Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Болашақ» академиясы


МАҒЖАНТАНУ ІЛІМІ: АҚЫН ПОЭЗИЯСЫНЫҢ СЫРШЫЛДЫҚ СИПАТТАРЫ



Pdf көрінісі
бет24/68
Дата06.03.2017
өлшемі5,4 Mb.
#7947
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68

МАҒЖАНТАНУ ІЛІМІ: АҚЫН ПОЭЗИЯСЫНЫҢ СЫРШЫЛДЫҚ СИПАТТАРЫ

 

 



Ерақынова Ə. 

«Болашақ» академиясының магистранты 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Хамзин М.М. 

Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы 

 

Мағжан  поэзиясында  түрікшілдік  тұрақты  сарын,  тұтас  сипатқа  болды.  Оның  бұл 



такырыпқа бағдар бұруын Ж.Аймауытов былай бағымдайды: «Мағжан бала кезінде ел iшінде, 

есейгсн соң шетке барып, Үпідегі татар медресесі «Ғалияда» окыды. Miнe, Мағжанныц екінші 

тəлім-тəрбие  алған  дүкені.  Медресе  «Ғалияның»  оқытушылары  Мысырдан,  Стамбулдан  оқып 

шыққан  татар  зиялылары  болған.  Өздері  ислам  бұлағынан  су  iшіп,  мұсылманшылдық, 

түрікшілдікпен  уланған  татар  оқытушылары  шəкірттерін  де  сол  рухпен  тəрбиеледі. 

Ұлтшылдық,  түрікшілдік,  қала  берсе,  исламшылдық  туын  көтеріп,  медресе  «Ғалия»  өз 

заманында  қазақ,  татар,  башкұрт  сиякты  уақ  ұлттардың  жасына  недəуір  сезім  кіргізеді.  Русия 

қол  астындағы  түрік  баласын  оятып,  жауыз  патшаның  арамза  саясатына  карсы  тұрғызбақ 

болды.  Бұратана  атанған  уақ  ұлттарга  ондай  сезім,  ондай  ояныс,  əрине,  тұрмыстық  туғызған 

нəрсесі еді». Тарихи білім-білігі мен зердесі зор ақынның «Орал тауы», «Алыстағы бауырыма», 

«Тез  барам», «Түркістан», «Тұранның, 6ip бауында»,  т.б.  өлеңдері – ұлттык  поэзиямыздагы 

түркі тақырыбына тыңнан түрен салған шұрайлы, шалқар дүниелер.

 

Мағжан  өлеңдеріндегі  «қазақ»  пен  «алаш»  этнонимдерінің  қолданылу peтi  мен  реңкі 



əрқилы.  Ақын  «қазақ»  атауын  көбіне  елдің  сорлы,  сиықсыз  жағдайын  суреттегенде  жұмсаса, 

«алаш»  арқылы  рухтың  жандану,  жаңару  ьңғайын  бейнелеп  береді.  Алаш  қозғалысы  саясат 

сахнасынан  тайдырылған  тұста  да  Мағжан  «алаш»  атын  аузынан  тастаған  жоқ.  Кейін 

Сталиннің жеке пəрменімен жабылатын атақты «Ақ жол» газетінде 1923 жылы (10 мамыр, № 

302) жарық керген «Сырдағы алашқа» өлеңі – соның айкын айғағы. Аталмыш туынды - жұртты 

жездей  қақтап,  тезге  салуға  үндейтін  үгіт  жыры  емес,  ишара-иірімге  құрылған  символистік 

арнау. Өлеңде ұшырасатын, қазаққа қашаннан танымал «отқа табыну», «отка май салу», «отпен 

аластау»  тіркестері  жаңаша  контексте  жаңғырады.  Əуелі  қазақтың  «атасының  отқа 

табынғандығы, өзінің бірге бағынғандығы» айтылады. Мұндағы от көкті, тəңіріні, Күнді, яғни 

халықтың ескі таным-түсінігіндегі киелі күштерді кейіптесе, бip дегені жерді соның қойыны – 

көрді,  демек,  рухтың  құлап-құлдырауын,  жерге  жанышталуын  рəміздейді («Бір  дегенін - жер 

гой ол //Жер дегенің - көр ғой ол,// Көрді сүйген, өлген ол»), Сөйтіп, ұлтың трагедиясы «от-6ip» 

/«аспан-жер»/  карама-карсылығы  арқылы  символистік  түрде  сипатталады. «Жаны  жасып 

кірлеген» жұртты тазартудың, түзетудің жолы - отпен аластау («Отпен аспанга өрлеген//

 

Жанынды,  алаш,  аласта...»).  Өз  жанын  өзі  отпен  аластауға  шақыру  бұл  өлеңнен  жан 



жүйесінде  «тeгiңдi,  тарихынды  таны;  өткендегі  өжеттігінді,  өрлігіңді  ұмытпа;  рухынды  қайта 

тіктеп, тірілт» деген талап-тілекпен қабысып жатыр.

 

«Батыс-Шығыс»  қарым-қатынасын  жырлағанда  да  Мағжан  сол  Мəңгі  Қайта  Оралу  мен 



Тəңірі-Тұлға идеяларының желілерін бір-біріне жарасымды жұптастыра алған. 

Өз халқының қасіретті ахуалына жан-жүрегімен күйзеліп, «жақын үшін жаннан безген» 

ақынның  атамекен,  алаш  тағдырын  толғаған  шығармаларындағы  торығу,  түңілу,  тіпті  олім 

тілеу сарындарын да символистік поэзияның ұстанымдарымен ұштастыра карау лэзім. 

¥лы империяпыц азаматы Аидрей Белый: «Туда, где смертей и болез- ней//Лихая прошла 

колея //Исчезни н пространство, исчезни, //Россия, Россия моя», - немесе, - «Над страной моей 

родною//Ветапа Смерп.!»- дсп жатқанда, сол елге кіріптар жұрттың баласының:

 

Сар дала бейне өлік сұлап жатқан,



 

Кебіндей ак селеулер бетін жапқан.

 

Тау да жоқ, орман да жоқ, өзен де жоқ,



 

Сауле емес, қан шашып тұр күні батқан, - деп жырламасқа шарасы қайсы?!

 

Мағжанға тəн образ: Дала-Өлік. Ақын мейлі жалғыз аяқ сүрлеудің бойында шалажансар 



жатқан  сорлы  қазақты  сөйлетіп-сипаттасын /«Жаралы  жан»/,  мейлі  ақтүтек  боранда  адасқан 

аттылы  адамды  кескіндесін»/ «Қысқы  жолда»/,  мейлі  шыжыған  шілдеде  айдаланы  адақтаған 

жалғыз жаяуды суреттесін /«Жазғы жолда»/, - бұлардың бейнелерінің ар жағында трагедиялық 

фон ретінде - ажал елесі /жын, пері/ билеген  жапан дүз, құба жон, сар дала жатады. Əлбетте, 



144 

 

енді біз Қайта Оралу заңына сэйкес, «өлген» дала мен «өлімші» қазақтың «тірілуін» күтуліміз. 



«Далаға  өлік  жан  салып»  жүретін  /пайғамбар  кейпіндегі/  ақын  да  осылай  боларына  сенетінін 

байқатып:

 

Табылар жолың, тарылма,



 

Жылама, жынға жалынба,

 

Таң атқанша Күн де жоқ, - дейді /«Адастым»/. 



Мағжанның  өлеңдерінде  өлі  дүниені,  жансыз  хəлді  астарлайтындар:  жыл  мезгілінен - 

қыс, 

тəулік  уақытынан - 



қараңгы  түн, 

адамның 


тіршілік

  атрибуттарынан – 



ұйқы  мен  түс, 

табиғат  апаттарынан - 



топан, 

қоғамдық  құрылғылардан - 



абақты,  түрме. 

Міне,  бұл  сөз-

кұбылыс-образдардың  баршасы  символистік  поэзияда  бүтіндей  жаңару-жаңғыру,  түлеу-тірілу 

алдындағы тыншу мен тазарудың тылсымын ишаралайды; тек солардың елегінен есен-сау өту - 

шарт.  Дала-Өліктің  де,  оны  мекендеген  бодан  халықтың  да  жаңаша  жаратылып,  келешекте 

көретін бақ-берекесі болмайды деп кім айтты?!. Мағжанның елдік тақырыптағы жырларының 

бір к үрмеуі осында. 

Оның символистік поэзиясындағы «тəңірі - ғарыш - табиғат - қоғам адам» бірлігін тығыз 

тұтастықта  танып-түйсінуі  жэне  Қайта  Оралу  идеясына  беріктігі  рухани  шəкірті - Бернияз 

Күлеевтің туындыларынан да табылады; тек екіншісінде мұны түрікшілдік пен шығысшылдық 

сарындарымен  кеңейте  көмкеру  жоқ  есеп  жəне  жалпы  əлеумет  жайын  жырлауда  өмірлік 

нақтылықтан  гөрі,  жеке  көңіл-күйдің  түңғиық  қабаттарымен  астасулы  əлдебір  бұлдыр 

мистикалық бояуға малынған, көмескі, күңгірт бейнелер басымырақ байқалады. 

«Арман  көп  дəрмені  жоқ»  жүйрік  қиялдың  иесі  де  өлім  тақырыбын  жеріне  жеткізе 

толғайды: 

От жүрегім күнде өртеніп,

 

Күл-көмір бом жанғанша,



 

Коңілім көзі тірілей көр боп,

 

Ыстық жасы тамғанша... 



Өшсе үнім, өтсе өмірім,

 

Б



олмас едім арманда. 

Мағжанның жазуында жұмақтың жібек желінен, мəңгі гүлінен, кəусар суынан, қыскасы, 

тəнірінін  дəл  өз  нұрынан  жаратылып,  ғарышты  мекен-  деген  алмас  канат  періште  жер  бетіне 

жіберіледі  де,  жауыз  жалғанның  нəубеттерінін  нəтижесінде  ежелгі  еркінен,  керемет  көркінен, 

кіршіксіз күйінен айырылады /«Гүлсімге», «Əйел»/. Енді оны өзінің қиядағы төркініне кайтару 

- мұң /Мысалы: «Бере алмас саған баға өңшең өлік,// Көкке үш, асылыңа кайт, періште бол!»/. 

Задында,  бұлай  болуы  мүмкін  емес:  көктің  есігі  жабық,  Соған  сəйкес,  ақын  поэзиясында 

бейнеленетін  еркек  пен  əйел  арасындағы  тəн  мен  жанның  драмалық  диалогынан  өрілетін 

қарым-қатьнас та /Адам Ата мен Хауа Ана хикаясын еске түсіріңіз/- күнəға белшесінен батқан 

тұйыктаулы  жер  жүзіндегі  тұрлаусыз  тіршіліктің.  Ащы  ақиқаттың  бүкіл  жағымды-жағымсыз 

бояуының көлеңке-көшірмесі іспетті кабылданады.  

Ал М.Жұмабав «Жас сұлуға» елеңінде ақын образын сомдау үсгінде: «Шын жары оның 

сар дала», - дейді. Оның ең əуелі 1915 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген «Жарыма» атты 

лирикалык-бағдарламалық туындысындағы:

 

Жан жарым, ұзақ, қиын түстім жолға,



 

Алдымда түпсіз дария, сор да, ор да.

 

Бетпақ шөл: сусыз, отсыз қайнаған құм,



 

Ысқырған жылан, шаян оң мен сонда, - деген тармақтардан ақынның «жан жарым» деп 

отырғанының  аясына  басқа  мəністерімен  бірге,«сар  дала»  ұғымының  да  кірегіндігі  көрінеді. 

Осы  өлеңде  нобайы  белгіленген  образдар  ақынның  берідегі  шығармашылығында  əрі  қарай 

толықтырыла жүйеленіп, тұтастықка жетті. 

Қорыта  айтсақ,  осынау  көрсетілгендер  Мағжан  шығармашылығының  жаңашылдық 

сипаты қандай деңгейде екенін аңғартса керек.

 

 



 

 

 



 

 

 



145 

 

ƏОК 82-311.4 



 

ШЫҒАРМА ӨЗЕГІ – ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ 

 

Есембаева Л.К. 



«Болашақ» академиясы» ЖММ, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы 

 

ХХ  ғасырдың  сексенінші  жылдарынан  бастап,  ерекше  əрі  өзекті  проблемаға  айналған 



мəселе – экология еді. Адамзат баласының назары басқа өңірді айтпағанның өзінде, Қазақстан 

жеріндегі алапат экологиялық апаттарға ауған еді. Шалқар теңіз Арал суалды, жер дүниені құм 

бораны  басты.  Балқашқа  қауіп  төнді,  өзен-көлдер  тартылып,  орман-тоғай  құри  бастады,  жан-

жануар, аң-құс т.б. тіршілік иелеріне қатер төнді. Сауал күн тəртібіне қойылды. Кім кінəлі? Не 

істеу  керек?  Бір  адам  немесе  бір  ел  емес,  барша  адамзат  қоғамы  толғанды.  Ақыры,  сауалға 

жауап табылды. Ол: 

 

адам  баласының  обырлығы,  ашкөздігі,  материалдық  игілік  үшін  нендей  əрекетке 



болсын тайынбай баратын тойымсыздығы еді; 

 



қоғамның ауыр кеселге ұшырауынан еді; 

 



ол  сана  кембағалдығынан,  тіршілік  иесі  Адамның  рухани,  адами,  имандылық 

қасиеттерінен бойын аулақ салуынан еді. 

Барша  адамзат  баласын  толғантқан  осынау  алапат  трагедияға,  жаратылыстың 

үйлесімділік  ұлы  заңына,  Жер-ананың  төсін  тырмалап,  ғаламат  ажал  уын  сепкенядролық 

апатполигондарына  өз  өмірінің  ең  алдыңғы  қатарлы  зиялылары  ақын-жазушылар  үн  қатпай 

тұра алмады. Орыс əдебиетіндегі Л. Леоновтың, В. Распутиннің, қазақ əдебиетіндегі  

Ə.  Нұрпейісовтің,  М.  Мағауиннің,  С.  Балғабаевтің,Д.  Досжановтің,  Қ.  Ысқақовтің 

шығармалары осынау көкейкесті проблемаға арналған еді. 

Қ.Ысқақов осынау ащы да өткір тақырыпқа өзінің «Тұйық», «Қара орман», «Ақсу – жер 

жаннаты» шығармаларын арнаған еді. 

«Ақсу – жер  жаннаты»  романы – эпикалық  тынысы  кең,  құлашы  ауқымды  шығарма. 

Стилінде  философиялық  астарлы  ой,  шалқыған  сезім,  буырқаныс  пен  бұлқыныс  сипаттары 

шебер  ұштасқаны  бірден  байқалады.  Қазақтың  ғана  емес,  сол  өлкеде  ертелі-кеш  мекендеп, 

ғұмыр  кешкен  талай  жұрттың  сонау  көне  тарихында  мақтанышы,  көркемдігі  ғана  емес, 

мейірімді анадай қамқорлығы, нəр беруші, асыраушысы болған киелі Алтайға бүгін не болды? 

Күні  кеше  ғана  ит  мұрыны  батпас  қалың  нуы,  мейіріңді  қандырар  балбұлақ  суы  қайда?  Нəрі 

қайда,  сəнң  қайда,  мəні  қайда?  Жазушы  осы  проблемаларды  шығармасының  негізгі  идеялық 

өзегіне  айналдырған.  Сол  арқылы  жалпыадамзаттық  проблемалар  биігіне  көтерілген.  Себебі 

Алтай  табиғатының  бүгінгі  сұрықсыз  күйі  тек  қазаққа  ғана  емес,  жалпы  адамзатқа  ортақ. 

Жазушы  пайымында,  жаратылыс,  табиғат – тұтас  тəннің,  біртұтас  ағзаның  маңызды  бір 

бөлшегі.  Адам  бір  ғана  саусағын  жаралап  алса,  ол  бүкіл  ағзаға  əсер  етеді.  Демек,  Алтайды 

аздыру – бүкіл табиғатты қорлау. 

Роман  тілі  қазақтың  бай  шешендік  тəлімінен,  қуатты  да  үйлесімді  жүйесінен  нəр  алған. 

Əр  кейіпкердің  монологы  болсын,  диалогы  болсын,  авторлық  баяндау  болсын,  бəріне  ортақ 

характерлі сипат бар екенін бірден пайымдауға болады. 

«Бескемпір алшысынан жатқан күйі мая төбесінен ағып түсті. Аяқ тықыры тоқал тамның 

дүрс еткен есік дыбысымен үзілген. Керауыз да кетіп қалыпты. Сарыауыз балапанның ақ үрпек 

қауырсынындай ұлпа қырау жамылған сабалақ қарағай да түн ызғарынан қалтырап тұрғандай 

көрінді. Ай нұры сарғыш, сарғыш сілтімен торлап тастағандай аспан реңі де жалқақтанып, əлгі 

бір сəтте əр тұстан сықсиған сирек жұлдыздар көз жұмыпты. Ағаш басын суыра қара орманның 

əр  былқылынан  оқыс  көтерілген  құйын  сарылы  күн  райының  бұзылатынын  аңғартқандай. 

Қапырық деп тоқал тамға сыймап еді, жалғыз қалған соң арқасын аяз қысқандай елегзіп, енді 

мая төбесінен де құты қаша бастады. «Парықсызға бақ неме керек, барақ итке бап неме керек» 

дей-тұғын Сиғат сөзі есіне түсті» [1, 96-97]. 

Роман  кейіпкерлерінің  бірі – осы  Бескемпір.  Өзге  қаһарманның  емес,  осы  Бескемпірге 

қатысты авторлық баяндауды əдейі келтірдік. Осы арқылы ғана бірнеше жайтқа көз жеткізуге 

болады:  

1. Баяндау характерли сипатта берілген. Соның нəтижесінде 



146 

 

Бескемпірдің  ғана  емес,  белгілі  бір  дəрежеде  төңірегіне  ойлылықпен  немесе 



тоғышарлықпен қарайтын Сан Саныч, Леся, Асекең, Сиғат, Əбдіжапар т.б. қаһармандардың да 

төңірегінде  болып  жатқан  жайттарға,  уақыт  сыны  мен  талабына,  адамдардың  саналы  немесе 

санасыз  іс-əрекеттеріне  деген  көзқарастарына  осынау  баяндау  алғышарттар  жасап  тұрғандай 

əсер қалдырады; 

2. Сиғаттың парықсыз бен барақ итке қатысты кекетінді сөзі əр кейіпкерді, тіпті əр адам 

баласын  тəубасын  ұмытпауға,  шүкіршілік  пен  қанағатты  аузынан  тастамауға  шақырып 

тұрғандай сипатта екенін пайымдауға болады; 

3.  Сиғаттың  да,  Бескемпірдің  де,  Əбдіжапардың  да,  Лесяның  да,  т.б.  кейіпкерлердің  де 

бір-бірінен 

имандылық, 

таным, 

өре-деңгей, 



мінез, 

пиғыл 


жағынан 

əжептəуір 

айырмашылықтары болса да, бірі енжар, селқос қарасын, бірі қалыпты жағдай қабылдасын, бірі 

тіпті сол қалыптасқан жағдай ұзағынан болса екен деген мысық тілеуде болсын, бірі жан əлемі 

құлазып,  көкірегін  у  жайлағандай  ащы  өксікті  бастан  кешсін,  бірі  болмысына  күрескерлік 

рухты шақырсын, қалай болғанда да, осынау шоғыр қаһармандардың жанынан орын алған бір 

жайт бар: ол – қасиетті Алтайдың бүгінгі хал-ахуалы. Оның уақыт өткен сайын мүсəпір, міскін, 

қауқарсыз  күйге  түскен  келбеті.  Барша  кейіпкерлерді  тоғыстырып  тұрған  да,  бір-бірінен 

кетістіріп  тұрған  да,  шатыстырып  тұрған  да,  табыстырып  тұрған  да  сол  Алтай.  Шерлі  Алтай, 

зерлі Алтай, мұңлы Алтай, сулы Алтай, нулы Алтай, оның бүгінгі пұшайман күйі. 

Міне,  осынау  орталық  əрі  негізгі  идеялық  Темірқазық  іспеттес  авторлық 

тұжырымдамадан  романның  бүкіл  сюжеттік  желісіне  арқау  болған,  қаһармандар  характерінің 

ашылуына  мүмкіндік  берген,  көркемдік-эстетикалық  ізденістер  саласына  импульс  дарытқан, 

сірə,  осынау  сипаттарына  айрықша  назар  аударғаны  болар,  академик  З.  Қабдолов  пен  сыншы 

Т.Тоқбергенов  пікірлеріне  толықтай  қосылатынымызды  айта  кетудің  артықтығы  жоқ.  З. 

Қабдолов  Қ.  Ысқақовтың  «Қоңыр  күз  еді»  повесін  оқып  шығып,  əдебиетке  дарынды  жастың 

келгенін  паш  етсе [2, 226], Т.Тоқбергенов  жазушы  шығармашылығына  тəн  биік  пафос, 

аттылық,  асқақ  оптимизм,  сыршылдық  пен  философиялық  сипаттардың  шебер  қиюласқанына 

жоғары баға береді [3, 215]. 

Философияда  дəстүр  жəне  жаңашылдық  деген  категориялар  бар.  Пайымдай  білген 

жанның  ұғатыны – дүниедегі  ешнəрсенің  мəңгілік  атты  ұғымға  ие  бола  алмайтындығы.  Көп 

реттерде  біз  Уақыттың  немесе  Кеңістіктің  мəңгілік  ұғымына  ие  екендігін  үнемі  айта  береміз. 

Расында да солай ма? Бұл орайда философтар арасында да талай пікірлер бар. Оларды саралау 

немесе  баға  беру  біздің  міндетімізге  жатпайды.  Алайда  ешқандай  хал-ахуалдың,  жағдай  мен 

оқиғаның,  құбылыстың  бір  қалыпта  тұрмайтынын,  өзгеріске,  жаңаруға  ұшырайтынына  баса 

назар аудару нақты заңдылыққа жатады. 

Романдағы  Бекет – бас  қаһарман.  Бүгін  айрықша  көрініп,  даралана  қоймағанмен, 

оқырманның болашаққа  деген сенімін арқалап тұрған осы кейіпкер. Бекет – автордың ишара-

емеурінмен  кескіндеген  символдық  сипаты  басым  кейіпкері.  Ауқатты,  зиялы  деген  атқа  ие 

отбасынан  шыққан.  Білім  қуғанда,  жастықтың  бал  дəуренін  басынан  өткізгенде,  серілігі  мен 

перілігі  қатарынан  ұстағанда  да  еш  қиындық,  кедергіні  немесе  материалдық  жоқшылықты 

сезбеген, білмеген жан. Ата-анасы бедел, абыройын айрықша пайдаланбай-ақ Алматыда мықты 

қызметке  орналастыруға  толық  мүмкіндіктері  бар  еді,  алайда  олардың  ұлдарымен  дүрдараз 

болуы  да,  көңілдерінің  қалуы  да  сол  Бекеттің  шешіміне  байланысты  болып,  романның 

сюжеттік желісіне тартыс, драматизм элементтерінің молынан енуіне алғышарттар жасаған. 

Оқырманның  ғана  емес,  автордың  да  үлкен  үміт  артып  отырғаны – осы  Бекет.  Бекет – 

жаңа  уақыттың  перзенті.  Ойы,  мақсаты,  көзқарасы  мен  сана  деңгейі  жəне  таным  дəрежесі 

жағынан жаңа өсіп, қалыптасып келе жатқан буынның өкілі. 

Бекет неге жайлы əке-шешесінің қасынан кетіп, тағы деп есептелетін Алтайдың мылқау 

орман-тоғайын таңдап алды? Оған жауапты автордың полифониялық тəсілге иек артқан мына 

баяндауынан-ақ анық байқаймыз. 

«Құданың  құдіреті,  адам  неден  жерісе,  ғұмыр-бақи  соңынан  өкшелеп,  сол  бір  сезім 

қалмайды;  бір  дүркін  шаштаразға  кіріп  шықса,  күні  бойы  сабын  шайнағандай,  аузы-басы 

жылымшы татып жүретіні бар. Ал жылымшы тірліктен көңіл татыса ше?.. «Қалай, əкең əлі əтір 

мүңкіп  жүр  ме?»  Сиғаттың  осы  бір  сауалы  құлағынан  кетпей-ақ  қойды.  Онан  да  сұмдығы – 

Жанжігіт шалдың «тігерге тұяқ қалдырмай қырып салды!» дейтін өкініші мен қыжылы аралас 

кек қысқан барқы үні ... 


147 

 

Қиял  қуған  жоқ  еді.  Қиял  деген  əншейін  қыр  асып  қайтуға  қиналатын  қырсыздың, 



санасымен ғана байитын ездің көңілінен шалқыған бопсасы деп ойлайтын ... Тек жалғыз ғана 

ерсілік – есе – теңдігі бірдей болса да осы жұрттың тірлігі, тілегі неге бірдей емес?» [1, 98]. 

Ұзақ-сонар баяндаудың, сылдыр сөзбен бейнелеуге ұмтылудан бойын аулақ салған автор 

ықшам  ғана  суреттеме  арқылы  монологты  да,  лирикалық  шегініс  элементтерін  де,  астарлы 

ишаратты да нақты түрде пайдалана отырып, Бекет характерін шебер аша білген. 

Бекет үшін аса қажеттісі: 

-  өмірге  деген  таным,  көзқарасын  қалыптастыратын,  ғұмырлық  тұғырнамасын  бекітетін 

орта. Ол орта – Алтай. Себебі онда алуан түрлі характері бар адамдар өріп жүр. Ұлысы да бар, 

ұрысы да бар. Жеңіл пайда тапқысы келетіндер де бар, Алтай тағдырын, оны аялау қажеттігін 

ойлайтындар  бар,  ешнəрсеге  селт  етпейтін,  жағын  кере  есінеп  алып,  қарны  аш  болмаса, 

ештеңемен ісі жоқ тоғышар, тірі өлік те бар. Оларға бəрібір. Оларға мəңгүрттік қамытын кию 

жарасады. Ашкөз, қылмыскерден де гөрі, қоғам үшін нағыз қауіптілер осылар; 

-  өзіне  тəн  мінез  болса  да,  сол  мінез  ақиқаттың  ақ  жолын  діттеуді  көздесе  де,  талай 

қарсылықтың  боларын  сезсе  де,  талай  шайқаста,  текетіресте  жеңіп  шығу,  ұзақ  ұрыстан 

мəртебелі боп шығу; 

-  төңірегіне  өзі  тектес  тілектес  жандар  жинау,  солармен  бірлесіп,  тегеурінді  күшке 

айналу, сөйтіп, жаралы Алтайдың кеселіне ем болу; 

-  қаһарман  ретінде  əлем  –жұмбақты  тану  жəне  одан  да  гөрі  адам-жұмбақты  барынша 

зерттеу. 

Міне,  осынау  атан  түйеге  жүк  боларлық  салмақты  міндеттер  романда  Бекеттей 

кейіпкердің  характерінің  жан-жақты  ашылуына  мүмкіндік  беріп  қана  қоймай,  сол  міндеттің 

авторлық  идеал,  ұстаным,  басты  тұжырымдамаға  шебер  ұласқанын  да  байқаймыз.  Осыдан 

келіп, автор – кейіпкер – оқырман үштағаны бірінші кезекке шыққан. 

Өткен  ғасырдың  алпысыншы-сексенінші  жылдарындағы  ұлттық  романның  стилі  мен 

типологиясын зерттеген еңбекте Қ. Ысқақовтың «Ақсу – жер жаннаты» романы сол тұста əлем 

қаламгерлері  алдына  қойылған  «Адам.  Ол  кім?  Оның  өмірінің  мəні  мен  маңызы,  мазмұны 

неде?» деген сауалдарға бірден-бір лайықты жауап беруге талпынған шығарма боп бағаланғаны 

белгілі [4, 61]. 

Бір  ғана  ел  емес,  жер  бетіндегі  көптеген  елдер  экологиялық  зардапты  бастан  кешуде. 

Мəңгілік мұз құрсанған солтүстік құрлықтағы жаппай жылыну элементтері, зымыран тасығыш 

əуе-ғарыштық  кемелердің  жиі  ұшырылуы,  жаппай  қырып-жоятын  тажал  қаруды  сынауды 

жиілету – бəрі де əу бастағы Адам – Табиғат қостағанындағы жаратылыстың негізгі заңының, 

үйлесімділіктің ұлы сипаттарының бұзылуына алып келгенін қазір барша əлем мойындап отыр. 

Кінəлі кім? Кінəлі – Адам. Екі аяқты, жұмыр басты пенде. Дəл осынау обырлық пиғылдағы іс-

əрекет  алдағы  уақытта  да  жалғаса  берсе,  бүгінгі  адам  ертеңгі  ұрпағына  нені  мұра  етіп 

қалдыратыны мəлім емес қой. Осынау салмақты да күрделі проблемаға тек эколог – ғалымдар, 

саясаткер,  əлеуметтанушылар  ғана  емес,  ең  алдымен  үн  қосқан  кешегі  жəне  бүгінгі  уақыт 

аясындағы  ақын-жазушылар  болды.  Бұл  жайт  қоғам – қаламгер – уақыт  үштағанындағы 

орныққан арқау екенін баса айтқан абзал. 

 

Əдебиеттер тізімі: 

1. Ысқақов Қ. Ақсу – жер жаннаты. Роман. – А., 1989. 

2. Қабдолов З. Жебе. Сын-зерттеулер. – А., 1977. 

3. Тоқбергенов Т. Аймүйіз Сын мақалалар. – А., 1990. 

4. Хамзин М. Қазіргі қазақ романы. – Қарағанды, 2003. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


148 

 

ƏОК 811.512.122 



 

ҚЫСТЫРЫНДЫ СӨЙЛЕМДЕР АРҚЫЛЫ КҮРДЕЛЕНУ 

 

Жакупбекова А.О. 



«Болашақ» академиясы» ЖММ, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы 

 

Қыстырынды  сөйлемдер  дегеніміз – қыстырма  сөйлемдердің  ерекше  бір  түрі. 



Қыстырынды  құрылымдар  сөйлемдегі  айтылған  ойды,  сондай – ақ  белгілі  бір  мүшесін 

толықтырып, əр түрлі қосымша хабарлар беріп тұрады. Олар негізгі сөйлемге жай қыстырыла 

айтылмайды, автор тарапынан  белгілі бір мақсатпен қолданылады.  Қыстырынды құрылымдар 

қосымша  мəлімет  бере  отырып,  тілдік  құрылымның  мазмұнын  кеңейтеді.  Олар  мынадай 

функционалды – семантикалық  топтарға  бөлінеді:  а)  түсіндірмелі;  ə)  нақтылаушы;  б) 

сілтемелік; в) толықтырушы. 

Түсіндірме қыстырынды құрылымды негізгі айтылатын ойға қосымша түсініктеме беріп 

тұрады.  Мысалы:  ...  əдеби  тілге  көптеген  лексикалық  жаңалықтар  еніп  жатыр. 80-90 



жылдарда  жаңа  қолданыстардың  бумы  (қауырт  көбеюі,  тасқындауы)  басталды. (Р. 

Сыздық ). 

Нақтылаушы қыстырынды құрылымдар негізгі сөйлемді нақтылай түседі. Мысалы: оның 



негізгі нормалары шешендік сөз өнерінде, фольклор мен ауыз əдебиеті, публицистикалық сөз, 

ісқағаз  тілі  мен  ғылыми  əдебиет  (оқулық,  энциклопедия,  монография,  ғылыми  –  көпшілік 

басылымдар), əсіресе, аса биік профессионалдық деңгейге көтерілген көркем əдебиет үлгілері 

арқылы қалыптасады. (Р. Сыздық.). 

Қыстырынды  құрылымдардың  сілтемелік  түріне  еңбектің  авторын,  оның  атын,  шыққан 

жылын, т.б. көрсететін құрылымдар жатады. Мысалы: күн деген сөздің негізгі лексикалық (оны 

ғылым  тілінде  денотатив  мағынасы  деп  атайды) «əлемге  жарық,  қызу  беруші  планета» 

(«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», 5- том, 311-бет.). 

Толықтырушы  қыстырынды  құрылымдар  негізгі  сөйлемге  қосымша  хабарлама  береді. 

Мысалы: Ол кезде Хакима ауылды жалшы атасына көмектесіп (əке – шешеден қаршадайынан 

айырылған), байдың қозысын бағатын. (М. М.). 

Қыстырынды  сөйлемдер  де  тіліміздің  грамматикалық  құрылысынан  орын  алып, 

күрделенген сөйлемнің бір түрі болып танылады [4, 97]. Осындай сөйлемдер бұрын өз алдына 

жеке  арнайы  зерттелмегендіктен  де,  олардың  грамматикалық  жаратылысы  мен  құрылымдық 

сипаттары саралана ашылмаған – ды. Соның салдарынан сөйлемнің осы түрі бірде жай сөйлем, 

бірде  құрмалас  сөйлем  синтаксисінде  қарастырылып  келіпті.  Қыстырынды  сөйлемдер  негізгі 

мазмұнды  сөйлемге  жай  əншейін  қыстырыла  айтылмайды,  баяндау  хабардың  желісіне 

байланысты автор тарапынан арнайы мақсатпен, белгілі бір ыңғай құбылысымен қолданылады.  

Қыстырынды  конструкциялардың  сөйлем  ішінде  қолданылуы  стильдік  құбылыспен 

тығыз байланысты. Ал бұл жайдың өзі белгілі бір оқиға мазмұнына байланысты қосымша түрде 

ескерту  жасай  кету  жолымен  астарласып  жатыр.  Бір  сөйлемнің  бір  сөйлемге  ескертпе  жасау 

ыңғайында  жұмсалуы – қыстырынды  конструкциялардың  құрылысы  мен  мағыналық 

мазмұныны  тəн  құбылыс.  Қыстырынды  сөйлемдердің  бойында  болатын  ескертпелік  қасиетті 

саралай  қарағанымыз  жөн.  Өйткені  мұның  өзі  əр  түрлі  дəрежеде,  осыған  орай  өзгеше 

құрылыстарда келіп отырады. Бір қыстырынды сөйлемдерде ( ұласа, жымдаса айтылған түрі ) 

ескертпелік  мəн  негізгі  ой  хабарланбастан  бұрын  алдын – ала  айтылса,  енді  біреулерінде 

( алшақ келген түрі ) – негізгі баяндау желісінен соң, сондағы бір оқиға көріністеріне қосымша 

түсінік  бере  кету  ыңғайында  қолданылады [1, 121]. Міне,  қыстырынды  сөйлемдердің  мəндік 

ерекшеліктері  мен  құрылысын  осындай  жағдайлармен  тығыз  байланыстыра  қараймыз.  Осы 

реттен де қыстырынды сөйлемдер жалпы екі үлкен топқа жіктеледі. 



Алдын  ала  ескертпелі  қыстырынды  сөйлемдер.  Жоғарыда  ескерткеніміздей,  бұл  түрге 

қыстырынды  сөйлемдердің  негізгі  оймен  ұласа,  тығыз  қабыса  айтылған  түрі  жатады. 

Қыстырынды  конструкция  негізгі  сөйлемнен  бұрын  айтылады.  Демек,  ескертпелі  мəн 

хабарланатын  ойдан  бұрын  алдын – ала  жұмсалып,  негізгі  сөйлемнің  мазмұнын  аша  кету 

ыңғайында  келеді.  Мұндайда  қыстырынды  сөйлемдегі  ескертпелік  мəннің  өзі  əр  түрлі  реңкте 

жұмсалады,  осыған  орай  олардың  құрылысы  да  алуан  түрлі  болып  отырады.  Осы  жайларды 

өзара саралай келгенде, алдын  ала екертпелі қыстырынды сөйлемдердің мəндік ерекшеліктері 

төмендегідей болады. 



149 

 

1.  Бір  қыстырынды  сөйлемдер  негізгі  айтылатын  ойдағы  мазмұнды  қанағаттандырып, 



жеткілікті қылып тұрады. Ондайдағы ескертпелік «өзгені айтпағанның өзінде» тəріздес мəнде 

келеді де, осыған  лайық  қыстырынды  сөйлемнің  аяқталуы  былай  қойғанда жолымен беріледі. 

Мысалы: Оларды былай қойғанда, Европа континентінің батысына талақтай жабысқан жерінің 

тілген  таспадай  ғана  көлемі  бар  Португалиядай  ше?... (С.  М.).  Əшірбек  айтқан  «жоспарлы 



дайындықты» былай қойғанда, осылардың өзі еңбекті шідерлеп, берекені кетіріп тұр. (Ғ. М.).  

2.  Енді  бір  қыстырынды  конструкциялар  негізгі  сөйлемдегі  оқиға  желісіне  жаңа  бір  ой 

бастауға  мүмкіндік  туғызады.  Осы  ретке  қарай  олар  бұрынғы  хабарланған  ойдың  аяқталуына 

енді ескерту жасай отырып, бара тұрсын, бара берсін құрылысында жұмсалады. Мысалы: Олар 



солай  бара  берсін,  біз  оқырман  көпшілікке  Сатыбалды  шоқындының  кім  екенін  баяндай 

тұрайық; Шыңғыс сол қалпымен бара тұрсын, біз оқырмандарға Есенейді қысқаша таныстыра 

кетейік. (С. М.).  

3.  Қыстырынды  сөйлемдегі  ерекшелік  мəн  негізгі  сөйлемдегі  оқиға  желісіне  қайшы 

мəндес түрде айтылады. Мұндай сөйлемдер кейбір сыртқы құрылыстары, мағыналық қарым – 

қатынастары жағынан сабақтас құрмаластың заңдылықтарымен де астарласып жатады. Оларды 

өзара саралай жіктесек, мынадай құрылыста жұмсалған жолдарын байқаймыз. 

А) Қыстырынды сөйлем қарамастан көмекші сөзімен аяқталады. Ол барыс септігінднгі 

есім  неболмаса  қимыл  есімді  сөздерді  меңгере  жұмсалады.  Мысалы:  Ол,  мінезінің 

салмақтығына  қарамай,  ағып  тұрған  ертегіші. (С.  М.).  Осындай  жаңғалақтығына 

қарамастан,  Бектай  өте  зерек  бала  еді.  Міне,  сондықтан  да,  инспектордың  шешіліп  пікір 

айтпауына қарамастан, Жақыпбек оның жаңағыдай қасиеттерінен сүйсініп пəтеріне бұл адам 

туралы жақсы ниетпен, қадір тұтқан сезіммен қайтты. (Мұқаң Иманжанов).  

Ə)  Қыстырынды  сөйлемдегі  негізгі  тірек  сөз  көмекші  етістік  мəніндегі  болмаса  сөзімен 

аяқталып,  ол  есімше,  сондай – ақ  есім  сөздерімен  тіркесе  қолданылады.  Мұндайда  негізгі 

сөйлемде хабарланған оқиға, əрекеттің мазмұн желісі теріске шығарылып тұрады. Мысалы: Таң 

алдында  бірғана  са,ат  мызғығаны  болмаса,  Абай  бұл  түнді  ұйқысыз  өткізді. (М.  Ə.). 

Баламыздан хат алдық дегендері болмаса, оның не жазатынын əке – шешесі де оқи алған емес. 

(Ғ. М.). Іске байланысты қажетті бір сөздер болмаса, екеуі өзара тіл қатыспайды. (С. М.).  

Б)  шылау  мəніндегі  түгіл  сөзі  мақсатты  келер  шақ  формасындағы  сөзбен  не  болмаса 

есіммен  тіркесе  жұмсалады.  Сөйлемнің  осындай  құрылысында  ерте  кездің  өзінде – ақ  назар 

аударылған болатын. Проф. С. А. Аманжолов сөйлемнің осы түрін қарсылықты бағыныңқы деп 

қараған.  Қарсылықты  бағыныңқыларды  талдау  барысында  біз  мұндай  сөйлемдердің  сабақтас 

құрмалас  болып,  танылмай,  жай  сөйлем  болатындығын  айтқан  едік.  Өзара  қайшы  мəндес 

құрылған осы сөйлем түрінде сонымен қатар үстемелі күшейтпелік мəн де орын алып тұрады. 

Сөйлемнің  соңғы  мəнінің  келіп  шығуына  ондағы  күшейтпелі  түгіл  демеулігінің  белгілі 

сөздермен тіркесе жұмсалуы себеп болады. Мысалы: Сені еркелетпек түгіл, өз басын көтере 



алмай жатыр. (Б. М.). Жарқын сияқтылар келеке етпек түгіл, мұның алдында жымдай болып 

жүрер еді. (М. Иманжанов.). Үйдің маңайына келген кісі түгіл, қияда көрінген жат кісіге үріп 

тұрады. (С. М.).  

В)  Сөйлем  құрамында  былай  тұрсын  сөздері  қолданылғанда  да  синтаксистік 

бөлшектердің аралығында қарама – қайшылық мəн туады. Қыстырынды конструкцияны да осы 

былай тұрсын сөздері қайырып тұрады. Мысалы: мешітке барып күнде бес уақыт намаз оқу 

былай тұрсын, олар жұмасында бір болатын күндізгі жұма намазына да бармайтын. (М. Ə.). 

Жоқтығы былай тұрсын, сол уəдені бере – бермесі де мəлімсіз...(С. М.).Бұл інішек жеңгесіне 

біреуді жақын жуытпақ былай тұрсын, көз қырын да салдырмайды. (Ш. А.).  

4.  Енді  бір  қыстырынды  конструкциялар  негізгі  сөйлемде  айтылатын  ойға  үстемелік 

үдетпелі мəн береді. Мұндайда синтаксистік бөлшектер арасында, жоғарыдағы сөйлемдердей, 

қарама – қайшылық  мəн  болмай,  болымдылық,  хабарланған  оқиға,  əрекеттің  жүзеге 

асатындығы  не  болмаса  асқандығы  білініп  тұрады.  Негізгі  сөйлемдегі  оқиға  желісі 

қыстырынды  конструкциядағы  ескертіле  айтылған  оймен  күшейтіле  түседі.  Мұндайда 

қыстырынды сөйлем шылау мəніндегі қатар сөзімен аяқталып, хабарланатын ойдың үдетпелік 

мəнде  болуына  мүмкіндік  алады.  Мысалы:  Бірақ  советник,  ұлықтардың  беделді  сенімін 



міндетіне  алумен  қатар,  өз  құлқының  да  ұмыта  алмады.  (М.  Ə.).;  Атағына  қанықтығымен 

қатар,  Шоқанның  оны  бала  шағында...бетпе – бет  көргені  де  бар...Шоқан,  өзге  білім 

жүйелерімен қатар, шешендік тарихын да біраз қарастырған еді. (С. М.).  

Сөйтіп,  жоғарыда  талданған  сөйлем  құрылысынан  қыстырынды  конструкциялардың 

бұрын  сөйлем  басында  қолданылып  тұрғанын  байқаймыз.  Бұдан,  əрине,  ескертпелік  мəннің 

негізгі  ой  хабарланбастан  бұрын  алдын  ала  болатындығы  айқындалады.  Осыған  орай  да 

сөйлемнің бұл жолын өз мазмұнына лайық «алдын ала қыстырынды сөйлемдер» деп атадық. 


150 

 

 Соңын  ала  ескертпелі  қыстырынды  сөйлемдер.  Сөйлемнің  бұл  түріне,  жоғарыда 

ескерткеніміздей,  қыстырынды  конструкциялардың  негізгі  сөйлемнен  алшақ  келген  жолы 

жатады. Сөйлемнің атынан да байқалатындай, мұнда ең алдымен негізгі сөйлемнің (ойдың) өзі 

хабарланады да, содан кейін сондағы бір түйінге байланысты ескерту жасау ретінде қосымша 

түсінік беріле кетеді. Мұндай қосымша мəлімет өз алдына жеке сөйлем болып келеді де, негізгі 

сөйлемнің  соңын  ала  орналасады,  оқшаулық  қасиетіне  сай  жақшаға  алынып  дараланады. 

Қыстырынды сөйлемдердің осы түрі сонымен қатар сөйлем ортасында да қолданылады. Негізгі 

сөйлемнен кейін осындай қосымша түсінік ретінде жұмсалуына байланысты қыстырындының 

осы түрін «соның ала ескертпелі қыстырынды сөйлемдер» деп атадық. Бұл жайдымына тəріздес 

сөйлемдердің ішкі мағыналық мазмұнынан анық байқаймыз [2, 387]. 

1.  Бір  қыстырынды  сөйлемдер  жаңада  хабарланған  негізгі  оқиға  барысына  қосымша 

ретінде  жол  –  жөнекей  ескерту  жасай  кетеді.  Мұндай  ескерту  сөйлем  мазмұнының  кейбір 

детальдарын  айқындау,  бір  жайға  байланысты  анықтама  бере  кету  қасиетіне  негізделеді. 

Мысалы: Бұған дейін олардың еркін аралап көрген ең үлкен қаласы – Омбы. (Азаға келген жолы 

Петербургты  арлай  алмағаны  есімізде).; ... он  төрт  жастағы  Шыңғыстың  үйлендіре  салар 

еді (сол жаста үйленетіндер қазақ ауылдарында толып жатыр), əттең – келінінің жастығы. 

(С. М.). Ұлық алдына барған сайын өзі арқашан ойындағы сөзін айта алмай (тілмаш арқылы 

сөйлескенде де бір түрлі айызы қанбай, шала құмар боп), булығып шығатын-ды. (Ə. Н.).  

2. Қыстырынды сөйлемдердің енді бір түрі негізгі сөйлемде хабарланған оқиға, əрекеттің 

мазмұнына  не  болмаса  ондағы  жеке  сөздерге  байланысты  келеді.  Мысалы:  Губернияға  Хакім 

телеграмм  беріп,  Айжанды  орнынан  босатуға  санкция  алған  ба  қалай  (бұны  маған  ашып 

айтпады), əйтеуір қазір Ақбасов тергеуші емес. (Х. Есенжанов).  

3.  Енді  бір  қыстырынды  конструкциялар  негізгі  сөйлемде  баяндалған  оқиға  желісіне 

қосымша мəлімет үстемелеп тұрады. Мұндай сөйлемдердің құрылысы екі түрде келеді. 

А)  бірі,  жоғарыда  талдаған  сөйлемдеріміздей,  жақшаға  алынып  жеке  сөйлем  ретінде 

беріледі.  Мысалы:  Жас  патшаның  бұл  қылығын  əлденеше  саққа  жүгірткен  жұрт  (солардың 

ішінде Шоқан да бар) көп талқылаудың аяғын бір пікірге ғана əкеп тіреді... ; Сонша жылдың 

бойында қазақ балалары үшін осы сияқты бір де бір мектеп салмапты ғой, марқұм патшалар? 

(Нағашым –«рас»  деп  айтар  деген  оймен  кескініне  қарасам,  басын  төмен  тұқыртқан 

қалпынан көтермеді, үндемеді). (С. М.). Атына мініпбашыларға шабады шабады (үйде бала – 

шағасы  шулап  қалған), «мекеніміз  жайрап  жатыр,  оңдырмапты,  түзетпесеңдер  болатын 

емес» дейді. (Д. Досжанов).  

4.  Қыстырынды  сөйлемдердің  енді  қайсыбір  түрі  негізгі  сөйлемдегі  жеке  бір  сөздердің 

мəн – жайын айқындап тұрады. Бұл жай сөйлем мазмұнын толықтыра түсуге септігін тигізеді 

[3, 213]. Мысалы: Батыс жағын қоршай қарағайлы қалың орман өскен Бурабай көлінің арнасы 

биік, аумағы үлкен, суы жылтыр жəне тұщы еді (Онда қазір Қостанай облысының Меңдіқара 

ауданының орталығы – Боровое селосы, орман арасында Бурабай курорты бар).(С. М.). Олар 

құлаған  үйінің  алдында  тұрған  Жиенəлі  шалға  келді.  Шал  (өлімге  даярланған  болуы  керек) 

қабат – қабат киініп, беліне күміс белбеу буының алған. (С. Ерубаев).  

Қыстырынды  сөйлемдердің  осы  бір  түрінде  мына  бір  жайды  аңғарта  кетеміз.  Осындай 

сөйлемдердің  құрылысы  мен  мəндік  белгілері  кейде  оңашаланған  айқындауышты 

конструкциялармен жақындасып жатады. Сондықтан да ондайда оларды бір – бірінен саралай 

білгеніміз  жөн.  Оңашаланған  айқындауышты  сөйлемдердің  байланыстырғыш  сөздері  негізгі 

сөйлемдегі  белгілі  бір  мүшемен  тұлғалас  не  болмаса  өзара  үйлесе  жұмсалып  келсе, 

қыстырынды конструкцияларда мұндай байланыс сақталмай, негізгі комппоненттегі бір сөздің 

мəн – жайына  байланысты  айқындық  енгізе  кету  негізінде  жол – жөнекей  ескерту  жасалады. 

Мұндай  ескертпе  негізгі  сөйлеммен  белгілі  бір  грамматикалық  байланыста  болмаса  да, 

мағыналық жағынан өзара тығыз үйлесе жұмсалады. Демек, қыстырынды сөйлемнің негізгі ой 

желісімен  ара  қатынасы  əр  түрлі  мағыналық  реңкте  өрбіп  отырады.  Мұның  өзі  осы 

синтаксистік  конструкцияның  да  белгілі  бір  байланыс  түріне  негізделетінін  айқындай  түссе 

керек.  Ондай  байланыстың  мəн – жайы  жоғарыда  талданған  қыстырынды  сөйлемдердің 

құрылысынан айқын байқалғандай. 

 

Əдебиеттер тізімі:  

1. Əміров Р.С. Жай сөйлем синтаксисі. – А.: Мектеп, 1983. – 166 б.  

2. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2006. – 784 б. 

3. Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: «Санат», 1994. – 

319 б.  

4. Есенов Қ. Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер. – Алматы: «Ғылым», 1974. – 197 б. 



151 

 

ƏОК 82.09:821.512.122 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет