Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет84/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   243
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
70
1956 жылдың ақыры мен 1957 жылдың 
басында Кеңестер Одағы мен Қытай елінің 
достығы бүлініп, 1958 жылдан бастап Қытай 
комуналасу 
науқанын 
бастайды. 
Әрі 
осы 
жылдардан бастап «ұлтшылдарға, оңшылдарға 
қарсы 
тұру 
қымылын 
жүргізеді. 
Кеңестер 
Одағының жұмыскерлер мұқтаждығы үшін «өз 
азаматтарымызды қайтарып аламыз» деген 
сылтауына орай, Қытай коммунистері ел ішіне 
жансыздарын кіргізіп, «қазақтар түгел көшкелі 
жатыр» деген дақбырт таратты. Қытай үкіметінің 
астыртын айтақтауымен жүз мыңдаған қазақ 
қопарыла көшті.
Маңдайынан соры арылмаған ұйғырлар 
мен қазақтар Шығыс түрік қағанаты быт-шыт 
болып ыдырағанда, көршілерімен сыйыспай, 
Сібірдегі 
Енисей, 
Байқал 
бойынан 
ауып, 
Тәңіртаудың 
күнгейіндегі 
осы 
Қашқария 
ойпатынан 
мекен 
тауыпты. 
Такламаканға 
ішкерілеп енбесе де, соның төңірегіндегі сулы–
нулы өңірлерді жағалай қоныстанған. Солтүстікте 
Ақсу, Күшар, шығыста Көрла, Қашқар, Жаркент, 
Хотан аймақтары қазір де ұйғырлар мен 
қазақтардың ұйықты мекендері. 
Бұл күнде жалғыз Тарым лагері ғана емес, 
бүкіл елді аштық жайлаған. Ішкі қытай өз алдына, 
ал Шыңжаң - өмірі ашаршылық дегенді білмейтін 
тоқ еді ғой. Осыны сезген ішкі Қытайдың аш-
аламан жұрты Шыңжаңға қарай шұбырғалы қай 
заман. Өкімет те соларды көптеп әкелу жағында 
болды. Қалың қытайды осылай қарай тарту үшін, 
«Шыңжаң дипаң - хау дипаң» деген ән де 
шығарған енді, міне, сол керемет жерді де ішер 
ас, киер киіске зар қып қойған түрі мынау. Егер 
Шыңжаңның бұрынғы табиғи қалпын сақтаса, 
ішкеріден ағылған келімсектерді де елемей 
көтеріп кетер еді. Бар пәлені бастаған - секіріп 
ілгерілеу, құр қолмен құрыш қорыту және ортақ 
қазанға телмірткен «халық коммунасы». Қазір 
Тарым аңғарын бойлай құрылған ондаған лагерь 
бар. Қаз-қатар тізбектеліп жатқан қылмыстылар 
мекені. Бұл да КСРО-дағы «Архипелаг ГУЛАГ-
тан», яғни «лагерлер тізбегінен» кем түспейді. 
Осында 
тұтқындардың 
еңбегімен 
Тарымды 
жағалай тоғандар қазылды. Бидай, жүгері, күріш 
егетін алқаптар пайда болды. Бір - біріне тұтасып 
жатқан 
плантация 
деуге 
болады. 
Егер 
тұтқындардың еңбегі өздеріне бұйырса, бұл 
лагерлер тоқшылықтан мелдектеп отырар еді. 
Бүлдірген-тағы 
сол 
жалаңтөс 
белсенділер. 
Солар жоғарыға жағыну үшін жалған мәлімет 
берді. Мөлшерден тыс міндетте қабылдап, оны 
«асыра орындауға» жанталасты. Сөйте-сөйте, 
Тарым да – адамдарды түзету орны ғана емес, 
ішкі Қытайды асырайтын сауын сиырға айналды 
[4, 3-4 б.]. 
Қытай үкіметіне қарсы шыққан кейінгі 
қалың толқын 1959-1960 жылдар құйылды. Бұлар 
- түгел дерлік ортақ қазанға телмірткен «халық 
коммунасына» наразы шаруалар. Әр аймақта 
бұрқ ете қалған коммунаға қарсы бұлғақтың ең 
ауқымдысы - Алтай қазақтарының көтерілісі еді. 
Баяғы Оспан батырдың дәстүрін ұмыта қоймаған 
ел түгелге жуық атқа қонып, қарулы қақтығысқа 
дейін 
барған. 
Әрине, 
көтеріліс 
күшпен 
жанышталды. Жүздеген адам қолға алынып, 
басшыларын Үрімшінің іргесі берік түрмесіне 
тоғытса, қосшыларын түгелімен Тарым лагеріне 
айдапты. Такламакан құмдарына қанша тұтқын 
келсе де сияды. Дегенмен, Алтай көтерілісі 
зәрелерін алса керек, ол аймақтан келгендерді 
бір жерге топтамай, әр әтіректе бестен-оннан 
бөліп жіберді. Соңғы екі-үш жылда саяси 
науқандар 
сәл 
толастап, 
Тарымға 
жол 
тартқандар сәл саябырсып қалып еді, сірә, ол да 
ұзаққа бармас. Өйткені, биыл көктемнен бері 
қазақтар қоныстанған солтүстік жақтан тағы бір 
бәлелі сөз шығып тұр. Әзірше анығын ешкім 
білмейді. Ел аузындағы қауесетке қарағанда, 
Тарбағатай 
аймағының 
шекараға 
жақын 
аудандары дүрк көтеріліп, Қазақстанға көшіп 
өткен көрінеді. Шәуешек қаласы төңірегімен 
түгел қозғалса, Шағантоғай ауданы тұтастай, 
мойны қашықтау Толы мен Дөрбілшін аудандары 
жартылай көшіпті. Көш енді біразға созылса, 
аймақта 
қазақ 
қалмағандай 
екен, 
бірінші 
мамырда шекара тарс жабылыпты. Көшіп 
өткендер соның өзінде аз емес деседі, жиыны 
200 мыңдай адам сөз байласқандай, небәрі 
жиырма күннің ішінде босып өте шыққан [5, 315 
б.]. 
Қытайда үй қамақта отырып, кіндік қаны 
тамған атамекені - Қазақстанға жетуді ақтық демі 
таусылғанша аңсап өткен диссидент жазушы 
Қажығұмар Шабданұлының дүниеден өткеніне 
жеті күн толғанда Алматыда жұртшылық өкілдері 
марқұмға құран бағыштап, ас берді. Көзінің 
тірісінде бірнеше рет сотталып, ұзақ жылдар 
бойы қытай түрмесінен өткен қазақ жазушысы 
Қажығұмар Шабданұлын еске алуға онымен бірге 
әйгілі Тарым лагерінің азабын көргендер, Қытай 
да онымен таныс–біліс болғандар, марқұмның 
Қазақстанда 
тұратын 
туыстары, 
ақын–
жазушылар мен өнер қайраткерлері, қоғамдық 
ұйымдар өкілдері мен журналистер көп жиналды. 
Қажекеңді 
күрескер, 
қайсар 
жазушы 
деп 
атаймыз, ал ол сонысы үшін азап тартқан шын 
мәніндегі азапкер жазушы еді. Қытай билігі оған
«халық жауы, қылмыскер» деген айдар тағып, 
соттады. Қажығұмар Шабданұлы 86 жасында бұл 
пәниден өтті. Бірақ оның көзі тірісінде аңсаған ең 
үлкен арманы орындалған жоқ - кіндік қаны 
тамған туған жерге жете алмай кетті. Елге 
оралуға 
жәрдемдесуді 
өтініп 
біздің 
елдің 
президентіне екі дүркін хат жазды, ол өтініш 
туралы «Қазақ әдебиеті» газеті де жариялады. 
Президенттің құлағына жетпеді, қолына тимеді 
деп айта алмаймын, мүмкін емес. Тиді, бірақ қол 
ұшын берген ешкім болмады, - деді жазушы 
Қабдеш Жұмаділов. Қабдеш Жұмаділов совет 
өкіметі тұсындағы ашаршылықтан бөтен елге бас 
сауғалаған қазақ отбасындағы баланың жат 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет