Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалар әдебиеті пәні бойынша дәріс жинағы



бет7/19
Дата21.10.2022
өлшемі174,61 Kb.
#44708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Тәрбие көзі бесіктен,
Ата балаға сыншы,
Ұлы жаман болса, көршінің мазақ еткені,
Есер баладан ерке бала жаман,
Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман, т.б.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле деп ескертеді.


Оқу, білім, еңбеккке байланысты:
Оқу инемен құдық қазғандай,
Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы,
Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде қайтарсын,
Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез,
Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Талап қылмай, мұратқа жетпессің, т.б.


Тазалыққа байланысты: Халық өз ұрпағының дұрыс өсуін ең алдымен «Денсаулық – зор байлық» деп баланың денсаулығын ойлап, денің сау болған кезде арманыңа жетесің деген.
Дені саудың – тәні сау,
Шынықсаң, шымыр боласың,
Тазалық – саулық негізі,
Ішің ауырса, аузыңды тый, т.б.
Осының бәріндегі негізгі ой – саулық, тазалық, ұқыптылық дей келе, «ұқыптының тоны тозбас, ұқыпсыздың ісі оңбас» деп ескерту айтады.
Мақал мен мәтелдер көбінесе сабырлы салмақты ырғақпен, өлеңдік өрнекпен де шешендік тілмен, қара сөзбен нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері.
Мақал, негізінен екі бөлімнен құралады. Бірінші бөлімде пайымдау екінші бөлімде ой қорытындысы айтылады. («Еңбек етсең, емесің»). Тура мағынада («Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»), ауыспалы мағынада («От жақпаған үй қорамен тең, адам кірмеген үй моламен тең») қолданылатын мақалдарды, көбінесе халық шығарған. Жыраулар мен ақындар, ел басылары, батырлар, зиялы адамдар шығарған (авторы белгілі) мақалдар мен мәтелдер де баршылық.
Мәтелдер, негізінен, тұжырымы тұспалдау, өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады («Өлең — сөздің патшасы»), «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда»), т. б.
Мәтелдер де тура мағынада («Қадіріңді білгенге жұмса») және ауыспалы мағынада («Тікен гүлін қорғайды») айтылады.
Қазақ халқы — сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне парықтап пайдалану — дәстүрге айналған. Әсіресе, қариялар мақалдап, маңызды сөйлеуді — борышым деп санайды. Мақалсыз, мағынасыз сөйлеген қарт адамның сөзінің қадірі шамалы сияқты көрінеді.
Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті, инабаттылықты қамтиды. Мысалы,
Туған жер, Отан туралы:
Туған жерге туыңды тік,
Ит туған жеріне,
Ер туған жеріне.
Өз үйім — өлең төсегім
Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Отан — оттан да ыстық.


Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер:
Өжет адам өлімді жеңеді.
Ер бір өледі,
Қорқақ мың өледі.
Қару күшті емес,
Қару ұстаған күшті.
Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бүктір.
Қара бет болып қашқаннан,
Қайрат көрсетіп өлген артық.


Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер:
Өнерлі өрге жүзеді.
Өнерді үйрен де, жирен.
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
Өнерліге өлім жоқ
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.


Төрт түлікке байланысты мақал-мәтелдер:
Қойдың сүті — қорғасын,
Қойды соққан оңбасын
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
Ееі кеткен ешкі жияр,
Ешкісімен есін жияр.
Нар жолында жүк қалмас.
Екі аяқтыда бажа тату,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет