Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі біліктілік арттырудың Ұлттық орталығЫ «Өрлеу» АҚ пк баи шқО бойынша филиалstrreplТАҚырыбы



бет9/11
Дата09.02.2023
өлшемі3,08 Mb.
#66371
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
«М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму» жоба

«Себеттегі қысқыштар»
Мақсаты:
қолдың ұсақ қимылдарын дамыту
Қажетті құралдар:
ағаш қысқыштар, шеткі жиегі қалың емес
ағаш себеттер.
Барысы: кәдімгі себеттің жақтауларына киім қысуға
арналған қысқыштар қыстырылады. Бұдан кейін балаға оларды үш саусақпен (қалам ұстайтын саусақтарымен) қайтадан шешіп алып, себетке салу ұсынылады. Бар жаттығу осы. Бұл өте қарапайым болып көрінуі мүмкін, алайда кішкене балаға затты сезіну және онымен механикалық іс-әрекет істеуі маңызды. Аталған саусақтарды дамыту баланың тез жазып үйренуіне түрткі болады.
Егер тапсырманы қиындату керек болса, жылдам орындау нұсқауын беруге болады. Балаларды екіден жұптастырып қысқыштарды алдымен қыстырып соңынан шешкізіп ойнатуға болады




«Моншақтарды пинцетпен ауыстыру»
Мақсаты: ұсақ қимыл қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Үйлестік.
Қажетті құралдар: кішкене ыдыста ұяшықтары бар тұғырнама, пинцет және моншақтар салынған ыдыс. Ыдыстағы моншақ саны ұяшықтағы моншақ санына тең болуы керек. Барлық бұйымдар түстері бойынша бір-біріне сәйкес.
Барысы: бала бұйымдар бар ыдысты алдына қояды. Пинцетті оң қолына алып, ыдыстағы моншақтарды тұғырнаманың ұяшықтарына ауыстырады. Ұяшықтар толтырылғаннан кейін керісінше моншақтарды пинцетпен ыдысқа ауыстырады. Бұл жаттығу қол қимылдарының үйлесуін жақсы жетілдіреді, бала кейін ұысақ әріптерді жазады. Жаттығу баланың зейінінің шоғырлануын және ішкі тыныштықты талап етеді. Бала жаттығу үстінде моншақты түсіріп алса, ол қате деп есептелмейді. Жіберген қатесін бала өз бетінше түзете алады.


Осы мақсатта ата-аналармен жұмыс өткізіліп, кеңестер берілді:

  • «Саусақтар сөйлеуге көмектеседі»;

  • «Саусақ гимнастикасы»;

  • «Баланың сенсорикалық мәдениетін дамыту»;

  • «Баланың сенсорикалық мәдениетін және ақыл-ойын дамыту»;

  • «Қызықты гимнастика»;

  • «Көзге арналған жаттығу»;

  • «Кел сенімен ойнайық»;

  • «Құмнан келген басқа планеталықтар»;

Берілген технологияны қолданып, бірінші сәбилер топта жақсы нәтиже алдық. Балалар түсті, форманы, өлшемдерді жақсы игере бастады. Бұл сабақтың балаларға ойын түрінде берілуіне де байланысты. Балалар ойынға баулып, сабақ үрдісіне қатысып жатқандарын аңғармайды. Сондай-ақ қала деңгейінде жүргізілген сабақтар бойынша анғарғанымыз бала емін еркін өз ойларын жас шамалық ерекшеліктеріне байланысты жеткізе білулері мен негізгі 5 тс пен пішіндлерді өте жоғарғы деңгейде ажырата білуі айғақ. Сондай-ақ кіші топтан бастап білім салалары бойынша орталықтарға бөліне жұмыс жүргізілуіне балалардың бейімделуі. Ал ата-аналар баласының кәдімгі сабақтарсыз ойында дамып жатқанын байқайды.
Біз балабақшада балаларға жайлы, жылы, қызықты болғанын қалаймыз. Біздің өзімізге де тобымыз балаларға да үлкендерге де жайлы үйімізге айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет