АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
189
бас көтеруі: «
Осы бейшаралар өмір бойы
баққан малының рахатын көре алмай- ақ қойды.
Қазақ малы қашан да қолды боп бұйдасынан
тізіліп, достың да, дұшпанның да жетегінде
кетіп жатады. Ісі оңалып ілгері баса ма деп
дәмеленетін тұсы мынау. Не қылса да бағы
жанбайтын таланы тастай халық. Еламан
қазақ жеріне кірген жау әскерінің қарамынан
жүрегі шошып тұр. Бұлармен соғыс оңай
болмайды. Айла-тәсілге салмасаң құр күшпен
ала алмайсың. т.б.>
Сонымен бірге психологиялық хронотопта
Еламанның ішкі өзгерісі, өзін-өзі ұстауы халық
мұңы, жағдайы, қамын
ойлауы негізінде жақсы
берілген. Сонда мұнда адамның ішкі қарама-
қайшы қалпы тек жай сөзбен емес, ішкі күйініші
арқылы көрсетілген. Мысалы,
Соры арылмаған
елім, - деп дыбысы бітіп, тұншыға сыбырлап , -
мал бағам деп, осы далада өзің де мал боп бара
жатырсың. .
Шығарманың
метафизикалық хронотопы
автордың сөз саптауы, ұлттық тіл,
ұлттық сана,
ұлттық әлем бейнесін тіл арқылы суреттеуге
негізделеді. Шығарманың метатілін қалыптасты-
ру арқылы уақыт пен кеңістікті үйлестіру негізінде
басты идеясы ашылады. Тірек сөздер ретінде
мыналарды мысалға келтіруге болады: «
Көлқора
табанына бір топ атты сау ете қалды.
Қонақ
шіркін, тек қонып кете ме. Мұсалдат боп
мойныңа міндетін арта келеді. ҚҰндақтаулы
бала пеш түбінде жатыр. Судыр Ахмет
ырымшыл болатын. т.б.».
Біз жоғарыда айтып кеткендей, адам өзінің
қызметінде
және
ой-санасында
«әлем
бейнесінің» аталған категорияларына сүйенеді,
соларды қабылдауына қарай әлеуметтік топтың
әрекеті және тұтас қоғамның дамуы қалып-та-
сады. Тіл арқылы көрініс тапқан мәдениеттің кон-
цептуальды және сезімдік құралдарын анықтау
оның болмысын жақсы қабылдауға мүмкіндік
береді, яғни белгілі бір тарихи кезеңдегі жеке
тұлғаның қалыптасуындағы шарттарды анықтау-
ға жол ашатыны белгілі. Адам «уақыт ұғымына»
сай өзі таңдау жасай алмайды,
оның кеңістіктік
және уақыттық ұғымдарын өзі тәуелді мәдениет,
орта анықтайды. Мәселен, «Қан мен тер» шығар-
масындағы Рай Алдаберген софыға дұрыс жауап
берсе немесе Алдаберген софы Райға кек
сақтап, Бөбек пен Рай туралы өсек таратпаса,
немесе Еламан Ақбалаға үйленбесе, Тәңірбер-
ген арасында кекшілдік тумас еді, немесе Қара-
тазбен жауласып, ол
тентек Шодырды Еламанға
айдап салмаса, Райдың өлімі орын алмас па еді,
осыдан кейін ол сонша қорлық көріп, айдалып,
соғысқа барып, жер көрмесе, сол арқылы халық
туралы пікір қалыптастырып, оның болашағын
анықтайтын Еламан өмірінде ауыр өзгеріс
болмас та еді,
яғни отбасының шырқы бұзылып,
қан мен тер төгуіне себеп болған. Осыдан «Геог-
рафия мен уақыттың араласуы тағдырды анық-
тайды» (И. Бродский) деп айтқандай, негізінен
қазіргі кезде қажетті уақытта қажетті орында
болған пайдалы десе, Еламанның кезінде Тентек
Шодыр уақыты мен кеңістігі оның тағдырын ауыр
жағдаймен шешті. Сонымен бірге Еламанның
жан дүниесіне жара салды.
Қорыта
айтарымыз,
«Қан
мен
тер»
романындағы хронотоп ұғымы тек шығарма
идеясын ашу үшін қызмет етпейді, сонымен бірге
белгілі бір уақыттағы және
белгілі бір кеңістіктегі
ұлттың болмысын көрсетеді және уақыт пен
кеңістік ұлттық әлем бейнесін анықтауға себепші
болады. Мұны «Қан мен тер» романы мен белгілі
бір қазіргі (ХХІ ғасыр) қазақ жазушылардың
шығармаларын салыстыра зерттеу негізінде
анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: