Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі біліктілік арттырудың Ұлттық орталығЫ «Өрлеу» АҚ пк баи шқО бойынша филиалstrreplТАҚырыбы



бет2/11
Дата09.02.2023
өлшемі3,08 Mb.
#66371
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.М.Монтессори өмірінен.
Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагок, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори (1870-1952) тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен ырғақта дамиды Итальяндық дәрігер және педагог М.Монтессори балабақшадағы балалардың және бастауыш мектеп оқушыларының ерте дамуы мен еркін тәрбиелеу идеясын алға тартқан . Алғаш рет өзінің жүйесін ақылы кеміс мектепке дейінгі жастағы балаларға қолдануды 1907 жылы бастады.Ол қиындығы бар кішкентай балаларға ересен еңбек сіңірмей-ақ білім мен дағдыларды сондай жоғары деңгейде меңгеретіні соншалықты, олар, тіпті, дені сау құрдастарымен теңесіп, кейде асып түсетін ерекше дамытатын ортаны жасай алды. Баланың тұлға ерекшеліктері мен дағдыларының қалыптасуына мүмкіншілік туғызу және де интелектуалдық , жеке бас қасиеттерімен физиологиялық дамуын жүзеге асыру. Яғни тәрбие және білім беру процесі үнемі жүзеге асады. Жұмыс жасау барысында баланың жас ерекшелік психологиясын, даму процесінің психофизиологиялық заңдылықтарын ескере отырып, әрбір балаға ерекше көзқараспен қарым - қатынас жасайды. Монтессори педагогика жүйесінде жүргізілетін жұмыстардың барлығы бақылауда жүреді.

1.1. М.Монтессоридің қағидалары
М.Монтессори Әдістемесі



  • Антропологиялық қағидасы – Монтессоридің педагогикасы “баладан” басталады, оның ортасында білімі антропология мен психология тұрғысынан құралатын бала тұрады. Бұл педагогикалық жүйеде адамның еркіндігі мен қадір-қасиетіне деген көзқарас бала кезінен маңызды болып келеді.

  • Бала дамуы еркіндігінің қағидасы - тәрбие құрылымының өзгеруінің астарында Монтессори тәрбиелеу үрдісіне “еркіндік жағдайларын” жасауды түсінеді.Басты мақсат еркін, өздігінен ойлай алатын, өзін басқара алатын, жауапты жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Осыдан Монтессори бойынша білім берудің девизі пайда болады: “Өзіме істеуіме көмектес”.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет