Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011



бет165/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Күнделікті есеп. Тәрбиеші балалардың күнделікті қатысуын, олардың
денсаулық жағдайын және барлық мәліметтерді есеп журналына жазып
отырады. Сонымен қатар, тәрбиеші қозғалыстарды белгілі бақылауға алып
қоймай дене шынықтыру сабағы, қимыл-қозғалыс ойындары, жеке, ӛз бетінше
сабақтар және дене тәрбиесінің басқа да түрлерін жүргізу барысында олардың
сандық кӛрсеткіштерін және кейбір техникалық элементтердің орындалу
кемшілігін анықтайды. Бұл мәліметтерді жоғарыда берілген есепке алу
формаларына жазу керек. Олар қозғалыс дағдыларының даму динамикасын
және қолданылып жүрген оқу әдісінің тиімділігін белгілеп береді. Жұмыс
барысында тәрбиеші жоспарланған шаралардың орындалуын қадағалап
отырады. Егер ӛткізуге мүмкіндік болмай қалса, онда «Eскертулер» бағанына
не себептен орындалмағанын кӛрсету керек. Тәрбиешіге ӛзінің күнделігіне дене
жаттығуларын үйреткенде ең тиімді нәтижелерді, балалармен оқу-тәрбие
жұмысы барысында туындайтын сұрақтарды жазып отыру да қажет, ӛйткені
оларға жауап тауып, ӛзінің білімін кеңейте тереңдетіп, педагогикалық
шеберлігін одан әрі ұштай түсу үшін маңызды. Күнделікті берілген есептің
талдауы балалармен жүргізілетін сабақтың әдістемесін пысықтауға және біраз
тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Қорытынды есеп. Әрбір алты айдан кейін, сондай-ақ жыл аяғында дене
тәрбиесінің жұмысы бойынша қорытынды жүргізіліп, онда балалардың қазіргі
денсаулықтары, денесінің дамуы, дайындығы т.б. талданады. Кемістіктер
табылса, олардың пайда болу себептерін анықтау керек, сонымен бірге дене
жаттығулары сабақтарының әдістемесін одан әрі жетілдіретін нақты ұсыныстар
жасалынады. Қорытынды есепті талдаудың негізінде тәрбиешілердің жұмысы
туралы есеп беріледі, онда жетістіктері, кемшіліктері, нақты ұсыныстары



290
белгіленеді. Тәрбиешілердің жақсы тәжірибелері Педагогикалық оқуда


баяндама түрінде де енгізілуі мүмкін. Мектепке баратын әрбір балаға мінездеме
беріліп, денсаулық жағдайы, дененің даму деңгейі, ең басты қозғалыстар
бойынша физикалық дайындығы (жүгіру, секіру т.б.), сонымен қатар шаңғы,
коньки, велосипед тебе ала ма, жүзу біле ме, бәрі кӛрсетіледі. Бұдан ӛзге де
қимыл-қозғалыс ойындарын кӛрсету тиімді, онда балалардың ойынды
ұйымдастыру қабілетінің бар-жоқтығын кӛрсетеді. Бұл мәліметтер мектеп
мұғаліміне 1 сынып оқушыларымен дене тәрбиесі жұмысын дұрыс жоспарлауға
кӛмегін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет