Список использованных источников
1.
Русские в новом зарубежье: Киргизия. Этносоциологические очерки.
М.,РАН. Институт этнологии и антропологии. 1995. – С. 39.
2.
Русские в новом зарубежье: Киргизия. Этносоциологические очерки.
М., РАН. Институт этнологии и антропологии. 1995. – С. 40ю
3.
Тишков В.А. Русские в Средней Азии и Казахстане. – М., 1993. – С. 26.
4.
Бердяев Н. Судьба России. – М.: Мысль, 1990.
5.
Бекмурадов М., Назаров Р. Национальный менталитет в контексте
изучения общественного мнения / Методология изучения общественного
мнения в Узбекистане. – Ташкент, 2004. – С. 115.
6.
Бекмурадов М., Назаров Р. Национальный менталитет в контексте
изучения общественного мнения / Методология изучения общественного
мнения в Узбекистане. – Ташкент, 2004. – С. 116
7.
Демографический ежегодник Узбекистана (1991-2003 годы). – Ташкент,
2004. – С. 94.
8.
Демографический ежегодник Узбекистана (1991-2003 годы). – Ташкент,
2004. – С. 94.
9.
Демографический ежегодник Узбекистана (1991-2003 годы). – Ташкент,
2004. – С. 94.
10.
Национальные отношения. Словарь. – М.: ВЛАДОС, 1997. – С. 124.
11.
Арутюнян Ю.В., Дробижева Л.М., Сусоколов А.А. Этносоциология. –
М., 1999. – С. 168.
12.
Убайдуллаева Р., Ота-Мирзаев О., Ганиева М., Каюмов У. Национальное
самосознание узбекистанцев. –Тошкент: Ижтимоий фикр, 2004.
* * *
Мақалада Өзбекстан халқының ұлттық сана-сезімінің дамуы мен
қалыптасуының негізгі мәселелері сөз болады.
232
П
П
Е
Е
Д
Д
А
А
Г
Г
О
О
Г
Г
И
И
К
К
А
А
ӘОЖ 37.0(574)
Ә.М. Мұханбетжанова
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Орал қ.
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ ТҮЙІНДІ ЖӘНЕ
КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазақстанның халықаралық білім беру кеңістігіне
біртіндеп кірігуі жүзеге асырылуда, бұл өз кезегінде жоғары
білім беру жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарын
нақтылауды қажет етіп отыр. Тез өзгеретін технологиялар
заманында оның басты ұстанымы «өмір бойы білім алу,
адамның сапалы кәсіби және ғылыми дайындығы, өз бетінше
іздене білуі және өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілігі болуы
қажет» (1).
Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселенің бірі –
бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола
алатындай кәсіби мамандар дайындау. Бұл тек жоғары оқу
орындарында білім сапасын арттыру, әлемдік білім
кеңістігінің тәжірибелерін игеру арқылы ғана жүзеге
асатындығы белгілі. Осы ретте жоғары оқу орындарының
бағдарламалары қазіргі кезде белгілі дәрежеде халықаралық
талаптарға
сәйкестендіріліп,
жоғары
білім
берудің
мемлекеттік стандарттары оқытудың кредиттік жүйесіне
бағытталып жасалынуда.
Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейінгі білім
беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында білім
233
берудің негізгі міндеті – білімдік шоғырланудан нәтижеге
бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу деп көрсетілген (2).
Білім берудің тұлғаның негізгі құзыреттіліктерін
қалыптастыруға және дамытуға бағытталуы оны
ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан келудің пайда болуын
айқындады және ол қазіргі білім жүйесінің әдіснамасы және
нақты білімдік технологиялардың негізі ретінде тану
көзделуде.
Соңғы
жылдары
болашақ
мамандардың
құзыреттіліктерін сипаттап көрсету кәсіби педагогика
мәселесімен шұғылданатын ғалымдардың талқылау пәніне
айналып
отыр.
Бұл
құбылыстың
философиялық,
психологиялық
және
педагогикалық
қырлары
қарастырылуда. Осыған байланысты жоғары кәсіби білім
берудің (мемлекеттік) мазмұнын айқындайтын құжаттарда,
яғни ЖКББМС-да, басқа да құжаттарда негізгі
құзыреттіліктердің көрініс табу қажеттілігі туындап отыр.
Осы мәселені шешу үшін жоғары мектеп дидактикасы,
жоғары білім мазмұнының теориясы, әдістемесі мен
технологиясы
саласындағы
жетістіктері
тұрғысынан
ғалымдардың күш-жігері талап етілуде.
Біз қарастырып отырған проблема – жоғары
педагогикалық білім беру жүйесінің бүгінгі қойылып
отырған талаптарға сай негізгі құзыреттіліктерді студенттер
бойында қалыптастырудың қажеттілігі мен педагогика
ғылымының категориалдық аппаратына түйінді және
кәсіби
құзыреттіліктердің
ендірілмеуі,
оған
сәйкес
теориялық және әдіснамалық көзқарастардың қалыптаспауы
арасындағы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру.
Осы тұрғыдан «құзыреттілік», «құзырет» ұғымдарының
пайда болуы, оның шетелдік тәжірибесі, т.б. мәселелерге
тоқталып көрейік. Педагогика ғылымында құзыреттілік
тұрғыдан келуді ендіру мәселесін шешуде басты рөлді тұлға
игеруге тиісті таным, тәжірибе, әрекет тәсілдері сияқты
мәселелер шеңберіне түсінік беретін ұғымдар қатарында
құзырет, құзыреттілік ұғымдарын ғылыми айналымға ендіру
және қолдану атқарады.
«Құзыреттілік» және «құзырет» ұғымдары абстрактілік
пен
нақтылық
диалектикалық
категорияларының
234
арақатынасы сияқты күйде, яғни, құзырет – бұл жүзеге
асырылған
құзыреттілік,
іс-әрекеттегі
құзыреттілік.
Құзыреттер – тұлғаның қандай да бір іс-әрекетте жүзеге
асырылған
құзыреттілігі.
Осылайша
түсіндірілетін
құзыреттіліктер негізгі немесе тұғырлық және қосымша
немесе кәсіби болып бөлінуі мүмкін.
Кез келген технологияны, соның ішінде білім беру
технологияларын құру оның әдіснамасын таңдауды және
негіздеуді талап етеді. Негізгі құзыреттіліктерді дамыту
теориясының міндеттеріне барынша бара-бар келетін
білімдік әдіснама құзыреттілік педагогикалық тұрғыдан келу
болып табылады. Бұл тұрғыдан келуді білім берудің
практикасына ендіру және негізгі құзыреттіліктерді
дамытудың теориясын жасау әлемдік педагогика ғылымы
мен практикасы үшін бүгінгі күні барынша көкейкесті
мәселеге айналуда.
Егер аталған ұғымдар білім берудің теориясы мен
практикасының категориалдық аппаратына ендірілетін болса,
онда теория саласында негізгі құзыреттіліктер мемлекеттік
білім беру стандарттары мен білімдік бағдарламалары
ережесіне сәйкес меңгеруге тиісті білім, іскерлік, әрекет
тәсілдері белгіленуі қажет. Ал, білім беру практикасы
саласында олар прагматикалық сипатта болады және ол
төмендегілерге бағытталады: тәжірибеден пайдалыны ала
білу; өзінің алған білімінің өзара байланысын ұйымдастыра
білу және оларды тәртіпке келтіру; материалды зерделеудің
өзіндік тәсілдерін жасау; білім алушылар алдында пайда
болатын міндеттерді шеше білу икемділігі; өз білімімен
өзбетінше айналыса білу икемділігі және т.б.
Батыстың дамыған елдерінде білім берудің мына
міндеттері:
білім
алушыларда
құзыреттіліктерді
қалыптастыру, оларда пайда болатын интеграциялау
икемділігін қалыптастыру, білімді әртүрлі өмірлік
ситуацияларға көшіре білу және қолдану туралы мәселелер
орын алуда. Бүгінгі күні оларда негізгі құзыреттер
айқындалып, алғаш рет Еуропа Кеңесі эксперттері 1996 ж.
білім беру мәселелері бойынша «Еуропалық жобада алғаш
235
ұсынылған
тұғырлық
құзыреттерді
оқу
процесінде
қалыптастыру идеясы жүзеге асырылды»(4).
Құзыреттілік теориясын дамытуға жоғарыда айтылған
«Ключевые компетенции для Европы» (Берн, 1996)
симпозиумында шешім қабылданды. Ол қазіргі уақытта
Батыс Еуропа мен АҚШ мектептерінде кең қолданыс тауып
отыр. Кембридж және Оксфорд университеттерінде жасалған
негізгі құзыреттіліктер жүйесінің сипаттамасында олар
әртүрлі іс-әрекеттерді жүзеге асыруда, мысалы оқу және
кәсіби іс-әрекетті орындау барысында дамиды деп
көрсетіледі.
Құзыреттілік
теориясы
В.Чинапах,
Я.И.Лефстед,
Г.В.Вайлер, Н.Розов, В.В.Сериков, Н.В.Матяш, Ю.В.Койнов
және т.б. еңбектерінде негізделген.
Қазіргі кезеңдегі білім берудің мақсаттарының
жиынтығы
негізгі
құзыреттіліктерді
қалыптастыруды
көздейді және оның негіздеріне көп мәдениетті қоғамда өмір
сүруге
қабілеттілік,
білімді
практиканың
қажеттіліктерімен байланыстыру икемділігі, өмірлік
жағдаятты бара-бар бағалай алу және проблеманың шешу
жолдарын табу және т.б. Жоғары білім беру жағдайында
аталған және басқа да негізгі құзыреттілік төмендегі
шарттарды қолданғанда жүзеге асырылуы мүмкін:
-
білімдік мақсаттарға барынша бара-бар келетін
әдіснаманың болуы;
-
әдістемелік және педагогика ғылымының қазіргі
мәліметтері банкінің болуы;
-
дидактикалық практика тәжірибесінің жетістіктері
мен қорытындылары.
Бұл мақсатты кәсіби білім беруді ұйымдастыруға
құзыреттілік тұрғыдан келу арқылы жүзеге асыруға болады.
Педагогикада аталған көзқарас бойынша нақты іс-әрекет
тәсілдерін меңгеруге бағытталған жұмыстар М.Н.Скаткин,
И.Я.Лернер,
В.В.Давыдов,
П.Я.Гальперин
және
т.б.
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Бірақ, бұл
тұрғыдан көзқарас кәсіби білім берудің мақсатын, мазмұнын,
әдістерін анықтауда көптеген жылдар бойы басты орын
алмай келді. Құзыреттілік тұрғының теориялық базасын
236
жасау
(Н.В.Кузьмина,
В.А.Сластенин,
И.Ф.Исаев,
Е.Н.Шиянов және т.б.) жөніндегі мұғалім қызметінің
тұжырымдамасы мен моделін (Е.А.Климов, А.К.Маркова,
Л.М.Митина, Е.И.Рогов, В.А.Сластенин және т.б.), жоғарғы
білім беру деңгейіндегі кәсіптік құзыреттілікті белсенді
зерттеу (Ю.Г.Татур, В.А.Адольф, Л.А.Петровская және т.б.),
жалпы білім беру саласына құзыреттілік тұрғыдан келуді
зерттеу (И.А.Зимняя, Н.А.Гришанова, А.И.Савинков т.б.)
зерттеу еңбектерінен басталғаны белгілі.
Кәсіби білім берудегі құзыреттілік тұрғы әртүрлі
құзыреттілік түрлерінің жиынтығы арқылы күтілетін
нәтижені қалыптастыруды көздейді. Тек аталмыш тұрғыдан
келу арқылы ғана кәсіби салада өнімді өзбетіндік және
жауапты іс-әрекетке дайын маман даярлауға болады.
Педагогтың құзыреттілігін жеке тұлға қасиеттерінің
интеграциясы
ретінде
қарастыра
отырып,
кәсіби
педагогикалық құзыреттіліктер моделін анықтау қажет.
Ресейлік
және
шетел
ғалымдарының
еңбектерінде
педагогтың құзыреттілігі келесі бағыттарда қарастырылған:
кәсіби еңбек нәтижелілігін анықтайтын білім мен біліктердің
жиынтығы (Е.П.Тонконогая); жеке тұлғалық сапалар мен
қасиеттердің
үйлесімі
(Л.М.Митина);
кәсіби
және
жалпымәдени
көрсеткіштердің
бірлігі
(Т.Г.Браже,
Е.А.Соколовская).
Педагог құзыреттілігінің моделін жасауда Герцен
атындағы РГПУ ғалымдарының пікірлері қызығушылық
тудыруда. Олар мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін үш
құрамдас бөліктердің: негізгі, базалық және арнайы
құзыреттіліктердің бірлігі ретінде қарастырады. Болашақ
мұғалімнің
негізгі
құзыреттілігі
оны
дайындау
құрылымының басты элементі болып табылады. Ол нақты
кәсіби іс-әрекетпен байланысты болмаса да, бірақ ол жалпы
және кәсіби білім берудің арасындағы дәнекер тізбек ретінде
алынады.
И.А.Зимняя өз жұмыстарының бірінде үш топқа
біріктірген негізгі құзыреттіліктерді қарастырады:
1.
Адамның жеке тұлғалық іс-әрекет пен қарым-қатынас
субъектісі ретіндегі құзыреттіліктер;
237
2.
Адамның өзара іс-әрекеті мен әлеуметтік саласына
қатысты құзыреттіліктер;
3.
Адамның іс-әрекетіне қатысты құзыреттіліктер (5).
Негізгі құзыреттіліктер жалпы орта білім беру
саласында қалыптасып, қандай да бір мамандықтың
іргетасын құрайтын компоненттерден тұратын базалық
құзыреттіліктердің
негізіне
дайындайды.
Э.Ф.Зеердің
пайымдауынша базалық құзыреттілікке жататындар:
-
жалпығылыми ұғымдар - табиғат, қоғам және
адамның іс-әрекетінің негізгі заңдары;
-
экономика мен мінез-құлықты ұйымдастырудың
негізін құрайтын әлеуметтік-экономикалық;
-
азаматтық-құқықтық;
-
ақпараттық-коммуникациялық;
-
политехникалық – техника мен технологияның,
жаратылыс-ғылыми,
автоматтандырылған
өндірістік қызмет ету принципі, бақылау және
басқару жүйелері;
-
жалпы кәсіптік-мамандықтар тобына қатысты.
Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде
құзыреттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін
нәтижелер тұжырымдамасын жасауда негізгі ереже ретінде
таңдау жасайды. Бұл тұрғыдан көзқарасты М.В.Рыжаков
(Негізгі жалпы білім берудің мемлекеттік білім беру
стандарты (теория және практика)) атты еңбегінде
төмендегіше көрсетеді:
−
құзыреттілік ұғымы тек танымдық (когнитивтік) және
технологиялық құраушы ғана емес, әрі мотивациялық,
этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық, яғни ол оқыту
нәтижелерін (білім мен іскерлікті), құндылық бағдар
жүйелерін, әдет және т.б. қамтиды.
−
құзыреттілік - алынған білім, іскерлік, тәжірибе мен
мінез-құлық (тәртіп) тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты іс-
әрекет жағдайында жұмылдыру қабілетін білдіреді.
−
құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын
білім мазмұны интеграциясының идеологиясы жатыр.
238
−
құзыреттіліктер
білім
беру
мекемесіндегі
оқу
процесінде ғана емес, ол әрі қоршаған ортаның әсерімен,
яғни, қалыптан тыс, қалыпты емес білім алу жағдайында да
қалыптасады(4).
Бұл тұрғыдан көзқарасқа сәйкес білім беру жүйесі
негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Құзыреттілікті келесі сипаттық белгілеріне қарап түйінді деп
қарастыруға болады:
−
интегративтік табиғатының болуы, яғни біртекті немесе
жақын келетін білім мен іскерліктерді, мәдениет пен
іс-әрекеттің ауқымын (ақпараттық, құқықтық және т.б.) өзіне
қамтып алады.
−
көпқызметтік, яғни оны меңгеру күнделікті өмірде
әртүрлі проблемаларды шешуге мүмкіндік береді;
−
пәнүстілік және пәнаралық сипатта болады, яғни
әртүрлі жағдаяттарда қолданылады;
−
белгілі дәрежеде интеллектуалдық дамуды талап етеді;
−
көпөлшемдік (сиымдылығы), яғни әртүрлі ойлау
процестері мен интеллектуалдық икемділіктерді қамтиды.
Барлық
құзыреттіліктер
әртүрлі
типтегі
амал-
әрекеттерді талап етуімен (қосымша және тек белгілі бір
жағдайда көрініс табуы мүмкін) мәнді:
−
автономды және рефлексивтік әрекет ету;
−
әртүрлі құралдарды интерактивті қолдану;
−
әлеуметтік-гетерогендік топтарға кіру жән оларда қызмет
ету.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, білім
мазмұнын дамытудың бүгінгі жағдайын есепке ала отырып,
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта білім беру
стандартында қабылданып отырған негізгі құзыреттіліктерді:
проблеманың
шешімін
табу,
ақпараттық
және
коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастырып дамыту
көзделіп отыр (3). Олай болса, болашақ маман аталған
құзыреттіліктерді оқушылар бойында қалыптастыруды
жоғары оқу орнының қабырғасында меңгеріп шығуы тиіс
екедігіне ешкімнің дауы жоқ деп ойлаймыз.
239
Құзыреттілік тұрғыдан келу қазіргі үздіксіз білім беру,
соның ішінде кәсіби білім беруде, білімді дамытудың келесі
тенденцияларын айқындайды.
Біріншіден, үздіксіз білім берудің жалпы жүйесінде
өздігінен білім алу кезеңдерінің мәнділігі. Сондықтан, білім
берудің қазіргі кезеңінде білім алушылардың өзбетіндік,
танымдық
және
практикалық
іс-әрекет
дағдысын
қалыптастыру міндеті ерекше өзектеліп отыр.
Екіншіден, өздігінен білім алуды дамыту жағдайында
сөз жоқ, оқыту құралдарының рөлі артады. Қазіргі кезеңдегі
оқыту
технологиясында
оқытудың
ақпараттық
технологиясының құралдары ерекше мәнге ие болуда.
Үшіншіден, білім беруді жүзеге асырудың даралап
оқыту принципінің ролін күшейтеді, әрбір білім алушы үшін
оқу процесін даралауды жүзеге асыруды көздейді.
Төртіншіден, білім беруде пәндік-бағдарлық жүйеден
жобалау жүйесіне көшуге бағыттайды.
Мұның барлығы өз тарапынан жоғары білім берудегі
тиісті құрылымдық қайта құруды, сондай-ақ алдыңғы
қатарлы әлемдік беталысқа сәйкес болу мақсатында білім
беру жүйесінің ішкі түрлендіруін қажет етеді. Бұл білім беру
жүйесінің сыртқы ортаға бейімделуі жағдайында және оның
қазіргі заманның келешекте жасайтын жаңа қадамдарына
ұмтылысы кезінде ғана мүмкін болады. Осыған сәйкес білім
берудің мәні ғана емес, сонымен қатар оқыту нысандары да
түпкілікті түрде өзгеріп отыр, бұған ең алдымен интерактивті
оқыту технологияларын (іскерлік ойын, проблемалық жағдай,
кейс технологиялар) жатқызуға болады. Сонымен қатар,
оқыту үдерісінде жобалық – ұйымдастырылған тәсілдерді
қолдану өз тиімділігін көрсетіп отыр.
Сонымен, қарастырылып отырған проблеманың жоғары
педагогикалық білім беру жүйесінің бүгінгі қойылып
отырған талаптарға сай негізгі құзыреттіліктерді студенттер
бойында қалыптастыру мен осы проблеманы шешу үшін
педагогика ғылымының әдіснамасына, теориясына және
практикасына құзыреттілік тұрғыдан келуді ендіру қажет деп
есептейміз.
240
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы. Астана, 2004.
2. 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.
Астана, 2004.
3. Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты. Астана, 2007.
4. Рыжаков М.В.Ключевые компетенции: возможности применения.
//Стандарты и мониторинг в образовании, - М., 1999, №4.
5. Зимняя И.А. Ключевые компетенции – новая парадигма результата
образования // Высшее образование сегодня. 2003. №5. 34-42.
6.
Петров
А .
Профессиональная
компетентность:
понятийно-
терминологические проблемы // «Alma mater». 2004. № 10. С. 6-10.
7. Петровская Л.А. Компетентность в общении. М., 1989.
8. Равен Дж . Компетентность в современном обществе: выявление,
развитие и реализация / Пер. с англ. М., 2002. 396 с.
* * *
В статье рассматриваются проблемы внедрения в систему высшего
образования категорий комптентностного образования, необходимость
подготовки высококвалифицированных педагогов и формулирование
целостного категориального аппарата по компетентностно-
ориентиро-ванному профессиональному образованию в отечественной
педагогике.
В качестве решения проблемы развития компетенций будущего
учителя
предлагается:
создание
методологии
с
адекватными
образовательными целями, накопление современного методического и
педагогического банка данных и обобщение имеющегося опыта
дидактической практики.
* * *
Formation of the key and professional competences of the future teacher.
In the article are examined the problems of introduction of competent
education’s categories into the system of high education,necessity of preparation
of highly qualified teachers and formulation of the integrated categorial
apparatus on competently oriented professional education in the home
pedagogics
As a decision of the problem of development of future teacher’s
competences is offered: creation of methodology with abequate educational
aims, accumulation of the modern methodical and pedagogical data bank and
generalization of the available experience of didactical practice.
241
ӘОЖ 378.1+808.5
А.С. Қыдыршаев
Педагогика ғылымдарының докторы,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Орал қ.
Достарыңызбен бөлісу: |