Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті


Қазақстан Республикасында балалардың иммундық профилактикасы



Pdf көрінісі
бет25/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60
Қазақстан Республикасында балалардың иммундық профилактикасы 
жөніндегі іс-шаралар
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан 
Республикасының Кодексіне сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы егу барлық 
тұрғындар үшін міндетті болып табылады. Қарсы егу жүргізілетін жұқпалы 
аурулар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан 
Республикасында бала тұрғындарды вакцинациялау тегін медициналық көмектің 
кепілдік берілген көлеміне кіреді және республикалық бюджет қаражатының 
есебінен жүргізіледі. 
Мемлекеттің тұрғындарды иммундау саласындағы нысаналы саясатының 
арқасында елімізді ДДСҰ полиомиелиттен еркін аумақ ретінде сертификаттады
дифтериямен, сіреспемен, көкжөтелмен сырқаттану бірлі-жарым жағдайларға 
дейін жеткізілді, вирусты «В» гепатитімен, эпидемиялық паротитпен сырқаттану 
азайды. Қызылша мен қарамықты элиминациялау бойынша ДДСҰ бағдарламасын 
іске асыру жалғасуда, сондай-ақ елдің полиомиелиттен еркін аумақ ретіндегі 
мәртебесін қолдау жөнінде жұмыс жүргізілуде. 


38 
Нәрестелердің 
шетінеуі 
мен ауруға шалдығуын азайту мақсатында 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау 
жүйесін дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасының шеңберінде балаларды пневмококк инфекциясына қарсы егуді 
біртіндеп енгізуді жүргізуде. 
2010 жылы Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында, 2011 жылдан 
бастап Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында, 2012 жылдан бастап 
Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында балаларды 
иммундау басталды. 2015 жылға қарай пневмококк инфекциясына қарсы егу бүкіл 
республика бойынша жүргізілетін болады. 
Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында балалар арасындағы 
ауруға шалдығуды 2010 – 2013 жылдары салыстырмалы талдау өкпенің 
қабынуымен сырқаттану деңгейінің тиісінше 43%-ға және 49,6%-ға; жіті ортаңғы 
оитпен – 21,3%-ға және 2,13%-ға; өкпенің қабынуынан болатын өлімнің тиісінше 
15,5%-ға және 57,1%-ға төмендегенін көрсетіп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет