АКТУАЛЬНЫЕПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 8
бөлісуді парыз санайды» [4, c. 108-109]. Оның
үстіне, жинақтап айтқанда: «Ахмет Байтұрсынов-
тың ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері са-
натында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық,
көрген азабы болашаққа сенген үміт-арманы –
баршасы осы ұлы миссияны орындауға, туған
халқы үшін қасық қаны қалғанша қалтқысыз
қызмет етуге арналған» [5, c. 29].
Алаш мұраты, өмірдегі қарыз-парыз да
осында емес пе?
Адамнан ардақты, еңбектен құрметті не
бар?
М. Горкий сөзін еске түсірсек: Адам
атанудан артық міндет жоқ...
Абайша айтсақ:
Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын.
Немесе:
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек...
Сайып келгенде, ақын-ағартушы, түрколог-
ғалым А.Байтұрсынұлының көсемсөздері:
- елдік мұрат-мүддеге негізделуімен қалың
көптің ортақ мақсаттарына қызмет етеді;
- ұлт руханиятының биік өлшемі – білім-
ғылым ісі бар асылдан да жоғары тұрады;
- оқу-білім, мектеп ісі – жас ұрпақтың өсіп-
есеюінің, арман-аңсарларын жүзеге асыратын
бірден-бір баспалдақ екендігі кең көлемде көрініс
береді;
- адамдық һәм азаматтықтың оңды да
ұнамды сипаттары – ақыл-парасат арқылы
жүзеге асатын білім нұры мен ғылымның
құндылық қырлары айқын аңғарылады;
- мектептің жүрегі, жас ұрпақтың тірегі –
мұғалім мәртебесі, руханияттың қайнар көзі –
кітап,
оқулық
хақындағы
ойлар
мен
толғаныстардан жауапкершілік жүгі, жанашырлық
белгісі, ұлттық мұратқа деген адамдықтың
шынайы
да
шындық
сырлары
самаладай
жарқырап, нұрлы да сәулелі сәттерін, мейірім
шуағын молынан түсіреді.
А. Байтұрсынұлы көсемсөздерінің елдік
мүддені негіз еткен, көпке ортақ мақсаттар мен
руханият ісіне табан тіреген тағылымды тұстары
осыған
келіп
саяды.
Бұдан-кеше-бүгін
байланысы, ортақ сабақтастық танылады.
Әдебиеттер: 1 Байтұрсынұлы А. – Қазақ әдебиеті
(Энциклопедиялық анықтамалық). – Алматы:
«Аруна», 2005. -112-113 бет; Байтұрсынұлы А. –
Қазақ әдебиетінің тарихы (10 томдық). – Алматы:
«Қазақ университеті», 2006. – 215-248 беттер;
Байтұрсынұлы А. – «Алаш» қозғалысы. –Алматы:
2008.
-55-58
беттер;
Ісімақова
А.
Алаш
әдебиеттануы. – Алматы: «Мектеп», 2009. -153-
208 бет.
2 Әуезов М. Ахаңның 50 жылдық тойы. –
М.Әуезовтің 50 томдық шығармалар жинағы, 2
том. – Алматы: 1998.
3 Байтұрсынұлы А. Маса. – Алматы:
«Раритет», 2005. -138-140 беттер.
4 Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ
беттері. – Алматы: «Білім», 1995. -108-109
беттер.
5 Нұрғали Р. Толғауы тоқсан қызыл тіл. –
Алматы: «Үш қиян», 2009. -29 бет.