Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі дәрістік кешен әлеуметтік педагогика



бет6/39
Дата14.10.2023
өлшемі239,7 Kb.
#115097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Сұхбат әдісі-қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тәсілі.
Сұхбат –сұхбат алушының респондентпен қатынасын көздейтін, белгілі жоспар бойынша өткізілетін сұрау, әңгіме әдісінің өзге түрі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзелген жоспармен орындалады. Әңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбат алу –қандай да болсын ақпаратты алу мақсатында респондентпен жүргізетін әңгіме, сұрақ:

  • деректі (құжатты) –фактілер мен оқиғалар нақтыланатын әдіс;

  • жабық – ұсынылған тұжырымдардан бір немесе бірнеше стандартталған жауаптарды таңдау қарастыралады, «ия», «жоқ», «білмеймін», «келісемін», «келіспеймін», «айту қиын» сияқты стандарт сұрақтарға ұқсас жауаптардың мысалдары;

  • пікір – адамдардың қандай да болмасын құбылыстар мен оқиғаларға қатынасының білуге бағытталған әдіс;

  • ашық – жауаптардың сипаты мен саны, олардың түрі және формасы алдын ала ескерілмейді, сыналушылар оны еркін таңдайды. Осындай сұрақтардың жауаптары, жабық түрге қарағандағы айырмашылығы, әдетте сандық емес, сапалы талдауға салынады;

  • еркін –тақырыбы мен түрі регламентпен белгіленбеген әңгімелесулер.

Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтену саласынан енген-интервью алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Сауалнама – 1) белгілі бір тақырып бойынша сұрақтар және оларға қажетті мәліметтер алу мақсатымен жауап жазуға орын қалдырған (немесе жауаптары) сұрақ қағазы; 2) зерттелуші адамдар контигентіне зерттеушінің құрастыратын тізімі, олардың жауаптары жалпылау үшін алғашқы эмпирикалық материал ретінде қызмет етеді:

  • алып –жүз-екі жүз сұрақтары бар сауалнама;

  • жабық –ұсынылған жауаптардан таңдау;

  • найзағай- екі-үш сұрақтардан тұратын сауалнама;

  • ашық- жауап берушілердің еркін жауаптары;

  • аралас – сұрақтарының бір бөлігі таңдау бойынша берілетін, сондай-ақ ұсынылатын сұрақтардың шеңберінен шығып кететін жауаптарды тұжырымдайтын бос жолдар қалдырылатын сауалнама.

Сауалнама белгілі бір құбылыс туралы ақпаратты зерттелушілердің үлкен тобында анықтап алу үшін сын мен ұсыныстарды анықтау үшін өткізіледі.
Ұжымдағы қарым-қатынасты анықтап алу үшін социометриялық сауалнамалар өткізіледі. Мұндағы сұрақ әдістерінің артықшылығы – зерттеуші әр түрлі ақпаратты, үлкен аудиторияны қамти отырып, жинап алады. Кемшілігі – әр сауалнамада толығымен шындық айту элементі болмай қалады, кейбір жауаптар жалған болуы мүмкін және кейбір сұрақтар белгілі бір жас ерекшелігіне сай келмеуі мүмкін.
Бұл жерде мынадай талаптарды сақтау қажет:

  • зерттелуші құбылысты неғұрлым дәл көрсететін және сенімді ақпарат беретін дәл және нақты сұрақтарды ұқыппен таңдау;

  • жауаптарды нақтылауға мүмкіндік беретін тікелей және жанама сұрақтарды пайдалану және олардың шынайылығын анықтау;

  • берілген сұрақтардың мәні мен маңызы және оларды дайындау кезінде ешкімнің араласпауы;

  • ашық (кейде жауап беруші өзінің жеке пікірін айтуына болады), жабық (жауаптарының шектеулі нұсқаларымен) сауалнамаларды пайдалану;

  • дайындалған сауалнаманы сынақтан өтушілердің шағын тобына тексеру, қажетті түзетулерді енгізу; балмен бағалау арқылы қарама-қарсы сауалнамаларды пайдалану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет