Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі дәрістік кешен әлеуметтік педагогика



бет4/39
Дата14.10.2023
өлшемі239,7 Kb.
#115097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Әлеуметтік педагогиканы зерттеу.
Кез- келген білім саласының ғылымилығы – оның зерттелуі теориялық ұғымдар мен түсініктерінің қалыптасуы, жалпы зерттеу жұмыстары ұйымдастыру формалары, заңдылықтар мен анықтамаларының нақтылығынан байқалады. Ғылыми зерттеу, теориялық білімдерді жасау - ғалымдардың және басқа да зерттеуші- қызметкерлері танып – білу іс-әрекетінен тұрады.Оның екі түрі бар: тәжірибелік (практикалық) және теориялық. Тәжірибелік зерттеу жұмыс тәжірибесіне негізделеді. Ол – мұғалімдерді, әлеуметтік педагогтардың және басқа да қызметкерлердің тәжірибелік жұмысы. Ал теориялық зерттеуді ғалымдар, арнайы дайындығы бар зерттеушілер, ғылыми қызметкерлер, мұғалімдер жалпы педагогтар т.б жүргізе алады.
Ғылыми зерттеудің бұл екі түрі өзіндік айырмашылықтарына қарамастан өзара тығыз байланыста. Себебі, теориялық білім практикада тексеріліп, нақтылану нәтижесінде пайда болады. Ал тәжірибелік жұмыста білім- ғылымның жетістіктері қолданылып, зерттеуді одан әрі нәтижелі ұйымдастыруға негіз бола алады.
Әлеуметтік педагогика ХХ ғасырдың 80 жылдары пайда болып, практикаға ене бастаған. Бұл ілім біздің елімізде әлі жас болғандықтан, толық, жан-жақты зерттеліп, қорытындылап жасалған жоқ. Алайда оның алғашқы қарлығаштары да бар. Мысалы, Г.Уманов, Л.Керімовтің «Қиқар бала» мәселесі, К.Қ.Құнантаеваның әйелдерге білім беру мен тәрбиелеу, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы, І.Р.Халитованың әлеуметтік педагогтарды даярлау мәселесі, З. Ж. Жаназарованың отбасымен әлеуметтік жұмыс туралы жекелеген еңбектері бар. Қазіргі кезде жалпы әлеуметтік мәселелері зерттеуге белсенді қатысып жүрген ресейлік бір қатар ғалымдарды атауға болады: В.Г.Бочарова, В.И. Заквиазинский, А.В. Мудрик, Л.Я.Олиференко, Г.Н.Филонов, М.А. Галагузова, Ж.Б. осы ғылымның қазіргі заман талаптарына сай дамуына үлес қосты.
Әлеуметтік педагогиканың әдістерін үш үлкен топқа біріктіріп топтастырады:
І зерттеу әдістері;
ІІ тәрбие әдістері;
ІІІ әлеуметтік педагогикадағы көмек әдістері
Әдіс - бір істі жүзеге асырудың жолы, тәсілі. Педагогика ғылымында алдыға қойған мақсатқа қол жеткізу, мәселелерді шешудің тәсілдері, құралдары мен түрлерін қамтиды. Олар жалпы ғылыми әдістер, эмпирикалық-байқау, диагностикалау, эксперимент, сауалнама, т.б.; теориялық –дерексіз моделдер түзу және бұлардан басқа талдау, жіктеу, жалпыдан жалқыға, жалқыдан жалпыға, қорытындылар шығару т.б. болып бөлінеді.
Әлеуметтік педагогиканың ең негізгі әдістері әдебиеттерді, ғылыми-теориялық зерттеулер мен тұжырымдарды және басқа да шығармаларды таңдап алған нысанаға байланысты танып-білуден басталады.
Екінші бір аса маңызды әдіс – байқау. Ол белгіленген мақсатқа сәйкес жүргізіледі: жеке бір баланы не балалар тобын тікелей зерттеу не фотосурет, кинотаспаға жазуды қолдану, табиғи ахуалды өзгертіп және сол жағдайда байқау. Мұндай байқауларды зерттеудің мақсаты мен міндеті, болжамына қарай құпия жүргізуге де болады. Бірақ бұл жағдайда белгілі бір құқықтық нормалардан шығып кетуге болмайды.
Бақылаулар тікелей және жанама, ашық және жабық, үздіксіз және дискреттік (үзіліспен), монографиялық болуы мүмкін. Зерттеуші бақыланушы объектінің іс-әрекетіне тікелей белсене қатысса, (оқушылармен бірге) бақылау тиімді болып шығады. Сырттай (құпия) бақылау айналы (әйнекті) қабырға арқылы немесе телекамераның көмегімен жүзеге асырылады.
Бақылау әдісін бастамас бұрын зерттеуші қандай мақсатпен және қанша уақыт бақылау жүргізетінін және қандай күтілетін нәтижелерге келетінін білуі тиіс. Жинаған фактілерді тіркеп жазып қою керек, күнделік жазып, хаттама күйінде тіркеп, бейнетаспаға, үнтаспаға жазып алып, фотосуретке түсіру керек.
Бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар:
- мақсаттылығы;
- жүйелілігі;
- ұзақтылығы;
- жан-жақтылығы;
- объективтілігі;
- бұқаралық;
- әдептілікті сақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет