Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 168
әсер ететіндігін ескертеді. Сонымен қатар, дәріс-
те баланың дұрыс тілдік дамуына қажетті орта
құру бойынша әдістемелік ұсыныстарды да ашып
айтқан дұрыс. Балаларының жанында үнемі ата-
аналары болатындықтан, олармен әрдайым сөй-
лесіп, оның зейінін қоршаған ортадағы заттар-
дың, яғни олардың аттарын атауға, олар қандай
мақсатта қолданылатыны және бұл заттар
қандай материалдардан жасалғаны туралы сұра-
ғаны жөн екенін логопед ата-аналарға айтуы
тиіс. Баланың сөздік қоры ауқымды әрі бай
болуы оның ойлау қабілетін терең етеді [6, 102
б.].
Мүлдем түсініксіз сөздерді ересектерден
сұрау керек екендігін кішкентай балаға үйретіп
қою керек. Кез келген балаларға арналған кітап-
тарда, яғни ата-аналары баласына оқып беретін
кітаптарда оған түсініксіз сөздер жиі кездеседі.
Сондықтан, бала түсінбеген сөзінің мағынасын
сұраса, оқылған мәтінді тек тыңдап қана қоймай,
оны терең ойлап, түсінгісі келеді деген тұжырым-
дамаға тоқталу қажет. Сөздік жұмыссыз, түсінбе-
ген сөздерін және сөз тіркестерін түсіндермейін-
ше кез келген кітап, соншалықты өте қызық кітап
болса да еш пайдасы болмайды [7, 25 б.].
Әрі қарай логопед баланың кітап мазмұнын
дұрыс әрі бірізділікпен айтып беруі, өзінің ойын
толық жеткіз алуы өте маңызды екенін айтады.
Бұл іскерлік те мектепке дейінгі кезеңде қалыпта-
суы керек.
Логопедиялық үгіт-насихат мақсатында ло-
гопед логопунктке тіркелген мектептерде жалпы
мектептік жиналыстарға қатысады. Бұл хабарла-
маға арналған материалдарды логопед өзінің
педагогикалық кеңестерде, әдістемелік бірлестік-
терде және ата-аналар жиналыстарында сөйле-
ген сөздерін таңдай алады.
Сонымен қатар, логопедиялық білімдерді
үгіттеу мақсатында, яғни логопед өзінің мектеп-
тегі орнын, мектептік білімдерді меңгерудегі
тілдік бұзылыстардың маңыздылығын, сонымен
қатар логопед мамандарға дер кезінде қаралу
қажеттігі туралы жалпы ақпараттар құралдарын
(журналдар, газеттер, радио, телебағдарлама-
лар) пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.
Логопед педагог ретінде өз жұмысының
шебері ғана болып қоймай, сонымен қоса ағарту-
шы да болуы керек, себебі ағартушылық іс-әре-
кет балалардағы сөйлеу тілінің бұзылыстарын
алдын алу (профилактикасы) бойынша жұмыс
болып табылады.
Бaлaның тiлдiк жүйeнi мeңгepyi oның нeгiзгi
пcихикaлық пpoцecтepiн қaйтa құpaды, cөйтiп, cөз
– пcихикaлық әpeкeттi қaлыптacтыpaтын күштi
фaктop peтiндe қoлдaнылaды. Oл зepдeнiң, ecтiң,
қиялдың, oйлay мeн әpeкeттiң жaңa түpлepiн
жacaп шығapaды. Бaлaның тiлдi тoлық мeңгepyi –
oның
қapым-қaтынacының
жoғapы
дeңгeйгe
көтepiлгeндiгiн көpceтeдi, oның жeкe тұлғacының
қaлыптacyынa жoл aшaды. Қopытa кeлгeндe, тiл
– әлeyмeттiк бeйiмдeлyдiң eң тaмaшa жoлы. Тiл
дaмытy жұмыcтapы бapлық caбaқтapдa өткiзiлуі
тиіс.