Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет5/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
5
жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, 
тарих ұмытпайтын істер болатын» [2]. 
Осы орайда, сөз жоқ А.Байтұрсынұлының 
көсемсөздері, ондағы ұлттық мұраттарға, елдік 
мәселелерге арналған ерен еңбектері қазіргі 
кезеңде де ұнамды үрдістермен сабақтастық 
табатынын айту абзал. Айталық, «Қазақтың 
өкпесі» - ел-жер тарихы мен тағылымының терең 
де тәлімді сырларын алға тартады. Халықтық 
қадір-қасиетіміз еркін көрініс береді. Озат та озық 
дәстүр өнегелеріміз, тәлімді тәжірибелеріміз 
көпке үлгі етіледі. Сөйте тұра, қазақ жері, оны 
игеру мен иемдену мәні, білім-ғылым ісі, өнер 
мұраты т.с.с. меңгеру мен дамытуға келгенде 
тым 
сылбыр 
да 
салғырт 
әрі 
бейқамдық 
байқалады. Өзгеге еліктеу, ілгері ұмтылысы да 
баяу, салғырт-ақ. Көсемсөзде осыған мән 
беріледі. Оның мән-жайын былай білдіреді: 
«Біздің заманымыз - өткен заманның баласы, 
келер 
заманның 
атасы. 
Атадан 
алған 
мирасымыздың 
жайы 
мағлұм, 
балаға 
бұл 
қалыпта тұрып не мирас қалдырмақпыз, оны 
болжауға да артық әулиелік қажет емес. Көп 
жұртта да ғылым, өнер кем, бәрі қарайлас, тең 
заманда қазақ та қалт-құлт етіп, өз алдына хан 
болып жүрді. Хандары да, халқы да ғылым, 
өнерді керек қылмаған. Бірімен бірі жауласып, 
басқа берекелі жұмыс ойланбаған. Өзге жұрттар 
ілгері басқанда, қазақ кері басқан... 
Қазақтың әлі күнге жерден қол үзбей 
отырғаны – жер қазыналық болғандықтан. Бүгін 
тойғанына мәз болып, ертеңгісін ұмытқан қазақ 
бүгін жерін сатып, тойып, ертең тентіреп кетер 
еді. Жер жалдаған қазақ аз ба? Жерді жалдаудан 
тартынбағандар, сатудан да тартынбайды... беті 
жаманның айнаға өкпелеуі жөн бе? Ниеті 
жаманның аллаға өкпелеуі жөн бе? Талап жоқ, 
үміт мол бір халықпыз... 
Ата жолдасы – надандық, өнерсіздік қазір 
қазақтан 
айрылатын 
емес. 
Надандықтың 
кесепаты әр жерде-ақ маңдайымызға тисе де, 
ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып
айрылмай-ақ келеміз. Олжалы жерде үлестен 
қағылғанымыз, 
жаралы 
жерде 
жолдан 
қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты» [3, c 
138 -140]. Бұл – ел-жер жайы, өмір шындығы, 
уақыт тынысы еді. 
Демек, «Қазақтың өкпесі» - халықтық 
қасиет, 
ұлттық 
дәстүр, 
елдік 
мұраттарды 
көздеумен қатар, қоғамда, өмір-тұрмыста кең
етек алған – бейқамдық пен салғырттық сырла-
рын кең көлемде ашады. Ел-жерге құрметтің тө-
мендеуі, 
адамдар 
қарым-қатынасындағы 
салқындық, еңбекке, өнер-білімге көзқарастың 
талап деңгейінен тым алшақтығы сын-мін 
ретінде айтылады. Автор: «Талап жоқ, үміт мол 
бір халықпыз» дегенді алға тарту арқылы әрекет 
етуге, еңбек көрігін қыздыруға, өркениетті елдер 
қатарына қосылуға бағыт-бағдар береді. Білім-
ғылым ісін ілгері дамытуға, өнер мұраттарына 
қызмет етуге мың сан мысал, деректер келтіреді. 
Келешек кілті, кемелділік кепілі – руханият 
өзегі:білім-ғылым мен көркемөнер екендігі басым 
бағыттар арқылы жүйелі жеткізіледі. 
Бұдан шығатын түйін: А.Байтұрсынұлы ел-
жер тарихы мен тағдырына, білім-ғылым ісі мен 
өнер тағлымдарына зор маңыз беріп, оны 
дамыту мен өркендетуге, қалтқысыз қызмет 
етуге айрықша әсер-ықпал жасайды. Ұлт пен 
ұрпақ қамына қамқор көңіл білдіреді. Ұлт мұраты 
мен 
оның 
басым 
бағыттарына, 
қымбат 
қазыналарына жіті назар аударады. Елдік 
мәселелер алдыңғы кезекке шығады. Ортақ 
мұраттар 
қозғалады.Руханияттың 
өріс-өресі 
айқындалады. 
«Қазақтың бас ақыны» - Абай Құнанбаев-
тың өмірі мен өнегесіне, шығармашылық мұрасы-
на арналады. Ақындық мұрат пен өнер тағлым-
дары кең көлемде сөз етіледі. Ұлттық сөз өнері – 
Абайдың ақындық мұрасымен, өмір- баяндық 
дереккөздерімен, отбасылық, өскен орта ерекше-
ліктерімен табиғи байланыста баяндалады. 
Автор алғашқы тұста: «1903-ші жылы қолыма 
Абай сөздері жазылған дәптер түсті. Оқып 
қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олар 
сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, 
көпке дейін босаңсып отырасың. Сөзі аз, 
мағынасы көп, терең... не нәрсе жайынан жазса 
да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын қасиетін 
қармай жазады...» десе [3, c 140-141], одан 
кейінгі кезеңдерде – Михаэлис, Гросс сынды 
оқымыстылармен кездесуі, үлгі-ғибрат алуы 
нанымды баяндалады. Абайдың ақындық өнері, 
өлеңге құрметі мен құштарлығы, талабы мен 
талғамы-ұлттық сөз өнеріне сүйіспеншілігінен 
туындап жатады. Абай өлеңі мен өнердегі – 
сөздің ажары мен шырайы, ойдың шеберлігі 
айрықша айтылады. Абай өлеңдеріндегі өмірдің 
өрнекті тұстары, адам әлемінің ішкі-сыртқы 
жайттары, жаңалық-жетістіктері-ақындық өнердің 
үздік үлгісі ретінде кеңінен көрсетіледі. Өнер 
мұратына маңыз беріледі. Ол жайлы: «Абайдың 
өлеңдері қазақтың басқа ақындарының өлеңінен 
үздік аралықтағы әр нәрсенің бергі жағын алмай, 
арғы асылынан қарап сөйлегендіктен. Басқа 
ақындардың 
сөзге 
шеберлігі 
шешендігі 
– 
Абайдан кем болмаса да, білімі кем болғандығы 
даусыз...
Абай, сөздің ажарына қарамай, сыпайылы-
ғына қарамай, әр нәрсенің бар қалыбын сол қал-
пынша дұрыс айтуды сүйген» деп жазады [3, c. 
146]. 
Ой түйінінде: «Абайды қазақ баласы тегіс 
танып, тегіс білуі керек» дейді. Абайдың ақындық 
өнерін, ондағы өнегелі, өрнекті сөздерін көпке 
үлгі ету,кең көлемде насихаттау баршаның ісі 
екенін де назарға алады. 
Мұның бәрі-баршасы, сайып келгенде – 
Абайдың ақындық өнерін жан-жақты танып-білу, 
оқып-үйрену, үлгі-өнеге ету болып табылады. 
Автор Абай өнерін, шығармашылық мұрасын кең 
көлемде сөз ету, тағылымды тұстарын баяндау 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет