Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі біліктілік арттырудың Ұлттық орталығЫ «Өрлеу» АҚ пк баи шқО бойынша филиалstrreplТАҚырыбы


М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық дамудың мақсаты



бет4/11
Дата09.02.2023
өлшемі3,08 Mb.
#66371
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.2 М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық дамудың мақсаты.

Мақсаты:
Балалардың ұсақ кол моторикасын дамыта отырып ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Міндеттер:
1. Баланың қабілетін дамытуда сенсорлық даму ортасының ролі.
2. Сенсорлық ойын арқылы баланың алғашқы қарапайым ұғымдардың қалыптастыру.


1.3.Жобаның өзектілігі
Тақырыптың өзектілігі Баланың дамуына арналған орта ұйымдастыру.Баланың өз бетімен жұмыс жасауына кедергі келтірмеу, тек қана бір жағдайда көмектесу керек, тек қана өзі көмек сұрағанда.Балаға айналаны қоршаған ортаны тануға көмектесу, соған арнайы жағдай туғызу.Баланың қызығушылығын ояту, дамыту: Заттық орта баланың көру, есту, тату, сипау,дәм,иіс сезімдерін тәрбиелейді. Осы алтауы бізді заттық ортамен таныстырады.Мектепке дейінгі балалардың тұлғасының негізгі құралдарының бірі – орта. Орта бала үшін жаңа білім мен әлеуметтік тәжірибенің көзі. Мектепке дейінгі ұйымның тұтас педагогикалық үрдісінде дамытушы ортаның рөлі. С.Л.Новоселованың пікірінше, дамытушы заттық орта балалардың дербес шығармашылық және ойын әрекеттерін ұйымдастыру үшін қажетті материалдар, ойыншықтар, құралдар, іс-әрекетінің материалдық нысаналардың жүйесі. Оның басты бағыттарының бірі балаларды әлеуметтендіру және оған сәйкес заттық дамытушы орта құру. «Заттық ортаны» осылайша игерудің баланың тұлғалық жағын дамыту, бұйымдық әлемге шығармашылық көз қарасын ояту үшін зор маңызы бар. Баланы әлеуметтендіруде дамытушы заттық ортаны құрудың педагогикалық талаптарға сәйкестігі болашақтың зерттеу мәселесі деп есептейміз. Педагогикада мектепке дейінгі әсіресе сәбилік жаста ерекше назар аударатын түрі- заттық орта. Заттық орта әр түрлі: ақыл-ой, эстетикалық, елжандық , дене, адамгершілік т.б тәрбие түрлерімен қоса жеке тұлғаның дамуына негіз болады. Соған байланысты заттық ортаны мектепке дейінгі педагогикалық құрамның бір бөлігі деп айтуға болады. Заттық ортаны алдымен қоршаған ортадағы болмысты қабылдау мен түйсікке негізделеді. Айналадағы қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды көру, есту қабылдау арқылы өзіндік үрдістер: ес, қиял, ойлау пайда болады. Бір нәрсені еске түсіру үшін алдымен оны көру не есту керек. Адамның ақыл-ойының дамуына қабылдау мәнді рөл атқарады, әр түрлі іс-әрекетте әрқилы тәжірибелік істердің реттеушісі болады.Көркемдік шығармада заттық ортаның рөлі зор. Мысалы: музыкалық шығармаларды музыкалық есту қабілетінсіз, бейнелеуді нәзік түстерді қабылдаусыз, поэзияны жетілген тіл сенімінсіз түсіну мүмкін емес.Психологиялық дамуда заттық үрдісінің рөлін бағалай отырып, белгілі бір білім мен дағдыны меңгеруде баланың жеке қабілетін ескеру өте маңызды. Ақыл-ой және дене еңбегінің барлық түрлерінде, баланы болашаққа қоғамдық іс-әрекетке даярлауда, оның сезімдік қабілетін дамыту қажет, яғни түстерді, пішіндерді, дыбыстарды дәл және дұрыс айыра білуге үйрету, қоршаған ортадағы құбылыстардың өзіндік қасиеттерін дұрыс қабылдау қажет. Сәбилік шақта айналадағы қоршаған ортаның үдемелі дамуы өте маңызды мәнге ие болады. Дәл осы шақта баланың психологиялық дамуының негізі қаланады. Баланы жан-жақты тәрбиелеу, оның дүние танымын жетілдіру, заттық орта туралы түсінік ой-
Жылдың аяғында 3-4 жас аралығында балалар заттық ортадағы қойылатын негізі талаптар мынадай: Балалар бес түсті (ақ, қара, қызыл, сары, көк) білуге тиісті, жылдың соңына қарай жасыл түсті үйретуге болады. Түстеріне сәйкес топтау заттық құрамына қарай түстерге белгілеу. Үш пішінді (үшбұрышты, төртбұрышты, дөңгелекті) білуге тиісті. Пішіне сәйкес топтау. Заттық ортада құрастыру жұмыстары арқылы үйренген сөздерін (киіз үй, ағаш тостаған, ағаш қасық, қоржын, көрпеше, кілемше, ою, білезік, сақина, алқа, сәукеле, тақия, белдік) толық меңгеруге тиісті. Мектепке дейінгі оқу тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатында шынайы өмірде тиімді ету қабілеттерін дамыту үшін – монтессори әдісін қолдану тиімді деп білдім. Монтессори материалы арқылы бала затты түсінеді және оны қолдануға тырысады. Монтессори материалы қандайда бір іс- әрекетке итермелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет