивилизация  в 
контексте  глобализации  и  поиска  путей  культурной  идентификации. 
Алматы,  2003;  Казахская  цивилизация  в  контексте  мирового 
исторического процесса.  Алматы, 2003 и др. 
6.  См.:  Абылхожин  Ж.Б.,  Козыбаев  М.К.,  Татимов  М.Б.  Демографическая 
катастрофа  //  Вопросы  истории.  1989.  №  7;  Козыбаев  М.К.  История  и 
современность. Алматы, 1991;  Абылхожин Ж.Б. Традиционная структура 
Казахстана:  Социально-экономические  аспекты  функционирования  и 
трансформации:  1920–1930  гг.  Алма-Ата,  1991;  Голод  в  казахской  степи. 
Алма-Ата,  1991;  История  Казахстана:  белые  пятна.  Алма-Ата,  1991; 
Гуревич  Л.Я.  Тоталитаризм  против  интеллигенции:  из  истории 
тоталитарного государства в отношении интеллигенции. Алма-Ата, 1992; 

 
172 
Козыбаев  М.К.,  Абылхожин  Ж.Б.,  Алдажуманов  К.С.  Коллективизация  в 
Казахстане: трагедия крестьянства. Алма-Ата, 1992; Культура кочевников 
на  рубеже  веков  (ХIX–XX,  XX–XXI  вв.):  проблемы  генезиса  и 
трансформации.  Алматы,  1995;  Масанов  Н.Э.  Кочевая  цивилизация 
казахов.  М..;  Алматы,  1995;  Бурханов  К.Н.  Эволюция  социально-
политической системы Казахстана в ХХ веке: Автореф. дисс. … д.полит.н. 
Алматы,  1997;  Депортированные  в  Казахстан  народы:  время  и  судьбы. 
Алматы,  1998;  Ескендиров  М.Г.  Силовая  модернизация  в  Восточном 
Казахстане  (1926-1939  гг.).  Семипалатинск,  2000;  Бисенбаев  А.К.  Другая 
Центральная  Азия.  Алматы,  2003;  Дадабаева  Г.  Советская  национальная 
политика:  инструмент  модернизации  (1920-е  годы)  //  Алаш.  2005.  №  2; 
Ғабжалилов Х. Аштық ақиқаты: тарихи шындық бұрмаланбауы тиіс // Там 
же. № 4; Его же.  1929-30 ж. халық наразылықтарының тəуелсіз Қазақстан 
тарихнамасында  зерттелуі  //  Там  же.  №  5,6,7;  Абылхожин  Ж.Б.  Очерки 
социально-экономической  истории  Казахстана.  XX  век.  Алматы,  1997; 
Чатыбекова  К.К.  История  профсоюзов  Казахстана  (конец  XIX  –  начало 
XXI вв.). Автореф. дисс. … докт. ист. наук. Алматы, 2007 и др. 
 7. См.: Siegelbaum, Lewis and  Andrei  Sokolov. Stalinism as a Way of Life:  A 
Narrative in Documents. New Haven and London: Yale University Press, 2000; 
Martin  T.  The  Afformative  Action  Empire.  Nations  and  Nationalism  in  the 
Soviet  Union,  1923-1939.  Ithaca  and  London,  2001;  Payne  M.  J.  Stalin’s 
Railroad.  Turksib  and  the  Building  of  Socialism.  Pittsburgh,  2001; 
Brandenberger  D.  National  Bolshevism:  Stalinist  Mass  Culture  and  the 
Formation  of  Modern  Russian  National  Identity,  1931-1956.  Cambridge,  MA, 
2002;  Советская  власть  -  народная  власть?  Очерки  истории  народного 
восприятия  советской  власти  в  СССР  /  Под  ред.  Т.  Вихавайнена.  Санкт-
Петербург, 2003; Российская многонациональная цивилизация. Единство и 
противоречия.  М.,  2003;  Alexopoulos  G.  Stalin's  Outcasts.  Aliens,  Citizens, 
and  the  Soviet  State,  1926-1936.  Ithaca  and  London,  2003;  Российская 
империя в сравнительной перспективе/ Под ред. А. И. Миллера. М., 2004; 
Чураков Д. Революция, государство, рабочий протест: формы, динамика и 
природа  массовых  выступлений  рабочих  в  Советской  России.  1917-1918 
годы.  М.,  2004;  Ротиер  П.  Легитимация  Ata  Meken:  как  казахская 
интеллигенция  пишет  историю  своей  родины  //  Аб  империо.  2004.  №  1; 
Казахстан и Россия: общества и государства. М., 2004; Hunter Sh.T. Islam 
in Russia: The Politics of Identity and Security. Armonk, NY, 2004; Россия и 
Казахстан: проблемы истории (XX – начало XXI вв.). М., 2006; Priestland 
D.  Bolshevism,  Stalinism,  and  Class  Struggle:  Ideas  and  Politics  in  the  Soviet 
Union 1917-1939. Oxford and New York, 2007; Empire, Islam, and Politics in 
Central 
Eurasia. 
Sapporo, 
2007; 
Ислам  от  Каспия  до  Урала: 
макрорегиональный  подход.  Sapporo,  2007;  Matsuzato  K.  (Ed.). 
Imperiology:  From  Empirical  Knowledge  to  Discussing  the  Russian  Empire. 
Sapporo, 2007; Левин М. Советский век. М., 2008 и др. 
8.  См.,  например:  Булдаков  В.П.  Красная  смута.  Природа  и  последствия 
революционного  насилия.  М.,  1997;  Багдасарян  В.Э.  Традиционализм  и 
цивилизационная идентичность России. М., 2006. 
9.  См.:  Суни  Р.  Социализм,  постсоциализм  и  нормативная  модерность: 
Размышления об истории СССР – 1// Ab imperio. № 2/2002.  
10. Там же. 

 
173 
ӘОЖ 821 
 
Дастан Сәтбай 
Тарих ғылымдарының кандидаты,  
Қорқыт ата атындағы Қызылорда  
мемлекеттік университетінің доценті, Қызылорда қ. 
 
О.СҮЛЕЙМЕНОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
КӨРКЕМДІК МӘДЕНИЕТІ 
 
О.Сүлейменовтың  Қазақстанның  көркемдік  мәдениетін 
дамыту  бағытындағы  қызметінің  құрамдас  бөлімдерін  – 
ақындығы, ғылыми шығармашылығы, қазақ киносы мен цирк 
өнері  саласындағы  жемісті  еңбектерімен  қатар  қазақ 
әдебиетінің  тарихына,  қазақ  поэзиясындағы  жаңашылдық 
дәстүрлеріне,  әдеби  сынына  қатысты  зерттеу  жұмыстары 
құрайды.  Әсіресе,  ақынның  1963  ж.  «Жұлдыз»  журналында 
жарияланған  «Қаһарманым  хақында»  мақаласының,  1972  ж. 
қаңтар 
айында 
Қазақстан 
Жазушылары 
Одағының 
пленумында,  1978  ж.  Азия  –  Африка  жазушыларының 
Ташкент  конференциясында  және  Ільяс  Жансүгіровтің            
80-жылдығына  орай  жасаған  баяндамалары  мен  сөйлеген 
сөздерінің орны айрықша. 
«Қазақ әдебиетінің тарихы мынадай қарапайым схемаға 
сыйған  болар  еді,  -  дейді  О.Сүлейменов.  –  Орта  ғасырлар 
сазды,  әуезді  өлеңдердің  нағыз  гүлденген  кезеңі.  Адам  – 
тыңдаушы болды. Эпос кең құлаш жайып, әдеби құралдары 
таңдау  еркіндігі  болды,  өйткені  басқа  жанрлар  болған  жоқ. 
Ежелгі  поэмалардың  көлемі  ондаған,  жүздеген  мың  өлең 
жолдарын құрады.  Азиялық  гекзаметрлердің еркін құйылуы, 
өлеңнің  жоғарғы  айдынына  таңғажайып  байлықтарды 
шығарып, 
кейіннен 
олар 
әдемілік-көркемдік 
және 
психологизм   деп  аталды. Поэзия  әмбебап  жанр болды. Ол 
болашақ  жанрлардың барлығын жырға біріктірді.  Кейіннен 
көшпенділерде  жазба  әдебиеті  пайда  болып  мұраны  бөлісу 
басталды.    Эпостан  проза  бөлініп  шығып  өзімен  бірге 

 
174 
көркемдік  құралдардың    үлкен  бөлігін  ала  кетті:  суреттеу 
әдістері,  сюжеттілік,  қарқын  ырғақтары  және  т.б.  Осы 
уақыттың  ішінде  көшпенді  тыңдаушыдан  –  оқырман 
мәдениетіне  дейін  орасан  зор  жолдан  өтті.  Бұл  ақындарды 
өздерінің  арсеналдарын  қайта  қарауға  мәжбүрлеуі  тиіс  еді» 
\1\. О.Сүлейменов қазақ поэзиясының ХІХ ғасырдағы тарихи 
тағдырына  қатысты  әдебиет  мамандары  байқай  алмай 
отырған мәселелерді қозғап отыр. Оның ойынша, жаңа қазақ 
өлеңдерінің  басты  кемшілігі  жазба  әдебиеті  жағдайында 
қазақ өлеңі фольклорлық  элементтерден арыла алмауда. 
«Фольклор  дәуірінде  қазақ  тыңдаушы  тұғын,  қазіргі 
заманның  жарты  ғасырында  ол  Оқырманға  айналды. 
Мәдени  революцияның  нәтижелері  ұлттың    рухани  өмірінің  
барлық    салаларында  білінді,  өлеңнің  тағдырына  да  әсер 
еткені  күмәнсіз. Ол қалың Тыңдаушысынан айырылды және 
әзірге  қалың  оқырман  қауымына  ие  бола  алмай  отыр. 
Неліктен?  Меніңше,  қағазға  түскеннен  кейін  де  өлең  ауыз 
әдебиетінің  формаларын  сақтап  қалды  да  жазба  өлеңнің 
белгілерін  ала  алмады.  «Жазба  өлең»  эпитетінің  мазмұны 
қандай?...  Өлең,  жазба  әлі  болмаған  шығармашылық 
дәуірінде  пайда  болды.  Дәл  құрастырылған,  қайталана 
үндендірілген  сөздер  жеңіл  есте  сақталынды  және 
орындалды.  Сазды  үн  оңай  меңгерілді.  Есту  жадының  бұл 
қасиеті  мыңдаған  жылдар  бойы  өзгермеді.  Есте  сақталатын 
өлеңдер ғана ұлы жыр жолдары болды»\2\.  
Шынында  да  қырғыз  манасшылары  мен  қазақ  жыршы, 
жыраулары ондаған мың өлең жолдарын есте сақтады. Мұнда 
өлеңнің мөлшері мен ырғағы таза техникалық роль атқарады. 
Эпостарда ырғақты (ритмді) суреттер, бір қалыпты бір тегіс, 
қарапайым  да  тұрақты.  Оған  дербес  мән  берілмейді.  Дыбыс 
жазу  туралы  (фонетикалық  метафора,  шығармашылықты 
музыкалық  контекст)  әңгіменің  болуы  мүмкін  емес. 
«Жазбаның шығуы көркем сөздің жаңа жанрларының тууына 
алып  келді.  Есте  сақтау  функциясын  қағаз  немесе  басқа 
жазба  материалдары  өзіне  алды.  Эпос  бірте-бірте  ауызша 
өлеңнің ендігі жерде міндетті емес канондық шеңберлерінен 

 
175 
шыға бастады» - \3\ дейді О.Сүлейменов. Ақынның ойынша, 
эпостық өлең басты сыртқы көрсеткіші – бірсарындылықтан 
айырылғанымен,  өтпелі  кезеңде  жаңадан  қалыптасып  келе 
жатқан 
проза 
ауызша 
эпостың 
заңдары 
бойынша 
қалыптасады.  Жаңа  әдеби  форманы  сезіну  оңайға  түспейді. 
Форманы  сезіну  –  дамыған  жазба  әдебиетіне  тән  құбылыс. 
Жазба  әдеби  дәстүрі,  әсіресе,  енді  қалыптасып  келе  жатқан 
жазба қазақ поэзиясы үшін бұл өте күрделі еді. Жазба қазақ 
өлеңі  қалыптасуының  күрделілігін  кейбір  әдебиеттанушы 
ғалымдар  түркі  өлеңі  құрылысының  теориясынан  көрді. 
Қазақ  әдебиетін  зерттеуге  көп  үлес  қосқан  З.С.Кедрина,         
30-жылдардағы  кейбір  қазақ ақындарының В.Маяковскийдің 
поэзиядағы  жаңашылдығын  қабылдаудағы  сәтсіздіктерін 
орыс  және  қазақ  өлең  құрылыстары  жүйесінің 
айырылмашылықтарынан көрсе, түркі өлеңдері теориясының 
белгілі  маманы  М.Хамраев,  В.Маяковскийдің  тоникалық 
өлеңдері түркі силлабикалық өлеңдерінің құрылысына ықпал 
ете  алмайды  деп  есептейді  \4\.  Сөйтіп  түркі  (қазақ) 
өлеңдерінің 
бір 
сарындылығы 
теориялық 
тұрғыда 
заңдастырылды.  Жаңа  поэтикалық  үлгілерді  қабылдаудағы 
қиыншылықтар лингвистикалық себептермен түсіндірілді. 
«Ешқандай  тіл  бір  поэзияға  екінші  бір  поэзия  үшін 
басымдықтар  бермейді,  –  дейді  О.Сүлейменов.  –  Біз  қазақ 
сөзінің бай мүмкіндіктерін әлі жүзеге асыра алғанымыз жоқ. 
Абай  Маяковскийден  тәуелсіз  ХІХ  ғасырдың  соңында-ақ, 
тіркестегі буындардың сан жағынан теңсіздігіне, яғни дұрыс 
емес  мөлшерге  негізделген  өлең  шумақтарының  «сатылы» 
композициясының  үлгілерін  берді.  Ол  бірнеше  жаңа 
шумақтар  мен  ұйқастыру  принциптерін  енгізді.  Теоретиктер 
бұлжымастығын  негіздегенге  дейін-ақ,  Абай  дәстүрлер  мен 
силлабикалық 
өлеңдерді 
бұзған 
болатын» 
\5\.  
О.Сүлейменовтің    ойынша  Абайдан  кейін  ұлттық  поэзияда 
өлеңнің  нағыз  реформаторы  болған  жоқ.  Басты  кемшілік 
бейнелеу  құралдарының  мүлтіксіз  пайдаланылмайтынында, 
атап  айтқанда  қазақ  өлеңдері  әлі  күнге  дейін  фольклорлық 

 
176 
нормаларға  толы.  Ақынның  пайымынша  бұл  кемшіліктерді 
жоюда И.Жансүгіров 30-жылдары көп еңбек сіңірген. 
Қазақстандағы  тарихи-мәдени  процестердің  теориясы 
үшін  сабақтастық  мәселесі  қашанда  өзекті.  Осы  орайда 
О.Сүлейменовтің 1974 жылы І.Жансүгіровтің 80-жылдығына 
арналған баяндамасының орны ерекше. Бұл ақынның заманы 
мен  ақындық  әлеміне  және  жалпы  қазақ  өлеңінің  тарихи 
әлеміне  кәсіптік  тереңдікпен  бойлаудың  үлгісі. 
Әдебиетшілердің  өзі  де  И.Жансүгіровтің  қазақ  поэзиясына 
тұңғыш  рет  енгізген  жаңалықтарына  лайықты  ден  қойған 
жоқтын.  Бұл  –  еңбек  тақырыбы.  «Шындыққа  көз  жүгіртіп 
бажалайық, - дейді О.Сүлейменов. – Фольклор өз жанрының 
сан  алуандығына  қарамастан  (эпос,  жырлар,  ертегілер, 
мақалдар)  бұл  тақырыпты  қозғамады  десе  де  болады.  Бұл 
қазақ  ауыз  әдебиетіне  тән  ғана  құбылыс  емес.  Әлемдік 
фольклор үшін әмбебап құбылыс деп атауға болар еді. Жазба 
тарих  үшінде  солай.  Соғыс,  Дін,  Саясат  –  ежелгі 
замандардан  келе  жатқан  тарихнаманың  үш  киті  осылар. 
Қолында  қылышы  бар  адамның  мыңдаған  ретжырланғанымен, 
жылнамалардың  бірде  бірінен  соқа  ұстаған  бейбіт  еңбектің 
Адамына  арналған  көріністерді  кездестірмейміз»  \6\. 
О.Сүлейменов,  І.Жансүгіров  өлеңдерінің  өзіндік 
ерекшеліктеріне  тоқтала  келіп  жаңашылдық  элементтерді 
нақты көрсетеді: «Ол өзінің ақындық бағдарламасын жасады. 
Бағдарлама  көп  жағдайларда  малшы  қоғамның  дәстүрлі 
мәдениетінен ерекшеленді. Ол өлеңдерімен жерге деген жаңа 
қатынастарды  орнықтырды.  Бұл  оның  сұлулықтарын  жәй 
ғана  жырлау  емес,  бұл  жерінің  дәмін  татып,  аймалап, 
анасындай сүйетін нағыз егіншінің өлеңдері. Ол оқырманына 
жерге деген сезімдік қатынасты егеді. Ол үшін жер ең бірінші 
кезекте  егістік  алқабы»  \7\.  І.Жансүгіров,  қазақ  поэзиясында 
тұңғыш  жырланған  –  индустрияландыру,  Ресей 
тақырыптарын да ең алғаш игергендердің бірі болды. 
60-70  жылдарда  да  Қазақстан  мен  Одақ  көлемінде 
өлеңнің  жаңа  формалары  төңірегіндегі  қызу  пікірталастар 
толассыз  жүріп  жатты.  Алайда  әдебиет  пен  басқа  да 

 
177 
көркемдік  мәдениет  салаларындағы  мырттай  жаңашылдық, 
ал  шын  мәнісінде  формалистік  элементтерді  аңдау  оңай 
еместін. Байқағаныңмен оны атап көрсету үлкен батылдықты 
қажет  ететін.  Осы  орайда  О.Сүлейменов:  «Өлеңдерді 
жасайтын  лексикалық  образдар  емес,  моральдық  бейнең. 
Техникалық тәсілдерді үйренуге болады, өлеңдердің әдістері 
жалпыға белгілі, азды-көпті сөзді сезінетін адам әдеби тілмен 
жаза  алады.  Бірақ  бүгінгі  ақиқат  нәрсе  мынау:  талант 
дегеніміз – ең бірінші кезекте жеке тақырыбыңның болуы. Ол 
жоқ болса, ақын да жоқ. Форма оның көрінуіне ғана септігін 
тигізеді...  Әркімнің  жеке  сезімі  –  қоғамдық  бола  бермейді. 
Бұл мен үшін жағымсыз формализм үлгілерінің бірі. Айтары 
бар адаммен сөйлесу қиынға түседі, бірақ олар қалай жеткізу 
керек  екендігі  төңірегінде  ойланғысы  келмейді.  Бұл  да 
формализм» - \8\ деп атап көрсетеді. 
Шынында  да  60-жылдары  қазақ  романдары  барлық 
жағынан  нығая  түскенімен  қазақ  өлеңі  фольклордың 
дәстүрлерінен  ұзай  қоймаған-ды.  Қазақ  поэзиясы  ғана  емес, 
Одақтық  поэзияда да қазіргі заман тақырыбында ұзақ-сонар 
шығарма  жазуға  деген  ықылас  үлкентін.  Көптеген 
ақындардың  поэмалары  прозаның  әдістерін  қолданғандықтан 
шұбалаңқылыққа 
ұрынатын. 
«Қазіргі 
кейбір 
қазақ 
поэмаларының  биографиялық  очерктерден  айырмашылығы 
неде?  Өлең  мөлшері  мен  ырғағында  ғана,  -  дейді 
О.Сүлейменов.  –  Бұл  жәй  ғана  мысал  емес,  бұл  қазіргі 
өлеңнің  формальды  міндеттерін  түсінбеуден  туындаған 
құбылыс.  Өмірдің  өзі  форманың  жаңа  шекараларын 
айқындауда,  біз  оны  сезінбеудеміз...»  \9\.  Осы  тұрғыдан 
алғанда  кейбір  ақындардың  осы  заманғы  шұбалыңқы 
эпостық  туындылар  жасауға  деген  талпынысы  өзін-өзі 
ақтамайтын еді. О.Сүлейменовтің берер кеңесі - әрбір ақын 
өзіндегі  жанр  сезімін  дамытуы  керек.  Өлеңнің  формасы 
туралы пікірталас, кейде және көп жағдайларда оның сыртқы 
элементтеріне  келіп  саятын.  Тіпті,  өлеңнің  көне  сыртқы 
пішінін  жасанды  түрде  бұзуға  деген  талпыныстар 
жасалынды.  Бірақ  О.Сүлейменов  барлық  ескіні  қалай  болса 

 
178 
солай  лақтырып  тастауға  да  қарсы.  «Ескінің  барлығы  – 
тозғандық  емес.  Достоевский  мен  Толстой  француз 
романдарының  сыртқы  формасын  пайдаланғанымен,  олар 
орыс  прозасының  нағыз  жаңашылдары  болды,                 
ХХ  ғасырдағы  әлемдік  әдебиетке,  оның  ішінде  француз 
әдебиетіне  де  ықпал  етті.  Форманы  өзгертетін,  тек 
мазмұнның  өзі»  \10\.    Ақынның  ойынша, шығармашылықты 
тұлғаның  жеке  материалдары  мен  тәжірибесінің  құдыретті 
күші ғана сыртқы пішін – форманы өзгертуге қабілетті. Әрбір 
суреткер  өзінің  ойын  толығырақ  жеткізу  үшін  өз  формасын 
іздеп  табуы  тиіс.  Егер  жеке  жинақталған  материалдарға  бұл 
қажет  болса,  ол  дәстүрлі  форманы  бұзады  және  оны 
жаңалық–жасампаздық деуге болар еді. 
Қазақ 
өлеңінің 
теориялық 
мәселелерімен 
қатар 
О.Сүлейменов,  күнделікті  практикада  орын  алып  отырған 
жағымсыз  жағдаяттарға  да  тоқталды.  Журнал,  газет 
редакциялары 
Отан, 
партия, 
комсомол 
патриотизм 
тақырыптарындағы  әлсіз  өлеңдерге  толған.  Әлсіз  өлеңді  – 
тақырып  алып  шығады.  Тақырыптық,  бірақ  әлсіз  өлеңдер 
көптеген  адамдар  үшін  Жазушылар  Одағына  мүшелікке  жол 
ашты.  Ал  редакторлар  болса  поэзияға  журналистиканың 
қосымшасы ретінде қарады... 
О.Сүлейменовтің  қазақ  әдебиетіндегі  Сын  жанрына 
қатысты  ой-толғамдары  да  өзекті.  Қазақ  әдеби  сынының 
басында  Ш.Уалиханов,  Абай  Құнанбаев  тұрғанын 
мақтанышпен  айта  келе,  бұл  дәстүрді  онан  әрі  дамытуда 
С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров,  Б.Майлин,  М.Әуезовтің  көп 
еңбек 
сіңіргенін, 
өз 
шама-шарқынша 
Ғ.Мүсірепов, 
Ғ.Мұстафин,  С.Мұқановтың  қомақты  еңбек  еткенін  атап 
көрсетеді. Дегенмен ақынның пайымынша қазақ сыны жалпы 
қазақ әдебиетінің дамуынан едәуір кенже қалып отыр. «Оның 
әдеби  және  жалпы  мәдени  процестерді  жеткілікті  дәрежеде 
басқаруға  дәрменсіздігі  байқалды»  \11\.  О.Сүлейменовтің 
шамына  айрықша  тиетіні  орталық  басылымдардағы 
әдебиеттің  теориясы  мен  сынына  қатысты  мақалалардың, 
диспуттар,  дөңгелек  үстелдар  жиілігімен  Қазақстандағы 

 
179 
аталған  іс-шараларды  өткізу  жиілігінің  салыстыруға  мүлдем 
келмейтіндігі.  Шыққан  мақалалардың  саны  аз  сапасы  да 
төмен.  Немқұрайлылық,  көңіл  жықпастық  басым.  Қажетті 
жағын алуда да үстірттік үстем. «Жас қазақ сыны үшін Орыс 
әдебиеті  үлгі.  Бірақ  шығармашылық  оқу  мен  елгезек 
шәкірттіктің арасында принциптік айырылмашылық бар ғой. 
Біздікілер 
40-жылдар 
үлгісіндегі 
рецензиялар 
мен 
шолулардың  сыртқы  схемасы  мен  ішкі  механизмдерін 
көшіріп  алып,  оны  кеңінен  меңгеріп  алғанда,  әрі  қарай 
жылжымайды.  Белинскийдің,  Писаревтің,  Луначарскийдің 
тәжірибелері  мен  60-жылдардағы  (ХХ  ғ.)  орыс  сынының  ең 
жаңа  формальды  тенденциялары  бұл  композицияның 
сыртында  қалып  қойған.  Барлық  атрибуттар,  тұжырымдама, 
терминдерге  дейін  орыс  сынының  арсеналынан  алынып, 
жергілікті жағдайлар ескертілмей және сын көзімен қаралмай 
қазақ топырағына көшіріле салынған» \12\. 
Мысалы,  өткен  ғасырдың  60-жылдарының  соңын  ала 
орыс сынында «деревня әдебиеті» термині пайда болған еді. 
Бұл соғыстан кейінгі кезеңдегі орыс деревнясының аянышты 
халінен  туындады.  Алайда,  орыс  әдебиеті  үшін  өзекті 
тақырып  қазақ  әдебиеті  үшін  көкейтесті  бола  алмайтын. 
Соған  қарамастан  қазақ  әдебиетшілері  мен  сыншылары 
осыған  ұқсас  «ауыл  өмірі»  тақырыбын  іліп  ала  жөнелді.           
1972  ж  қаңтарында  Қазақстан  Жазушылар  Одағының 
пленумында  О.Сүлейменов  бұған  қарсылық  білдіріп  «Қазақ 
халқының  75  пайызы  ауылдарда  тұрады.  Қазақ  жастарын 
керісінше  республиканың  фабрикалары,  зауыттары  мен 
құрылыстарына,  қалалардағы  жұмысшы  табының  қатарын 
толтыруға шақырған дұрыс болар еді» \13\ дейді. 
Қазақ  сыны  кенжелеуінің  объективтік  –  тұрмыстық 
себептерінде 
О.Сүлейменов 
дәл 
бажайлайды.  Қазақ 
жағдайында  ең  ауыр  моральдық  климат  сыншылар 
төңірегінде  қалыптасты.  «Сынды  өзінің  кәсібі  еткен  адам 
бәріне де дайын болу керек. Оның үстіне онымен достары да 
амандасуды  қояды.  Редакторлар  да  одан  қашады,  ол  бір 
қалада  өмір  бойы  қоян-қолтық  жүретін  адамдарымен  де 

 
180 
қарым-қатынасын  үзіп  алуы  мүмкін.  Бұл  қатынас  балалар 
мен  немерелерге  де  тарайды.  Мұндай  жағдайда  нағыз  болса 
отбасы, бала-шағасы бар. Оның үстіне «жариялатқан» күннің 
өзінде  рецензия  үшін  тиын-тебен  ғана  төленеді  деп 
ойлайды»  \14\.  Сондықтан  қазақ  сыншыларының 
барлығы дерлік тынышта мамыражай әдебиеттану ғылымына 
көшті. Жылына 3-4 беттен тұратын жоспарлы бір мақала ғана 
жазып  ғылыми  атағын  өсірді,  сөйтіп  ақшаға  да  кенеліп 
отырды.  Осылайша  қазақ  әдебиетінің  беделі  үшін  күресуге 
тиісті сыншылар арасында кеселді практика қалыптасты. 
О.Сүлейменов  сыншылардың  байсалды  назар  аударуға 
тиісті  оқырмандардың  талап-тілегі  мәселесінде  жоғарғы 
деңгейде 
қояды. 
«Ғылыми 
техникалық 
революция 
Қазақстанда  оқырманның  мүлде  жаңа  типін  –  қос  тілді 
оқырманды  тудырды.  Оның  кітап  картотекасы  кең.  Онда 
әлемнің,  барлық  дәуірлер  мен  халықтардың  әдеби 
туындылары  бар.  Ол  қазіргі  табиғат  пен  қоғам  туралы 
ғылымдардан  әбден  тіс  қаққан  әккі.  Ол  біздің  алдымызға 
әдеттен  тыс  проблемаларды:  -  өзінің  білімі  мен  мәдени 
деңгейі  жағынан  кейбір  жазушылардан  анағұрлым  жоғары 
тұрған  оқырманның  ойы  мен  сезімін  қайрау  міндетін  қойып 
отыр. Ендігі жазушылық  міндет  былайша  тұжырымдалады:  өз 
оқырманыңнан  кейін  қалмау.  Оның  сұраныстары  мен 
талаптарын  түсінуге  тырысу.  Қазақ  оқырманы  сергек, 
талапшыл  да  әрі  қамқор»  \15\.    Ғылыми  техникалық 
революция  (ҒТР)  жағдайында  «энциклопедиялық  білім  иесі 
ақында типін жандандыру керек» \16\. 
О.Сүлейменов  ҒТР  жағдайындағы  әдебиет  мәселелерін 
халықаралық  деңгейде  талқылауға  белсенді  қатысып  дүние 
жүзілік  әдеби  тенденцияларды  айқындауға  да  өз  үлесін 
қосты.  1977  ж.  француз  жазушылары  ассоциациясының 
Парижде  ұйымдастырылған  «Техника,  прогресс  және 
әдебиет»  коллоквиумына  қатысып  Бұқаралық  ақпарат 
құралдарының  интеллектуалдық  өнерге  –  оң  және  теріс  – 
ықпалы  хақында  іргетасты  тұжырымдамаларын  ұсынды. 
Оның 
ойынша 
дүние 
жүзінде 
бұқаралық 
ақпарат 

 
181 
құралдарының 
ықпалымен 
Ұлы 
Оқырмандар 
– 
көрермендерге айналып бара жатыр. Бұл апатты тенденция. 
Көрермендер-оқырмандардың есебінен өсуде. Мәдениет өзін 
жегідей жейтін Тажалды (экран мәдениетін) тудырады. «Кез 
келген  елдің  шығармашылық  потенциясы  экономикалық 
көрсеткіштермен ғана өлшенбей, кітап өнімдерінің саны мен 
сапасы  жайлы  да  ол  туралы  пікір  білдіруге  болады.  Ең 
бірінші кезекте көркем әдебиет жайлы. Бұдан былай мұндай 
өзара  тәуелдік  айшықтала  түспек.  Шекспирді  тудырмаған 
мәдениет те, Ньютон да пайда болмайды» \17\. 
1978  жылы  Азия  –  Африка  жазушылырының  Ташкент 
симпозиумында  ақын  аталған  құрлық  өкілдерін  әлемдік 
әдебиетте бар құбылыс – бейімделген әдебиет көріністерінен 
сақтандырды.  Орыс  әдебиетінде  Пушкин  мен  Толстойдан 
бастау  алатын  қарапайым  халықтың  түсінуіне  оңай  әдеби 
бейімделген  туындылар  жасалынды.  \18\    1930  жылдары 
кейбір  қазақ  жазушылары  да  шала  сауатты  халыққа 
бейімделген  шығармалар  жазды.  Нәтиже  бірдей.  Ақырғы 
соңында  «арнайы»  жазылған  еңбектер  уақыттың  өтуімен 
оқырмандардың  талап-тілегінен  қалып  қойды.  «Әдебиет  – 
ұлттық  мәдениеттің  ең  мәнерлі  моделі.  Ең  ізгі  ниетпен  күй 
талғамайтын  жұмсақ  оқырманға  бағдарланғанның    өзінде 
оны  қолдан  жасау  халық  үшін  тиімді  емес.  Өйткені 
жеңілдетілген  әдебиет  шындықты  бейнелей  алмайды,  ол 
тұрпайы  шындықты  бейнелейді...  Біздің  ішкі  тұтынуға 
немесе  экспорт  үшін  шығаруға  уақытымыз  жоқ.  Біздің 
жеңілдетілген  әдебиетке  уақытымыз  жоқ.  Біз  айрықша 
уақытта  өмір  сүріп  жатырмыз»,  \19\  -  дейді  О.Сүлейменов. 
Сондықтан  Азия  –  Африка  елдерінің  жас  жазушылары  оны 
қайталамауы тиіс... 
Түйіндей  келгенде  О.Сүлейменовтің  қазақ  әдебиетінің 
тарихына,  жаңашылдық  дәстүрлеріне,  әдеби  сынына, 
мәдениетіне  қатысты  іргетасты  тұжырымдамалары  әлемдік 
әдеби  тенденцияларымен  ұштастырылғандықтан  өзектілігін 
жоймақ емес.     
 

 
182 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1.
 
Сулейменов  О..  Ты  –  мой  герой  (В  нашем  городе  началась  борьба  с 
формализмом). Сулейменов О.. псс. А., 2004 г. т. 6. с. 9-10.  
2.
 
Сулейменов  О..  Портить  отноешния  (Доклад  на  пленуме  правления 
Союза писателей Казахстана). О.Сулейменов. псс. А., 2004 г. т. 6. с. 52. 
3.
 
Сонда 53-бет. 
4.
 
Кедрина З.С.. Живые корни... Ее же. Из живого источника. М., 1960 г. 
170.  Ее  же.  На  языке  дружбы.  М.,  1984  г.  М.Хамраев.  Основы 
тюркского стихосложения. А., 1963 г. с. 131. 
5.
 
Сулеймнов  О.  Портить  отношения  (Доклад  на  пленуме  правления 
Союза Писателей Казахстана). О.Сулейменов. псс. А., 2004 г. т. 6. с. 55. 
6.
 
Сулейменов  О..  Новаторство  –  основополагающий  принцип  казахской 
поэзии 30-х годов. псс. А., 2004 г. т. 6. с.167. 
7.
 
Сонда 171 бет. 
8.
 
Сулейменов  О.  Ты  –  мой  герой  (В  нашем  городе  началась  борьба  с 
формализмом). О.Сулейменов. псс. А., 2004 г. т. 6. с. 8-9. 
9.
 
Сонда 11 бет. 
10.
 
Сонда 12 бет. 
11.
 
О.Сулейменов. Портить отношения... т.6. с.43. 
12.
 
Сонда 12 бет. 
13.
 
Сонда 46-47 беттер. 
14.
 
Сонда 49 бет. 
15.
 
Сонда 56 бет. 
16.
 
Сулейменов О. Прежде всего быть личностью. псс. А., 2004 г. т.6. с.74. 
17.
 
Сулейменов  О.  К  взаимозависимости.  Доклад  на  Ташкентском 
симпозиуме писателей стран Азии и Африки. псс. А., 2004 г. т.6. с.160. 
18.
 
Сулейменов О. Мы приходим чтобы действовать. Литературная газета. 
02.09.1981. 
19.
 
Сулейменов О. К взаимозависимости. псс. А., 2004 г. т.6. с.163. 
 
* * * 
В  статье  рассматривается  вклад  О.Сулейменова  -  поэта,  ученого  и 
общественного  деятеля  РК  в  развитие  художественной  культуры 
республики.  Отмечается,  что  взгляды  О.Сулейменова  на  историю 
казахской  литературы,  вопросы  литературной  критики,  проблемы 
новаторства в казахской поэзии актуальны и сегодня. 
 
* * * 
The  article  is  about  the  contribution  to  the  Republic’s  literary  culture  of 
O.Suleimenov  –  a  poet,  a  scientist  and  a  public  man  of  the  Republic  of 
Kazashstan. 
O.Suleimenov’s  views  on  the  history  of  the  Kazakh  literature,  ifemo  of  the 
literary witics, problems of innovatory in the Kazakh poetry are still actual. 
 

 
183 
ӘОЖ 894.342 
 
Г. Қайырғалиева 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау  
мемлекеттік университетінің доценті, Атырау қ. 
 
БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЗАҚ 
ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОРНЫ  
 
Қазақ халқы азаттық жолында өмірін паш еткен ардақты 
ұлдарын  әрдайым  ұлықтап  келген.  Қазақтың  батырлар 
жырлары жас ұрпақты ерлік жолында тәрбиелеудің аса тиімді 
құралдарының  бірі  болатын.  Әрбір  қазақ  баласы  жөргегінен 
«Алпамыс  батыр»  мен  «Қобыланды  батыр»  жырларын 
немесе  «Ер  Төстік»  ертегісін  тыңдап  өсетін.  Бүгінгі  таңда 
қазақ  қоғамында  үлкен  рөл  атқарған  батырлардың  жеке 
әлеуметтік  топ  ретінде  қалыптасуы  мен  дамуы  және  оның 
әлеуметтік институт ретінде жойылуы мәселелерін зерттеудің 
маңызы  жоғары.  Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  батырлардың 
өмір  жолы  мен  қызметін  зерттеу  тек  қана  жас  ұрпақты 
тәрбиелеуде  ғана  емес,  дәстүрлі  қазақ  қоғамының 
ерекшеліктерін  зерттеу  үшін  де  маңызды  болып  табылады. 
«Батыр»    атауы  көптеген  еуразиялық  көшпелі  халықтарда 
кездеседі. Терминнің алғаш пайда болуын зерттеушілер ерте 
орта  ғасырларда  пайда  болды  деп  есептейді.  Бұл  кезеңде 
«батыр»  термині  әлеуметтік  мәнге  ие  болмағанмен  жеке 
тұлғалық  ерекшеліктерді  сипаттайтын  термин  ретінде 
қоғамда  қолданысқа  ие  болды.  Батырлар  башқұрттар, 
қырғыздар  мен  монғолдар  сияқты  еуразиялық  көшпелі 
халықтар арасында кездесе отырып, тек қазақ қоғамында ғана 
ерекше  әлеуметтік  мәнге  ие  болды.  Оған  Қазақстан 
территориясының  Еуропа  мен  Азияның,  яғни  батыс  пен 
шығыстың 
(отырықшы 
және 
көшпелі 
өркениеттер 
арасындағы)  ортасындағы  геосаяси  орналасуы  да  әсер  етті. 
Түркі халықтары арқылы «батыр» атауы славян халықтарына 
тараған  деп  есептеуге  болады.  Оған  дәлел  шығыс 
славяндардағы (орыс, белорусь, украин) «богатырь» (багатур) 
сөзі.  XVI  ғасырда  Московия  жеріне  елшілікке  келген 

 
184 
австриялық дипломат,  тарихшы, барон Сигизмунд (Зигмунд) 
фон  Герберштейн  (неміс  тілінде  Siegmund  Freiherr  von 
Herberstein,  23.08.1486-28.03.1566)  «батыр»  сөзінің  ержүрек 
адам ретіндегі сипаттамасын алғаш орыстардан естіп, біледі.  
Башқұрт  халқындағы  батырлар  институты  мен 
батырлардың  қоғамдағы  орнына  қатысты  зерттеулерде 
батырларды  үш  топқа  бөліп  қарастырады:  мифтік-аңыздық, 
жауынгер-батыр  және  ел  ішіндегі  әлеуметтік  шиеленістік 
жағдайларда  халық  қамы  үшін  қол  бастаған,  азаттық  үшін 
күрескен  батырлар.  Батырларды  осындай  категорияларға 
бөлу  қазақ  тарихына  да  сәйкес  келеді.  Бұл  жерде  эпостық 
жырлардың  кейіпкерлері  Алпамыс,  Қобыланды  батырлар, 
жекелеген  шайқастарда,  азаттық  соғыстарында  әскери 
жасақтар  құрамында  ерлігімен  көзге  түскен  батырлар 
Малайсары,  Саурық    және  қазақ  халқының  ұлт-азаттық 
көтерілістерінің  басшылары  Сырым,  Махамбет,  Исатай, 
Жоламан, Есет батырларды атауға болады.   
Батырлықты тек жеке адамның қасиеті деп қарастырмай 
қазақ  мемлекеттілігінің  қалыптасуына  ықпал  еткен  саяси-
әлеуметтік  құбылыс  деп  те  қарастыруымыз  қажет.  Ол 
жөнінде  көптеген  зерттеушілер  өз  ізденістерінде  әр  түрлі 
анықтамалар  береді.  Кеңестік  заманның  идеологиясына  сай 
батырлар  институтын  қазақ  қоғамындағы  ала  ауыздықты 
тудырушы еш пайдасы жоқ, тек қана өз пайдасы үшін өзгенің 
мал-мүлкін талан-таражға салушылар деп баға беру де орын 
алды. 
Қазақ  халқының  тарихын  зерттеуші  М.П.Вяткиннің 
еңбектерінде батырлар тобы туралы пайымдар мол кездеседі. 
Әсіресе,  XVIII  ғасырдан  бастап  батырлар  тобының  көптеп 
таралып,  ру  басыларының  көпшілігінің  осы  топтан  шыға 
бастағандығын  атап  өтеді.  Оның  себептерінің  бірі  қазақ 
тарихындағы 
аса 
күрделі 
кезең 
жоңғарлар 
шапқыншылығымен  байланысты  еді.  «Батыр»  термині  қазақ 
фольклорінде  және  тұрмыс  салтында  көп  тараған.  Қазақтың 
қаһармандық  эпосының  бәрі  атақты  ертегі  немесе  тарихи 
батырлар туралы айтылған ертегі болып келеді»,- деп жазады 
[1,117б.]. 

 
185 
Қай  заманда  да  қазақ  халқының  батыр  деген  құрметті 
атақты  өз  қаһармандарына  бергені  мәлім.  Сондықтан  
батырлардың әлеуметтік  негізін  анықтау  қиындық келтіреді. 
Батырлардың ауқатты топтардан да, ақсүйектер арасынан да, 
қарапайым  халықтың  арасынан  да  шығуы  кеңестік  жүйе 
кезінде  бірқатар  тарихшыларды  тығырыққа  тіреген  сияқты. 
Мысалы,  кейбір  зерттеулерде  батырлар  тобына  шынайы 
анықтамалар  берілсе,  енді  бір  зерттеушілер  мәселені  таптық 
тұрғыдан сипаттау мақсатында батырларды ру басыларының 
өкілдері, бай-ауқатты адамдар деп олардың қоғамдағы орнын 
төмендетіп 
көрсетуге 
ұмтылады. 
Бұндай 
жағдайды 
С.Е.Толыбековтың  еңбектерінен  байқаймыз.  Сондықтан 
«қазақ  хандығы  қалыптаса  бастаған  тұстан  бастап  әскери-
көшпелі өмір жағдайында бірнеше ұрыстарда жеңіске жеткен 
әрбір  қазақ  батыры    айналасына  қаруланған  адамдарды 
топтастырып,  басқа  ауылдар  мен  руларға  шабуылдар 
жасады»,-  деп  тұжырымдайды  [2,  209б.].  Қазақтың  ұлттық 
мемлекеттілігі мен азаттығы жолында күрескен батырлардың 
біразын хан-сұлтандардың өкілдері болғаны үшін қаралайды. 
Автор  көпшіліктің  қолдауына  сүйенген  ру  басылары  болған  
ірі  батырлар  өздеріне  қарулы  дружиналарды  бағындырып, 
үлкен  әскери  топтардың  басшыларына  айналды  дей  келе, 
ондай  батырлардың  қатарында  Бөкенбай,  Тіленші,  Сырым, 
Жоламан,  Есет,  Жанқожа  және  басқа  да  белгілі  есімдерді 
атайды  [2, 215б.]. 
С.Е.Толыбеков  қазақ  хандары  мен  сұлтандары,  ру 
басыларының  көпшілігі  батырлар  болды,  сондықтан  олар 
қарапайым халықты қанаушылар еді деп тұжырымдайды. Ал 
батыр  атағының  әлеуметтік  дәрежеге  емес,  әрбір  жеке 
тұлғаның  қасиетіне,  жаугершілік  кезеңдегі  ұрыстардағы 
ерлігіне  сай  берілетін  атақ  екеніне  мән  бермейді.  Осыған 
орай  М.П.Вяткиннің  «Сырым  батыр»  еңбегіндегі  «батыр» 
деген  термин  әлеуметтік-таптық  мазмұны  жоқ  болып  ұғым 
береді.  ...батырлардың  қоғамдық  жаратылысын  айыра  білу 
қиын  болатын    себебі  де  міне  осы»  деген  пікірі  сөзімізді 
дәлелдейді.   [1,118б.]. 
Батырлар  институты  өзінің  дамуында  өзгерістерге 
ұшырап  отырды.  Ерте  орта  ғасырлардағы,  орта  және  кейінгі 

 
186 
орта  ғасырлардағы  батырлар  жайындағы  эволюциялық 
дамуды  анық  байқауға  болады.  Ерте  орта  ғасырларда 
көбінесе  ертегі  мен  жырлардағы  батырлар  тұлғасын  көрсек, 
кейінгі  орта  ғасырларда,  әсіресе,  XVIII  ғасырда  біз  нақты 
тарихи тұлғаларды көріп, олардың нақты тарихи істеріне куә 
боламыз.  Батырлар  институты  елдегі  тарихи  жағдайларға 
байланысты  қазақ  дәстүрлі  қоғамында  аса  маңызды  қызмет 
атқара  бастайды.  Елдің  саяси  құрылымын,  ел  азаттығын 
сақтап қалу мүддесі батырларды бір мақсатқа жұмылдырды. 
 Шығу  тегіне  қарамастан  батырлар  бірте-бірте  ру 
басыларына айналып отырды. Белгілі бір ірі-ірі шайқастарда, 
жекпе-жек  ұрыстарда  көзсіз  ерлік  көрсетіп,  елді  жаудан 
қорғаған  жеке  адамдарға  тегі    ақсүйектер,  не  қарасүйек 
болсын халық батыр атағын берген. Сондықтан атақты қазақ 
хандары  Қасым,  Тәуекел,  Жәңгір,  Әбілқайыр  мен  Абылай, 
Кенесары  бәрі  де  батыр  атақтарын  алды.  Ру  басы,  би, 
шешендердің арасында да Сырым, Бөкенбай секілді батырлар 
көп 
болды. 
Әсіресе, 
қазақ-қалмақ 
соғыстарында 
батырлығымен көзге түскендер тарихтан белгілі. 1730 жылғы 
қазақтар  мен  жоңғарлар  арасындағы  ірі  шайқастағы 
ерліктерімен  ерекшеленген  Әбілхайыр  ханды,  Бөкенбай  мен 
Есетті  халық  батыр  атады.  Осыған  орай  батыр  атағына 
негізінен  сыртқы  жаулардан  қорғану  кезіндегі  ірі 
шайқастарда  ерен  ерлігімен  көзге  түскендердің  ие  болғанын 
атап  өту  қажет.  Ал  олардың  ерлігін  халық  ауыз  әдебиеті 
ғасырлар  бойы  сақтап  ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізді,  ерлік 
мектебі  ретінде  дәріптеді.  Және  халықты  азаттық  пен 
тәуелсіздік жолындағы күресте рухани қаруландырды.   
«Батыр»  атағы  әкеден  балаға  беріліп  отыратындай 
мұрагерлікке  негізделмеді.  Ол  жоғарыда айтып өткеніміздей 
жеке  адамның  тек  жеке  ерлігі  мен  батырлық  қасиеттеріне 
байланысты  ғана  берілетін  еді.  Алайда  тарихта  бір  әулеттің 
ұрпақтарының  осындай  атаққа  ие  болғандары  кездеседі. 
Бірақ  бұл  жерде  батыр  атағы  оларға  атадан  қалған  мұра 
ретінде  емес,  керісінше  олардың  әрқайсысының  ерлігіне 
байланысты  берілген  құрметті  атақтар  болып  табылады. 
Осындай  әулеттік  негізде  қалыптасқан  батырларды  Кіші 

 
187 
жүздің  табын  руынан  шыққан  Бөкенбай  Қараұлының 
тарихынан көре аламыз. Оның ұлы Тіленші Бөкенбайұлы мен 
немересі  Жоламан  Тіленшіұлы  бәрі  де  батыр  атағына  ие 
болғандар.  Әрқайсысының  қазақ  тарихындағы  өзіндік  орны 
бар тұлғалар екені даусыз.   
Қазақ  тарихындағы  батырлар  мәселесімен  бірге 
«барымта»  тақырыбы  да  көтеріледі.  Бұл  жерде  барымтаның 
табиғатына  қатысты  зерттеушілердің  пікірлері  әрқилы. 
Мысалы,  көрнекті  қазақ  тарихшысы  Е.Бекмаханов  кейінгі 
кезеңде  ру  аралық  күресте,  барымтада  және  басқаларында 
көзге түскендердің кез келгені батыр деп атала бастады деген 
көзқарасын  білдіреді  [3,  99  б.].  Қазақ  байлары  өзара  рулық 
тартыстарына қатысып, ерлігі, күштілігі, батылдығы үшін өз 
жасағындағы  жауынгерін  батыр  атай  бастайды.  Бұл  жерде 
олар батыр-жауынгер категориясына жата алады.  
 Батыр  атағына  кедейлер  арасынан  шыққан  ержүрек 
адамдар  да  ие  болды.  Сондықтан  да  батырлар  тобы  қазақ 
қоғамының  таптық,  мүліктік-меншіктік  саралау  негізіне 
жатқызылмайды. 
Бекмахановтың 
пікірінше, 
батырлар 
алғашында  ру-тайпалардың  әскери  басшылары  болған. 
Кейіннен  феодалдық  қатынастардың  орнығуы  барысында 
олардың  әскербасылар  ретіндегі  қызметі  өзгереді.  Шығу 
тегіне қарамастан олар қоғамдық өмірде маңызды рөл атқара 
бастайды. 
Батырлардың 
қоғамдағы 
орнының 
даму 
эволюциясын  көптеген  тарихи  тұлғалар  мен  тарихи 
фактілерден көре аламыз. Сырым, Есет батырлар руларының 
толық  басшылары  болумен  қатар,  өз  руларының  атынан 
басқа қазақ руларымен келіссөз жүргізуге, салықтар жинауға, 
биліктер 
айтуға 
құқылы 
болды. 
Қазақ 
қоғамында 
батырлардың  ықпалының  өсуіне  XVIII-XIX  ғасырлардағы 
ішкі-сыртқы  саяси  жағдайлар  әсер  етті.  Жоңғарлар 
шапқыншылығы, қазақ-жоңғар соғыстары мен Орта Азиялық 
хандықтар  тарапынан  болған  шапқыншылықтар  кезінде 
батырлардың  қоғамдағы  қызметінің  рөлі  артты.    Осы  тұста 

 
188 
қазақ хан, сұлтандарының көпшілігі батыр атақтарына да ие 
болған  еді.  Батырлардың  қоғамдағы  орнының  жоғары 
болғандығын  Ш.Уәлиханов  «батыр  –  қырғыздар  (қазақтар) 
арасындағы  рубасы  сұлтаннан  кейінгі  ең  маңызды  және 
белгілі  тұлға...  Ол  ақыл-кеңесі  халық  арасында  бағаланып 
отырған ең беделді адам» деп тұжырымдайды.  
Қазақ  халқының  қоғамдық-саяси  өмірінде  батырлар 
маңызды  орын  алды.  Қазақ  халқының  саяси  билік 
құрылымының  барлық  даму  сатысында  батырлар институты 
да  жеке  құбылыс  ретінде  өз  даму  жолын  басынан  кешірді. 
Қазақ  мемлекеттілігінің  жойылуы,  қазақ  халқының  дербес 
саяси  билігі  құлдыраған  тұсында  батырлар  институты  да 
әлсіреп, жойылды.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1 Вяткин М.П. Сырым батыр. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы. 1951 
2 Толыбеков С.Е. Общественно-экономический строй казахов в                
XVII-XIX веках. Алма-Ата. 1959. 
3 Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы XIX века. Алматы. 1992. 
 
* * * 
Статья  посвящена  анализу  проблемы  института  батыров, 
являющегося  одним  из  важных  социальных  явлений  в  традиционном 
казахском обществе. 
Исследуются  формирование  института  батыров,    термин 
«батыр»,  место  и  роль  выдающихся  батыров  в  истории  казахов, 
сохранении  казахской  государственности.  Анализируются  также  взгляды 
известных исследователей по проблеме института батыров. 
 
* * * 
This article is  devoted to  analysis of the batyr institution is an important social 
phenomena  in  the  traditional  Kazakh  society.  We  research  the  formation  of  the 
batyr  institution,  the  term  "batyr",  place  and  role  of  outstanding  batyrs  in  the 
history of Kazakhs, preservation of Kazakh statehood. Also analyzed the views of 
prominent researchers to the batyr institution. 
 
 
 
 

 
189 
УДК 355 (574) 
 
Муханбеткалиев Х.С. 
Кандидат военных наук, доцент,  
 г. Уральск 
 
ВОЕННАЯ ИСТОРИЯ – СОСТАВНАЯ ЧАСТЬ 
ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ИСТОРИИ 
 
В  мире  нет  ни  одного  народа,  судьбу  которого  не 
определяли  бы  личности.  В  жизни  наших  предков-
кочевников  личности,  обладающие  высоким  разумом, 
огромной силой воли, патриотизмом, мощным национальным 
духом,  играли еще большую роль.  
Сегодня  не  только  каждый  офицер  Вооруженных  Сил 
Республики  Казахстан,  но  и  многие  воины  армии  стран  СНГ  и 
дальнего  зарубежья  изучают  огромное  значение  военно-
теоретического  наследия  выдающегося  сына  казахского  народа, 
народного  батыра,  талантливого  военачальника,  военного 
мыслителя?  известного  писателя,  Героя  Советского  Союза,  
полковника Бауржана Момышулы.  
Жизнь  Бауржана  Момышулы  -  пример  для  подражания 
сегодняшнему офицерскому составу,  воинам Вооруженных Сил 
Республики Казахстан. 
Свою  жизнь  народный  герой  и  писатель  посвятил  народу, 
который  на  протяжении  веков  "успешно  решал  ...задачи, 
соединял  народы,  ...покорял  пространство  и  время  истории. 
Казахи  всегда  были  умелыми  и  мужественными  воинами, 
способными  переносить  тяготы  и  лишения  походного  быта, 
неделями находясь в седлах боевых коней" [1]. 
В годы Великой Отечественной войны Момышулы проявил 
себя как достойный наследник боевой славы прославленных 
казахских батыров. Президент страны Н.А.Назарбаев  сказал: 
"Помните, истинными офицерами были отец Абая Кунанбай, 
Чингиз и Чокан Валихановы, Губайдулла Джангиров, Халел 
Досмухамедов,  Санжар  Асфендияров,  Андрей  Зенков, 
Бауржан  Момышулы  и  многие  другие  выдающиеся  сыны 

 
190 
нашего Отечества. Они составляли не только элиту армии, но 
и всего общества» [2].  
В истории Великой Отечественной войны для нас важен 
не  просто  опыт  Бауржана  Момышулы,  не  то,  что  лежит  на 
его  поверхности,  а  те  глубинные,  подчас  скрытые, 
устойчивые процессы и явления, которые имеют тенденции к 
дальнейшему  развитию,  проявляют  себя  порой  в  новых, 
совершенно иных формах, чем это было в предшествующей 
войне.  Такой  опыт  никогда  не  может  полностью  потерять 
своего  значения,  если  его  действительно  глубоко 
анализировать  и  делать  из  него  научно-обоснованные 
выводы, извлекать уроки. 
Знание истории своего народа необходимо всем людям. 
Но особенно необходимо оно профессиональным военным, и 
это  хорошо  знал  Бауржан  Момышулы.  Он  говорит: 
«Забвение героизма - это трагедия народа. История этого вам 
...не  простит.  ...Надежной  опорой  народа  являются  тысячи 
мужественных  воинов,  его  верных  сынов,  молодых,  даже 
совсем  юных.  Вас,  которые  ни  слова  не  сказали  о  них,  не 
написали  ни  строчки  об  их  мужестве,  обагренном  кровью. 
Многих из вас сама история выставит у позорного столба» [3]. 
Изучение  минувших  военных  событий  Великой 
Отечественной  войны,  локальных  войн  и  конфликтов, 
тщательный  анализ  как  поучительных  моментов,  так  и 
промахов, 
ошибок, 
недостатков 
в 
деятельности 
военачальников 
и 
штабов 
расширяют 
оперативно-
стратегический  кругозор,  обогащают  военную  эрудицию 
офицеров. 
Военная 
история 
является 
составной 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет