Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


 сурет – Сөйлеу тілін дамытудың алғышарттары



Pdf көрінісі
бет204/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   243
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)

сурет – Сөйлеу тілін дамытудың алғышарттары 
 
Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты 
мен міндетіне байланысты төмендегідей кезең-
дерге бөлу тиімді: 
- Дайындық кезеңі; 
- Дыбысты қою кезеңі; 
- Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру 
кезеңі; 
- Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату 
кезеңі. 
Аталған кезеңдердің арасында айқын 
шекара жоқ – біріншісінің аяқталуы екіншісінің 
басталуына ұласып кетеді.
Дайындық кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі 
мақсаттары: 
- баланы түзету жұмысына ынталандыру; 
- тапсырмаларды саналы түрде орындауға 
үйрету; 
- зейінін, қабылдау, есте сақтау, ойлау 
қабілеттерін дамыту; 
- артикуляцияны дұрыс қалыптастыру; 
- дыбысты қабылдау және ажырату. 
Дайындық кезеңінде артикуляцияны дұрыс 
қалыптастыруға бағытталған арнайы жаттығу-
лар, ұсақ моториканы дамытуға арналған саусақ 
жаттығулары және тыныс алу жаттығулары жаса-
лады. Жаттығулар балаға түсінікті, қолжетімді, 
және мүмкіндігінше, алдын ала жатталған болуы 
қажет.
Түзету жұмыстарының табысты жүзеге 
асуы мұғалім-логопед пен бастауыш сынып оқу-
шылары арасындағы тығыз байланысқа тәуелді 
болады.
Мұалім-логопедтің сыныпқа келуін сынып 
жетекшілер әдетте аса абайлықпен қарайды. 
Себебі мұғалімдер, әсіресе жоғарғы буын 


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
167
мұғалімдері мектептегі логопедиялық қызметтің 
мақсатын дұрыс түсіне бермейді. Олар логопед 
тек дыбыс айту кемшіліктерін ғана түзету керек 
деп ойлап, барлық дыбыстарды дұрыс айтатын 
балаларды 
логопедиялық 
сабаққа 
тіркеген 
себебін түсінбейді. Соның салдарынан қарама-
қайшылықтар туындайды. 
Мұндай жағдай болмауы үшін мұғалім-
логопед педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеп, 
оқушыларда кездесетін сөйлеу тілінің бұзылыс-
тары туралы, олардың қалайша сабақ үлгерімде-
ріне әсер ететіндігі жайлы хабардар етуі керек. 
Логопед өзінің хабарламасында сонымен қатар, 
түзету жұмысының мазмұны, оның ұйымдасты-
рылуы, ана тілі мен тіл дамыту сабақтарымен 
байланыстарын атап өткені жөн. Тәжірибе көр-
сеткендей, 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдері 
мектептегі логопедиялық қызметтің мақсаты мен 
міндеттерін жақынырақ білгеннен соң, олар 
логопедтің жұмысына объективті және жоғары 
қызығушылықпен қарай бастайды.
Оқу жылы бойы мұғалім-логопед бастауыш 
сынып оқушыларының әдістемелік бірлестікте-
ріне қатыса отырып, өзінің хабарламаларын айта 
алады. Логопед толық және детальды түрде 
бастауыш сынып мұғалімдеріне сөйлеу тілі бұзы-
лыстарының спецификасы мен түрлері туралы 
айтып, сол бұзылыстар оқушылардың жазу және 
оқу іскерліктеріне қаншалықты әсер ететіндігін 
сипаттап береді. Сонымен қатар, үлгермеуші оқу-
шыға мұғалімнің дифференциалды ыңғайды қол-
данғаны жөн екенін ескереді.
Әдістемелік бірлестіктерде бастауыш сы-
нып мұғалімдеріне логопедиялық жұмыстың әдіс-
тері мен тәсілдері туралы мақсатты түрде айту 
керек, өйткені бастауыш сынып мұғалімдері лого-
пед жұмысының жеке тәсілдерімен қаруланып, 
оларды тиімді түрде өз сабақтарында пайдала-
нады. 
Логопедиялық жұмыстың ерекшелігімен 
бастауыш сынып мұғалімдері толық таныс болуы 
үшін логопед бір немесе бірнеше ашық сабақтар 
өткізе алады.
Мұғалім-логопед ана тілі мен тіл дамыту 
сабақтарына оқытудың мазмұны мен әдістерін 
жақсы білуі керек, сонымен қатар сыныпта қан-
дай уақытта және қандай тақырып бойынша өте-
тінін білуі қажет, себебі логопед өзінің сабақта-
рында ана тілі және тіл дамыту пәндерінің бағ-
дарламалық талаптар деңгейін ескеруі міндетті 
[5, 35 б.]. 
Түзету жұмысының маңызды жағдайлары-
ның бірі логопат-оқушыға мұғалім мен логопед 
жағынан бірдей талаптардың берілуі болып та-
былады. Логопат-оқушының жұмыстарын өте 
абайлықпен бағалау керек екендігін логопед бас-
тауыш сынып мұғаліміне барлық күшін салып, 
көндіруі қажет. Себебі мұндай оқушылар қанша 
тырысып, қызығушылығын танытса да, тапсыр-
маларды, әсіресе мектепте қабылданған нормаға 
сәйкес жазу жұмыстарын орындай алмайды. 
Сондықтан логопедтің ең бірінші міндеті – мұға-
лімнің барлық зейінін логопаттық сипатындағы 
қателерді оқушының жұмыстарын бағалау бары-
сында саналмауға аудару керек, екіншіден педа-
гог логопаттық қателерді оқушының граммати-
калық ережелерді меңгермеуімен шартталған қа-
телерден айыра білуін үйрету қажет.
Мұғалім-логопедтің жұмысына логопедия-
лық пунктке тіркелген балалардың ата-аналары 
үлкен көмек көрсете алады.
Логопед алғаш рет логопедиялық пунктке 
тіркелген оқушылардың ата-аналарымен қыр-
күйектің ортасында, яғни логопедиялық топтарды 
топтастырып болғаннан соң кездеседі. Көп 
жылғы тәжірибе көрсеткендей, көптеген ата-ана-
лар мұғалім-логопедтің балалармен қандай жұ-
мыс жүргізетінін білмейді. Сонымен қоса, кейбір 
ата-аналар өз баласының логопедиялық пунктке 
тіркелгеніне теріс көзқарасын білдіріп, түсінбеу-
шіліктер туындап жатады. Сондықтан мұндай 
жағдайлар туындамас үшін, мұғалім-логопед 
қыркүйектің басында ата-аналар жиналысына 
қатысып, логопедиялық жұмыстың мақсаты мен 
міндеттерін қысқаша түрде айтып, ата-аналарды 
таныстырғаны дұрыс. Әдетте логопед сөйлеу 
тілінің фонематикалық және лексикалық-грамма-
тикалық бұзылыстары барлық жағдайда дыбыс 
айту бұзылыстарымен қатар жүрмейтіндігін, сон-
дықтан ата-аналары ондай бұзылыстарды көр-
мейтіндігін айтады. Алайда, дәл осы бұзылыстар 
оқушының мектеп бағдарламасын толық меңге-
руіне әсер етіп, бірқатар пәндер бойынша тұрақ-
ты түрде үлгермеушіліктер пайда болып жатады.
Балаларда кездесетін сөйлеу тілінің бұзы-
лыстары көп жағдайда, ерте жасында дұрыс тіл-
дік тәрбие алмағандығы салдарынан болатыны 
бұрыннан белгілі. Көп жағдайда олар сөйлеу тілі-
нің лексикалық-грамматикалық жағы бұзылыста-
рына жатады. Ғалымдардың зерттеулері бойын-
ша, 5 жасқа дейінгі қалыпты дамып келе жатқан 
бала 2,5-3 мың сөзді меңгеруі керек. Осылайша, 
баланың дамуында отбасындағы дұрыс тәрбие-
нің маңызды рөлге ие болады. Және бұл ойды 
ата-аналардың қаперіне логопедтен басқа ешкім 
жақсылап жеткізе алмайды. Тәжірибеде мынан-
дай жағдайлар болған: мектепте үлгермейтін 
жасөспірім баласы бар ата-ана логопедтің сөз 
сөйлеуін тыңдағаннан кейін «Егер де мен мұны 
ертерек білгенімде ғой!» деп, көзіне жас алып
қайталаған. Логопедиялық білімдерді үгіттеу ло-
гопед жұмысының ажырамас бөлігі болуы керек.
Бұл іс-әрекетті мақсатты түрде балабақша-
ларда, яғни мектептің логопунктіне сол балабақ-
шадан келетін балалардың ата-аналарына ар-
налған дәрістерді оқудан бастау керек. Өзінің 
мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-анала-
ры алдындағы сөз сөйлеуі барысында логопед 
сөйлеу тілінің бұзылыстары, олардың көбінесе 
отбасындағы бұрыс тәрбиемен шартталатын-
дығы туралы айтады, және бұл бұзылыстар ба-
ланың мектепте үлкен жетістіктерге жетуіне кері 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет