Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсыноватындағы


Кесте 1 - ҚР банк секторы несие портфелінің сапасы



Pdf көрінісі
бет25/64
Дата10.01.2017
өлшемі11,62 Mb.
#1565
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64

Кесте 1 - ҚР банк секторы несие портфелінің сапасы 
 
Көрсеткіштердің атауы 
01.07.2014 
Негізгі борыш 
сомасы, млрд 
теңге 
Жиынтығына 
%-бен 
Банктік қарыздар, оның ішінде: 
14535,7 
100,0 
Негізгі борыш және есептелген сыйақы бойынша мерзімі 
өткен берешек жоқ қарыздар 
9157,6 
63,0 

СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА 
 
 
135
1 күннен 30 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар 
қарыздар 
472,8 
3,3 
31 күннен 60 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар 
қарыздар 
106,7 
0,7 
61 күннен 90 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар 
қарыздар 
113,1 
0,8 
90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар 
4685,5 
32,2 
ХҚЕС бойынша провизиялар 
5035,7 
34,6 
90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздарды 
ХҚЕС бойынша провизиялармен жабу коэффициенті 
107,5% 

 
ҚР екінші деңгейдегі банктерінің активтері 2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 17379 млрд 
теңге  (2014  жылдың  басында  –  15462  млрд  теңге),  2014  жылдың  басынан  бастап  өсу  –1  2,4%. 
Активтер  құрылымындағы  ең  көп  үлесті  (жиынтық  активтердің  63,1%-ы)  14536  млрд  теңге  сомадағы 
несие портфелі алады (2014 жылдың басында – 13348 млрд теңге), 2014 жылдың басынан бастап өсу 
8,9%  болды.Сонымен  қатар,  сурет  1–де  ҚР  банк  секторының  активтері  мен  несие  портфелінің 
динамикасы келтірілген. 
 
Cурет 1. ҚР банк секторының активтері мен несие портфелінің динамикасы [4] 
 
Жалпы  сурет  1-де  банк  секторының  әр  жылға  өсу  динамикасы  қарастырылған.  2008  жылы 
активтер  қатары  11684,6  млрд.  теңгені  құраса,  бұл  көрсеткіш  2014  жылы  17379,1  млрд.теңгені  құрай 
отырып, 5694,5 млрд.теңгеге артқан. Сонымен қатар, несие потрфелінің де ұлғаю көлемін аңғарамыз. 
Бүгінде  несие  портфелі  банктің  несиелік  саясатының  сапасы  туралы  пайымдауғы  және  есепті 
кезеңдегі  несиелік  қызметтің  нәтижесін  болжамдауға  мүмкіндік  беретін  анықтаушы  критерий  болып 
табылады.  Оны  қалыптастыру  кезінде  несие  тәуекелін  бағалауға  және  оны  төмендету  әдістеріне 
ерекше  көңіл  бөлу  керек.  Несие  портфелінің  сапасын  талдау  және  бағалау  банк  менеджерлеріне 
өздерінің несиелік операцияларын тиімді басқаруларына қызмет етеді.  
Несие  портфелін  басқаруды  ұйымдастыру  процесі  –  пайда  болатын  жағдайларға  байланысты 
ылғы қайталанып және өзгеріп отыратын циклдік және үзіліссіз процесс. Ұлттық банктің 2014 жылдың 
1 шілдесінің мәліметі бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар 34,6% құрайды, 
бұл  болашақта  1/3 міндеттемелердің  орындалмауын,  тіпті  банктер  үшін  негізгі  қаражат  көзі  клиенттік 
салымдар болғандықтан,бұл қосымша тәуекел болатынын көрсетеді.  
Коммерциялық банктер белгілі бір мемлекетте құрылмастан бұрын ол өзінің коммерциялық банк 
деп  танылу  кезінде,  яғни  банктік  қызметті  жүзеге  асыру  үшін  лицензия  алу  барысында  ол  сол 
мемлекеттің  Ұлттық  экономикасын  дамыту,  халықтың  әлеуметтік  жағдайын  жақсарту  мақсатында 
құрылуы  тиіс.  Бірақта  біздің  коммерциялық  банктер  бұл  жағдайды  ескермей  жүргені  қазіргі  кезде 
байқалуда.  Келесі  суретте  ҚР  банк  секторы  несие  портфелінің  және  90  күннен  астам  мерзімі  өткен 
берешегі бар қарыздарының динамикасы берілген.  
Cурет 2. ҚР банк секторы несие портфелінің және 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар 
қарыздарының динамикасы [4] 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
 
136
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бұл  Қазақстанымыздың  Ұлттық  банкінің  тарапынан  да  жөнді  қадағаланбай  жатқанының  себебі. 
Коммерциялық  банктеріміздің  бір  ғана  қолма  –  қол  ақшасыз  есеп  айырысу  кезіңдегі  халықтың 
қаржылық  қадағалау  комитетіне  түсірген  шағымдарын  қарастыратын  болсақ,  2011  жылы  мәлімет 
бойынша қолма – қол ақшасыз есеп айырысу кезіндегі шағымдар саны 2500-ды құраған екен, яғни, ол 
шағымдардың  50-ін  қарастыру  барысында,  оның  23-і  қолма-қол  ақшасыз  есеп  айырсу  барысындағы 
тарифтердің  жоғарылығына  қатысты  болса,  27-сі  төлем  карталарын  пайдалану  бойынша  орын  алған 
проблемаларды  қамтып  отыр.  Яғни,  шағымданушылар  банкоматтардан  ақшаның  дұрыс  берілмеуі, 
ақшаларды  заңсыз  ұстау,  банктік  шоттардағы  ақшаның  жоғалуы,  комиссиялық  қалулардың  жоғары 
болуы, әсіресе жалақы беру қызметтеріне қатысты бәсекелестіктің болуына қарамастан, тарифтердің 
жоғары деңгейі сақталуы секілді және т.б. проблемалар бар [5].  
Бұдан  шығатын  қорытынды  несие  беру  саясаты  мен  банктің  жалпы  жұмысын  қайтадан 
қарастыру  жөн.  Яғни  қатаңдату,  халыктың  каржылык  жагдайынын  нашарлануын  есепке  ала  отырып, 
қорландыру  саясатын,сыртқы  көздердін  артуы  керек.  Банктеріміздің  Ұлттық  экономиканы  соның 
ішіндегі  қарапайым  халықтың  мүддесінің  ескерілмей  жатқының  көрінісі  деп  түсінеміз.  Мұндай  банк 
саласындағы  келеңсіздіктерді  жою  үшін  мемлекеттің  тікелей  араласуы  міндеті  және  өз  кезегінде 
Ұлттық банктің де белсене араласып, тиімді жаңалықтарды енгізуі міндетті.  
 
Әдебиеттер: 
1. Мақыш С.Б. «Коммерциялық банк операциялары». - Алматы-2002ж. 
2. Деньги, кредит, банки. Учебник под ред. Колесникова В. – СПб: Питер-2001г. 
3. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша,несие,банктер». – Астана, 2009. 
4. 
www.afn.kz
 
5. 
www.kazks.kz
 
 
 
ӘОЖ 336.761 (574) 
 
ҚР ҚОР НАРЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 
 
Ахметқали Т.А. -  қаржы және банк ісі кафедрасының оқытушысы, А.Байтұрсынов атындығы 
Қостанай мемелекеттік университеті 
 
Бұл  мақалада  Қазақстан  қор  нарығының  негізгі  мәселелері  жалпы  сипатталып,  даму 
перспективалары көрсетілген. 
Негізгі  ұғымдар:  қор  биржасы,  қор  нарығы,  бағалы  қағаздар,  инвестициялар,  қаржылық 
ресурстардың құйылымы. 
 
Экономикалық  қатынастардың  тұрақтылығы  кез-келген  әр  елдің  қарқынды  дамуының  негізі 
болып  келеді.  Нарықтың  экономиканың  ғаламдануы  жағдайында  экономикалық  факторлардың 
өзгерістері  жалпы  Қазақстан  Республикасының  әлемдік  нарықтық  қатынастар  жүйесінде  бәсекеге 
қабілеттілігін сақтап тұруда өте маңызды болып табылады. 
Экономикалық  факторлардың  тербелістері  жағдайында  кез  келген  қаржы  нарығында  ақша 
қаражаттары  ағымын  меншік  иелерінен  қарыз  алушыларға  бағыттап  отыратын  қаржы  институттары 
негізгі  рөлді  атқарады.  Көптеген  әлеуметтік-экономикалық  процесстер  реттеліп,  оның  ішінде 
капиталдың  инвестициялануы  мен  халықтың  қаражаттырының  орталықтандырылуы  жататын  қаржы 
нарығы  қазіргі  экономика  дамуында  маңызды  рөл  атқарады.  Ал  бұл  қор  нарығының  қызмет  етуінің 
алғышарты  болып  табылады.  Қор  нарығы  арқылы  халықтың  бос  ақша  қаражаттарын  бағалы 
қағаздардарға  иныестицилауға  жұмылдыруға  ынталандыру  болып  табылады.  Экономикалық 

СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА 
 
 
137
факторлардың  теңгерімділігін  қамтамасыз  етуде  қор  нарығы  қызметінің  тиімді  жүргізілуі  үшін 
мемлекеттік деңгейде әсер беретін механизм қажет болды.  
Қазақстан  қор  нарығының  дамуына  халықтың  бос  ақша  қаражаттарын  жұмылдырып,  тартуда 
қаржылық делдалдардың арасында жоғары білікті мамандар санының артуы маңызды. Қор нарығына 
деген халықтың ғана емес, кәсіпорындардағы менеджерлердің де сенімі өте төмен болуы, олардың өз 
акцияларын  ашық  нарықта  сату-сатып  алу  операцияларын  жүргізуден  бас  тартуына,  сондай-ақ 
аталған процестің қосымша инвестиция көзі екендігіне сенімсіз қарайды.  
Экономикалық  факторлардың  жиі  өзгерістері  қазіргі  таңда  Қазақстан  қор  нарығын  дамыту 
мақсатында ұзақ мерзімді инчестициялық стратегия жасау қажеттілігін туындатты.  
Қор нарығы арқылы экономиканың нақты секторына қайта бөлінетін ресурстардың нақты үлесі, 
инвестициялық қорлардың Қазақстандағы әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу рөлі мен 
орны  толыққанды  анықталмаған.  Осыған  орай  экономикалық  факторлардың  өзгермелілігі 
шарттарында қор нарығының нақты тиімді қызмет ету моделін құруда, сонымен қатар, оның өзіне тән 
ерекшелітері  мен  инфрақұрылымы  туралы  сұрақтар  әлі  де  пікірталас  тудырады.  Қор  нарығына 
мемлекеттің  араласуы  анықталғанымен  де,  әлі  күнге  дейін  оның  нақты  механизмі  нақтыланбаған, 
сонымен  қатар,  Қазақстан  қор  нарығының  басқа  да  дамушы  мемлекеттер  арасында  бәсекеге 
қабілеттілігінің барлық мүмкіндіктері толық ашылмаған. Қазіргі уақытта Қазақстан қор нарығы бастапқы 
даму  деңгейінде  екенін  байқауға  болады.  Айтарлықтай  дамыған  заңнамалық  реттеу  мен  бастапқы 
институционалды  инфрақұрылым,  қор  нарығының  кәсіби  қатысушылар,  эмитенттер мен  инвесторлар 
бар,  қор  нарығының  классикалық  қаржы  құралдарының  негізгі  жиынтығы  даму  алған.  Бірақ  қор 
нарығының  халықаралық  деңгейдегі  бәсекеге  қабілеттілігі  мен  оның  халықаралық  капитал 
нарықтарына  сенімді  түрде  ықпалдасуын  қамтамасыз  ету  үшін  мемлекет  пен  қаржы  қауымдастығы 
тарапынан  қосымша  шаралар  қабылдануы  қажет.  Дегенмен  де,  қазіргі  таңда  қор  нарығының  қызмет 
етілуінің  тиімділігі  кез  келген  мемлекеттің  қаржы  жүйесінің  тұрақтылығын  сақтауда  маңызды  рөл 
атқарады.  Инфрақұрылымның  қалыптасуы  қор  нарығының  дамуымен  және  келісімдер  көлемінің 
өсуімен  параллельді  жүреді.  Сондықтан  сауда,  клиринг,  есеп  айрысулар  және  бағалы  қағаздарды 
ұсыну  жүйелері,  бағалы  қағаздар  нарығының  функциялануының  тиімділігін  жоғалтулар  мен 
келісімдердің 
дұрыс 
орындалмауын 
төмендету 
жолдарын 
жоғарлатуға 
алып 
келеді. 
Инфрақұрылымның жеке бір элементінің экономикалық тиімділігін бағалау үшін, кез-келген элементтің 
қызметі нәтижесінде пайда болатын үнемдеулерді өлшеу қажет.  
Айтып кеткендей, бағалы қағаздар нарығы қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып табылады, 
яғни  олар  өзіне  тәнинфрақұрылымы  бар  күрделі  экономикалық  қатынастар  саласы.  Егер  нарықтық 
механизм, өндіріс құралдарының нарығы,тұтынушы тауарлары, жұмыс күші, шикізат, қызмет, ақпарат 
және  қаржы  нарықтарының  бірігуі  негізінде  қызмет  етсе,  онда  ол  қоғамдық  ұдайы  өндіріс  процесінің 
тиімді реттеушісі болады [1].  
Қор нарығы капиталдарды экономика секторлары мен субъектілері арасында қайта бөлістірудің 
негізгі механизмі болып табылады және жалпы алғанда экономикаға өзінің елеулі әсерін тигізеді. 1991 
жылы  Қазақстан  өзінің  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін,  басқа  да  кеңестік  республика  елдері  секілді 
елімізде  экономикадағы  жаңа  қатынастарды  қалыптастыру  мен  бизнес-процесстерді  түпкілікті  қайта 
құруда  мәселелер  туындайды.  Соңғы  жылдар  ішінде  еліміздің  қор  нарығында  көрһптеген  өзгерістер 
болды. Тұрақты және мықты қаржы жүйесін құрадағы бағалы қағаздар нарығы әсерінің Қазақстан үшін 
маңызы  айдан  анық.  Осы  жағдайларды  білетін  еліміздің  басшылары  көңіл  бөлуде,  атап  айтқанда, 
президентіміз  Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің  сөздерінде  қор  нарығын  дамытудың  қажеттілігін  айтқан 
болатын.  
Қазақстан қор нарығы өзгерісті кезеңді бастан кешіруде, алайда алдағы уақытта, ол тиімді және 
дамыған  құрал  болуы  мүмкін.  Бұл  мақсаттарға  жету  мемлекеттің  елдегі  инвестициялық  ахуалды 
жақсарту, жаңа эмитенттердің санын көбейту, қаржылық, мемлекеттік, адами әлеуетті шоғырландыру 
және  кәсіби  тәжірибелерді  қолдану  бойынша  шараларды  жүзеге  асыруына  байланысты  мүмкін 
болады.  
Қазіргі  жаһандану  жағдайында  онсыз  инвестициялық  белсенділікті  жандандыру  мүмкін 
болмайтын қор нарығының қызмет етуі маңызды рөл атқарады. Елімізде соңғы жылдар ішінде тұрақты 
қызмет  етуші,  өзінің  қалыптасқан  қатысушылар  шеңбері  мен  инфрақұрылымы  бар  қор  нарығы 
қалыптасты.  Бірақта  әлі  осы  күнге  дейін  аталған  жетістіктерге  қарамастан  нарық  өзінің  толыққанды 
қызметін  атқара  алмауда.  Яғни,  қор  нарығының  негізгі  міндеті  болып  боғалы  қағаздар  арқылы  ақша 
құралдарын  шоғырландырып,  оларды  инвестицияларға  жүзеге  асырудан  тұрады.  Инвестициялау 
негізінен  қор  нарығының  маңызды  қызметі  және  бұл  нарық  бағалы  қағаздардың  еркін  айналымын 
процесіндегі құнын реттейтін жай ғана табиғи нарықтық механизм ғана емес, нарықтық экономикадағы 
инвестициялық  механизмнің  ерекше  формасы.  Қор  нарығының  көмегімен  экономика  салалары 
арасында  капитал  қозғалысы  жүреді,  яғни  бос  ақша  құралдары  бар  тұлғалар  өз  капиталын  сақтау 
және көбейту мақсатында инвестициялауды жүргізсе, ол қаражаттарға мұқтаж тұлғалар өзінің бағалы 
қағаздарын шығара отырып, өзіне қажетті ақша құралдарын тарта алады. Қор нарығы өзіне жүктелген 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
 
138
міндеттерді  тиімді  атқаруы  үшін  тиісінше  оның  инфрақұрылымы,  қор  нарығында  қызмет  ететін 
маманданған ұйымдардың болуы қажет.  
Әлемдік  тәжірибе  көрсеткендей,  инвестицияларды  қор  нарығы,  яғни  бағалы  қағаздар  шығару 
арқылы  тарту  тиімді  болар  еді.Бірақ  елімізде  қор  нарығының  инвестициялық  процесіне  әсер  ету 
деңгейі  төмен,  яғни  көптеген  отандық  кәсіпорындардың  қор  нарығын  инвестицияларды  тартудың 
құралы  ретінде  қарамауы  себебіен  болып  отыр.  Қор  нарығының  жағдайын  қарастыра  отырып,  оның 
кемшіліктеріне,  сапалы  қаржы  құралдарының  тапшылығына,  акция  мен  облигация  нарықтарының 
төменділігіне, туынды қаржы құралдары нарығының дамымауына тоқталған жөн. 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  өз  жолдауында:  «Отандық  қор  нарығын  жұмыс  істеуге 
мәжбүрлеп, ол 2020 жылы ТМД мен Орталық Азиядағы ислам банкингінің өңірлік орталығына айналуы 
және  Азиядағы  жетекші  қаржы  орталықтарының  ондығына  енуі  тиіс»  деген  болатын.  Осы  тұрғыдан 
Қазақстан  үшін  отандық  қор  нарығын  дамыту  бойынша  пәрменді  қадамдар  жасайтын  уақыт  жетті. 
Қазіргі  уақытта  қор  нарығының  жағдайына  талдау  жүргізу  және  де  нарықтың  дамуын  тежеп  отырған 
мәселелерді қарастыру өзекті болып отыр [2].  
Бүгінгі таңда еліміздің қор нарығының жай-күйін сипаттайтын негізгі индикатор ол Қазақстан қор 
биржасы  (KASE)  болып  табылады.  Айналымында  акциялар,  корпоративтік  облигациялар,  Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары 
мен  шетелдік  мемлекеттік  бағалы  қағаздар,  вексельдер,  мемлекеттік  және  корпоративтік  бағалы 
қағаздармен  автоматтық  және  тікелей  репо  инструменттері,  шетел  валютасы  бар  Орталық  Азияның 
ең  ірі,  әмбебап,  ұйымдастырылған  қаржы  нарығының  операторы  болып  табылады.  Қазақстан  қор 
биржасының  стратегиялық  мақсаты  болып  әлемдік  инвесторларға  қауіп-қатері  төмен  әр  түрлі  қаржы 
инструменттерін жетілген халықаралық тәжірибеге сәйкес сатып, сапалы қосымша биржа қызметтерін 
пайдалануға  мүмкіндік  беретін,  жетекші  өңірлік  қаржы  орталығы  ретінде  қалыптасу.  Қазақстан 
Республикасының  қор  биржасын  дамыту  қазіргі  заман  талабына  сай,  мәселен  бағалы  қағаздар 
нарығы  арқылы  жеке,  заңды  тұлғалар  өздеріне  капитал  құра  алады  және  белгілі  бір  пайда  табудың 
жолы, ал, мемлекет үшін бюджет қорын толтыру мен ақша айналымын реттеу болып табылады. 
Бағалы  қағаздардың  инвесторлары  үшін  жалпы  мәселе  ресурс  салымдарына  нақты 
құралдарының  жоқтығы.  Қазақстан  экономикасының  ерекшелігі  болып  кәсіпорындар  дамуын 
қаржыландыру үшін негізінен өз меншік құралдары есебінен және де екінші деңгейлі банктерден алған 
несиелері  есебінен  жүзеге  асыруы  табылады.  Бұл өз  кезегінде  қор  нарығы  қатысушыларының  төмен 
болуына  және  сәйкесінше  нарықтың  төмен  капитализациялануына  әкеледі.  Кәсіпорындардың  көп 
бөлігі  өз  өндірісін  кеңейту  үшін  қор  нарығын  өз  қаржы  ресурстарын  толықтыру  көзі  ретінде 
қарастырмауда.  Қазақстан  қор  нарығында  компанияны  бақылауда  сақтау  үшін  ірі  акционерлер 
компанияның  акциясының  үлкен  бөлігін  сатып  алатын  жағдай  орын  алуда.  Әрі  қарай  ол  акциялар 
сатылмайды. Халықтың бос құралдары, формасында инвестициялық ресурстардың үлкен потенциалы 
қолданылмайды. Осылайша, қазіргі қор нарығында қаржы құралдарының саны мен сапсы шектеулі.  
Қазақстан  қор  нарығының  дамуын  тежеп  отырған  кедергілерді  құқықтық,  әкімшілік  және 
экономикалық  кедергілер  деп  топтастыруымызға  болады.  Соңғы  уақытқа  дейін  еліміздің  қор 
нарығының  дамуын  тежеп  отырған  негізгі  мәселелер  ол  құқықтық-нормативтік  базаның  жетілмеуі 
болып  табылады,  дәлірек  айтатын  болсақ,  бағалы қағаздар  нарығындағы  заңдылық  инвесторлардың 
құқықтары  мен  қызығушылықтарын  қорғауды  қамтамасыз  ету  мәселелерін  толық  ашпады.  Сонымен 
бірге,  эмитенттердің  қор  нарығына  шығуға  деген  қызығушылығының  төмендігі  болды.  Оның  себебі 
эмитенттердің  бағалы  қағаздарын  орналастыруға  листингтік  талаптың  жоғары  болуы,  аудит 
шығындары секілді мәселелері.  
Сондай  ақ  елімізде  қор  нарығының  дамуын  тежеп  отырған  басты  фактор  ол  халықтың  көп 
бөлігінің  өмір  сүру  деңгейінің  төмен  болуы.  Халықтың  акция  мен  облигация  сатып  алуынан  басқа 
олардың  күнделікті  тұрмыс-тіршілігінің  мәселелері  толғандырады.  Ол  дегеніміз  қор  нарығының 
белсенді  қатысушысы  бола  алатын  орта  тап  азаматтарының  төмен  пайызы  болып  табылады.  Одан 
басқа халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігін айтуға болады.  
Қазақстан  қор  нарығында  мәселелер  мен  кездесіп  отырған  қиыншылықтарға  қарамастан, 
нарықтың  даму  болашағы  бар.  Өйткені  ел  экономикасында  соңғы  жылдары  маңызды  сандық  және 
сапалық  өзгерістер  орын  алды.  Атап  айтатын  болсақ,  жетекші  рейтингтік  агенттіктердің 
республикамыздағы инвестициялық жағдайдың тұрақты екендігін айқындалуы [3].  
Қолдағы  бос  ақша  қаражаттарды  отандық  қор  нарығына  тартатын  болса  ол  экономикаға  да 
тиімді. Өйткені, қор нарығында ақшаны отандық компаниялардың акциясына салады, соның жұмысын 
жандандыруға өз үлесін қосады. Олар сонда шетелден инвестиция тартпайды немесе банктен несие 
алмайды.  Бағдарламаға  қатысқан  елдің  қарапайым  тұрғыны  үшін  тиімділігі  –  акциялар  арқылы 
компанияларды басқаруға қатысуға мүмкіндік алатындығына, сол сияқты акция дивидендінен, сондай-
ақ нарықтағы қағаз құнының өсуінен пайда алуға болатындағында. Сонымен бірге акцияларды иелену 
қатысушы  компаниялардың  ашықтығын  және  ондағы  корпоративті  басқару  деңгейін  көтеруге 
көмектеседі. Тағы  да  бір  мәселе  қор  нарығына  қатысушылардың  аздығы  және  сол  қатысушылардың 
өз қызметі жайлы жарияламауы деуге болады. Сол себептен де қор нарығы дамымай жатқан болар. 
Қазіргі  жағдайда  отандық  бағалы  қағаздар  нырығының  өзекті  мәселелері  болып  Қазақстан  қор 

СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА 
 
 
139
биржасындағы  қаржылық  құралдардың  тапшылығы.  Бағалы  қағаздар  нарығы  ел  экономикасы 
дамуының  маңызды  бағыттарының  бірі  болып  табылады.  Дамыған  мемлекеттердің  бағалы  қағаздар 
нарығы аясында Қазақстанның акциялар нарығы әлі де жете дамымаған. Бағалы қағаздар нарығының 
ең басты мәселелерінің бірі – акционерлік қоғамдардың көп болуына қарамастан, акциялардың еркін 
айналыста  жоқтығы.  Кәсіпорындардың  акциялары  негізінен  ірі  инвесторлардың  бақылау  пакетінде 
шоғырланған,  ал  бұл  инвесторлар  кәсіпорындарды  бақылауынан  шығарғысы  келмейтіні  анық. 
Сондықтан  да  акциялардың  шектеулі  саны  ғана  айналыста  жүреді,  бұл  жағдай  қор  нарығының  өз 
қызметін белсенді жүргізуіне кедергі жасайды [4].  
Қазақстандық  бағалы  қағаздар  нарығын  дамытудың  басым  бағыттары  деп  төмендегілерді 
айтуға болады: 
- инвестициялау мүмкіндіктерін одан әрі кеңейте түсу; 
-  қазақстандық  акциялар  мен  мемлекеттік  емес  облигациялардың  сапасы мен  тартымдылығын 
жоғарылату; 
-  инвестициялаудың  ұжымдық  формалары  арқылы  халықтың  жинақтарын  нақты  экономикаға 
тарту тетіктерін құру. 
- бағалы қағаздар нарығына қатысушылар қызметін бақылау жүйесін дамыту. 
Сонымен,  жоғарыда  айтын  кеткендей  қор  нарығы  қаржы  нарығының  құрамдас  бөлігі  болып 
келеді.  Оның  пайда  болуы  мен  дамуы  шаруашылық  қызметті  кеңейту  жағдайында  инвестициялық 
ресурстарды тарту қажеттіліктерінің өсуімен тікелей байланысты.  
Сонымен қатар, Қазақстан қор нарығы тек қана жергілікті инвесторлардың ресурстары есебінен 
дами  алмайды.  Осыған  байланысты,  жергілікті  нарыққа  қазақстандық  қор  нарығын  дамытуға 
әрекеттендіретін  халықаралық  инвесторлардың  капиталдарын  тарту  маңызды.  Қазіргі  таңда, 
инвесторлар  көп  жағдайларда  тікелей  салымдарға  қызығушылық  танытады,  Қазіргі  таңда 
экономиканы қор нарығы арқылы реттеу керектігін мойындау уақыты жетті, себебі қор нарығы барлық 
нарық  субъектілерінің  қаржы  ресурстарының  экономиканың  болашағы  бар  салаларына  тиімді 
құйылымын қамтамасыз ете алады.  
Қазақстан қор нарығы жергілікті инвесторлар ресурстарымен ғана дами алмайды, ол жеткіліксіз. 
Осыған  байланысты  жергілікті  нарыққа  Қазақстан  қор  нарығын  дамытуға  мүмкінді  беретін  сыртқы 
инвесторларды  тарту  маңызды  болуда.  Қор  нарығына  жеке  капиталды  келуді  ынталандыру  үшін 
инвесторларды  эмитенттер  жайлы  барлық  керек  мағлұматтармен  қамтамасыз  ететін  қор  нарығын 
құраушы аналитикалық және ақпараттық деңгейді жоғарылату қажет. 
 
Әдебиеттер: 
1.  Утеев  Б.Ж.  Қазақстан  Республикасы  қор  нарығын  реттеудің  негізгі  бағыттары  //Вестник 
университтета «Қайнар», 2011 - № 3/1. – С.48-51. 
2.  Бимендиева  Л.А,.  Еркебаев  Б.Х.  Қазақстан  қор  нарығы:  қазіргі  жағдайы  мен  даму  болашағы 
//Вестник КазНУ, 2014.- №2. - C.35-40. 
3. Утеев Б.Ж. Әлемдік және Қазақстан қор нарығы //Вестник КазНУ, 2013. - №4. - C.85-91. 
4.  Супугалиева  Г.И.  Қазақстан  Республикасындағы  бағалы  қағаздар  нарығының  кейбір 
мәселелері //Финансовый менеджмент, 2008. - №12. - С. 8-11. 
 
УДК 339.9 
 
АНАЛИЗ ВНЕШНЕЙ ТОРГОВЛИ
  
РОССИЙСКОЙ ФЕДЕРАЦИИ И РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН В 2004-2013 ГГ. 
 
Балынин  И.В.  -    аспирант  кафедры  «Государственные  и  муниципальные  финансы»  Финан-
сового университета при Правительстве Российской Федерации, РФ, г. Москва 
 
В  статье  представлены  результаты  анализа  внешней  торговли  Российской  Федерации  и 
Республики  Казахстан  в  разрезе  экспорта  и  импорта  в  2004-2013  гг.  Дана  оценка  перспективам 
развития  социально-экономического  сотрудничества  в  контексте  взаимодействия  в  рамках 
Евразийского экономического союза.  
Ключевые слова: евразийский экономический союз, внешняя торговля, экспорт, импорт. 
 
В  настоящее  время  решение  многих  экономических  и  социальных  вопросов  невозможно  без 
взаимного  сотрудничества  между  государствами.  Огромное  значение  для  формирования 
долгосрочных партнерских  отношений  между  государствами  имеет  развитие  торговых  отношений.  В 
связи с этим целесообразно изучить объемы внешней торговли Российской Федерации и Республики 
Казахстан.  Для  этого  используем  официальные  данные  Федеральной  службы  государственной 
статистики за период с 2004 по 2013 гг. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет