Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет85/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   243
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
71
жерге өсіп ержеткен соң атамекенге деген 
сағынышы Қажығұмар Шабданұлының алты 
томдық «Қылмыс» романына өзек болғанын атап 
өтті [6, 7-8 б.].
Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың ғасыр-
лар бойы аңсаған асқақ арманы еді. Сондықтан 
да, Тәуелсіздік -біз үшін көптен күткен ең 
қастерлі мереке. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, 
дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. 
Біртұтас азат ел болуды армандаған Алаш 
азаматтары осы жолда өз өмірлерін қиды. 
Олардың арман тілегі сол кездері жүзеге 
аспағанымен, ұлттық сананы оятуда үлкен рөл 
атқарды. Ал жалпысында Қазақстанға бұл 
тәуелсіздік онай жолмен келмегені бәрімізге 
белгілі, тарихқа көз жүгіртер болсақ, қазақ халқы 
тәуелсіздік жолында сан қилы қиыншылықтарды 
басынан өткерді. Өткен ғасырдың басында саны 
1,5 
миллиондай 
қандастарымыз 
Қытай, 
Монғолия, Ауғанстан, Түркия асты. Көптеген ұлт 
зиялылары репрессияға ұшырады. Ата-баба 
арманы бүгінгі күні шындыққа айналды. Аңсаған 
тәуелсіздігімізге 
қол 
жеткіздік. 
Алда 
сол 
тәуелсіздігіміздің 
20 
жылдығын 
тойлағалы 
отырмыз. Бұл мерекемізді шетелде жүрген 
қазақтар да атап өтуі керек [7, 7-8 б.].
ХХ 
ғасырдың 
ішіндегі 
Шыңжандағы 
қазақтардың көшін үш түрге бөлуге болады. 
Жалпы, көш 1894 жылдан басталды. Алғашында 
ру - руға бөлініп, Тибет жаққа қарай ығысқан 
екен. Үндістанға қарай, Тибет пен Шыңжанның 
арасына 1952 жылға дейінгі аралықта үш жүз 
мыңға жуық адам кетіпті. 1952 жылы зерттеу 
жүргізгенде үш жүз мыңнан қалғаны он-ақ мың 
екен. Үш жүз мың адам деген алпыс жылда өсім 
беру керек қой, соның көпшілігі қырылып кетті. 
Анамен 
соғысты, 
мынамен 
алысты. 
Ол 
бейшаралардың көпшілігінің сайда саны, қырда 
ізі де қалған жоқ. Туркияға кеткені өте аз. Мың 
адамға да жетпейді. Бұл көштің бір түрі ғана ғой. 
Осындай көшті басымыздан өткіздік қой. Мұны да 
«Бақытсыз көш» деп атады. Үшінші көште 
Қазақстанға қалай да бару керек деген идея 
тұрды ғой санада. 1954 жылы Кеңес Үкіметінің 
басшысы Хрущев шекараны ашып, олардың 
келуіне жағдай жасады. Төлқұжат алғандары 
бар, алмағандары бар, 1954 жылдан бастап, ел 
шекарадан бергі бетке өте бастады. 1954 
жылдан 1962 жылға дейін бес жүз мың адам өтті. 
Бір бөлігін Өзбекстанға, бір бөлігін Қырғызстанға, 
Тәжікстанға айдап жіберді. Қазақстанның түпкір-
түпкіріне лақтырды. Бірақ, барған жерінде көп 
тұрмай, байырғы Семей, Талдықорған, Алматы 
облысына қарай ішкі көштер басталып кетті. Бұл 
көште аз еңбек сіңірген жоқ. Ана жақта 1954 
жылы Тарбағатай облысының бастығы еді. 
Мүмкіндігінше бір қазақ болса да шекарадан 
өтсін деп көп күш жұмсады.
ХІХ 
ғасырдың 
өзінде 
әр 
аймақтағы 
қазақтардың басын біріктіру идеясы тұрған. 
Қытайда «үш отаудың» басым бір жерден 
шығару керек деген идея ұсынылды. «Үш отау» 
дегеніміз 
Қытайдағы, 
Монғолиядағы 
және 
Қазақстандағы қазақтар. Бұлардың бәрінің басын 
бір жерге тоғыстыру керек деген идея өте қиын 
шаруа еді. 1908 жылы болған халық санағы 
кезінде қазақтардың көпшілігі санаққа кіргісі 
келмей, одан қашқан. Жүз адамның сексені 
санақтың сыртында қалды. 1909 жылы Қытай 
Үкіметі Шығыс Түркістан халқын «бір жарым 
миллион» деп жариялады. Тарихшылардың 
дерегіне қарасақ, сол уақыттта Шығыс Түркістан 
халқының 
санағы 
дұрыс 
жүргізілмеді 
деп 
айтулары шындыққа жақын. Өйткені, әдет-
салт,діни-сенімдердің шырмауы көптеген күдік-
күмән туғызғандықтан санақ жүргізуді ол кезде 
қарапайым халық жақсылыққа жорымайтындығы 
табиғи құбылыс болуы анық. Осыдан кейінгі 
халық санағы араға жиырма жылдай уақыт 
салып 1926-1928 жылдары жүргізілді. Араға екі 
жыл салып, Қытай коммунистерінің қайта санақ 
алуларының себебі белгісіз. Осы жылдардағы 
жүргізген деректерге сәйкес Шығыс Түркістан 
халқының жалпы саны үш жары миллион деп 
жариялады. Сол кездердегі деректерде мына 
ұлттардың атын атап, халқының санын да 
көрсеткен: ұйғырлар - 1,7 миллион, қытайлар - 
525 мың, дүнгендер - 525 мың, қазақтар - 437 
мың, моңғолдар - 175 мың, манчьжурлар - 87 
мың [8, 11 б.]. Міне, осы көрсетілген деректе 
манчьжур тектес дағұр, сібе, солаң секілді ұлттар 
аталмаған, 
бұларды 
манчьжур 
ұлтының 
құрамына қосып жіберген. Сондай-ақ, қырғыз, 
татар, өзбек, тәжік ұлттары да санақтың ішінде 
жоқ. Бұларды ұйғыр мен қазақтардың ішіне 
қосқан осы санақтан байқағанымыз гоминдан 
империясының 
«шыбындары» 
мейілінше 
сапырылыстырып тастаған. 
Сол кездегі деректе Шығыс Түркістандағы 
қытайлар саны 525 мың деп көрсетілген. Мұны 
да кейінгі алынған мәліметтер қуаттамайды. 
Шығыс Түркістандағы қытайлар саны 1940 
жылдар ішінде 250 мың шамасында болды. 
Мұның өзі өте молайтып көрсетілген. Жалпы 
алғанда, мемлекеттің халық санағын жүргізуі - 
өте күрделі және қиын жұмыс. Ғылыми саяси 
жауапкершілігі де зор жұмыс. Осы тұрғыдан 
келгенде санақты жүргізушілерге де артатын кінә 
жоқ. Мұндағы басты саясат - «азсыңдар
сондықтан бізге бағынуларыңа тура келеді» 
дегенді меңзегендері. Қорыта келгенде, отар 
елдегі аз санды ұлттардың бүтін бір ұлт болып
мемлекет 
болып, 
мемлекет 
болып 
қалу 
мүмкіндігін жою, олардың санасынан ұлттық 
ұғым, өз ұлтына деген сүйіспеншілік, тарихына 
деген құрметтің бәрін өшіруге тырысты. 
Дүние жүзінде қазақ шамамен 14 миллион 
деп санаймыз. Сонда сыртта жүргені 4 жарым 
миллион деуге болады. Оның 1,5 миллиондайы 
Қытайда, 1,5 миллиондайы Өзбекстанда. Осы 
жылдар ішінде біздің қолдауымызбен келгендер 
650 мың қандасымыз, өз бетімен келгендерді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет