Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті


Салауатты өмір салтын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет28/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60
Салауатты өмір салтын қалыптастыру 
 
Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі балалар мен 
олардың ата-аналарының салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
В
едомствоаралық өзара іс-қимыл жасау және профилактикалық жұмысты 
күшейту мақсатында республикада Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан 
Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі құрылып, жұмыс істеп 
жатыр. 


41 
Кеңес 
отырыстарында алкоголизмге, 
нашақорлыққа, 
уытқұмарлыққа қарсы күрес саласында, мектеп оқушыларын тамақтандыруды, 
олардың денсаулығын сақтауды, халыққа медициналық-әлеуметтік қызметтер 
көрсетуді ұйымдастыруда салааралық ынтымақтастықты жақсарту мәселелері 
және басқалары қаралды. 
«Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік 
бағдарламасы шеңберінде мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, сондай-
ақ үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ-тың қолдауымен салауатты өмір салтын 
насихаттауға, тәуекел факторлары мен әлеуметтік маңызы бар аурулардың 
профилактикасына, 
денсаулық 
мектептерін 
жүргізуге, 
темекі 
шегуге, 
алкоголизмге, нашақорлыққа қарсы күреске бағытталған пресс-конференциялар, 
конкурстар, дөңгелек үстелдер, акциялар мен басқа да іс-шаралар, сондай-ақ 
спорттық-мәдени іс-шаралар, спартакиадалар мен конкурстар өткізіліп, 
ақпараттық-көрнекі материалдар (плакаттар, буклеттер, парақшалар, ата-аналарға 
арналған жаднамалар, қалта күнтізбелері, футболкалар, бейсболкалар, сөмкелер) 
таратылады. 
Республика өңірлерінің бәрінде салауатты өмір салтының барлық қырлары 
бойынша билбордтар мен лайтбокстар орнатылған. Бүкіләлемдік отбасы күніне 
және Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған республикалық акциялар 
өткізіледі. Осы іс-шаралар шеңберінде білім беру ұйымдарының, қоғамдық 
ұйымдардың медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарлары, сондай-ақ 
отбасыны жоспарлау, ұрпақты болу денсаулығын қорғау, түсік жасатудың 
профилактикасы мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, оның ішінде 
дәрігерлердің ауылдарға баруы арқылы ұйымдастырылып, өткізілді.
2013 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасында 2 760 825 (2012 
жылдың 9 айында 1 500 000) іс-шара өткізіліп, 22 499 620 (2012 жылдың 9 айында 
– 20 924 510) адам қамтылды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде 
ақпараттық-ооқыту материалдары – 20 816 631 дана (2012 жылдың 9 айында – 
18 434 099
) әзірленді.
Салауатты өмір салтының әртүрлі аспектілері және 
әлеуметтік 
маңызы 
бар 
аурулардың, 
туберкулездің, 
темекі 
шегудің 
профилактикасы бойынша 8 бейне және 8 аудиоролик әзірленді, сондай-ақ 3 
телебағдарлама дайындалды (2012 жылдың 9 айында – 8 бейне және 7 
аудиоролик, сондай-ақ 14 телебағдарлама). 
Бұдан басқа, 2 веб-сайт (www.hls.kz, www.zhas.kz) жұмыс істейді және 
ұдайы жаңартылып отырады. 
Алматы қаласында Дағдарысты орталықтар одағымен бірге Салауатты өмір 
салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы ұйымдастырған, тәулік 
бойы жұмыс істейтін, жас жеткіншектер мен жастарға арналған Ұлттық қызу желі 
телефоны (150) жұмыс істейді. 2013 жылдың 1-ші жартыжылдығында 14,0 
мыңнан астам қоңырау тіркелді.
Жеткіншектер мен жастарға медициналық, психологиялық, заңдық және 
әлеуметтік көмек көрсету мақсатында еріктілік, қолжетімділік, тілектестік, 


42 
құпиялық және сенім қағидаттарында Қазақстанда жастардың 74 денсаулық 
сақтау орталығы ашылып, жұмыс істеуде. 2013 жылдың 9 айында жастардың 18 
денсаулық сақтау орталығы ашылды, барлығы 74 ЖДО жұмыс істейді, 2013 жылы 
жүгінгендер саны 1,5 есе өсті.
Темекі шегуді, алкоголизмді және нашақорлықты шектеу және олардың 
профилактикасы мақсатында 18 жасқа толмаған адамдарға темекі сатуға, 21 
жасқа толмаған адамдарға спиртті ішімдіктер сатуға, темекіні бір-бір данадан 
сатуға тыйым салатын, белгілі бір қоғамдық орындарда темекі шегуді шектейтін, 
темекі бұйымдарын сатуды жүзеге асыратын жерлерде темекі шегудің зияны 
туралы міндетті түрде ескерту орналастыруды белгілейтін, 2011 жылғы 31 
желтоқсаннан бастап көрнекі жарнамаға және баспа басылымдары мен 
телевизиядағы және радиодағы жарнамаға, қоғамдық орындарда алкогольді 
ішімдіктер ішуге тыйым салатын, сондай-ақ алкогольге мас күйінде көлік 
жүргізгені үшін шараларды қатаңдататын заңнамалы база жетілдірілді. 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан 
Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 159-бабының 2-тармағының 8 және 
9) тармақшаларына сәйкес 2013 жылдан бастап темекі бұйымдарының қораптары 
мен орамаларына темекі шегудің зияны туралы графикалық бейнелер (сурет), 
сондай-ақ құрамы туралы, шайырлы заттар, никотин құрамының деңгейі туралы 
және кемінде үш қосылыс – жүйелі улар, канцерогенді және мутагенді заттар 
туралы мәліметтер басылады, оларды орналастыру тәртібі «Темекі бұйымының 
қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің 
құрамы туралы, құрамының деңгейі туралы және жүйелік улар, канцерогендік 
және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру қағидаларын және 
темекі шегудің зияны туралы ескертуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1366 қаулысымен бекітілген. Қазақстан 
темекі қорабында 6 удың деңгейін көрсететін және темекі түтінінің құрамы 
туралы ақиқатты ашатын Канададан кейінгі екінші елге айналады. 
Бұдан басқа, Кодекстің 159-бабының 3-тармағына сәйкес темекі 
бұйымдарын сату жүзеге асырылатын жерлерде «Темекі бұйымдарын сату жүзеге 
асырылатын орындарда орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы 
ескертуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 
қарашадағы № 1367 қаулысымен бекітілген А4 және одан үлкен форматта 
еденнен кемінде 150 см және 200 см аспайтын деңгейде сауда орнына тікелей 
жақын жерде темекі шегудің зияны туралы ескерту орналастырылуға тиіс. 
Ел қалаларында темекіні тастағысы келетіндерді қолдау үшін телефондық 
көмек қызметі бар темекіге қарсы орталықтар құру жөніндегі қызмет жалғасады.
Жұмыс істеп тұрған және жоспардағы орталықтардың дерекқоры құрылды, 
денсаулықты нығайту орталықтарының басшылары үшін өңірлік семинарлар 
өткізілді. Бүгінде темекіге қарсы 95 (2012 жылы – 68) орталық құрылып, жұмыс 
істеу үстінде. 


43 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет