‹‹АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ›› КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТАРИХИ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ
ТОЛҒАМДЫ ОЙ ЖҮЙЕСІ
Дəулеткелдіұлы Н.
Іле педагогикалық институтының доценті,
Құлжа қ., Қытай Халық Республикасы
Аңдатпа. Қазақ тарихындағы азапты кезең саналатын “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл
сұлама” кезеңінде жырланған тарихи өлеңдердің мəтіндік үлгісі, тарихи астары, тарихи
жырлармен болған байланысы, зар заман шындығы, тарихи танымдық бейнелері пайымдалады.
“Ақтабан шұбырынды” өлеңдері деген жалпылама атауға ғылыми түсініктеме беріледі. Сол
тұстағы тарихи өлеңдердің поэтикасы зерделенеді.
131
Түйін сөз. «Ақтабан шұбырынды» кезеңі, Тарихи өлең, Тарихи жыр, дəуірлік шындық,
тарихи таным, жанрлық сипаты.
Қазақ халқының басып өткен өтпелі кезеңдері, аумалы төкпелі тарихы ұзақ əрі күрделі.
Əлмисақтан əлсіз күшпен əлеуетті жауларының десін басып, жігерін жасыта білген ержүрек ел-
қазақ. Бұрыннан сан алапат шайқастар мен күрестер қазақ ұрпақтарын қахармандық рухпен
жебеп, қайсарлыққа жетеледі. Орта ғасырдан соң моңғолдың ұзақ жорығы қан қасап
соғыстарды тудырды. Далалықтарды жерінен бостырып, елінен алыстауға мəжбүрледі. Қазақ
елінің ел болып тұруы жолындағы шайқастар, жоңғардың жойқын жорығы боданды елді бос
қоймай, талауға алып, телім-телім тентіреген босқын күйге түсірді. Еңсесін бастырып көрмеген
ер жүрек ерлер етігімен су кешіп, тұлпары ауыздықпен су ішетін күрделі кезеңді бастан
өткерді. Асылы, ХҮІІІ ғасырдың басы күйінішпен басталып, ұзақ өтпей орны толмас өкініш
арқалатты. Алаш жұрты қысқа мерзімде өксікті өмірді өткеріп, жоңғар жауымен қайсарлықпен
күресе білді. Тарихта аты қалған, халыққа өшпестей кек отын тұтандырған ‹‹Ақ табан
шұбырынды, алқа көл сұлама››, «Сауран айналған» атты тарихи оқиға 1723 жылы туылды.
Қазақ жасақтары моңғолдардың мұздай қаруланған жауласқан күштерінен ойсырай жеңілді.
Қазақтың басым үш жүзге тарайтын елі жұрты жерін тастап, зар еңіреп аш-жалаңаш босып
кетуге мəжбүр болды. ‹‹Қай заман, мынау заман, қысқан заман, Дəулет құсы басыңнан ұшқан
заман›› деген мұңлы əуенді ел болып бірге айтып, қауым болып күйзелді. Таланды болған туған
топырақ бос қалып, арда Алтай, асқар тау күңіренді. Жыраулар жырға қосқан зар заманның
зарлы күйі шертілді. Дəл осы зар жаман халы жыршы, жыраулар жадынан күйзелісті көңіл-
күймен қайғылы өлең өрнектері болып өріліп, қасіретті əндермен шырқалып, қасыретті тарихи
танымның ақ парақтарын толтырды.
Елім-айлап өткен өлара кезең, өтпелі дəуір «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама»
оқиғасы қазақ тарихында қасыретті жеңіліспен, халықтың тарғалаң тарихын еске оралтады. Бұл
кезең 1723 жылдан соң қазақ елі жерін тастап босуға мəжбүр болған тарихи бұрылыстан,
қайтарма шабуылға шығып жеңіс туын желбіреткен баянды барысты қамтып жатады. Нақты
айтар болсақ, жоңғардың қалың, қарулы қолымен қазақ баһадұрларының жата, жастана
соғысқан айқас жылы отыз бес жылды қамтиды. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
кезеңі 1723-1758 жыл оқиғаларын да өз құрамына алып жатады.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы қазақ қолының əлсіреген дəуіріне тура
келеді. Қазақ жүздерінің ішкі жақта ымыраға келе алмай, жерге, жүзге бөліну берекесіздігі,
хандардың билік орынға, таққа таласы күшейіп, ақыры жоңғар жасағы басым келеді. Жүз
жылдан астам мерзімге созылатын жоңғар-қазақ күресінің (1635, 1643, 1651, 1652, 1698, 1711,
1712, 1713, 1714 жылдардағы күрестердің) бір тұсында қазақтар, енді бірінде жоңғар басым
болып келсе, 1717 жылы Аякөз өзені бойындағы, 1718-жылғы Түркістан қаласы маңындағы
қазақ жасақтарының жоңғар қолынан күйрей жеңілуі жоңғарлардың əскери кұші арта түскенін
сездірді. «1923 жылы құрғақшылық болып, егін шықпады. Сыр бойын жайлайтын қазақ еліне
алдағы қыста жұтқа ұшырау қаупы туады. Осы кезде Алатаудың шығыс жағын мекендеген
Жоңғария хандығы қазақ елін жаулауға аттанды (Сəбит Мұханов).
«Ақтабан шұбырынды» оқиғасы: 1723 жылдың көктемінде қазақ ауылдары қыстаудан
жайлауға көшкелі жатқан бейғам шақта қару–жарағы сайлы, қапысыз дайындалған, құрамы 100
мың адамдық жоңғардың қалың қолы бейбіт елге басып кірді. Жоңғар жасақтар мылтық,
зеңбірек сынды озық қаруланып, соғысқа сенімді дайындықпен келді. Жоңғар сол реткі жеңісті
жорығын Суан-рабданның екінші əйелі Седерчаптан (Аюке қызы) туған ер жүрек ұлы
Шұнодаба бастады. Эвропаның əскери білімін меңгерген Шуеция инженері, опицер Боган
Гостау Ренат мылтық, зеңбірек атып, техникалық күш қалыптастыруды жоңғарларға үйретуші
болды. Айналдырган жау алмай қоймасс. Ақыр соңы қазақ хандығын бір мезет жеңіп шықты.
Жоңғарияның қарулы қосынына қарсы келе алмаған қазақ халқы қатты қырғынға ұшырап
жаны қырылып, малы таланды. Қазақ хандары билік айта алмай, қара басының амандығын
сақтап қалу мұң болды. Жеңілген қазақтар жауға жырақ Жетісу секілді жерлерге ығысты.
«біразі Орта Азиа хандықтары Бұхарға, Хиуаға, Қоқанға паналады. Əбылқайыр хан бастаған
кіші жүз қазақтары Россияға паналады. Ұлы жүздің көпшілігі жоңғария қол астында қалды.
Орта жүздің біразы Сарыарқа, Ұлытау, Ақтау, Орта тауға, одан ары Көкшетауға, Есіл, Ертіс
өзендеріне қашты» (Сəбит Мұханов).
Қара көзге жас толған, қара нарға көш артқан, сергелдең елдің ақырын ашаршылық келіп,
бір еңсерді. Қазақ «Жұт жеті ағайынды» дегені рас екен. Жаудан соққы жеп есеңгіреген ел, аш
жалаңаш қалып, қатты торықты. Алаш жұрты жоңғар еліне тіс-тырнағымен өшікті. Шоқан
132
Уəлиханов жоңғар қалмақтарының шапқыншылық жасап, қазақ халқын ақтабан шұбырындыға
ұшыратуының бір себебі – қыс қысымынан жұтап, азып-тозып ашыққан елдің ауыр жағдайына
байланыстырады. Анығы аласапыран күн туылардың алдынғы жеті жылында қазақ жеріне
аштық келіп, халық күйзелген. Қаратау атырабында жеті жыл жұт болып, қара қазан, сары
баланың жан-жаққа тентіреп кетуін түрткі болды. «Жеті жылда не жай қойсын, айырылдық
ауыр дəулет мың тайсаннан», – деп жырлайды жыршылар. Ашыққан алаш, шабылған қазақ
қахармандары қарап жатпады. Белін буып, жігерін шыңдап, рухын тасқындатып, аз қолды
көпке жеткізді. Үш жыл үш жүзден жүз батырды қолбасылыққа алып, Əбілқайыр қайтарма
шабуылға өтті. 1726 жылы «Аңырақай жайқасында» қазақ жеңді. Содан жеңісті соғыстар
жалғасып отырды. Осы кезде «ақтабан шұбырынды» туралы тарихи өлеңдер барлыққа келді.
«Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты тарихи өлеңдер ХҮІІІ ғасырда ел арасына
кең тараған. Оғиғаны өз көзімен көрген, ұлттық рухы биік жырау, жыршы, айтыскерлер
аузынан жырланған өлеңдер, ел жұртқа тараған соң, көптің туындысына айналды. ХҮІІІ
ғасырда туған тарихи өлеңдер, тарихи аңыз-əңгімелер, тарихи жыр үлгілерін жинау, зерттеу
жұмысын Советтік Қазақстан оқымыстыралы қолға алды. Я.Говардовский ХҮІІІ-ХІХ
ғасырдағы «ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты тарихи əңгімелер мен қысқа өлең
мəтіндерін жинап, түгендеді. Содан Шоқан Уəлиханов, В.В.Радлов, Г.Н.Ботанин, Ыбырай
Алтынсарин, Мəшһұр Жүсіп Көбейов жинаған фольклорлық туындыларда «ақтабан
шұбырынды» өлеңдері қосылып отырды. Мұхтар Əуезов тарихи өлеңді жеке бөліп отағанда
жоңғар моңғолдарымен болған соғыс шындығын бейнелейтін өлеңдерге байыпты пайымдау
жасады.
«Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты тарихи өлеңдердің басы-«Қара таудың
басынан көш келеді» атты өлең мəтіні. Ол кезінде əнге айналған себепті «Елім-ай» атты əн-
өлеңімен көпшілік көңілінде жаттаулы. Аталған өлеңнің казір 14 нұсқасы мəлім болды. Бұл
өлеңді қазақ арасында алдымен жырлап қалдырушылардың қатарында Тобықты Топыш, Алтай
жеріндегі арғын Қоңырқожа, Көтеш ақын, Қожаберген жыраулар жиі ауызға алынады.
Қожаберген жырау жырлап кеткен деген сөз Сегіз Серінің естелігіне де түскен. Қалай
айтылғанмен ол халық мұрасына айналып кеткенін қадап айтқымыз келеді. Күйзелісті қозғалыс
кезеңіне арналған «қара таудың басынан көш келеді» өлеңінен тыс жүз неше шумақтан асатын
сол дəуірдің сарыны қалған тарихи өлең үлгілері жарық көрді. Бұл өлең мəтіндері тегін
шықпаған. Оқиғаның ізі суымай тұрып, өткір тілмен, шын көңілден туған өлең үлгісі.
Күйзелген күңіренген алаш жұрты ел намысын жібермеу үшін, бұл өлеңдерді ұлттық рухтың
туына балады. Тарихи өлеңдердің авторы болғанға ұқсайды. Бірақ күйзелген, күңіренген қазақ
аянышты дəуірдің зар күйін бір адамның жасампаздығынан емес, барша қауымның көңіл күй
тебіренісінен іздеді. Көптің туындысына жатқызды. Авторын да атамауды əдетке айналдырды.
Ауызша айта жүріп көптің еңбегіне бағалай білді.
«Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты тарихи өлеңдер нұсқасы толық жиналып
кетпеген. Көтерген тақырыптары мен мазмұндық бөлектері ғылыми тұжырымдалып үлгірмеген
тың сала. Бұрынғы білікті тарихи өлең бүгіннің тарихи тəрбиесі. «Қара таудың басынан көш
келеді» атты өлең мəтіні жерінен, елінен айырылып жауынан ауыр жеңілс тапқан қазақ
ұлтының бір тарихи құбылысы əрі қарсылық үні. Күйзелісті қозғалыс кезіндегі өлеңдердің көп
болмағындағы – қазақ намысын сыртқа шығармау əдеті. Қазақ өзінің жеңіліп, тентіреп жүруін
ұлттық ар-намыстың тапталуына балайды. Еңсені түсіріп, бордай егіліп, ботадай боздауды
жаны сұймеді. Уақттық туылған жеңілісін əсте мойындамауға бекінді. Бір күні үш жүзге
тараған елді біріктіріп, жеңісті жорықтың боларын зор сеніммен күтті. Сол шақтарда қайғылы
өлеңдер мезеттік жырланды да, заман өткен сайын, ел санаснан өшкіндей бастады. Ұлт
тарихында жеңілісті күндерді аз жырлайтын, жеңісті шақтарды көп толғайтын рухани
бұлқыныс санасы дəурен сүрді. Дей тұрғанмен «ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» заманы
қазақты ашты тілмен ішкі шерді шығаруға мəжбүрлеп отырды. Заманың түлкі болса тазы боп
шал деген даналық сөз бар емес пе! Қазақ елі сол зұлмат замандағы өткір пікірлерін өлеңмен
өрнектеді. Түрлі тақырыптарда өсиет, нəсихат, ой толғамдарын түйіндей білді. «Ақтабан
шұбырынды» оқиғасын жырлаған тарихи өлеңдер ұлт намысын əйгілейтін, ерліктің, елдіктің
рухын санаға сіңіретін бір дəуірдің асқақ үні. Жыр мазмұны қазақ намысы аяққа тапталып
кетуге шақ қалған, құлдық қамытын қалай сыпырып тастаудағы тарғалаң дəуірдің күрес
болмысын суреттейді. Алаш ұрпақтарының туған жерге деген сағынышын, тұған-туысқанға
деген жоқтауы мен арнауын, ұлт бірлігін сақтаудағы арман-мұраттарын бейнелеп жатады
133
«Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты тарихи өлеңдер өз ішінен жеңілсті
бейнелейтін олеңдер, жеңісті бейнелейтін өлеңдер деп екі саламен бірге жетіп отыр. Жеңілісті
кекпен жеткізсе, жеңісті шаттықпен шалқыта толғайды. Қазақтың тарихи жеңілісі ұзаққа
созылып кеткен емес. Бар жоғы бірнеше жылда қайтарма шабуыл жасау жобасы құрылды əрі
жоңғар қалмақтарының бетін қайтарды. Отыз бес жыл немесе 1723-1758 жылдар бойы қазақ
жоңғарлармен соғыс ашып, жеңілістен бірте-бірте жеңіске жетіп хандығын, елдігін сақтап қала
алды.
«Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты тарихи өлеңдер осы тарихи шындықты
жасырып қалған жоқ. өңін өзгертпей жырлады. Қазақ елінің бастапқы жеңілісін көрсететін өлең
– «қара таудың басынан көш келеді». əр тармағын оқысаң, мұң мен зар қатар шертіледі. Бұл
тарихи өлеңді ғалымдар зарлай арнауға жатқызады.
Қара таудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған жаман екен,
Қара көзден мөлдіреп жас келеді.
Мына заман, қай заман, қысқан заман,
Бағымыздан бақ-даулет ұшқан заман.
Шұбыртқанда ізіңнен шаң борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.
Мына заман қай заман бағы заман,
Баяғыдай болар ма тағы заман?!
Қарындас пен қара орын қалғаннан соң,
Көздің жасын көл қылып ағызамын, – деп өзекті өртеген өкініш арқылы намыс отын
күйдіріп отырып жырлайды. Бұл сол кездегі заман шындығы. Сал заман-табаның ақ жоңқа
болып босқан жаман, сол заман-Алқа көл бойына келіп, аштықтан бұратылып сұлам жатқан
заман, сол заман-Сауранға сүйретіліп құр сүлдерің жеткен заман. Хандықтан хал, батырдан
қайрат кеткен заман. Езілген ел етегі жасқа толып, өксіген заман. «Ақтабан шұбырынды» дəуірі
бар қазаққа ауыр қасірет арқалатты. Арқаға көшкен қазақ руларі арғын, найман, қыпшақ, керей,
уақ қатарлы ру бірлестігі бірнеше жыл жансыз тұрды. Жанға батқан жүрек шаншуын еңкейген
кəріден, еңбектеген балаға дейін толық сезінді. Сол көкіректегі шерді «Елім-ай» əнін айтумен
тарқатты. Ұзақ сарпалдаң болып көшкен елдің ойсырап, əр көштен адамдардың сиреп бара
жатқанына налыды. Қарындастан, қасиетті қара таудан айрылған азаматтың өзі жылады. Бұл ер
жігітті жылатқан жеңілістің көз жасы. бұл тарихи шындықты əр қазақ ұлы күйзелісті құбылыс
ретінде қарау орынды.
«Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты тарихи өлеңдердің бір бөлімі бірдің емес,
мыңның мұңын арқалаған елімен, жерімен қоштасу өлеңі арқылы əсерлі жырланады. Бұл кіндік
кескен ортасына, көрші отырған туысқанына жоқтай арнаудың ең қаіреттісі.
Қара тау қош аман бол ата мұлкы,
Малменен, елмен екен жердің көркі.
Байлықпен даңқы шыққан қазақ ұлы,
Қай жұртқа боп кетеміз мазақ күлкі.
Тəңірдің тағдырына көнбейміз бе,
Дəм бітсе дем сағатта өлмейміз бе.
Баласы үш момынның қоныс ауды,
Қош енді көреміз бе, көрмейміз бе? – дейді қазақ мұңы.
Босқан елдің алды туып өскен жері Қаратаумен, ағайын-жұртымен қоштасып, өткен
өмірдің мəнді кезеңін, бірлігі жарасқан үш жүздің бақытты күндерін еске алады. Бай-баяшат
тыныш жатқан қазақ оғландары жоңғар қалмақтарының қолында мазақ болып кетерме екен
деген күдікті ойын жасырмайды. Туған жердің бір шымшым топырағының қаншалық қымбат
екеніне жалпы қауымның көзін жеткізеді. 1723-1726 жылдарда бар қазақ қандастары бас
сауғалап, алдына келгенін талшық етіп өскен соғыс зардабы туралы ащы сыр айтылады.
Желектің жібегі еді жігіттері,
Қалтырар қалжаураса жүректері.
134
Шұбырып аш-жалаңаш тозған қазақ,
Қалады қайсы жұртта сүйектері.
Ақ орда артта қалды сарайлары,
Ағарар артын ойлап самайлары.
Қаңғырып жүргенінде көп қазақтың,
Қөмусіз қалама, алла, талайлары, – дейді алаң көңіл қазақ.
Малы жұтап, ата қонысы жер-суын тастап бағдарсыз көшкен елге ауру тарап, аш-
жалаңаш босқаннан артық аяншты хал болмас. Қаңғырған қазақтың басы қайда қалмаған деп
немқұрайда қараған жоқ хас батыр тұлғалы бабалар. Ұрпағын жоғалтып, ұлттық болмысын
өзгертуге сұқтанған жоңғар қалмақтарынан кек алуға үн көтереді. Қиыншылыққа төзе білуге
өлеңмен жігер, қуат силайды.
Боларсың бірің артық, бірің кем де,
Біріңді бірің сүйе сүрінгенде.
Ынтымақ, ауыз бірлік қып жүрсеңдер,
Арзисың аз болсаң да рулы елге.
Жығылып жатып сүрінгенге күлме, жаға жеңіңді түзе деп насихат береді. Елін бірлікке,
ынтымаққа шақырып, ұлт сүйгіштік, ұлы рухқа жани түседы. «Қайдасыңдар қазақтың
батырлары, жасақ бастап, алсаңшы жаудан кекті› деп ұран көтеріп, жар салады. Жай отындай
жарқылдайтын жасауылдар партизандық соғыстан, ғаламдық техникалық соғыс майданына
шақырады. Ертеңін ғана ойлатын ез болмай, хан майданда жекпе-жекте туын жықпайтын ер
болуға баулиды.
«Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты тарихи өлеңдер Елдің басынан кешкен
тауқыметті тағдырын, талауға түскен тұрмысын айтып елдің туын көтеруді ұрандайды. Жас
баланың санасына ашаршылық пен жаугершіліктің əкелген жоқшылығын мына өлең
жолдарымен асерлі жеткізеді. Бұл жарлай арнау тəсілімен жырланған тарихи өлең мəтініне
жатады.
Бұрынғыдай жəйің бар ма?
Мінетұғын тайың бар ма?
Жылағанда дайын тұрған,
Қарындағы майың бар ма?
Бұрынғыдай елің бар ма?
Үй артында желің бар ма?
Шұрқырасып, маңыраған,
Шулап жатқан төлің бар ма?
Өрелеген етің бар ма?
Көнектеген сүтың бар ма?
Ертелі кеш сауып ішер,
Ару анадай құтың бар ма? – деу арқылы жоғалған дүниелерін айтып, елді қайта бас
көтеруге дабыл қағады. Сол шақта қазақ атынан немесе қанатынан айрылды. Төрт түлік мал
саумал суатынан жұда болды. Солардың бəрін ойласаң орны толмас өкініш. Ештемені ойламай,
алға тарт деп оғландарының жүрегіне нұр құяды.
«Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты тарихи өлеңдердің бір парасы жеңісті
бейнелейді. жаугершілік пен аштық қосылып қазақ басында қайталанбас қаралы күн «ақтабан
шұбырынды,алқа кол сұлама» дəуірінде көрінді. бірақ қазақ хандығы бірден күйреп, құрып
кетпей, қайта бас котерді. 1726-1730 жылдары қазақтың қарулы қахарман қосыны қалмақтарды
қатты қырғынға ұшыратады. 1726 жылдан бастап жоңғарларға қарсы бүкіл ұш жүздің халық
жасақтары бірлесіп, тізе қоса отырып күрес жасады. Сан мың қолды қара нөпір қазақтың өкілі
Сауырық, Бөгенбай, Тайлақ сынды үш жүздің белгілі батырлары басқарды. Сол 1726 жылдың
өзінде-ақ Торғай даласының Оңтүстік шығысында, Бұланты əрі Белеуті өзендерінің бойында,
Қарасиыр мекенінде үлкен шайқас болып, Қазақ қолы «ақтабан шұбырынды» оқиғасынан соң
алғаш рет ірі жеңіске жетті. Мұнан кейін 1729 жылдың көктеміндегі Балқаш көлінің Оңтүстік
шығысындағы Итішпес көліне таяу төңіректе өткен аты шулы Аңырақай (құба қалмақтар
аңыраған деген мағынада) айқасында қазақтар ұлы жеңіс тойын тойлады.
135
Қазақ тарихындағы жоңғар қалмақтарына қарсы нəубетті жылдар осы кезден бастап
аяқтала бастайды. Жоңғар қалмақтарына кеткен өшті қазақ хандары Əбылқайыр жəне ер жүрек
батырлар Сауырық, Бөгенбай, Тайлақ қатарлылар қайтаса, жеңімпаз соғысты Əбілмəнсүр
жалғастырады. Əбілмəнсүр немесе Абылай 20 жасында өз атын өзі ұрандап жауға шауып
батырлықпен көзге түсіп, қалмақтарды бірнеше мəрте жеңеді.
Жиырма жасың толғанда,
Қалмақпен соғыс болғанда,
Алғашқы бақты тапқанда,
Шарыштың басын қаққанда,
Қанжығаңа бас байлап,
Жау қашты деп айғайлап,
Абылайлап шапқанда... – дейтін Үмбетай жыраудың жыры абылайдың ерлігін өте анық
көрсетеді.
Қылады Махаржада байлар сауда,
Топ бұзар батыр жігіт қалың жауда.
Сұрасаң Абылайдың тұрған жері,
Жан болған 48 жыл Көкшетауда, – делінеді.
Əбілманбет хан Абылайдың батырлығына сүйініп 1733 жылы орта жүзге сұлтан
сайлайды. «Ақтабан шұбырынды» дəуірі аяқтап, жеңістің тұғырына көтеріледі. Қазақта бір
орталыққа шоғырланған хандық түзім бекемделеді. Еңсегей бойлы ерлер елін, жерін қорғайды.
Ұлан ғайыр қазақ даласын білекпен емес, жүрекпен қорғап қалады.
«Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты тарихи өлеңдер нақтылы келеді.
Жаугершілік заманның ащы шындығы. Мұхаң «ел ескілігінің алуаны тарихи өлеңдер. Тарих
өлеңдері ең алдымен ел тіршілігінде анық өткен тарихи оқиғадан алынады». Тарихи өлеңдерге
тəн қасиетпен үлкен оқиғаның бір сəттік көрінісін шыншылдықпен суреттейді. «Ақтабан
шұбырынды» өлеңдері дəл қазақ басына төнген қауып пен одан айығудың жолдарын əсерлі
жеткізеді. Оқырманға тарихи ес силайды. Бұл арқылы əрбір қазақ тарихын білуді борыш
санайды. Қазақ хандарының алалығы, адалдығы шебер шендестіріледі. Қазақ батырларының
тау бөктерлеп, бытырап соғыс жасаудан, ұлы қосын құрып, қахармандықпен шеп тартуын
ұғындырады. Сол шақтағы тарихи өлеңдердің басы жоқтау болса, соңы мадақтау үлгісіне
ұласады. «Ақтабан шұбырынды» өлеңдері ұсақ түрлерден дамып, көлемді эпикалық тарихи
жырларға негіз қалайды.
«Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты тарихи өлеңдер ұлт руханиатының бастау
көздері. «Елім-ай» əн-өлеңі тарихтың бұла жыры. Қазақ баласына тағылым беретін ерліктің
əліппесі. Тарихи өлең-санадағы сəулелі тарих. Оны білу өнегелі ұрпақтың өсуіне берілетін
мұралдық көрсеткіш. Тарихи таным кілті. Қазақтың əр дəуірде туылған елеулі оқиғалары
тарихи өлеңмен сабақтас келеді. Соны білу, біліуге жан тəнімен берілу күшті ұлттың еншісіне
ғана тəн. Өткенімізді ұмітпай, болашаққа болжаммен қарау ғұмырлық парыз. Оқырман осы
түйінді сезіне білуге міндетті деп қарауға болады.
Əдебиеттер тізімі:
1. Балтабекова Ж. Тарихи өлеңдердің поэтикасы. – Қарағанды: Болашақ-баспа, 2009. –
Б.46.
2. Кəсейұлы Б. Қазақ əдебиетінің тарихы. 1-том. – Үрімжі: Шинжияң халық баспасы,
1996. – Б.483.
3. Əуезов М. Əдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991.
4. Қазақ эпос жəне əдебиет тарихының маселелері. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік
көркем əдебиет баспасы, 1958.
5. Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы: Жазушы, 2002.
6. Тілепов Ж. Қазақ поэзиясының тарихилығы. – Алматы: Ғылым, 1994.
7. Қазақ тарихи жырларының мəселелері. – Алматы, 1979.
136
УДК 81.374. [161+811.512.122]
ОСНОВНЫЕ ХАРАКТЕРИСТИКИ УСТНОЙ И ПИСЬМЕННОЙ РЕЧИ
Диканбаева С.А.
ЧУ «Академия «Болашақ», г. Караганда, Республика Казахстан
Речь является неотъемлемой частью социального бытия людей, без речи невозможно
было бы выживание и существование человеческого общества. Помимо этого, речь выполняет
функции по организации совместной трудовой деятельности, по оценке ее результатов.
Когнитивная функция языка и речи проявляется как необходимое условие познавательной
деятельности человека, усвоения, приобретения и передачи знаний. Речь формирует сознание,
используется как средство воздействия, способствует выработке мировоззренческого
поведения, норм морали. Благодаря речи, можно влиять на взгляды и убеждения людей, на их
восприятие действительности, добиться определенных действий. Речь служит целям
реализации желаний и потребностей человека в коммуникации. Как существо социальное,
человек не предназначен жить вне общества подобных себе, вне общения с другими людьми, и
главное значение в становлении личности имеет речь.
Речь имеет две формы, это устная речь и письменная. Их объединяют общие черты, но
есть и различия между ними. Имея в качестве основы единый литературный язык, формы речи
отличаются своими характерными особенностями и одинаковы значимы. Широко известно
высказывание
Б. Шоу: «есть пятьдесят способов сказать «да» и пятьдесят способов сказать
«нет» и только один способ это написать».
Основные особенности форм речи обусловлены процессами порождения и восприятием
устной и письменной речи, использованием или неиспользованием паралингвистических
средств (ПС, это с
редства общения в виде интонации, жестикуляции, мимики, распределения
ударения и пауз в высказывании, формирующие коммуникативно - прагматический аспект
текста), ПС могут составлять до 75% всей смысловой информации, передаваемой в речи) (1),
а
также некоторых средств выражения.
Устное общение предполагает контактность со слушателями и непосредственность, не
предусматривается доработка текста.
Для письменного общения характерны дистантность и опосредованность. Письменный
текст позволяет использовать сложные языковые формы для воплощения более сложных форм
мышления: обособленные обороты, ряды однородных членов, параллельные синтаксические
конструкции, период и др.; письменная речь требует обдумывания, текст строится согласно
строгим правилам отбора грамматических средств, фиксируется, есть возможность переработки
автором.
В устной речи используются фонетические (звуковые) и просодические (греч.
«просодиа» - учение о соотношении слогов в стихе – ударные и неударные, долгие и краткие)
средства. Говорящий одновременно творит и форму и содержание речи, а визуальный контакт
служит взаимопониманию. К устной речи мы прибегаем чаще, чем к письменной, она дает
большие возможности для использования выразительных средств.
Принцип экономии
реализуется в устной речи в приеме пропуска говорящим слова или предложения, которые
легко восстанавливаются слушающим из предшествующего или последующего контекста.
Самоперебивы, нарушение правил синтаксиса также характерны для устной речи, когда
говорящий, не закончив предложение, начинает снова, пытаясь высказать мысль другими
словами.
Иногда говорящий в процессе устной речи допускает неуместные паузы для
обдумывания выбора слов, нередко такая пауза заменяется нечленораздельными звуками,
прищелкиванием пальцев, восклицаниями: « Представляется, м-м-м», « Как нам кажется, гм-
гм», «Другими словами …» и т.п.
Нередко каждому из нас приходится выступать публично, при этом рекомендуется
придерживаться некоторых общих принципов.
1. Принцип краткости и одновременно достаточности: при сходном содержании краткая
речь оценивается аудиторией как «деловая», однако выступление должно быть достаточно
продолжительным, чтобы дать аудитории возможность усвоить информацию.
137
2. Принцип последовательности. Тема выступления выносится в заглавие, цель каждой
микротемы - раскрывать основную тему.
3. Принцип усиления: речевое воздействие выступающего на слушателей должно
нарастать с начала выступления к его концу, усиление эмоционального накала изложения
достигается градацией аргументов по степени убедительности и с помощью интонационных
средств,
4. Принцип результативности, так как каждое выступление должно содержать резюме,
призыв к действию, рекомендации. Резюме обязательно формулируется словесно, а не
подразумевается.
Текст должен быть структурирован, иметь четкую композицию, что облегчает
возможность воспринимать и излагать информацию. Традиционно принята трехчастная
композиция: вступление, основная часть, заключение.
Вступление неоднородно по своей структуре. Первое, что четко выделяется в этой части -
обращение. Обращение выполняет две функции: это контактоустанавливающее средство и
способ привлечения внимания. Часто официальность речи, процедура мероприятия
предполагают строго фиксированное обращение. Например, при защите диплома
предполагается обращение: «Уважаемый председатель, уважаемые члены комиссии!» После
обращения следует собственно вступление, характер которого зависит от типа речи
(аргументирующая, информирующая, агитирующая) и избранного жанра (доклад, лекция, тост,
митинговая речь, дискуссия, выступление в прениях). Вариантов вступления несколько:
- апелляция ко времени, месту, где проходит выступление, или к знаменательному
событию (Я думаю, все слушали выступление Президента о …);
- апелляция непосредственно к интересам аудитории;
- шутливое замечание, однако шутку лучше использовать примерно в середине
выступления, когда чувствуете, что слушателям необходимо передохнуть);
- обращение к конфликту: столкновение противоположных целей, позиций, интересов,
взглядов;
- передача приветствий;
- апелляция к личности оратора, т.е. к своим чувствам и переживаниям, а также рассказ о
каких-то случаях, происшедших с вами;
- обращение к историческому эпизоду, цитирование источника, известной личности;
- краткое изложение целей и задач выступления (этот вид вступления практикуется, когда
в аудитории ваши единомышленники и нет необходимости в других способах привлечения
внимания, кроме рассмотрения самой проблемы;
- использование парадоксального цитирования, что позволяет создать определенный
эмоциональный настрой у аудитории, пробуждает мыслительную активность, интерес,
например: «Образование – это то, что остается, когда все выученное уже забыто»;
- риторический вопрос, с его помощью активизируется внимание слушателей,
оказывается эмоциональное воздействие на нее, это и приём, позволяющий сформулировать
основную проблему речи.
Вступление должно быть естественным, оно должно быть неразрывно связано с
остальными частями речи по смыслу и с точки зрения стиля. Опытный оратор с помощью
удачного начала привлекает внимание аудитории, стараясь удержать его на протяжении всего
выступления.
Нельзя начинать речь с извинений, извинения могут создать у аудитории впечатление о
неуверенности и недостаточно высоком статусе оратора, тем самым снизив результаты его
общения со слушателями..
После вступления оратор переходит к основной части. Существуют несколько методов
её изложения.
Достарыңызбен бөлісу: |