Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)
А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ КӨСЕМСӨЗДЕРІ ҺӘМ РУХАНИЯТ МӘСЕЛЕЛЕРІ Рақымжан Тұрысбек – ф.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Астана қ. Мақалада ұлт мақтанышы, ұстаз-ғалым А. Байтұрсыновтың ел жайын, руханият ісін кең көлемде қозғаған көкейкесті мәселелері сөз болады. Негізгі ұғымдар: азаттық, тәуелсіздік, елшілдік, қоғамшыл, ұлт мұраты, уақыт рухы. Алаштың қайраткер-қаламгерлері арасын-
да – Ахмет Байтұрсынұлы есімі мен еңбегі ел ал-
дында,ұлт руханиятында айрықша аталады [1].
Алаш мұратына жіті көз салсақ, А.Бай-тұр-
сынұлы мұрасы, оның ішінде көсемсөздері ерек-
ше маңызға ие екендігі айқын аңғарылады. Атап
айтқанда, «Қазақтың өкпесі», «Қазақтың бас ақы-
ны», «Қазақша оқу жайынан», «Оқу жайы»,
«Білім жарысы», «Қазақ һәм түрлі мәселелер»,
«Бастауыш мектеп», «Мектеп керектері» т.т. кө-
семсөздер
тақырып
әр
алуандылығымен,
қоғамдық һәм кезеңдік мәселелерді тап басып
көрсетумен, ел-жер, адам еңбегі мен өмір
тұрмыстарын сергек саралап, зерделі түйін-
тұжырымдар жасауымен мәнді болып табылады.
Қайсібір тақырып-мәселелерден елдік мұрат-
мүддені көздеу, адам өмірі мен еңбегіне маңыз
беру, білім-ғылым ісіне кең өріс ашу, жас ұрпақ
жайын тәлім-тәрбие тағылымдарымен табиғи
сабақтастықта
қарастыру-Алаш
ардақтысы
А.Байтұрсынұлының
асыл
мұраты,
басты
борыштарының бірі болатын-ды.
Қазақ
руханиятын
-
А.Байтұрсынұлы
қоғамдық, әлеуметтік һәм білім-ғылым ісіндегі
ерен
еңбектерімен
жан-жақты
байытты.
М.Әуезовше айтсақ: «Ақаң ашқан қазақ мектебі,
Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі
елшілдік ұран - «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ»
газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ
баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат