АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 69
родителями, поэтому в настоящее время актуа-
лизируется проблема разработки технологии
формирования эффективного родительства на
основе психолого-педагогического просвещения.
Литература: 1 Лихачев Б.Т. Педагогика: Курс лекций. –
М.: Прометей, 1992. – 528 с.
2 Гиппенрейтер Ю.Б. Общаться с ребен-
ком. Как? – Издание 3-е, исправленное и допол-
ненное – М.: «ЧеРо» при участии творческого
центра «Сфера», 2001. – 240 с.
3 Роджерс К.Р. Взгляд на психотерапию.
Становление человека. – М.: Прогресс, 1994. –
480 с.
4 Сатир В. Как строить себя и свою семью.
– М.: Педагогика – Пресс, 1992. – 192 с.
5 Пахальян В.Э. Психологические особен-
ности общения со взрослыми в старшем школь-
ном возрасте: автореферат дис…канд. психол.
наук. – М, 1981.
6 Хоментаускакс Г. Семья глазами ре-
бенка. – М.: РИПОЛ КЛАССИК, 2003. – 224 с.
ӘОЖ 94(574)
Қ. ЖҰМАДІЛОВТІҢ ҚАЗАҚ КӨШІНІҢ ТАРИХЫН ЖАЗУЫ Шаукенов Ж. А. - т.ғ.к., философия кафедрасының аға оқытушысы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Қабдеш Жұмаділов қытай қазақтарының өмірінде болған тарихи оқиғаларды, Шыңжаң қазақтарының бастарынан өткізген әр түрліқиын сәттерді шебер жеткізген. Қандастарымыздың тарихи отанын аңсап, ата жұртқа қоныс аударған қаракөздеріміздің жүріп өткен жолдарындағы бастарынан өткізген қиыншылықтарын жазушы сол қалпында өзгертпей жазған. Жазушының еңбегінде қазіргі шетелдерде жүрген бауырларымыздың бастарынан өткізіп жатқан тағдырларын, елге сағыныштарын, жалпы көші-қон мәселесін сөз көтерген. Негізгі ұғымдар: Шыңжан, қазақтар, Қытай, Шығыс Түркістан, көші-қон. Көш - қазақтың өмір салты, тіршілігі.
Қанатты құсқа көк жүзінде қалықтау, самғау
қандай жеңіл болса, қазақ үшін көшу де сондай.
Батыры мен биі, сұлтаны мен ханы өздерімен
бірге көшіп жүр. Қазан айын аяқтап, қараша туа
қыстауларына жетсе болды. Амал не, Жоңғар
шапқыншылығынан
кейін
қазақтың
қанаты
қырқылып, көш жолдары өзгеріп кетті. Олай
болатыны, ұзақ жылдар бойы оңтүстік аймақтар-
ды Жоңғар басып жатты да, Арқадағы ел солтүс-
тікке қыстап қалуға мәжбүр болды [1, 37-38 б.].
Шекара аттағанның бәрі періште емес.
Оралманның да түр - түрі бар. Оралман дегеніміз
- күні кеше бір елдің босағасында жанын жалдап
күн көрген бодан ғой. Бағынышты құлдарда
болатын жағымпаздық, сатқындық, жікшілдік,
рушылдық сияқты жағымсыз мінездер оларда да
жетіп - артылады. Әсіресе, Шыңжаң қазақтарын-
да қазір рушылдық дегеніңіз шешек атып, гүлде-
ніп тұр. Жазушы 1990 жылы араға отыз жыл са-
лып, Шыңжаңға барған сапарында «Көп жылдар
өткен соң» атты мақала жазған. Сол мақалада
Шыңжаң қазақтарының жеткен жетістіктерімен
бірге, кемшіліктерін де айта келіп, былай дегені
бар-ды: «Шыңжаңда бұрын да байқалмаған,
кейінгі кезде етек алған тағы бір дерт – рушыл-
дық. Мұнда да солай болыпты. Алдымен Керей,
Найман, Қызай болып, онан соң Алтай, Тарбаға-
тай, Құлжа деген жікке бөлініп, аға ұлттардан ар-
тылған азын-аулақ мансапты бөліске салуға кел-
генде, әр ауыл өз лағын текешік қоюға тырысып,
қатты қырқысады екен. Қазақтың бұл алауызды-
ғын жоғарғы ұлықтар білсе де білмеген болады.
Қайта реті келсе: «Өкіметке шын берілген, нағыз
отаншыл, сенімді ру сендерсіңдер. Өйткені,
сендер басқалар сияқты ешқайда ауа көшкен
жоқсыңдар» деп біреулерінің қолтықтарына дым
бүркіп, еліртіп қояды екен. Соған-ақ аңқау
ағайынның
танауы
шелектей
болып,
өзге
руларды мүйіздейтін көрінеді. Шыңжаң қазағы
қазір де сондағы қалпынан өзгеріп кетті деп айта
алмайды [2, 3-4 б.].
1962 жылғы сол көштің Қазақстан жеріне
өткен қазақтарға қандай бақыт әкелгенін өздері
біледі. Ал артта қалғандарын қытайлар тірідей
тозақтың отына күйдірді. Көштің соңғы пайдасы
қытайлар үшін оң шешімін тапты. Қазақтарды
жаныштап, ішкі өлкедегі қытайларды қазақтар
отырықтанған өңірге көптен кіргізу ойы жүзеге
асты. Артта қалғандарға алдын ала дайындап
қойған
«қос
жүрек»,
«шетке
байланған»,
«шетелдің мыс шегесі», «сатқын, шпион» тектес
дайын томағаларды кигізіп, білгенін істеді.
1956 жылы Шыңжан университетінде оқып
жүрген кезінде Қытай мен Кеңес үкіметінің
келісімі
бойынша
Алматыдағы
ҚазМУ-дің
филология факультетіне кеп түсіп, екі жыл
оқыған, 1958 жылы «шетелде оқып жатқан Қытай
студенттерін саяси жақтан шыңдау үшін» деген
желеумен Қытайға қайта келген Қабдештің бойы
«қуғын-сүргін» көрген ол 1962 жылы Қазақстанға
«Қажытай екеуі 150 мың кісіні бастап, шекарадан
өтіпті» [3,303б.].