Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет6/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
6
арқылы ондағы құнарлы ойға, көркемдік пен 
шеберлік сырларына қалың көптің назарын 
аудару. Сол арқылы ұлттың бас ақынының 
басым бағыттарын, сөз өнеріндегі орын-үлесі 
мен ерекшеліктерін жіті бақылап, сергек саралап, 
байыпты бағалайды. Абай әлемі бар қырынан 
айқара ашылып, ұлт мұраты мен ұрпақ қамы, 
келешек келбеті кеңінен көрініс береді. 
Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық мұратты 
ұлықтаған, елдік мәселелерге еркін бойлаған 
тұсы – білім-ғылым ісінен көрінеді. Бұл бағыттағы 
бірқатар 
көсемсөздерінен 
(«Қазақша 
оқу 
жайынан», «Оқу жайы», «Білім жарысы», «Білім 
жарысы 
хақында», 
«Оқыту 
жайынан», 
«Бастауыш мектеп», «Мектеп керектері»т.т) оқу-
ағарту ісінің алыс-жақын жерлердегі түрлі 
тәжірибелері, 
артық-кем 
тұстары, 
өзекті 
мәселелері 
тілге 
тиек 
етіледі. 
Мәселен, 
«Қазақша оқу жайынан» атты көсемсөзде оқу-
ағарту ісінің бастау көздері, бала оқыту мен жас 
ұрпақ тәрбиесі, мектеп пен мұғалім мәртебесі, 
оқулық пен қосымша құрал, бағдарлама т.т. 
келелі 
мәселелер 
нақты 
жағдайларға 
байланысты сөз болады. Автор алғашқы тұста 
бала 
оқытуға 
қатысты 
бағдар 
беретін 
– 
бағдарлама (жосық) жайын қозғайды. Елдегі 
ауыр ахуал, оқу-білімге көзқарастың төмендігі – 
бағдарламадан тыс әліппенің тапшылығынан, 
өзге де пәндер(есеп, дін, жағрафия, тарих т.т.) 
жолға қойылмағандықтан, оқу ісінің қиын тұстары 
бары көпке жария үлгіде жеткізіледі. Алдымен 
бала оқытатын кітаптар тізбесі жасалу қажеттілігі 
көрсетіледі. Оқу-білім ісі, жас ұрпақ тәрбиесі – 
оқулық һәм оқу құралдары төңірегінде кең өріс 
алады. Мақсаты мен маңызы айқындалады. 
Келесі назар аударарлық тұс – қайсы бір 
істі де білетін, келісті, шебер орындайтын адам 
туралы ойлар мен толғаныстар бүгінгі таңда да 
аса мәнді қалпында қалып отыр. Бала оқыту 
жайын айтқанда, мұғалім-адам жанын түсінетін, 
бала табиғатын танитын, көңіл сарайын ашатын 
ерекше тұлға болуын назарға салады. Мұғалім 
мәртебесі мен тұлғалық сипаты айқындалады.
Оқу ісінің – орысша өтетіні, молдалар 
арқылы жүзеге асатыны да негізгі назарда 
тұрады. Алуандылық пен әр қилылықтың қыр-
сыры ашылады. Ұлт тілін меңгеріп, оқып-білу 
арқылы орыс тілін үйрену керектігі де еске 
алынады. Мұның өзі көп тіл білудің мүмкіндігі мен 
қажеттілігін алға тартады. Бұл қазіргі кезеңде 
өмір шындығына айналып отыр.
Жас маман – мұғалімдерге үлкен үміт 
артады: «Жаңа жылдың оқуы жаңа оқып шыққан 
жас мұғалімдердің қолында. Бұлардың күштері 
тың, білімдері соны, пікірлері жаңа. Ниеті 
жұртына қызмет ету. Бұлар білгенін, тапқан-
таянғанын жұртынан аяп қалатын емес. Қазақтың 
бастауыш мектебін қолдарына алуға лайық 
адамдар әр жайдан хабардар: дүнияда не 
істеліп, 
не 
қалыпта 
тұрғанынан 
бұлардың 
мағлұматы мол» десе [3, c. 177], кемшілікті тұсы 
– дыбысты жақсы білмей – жаңа оқыту тәсілін 
жүзеге асыру қиынның қиыны, одан соң 
дыбыспен 
жаттықтырудың 
оқуды, 
жазуды 
жеңілдету ісінде берері мол екенін басшылыққа 
алу аса маңызды мәселе екені айрықша 
көрсетіледі. Нәтижесінде: «...мұғалім жақсы 
оқыта 
білген 
қазақ 
тіліндегі 
оқушыларды 
көбейтіп, оқу ісінің шапшаңырақ ілгері басуына 
күш берер еді» деген [3, c. 178] қорытындыға 
келеді.
Асылы, мұның бәрінен:
- жас ұрпақ тәрбиесі; 
- білім-ғылым ісінің мәңгілік сипаты; 
- мұғалім мәртебесінің биік өлшемі; 
- оқулық һәм оқу құралдарының рухани 
қайнар көздері барынша айқын, бедерлі мәнге ие 
болады. 
Мұның қазіргі кезеңде, әсіресе әлемдік 
бәсекеге қабілеттілік еселеп артқан тұста мән-
маңызы айрықша болып табылады. 
Білім-ғылым – қоғамның қуатты күші һәм 
қымбат қазыналар қатарына жататыны бұрынғы-
дан да бедерлі, айқын көрінеді.
Оқу-білімнің маңыз-мәні – «Оқу жайы» 
атты көсемсөзде әр бағытта байытылып, адам 
мен оның еңбегі арқылы кеңінен көрсетіледі. 
«Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жыл-
дардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың 
қолына көшпекші» деп [3, c. 178] оның мысал-
дерегі болмашыға бергені, келесі кезекте өзіне 
әлденеше есе зорайып, қымбатқа түсетінін, әр 
нәрсенің парқы-нарқы барын назарға алу арқылы 
оқу-білімнің маңызын ашады. Оның үстіне оқу-
білімнің дұрыс жолға қойылмағаны, оқу бағдар-
ламасы мен кітаптардың тапшылығы, мұғалім-
дердің өмір-тұрмысының төмендігі т.т. өмір, 
уақыт шындықтарымен сабақтастықта сөз еті-
леді. Оқу һәм оқыту ісі, қазақша һәм орысша оқу 
жайы да кезеңдік көріністермен байланысты өріс 
алады. Ортақ кемшілік ретінде төмендегі жайлар 
еске алынады: «Қазақтың шаруасына бір жақтан 
надандығынан кемшілік келгенде, екінші жақтан 
білімсіздігін көріп тұрғандар басынып, елдіктен, 
теңдіктен қалдырып, тиісті сыбағасына қиянат 
етіп тұрғаны санасы бар қазаққа ескерерлік іс 
еді. Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке 
жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол 
өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек, 
тұрмысымызды 
түзетіп, 
басқалардың 
аяқ 
астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызға 
бір жұрт екендігімізді білдірер едік» [3, c. 179].
Біздіңше, бұл тұстардан да оқу-білім, өнер 
мұраты терең танылады. Оқу-біліммен ерте 
қаруланған, оны өмір-тұрмыста, еңбекте басты 
нысана ету – қоғамнан өз орныңды адаспай 
тауып, басты мақсат жолында өрнекті ғұмыр 
кешуге алып келетін сара да даңғыл жолдардың 
бірі. Автордың әуелгі ұстанымынан – ұлттық 
мұрат, елдік мүдде жоғары көрінсе, оның өмірдегі 
көрінісі – білім-ғылым ісін жолға қою, өнер 
мұраттарына 
адалдық 
таныту, 
жас 
ұрпақ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет