Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалар әдебиеті пәні бойынша дәріс жинағы



бет16/19
Дата21.10.2022
өлшемі174,61 Kb.
#44708
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Балалар әдебиеті - 1-7 лекция

Қосымша әдебиеттер


Бердібаев Р. Эпос – ел қазынасы. –Алматы,1996.
Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология.-Алматы,1987.
Ғабдуллин М, Сыдықов Қ. Қазақ халқының батырлық жыры.-А.,
1972.
Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.-Алматы,1973.
Сейтжанұлы З. Тарихи эпос.-Алматы,1994.
Рақымов Б.С. Тарихи жырлар тағлымы. Қарағанды,1999.
Рақымов Б.С. Эпостану негіздері.-Қарағанды,2000.
6-дәріс (2 сағат)
XIX ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті
Махамбет поэзиясындағы патриоттық рух
Ы.Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы
Қазақ балалар әдебиетіндегі Абай шығармаларының тәрбиелік мәні

6.1 Махамбет поэзиясындағы патриоттық рух


ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті – өзінің мазмұны мен идеясы жағынан біраз ілгерілеген, әлеуметтік беті айқындала бастаған әдебиет. Бұл кез әдебиетінде дәуір көрінісі айқын бейнеленді. Заман сыры жан-жақты ашылды. Әлеуметтік теңсіздіктер, қоғамдық қайшылықтар жырланды. Жаңа дәуір поэзиясының алдыңғы қатарлы өкілдері заманы ұсынған жаңа талаптарға сай, әділетсіздікке қарсы батыл күрес идеяларын қолдады. Қазақ поэзиясында жаңа бір өршіл сарын пайда болды. Жаңа пафосты ерлік идеядағы күресшіл поэзия бой көрсетті. Бұл, сайып келгенде, өзіне дейінгі батырлар жыры дәстүрінің жаңарған тың түрі. ХІХ ғасыр ақындары өзінің жаңа идеяларын поэзияның бұрынғы дәстүрлі үлгі формаларында жырлады. Осылардың ішінде, ХІХ ғасыр поэзиясын кең өріске көтерген жанрлары деп арнау, толғау, айтыс формаларын ерекше атап көрсеткен орынды. Бұрынғы дәстүрлі формалардың өзі жаңа идеяны жырлау үстінде біраз жаңғырады, жетіледі. Мысалы, Махамбет толғаулары өзінің екпінділігімен, ырғақтылығымен өзгешеленіп, толғау формасын идея жағынан да, түр жағынан да жаңартты деп айтуға болады. Өмірінің соңғы кезеңін қуғында өткізген ақын көңіл-күй лирикасының озық үлгілерін туғызды. Ақын жырларынан оның қасіретке бөленген мұңды жаны танылады. Махамбет қазақ лирикасын сапалық және көркемдік жаңа бір белеске көшірді.


Қазақстанның батыс аймағында, әсіресе, Еділ, Жайық, Нарын, Тайсойған, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз өңірінде ол кезде ел арасына белгілі ақын, жыраулар аз емес-ті. Олардың көбі өздеріне дейінгі жыраулар мұрасы мен батырлық жырларды ел арасына таратып, елдік, ерлік дәстүрді насихаттаушылар еді. Олар әділетсіздікке отаршылдық саясатқа қарсы еді. Исатай, Махамбет көтерілісінің жеңіске жетуіне жан-тәнімен тілектес болатын. Бірақ олардың бәрі де белсене шығып, көтеріліске араласып кете алмады. Тіпті, көтеріліс сапында болған Шернияздың өзі де дәл Махамбеттей көтеріліс жаршысы бола алған жоқ.
Әр уақытта да әділетсіздікке қарсы шығу үшіні өлім мен бейнеттен сескенбейтін жалынды жүрек керек еді, жан-тәнімен, ой-санасымен берілген берік сенім керек еді. Тек Махамбет дәуірінде ғана емес, одан бұрынғы, одан кейінгі замандардың бәрінде де әділетті жақтап, жалғандық пен жауыздықты әшкерелеу тек ерлердің қолынан ғана келген. Махамбетке әсер еткен жағдайлардың бірі – Қазақстанның батыс аймағындағы ақын, жыраулардың дәстүрлі әдеби ортасы, олар жырлап таратқан ерлік жырлар. Махамбет Шалкиіз, Асан, Сыпыра, Доспанбет, Қазтуған сияқты жыраулар мұрасын жақсы білген. Демек, туа біткен талант, әлеуметтік теңсіздікті сезіну, әдеби орта әсері сияқты жағдайлар Махамбеттің ақын болып қалыптасуына ықпал еткен. Махамбет поэзиясы – жауынгерлік поэзияның, жыраулық өнердің үздік үлгісі. Махамбет шығармаларында көтеріліс тарихы жатыр.
Махамбеттің кейбір өлеңдері ХХ ғасыр басында қазақ ақындарының жинақтарына енді. 1908 жылы «Мұрат ақынның Ғұмар қажыға айтқаны» деген жинаққа (Қазан) Махамбеттің жүз жолдан астам өлеңі енген. Махамбет толғауларының кейбір үзінділері 1910 жылы «Шайыр» (1910) жинағында да басылған. 1925 жылы «Исатай-Махамбет кітабында (Ташкент), 1926 жылы «Аламан» жинағында, «Жаңа мектеп», «Сәуле» журналдарында Махамбет өлеңдері түгелге жақын жарияланды және Исатай көтерілісі туралы мәліметтер басылды. Кейбір газеттерде осы қозғалыстың тарихи мәні баяндалып, мақалалар жарияланды. Халел Досмұхамедұлы Махамбет өмірбаянын тұңғыш рет берді. Махамбеттің шығармашылығы, көтеріліс себептері мен сабақтары туралы жазды.
Көтеріліс басшыларының бірі, жалынды ақын Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Еділ, Жайық арасындағы Нарын құмында, Бекетай деген жерде дүниеге келген. Бір өлеңінде «Өтемістен туған он едік, онымыз атқа мінгенде, жер қайысқан қол едік»,– дейді (Тоқтамыс, Бекмұханбет, Махамбет, Исмайыл, Досмайыл, Қожахмет (Ахмет), Әйіп, Хасен, Сүлеймен, Ибрайым). Махамбет жасынан батыр, балуан, мерген, домбырашы, ақын атанады.
Халықтың айтуына қарағанда, Махамбет арқалы күйші, композитор болған. Қазіргі домбырашылар Махамбет күйлері деп орындап жүрген күйлер («Өкініш», «Қайран, Нарын», «Жұмыр қылыш», «Жорық», «Ақтабан», «Тарлан», «Шілтерлі терезе», т.б.) бар. Махамбеттің жаза білгені, орысша, мұсылманша сауатты адам болғаны туралы деректі материалдар да бар екені мәлім. Қалың еңбекші қауымның ортасында өскен ол бұқара халықтың зары мен мұңын жақсы білді. Жігіт шағында хан ордасы маңында болып өктем орта сырын терең түсінді.

6.2 Ы.Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы


Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы Затобол ауданында туып өсті. Қостанай өңірінде белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленеді, 9 жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет еткен белгілі Шығыс зерттеушісі Григорьевтен сабақ алды. Оның үйінде жиі болып кітапханасынан кітатар оқиды. Мектепті үздік бітірген ол 1857-59 жылдары арасында өз атасы Балғожа бидің песірі (қағаз көшіруші) болады, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепте мұғалім болып келеді. Осы кезден бастап оның ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Ол ел-елді аралап мектеп ашуға қаражат жинайды. 1864 жылы қаңтардың 8 жұлдызында жұрттың күткен мектебі ашылады.


Ыбырай – көрнекті ақын, талантты жазушы. Оның қаламынан бойындағы тамаша талабын танытатындай туындылыр туды. Ұлы педагог ақын өзінің өлеңдері арқылы оқудың, білімнің маңызын түсіндіріп, надандыққа қарсы шықты. Ол қазақ балаларын білімге баулып, олардан болашақтың иелерін даярлауды бірінші мақсатым деп санады.
Өнер, білім – бәрі де
Оқуменен табылар,– деп жар салды. Қазақ балаларына оқыған адамның қараңғылықтан құтылып, дүниенің шырағын жағып, ілгері нық басатынын ескертті. Өнерлі, білімді адамдарды надандарға қарсы қойып, айырмашылығын бейнелейді.
Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жылда әзер хат таныса, Ыбырайдың оқушылары небәрі үш айдың ішінде хат танитын.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері Ушинский, Руссо, Каменский, Толстой, т.б. гуманистік идеяларын басшылыққа алады.
Ыбырай Алтынсариннің көзқарастарынан бүкіләлемдік тәлім-тәрбиенің алатын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі класстық мектептердің меңгерушісіне жазған нұсқау хатында ол «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлау тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оөушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді...»
Ы.Алтынсарин демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шыығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер дасрлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды.
Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген Аллтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді.
Алтынсарин қазақ тілінде кітаптар жазды, оларды халық арасына тарату арқылы ғана дін ықпалынан бірте-бірте бәсеңдеуге мүмкіндік туады деп түсінді. «Мәселенің мәнді жері – деп жазды ол, - қазақтарға татар фнанатизмінің ыөпалын тигізбеу - қазақтардың білім алуына оның кесірін тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздерін таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек, ол кітаптарды жұрт оларды бірден қолға лапы оқиды, бұл кітаптар, татар кітаптарымен қатар зор күш болар еді». Ұлан-байтақ қазақ даласында дінияуи мектептер ашу, балаларды өз ана тілінде оқыту – оның басты арманы болатын. 
Ұзақ жылдар бойы бізде «Ыбырай орыс алфавитінің қазақ тілінде негізін салушы» деген жаңсақ пікір уағыздалып келді.
Батыс Сібір генерал-губернаторының 1876 жылы Ішкі істер министріне жолдаған жолдамасында «...Торғай облыстық халық мектебінің инспекторы Алтынсарирн өзі орыс алфавитін қодланып қазақтардың халық өлеңін маған әкеп тапсырды.... Біз орыс алфавитімен қазақ грамматикасын жасауымыз керек... Бұл жұмыс Ильминскийге тапсырылды» деп хабарлауынан қазақтар үшін орыс алфавитін алғаш рет жасаушы Ильминский болғаны, ал оны тәжірибеде тұңғыш қолданушы Ыбырай екені аңғарылады.
Ы.Алтынсариннің ағартушылық саласындағы мақсат мүдделерінің іске асуына оның 1879 жылы Торғай облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалуы және бұл қызметте өмірінің соңғы минутына дейін үздіксіз он жыл табандылықпен еңбек етуі үлкен пайдасын тиігзді. Инспекторлық жұмысқа кіріскен соң ол дүниеауи мектептерді ашуды қолға алды. Ол оқытушы кадрларын даярдау мәселесін де қолға алды. Оның ұсынысы бойынша 1888 жылы көкек айында Ор қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Мұғалімдер даярлау ісімен қатар оларға керекті оқу-әдістемелік құралдарын жазу мәселесімен де шұғылданды. Оның ұсынуымен орыс-қазақ училищелерінде К.Д.Ушинскийдің «Балалар дүниесі», Л.Н.Толстой «Әліппе және оқу кітабы», Ф.Бунаковтың «Әліппесі мен құралы», Тихомировтың «Грамматикалық элементарлық курсы» оқу құралы ретінде пайдаланылды. Орыс педагогтарының үлгісімен орыс-қазақ мектептеріне арнап Ы.Алтынсариннің өзі екі оқу құралын «Қазақ хрестоматиясын» (1889) және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастуыш құраоын» (1889) жазып, бұларды қазақ-орыс мектептеріне төлтума оқулық ретінде ұсынды. Мәселен, «Хрестоматияға» ол қазақ халқының ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін, балаларға арналған нақыл әңгімелер мен өлеңдерді, орыс жазушылары Крылов, Толстой, т.б. әңгімелері мен мысал өлеңдерін аударып енгізді. Алтынсарин өз хрестоматиясының екінші бөлімінде жаратылыстану, жағрапия, тарих, физика, сондай-ақ техника саласынан түсінік беруді көздейтінін айтқан еді. Бірақ ол кітабы осы кезге дейін табылмай келеді.
Ы.Алтынсарин оқыту әдісі мәселелеріне де ерекше мән берді. Өзінің А.А.Мазюхин, Ф.Д.Соколов, Ғ.Балғымбаев, т.б. мұғалімдерге жазған хаттарында балаларға тиянақты білім беру, оқыту өмірімен байланыстыру, оқыту әдістерін жетілдіру жайында көптеген ақыл-кеңестер берді.
Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту ісіндегі тағы бір ерен еңбегі қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесін қолға алуында еді. Ол осы мәселеге ерекше мән беріп, қолөнер, ауыл шаруашылық училищелерін ашуға көп күш жұмсады. Көп ұзамай Торғай қолөнер училищесі ұйымдастырылып, өзі қайтыс боларының алдында Қостанайда ашылғалы отырған ауыл шаруашылығы училищесінде өзінің қора жайын беретіні туралы өсиет қалдырды. Қазақ қыздарын оқытып-тәрбиелей ісіне де жол ашқан Алтынсарин еді. Ол Ырғызда қазақ қыздарына арнап жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқының өмірінде орасан өор маңызды трихи оқиға болды. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін ашуды өтінді. Оның бұл ұсынысы өзі қайтыс болған соң екі жылдан кейін жүзеге асты. 
Ы.Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдение көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді. Ол Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында: «Қазақ даласын үш жыл аралығында қазақтар тапқыр, ақылды, қабілетті, бірақ білімсіз халық екен дегеніңіз әбден дұрыс. Қазақтарды оқыту бастықтардың ойына да кіріп шықпайды, бекіністерде училищелер сладуан гөрі үйінің онсыз да қып-қызыл шатырын сылауды, онсыз да аппақ қабырғаларын ағартуды артық санайды»-деп жазды.
Ы.Алтынсарин өз замамнының ақыл-ойшылы, ірі қоғам қайраткері. Оның жарқын бейнесі мен іс-әрекетінен қазақ халқының мәдени-экономикалық дамуын, қазақтың ұлт болып бірігуін, жаппай сауатты, мәдениетті, оқыған ел болуын көксегенін біртуар асыл азаматты көреміз. Ыбырайдың бұл арманы Қазан, кейіннен қазақ топырағында толық іске асып, салтанат құрып отыр.
Ы.Алтынсарин өлеңдері. Ы.Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы – «Қазақ хрестоматиясы» автордың айқын ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңімен ашылды. Ақын бұл шығармаларын хрестоматияның өз кезіндегі басылуында «Сөз басы» деген атпен кітаптың алғашқы бетінде жариялаған еді. Қазіргі кезде олар «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» деген атаулармен айтылып, жұртшылық ұғымына әбден сіңісіп кеткен. Ыбырай бұл өлеңдерінде қазақ жастарын білім алуға, мәдениеттің жаңа дәстүрін батыл меңгеруге шақырды.
Өлеңдерінің ұрандық, жаңалыққа шақырушылық қасиеттерінің басым болуы да осыған байланысты. Бұл шығармаларын кітаптың алғашқы беттерінде жариялай отырып, ол оқушының назарын бірден кітаптағы негізгі мәселеге – халық ағарту мәселесіне аударуды көздеді. Сол себепті бұл екі өлеңді кітаптың бүкіл өзекті мәселесі мен мақсатын өз оқушысына бірден танытсын деп «сөз басы» деп берді. Шындығында да, олар «Қазақ хрестоматиясы» сияқты кітап үшін тамаша сөз басы еді, бұл екі шығарма осы күйінде қазақтың ғылым-білім дүниесіне қарай аттаған бірнеше жас ұрпағына абзал қызмет етті.
«Кел, балалар, оқылық». Ыбырай өлеңдерінің ішіндегі ең кең тарағаны да – «Кел, балалар, оқылық!». Бұл – балаларға үгіт ретінде жазылған, оларды оқуға, өнер үйренуге шақырған, өнер-білімнің пайдасын түсіндіретін өлең. Бұл өлең кеңес дәуірінде балаларға арналған оқулықтар мен оқу құралдарының бәрінде де үздіксіз басылып келді және қазіргі кезең оқулықтарында да басылуда. Бұл – аталмыш өлеңнің уақыт талабына жауап бере отырып, әр дәуір ұрпағын тәрбиелеуге үн қосып келе жатқандығының айғағы.»Кел, балалар, оқылық!» өлеңі – түгелдей Ыбырай өмір сүрген дәуірдің рухына, шындығына толы.
Автор өзінің негізгі идеясын оқушыға қазақ тұрмысындағы белгілі жағдайлар арқылы жеткізуді көздейді. Атап айтқанда, ол қазақ даласында кең етек алған мал байлығы мен қазақтар үшін әлі де қолға түспей отырған білім байлығын қатар салыстыра келіп, малдың «жұтқа» ұшырауы сияқты қазақ өміріндегі кесір-кердең апаттарды суреттейді, білімсіз, еңбексіз табылған байлықтың баянсыздығын ұғындырады, мал шаруашылығының дала тұрмысында күн көрудің бірден-бір көзі болып отырғанын қынжыла, ашына бейнелейді.
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңі ұлттық шеңберде, қазақ қоғамындағы мәселелердің төңірегінде жазылған, идеялық бағыты мен негізгі тақырыбы жағынан мәдениетті елдердің ағартушыларының осы саладағы еңбектерімен үндес те үзеңгілес шығарма болды.
«Өнер-білім бар жұрттар». Ыбырайдың «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңі «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің жалғасы тәрізді. Екі шығарманың да мазмұны мен идеялық мақсаты жағынан біртұтастығы осы пікірді растай түседі. Ыбырай хрестоматияның өз кезіндегі басылымдарында бұл екі өлеңді сол себепті де бір-бірінен бөлмей жариялаған болатын. Сөйтіп, кітаптың бірінші бетінің өзі Ыбырайдың әдеби және ағартушылық еңбектерінің идеялық жағынан бір-бірімен тығыз байланыста туғанын және айқын халықтық мақсатта дүниеге келгенін білдіреді.
Ы.Алтынсаринның табиғат лирикасы. Ыбырайдың бірлі-жарым өлеңдері табиғаттың сұлу көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай лирикалық өлеңдер қазақ әдебиетінде Ыбырайға дейін жөнді кездеспейтін еді. Оның «Жаз», «Өзен» өлеңдері кезінде қазақ әдебиетіне жаңалық болып қосылды. Адам өмірі табиғат аясынан тыс болмақ емес. Бірақ Ыбырайға дейінгі қазақ ақындары табиғатты өз алдына тақырып жасап, бөлек жырлауды дәстүр етпеген еді. Ыбырай мен Абай қазақ әдебиетінде жыл мезгілдерін өз алдына тақырып етіп жырлаған жаңашыл лирик ақындар болды.
Ыбырай мен Абайдың табиғат көрінісіне айрықша көңіл аударып оны шабытпен жырлауы кездейсоқ емес. Мұнда біраз заңдылық бар сияқты. Ең алдымен, бұл арада Абай мен Ыбырайдың идеялық бағыты жағынан озықтығын, соның нәтижесінде олардың эстетикалық сезімінің тереңдігін айтуымыз қажет, екіншіден, олардың орыс әдебиеті классиктері Пушкин мен Лермонтовтың осы тақырыптағы шығармаларынан үйреніп үлгі алғандықтарын көрсету қажет. Шын мәніндегі пейзаждық лириканы Ыбырай жасады. Ыбырай табиғат лирикасын туғызған кезде оның алдында даяр үлгі – орыс әдебиеті мен батыс поэзиясы бар еді. Ақын оны шебер меңгерді және оған өзіндік талғаммен қарады. Ол табиғатты адам өмірімен байланыстыра жырлаған Байрон, Пушкин, Лермонтов сияқты ақындарды үлгі тұтты. Сөйтіп, ол әрі мәнді, әрі сұлу суретті табиғат лирикасын жасады. Ыбырайдың табиғат туралы өлеңдері бастан-аяқ адам тіршілігіне байланысты. Ақынның бұл өлеңдері реалистік суреттерімен ерекшеленеді.
Ыбырайдың «Жаз», «Өзен» өлеңдері халықтың 11 буынды қара өлеңнің ұйқасы негізінде жазылған және сөздік қолданысы, негізгі мәселені суретеуі жағынан да халық өлеңдеріне ұқсас. Ыбырайдың бұл шығармалары осындай өткірлік, көркемдік қасиеттерінің арқасында халық аузында да кеңінен тарап, өздерінің бүкіл ерекшеліктерімен халық талабына толық үндесті. Соның нәтижесінде олар ХІХ ғасырдың аяқ кезінде авторы белгісізденіп, мүлде халықтық шығармалар болып кетті. Бірақ соның өзінде бастапқы түрін толық сақтады. Орыс оқымыстылары И.Лаптев пен Д. Львовичтің қазақ ауыз әдебиетінен жинаған материалдарында осы шығармалар кездеседі. Олардағы текстілердің хрестоматияның 1879 жылы басылуындағы негізгі текстілерден мүлдем айырмашылығы жоқ. Осы бір фактының өзі «Жаз», «Өзен» өлеңдерінің көркемдік қасиеттерін айтпай-ақ танытады. Өйткені нашар шығарманы халық жаттамайды да, таратпайды да, ал таратқан күннің өзінде үлкен өзгеріске ұшыратады, өңдейді, сөйтіп өзіндік шығарма етіп жібереді. Ал «Өзен» мен «Жаз» мұндай халге ұшыраған жоқ. Ыбырайдың «Балқожа бидің баласына жазған хаты», «Бұл кім?» «Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен», «Әділдік көрмегені үшін бір төреге айтылған сөз» , «Әй, достарым!» деген өлеңдері де бар.
Қазақтың алдына өнері ілгері елдердің мәдени табыстарын көлденең тартып, сол елдердің техникалық жетістіктері – оқудың жемісі. Оқыған адамға дүние кең, өмір сүру жеңіл, өйткені білімді адам от пен суды өзіне қызмет еткізеді; дүниенің рақаты – мәдениетті өмір, жақсы тұрмыс, салтанат – бәрі де өнер арқылы қол жеткен табыс. Біз де қарап жатпалық, басқа елдер жеткен өнерге ұмтылып, соған қол созайық деп жастарды өнерге үндейді.
Желкілдеп шыққан көк шөптей,
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа,
Ұмтылыңыз қалыспай.
Ыбырай қазақ әдебиетінің тарихында мәдениетті прозашы ретінде де елеулі орын алады. Ыбырай әңгімелерін үш топқа бөлуге болады: оның бірі – новелла, екіншісі – ауыз әдебиетінде қалыптасқан ертегі-аңыз үлгісіндегі әңгіме, үшіншісі – шағын көлемдегі мысал үлгісіндегі өнеге сөздер. Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз кезеңінің келелі мәселелерін қамтиды. Әділдікке, ізгілікке, адамгершілікке, талаптылыққа, өнерпаздыққа, тапқырлыққа, еңбекке, тазалыққа, білімділікке, жомарттыққа, зеректікке, кәсіпқорлыққа, достыққа шақырады.
Балаларға ақыл айтып, ой салмайтын оның бір де бір әңгімесі жоқ. Жалпы оның әңгімелері дидактикалық прозаның жарқын үлгілері. Еңбек тақырыбындағы «Өрмекші, құмырысқа, қарлығаш», «Бай мен жарлы баласы», «Дүние қалай етсең табылады», «Байлық», «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Кигіз үй мен ағаш үй», т.б. әңгімелері өзінің өнегелігі мен образдылығымен ерекше мәнді тәлім берер күші мол көркем шығармалар. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде баланы ұшқан құс, түрлі жәндіктердің тіршілігімен таныстырады. Олардың әрекеттерін мысал етіп, балаларды еңбекті сүюге тәрбиелейді.
«Байлық» деген әңгімесінде ерте кездегі бір дана адам өлер алдында балаларына: «Шырағым, жер астында көмген көп қазынам бар. Соны қазып алсаң, қарның аш болмас, киімсіз болмассың»,– дейді. Әлгі бала әкесі өлген соң ертелі-кеш үйінің маңын қаза беріпті. Бірақ көмілген мол қазынаны еш жерден таба алмапты. Ақыры көпті көрген бір қарт адамға келіп, әкесінің өсиеті туралы айтады. Сонда қария тұрып: «Балам сен әкеңнің өсиетін түсінбеген екенсің. Оның мәнісі былай: әкең саған мирасқа жер қалдырыпты. Сол жерді күшің жеткеніңше күтіп, егін егіп, күз тұқым шашып еңбек етсең, уақытында өнімін шашпай жинап алсаң, көп байлыққа душар боласың. Аш та, жалаңаш та болмайсың. Байлық жерде, еңбекте дегені еді ғой ол»,– депті. Әкесінің өсиетін баласы сонда ғана түсініп, іске кірісіпті.
Ыбырай – болашақ ұрпақтың өнерлі, талапты болғанын аңсаған балалар әдебиетінің атасы.
6.3. Қазақ балалар әдебиетіндегі Абай шығармаларының тәрбиелік мәні


Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен қатар ұлы ойшылы. Оның поэтикалық шығармалары мен «ғалия» сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық, педагогикалық ой пікірлерге толы.
Ұлы ағартушы Абай өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамымн ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдып, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдына жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы бодлы.
Оқудағы мақсат халыққа адал ету деп ұқты:
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге – 
деп жастарды білім – ғылымды меңгеруге шақырды.
Ұлы ойшыл адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбие рөліне тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарына қослады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді» -деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсыжәне жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті жақсы мінезге; сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты жаман мінез деп есептейді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңмен өзің есеп ал»-дейді. Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқтлады. Абай: «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық»-дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді. Абай адам мәнезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»-деді. 
Абай үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан мәселелері қай қоғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз. Абай махаббат мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, жастарды жұбайлық өмірге үлкен жауапкершілік сезіммен қарауға шақырады. Өзінің «Жігіттер, ойын арзан күлкі қымбат» деген өлеңінде:
Жасаулы деп, малды деп байдан алма, 
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма, - 
деп жігіттердің жар таңдау мәселесіне тоқталып, қазақтың «Аяғына көріп асын іш, анасын көріп қызын ал» деген мақалына орай тәрбиелі жақсы ананың перзентін малды болмаса да бағала, өмірлік жодласты дұрыс таңдай біл дегенді айтады. Сөйтіп отбасы өмірдің этикасын, ерлі-зайыптылардың бір-бірімен сыйласымды өмір сүруін ескерте келіп, күнделікті тіршілікте кездесетін қисындық атаулыны қол ұстаса отырып жеңе білуге жастардың әзір болуын талап етеді.
Ақын отбасылық әдет-ғұрыпта ерсі қылықтарды қатты сынады. Ол әйел қауымның намысты қастерлеуін, қылығымен сүйкімді болуын, үй ішінде жұлдыздай жайнап жүруін қалады. Ал кейбір жас әйелдердің үй іші шаруасына қабілетсіз күйректігін, тіпті өзінің бас-аяғына қарауға да мән бермейтін, салдыр-салақ болып жүретінініне кейіс білдірді. 
Сайып келгенде Абай бозбала мен бойжеткенді жұбайылық өмірге баулуды мына мәселелерге баса назар аударады: адам өмірінің сыңары, бір бүтіннің жартысы болатын өмір серік жар таңдауда тәрбиелі, ақылы ажарына сай, еңбек сүйгіш адамгершілігі мол, таза жүректі адаммен бас қосқан абзал екендігі; жастық шақ – адам өмірінің ең қызық, жауапты, мағыналы шағы, оның басты ерекшелігі: алданғыш көңіл, албырт сезім, сенгіш жүрек, батыл әрекет, қызыққа құмар, қызылға өш өткінші дәурен екендігі; астық шақта отбасын құру, білім алу, еңбек қаректіне төселу қажетін, бұл –адамшылықтың басталу шағы екенін, оны қалайда дұрыс бастау қажет болатыны; отбасын құру бақыты екі адамның тілек-мүддесінің бірлігі, жастар өз бақытының қожасы, мұны берік дәстүрге айналдыру олардың өз қолдарында екендігі.
Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол... жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүниежүзілік педагогика классиктері Ж.Руссо, Д.Дидро, И.Кант, т.б. орыстың ұлы ойшыл педагогтары: Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинскийдің ағартушылық ой-пікірлермен терең қабысып жатыр.
Абай өлеңдері. Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Интернатта оқып жүр» т.б. өлеңдері қазақ балаларына арналған және сүйіп оқитын туындыларының бірі болып табылады. Ұлы ақынның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген өлеңі оқу-білім, өнер тақырыбына жазылған өлеңдерінің ішіндегі ең алғашқысы.
«Ғылым таппай мақтанба» (1886). Көлемі 77 жол. Ақын жастар алдына міндет-талаптар қояды. Ең ардақты мақсатың – ғылымды меңгеру дейді. Бес нәрседен аулақ болып, бес асыл қасиетті бойға дарытпасаң, ғылымнан опа жоқ дегенді айтады. Ақын ғалым болу мен адам болу мәселесін бір-бірінен бөлмейді. Ғалым болудың тағы бір шарты – ақыл сенген нәрсеге ғана сену. Жастарды артық сенгіштіктен сақтандырады. Кісіні ақылына, ойына қарай бағала деген пікір айтады. Ақылды, парасатты адамның идеал бейнесін ұсынады. Надан, керітартпа адамның жағымсыз бейнесін қарсы қояды. Өлең 6-8 буынды аралас ұйқас үлгісінде жазылған.
«Әсемпаз болма әрнеге» (1894). Әрқайсысы 4 тармақты 6 шумақтан тұрады. Адамгершілік туралы ойларын қайрат, ақыл, әділет, шапқат секілді қасиеттер негізінде ашады. Мағыналық құрылымы жағынан 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде адам алдына міндет қойылады. Екіншісінде сол міндетті орындауға қажетті адамгершілік қасиеттер көрсетіледі. Үшінші бөлімде адамның қандай жаман қылықтардан аулақ болуы керектігі көрсетіледі. Төртінші бөлім адамның қандай жақсы қылықтарды әдет етуі қажеттігін танытады. Бұл бөлімдегі ой алдыңғы бөлімдердегі мазмұнның қорытындысы іспеттес. Өлең 7, 8 буынды шалыс ұйқас үлгісінде жазылған.
«Интернатта оқып жүр» (1886). Көлемі – 77 жол. Идеясы – жастарды ғылымға, өнерге, халыққа қызмет етуге шақыру. Ақын шен-шекпенге бола оқитындарды әшкерелейді. Бас пайдасы үшін емес, ар, адамгершілік үшін оқу керек дегенді ескертеді. Жер-жерде орыс-қазақ мектептері ашылды. Олардың жанынан интернаттар құрылды. Ақын оқудың көлеңкелі жақтарын сынайды. Мектеп-интернаттардың түпкі мақсатының тайыздығына өкініш білдіреді. Шәкірттердің рухани қазынадан қағыс қалғанына қынжылады. Өйткені, олар адвокат, не тілмаш болуды ғана аңсайды. Жалған бедел жинауды арман етеді. Кейбір деректерге қарағанда, ақын бұл өлеңді балаларын Семейге оқуға бергеннен кейін жазса керек. Өлең 7 буынды шалыс ұйқас үлгісінде жазылған.
Абайдың табиғат лирикасы. М.Әуезов пікірінше: «Абай Ыбырайды жақсы білген. Ыбырай өлеңдері үнемі бірге көшіріліп, жазылып жүруші еді. Абайдың өзінің тапсыруы бойынша солай болса керек. Бұл тегін емес. Екеуінің қазақ ауылындағы көктем жайында жазғандарын оқып отырсаңыз, шынында, бір ақындық мектептің, бір түрлі ақындық дәстүрдің үлгісін көресіз және екеуі де бұрын қазақ жазбаған өлеңді жазған. Кейін аңғарсақ, табиғат суретінің үлкен мастері болған ұлы Пушкин үлгісімен туған өлеңдер екен»,-деп пікір айтқан
«Жаз» (1886). Көлемі 60 жол. Өлеңде жайлауға көшіп келген ауылдың тұрмыс-тіршілігі суреттеледі. Ауылдағы тынымсыз әрекет, қимыл-қозғалыс сипатталады. Жеңіл, ойнақы ырғақты өлең. Жаздың келуі көшпелі елге көп жеңілдік, қуаныш әкелетінін байқатады. Ұйқасқан сөздердің бәрі де жыр тармағының соңғы бунағын бүтіндей қамтиды, тегіс үш буынды. Өлең 7-8 буынды жыр үлгісінде жазылған. Ы.Алтынсариннің «Жаз» деген өлеңі де Абайдың «Жазғытұрым» деген өлеңімен көркемдік жағымен де, мазмұнымен де үндесіп отырады. Екеуін де асыға келген алты ай жаз адам тіршілігіне қолайлы да шаруаға ыңғайлы кезең екендерін білдіреді. Бұл кезеңді елең-селеңмен бос өткізбей, шаруаның пайдалы жақтарына жұмсап, дұрыс пайдаланып, оның қадіріне жет дегенді ескертеді. Осының өзі – жастарымызға көп өнеге, көп үлгі.
«Күз» (1888). Өлең 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған. Әрқайсысы 4 тармақты 6 шумақтан тұрады. Ауылдың күнделікті өмір тұрмысын нақтылы түрде сипаттайды. Көшпелі ауыл тіршілігі көз алдымызға келеді. Табиғат көрінісінен гөрі елдің өмір-тұрмысы, тіршілік әрекетін бейнелеу басым. Суыққа тоңған бала мен кемпір-шал сиқы күзгі табиғат түріне сәйкес. Ағаш пен қурайды шал-кемпірмен салыстырады.
«Қыс» (1888). Қыс жанды бейнеде суреттеледі. Оны кәрі құдаға теңеу – таза ұлттық тәсіл. Өлеңдегі қазақ өмірінің суреттері қыс бейнесін толықтырады. Ақын сөзін малшыларға арнаумен аяқтайды. Өлең 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. «Күз», «Қыс» өлеңдерінде тұрмыстың ауыртпалық жағы көбірек айтылады. 1888 жылы жазған «Қыс» өлеңінде Абай жылдың бір мезгілін былай суреттейді:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды...
Адам бейнесінде суреттелген қыс кішкентай оқушы көзіне Аяз ата болып елестейді. Қыстың ызғарлы, боранды сұрапылымен қоса, бір жағынан қасқырдың да шабуылы елді алаңдатып қоятын тажал екендігі айтылады. Сұрапыл қыстан малды аман алып шығу қажеттігін малшыларға ескертеді:
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайратқыл, бұз қамалды,– дейді ақын. Әрине, жаратылыс сұрапылына күресетін адам болған соң, «ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды» деп оған қарсы шығып, жеңіп шығуға үндейді. Адамның сұрапыл күшті жеңетініне ақын еш күмәнденбайды. Өлеңнің құдіреті де осында.
«Жазғытұрым» (1890). Елдің табиғат аясындағы тіршілігі бейнеленеді. Көлемі 66 жол. Адам өмірі мен табиғат құбылыстарының арасындағы жалғастық бақалады. Ақын табиғат құбылыстарына (жер, аспан, ай, жұлдыз, жел) символдық мағына береді. Күн бейнесі қалыңдық айттырған күйеу тұлғасын елестетеді. Жұлдыз бен айдың күйеу келерде өңдері қашып, берекесі кетеді. Жел той хабаршысы ретінде көрінеді. Соңғы шумақта ақын өмір-болмысты, табиғатты, аспан мен күнді нақтылы, шынайы қалпында бейнелейді. Өлең 6-8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған.


Поэмалары. Абай лирикасы көп болса да, сюжетті дастандары аз. “Ескендір”, “Масғұт”, “Әзімнің әңгімесі” поэмалары – көлемді шығарма жазуға ойыса бастаған кезеңін танытатын еңбектер.
“Ескендір” поэмасында А.Македонскийдің озбырлығын, соғысқұмарлығын, дүниеқорлығын әшкерелейді. Дүниенің төрт бұрышын жаулап алса да, оған бәрі аз көрінеді. Ақын Ескендірге Аристотель сияқты ойшыл бейнені қарсы қояды. Сөйтіп осы бейнелер арқылы патша өкіметінің отаршылдық, ел талаушы саясатын сынға алады.
“Масғұт” – философиялық поэма.Оның негізгі тақырыбы жай ғана махаббат емес, әлеуметтік өмірдің қайшылығы. Поэманың идеясында әйелді қоғамның ерлерге тең мүшесі деп тану, оның әлеуметтік өмірдегі орнын бағалау жағына көбірек көңіл бөлінеді.
“Әзімнің әңгімесі” – “Мың бір түн” ертегісінен алынған бір уақиғаның өлеңмен жазылған түрі. Абай өз дәуірінің капиталистік жолмен баю психологиясынан туған жалған мінезін топшылайды. Ол қалайда бай болуға құмартып, оның оңай жолын қарастырып, өзінің үйреншікті кәсібін тастап, барға місе тұтпаған жастың тағдырын танытады. Сондай-ақ ақшақұмар жылпостардың адам өмірімен еш санаспаспай қыршын жасты алдап, өлімге айдап, оның сүйегін аттап, алтын табудан тартынбайтынын әшкерелейді. Поэма аяқталмаған. Бұл үш поэманың реалистік ерекшелігі қазақ даласының болмысын дәл суреттеуінде емес, көлденең образ арқылы сынауында.

Негізгі әдебиеттер:


Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. Алматы, 1965
Х.Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиеті (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Алматы: Мектеп, 1981
Қ.Жұмалиев. Егеулі найза (зерттеулер) Алматы: Арыс, 2003
Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. А: Мектеп, 1980.
Ергөбеков Қ. Мейірім шуағы. Алматы, 1985
Ыбырайым Б. Сырлы әлем. Алматы,1997
Қазақ балалар поэзиясының антологиясы. Алматы: Жалын, 1977
Қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясы. Алматы: Балауса, 1992
Қосымша әдебиеттер:
Сарай Әнес. Екі тарлан. Зерттеулер. Алматы: Арыс, 2003
Б.Аманшин. Жыр-семсер. Алматы: Арыс, 2004
Махамбет. Ереуіл атқа ер салмай (өлеңдер). Алматы: Жазушы, 1989
Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. Алматы,1992
Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. Өлеңдер, әңгімелер, хаттар. 1988
Алтынсарин Ы. Өнер-білім бар жұрттар. Алматы: Жалын,1991
Махамбет. Ереуіл атқа ер салмай (өлеңдер). А: Жазушы, 1989
Махамбет Өтемісұлы. Өлеңдер. А: Жазушы, 2002
7-дәріс (2 сағат)
ХХ ғасырдың бас кезіндегі балалар әдебиеті
Ұлт-азатшыл бағыт өкілдері шығармаларының тәрбиелік мәні
- А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі
- М.Жұмабаев шығармаларынын педагогикалық құндылығы
- М.Дулатовтың балаларға арналған шығармаларының тәрбиелік мәні
- Ж.Аймауытов шығармаларының ағартушылық, педагогикалық, психологиялық қүндылығы
Ағартушылық демократтық бағыт өкілдері
- С.Торайғыров өлеңдерінің тәрбиелік мәні
- С.Көбеев әңгімелерінін мазмұны, тәрбиелік мәні
1920-30 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері шығармаларының тақырыптық, көркемдік, тәрбиелік сипаты
- С.Сейфуллин - казақ балалар әдебиетінің теоретигі
- Б.Майлиннін балаларға арналған шығармаларының педагогикалық құндылығы
- І.Жансүгіровтың балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлесі

7.1 Ұлт-азатшыл бағыт өкілдері шығармаларының тәрбиелік мәні


ХХ ғасырдың басы Қазақстан мәдениетінің халық ағарту жұмысына біраз өзгерістер әкеп, дамуына ықпал етті.


Қазақ халқының халық ағарту жұмысының жандануына, дамуына әсер етті. Қазақ жерінде ана тілінде шығатын «Дала уалаяты», «Айқап», т.б. басылымдар шықты..
ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялы интеллигенциясы мен ақын-жазушылардың ой-өрістері, мақсаттары ХІХ ғасыр ақын-жазушыларымен салыстырғанда анағұрлым жоғары болды. Атап айтқанда, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов М.Сералин, С.Дөнентаев, С.Көбеев, С.Торайғыров, т.б. көтерген нақты проблемалық мәселелері болды:
1. Ана тілінде оқу құралдарын жазу.
2. Мектептің көптеп ашылуы.
3. Орысша білім алу.
4. Әлеуметтік мәселелер:
а) әйел бостандығы;
ә) кедей теңдігі ;
б) діни көзқарас.
Қазақ демократияшыл интеллигенциясы осы күрделі мәселелерді көтерумен қатар балаларға білім беретін мектеп қоғамдық өмірмен тығыз байланысты болу керек деген мәселені көтерді.
ХХ ғасырдың бас кезінен бастап балаларға арналған бірталай методикалық оқу құралдары шықты (1910 жылы «Үлгілі тәржімә», 1912 жылы «Үлгілі бала», 1912 жылы «Балаларға жеміс», «Әліппе»). ХХ ғасырдың бас кезіндегі интеллигенция халық ағарту жұмысының дамуына мейлінше атсалысты.


А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Әдеби шығармашылығындағы ерекшелігі – ұлы Абай соқпағына, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойысұнады. Хайуанатар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен И.А.Крылов туындыларын аударады. «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарады. Бұларда қызықты форма, ұтымды идея, қазақ тұрмысына жақын суреттер бар. Әр түрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасайды. Патша отаршыларының зорлық-зомбылығы, жуандардың тепкісі, елдің азып-тозуына байланысты сарындарды жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді. «Қайырымды түлкі», «Ала түлкі», «Үлес», «Қартайған арыстан», «Өгіз бен бақа», «Қайыршы мен қыдыр», «Ат пен есек» мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейді. А.Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанымен еркіндік басым.
Заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтады.»Маса» (Орынбор, 1911) кітабында астар, емеурінмен берілген ойлар ашық, анық айтылады. Ахметтін өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер бірталай өлеңге арқау болады. Ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы – басты сарын. «Қазақ салты», «Жиған-терген» өлеңдерінде қазақ халқының мүшкіл халін, патша үкіметінің отаршылдық саясатын шенейді. «Маса» кітабына енген өлеңдерде әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады. «Анама хат», «Жауға түскен жан сөзі» – қорлық-зорлыққа мойымаған, бостандық, еркіндік жолында бәріне көнген қайратты ерлер тұлғасын мүсіндейді. «Қырық мысал», «Маса» жинақтары – қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен байытты. Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты. Байтұрсынов дәуірінен бері талай уақыт өтті. Сонда да оның мысалдары өз мәнін жоймақ емес. Тарихи оқиғаларды танып-білуге ықпалы бар. Реніш пен ашу-ыза да, торығу мен наразылық та байқалады. Дегенмен А.Байтұрсынов поэзиясында оптимистік рух басым. Шығармалары арқылы ағалық ақыл айтады.
Балалар тәрбиесіне қосар үлесі айтарлықтый. «Қазақ этнопедагогикасының негізі – халық педагогикасы. Халық педагогикасының арқауы – ауыз әдебиеті мен халықтың салт-дәстүрлері. Ауыз әдебиеті мен халықтың салт-дәстүрлері – ұлттық тәрбиенің негізі. Міне, осы тұғырлы тұжырымды ірі ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын, аудармашы, қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін жасаған талантты көсемсөз иесі, туған халқының рухани дүниесін жандандырған ғұлама – Ахаң жан-жақты зерттеп, олардың тәрбиелік мәнін ашып берді. Яғни, ол қазақ этнопедагогикасының негізгі нұсқаларын зерлей зерттеп, талғай тауып, олардың ғылыми-теориялық негіздерін жасады. Ұлттық педагогиканың (этнопедагогиканың) ғылым ретінде дамып, қалыптасуы сол ұлтқа білім берумен, яғни оқумен, оқытумен, тәрбиелеумен байланысты деп пайымдаған данышпан Ахаң ең әуелі халыққа білім беру ісін қолға алып, жетілдіруді алдына мақсат етіп қойды.
А.Байтұрсынов – «араб» алфавиті негізінде жасалған қазақ әліппесін жетілдірді. «Ғалымның 1912 жылы Орынборда басылған «Қазақша әліппе» (Оқу құралы) халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралында әрі сауат ашу, әрі ұлттық(этнопедагогикалық) дүниетанымды іске асыру мақсаттары көзделді. Мысалы: туысқан-туған, іліктес, киімдер, ойын-ойыншықтар, тамақтар-сусындар, дене мүшелері, үй саймандары, ыдыс-аяқ, малдар аты, малдан басқа төрт аяқтылар, құстар, жер түгінің аттары (ағаштар, шөптер), жер жүзінің аттары, сан, жаңылтпаш, жұмбақ, мақалдар түзіліп берілді. 1926 жылы бұл әліппенің жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. «Ғұламаның «Тіл жұмсар» (1928), «Ана тілінің әдісі», «Зерттеу мен сүгіреттілік әдісі туралы», «Жалқылауды жалпылау әдісі» (1927) деген еңбектері қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасы болды. Оның жазу таңбаларын түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы 1912 жылы, үлкендерге арналған «Сауат ашқыш» оқу құралы 1926 жылы жарық көріп, бүкіл ұлттық сауат ашу құралы болды. Ахмет оқулықтары негізінде талай қазақ балалары сауаттарын ашты. «Оқу құралы» туралы әдебиетші ғалым Қ.Мұхаметханов былай дейді: «Кітап оқуға жеңіл, тілі ұғымды, баланы қызықтырып, ынталандырып, баурап әкетеді. Туысқан-туған қалай аталады, киім-кешек, ойын, ойыншықтар, тамақ, сусын, дене мүшелері, үй саймандары, ыдыс-аяқ, мал аттары, малдан басқа төрт аяқтылар, құстар, бақа-шаян, құрт-құмырсқа, жер аттары... – осының бәріне үйретеді». А.Байтұрсынов – қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ақын. Өз бетін танытқан қаламгер. Ол Абай үлгісімен өлеңнің аясын, әлеуметтік тынысын кеңейтті.

М.Жұмабаев шығармаларынын педагогикалық құндылығы


Ақын өзінің шығармашылығын демократтық әдебиет дәстүрінде жалғастырды. Алғашқы өлеңдері «Шолпан» (1912) деген атпен басылды. Мағжан ғасыр басындағы қазақ халқының отаршылдық пен езгіге қарсы күресіне үн қосты. Халықты оқу-білім іздеуге шақырды. 1922 жылы «Педагогика» оқулығын жазған ағартушылардың бірі. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Мағжан бала тәрбиесінде қиялдың алатын орны зор екенін дәлелдеп: “Фантазия – өмірдің гүлі, көрікті болуының түпкі діңгегі, фантазиясыз (қиялсыз) адам – тұсаулы есек. Фантазия ақылды кеңейтеді”,– дейді.“Бала санасы қиялмен оянады, бала ертегінің бәрі шын деп ұғады, баланың қиялы әсіресе, ойында жарыққа шығады” деп ұстаз бала қиялын ұшқырлайтын қызықты ертегілерді, ойындарды, ойыншықтарды тәрбие ісіне пайдаланудың жолдарын көрсетеді. 1920 жылдар ішінде М.Жұмабаев балалар әдебиетін жасауға ерекше көңіл бөлді. Балаларға арнап сындарлы, жүйелі жұмыс істеп, алуан түрлі кітап шығарған. «Шолпан» жинағында ақынның «Балалық шақ», «Қарағым», «Мен сорлы» («Шәкірт зары») атты өлеңдері жарияланды. Бұлар Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңімен орайлас.
Мәскеуде шыққан «Жаңа мектеп» журналына қосымша «Тегін қосымша», «Балаларға тарту» жинақтарына Мағжан белсене қатысады. Бұл өлеңдер жасөспірімдердің ұғымына лайық жеңіл тілмен жазылған. «Аққала» өлеңі ойынға құрылған. Балалар ауылдағы омбы қардан аққала соғады. Қардан төрт бұрыш жасап, терезе жасайды, мәре-сәре болады. Беттері бүлдіргендей қызарады. 1924 жылы «Ақ жол» газетінде жарияланған «Әже» өлеңінде ақын ертегіге елтіген Кенжебай деген баланы суреттейді. Бұл – әжесі мен немересі арасындағы нәзік, қымбат сезімді мадақтайтын өлең. Ақынның «Бөбектің тілегі» өлеңі балаларды ата кәсіп – мал бағуға баулиды. Әр төл үшін мейірлі сөз табады. Өлеңнің әр жолы өзінен өзі жатталады. «Ақ жол» газетінде 1924 жылы жазылған «Немере мен әжесі», «Қойшы бала мен күшік» өлеңдерінде мектеп беретін білімді насихаттайды, байдың мейірімсіздігін әжуа етеді.Балаларға да, үлкендерге де бірдей арналған «Өтірік ертек» поэма-ертегісі 1926 жылы «Жаңа мектеп» журналында жарияланды. Мысыққа қарсы тышқандар көтерілісі автордың негізгі ойын жеткізу үшін схемалық түрде алынады. Шираз қаласындағы бір тышқан жүзім шарабына тойып алады. Күш біткесін ойндағы құсасын сездіріп қояды. Мысық мешітке барып сәжде киеді. Тышқандармен бітісемін деп алдайды. Тарту-таралғысымен келген тышқандарды қан-жоса етеді. Тамам тышқан мысықты көптігін істеп байлап тастайды. Мысық босап кетеді. Тышқандар өз хандарын да, мысықты да елден аластайды. Осының бәрі Ресейдегі тарихи оқиғалардың елесін береді. Ертегінің соңында автор сол кезең рухында образдың шешімін береді.

Бір дегенім – білеу ғой,


Екі десем – егеу ғой,
Үш дегенім – үскі ғой.
Мысық – талаушы екені,
Ханның – қанаушы екені
Ертегі-поэма балалардың жаттауына жеңіл, әрі сан үйретудегі қызметі де бар.


М.Дулатовтың балаларға арналған шығармаларының тәрбиелік мәні
«Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы тарих оқулығына ұқсас. Жаттап алуға қолайлы болу үшін өлеңмен жазылған. Автор сөзін «ХХ ғасыр жастарына» арнап отырғанын жасырмайды. Алғашқы екі ұзақ өлең қазақ халқының бүгінгі халін және бұрынғы тарихын әңгімелейді. Жер байлығы кең, емін-еркін өскен халықтың сырттағы жауға мән бере бермейтін бейғамдығын ескертеді.
Ақын жастарға өзі білген мәслихатын айтады. «Насихат ғуммия» атты өлеңінде адамгершілік, ар-инабатқа жетектейтін көп кеңес береді. Міржақып кеңес-насихатының қоғамдық маңызы әлі де зор. Өйткені оның бәрі халық, ел қамын ойлаудан туған.
Қазақ поэзиясында алғаш рет мейірбандық, ізгілік тақырыбына арнау жасады. «Аяңыздар жетімді» өлеңі оқушы көңіліне бауырмалдық сезім егеді. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңінің балалар үшін тәрбиелік қызметі үлкен. М.Дулатов «Газет-журнал» өлеңі газет-журнал маңызын түсіндіреді. Олардың жазылу бағасын да айтады. Керенауларға «Дүниені жүріп көрмей, естіп білмей, Жатасың ішің пыспай үйде неғып?» деп реніш білдіреді. «Хибстағы ұрының мінажаты» өлеңінде өз кәсібінен көрген қорлығын жіпке тізе келе ұры тәубесіне келеді.
1922 жылы “Есеп құралы”, 1924 жылы “Қирағат” атты оқу құралдарын шығарып, оқу пәндерінің ұлттық ауқымда болып қалыптасуына ерекше көңіл бөлді. Ойшыл педагог драмалық шығармалардың тәрбиелік әсерін жоғары бағалап, сахналық қойлымдардың әсерлендіру қуаты зор екенін ескеріп, 1922 жылы “Балқия” атты төрт перделі пьеса жазды. Өзінің шығармалары арқыл қазақ жастарын оқып білім алуға, ағарту ісін дамытуға шақырып, тәрбие ісінде діни оқу мен тәрбиені қатар қойды. “Өнермен хасыл болған нәрселер” деген өлеңінде ол өркениеттік жолмен озып кеткен елдердің мәнді де сәнді өміріне жас ұрпақты қызықтыра суреттейді.
Жазушы “Бөрік”, “Нұрмаш пен Дүйсен”, “Оқымысты бала”, “Күлмеңіздер кәріге”, т.б. балаларға арналған әңгімелерінде балдырғандарды еңбекке, әдептілікке, қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Білім алу әрбір адамның қасиетті міндеті деп көрсетеді. Қазақ балалар әдебиетінің прозалық жанрына бір бұлақ болып қосылған бұл әңгімелер ұлы ойшылдың балалар әдебиетіне ерекше көңіл аударғандығын көрсетеді.

Ж.Аймауытов шығармаларының ағартушылық, педагогикалық, психологиялық қүндылығы


Ж.Аймауытов қоғам қайраткері ретінде халық ағарту жүйесінде қызмет істей жүріп, жас ұрпақты өнерге, білімге, ғылымға баулуда да көп еңбек сіңірді. «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) кітаптары жарық көреді. Жазушының балаларға арнап жазған «Жаман тымақ», «Шал мен кемпір», «Көк өгіз», «Үш қыз» атты суретті кітапша ертегілері бар. «Кейде негізгі тақырып басқа болса да, білімді мен білімсізді салыстыра көрсету дәстүрі басым болды» дей келіп, Ө.Әбдиманұлы басты тақырыпқа авторлар сауаттылықты қарсы қою идеясын өзек еткендігі жайында айтады. Дәл осындай жағдай Ж.Аймауытов «Қыс» өлеңінен байқалады. Өлеңнің басты тақырыбы қыс болғанымен, идеясы оқуға шақыру болып табылады. Автор қыс келбетін ел тірлігімен байланыстыра суреттейді. Бұл байланыс, әсіресе, өлеңнің құылымдық жүйесінен анық байқалады. Өлең кіріспе, негізгі екі бөлім, қорытынды бөліктен тұрғандай әсер береді.
Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар,
Тон киіндік, тоңды мал.
Кіріспе негізгі бөлімде не жайында айтылатындығына оқырманды дайындау мақсатын көздейтін сияқты. Қар жауды, демек, қыс түсті. Түскен қыс өзімен суығын бірге ала келді. Адамдардың жылы киінуі, малдың тоңуы қыс ызғарына байланысты болып отыр. Өлеңнің бірінші бөлімінде алғашқы жолдағы ой жалғаса түскен, яғни, қыс мінезі тағы көрінеді:
Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар,
Боран жоқта тұман бар.
Қызыл шұнақ қызыл бар.
Суда айна тас мүсін бар.
Қылаулатқан қырау бар.
Екінші бөлімде екінші жолдағы харакетке ұқсас тірлік молынан баяндалады:
Боғы қатқан бұзау бар.
Үйіп алған отын бар.
Қалтыраған қатын бар.
Бүрсеңдеген лақ бар.
Сүмеңдеген қонақ бар.
Қыздар қылған шұжық бар.
Қонақ айтар қызық бар.
Соңғы бөлім негізгі бөлімдерде айтылған ойдың түйіні іспеттес қабылданады.
Ай, балалар, балалар!
Күнде оқуға жүрелік,
Үйренелік, білелік!
Қыс ызғарына қарамай, күнделікті атқарылатын шаруаларға қарайламай, оқуға бару керектігі жайындағы ой айтылады. 7 буынды өлшем балаларға арнау түрінде жазылған бұл өлеңге ойнақылық сипат дарытқан. Жауған қар мен соққан боранның еліктеуіш сөздермен бейнеленуі де белгілі дәрежеде өлең ойнақылығын арттыра түскен.
Жапалақ, жапалақ қар жауар,
Жамбасыңа мұз тоңар.
Лақ, тоқты қашады,
Қойшы талқан асады,– деп келетін халық өлеңінің авторлық өлеңге ықпалы айқын.
«Жаман тымақ» поэмасы (1929). Ж.Аймауытовтың поэмасы М.Жұмабаевтың «Жүсіп хан», «Өтірік ертек» поэмаларына қарағанда шағын көлемді. Мағжан поэмаларындағыдай ұзын-сонар кіріспе жоқ. Балаларды шығарма оқиғасына дайындау ыңғайы да байқалмайды. Кейіпкер сипаттамасы да көп берілмейді. Жеті, сегіз буын аралас жыр өлшемімен жазылған.
Жаман тымақты кедейдің жалғыз сиырын ауылнай алып қояды. «Сорлы кедей қалбаңдап, жаман тымақ жалбаңдап» ақсақалға барады, одан қайыр болмаған соң болысқа келеді, болыс ұрса жөнелген соң молдаға жолығады.
Кітап ұстап молдасы,
Қазандай боп сәлдесі,
Ол да отырды кедейге:
«Бер деп айтса, бересің!»
Байдан несиеге он сом сұрайды. «Ортан қолдай бес бұзау жыл шығарып бересің?» – деген соң начальникке жолықпақ болып кеңсеге келеді.
Кеңседе төре тұр еді,
«Тымақшаңды» көреді.
«Малақай!»– деп бақ етті,
Тымақ бастан топ етті.
Мне, осыдан бастап жаман тымақ хикаясы басталады. Көп қағаздың арасында жатқан тымақты бір күні тілмаш тысқа лақтырады. Көшеде жүрген бір ақ ит тістеп алып кетеді де, ат қора түбіне тастайды.
Өткен түні қорадан
Ат жоғалған түн екен.
Қазақ-орыс иесі
Атын іздеп жүр екен.
Тымақ тапты, кенелді,
Кеңсеге алып жөнелді.
Жаман тымақ бүрісіп,
Құлақтары құрысып,
Шәрке, телпек серік боп,
Жатты шкафта құнысып.
Арада айлар, жыл өтеді. Шкаф ашылып, тымақ та, телпек те, шәрке де бостандыққа шығады. Билік өзгерген. Өзін тысқа лақтырған тілмаш та, шкафқа тастаған қазақ-орыс та қуғынға түскен. Бұл өзгеріске жаман тымақ әжептәуір желпінеді. Бір қазаққа селбесіп еліне қайтады. «Жаман тымақ қаладан келіпті» деген хабар жедел тарайды. Тымақ біткен жиылып қалады. Түлкі тымақ, сәлде, күрең тымақ, көнетоздау көк тымақ, боқша асынған сұр тымақ бірі қонаққа шақырып, екіншілері бата бермек болып жік-жапар болады. Жаман тымақ иесін табады.
Поэмада елдегі өзгерістер ғана емес, ел мінезі де жақсы көрінген.
7.2 Ағартушылық демократтық бағыт өкілдері


С.Торайғыров өлеңдерінің тәрбиелік мәні
С.Торайғыров өмір сүрген уақыт – ХХ ғасырдың бас кезі – дүниені дүр сілкіндірген қилы-қилы тарихи оқиғаларға толы кезең болатын. С.Торайғыровтың жеке басының қалыптасуы туралы сөз қозғағанда оны өзінің әлеуметтік ортасынан – А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, Ғ.Қарашев, І.Ізтілеуов, Ы.Шөреков, Б.Күлеев, М.Сералин және т.б. ғұмыр кешкен ортадан бөлек алып қарастыруға болмайды.
Кезең оқиғалары ақынның дүние-таным көзқарасына, шығармаларының тақырыптық мазмұны мен түріне, жанрына әсер етті.
Іргелі оқу орнынан білім алу, халқының қызметіне жарайтын азамат болу – оның ынта-тілегіне айналады. Ақын «Шәкірт ойы» деген өлеңінде «Іздегенім табылды, енді дегеніме жетем, халқыма жұлдыз емес, ай емес, күн болам» деген ойға келеді. Оның лирикалық кейіпкері:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет